А Қ Ы Н (ғайып-нама )

ИРАН-ҒАЙЫП

К Е Й І П К Е Р Л Е Р:

А қ ы н.
Ж а р ы қ – «Бір Күндік» – «Әйел»…
А ж а л.
Қ а р а — К и і м д і.
Қ а р а — К и і м д і л е р.
А с п а н-Д а у ы с – «Аян» – «Көз»…
А қ ы н-Д а у ы с.
А ж а л — Д а у ы с.
Д а у ы с т а р.

О қ и ғ а:
Өліге де Тіріге – «Екі Бірдей Дүние» –
О Дүние мен Бұ Дүние арасында өтеді…
жоғарғы ҚАТ

Мәңгілік…
Ғарыш…
Шексіздік һәм Шетсіздік…
Ғалам-Шарлар Шеруі…
Әлем-Тапырық…
Күн – күркіреп, Жер – сілкінеді…
Жасын – ойнап, Жай – түседі…
«Саты»…

А с п а н-Д а у ы с («Аян»)
«Жан» –
Құдіреті Күштінің
Ғұмыр-Аманаты –
«Нұр-Құндақ»
(Шебер –
«Құдай»):
«Дем» –
Беруші…
…«Он Сегіз Мың Ғаламға»!
(Құмыға-Ысылдап)
«Тән» –
Болмыс- Бітім –
Құпия-Тылсым-Жұмбақ –
Зар-Құбылыс –
«Шұрай»:
«Өң» –
Беруші…
…Әз-Табиғат –
От,
Су,
Ауа…
Адамға!
(Ысылдап-Үдеп)
«Жан»:
«Тәнде» –
Емес,
Санада
Яки
«Мазмұн-Мәнде»
(«Тәндегі» –
«Жан»:
«Құр –
Хайуани…
«Пенде»!)!
(Күшейіп)
«Жан»:
Өліге де Тіріге –
Екі Бірдей Дүние
(«Екі Бірдей Дүние» –
О Дүние мен Бұ Дүние)!
(Құдіреттеніп)
«Жан» менен «Тән» –
Ортақ:
…Тасқа да!
Тас-Бақаға да
(«Арғысы» –
Батыр!
«Бергісі» –
Қорқақ!)!
(Күңірене-Күрсініп)
Қайғырма –
Қам жеп:
«Жан» –
«Жоқ-Бар»!
«Тән» –
«Бар-Жоқ»!
(Күрсіне-Жұбатып)
«Жан»:
Сенікі –
Емес,
Оныкі!
(Жұбатып-Уантып)
«Тән»:
Сенікі –
Емес,
Оныкі!
(Үздіге)
«Жан» мен «Тәннің»:
«Жарасымы»
(«Жеміті») –
Сенікі!
(Үздіге-Жаңғырып)
«Жан» –
Ол
Я
Соның –
«Өзі»:
Кемел –
«Құдай-Шебер»!
(Жаңғырып-Жарлықтанып)
«Жан» –
Ол:
Тән-Бөлек
Әрі
Бір-Тұтас –
Бүтін
Һәм
Жалпы –
Жалқы
Және
Іші –
Тысы,
Тысы –
Іші…
Шетсіз –
Шексіз,
Тұңғиық –
Биік,
Жақын –
Алыс,
Таныс –
Бей-Таныс,
Мүмкін –
Бей-Мүмкін,
Түп-Тұқиянсыз,
Туылмайтын-Тумайтын –
Тұл,
Соқа-Басы –
Сорайған,
Жападан –
Жалғыз,
«Жазымыш-Жазу» –
Жарлықты,
Теңдессіз –
Тәңір-Әміріміз,
Жарылқаушы –
Жаратушы-Иеміз –
Хақ!
(Бекітіп)
«Жан» –
Хақ!
«Жан»:
Озады –
Дүрленіп!
«Тән»:
Тозады –
Кірленіп…
(Анықтап)
(Өмір –
«Қиямет-Қайым»
(«Қыл-Көпір») –
«Сынақ»:
«Жан» мен «Тән»
(«Фәни-Бақи») –
Шекарасы!
(Нақтап)
Өлім –
«Ақыр-Заман»
(«Ұжымақ-Тозақ»)…
«Сұрақ»:
Рухани –
«Қонақ-Асы»…
(Сәл-Босап)
«Тән»:
Нә-Хақ –
Топырақ…
(Босап)
«Тән»:
Қас-Қағым –
«Жаңғырық»!
(Басылып)
«Жан»:
Бостан-Бодан –
Хоштаным…
(Жаңғырығып)
«Жан»:
Ол –
Мәңгілік!!!
(Жаңғырып-Жоғалып)
«Жан» –
Сен…
«Тән» –
Мен…
…«А-
ҚЫ-
НЫМ»…
А қ ы н («Аяннан» – меңіп…)
Ендім…
Елендім
(«Жоғарғы Қатта» – Сеңдей-Соғылысып)
Естідім…
(Құрсауланып)
Инш-Алла!
(Қайранданып)
Раббым?!
«Адам» –
Ба…
«Мал» –
Ма…
«Ақыным» –
Дегенің:
«Кім» –
Сонда?!
Ақын –
Дегенің…
(Көкке, Алайып –
қарап)
«Кім»?!
«Кім» –
Сонда?!
«Кім»…
Үндемеймісің?!
Дым –
Демеймісің!
Онда,
Мен –
Ақын емес…
Шығармын,
Әсілі?!
(«Жауап» – болмаған соң, Мойып…)
…Олай –
Болса…
(Өзіне-Өзі)
Неге жаратқан – АДАМ ғып?!
…Осыншалықты Санамен!
Қисынсыз Қисын!
(Налып)
Мұншалықты
«жүгенсіз» Сана –
Тек
ОНДА ғана болуға
керек-ті!
(Шарасызданып)
Әлде,
Жалғыздығынан
Жалықты ма екен –
Соқа басы сорайып –
Ыңғай?!
Әй…
Шендесер
кім (не) бар –
ОНЫМЕН?!
Жоқ!
Жоқ!
Жоқ!
Жалған –
Бәрі!
Шикі!
Шала!
Болмайды!
Бола алмайды!
Болмақ та емес!
(«Пенде» – қалыпқа…
«келе» – бастап…)
Жә!
Жарайды!
…Қайтесің!
Жаратуын – Жаратты!
Сүр – Өміріңді?!
Кеш – Ғұмырыңды?!
Туыл!
Жыла!
Күл!
Еңіре!
Іш!
Же!
Тыш!
Өл –
Әжуа-Маймылданып…
Ит құсап –
Бұралқы!
Туылмасаң –
Жыламасаң –
Күлмесең –
Еңіремесең –
Ішпесең –
Жемесең –
Тышпасаң –
Өлмесең –
ОҒАН айналасың!
(Мойын-Сұнып)
…Айналу – Мүлдем Беймүмкін!
Ол – Жалғыз!
Таны?!
Құлдық ұр –
Құлшылығын етіп –
Түйсініп!
Ол – Хақ!
Жалбарын?!
Табын –
Жан-Тәніңмен –
Исініп!
…Өйтпесең,
Түбіңе жетеді –
Ақыр –
Тыраш-Тәкаппарлығың…
СОРЛЫ…
(«Жоғарғы Қаттағы
Сатымен», «Ортаңғы Қатқа» – сүрініп-қабынып…)
ОРТАҢҒЫ ҚАТ

«Саты»…
«Ауру-Хана»…
«Баспалдақ»…
А қ ы н
(«Сатыдан» – құлап…)
Сорлы…
(Есінен – танады… «Жедел-Жәрдем» – Дабылы…
«Өшіп-Жанып», «Өшіп-Жанып», «Сатыдан»: Жарық – «Түсіп»…
келе жатады…)

Ж а р ы қ
(«Кейіпкерге» – айналып).

