АБАЙДЫҢ ОРЫС ДОСТАРЫ

Лобановский мырза Фрост екеумізді кешқұрымға өзінің жекеменшікті үйіне шақырды. Мұнда оның бірнеше жас достары да келуі керек еді (…)

Жастардың сыртқы көрінісінде көзге ұрып тұрғандай айтарлықтай ешнәрсе сезілмейді. Олардың бірі жасы 24-терде, студентке ұқсайды, қалған екеуі білікті шаруа немесе таза орыс типіндегі жүздерінде мелонхолияның табы сезіліп тұрған ұсақ қолөнершіге табындау.

Өмір оларға туған ана емес, өгей шеше болғандығы бұлардың әбден жаншылған ашуланшақтығынан-ақ аңғарылып тұр. Олармен бірге ілесе келген келіншек ойнақы, әсершіл мінез танытты. Дическуло ханым 37 жастағы дене бітімі өте келісті, жұмсақ бұйра қарашашы мойнынына жетпей тұр…

Жастардың бәрі де ағылшын мен америка әдебиетін терең меңгерумен қатар, екі елдің де тарихы мен қоғамдық ұйымдарын айтарлықтай жақсы біледі. Шекспир, Милль, Спенсер, Бокль, Бальфур, Стюарт, Гейне, Гегель, Ланге, Ирвинг, Купер, Лонгфелло, Брет-Гарт және Гарриэт Бичер-Стоудың бәрі де осы кеште түгел ауызға алынды, шығармаларынан үзінділер айтылды. Бәрі де жаңа сайланған президент атын біліп, оның азаматтық саласындағы реформасы жайында пікір айтысып, оның жүзеге асуы туралы өте қажетті сұрақтар қойысты. Құрама Штаттардағы жағдайлар мен американдық тәртіп жөніндегі танымдарын тіпті біздің отандастарымыздың өздері де біле бермейді.

Қарапайым ғана тәтті тағам мен өте жақсы қытай шайынан соң, жер аударылғандар өте сағынышқа толы орыстың халық әнін хорға қосылып шырқады. Фрост мырза екеуміз қосылып бірнеше америка студенттерінің әндерін, әскери әндерді айтып тіпті біздің тыңдаушыларымызды негрлердің әуендерімен таныстырдық. Біз қонақ үйімізге қайтпақшы болып қоштасып рұқсат сұрағанымызда, түн жарымы ауып қалған екен. Менің «Семейдегі саясатшыларымызбен» орыс үкіметі мен революциялық қозғалыс жайында жүргізген әңгімелерімнің негізгі мәнінің сипаттарын да түгел хабарлай алу мүмкіндігімнің жоқтығы белгілі ғой.

Мен Павловский мырзаның «басқаша жағдай болғанда Отаныма бағасыз қызмет еткен болар едім» деп өте толық, әділетті түрде ескерткеніндей, бұл даңқы жер жарған нигилистердің тек қана өзіме еткен әсерін өте тұқыл түрде тұжырымдап қана беруге міндеттімін.

Егер бұлар қуғында ұмыт қалып құритын болса, бұның себебі олардың өз Отанын сүйе алмауынан немесе азаматтық ерлігінің жоқтығынан емес, қайта ол орыс үкіметінің өз халқымен бірлікте ойласып әрекет етудің орнына, керісінше замана рухына толық қарама-қарсы келуінде жатыр.

* * *

Сібірдің қалалары мен деревняларында біз танысқан жер аударылғандардың бәріне мінездеме беріп, өмірбаяндарын келтіріп отыруды мен басы артық нәрсе деп санаймын. Дегенмен де, жалпы түрде болса да өзіме еткен тікелей әсерлерін айтқым келді. Өскемендегі жер аударылғандар мен Ульбаның жер аударылғандарының арасындағы бір-бірінен ерекшеліктері олардың әлеуметтік жағдайларындағы елеулі айырмашылықтарынан да аңғарылады. Немесе олардың ертеректегі қоғамдағы алатын орнымен өзгешеленді дейсіз бе?

