Құлжа мен көкжал

Үлкен ағам – Қалихан Рахметоллаұлы Қайранның рухына арнадым. Автор Аттарын етекке тұсап тастаған екі жігіт екі иінінен дем алып, тік қия бетке зорға өрмелеп келеді. Мылтықтарын таяқ етіп таянса да, сусып жатқан қорымтас табандарына тиянақ таптырар емес. Сәл жоғары көтерілген соң қорымтастан құтылғандай болып еді, көп ұзамай-ақ жақпар-жақпар жалама тастар...

ТОЛЫҒЫРАҚ

АЛТЫН ТАУДАН АСУ

  «Көз ұшынан бұлдырап көрінген ақ бас Алтайдың найза шыңдарының тасасынан мың сан сүңгі – күн сәулесі шапағын шашып, көк жүзіне көтеріле берді. Сол сол-ақ екен, төңіректі тұмшалап тұрған таңғы тұман қырат-қырқаның бауырына қашып тығылды; ағаш арасы алакөлеңкеден арылып, айнала төңірек алақандағыдай айқын көрінді. Мың сегіз жүз жетпіс тоғызыншы жылдың...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ер мен әйел арасы… немесе ұлттық тәрбие хақында

Қуат ҚайранбаевXXI ғасырдың төрімізге шыққанына да ширек ғасырдан асыпты. Адамзат қоғамы көз ілеспес жалдамдықпен алға жылжып, даму үстінде. Техниканың әлдебір жаңалығына таңдай қағып, таңданыс білдіріп жатсаң, күн өтпей-ақ оның ескіріп қалғанын естисің. Осылайша табиғаттың құпиялары біртіндеп ашылуда. Алайда, қаншама зерттелсе де сырын алдыра қоймаған, құпиясын ешкім аша алмаған жай –...

ТОЛЫҒЫРАҚ

ХАҚ және ЖАЛҒЫЗ

(Жалғасы. Басы өткен санда) Шариғат: Ойланбай илан – десе, Мен: Илану үшін ойлаймын. Абай. Екінші тарау: СЕГІ3 СИФАТ, БІР СЫР I.1. Жар – Алла, Алла – Жар. Шындығында да, осы игі ихсанды мүсілім, соның ішінде сопылар, неге мәңгілік ессіз ғашық зауықты күйде жүреді. Неге соншама ынтызарлықпен, «ойланбай иландырып», ой-еркіңді билеп,...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Стамбұлда «Teknofest-2023» басталды

Түркияның Стамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі басталды. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы шара биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған. “Технофесттің” негізгі мақсаты – қазіргі қоғамда технологияға деген қызығушылықты арттыруды және Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Биылғы фестивальдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың түр-түрі...

ТОЛЫҒЫРАҚ

ДАЛА

Андрей менің бала кезден бірге өскен ауылдасым. Інімнің жақын досы. Ол екі қарындасымен әкесіз өсті. Анасы неміс қызы жақсы адам еді, балаларын ешкімнен кем қылмай өсіріп, өндірді. Ал Андрейдің әкесі Қаһар Төлебаев соғысқа бастан аяқ қатысып, ауыр жараланып елге оралған. Балалары кішкентай кезінде ауыр науқастан дүние салды. Андрей бала кезінен...

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҰШҚЫШ КІЛЕМ

«Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ…» (Дағыстанның халық ақыны Расул Гамзатов). «Шіркін-ай!.. Ғайыптан тайып, ұшып кетсем ғой!..» (Айбын) Ұлылардан ұлағат Үйге кеудесін ыза кернеп оралды. Шарасынан ыршып шыққан көз жасы бетінен құлдилай өңіріне тамды. – Орысша дым білмейсің сен! – деген-ді Нұржан әлгінде. – Сен қазақшаға...

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚИҚАТ ШЫМЫЛДЫҒЫ

Біз жек көру сезіміне, адамның ізгі қасиеттерін көре тұрсақ та, жеңіл берілеміз. Бұл табиғи дөрекі бейімділік кейде көрнекті қайраткерлерге де тән. Жақсыны жақтырмаудан өткен масқаралық жоқ. Жақсыны ұнату қаншалықты мақтарлық болса, оны жек көру соншалықты ұят болар еді. Сол бір ызғарлы күндері жүрген ортасын сыйлағандар да, өз басшысына адал болғандар...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұлттық саясат: ұттық па, ұтылдық па?

Әр адам дүниеге бір ұлттың өкілі боп келеді. Ол – бұлжымас аксиома. Әр пенденің ұлттық мәртебесін оның төлқұжаты не басқа да бір ресми қағаз емес (қазір оны ауыстыра салу немесе бірнеше елдің азаматы болуы түк болмай қалды емес пе?!), ата-бабасынан мұра боп келе жатқан, қаны, жаны, гендік коды анықтап береді…...

ТОЛЫҒЫРАҚ

ДҮНИЕНІ ДҮБІРЛЕТКЕН ДАРАБОЗ (немесе Кереку еліндегі зайсандық балуандар әулеті)

Өткен ғасырдың 80 жылдарында Ертіс өңірі Сарыарқаның кеудесінде орналасқан Кереку даласында өзінің балуандық және бапкерлік мектебін қалыптастырған самбо және дзюдо күрестерінен КСРО кезіндегі спорт шебері, қазір ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Жұмабек Мейрамғалиұлы Мейрамғалиевтің түбі зайсандық екенін екінің бірі білсе, бірі біле бермейді. Халық арасында «адамның басы – Алланың добы» деп...

ТОЛЫҒЫРАҚ