(«Айналып» – болып,
Өзіне-Өзі)
«Сорлы» –
Дей ме…
…Абайласаң –
Нет-ті,
Ақыным?!
(Сұлап-жатқан – Ақынның,
Есін жия бастағанын – Сезіп…)
Бұ –
Дүниедегі,
Ең –
Жақыным…
Тұр…
Тұра –
Ғой…
Тек,
Ақырын…
Ақырын?!
Алас –
Ұрма…
Әл-Әзір,
Бәз –
Қалпында:
Ойың,
Санаң,
Ақылың…
…Тұр,
Тұра –
Ғой…
А қ ы н
(«Жарықты» – сезініп).
Тұрсам,
Тұрайын…
Ал,
Тұрдым
Яки
Ғалам-Көштемін…

Ж а р ы қ

Пәлі…
Пәлі!
Әл-Қисса,
Әдеттегі –
Мына…
Менің –
Арқамда!
…Не –
Боларын:
Білемісің,
Сәлден –
Соң?!

А қ ы н ( «Тарс» – кетіп ).

Уай…
Жомарт-Нә-Мәрт!
Зығырданым –
Қайнайды-ақ!
Сен,
«Түсе» –
Сап:
«Сәлден –
Соң?!» –
Деп,
Пелденсең!

Зор –
Қылғанда:
Өшіп,
«Күндей» –
Батарсың?!

Ж а р ы қ

Табан-Асты –
«Талақтап»,
Неге,
Бұлай –
Дөйлендің?!
А қ ы н

Дөйленбедім,
Көңілім –
Құлазып…
Гөйлендім,
Жарық,
Сенің –
Түртіп,
«Қапыл-Лапыл» –
Түленің!

Ж а р ы қ
Не –
Деп,
Кеттің,
Ей,
«Сорлы»?!
…Хақтың,
Жерге,
Ең –
Соңғы,
«Жоғарғы Қаттағы»,
Ғалей-кум-ас-салам –
Пайғамбарды,
«Елші» –
Еткенін,
Білемін:
Адамдарды,
Мейір-Шапағатына –
Бөлетіп!
Ал,
Сені,
Ақын…
Расында,
Кем –
Біледі,
Екенмін:
Сүтке –
Тиген…
Күшіктей –
Сүмірейтіп,
Сені,
«Мұнда»,
Айдап –
Келген,
Қандай –
Күш,
Өзі?!
А қ ы н
Тағдырымның –
Тезі!
Ж а р ы қ
Не –
Десең де,
Менсіз:
«Күнің» –
Түн…
Ақыным –
Ел-Еркесі!

А қ ы н
Жә!
Қорқытпа –
«Түніңмен»?!
«Түн» –
Дегенің:
Күн –
Түскен,
Жер-Байғұстың –
Көлеңкесі,
Бар-Жоғы…
(Арқаланып)
Құдды,
Екеуміз –
Сияқты:
Бірінсіз,
Бірі –
Не-Ғайбыл…
(Одан – Әрі…)
Мәңгілікке майдан ашқан бекініп,
Бітіспес жау –
Шындық пенен Өтірік
Табиғатын бұзып тылсым Ғаламның,
Тындырардай Дүние
сынын кетіріп!
Ой-санадан туып, көзін ашқалы
Түн-Өтірік
Күн-Шындықтың қастаны.
Аспан-Қазан қаншама
Алып болғанмен,
Екеуінің сыймас бақас бастары…
Ақтық шайқас,
Соңғы сойқан,
Ұлы шу –
Екі дүлей:
Бірі – От та,
Бірі – Су.
Жарасу жоқ,
Жағаласу,
Жұлысу,
Қырық пышақ боп қырқысу тек,
Қырылысу!
Жан алысу,
Жан берісу – керегі,
Шындық – Өтірік
Шайнасумен келеді –
Жүндей түтіп,
Жегідей жеп бір-бірін,
Түптің түбі: өлтіреді, өледі!
Өлтіреді!..
Ақыры өліп тынады,
Тіршіліктің тарс бітеді құлағы –
Ақ басты әзиз кейуана – Жер-ана
Бетін тырнап, төбе шашын жұлады…
Ұқтың –
Ба…
«Жарылқаушым»?!

Ж а р ы қ
Ұқтым!
Ұқтым…
Ұға –
Бастадым!
Ұға –
Бастағаным:
Бәйітіңе –
Түн жайлы,
Құлақ –
Асқаным!
Көнбіс –
Қам-Сау,
Көлденеңді –
Көн-Етік,
«Жоғарғыға» –
Тәуелде,
Көрініп –
Ең…
Әуелде?!
Айтшы,
Тылсым –
Шайырым,
Мені,
(«Төсін» – қағып…)
Мына –
«Жарықты»,
Тағы да,
«Естен» –
Тандырар,
Не –
Құпия…
Бар –
Сенде?!
А қ ы н
Бәрі бар менде!
Адамға тәннің – бәрі бар! –
Болмыс-кенімнен не іздесең
соның табылар:
Қанымда менің –
қайғының құйған уы бар,
Жанымда менің – қуаныштың
жиған балы бар!.
Жүрек бар менде,
Бауыр бар,
Бүтін өкпе бар,
Өкпең қарайса –
өзегіңдегі өрттен шоқ тамар!
Адамға тәннің маған да
тәнін жария ғып
Сайраған тілдің жазығы,
сірә, жоқ болар?!
Шөл де бар менде,
Көл де бар менде,
Орман бар…
Орманы күйген армансыз ғой деп
қалмаңдар! –
Күлемін сырттай,
Жылаймын іштей –
Таңданба?! –
Боламын кеще,
Боламын кейде пайғамбар!..
Жаз да бар менде,
Күз де бар,
Қыс та,
Көктем де,
Бар болған жақсы –
Бар, тегі, көптік еткен бе?..
Көрінгеннің көзсіз жетегіне
ере беретін,
Тек, хайуанның хайуандығы ғана
жоқ менде!
…Бәрі бар менде –
Адамға тәннің бәрі бар:
Болмыс-кенімнен –
Не іздесең соның табылар…

Ж а р ы қ
Солай –
Де…
А қ ы н
Солай…
Ж а р ы қ
Пәлі!
Пәлі…
Ақыным?!
Жарадың:
«Жан-Шуақтанып» –
(Ұлғайып)
Барамын…
(Өзіне-Өзі,
Ақынды – меңзеп)
Бәлкім,
«Осынысы» –
Үшін,
«Мұны»:
«Жоғарғы Қаттан» –
«Төменге…»…

А қ ы н
(Өршелене-Өрекпи).

Бір Күндік Жарық,
Табына алмаймын саған мен,
Табиғаттаспын –
Бүткіл-Болмыс –
Күллі Ғаламмен.
Тарыға да алман –
Кеудемде жанған шырағым
Сөнеді екен деп,
Таусылады екен – деп, алар дем?!
(Жарық, «Жыпылықтап»)
Бір Күндік Жарық,
Кең жаймақ даңқ-құлашын
Бұлбұл мен дүлдүл
Сұрасын хайыр –
Жыласын?!
Жүдесін сайрап,
Жадасын ойлап, жабығып…
Мен сенен рахым
Тілемен күтіп – расым!
(Жарық, «Білтеленіп»)
Бір Күндік Жарық,
Сенімен менің бағам бір,
Сәулеңе сәттік –
Қалайша сонда болам құл?!
«Ақын дегенім –
Жақын дегенім Қүдайға?!» –
Дүниежарықтың
Түн-кеудесінде алаң жүр…
(Жарық, «Белеңденіп»)
Бір Күндік Жарық,
Жанымды тербеп нұрларың –
Ғажаптығыңды,
Азаттығыңды жырладым.
Өмір мен Өлім –
Тірліктің тылсым егізі –
Екеуін де сүйдім,
Бірін де нала қылмадым.
(Жарық, «Күлтеленіп»)
Мен де – ғажаппын,
Мен де – азатпын –
Жарығым
Түскен түнекті
Қып-қызыл шоқтай қарыдым.
Өлшем көрмеңдер –
Өзегі өртті Ақынға –
Көрдің бесігін
Пенденің табыт-қалыбын!
(Жарық, «Күлдене» – бастап)
Күйін кешумен
Бір Күндік Жарық-Ғаріптің
Батқан соң қайта
Шықпай ма күліп алып Күн?!
Ақын өлмейді,
Өлмейді Ақын ешуақыт:
Жүрегіндегі
Жарық-Сәулесі –
Ол –
Халықтың!
(Жарық, «Күңгірттеніп»)
Халық дегенім –
Күн емей енді немене,
Күн сөнбегенде –
Жарық-Сәулесі сөне ме?!
Бір Күндік Жарық,
Әмісе әңгүдік Ажалдың
Әңгіртаяғын
Ойнатпа ұдай төбеме?!
(Жарық, «Көмескіленіп»)
Ойнатқаныңмен
Ажалыңнан мен қорықпан,
Қорқа да қорқа
Жаным мен тәнім зорыққан.
Жазатайымда
Жалғыз ұлымнан айырып,
Көмекейіме
Қорғасынын құйып, қорытқан.