Қоғамның әлеуметтік басқыншының екі шетінде бір-біріне қарама-қарсы тұрғандардың өкілдері мұнда да ұшырасады: осында деревнялық бір етікші мен кавказдық ақсүйек княгиня да бар. Ал осы екі аралықтың ішінде әр түрлі таптар мен мүддедегі: дәрігерлер, юристер, помещиктер, жазушылар, дәріханашылдар, журналистер, студенттер, офицерлер т.б. да бар. Бұлардың басымы дворяндар немесе артықшылығы бар сословиелерге жатады, олардың кейбіреулері өте жоғары білімділер. Осылардың арасында Коновалов деген біреу ағылшынша жап-жақсы оқиды, бірақ бұл тілде нашарлау сөйлейді. Тифилистен келген қара торы грузин Милиншук мырза, Полтавадан келген публицист, жазушы Адам Бяловскийлермен мен ерекше жақындасып кеттім. Бяловский аса талантты адам, орыс әдебиетінің тарихы мен правосымен өте терең білімді, тіпті батыс әдебиеті тарихын да бұдан кем білмейтіндігімен маған әсер етті. Бұл өз ортасында аса үздік адам ретінде саналатын азамат сары уайымға түсіп, өзін Шопенгауэрдің жолың қуушы ретінде санаса да, өзінің бақытсыздығын ерлікпен, көнбістікпен өткізіп жатыр.

Біз бұлармен жасаған әңгімеміздің үстінде бастан-аяқ орыстардың тәртібі мен орыстық революциялық қозғалысы және оған қарсы орыс үкіметінің оны түбірімен жойып жіберуге қолданып отырған шаралары жөніндегі сабырлы да батыл талқылаулары әсіресе маған ең жақсы әсерлер қалдырып отырды. Олардың орыс қауымы оның мұқтажы мен талабы жайындағы ешқандай асырмай да жасырмай суреттеулері, әділ де тым батыл үкімдері ең әділ деген соттың да арманы боларлықтай. Мұндай адамдарды «нигилист» деген атпен қаралаудың өзі ақымақтық болар еді, немесе оларды қоғамның аса қауіпті жаулары ретінде Сібірге айдау ең төмен сатыдағы арсыздықтың өзі болмақ.

* * *

1880 жылы Харьковте Нифонт Долгополов деген студент-медик тұрды. Ол өзінің медициналық білім алуын аяқтап ең соңғы емтиханды тапсыруы керек еді. Кенет Харьковте Россияда жиі-жиі болып тұратын студенттер наразылығы басталып кетті. Толқудың күшті сипат алып өршуіне байланысты университет әкімшілігі көмекке қарулы әскер шақырды, казактар тез арада-ақ көшені бас көтерушілерден тазартты. Долгополов мырза революционер болған емес, тіпті «сенімсіздер» тізіміне де ілікпеген-ді. Оның бұл тұста көше бойымен келе жатып көз алдында өтіп жатқан оқиғаның куәгері болды. Қазақтардың қарусыз студенттерді қамшының астына алып, бастырмалата сабап жатқанын көріп: «Қорғанышсыз адамдарды қамшымен бұлай сабау адамшылыққа жатпайды, арсыздық қой, ұялсаңдаршы», – деді ол зығырданы қайнап. Чиновник сол сәтте-ақ Долгополовты полицияға көрсетіп үлгерді. Оны ұстап алып, болып жатқан тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде түрмеге жапты. Бірнеше ай өткен соң оны сотсыз, тергеусіз Батыс Сібірдегі Қорған қаласына жер аударып жіберді. Ал үшінші Алксандр патшаға сенімді қызмет етуге ант беруден бас тартқаны үшін, оны Тоқалыға айдап жіберді.

Бұл қаланың Ильин деген исправнигі ұрда-жық ұятсыз хайуан мінезді адам болатын. Жас дәрігер келмей жатып-ақ онымен ұстаса кетті. Ол дәрігер Долгополовтың «Ереженің» 27-статьясын қатаң сақтамағандығынан туған еді. Ол білгір дәрігер ғана емес, сонымен қатар әрі ізгі ниетті адам ретінде қажет болған жағдайда кез келген сырқатқа көмек беруден бас тартпайтын. Ол көрсеткен көмегін пұлдап, оны табыс табу көзі ретінде қараған емес, бірақ оған сүзекпен ауырған немесе көзін шел басқан шаруа сырқатының алғашқы кезінде келсе, онда ол үнемі тиісті кеңесін беретін немесе операция жасайтын. Мұның бәрін тегін азаматтық парызым деп атқаратын. Дәрігер Долгополовтың жергілікті тұрғындарға тез танылуы исправникке ұнамайды. Ол Долгополовты полицияға шақыртып, балағаттап «Ереженің» 27-статьясының мазмұнын есіне салады, түрмеге жабамын деп қорқытып, ауру шаруаларды ақы алып та, тегін емдеуге де тыйым салады. Дәрігер Долгополов бұған бой ұсынуға мәжбүр болды. Дәрігерлік көмек көрсетуін тоқтатты, бірақ оның исправникпен арақатысы бұрынғысынша шиеленісті жағдайда қалды. 1883 –жылдың күзінде Тоқалы басшыларының бірі – қалталы әрі беледі купец Балахиннің ұлы абайсызда мылтықпен шешесін жарадар етіп алды. Жарақаты аса қауіпті еді. Оқты алып тастауға тәжірибелі дәрігер қажет болды. Жарадар әйелге шақырылған қалалық дәрігер қажет болды. Жарадар әйелге шақырылған қалалық дәрігер ашушаң, бірмойын Гул деген кісі еді. Ол жарадан қан кетуді тоқтатты, бірақ оқты алып тастаудан үзілді-кесілді бас тартты. Бұған аса тәжірибелі Долгополовқа келіп, одан операция жасауды өтінеді.