Ж а р ы қ
(«Өше-Жаздап..)
Қашан –
Бәтір-ау…
(«Елес» – пайда болады…)
ЕЛЕС
«Кең-Сай» – Бейіті…
«Мұнар-Бесік»…
А қ ы н (Зар-Еңіреп).
…Айдың-Күні –
Аманда,
Дін-Мұсылман –
Заманда,
Қарғыс-Атқан –
Қоғамда,
Нән-Зұлматты –
На-Хақтан:
Ұлым…
Ұлым –
Өлді!
(Басын, «Қос-Қолдап»…)
…Жалғыздық,
Құдайға –
Ғана…
Жарасады» –
Емес –
Пе?!
Жалғыз –
Қалдым…
Жалғыз…
(Көкке, «Қолын» – Жайып…)
Зауал-Індетіңді молайттың –
Қара Жер емеспін ғой,
Құдай!
Шер-Шеменімді зорайттың –
Қатқан Көн емеспін ғой,
Құдай!
Жүрек-Қанымды қарайттың –
Қалаулыңнан кем емеспін ғой,
Құдай!
Соқа Басымды сорайттың –
Мен – Сен емеспін ғой,
Құдай!..
Ж а р ы қ (Сырттай – бағып,
Ақынды – аяп…)
Ой,
Жаратқаным-ай…
Қайтейін?!
Қалай –
Қылайын…
…«Жазған –
Құлыңда»:
Жазық –
Жоқ…
Жазық –
Зәредей…

А қ ы н (Әрі – қарай).

(«Мұнар-Бесіктің»
«Құлпы-Тасындағы Жазуды» –
оқып…)
«МҰНАР-БЕК

11.04.1976 – туған күні.
30.05.1990 — …

Ұлым!..
Бәлкім, бұл –
Менің өлген күнім?.. –

ӘКЕҢ».

(Тізерлеп… «Дұғасын» – жасап, «Баз» – кешіп… «Ләйліп» –
ішіп… «Мас» – күйде…«Кетіп» бара жатып, Кілт – кері бұрылып… «Құлпы-Тасқа»)
Сен – Мұнарбек емессің,
Қара тассың!
Мен – жүрегін шер қапқан
жара таспын!
Махаббат жоқ,
Мейір жоқ,
Рахым жоқ –
Жер мен Көктің арасы –
нала-тасқын!
Сен – Мұнарбек емессің!
Тұр – құр елес…
Сенсіз өткен өмір – тұл,
Күн – күн емес!
Қыр басында зар құшқан
сорлы әкеңнің
Танымауы жалғызын –
мүмкін емес!
Сен – Мұнарбек емессің!
Ұлы қайғым,
Тастан ауыр зілмауыр –
нұры да Айдың!
Қасқа алдырған күшігін
көкжалдайын –
Қан жұтпаймын,
Қалайша ұлымаймын?!
Аңсап келіп,
Армансыз аймалаған,
Арда кезім алаңсыз қайда, балам?!
Сен – Мұнарбек емессің…
Емессің сен –
Бұлбұлымнан шошындым
сайрамаған!
Мұнарбек!
Бұл – сен емес!
Сен қайдасың?!
Осынысы Тәңірдің жөн бе –
Ойласын?!
Онсыз да қор Ақынды еңіретудің
Таппап па бұдан қапыл
өңге айласын?!
Алса мені болмай ма,
Сені алғанша?!
Құдай да қателеседі екен ғой…
Амал қанша?! –
Жөнім еді көсіліп көрде жату,
Қасіретіңнің төрінде
қамалғанша!
Сен – Мұнарбек емессің!
Ұлым менің,
Құрбандығың мен едім,
Құлың да едім.
Емексітіп ертеңге қол создырмай,
Шығып кетсе – ризамын
бүгін демім!
…Табан асты салғаны-ай зобалаңға,
Бар билігі жүрмейді жоқ адамға.
Кетіп қалған жағыңды айтшы, Мұнар,
Тартып кетсем тап қазір –
Таба алам ба?!
Сен – Мұнарбек емессің!
Жалған – Әлем…
Мен – айтылып әдірем қалған өлең!
Атамдатпай,
Боздатып ботамдатқан
Әділетсіз тағдырды қарғап өлем!
Сен – Мұнарбек емессің!
Сезіп тұрмын –
Егіліп,
Ет-бауырымды езіп тұрмын!
Тас Мүсінің алдында
Тастай қатып –
Талақ қып,
Тас-Ғаламнан безіп тұрмын!..

Ж а р ы қ (Жылап…).
Ақыным…
(«Күлді-Көмештеніп)
Бұ –
Дүниедегі,
Ең –
Жақыным…
Қалай,
«Шыдап» –
Жүрсің:
Қайғың –
Қандай,
«Тозақты» –
Қалың,
Қасіретің –
Неткен,
«Тамұқты» –
Жалын…
Ед…
А қ ы н (Жарыққа).
Жылама,
Жарығым…
(«Бауырына» – басып)
Жанарыңды кұрғат жыламай,
Жұбатайын сені жыр оқып
әр сәт бұлағай.
Аспанда сұрқай сұрапыл
ұрыс басталып,
Жасыны түссе —
Тұрар ма терек құламай?!
Қөркіне,
Сая –көлеңкесіне зар қылып,
Құлады терек…
Құламас кім бар мәңгілік?!
Ащысы менен тұщысы
қабат тірлігің –
Жартасқа соққан жаңғырық!
Таланың тартқан бақ пенен
сорды тел еміп,
Тіріміз… тәубе!
Тәуекел етіп көрелік?!
Жылағаныңмен онсыз да
у-шу дүние,
Жылағаныңмен онсыз да
су-су дүние,
Айтпайды әділ төрелік!
Ажалың – ғайып,
Дидарың – ғайып,
Дәм – ғайып,
Ғайыптың ісі – артпайық алға
таңға айып.
Қасіретіңнің кермек
тамшысыменен тұтанған,
Махаббатымыз – ғайып,
Майып қып соны алмайық!
Құлады терек!
Құлаймыз…
Бәрі құлайды! –
Құлайды екем деп тірліктен
безбе былайғы:
Жылама,
Жыла…
«Біздерді»:
Құлатқаны –
Үшін,
Тағдырдың,
«Өзі» –
Жылайды!!!
(«Елес» – «үшті-күйлі»… «жоғалып»…)

Ж а р ы қ (Өзіне-Өзі).

Апыр-ай,
Ә…
А қ ы н (Әрі – қарай).

Тіршілік жайлы
Өзгерген түптен ұғымым,
Кешегім менің,
Ертеңім менің –
Бүгінім.
Өз орнымдамын –
Әз ортамдамын қашанда –
Ұзын бола ма,
Қысқа бола ма – ғұмырым!
(Жарық, Қайта – «Жанданып»).
Бүгін өлем бе,
Ертең өлем бе –
Тартулы
Нар көтере алмас
Тағдырдың жүгі артулы.
Бір Күндік Жарық,
Бір жасап қалу үшін мен
Жарамсақтанып,
Жалайын қалай артыңды?!
(Жарық, «Нұрлана» – түсіп)
Есім – жиюлы,
Ақылым – толық,
Тоқ – санам,
Азғындауға да,
Тозғындауға да жоқ шамам!
Бір Күндік Жарық,
Өзіңді өзің жарылқа,
Жалына алмаймын
Жанымды қалдыр деп саған?!
(Жарық, «Көгілдір-Оттанып»)
Құдіреті күштінің
Ғаламатына қанықпыз,
Екеуміз бірдей
Күн-Анадан қуат алыппыз.
Сен – Аспан аруы,
Мен – Жердің зәруі –
Қос Мұңлық –
Бір Сәттік Сәуле,
Бір Күндік ғана Жарықпыз.
(Жарық, «Қызыл-Шоқтанып»)
Нұр-шуағың бар
Жан шуақты өлең-жырымда,
Дәйімі асықпын,
Менен қашық бол,
Бұрылма?!
Өліп қалар деп
Сен маған аяп қарама,
Өшіп қалар деп
Саған бәйекпін,
Шынында…
(Жарық, «Өлімсіреп»)
Бір Күндік Жарық,
Жоқ сынды сенен еш кемім,
Өліп көрмедім,
Әзірге сен де өшпедің.
Сен өшсең егер –
Менің де мәңгі өлгенім,
Мен өлсем егер –
Сенің де мәңгі өшкенің…

Ж а р ы қ
Ой,
Құдая…
Өзің,
Сақтай –
Гөр…
(Күн-күркіреп, Жер – сілкініп…
Жарық – Жыпылықтап…
«Сөне» – жаздап…
…Қара-Киімділер – қаптайды…)

Қ а р а — К и і м д і (Ақынға).

Ей,
Қара-Сирақ –
Байғұс,
Дел-Құлы –
Бейшара…
Сор-
Қасқа!
Басқаң –
Басқа…
Сен,
Неғып –
Жарықтың,
Бір –
Күндік
Тылсым –
Зарықтың:
«Мен өлсем егер –
Сенің де мәңгі өшкенің!» –
Деп,
Бетінен –
Алып,
Зекіп…
Жағасына –
Жармасып,
Көкіп…
Тұрсың,
Бүгін,
Зән-Талақ!
Сен,
Кімсің –
Соншама:
Екі-
Аяғың –
Салбырап,
«Ғайыптан-
Тайып» –
Түскен,
«Әш-Кілең» –
Зормысың?!
Жоқ,
Әлде,
Түніменен,
«Әкесін» –
Танытып…
Ішкен,
«Маскүнем» –
Қормысың –
«Гәйіп»!
…Бүйте –
Берсең,
Сен,
Тіпті,
Жарықты –
«Былай»…
Қойып,
Күннің –
Өзін:
Күйелештеп,
Күңіңменен –
«Көрші» етіп,
Тынардайсың –
Ғой…
«Салпы-Етек»?!
Неге,
«Бүйтесің»…
А қ ы н
Мен –
«Бүйтпесем»:
Сендер,
Мұншама,
Лықа –
«Тойынып»,
Әбден –
«Семіріп»
«Қарын-Жүндеріңді» –
Ұйпалап,
Қорқау-Емініп –
Құзғын-Дәнігіп,
Бұлайша:
«Қоғам-Терісін» –
Ұйттпес едіңдер,
«Құйқалап»…
Соным –
Үшін
Мен –
«Бүйтем»!
Мен –
«Бүйткенсін»:
Сендердің,
Мына –
Екі-Иіндеріңдегі,
Мисыз –
Домалақ-Бастарың,
Өңезденіп-
Безденіп,
Бара-Бара,
Бұттарыңдағы,
Егіз-Жұмалақтарыңа –
Айналады емес пе,
Құлқынның –
Құлы…
Қ а р а — К и і м д і
(Өзіне-Өзі).
Көтек!
Көтек…
Уай…
Уай!
Уай!
Ел-Жанды –
«Егемен»…
Сездім!
Білдім…
Енді,
Ұқтым…
Құпия-Жұмбақ –
«Бұ»…
Не –
Деген…
Үлгерген –
Сыңайым…
«Безбендеп»!
(Ақынға)
…Шамасы,
Сені,
Сонда,
«Осының» –
Үшін…
«Жіберген» –
Боп,
Шықты –
Ғой…
Алла-Тағала:
«Көктен» –
«Жерге»,
«Елші» –
Етіп…
Қарамастан,
«Олпы-Солпы –
Пормыңа…
…«Ға-лей-кум-Ас-Салам» –
Пайғамбарымыздың…
«Орнына»!!!
Мәс-Саған –
«Безгелдек:
«Құлақ» –
Естігенді,
«Көз» –
Көрмек…
«Бұл –
Ән,
Басқа –
Әннен –
Өзгерек…»…
А қ ы н
Несіне –
Таңданасың?!
Мұндай,
Күдік-
Күмәнмен,
Күн –
Кешуге…
Болмайды,
«Бүгінде»!
Қ а р а — К и і м д і
Онда,
«Кешегіңе» –
Көшейік?!
Шындық –
Жеңеді,
Түбінде!
А қ ы н

Шындық:
Өтіріктің –
Ашынасы:
«Көрпесін» –
Ашсаң…
Екеуі,
Бірге –
«Өреді»!
…Ақиқатқа:
Не –
Жетсін?!

Қ а р а — К и і м д і
«Ақиқат»,
Сонда,
«Кешеде» –
Ме…
«Көшеде»!
А қ ы н
Әбден –
Мүмкін…

Қ а р а — К и і м д і

Солай –
Де…
Айтшы,
«Алланың Елшісі»?!
Сенің,
«1986-жыл…»,
«Желтоқсан…»,
«Жаңа-Алаң…»,
«Қанды-Қырғын…»,
«Зобалаң…»… –
Есіңде –
Ме…
А қ ы н
Есімде!

Қ а р а — К и і м д і

«Мінберден»,
Қандай –
Өлең…
«Оқығаның» –
Да…
Ма…
(«Елес» – пайда болады…)
ЕЛЕС

«1986»…
«Желтоқсан»…
«Жаңа-Алаң»…
«Қара-Тобыр»…
«Қарулы-Күш»…
А қ ы н
(«Мінберден»).

«Сүйдім!» десем –
Беремісің келісім?!
«Күйдім!» десем –
Беремісің келісім?!
Тәуелсіз –
Хақ!
Барымды –
Жоқ еншілеп,
Қайыршылық
күйге түстім –
Сен үшін!
Сүйгендіктен –
Босаға аңдып
жүргенім,
Жер шұқылап,
Жетімсіреп күлгенім!
Күйгендіктен –
Тері-Қалта «Пілдердің»,
Теңгесінің
сылдырына –
«Үргенім»!
Сүйгендіктен –
Ақын-Ғұмырын
кешкенім,
Өлеңнен – Оқ,
Жырдан –
Қылыш- Кескенім!
Күйгендіктен –
Шенқор-Жемқор-
Жебірдің,
Ығын есіп,
Ыңғайына көшпедім!
Сүйгендіктен –
Тәж-Тағыңды
міндесем,
Хақтан –
Сенен безгендерді –
Тілдесем!
Күйгендіктен –
Кеше алмаймын Күнімді,
Қайғы – кешем,
Зар – кешемін,
Мұң – кешем!
Сүйгендіктен –
«Тәубе!» деймін
осыған,
Тауып мият –
Тамған Көздің
жасынан!
Күйгендіктен –
Тамырымда
қан тасынып,
Жауар Бұлттай –
Түнерем де басылам…
…Тәуелсіз –
Тәңірім,
Сүйем…
Сені,
Сүйемін!
Сүйгендіктен –
Тозағыңа Күйемін:
Күңіренткен
Құдіретің алдында –
Таз-Кепешті
Тәу-Басымды иемін!..
(«Желтоқсан»:
«Қар» – боратады…
«Жаңа-Алаң»: «Қанды-Қырғынға» – бөгеді…
«Қара-Киімділер» – қаптайды…)

Д а у ы с т а р

– Қапта…
– Қаптаңдар!
– Қаптаңдар…
(«Оқ» – атылады…)
– Атпаңдар!
Атпа…
– «Пәлесіне» –
Қаласыңдар…
– Таптаңдар:
Табанға –
Сап…
– Езіңдер –
Жаныштап!
«Мо-ло-дец»!
– «Адам-Қасап» –
Жасаңдар…
«Адам-Қасап»!
– Ұрыңдар!
Соғыңдар –
Тепкілеп!
– «Алаңға» –
Шықанның:
«Бүгінін» –
Қан-Жоса»…
«Ертеңін» –
Қараңғы,
Ет –
«Түнек»!
– Қаптаңдар…
(«Елес» – «үшті-күйлі»… «жоғалып»…)

Қ а р а — К и і м д і
(«Дым» – болмағандай).