– Менің дәрігерлік көмек көрсетуге еркім жоқ, – деп жауап береді жас дәрігер.

– Әңгіме өмір мен өлім туралы болып тұр ғой, – деп Балахин мырза кетпей тұрып алады.

– Өте аянышты, бірақ менің исправникпен қарым-қатынасым тым нашар. Рұқсат етілмеген, дәрігерлік қызмет көрсеткенім үшін де бірнеше рет қолайсыз жағдайда қалғанмын, мені түрмеге жабыласың деп қорқытып бұл жұмысты тағы да қолға алуыма тыйым салынған, – деп жауап қайырады Долгополов.

– Сізді Сібірге адамгершілік нанымыңыз үшін жер аударды, – деді абдыраған Балахан мырза, – жантәсілім еткелі жатқан әйелге көмек бермеуге қалай жаныңыз шыдайды, бір ғана, Сіздің көмегіңіз ғана оны ажалдан құтқарып қалмақ?

– Сіз мәселені осылайша қойсаңыз, әрине қалдыра алмаймын. Мен операция жасаймын, сонан кейін өзімнің тыңдағанымның зардабын да тартамын.

«Дәл қазір Балахин ханымға ешқандай да қауіп төніп тұрған жоқ», – деп тапқан дәрігер Долгополов губернатор Лисогорскийге телеграфпен хабарлап, жергілікті дәрігер өз міндетіне алмаған операцияны жасауға рұқсат алуды ұсынады. Бір сағаттан кейін жауап та алынады. Губернатор бұл жағдайға өзін маман емеспін деп санап, қаланың бастығынан-ішкі істер министрлігінің медициналық департаментінен рұқсат сұрауға кеңес береді.

– Көріп отырсың ғой, адам өміріне бастықтардың қалай қарайтынын? – деді ызаланған дәрігер Долгополов.

Ол операция жасап, оқты алып тастады, жараны байлады, сөйтіп Балахина ханымға төнген қауіпті кейін ысырды. Келесі күн жас дәрігер тұтқындалды, исправник бұл туралы қылмыстық іс қозғады. Оған мысал – Тобыл губерниялық басқармасының архивіндегі қағаздың маңдайына «Әкімшілік айдаудағы Н.Долгополовтың Балахина ханымның аяғындағы оқты заңсыз алғаны үшін» деп үлкен әріппен жазылып сақталуда. Бұл кезде губерниялық басқарма жүргізген қылмыстық тергеу белгісіз кезеңге созылып кетіп Долгополов округтік лас түрмеге жабылып, өзіне сүзек жұқтырып алады.

Дәрігер Долгополов оқиғасы шағын қаладағы бүкіл жұртшылықтың назарын аударып, ал оның ауруға ұшырағаны жөнінде хабар таралғанда, оған түрмеге гүл шоқтары мен тамақ жіберіп тұрды. Бұл жағдай исправниктің өзіне де әсер етті, ол жас дәрігерді босатып, оны өзі жататын пәтеріне алып баруға бұйрық берді. Сонымен бірге ол губернатор Лисогорскийге ресми хабар да жіберді, бір қылмыстық іске байланысты айып тағылып әкімшілік айдаудағы Нифонт Долгополов бүкіл округтің «қоғамдық тыныштығына» елеулі қауіп төнді-руде. Қала тұрғындары түрмедегі оған гүл мен ас-су әкеліп тұрады, олардың Долгополовқа деген ықыласының күштілігі соншалықты, қашып шығуына да көмектесуі әбден ықтимал. Мұндай жағдайда ол (исправник) өзінен барлық жауапкершілікті алып тастайтынын айтып, ұлы мәртебеліден аталған Долгополовты Сүргіт немесе қатаң бақылауға алынатын губернияның басқа бір жеріне жер аударуға жарлық беруін өтінеді.