Хош…
«Басыңды» –
Иіп,
«Етегін» –
Сүйіп,
«Тәуелсіздігіңді» –
«Алдың»,
Емес –
Пе…
«Аман-Есенім»?!

А қ ы н
Не –
Болды?!

Қ а р а — К и і м д і
«Ендігің»,
Не –
Сенің?!
«Пайғамбардың-Жасынан» –
Астың,
«Ахиретіңе» –
Қадам бастың!
«Санатыңа» –
Ендің,
«Кемеліңе» –
Келдің…
А қ ы н
Келсем –
Ше…
Қ а р а — К и і м д і
Қоймаймысың,
Енді…
А қ ы н
Нені…
Қоям?!
Осы…
Сен,
Мені –
«Шатыстырып»,
«Біреумен»…

Қ а р а — К и і м д і
«Алғаныңды» –
Күстәналап-
Міндеуді,
Бәдік!
«Есің» –
Кірмейді-ақ…
Екен,
«Кір-
Қожалақ-
«Өлеңім»!
А қ ы н
«Алғаным» –
Кім…
Не –
Менің?!

Қ а р а — К и і м д і
«Тәуелсіздік»!
«Тәуелсіздік» –
«Алғаның»!
Немене,
«Тақымыңа» –
Тар боп…
Тұр ма?!
А қ ы н
«Тәуелсіздік» –
Деймісің?!

Қ а р а — К и і м д і
Деймін!
«Уайымын» –
Жеймін!
А қ ы н
Же!
Же!
Ит:
Не –
Жесе,
«Соны» –
Тышады!
Сен де,
«Соның» –
Сойынансың,
Сірә…
Қ а р а — К и і м д і
Үр-ә…
(Қасындағыларға)
Мына –
«Марқұм»,
Не –
Дейт?!
(Ақынға)
Не –
Дейсің,
Әй?!
А қ ы н
«Тәуелсіздік»:
«Тәуелсіз –
Хақ…» –
Деймін,
Мен,
Саған!
«Өлең-Түйсіктен» –
Жұрдай…
Мақұрымым!
Тыңда!
Тыңда,
Мұқият –
Тыңда,
Мені?!
Мен:
«Тәуелсіздің» –
Ақынымын!
«Тәуелсіздік»:
Тәуелсіз –
Хақ…
Сен –
Айтқандай,
«Алатын» –
Шен-Шекпенің –
Емес…
«Биліктен»!
«Ол» –
«Алады»,
«Сені»…
«Ол»!
«Салатын» да –
«Сол»,
Сені –
«Анаңның Құрсағына»…
Сосын,
«Көрге»…
Құдіреті –
Күшті,
«Оның»!

Қ а р а — К и і м д і
«Солың» –
Не…
«Оның» –
Кім?!
А қ ы н
«Ол» –
Хақ!
«Ол» –
Құдай…
«Жаратушы-Ие –
Тәуелсіз!
«Ол» –
Жалғыз!
Қалған –
«Өңгеміз»:
Тәуенде –
Тәуелде-
Пендеміз!
Бір-
Құдайдан –
Басқамыз:
Тәуендеміз –
Тәуелге!
Көк те,
Жер де –
Тәуелде!

Қ а р а — К и і м д і
Тәуелде!
Сонда,
Қалай…
А қ ы н
Былай:
Тәуелсіз –
Құдай…
Қалған –
Түгеліміз:
Тәуендеміз-
Тәуелде!
Сен де,
Мен де –
Тәуелде!
Ел де,
Ер де –
Тәуелде!
Мемлекет те,
Мемлекет
Басшысы да –
Тәуелде…

Қ а р а — К и і м д і (Тұтығып).

Сонда,
Қ…
Қ…
Қалай…
А қ ы н
Яки
Пенде…
Аң да,
Адам да –
Тәуелде!
«Тәуелсізге» –
Құдайға…
Он Сегіз Мың –
Ғалам да –
Тәуелде…
…Тәуелсіз –
Тек…
Құдай!
Тәуелде –
Емес,
«Тіршілік» –
Жоқ…
Әлемде!!
Ұқтың –
Ба…
Тәуелсіз –
Тек…
Құдай!
Құдай:
Екі Бірдей Дүниенің –
Иесі…

Қ а р а — К и і м д і
Ұқпадым…
А қ ы н
«Тәуелсіздік»:
Хақтық –
Ұғым…
Құдайдың:
Рахым-Мейірін –
«Азаттығымды» –
Сұраймын!
«Жаным –
Азат болсын деп,
«Тәнім» –
Азат болсын деп,
Күні-Түн,
Еңіреп-
Жылаймын…

Қ а р а — К и і м д і
Сен,
Немене?!
«Көппен» –
Бірге…
«Көшке» –
Еріп…
«Азаттығыңды» –
Алмаған,
«Қазақпысың» –
Әлі…

А қ ы н
Алсам:
«Өңімде –
Тарықтырып,
Зарықтырып,
Түсіме жиі енетін –
Кепкен Боқсың:
Құлқын-Құл –
Қорқауларды –
Қарық қылып,
Сен әлі –
Маған келіп
жеткен жоқсың!
Жақыннан –
Зықымды алып,
Зәре-зап қып,
Алыстан
қол бұлғайсың –
Арманым боп:
Атыңнан айналайын,
Уай, Азаттық,
Ит – алды…
Ал, Мен Сені –
Алғаным жоқ…» –
Деп,
«Бәйіт» –
Жазар ма ем…
Қ а р а — К и і м д і
Не –
Деп,
Кетті,
Ей…
«Мынау»?!
«Алжыған» –
Неме:
Басына –
Қонған,
«Бақытынан» –
Безініп,
Нәлет!
«Қырық-Кісі» –
Бір-Жақ,
«Қыңыр-Кісі» –
Бір-Жоқ»»
Жексұрын…
(Қара-Киімділерге,
«Бұйрық-Раймен»,
Ақынды – нұсқап).
Өшіріңдер –
Үнін!
Шығармаңдар –
Дымын:
Терісін,
Теспей –
Іреп,
Сойыңдар!
«Мал» –
Болмастың…
«Өмірі» –
Оңбастың…

Д а у ы с т а р
– Ұр-ә…
– Жағын –
Айыр!
– Қызыл-Ала –
Қан-Қылыңдар!,
Бет-Ауызын –
Ақынның…
– Қақ-Бастан –
Сал!
– Бүйірден –
Теп!
– Белден –
Соқ,
Енді,
Мұндай –
Ұл тумасын,
Анадан!
– Жын –
Жайласын,
Бесігін…
– «Өліп» –
Қалды…
…«Өліп»!
– «Жан-Шырағы» –
Сөніп…
А ж а л — Д а у ы с

Жә!
Тиыл,
Түге…
…«Уақыты»,
Келген –
Жоқ,
«Оның»…
«Уа-
Қы-
Ты…»…
«Өлген» –
Жоқ,
«Ол»…
(«Қара-Киімділер»: Жым жылас…
«Жоқ» – болады…
Ажал – көрінеді:
«Аяғына» – әрең…
тұрып…
«Жалп» – етіп, «Сөнгелі» –
жыпылықтаған…
Жарықты,
«Шырағдан» – етіп…
«Баспалдақпен»,
«Төменгі Қатқа» –
Беттеген… Ақынның –
«Соңынан» –қалмай…)…
Төменгі ҚАТ

«Баспалдақ»…
…Қазулы – Көр…
А қ ы н (Ажалға).

Келдің –
Бе…
«Айтпай»,
Ажалым –
Таң-Ғажабым?!

А ж а л
Келдім!
Келдім:
Көп –
Күткенге,
Ұқсайсың?!
А қ ы н
Туғалы –
Бері…
Таусылып –
Тағатым…

А ж а л
Мазаң –
Кетіп…
Тұр –
Ғой,
«Ғайып»!
Құлазып –
Көңіл-Хошың?!
А қ ы н
…Немене,
Тап,
Қазір –
Ме?!
А ж а л
Жоқ –
Әзірге…
А қ ы н
Қалай?!
А ж а л
Соқсын,
Соңғы –
«Сағатың»,
«Уақытың» –
Келсін…
…Сосын!
А қ ы н
Онда,
Дат,
Ажал?!
А ж а л
Датың –
Болса,
Айт!
Түгесіп –
Айт,
«Тентек»!!
А қ ы н
Айтсам:
Мен –
Өлген соң:
Не –
Болады?!
Қалада –
Бостан-Тулар
Бояна ма Қараға…
Жан шошынтқан –
Ажалынан Ақынның,
Ой Жарығы –
Енеді ме Санаға?!
А ж а л
Алдымен,
«Өл»…
А қ ы н
Мен –
Өлген соң:
Күңіренісіп –
Жер мен Көк,
Күннің –
Көзін,
Айдың –
Жүзін
Шер –
Меңдеп…
Тау –
Талықсып,
Дала –
Есінен тана ма,
Көзі –
Алайып,
Аяқ-Қолы –
Ербеңдеп?!
А ж а л
Өй,
Сен,
Не –
Тантып…
А қ ы н
Мен –
Өлген соң:
Ымырт –
Өксіп,
Түн –
Зарлап,
Бетін –
Тырнап…
Еңірей ме –
Гүлзар-Бақ?!
…Атып келе
Жатады ма –
Арсыз Таң,
Жеміттенген –
Жемқордайын
ыржаңдап?!
А ж а л
(«Адамдана» – бастап).
«Қызық» –
Екен…
А қ ы н
Ата ма,
Жоқ,
Атпайды ма –
Таң қайтып,
Екі Бірдей
Дүние Аузын –
Аңқайтып:
Апырым-ай,
Ақын –
Өлмеу керек қой,
Хақтың
Жаратылыс Жырын –
Мәңгі айтып?!
А ж а л
Паһ,
Шіркін…
«Браво»!
«Браво»…
(«Қол» –Соғып…)
А қ ы н
Ақын –
Өлмеу керек!
Ақын –
Өлгесін,
Құлқын Құлы –
Кері бұрып
Ел Көшін:
Адал –
Ардан,
Пәк –
Иманнан безініп,
Жын –
Иектеп,
Пері –
Соғар…
Өңгесін!
А ж а л
«Сөйтпегенде» –
Ше…
А қ ы н
Шыда,
Ажал?!
Өледі –
Ақын!
Өледі!
Хан-Ордаға:
Өлік-Ақын –
Керегі!
Өлсін –
Ақын…
Өлейін –
Мен…
Өлейін…
Бүйтіп,
Тірі –
Жүргенімнен,
Не –
Өнеді?!
А ж а л
(«Сағатына» – қарап).
Қайда –
Асығасың?!
Айттым –
Ғой…
«Уақытың» –
Бар,
Әлі…
А қ ы н
Түк –
Өнбейді!
Табына алман –
Таныққа!
Тұлғам –
Тырдай:
Не,
Баста –
Жоқ,
Не,
Бұтта!
Қайырсызға –
Құр
Алақан жайғанша,
Тек жатқаным
Жөн емес пе –
Табытта?!
А ж а л
Жөн!
Жөн-ақ…
А қ ы н
Ақын –
Өлмеу керек…
Бірақ,
Не –
Шара:
Ол да –
Адам сияқтанған…
Бей-Шама…
Бей-Күй,
Би-Күс,
Бей-Шарғылы –
Би-Талан,
Тойым-Тыйым
Жоқтығына –
Ишара!
А ж а л
«Амалымыз» –
Нешік…
А қ ы н
Мен –
Өлейін?!
Өлейін –
Мен…
Өлейін!
Өліп –
Бітеп,
Оның –
Обыр-Көмейін…
…Мен –
Өлген соң:
Бәлкім…
Мүмкін…
Бұ –
Жалған…
Әз-Шындығын –
Табар…
Басқа –
Не дейін?!
А ж а л
Ал,
Дайындал…
«Шапаныңды» –
Шешіп!
А қ ы н
Жыртық –
Қой…
А ж а л
Онда,
Лақтыр!
А қ ы н
Мен –
Өлген соң:
Бірге өлмей ме –
«Бүл-Қоғам»,
Жек-Қамытқа –
Мойынсұнған
Құл-Бодан:
Ұлан-Ғайырым –
Айналып
Тар-Кебінге,
Иен-Байлығым –
Желге ұшпай ма…
Күл-Бадам!
А ж а л
Обал-ай…
А қ ы н
Мен –
Өлген соң:
Басқа қонған –
Бақ қаңғып,
Безеді ме…
Тәжден –
Кие,
Тақтан –
Құт?!
Бұ Күйінше…
Обыр –
Билеп,
Тобыры –
Зар илесе,
Онда,
Құдай –
Атқандық!
А ж а л
Ас-та-пыр-Алла…
А қ ы н
Құдай –
Атса,
Құлы –
Төзіп-Көнеді:
Жерден –
Нәубет,
Көктен –
Зауал төнеді…
…Жан Айқайын –
Жеткізе алмай
Жұртына,
Өледі –
Ақын…
Өлеңі де –
Өледі!
А ж а л
Ой,
Қой,
Әй…
А қ ы н
Мен –
Өлемін,
Танамын да –
Есімнен,
Мен –
Өлген соң:
Тілім –
Өлед…
Кесілген!
Содан –
Кейін…
Сөзім…
Көзім –
Өледі:
Тән –
Үңгірлеп,
Оқпандана –
Тесілген!
А ж а л
Масқара…
Сұмдық!
Сұмдық –
Қой,
«Мынау»?!
А қ ы н
Қолым –
Өледі…
Құр –
Қарманып…
Аяғым…
Өкпем –
Өшіп…
Солып,
Семіп –
Қаяғым…
Соқпай –
Тоқтап…
Ой,
Өледі-ау –
Жүрегім…
Соныменен,
Тынады –
Өмір-Баяным?!