Долгополов мырзаның өлім халінде жатқанын исправник қасақана жасырып қалады, ал бұл елеулі жағдайдан хабарсыз губернатор исправникке тез арада телеграфпен Долгополовты этаптық тәртіппен Сүргітке жер аударуға хабар жібереді. Исправник айдаушылардың офицеріне губернатордың бұйрығын айтып, тез арада оны орындауды талап етеді, бұдан офицеріне губернатордың бұйрығын айтып, тез арада оны орындауды талап етеді, бұдан офицер бас тартты, өйткені ол жергілікті үкіметтен жер аударылған ауруы қауіпті болатын, бәлкім жолда өліп қалар, онда заңды бұзғаны үшін оны тәртіптілік жаза өтеуге тартады. Міне осы кезде исправник өзіне ұнамаған осы бір дәрігерден қалайда құтылғысы келіп, шаруаның арбасына салуға бұйырады. Айдаушыға бірнеше городовойды іріктеп алып, Долгополовтың пәтеріне беттейді. Ал Долгополов болса аурудан әлсірегені сонша, орнынан көтерілуге де шамасы келмейді. Әйелі күйеуінің тұтқындалуына қарсылық білдіреді. Жалғыз іш көйлекпен дәрігер Долгополовты алып шығып арбаға салады. Бұл оқиға 1883 жылдың 24 қазан күні болған еді. Күн едәуір суық болатын. Долгополов үшін бұл экспедиция қайғылы аяқталар ма қайтер еді, егерде осы көрініске қарап тұрған, жаны ашыған әлде біреу оған тонын шешіп бермесе, Селкілдеген арбаға салып айдау жолымен испраник өзінің «жемтігін» Тоқалыдан 180 шақырым қашықтықта жатқан уездік Ишим қаласына дейін сүйрелейді. Ишим қаласында сол кезде жер аударылған 11 адам болады, олардың ішінде белгілі орыс жазушысы Мачтет бар еді. Олардың біразы дәрігер Долгополовпен тікелей таныс еді, бәрі де оның азап шегу тарихын жақсы білетін, жас дәрігердің қандай жағдайда екенін көрген олар Ишим исправнигіне барып, алып жүруге үзілді-кесілді қарсылық білдіреді, егер бұған көнбесе күш көрсетуге дейін баратынын мәлімдейді.

Олар дәрігер Долгополовтың денсаулығына жергілікті дәрігердің қарауын талап етіп, Ишим исправнигіне протокол жасауды ұсынады, мұнан кейін губерниядан телеграфпен губернатордың Тоқалы исправнигіне өлім халінде жатқан осындай қақаған суық күнде іш киіммен ғана шаруаның сықырлаған арбасына салып, 180 шақырым жерге жіберуге бұйрық бергені рас па деп сұрайды. Губернатордың Долгополовты дереу жергілікті ауруханаға тапсырсын деген жарлығы жетті, сонымен оны Сүргітке жер аудару туралы бұйрық өзгертілді. Губернатор жағдайды пайдаланып, Тоқалы испранигінен екінші рет қайталанған жағдайда жер аударылғандар туралы заңды бұзғаны үшін сотқа тартылытының айтып, қорқытып 500 сом пара сығып алғаны туралы Ишимде әңгіме таралып кетеді. Бұл әңгіме бәлкім негізсіз де болуы мүмкін, жалпы белгілі қызмет орындарына көп адамды таластырып қойып, масаттанған губернатор қарауындағы қызмет орнын көбірек ақша бергенде сататыны жұртқа белгілі болатын-ды.

Долгополов мырза Ишим ауруханасында толық сауығып шыққанша емделеді, сонан кейін қайта Тоқалыға жіберіледі. Кейіннен оны Семей облысына ауыстыралы, мұнда оның жағдайы бұрынғыдан едәуір жақсарады. Соңғы рет мен оны қазақтардың арасында антропологиялық зерттеулерді қызу жүргізіп жатқанын естідім.

Мен ұзынырақ тоқталып баяндаған бұл типтік жағдай орыс үкіметінің сенімсіздерге көзқарасын тамаша бейнелейді әрі үкіметтің оларға тағылық көрсететінің мәлімдеген Сүргіттегі жер аударылғандар арызы соншалықты шындық еді.

Бұл азап шегуді көрсеткен жазбаны оқи отырып суық, жансыз әріптермен басылған бұл тағылық пен әділетсіздік туралы әсерді осы трагедиядағы басты рөлді ойнаған еркектер мен әйелдердің еріндері дірілдей отырып айтқан әңгімесінен алған күймен салыстыруға әсте де болмас. Осы әңгіме арасында көзімнің жиі-жиі ыстық жасқа толып кеткенін мойындағаныма арланбаймын, мен дәрменсіздіктен жұдырығымды қыса түстім, бұған тек қана көз жасым ғана басу болды. Бұл үздіксіз жан азабы тән азабынан мүлдем ауыр еді.

 

Джордж КЕННАН




ПІКІР ЖАЗУ