А ж а л
Өкінішті,
Әрине…
«Трагедия»:
Ұлттық!
Жо-жоқ,
Халықтық –
Бүкіл-Адамзаттық…
…Ғаламдық!
(«Жындана» – жаздап,
Өзіне-Өзі)
Не –
Деп,
Кеттім,
Ей…
А қ ы н
Тынады ма?!
Бітеді ме –
Түгелі?!
Күлге –
Аунатып,
Насыбайдай –
Үгеді…
Тесігімді –
Тығындайды,
Жыртылған
Ауызымды –
Көмейлетіп…
Тігеді!
А ж а л
Қой,
Құрсын!
«Хайуан» –
Боп…
Кеткен –
Бе,
Түге?!
А қ ы н
Оққа –
Ұшамын?!
Жығыламын –
Таяққа!
Жыл –
Өтеді,
Өтеді –
Күн…
Ай-Апта…
Жел Өтінде –
Иістеніп…
Мүңкіген,
Өлігімді –
Жасырады
Қаяққа?!
А ж а л
«Мұсылман-
­гершіліктен» –
Кеткен,
Екен –
Ғой…
Түгелі –
Азғындап!
Іріп!!
Шіріп!!!
А қ ы н
Таудай-Денем –
Талақтанып
Жатпай ма?!
Түн –
Телміріп,
Табиғат –
Үн қатпай ма?!
Хан-Тонаудан –
Тірі қалған
Қазақтың,
Ақын-Иісім –
Танауларын
Атпай ма!
А ж а л
Фу…
А қ ы н
Атпайды ма –
Танауларын…
Жазғанның,
Өз Қолымен –
Көрін
Өзі қазғанның?!
Сезбейді ме –
Соңы немен тынарын,
Надандықтан –
Әбден
Азып-Тозғанның!
А ж а л
Қойшы-ей…
А қ ы н
Оянбай ма –
Өлі-Ұйқыдан
Бейбағым,
Жасамай ма –
Жан-Тәсілім
Гөй-Қамын:
Бар Ғаламға –
Қазақ атын
Мазақ қып,
Ұқпайды ма –
Тас-Төбесін
Ойғанын!
А ж а л
«Құдай» –
Сақтасын…
А қ ы н
Мен –
Өлген соң:
Көктем –
Шығып,
Жаз –
Келіп,
Айдын-Көлге –
Жата ма
Үйрек-Қаз қонып…
Көреді ме,
Қапыл –
Тақтан тайғанын,
Өлмей қалған –
Кәрі мен Жас
Мәз болып?!
А ж а л
Әлбетте…
А қ ы н
Көреді ме,
Көрсетпей ме –
Күн Көзін,
Жүміледен –
Жоғары ұстап,
Мүлде –
Өзін?!
Табындырған –
Тәуелсіз
Тәж-Тағына,
Тірі-Тәңір –
Сезіне ме,
Тұл-Кезін!
А ж а л
Тағы –
Да…
«Сол» –
Сұмырай!
Құбыжық –
«Қуыршақ»,
«Қолдан» –
Жасалған…
А қ ы н
Сезіне ме,
Безіне ме –
Піл-Қазақ,
Тәуендеткен –
Тауқыметінен,
Бұл –
Мазақ?!
…Құтыла ма,
Құтылмай ма –
Жыр-Жүрек,
Саңылаусыз –
Кәс,
Түнегінен –
Түрме-Азап?!
А ж а л
Қайдан?!
«Мына» –
Түрімен…
А қ ы н
…Мен –
Өлген соң:
Топырақ суып –
Денеме,
Өмірім –
Жетіп,
Ең Ақырғы –
Мәреге…
…Уақыт –
Тоқтап,
Жерге –
Аспан айналып…
Түсіп,
Тоба,
«Өліміме» –
Өлім келе ме?!
А ж а л
(«жағасын» – ұстап)
Ас-та-пыр…
(Өзіне-Өзі)
Мен,
Не –
Істеп кеттім…
«Лағып»?!
«Мынаған» –
Еріп?!
(Жан-Жағына –
Қарап,
Шошынып),
«Көріп» –
Қоймасын,
«Көріп»…
«Біреу-Міреу»!

А қ ы н

Тыныстай ма:
Екі Дүние –
Бір Деммен?!
Ой,
Масқара…
Өліп,
Мұны –
Кім көрген:
Кебінсіз –
Бүл…
Көмілмей ме –
Ол,
Сонда…
Не –
Істер екен:
«Миллиардтарын» –
Сүрленген?!
А ж а л
«Соны» –
Айтсаң-шы…

А қ ы н
«Миллион»?!
«Миллиард»!
Нендей-Байлық –
Бұл-Байлық?!
Қалай тапқан –
Жанын-Шүберек
«Шұлғау» ғып?!
Біздер едік –
КСРО-ны
Құлатқан,
Бұл-Байлықтан –
Қалайынша…
Құр қалдық!
А ж а л
«Тіпті» –
Деймін-ау…
А қ ы н
Желтоқсанда:
Мұз боп қатқан –
Біз едік!
Біздер едік –
Жігіт-Мәйіт,
Қыз-Өлік!
…Сонда,
Бұлар:
Қайдан шыққан –
«Жүйріктер»,
Күдірейіп…
Құйрық-Жалы –
Күзеліп?!
А ж а л
І-м-м…
Енді,
Түсіндім –
Түйсініп…
А қ ы н
Кімнен –
Пінә,
Һарам-Шауқат –
«Алыптар»?!
«Алпауыттар»…
Зымиян-Зыт –
«Зауыттар»?!
…«Осылардың,
Түбі –
Шикі емес пе?!» –
Деген,
Ой –
Бар…
Халықта:
Үлкен Қауып –
Бар!
А ж а л
Бәсе!
А қ ы н
Ұлт-Нәсібін –
Толайымен
Жұтқандар:
«Рахаттар»,
«Храпуновтар»…
«Митталдар»!
Ау-Ышқыри –
«Жынға» бөгіп,
Быққандар:
«Кене-Тірлік»,
«Бүрге-Тұрмыс»,
«Бит-Қамдар»…
А ж а л
(«Гәуір»-Тілінде).
Вот,
Она:
Где…
«Собака» –
Зарыта…
(«Қазақшаға» –
ауысып»)
«Сбол-ш…»…

А қ ы н
Кілең –
«Нәндер»,
Ыңғай –
«Нөңдер»…
Зіл-Көрік!
Қайтіп,
Мұнша –
«Тұлғаланған»…
Кімге –
Еріп?!
А ж а л
«Подлецтер»…

А қ ы н
Ал,
Біз –
Кімбіз:
Құлмыз,
Күңбіз –
Ат-Көті,
Күнін кешкен –
Құрсауланып…
Күрмеліп!
А ж а л
«Маған»,
Не –
Қыл,
Дейсің,
«Сор-Маңдай»?!
«Мен»…
А қ ы н
Кімдер –
Бұлар?!
Бұрындары:
Не –
Істеген,
Бірге ме еді –
Тәуелсіздік-Көшпенен?!
…Бәрі-Бәрі:
Сана-Архивте –
Сақтаулы!
Түп-Түгелі:
Жадта –
Жазуы…
Өшпеген!
А ж а л
«Бұларың» –
Дұрыс,
Болған –
Екен,
Дегенменен…
А қ ы н
Бұ Дүниеге,
Кімдер –
Келіп-Кетпеген?!
Нелер –
Налып…
Нендей –
Жапа шекпеген?!
«Көппен бірге
Көрген Тойым ғой» –
Дер ем,
Ел басынан –
Мұндай Сұмдық
Өтпеген!
А ж а л
Жетер…
Жетер…
«Менің»,
Миым –
Қатып…
Кетті!
А қ ы н
Сұмдық!
Сұмдық!
Ұстатады –
Жағаңды:
Қорлау,
Зорлау,
Алдау,
Арбау –
Адамды!
Айналдырды –
Дөй-Зорына
Параның,
Сыбайластық –
Жайлап алған
Қоғамды!
А ж а л
«Мен»…
«Мен»…
«Мен»…
Нетіп…
…Тұншығып…
А қ ы н
Аяқ асты болған –
Ождан…
Зад-Намыс,
Көн-Талыс –
Тыс
Және
Тастай
Қатқан –
Іш…
Өз Мәнінде –
Өтпейтұғын:
Сьездер,
Референдумдар…
«Жалған» –
Сайлау,
«Жоқ» –
Дауыс…
А ж а л
Байғұс-тар-ай…
Ой,
Қайтейін…
А қ ы н
…Сорлы –
Басым,
Қайда барып –
Бақ табам?!
Кең-Байтағым –
Шұбырынды-
Ақтабан:
Туған Жерді –
Жағымпаздар
Жайлаған,
Өскен Елде –
Жандайшаптар
Қаптаған…
А ж а л
Шақыр!
Шақыр –
«Аруақтарыңды»?!
А қ ы н
Уа,
Қайдасың –
Жәнібегім,
Керейім?!
Абылай-Ханым…
…Дін-Мұхамед –
«Кедейім»?!
Аруақтардың –
Болмайды
Өлі-Тірісі,
Ал, Тыңдаңдар…
«Запыранымды» –
Төгейін!
А ж а л
Төк!
Шақыр!
Оң –
Айтасың:
Өлі-Тірісі –
Болмайды?!
Шақыр…
А қ ы н
Заманбегім…
Алтынбегім –
Қайдасың?!
Тасыр-Талыс –
Тамырын
Терең жаймасын!
Деген –
Халық:
«Мың Асқанға –
Бір Тосқан!»,
Білем,
Ұдай…
Мұны –
Бұлай…
Қоймасын!
А ж а л
«Өй-
Дөйт!» –
Дегенің…
А қ ы н
Білем!
Білем!
Білетінімді –
Біледі!
Білгеннен соң,
Езуімді –
Тіледі!
Тіледі де,
Қарқ-Қарқ –
Күледі…
Күледі –
Ол…
Қалғандары –
Үреді…
А ж а л
А,
«Құдай…»…

А қ ы н
Үріп –
Қоймай,
Түп-Етектен –
Алады,
Жар –
Балақтап,
Балтырымды –
Қабады!
Хан-Талапай:
Жабылады –
Нән-Жойқын,
Жан –
Алқымдап,
Қанды Ауызын –
Салады…
А ж а л (…«Ақынданып»)
«Хайуандар»!
«Иттер»!
«Шошқалар»!
«Маймылдар»!
«Бүргелер»!
«Биттер»!
«Сіркелер» –
Қаптаған…
Өңкей!
(Шабыттанып)
Енді,
«Осылармен» –
Болсын,
Менің –
«Ісім»?!
«Әзірет-Әлінің»,
«Ат-Ойынын» –
Көрсетемін,
«Мен» –
«Бұларға»,
Әлі де…
А қ ы н
Сосын,
Өлем…
Өлмегенде,
Нетемін?!
Түбіне –
Оның…
Өліп –
Барып…
Жетемін!
…Көрсетемін –
Заманауи
Нәлетке:
Кімнің –
Қалай…
Өлуі –
Керек екенін!
А ж а л
Әлбетте…
Әлбетте!
А қ ы н
Мені –
Құдай,
Мен –
Жырымды жараттым!
Жараттым да,
Жұртты –
Аузыма қараттым!
Мен –
Өлген соң:
«Жаратқаным» да –
Өле ме?!
Өлсе,
Онда,
Мен –
Намақұл…
Қарақпын!
А ж а л
«Жаратқаным» –
Деймісің…
А қ ы н
Мені –
Құдай жаратты,
Ал,
Мен –
Жырымды…
Оқымаса –
Қайтем:
Өңкей –
Жырынды…
Сығайласып –
Жең ұшынан
Жалғасқан,
Кіл –
Нөң-Тамақ,
Жанды Жара –
Іріңді!
А ж а л
…Надан!
Кеще…
Кілең!
А қ ы н
Еткен –
Тәрк,
Хақтың –
Ұлғат Есімін,
Ашпайды –
Олар,
Жыр-Ғибадат –
Есігін:
Қиянатта –
Тәубесіне келмейді,
Қияметте –
Сұрамайды Кешірім!
А ж а л
Қайдан…
А қ ы н
Кім –
Өлмейді?!
Күн –
Өлмейді…
Мәңгілік!
Өлу –
Адам Баласына –
Тән Ғұрып!
Мен –
Өлген соң:
Қайыр сұрап –
Жетім-Жыр,
Көше кезіп
Кетеді ме –
Қаңғырып?!

А ж а л
Бек,
Мүмкін,
Бек…
А қ ы н
Мен –
Өлген соң:
Мендейлер –
Жер жастанып,
Түгел –
Өліп бітсе…
Кім –
Ел басқарып,
Кім –
Халықты билеп,
Қамырша –
Илейді,
Жиған –
Дүние-Боқысына
Мастанып?!
А ж а л
«Одан»,
Қам –
Жеме…
А қ ы н
Ел деген –
Не?!
Апырым-ай…
Халық –
Кім?!
Ой Түбіне –
Сүңги-Сүңги…
Жалықтым!
…Билеуші –
Адам Баласы
Емес…
Оның да –
«Өлмейтінін»…
Енді,
Біліп,
Жаңа –
Ұқтым!
А ж а л
Әп,
Бәлем…
А қ ы н
Билеуші –
Адам Баласы
Емес,
Наласы!
Азаттығын –
Алған Ұлтқа,
Қарашы:
Жүрегіне –
Хайуани
Жүк артуда,
Күннен-Күнге –
Асқынып
Жан-Жарасы…
А ж а л
Енді,
Келдің –
«Келеге»!
А қ ы н
Тыным –
Таппай,
Кірпік –
Қақпай…
Мәңгірдім!
Көзімді –
Ілмей…
Меңіп…
Таңды –
Таңға ұрдым!
…Мен –
Өлгенмен,
Өзгермейді –
Ештеңе:
Ақын-Құным
Болмаған соң –
Мал ғұрлым!
А ж а л
Маған,
Не –
Қыл,
Дейсін,
Көкем-ау…
А қ ы н
Мені –
Қайтсін,
Керкеткенге –
Көнген Ел?!
Кезеңінен
Өтіп кетті –
Жөнделер!
Ұрғаны бар –
Ақыныңның
Енесін:
Адам Атын –
Ұмыт қылған
Пенделер!
А ж а л
Тек,
Сенің –
Емес:
Бар –
Ғалам,
Бүкіл –
Әлемнің,
«Қайғысы» –
Бұл…
А қ ы н
Мен –
Өлген соң:
Тіріледі –
Жырларым…
Ұғынады –
Ел,
Жырда:
Ғайып –
Нұр барын!
Жырым –
Нұрым,
Алтынымен –
Аптайды:
Маң-Даламның –
Ойлары мен
Қырларын!
А ж а л
«Алдыңнан» –
Жарылқасын:
«Дегеніңе» –
Жет…
А қ ы н
Нұрым –
Жырым:
Жалған –
Емес,
Жалқы –
Жыр!
Әр Жолында:
Халқымның –
Күн
Қалпы жүр!
Сақтай көрсін,
Қалыбынан –
Айнудан,
Айнығанның:
Алды –
Бүлік,
Арты –
Бүл…
А ж а л
Рас!
Бірақ…
А қ ы н
Менің –
Жырым:
Сенің –
Жырың…
Ел –
Жыры!
Жетім –
Жыры:
Жатқа –
Сатқан…
Жер –
Жыры!
…Құран –
Оқып
Отырғанда…
Шарт-Жүгініп,
Қарғыс Оғы –
Жалп еткізген:
Ер –
Жыры!
А ж а л
Ақиқат!
А қ ы н
…Жырым –
Ұлтымның:
Тал-Бесігін
Тербейді,
Көңіл –
Дертін,
Жан –
Жарасын емдейді…
…Саналысын:
Қорғап –
Пәле-Жаладан,
Санасызын:
Тезіне –
Салып…
Тергейді!
А ж а л
«Мұныңа»,
Дауым –
Жоқ…
Солайы –
Солай!
А қ ы н
Мен –
Өлген соң:
Аз-Оқырман –
Аһ ұрған,
Күй –
Кеше ме,
Ашу-Ыза –
Шақырған?!
Жаңа Алаңға –
Шығады ма,
Жатқа –
Айтып,
Жырларымды:
Арыстандай –
Ақырған!
А ж а л
«Қырылды» –
Ғой…
Шейіт –
Кетті…
Бәрі!
А қ ы н
Шықпайды ма?!
Шығармайды,
Шамасы…
Құл-Тобырдың
Жетпейтіндей –
Санасы…
…Үнсіз –
Өксіп,
Іштей –
Жылайтын…
Болар:
Бар-Баламның –
Барша…
Һауа-Анасы…
А ж а л
Мен –
Де…
«Ішімнен» –
Жылап…
…Қайтейін?!
Қалай –
Қылайын…
А қ ы н
Қайран,
Қазақ…
Енді,
Өзің –
Білесің:
Өкіріп,
Өксіп…
Жылаймысың?!
Күлесің!
Шімірікпей,
Жар салады –
Жаһанға:
Жебір –
Ашып,
Жемқорлыққа –
Күресін!
А ж а л
«Қазақ» –
Болмағаныма,
Шүкір!
А қ ы н
Тантығанда –
Ол:
Ес-Түсіңнен –
Танасың,
Топастанып,
Тіпті,
Есалаң –
Боласың!
«Өзіне –
Өзін,
Үш Мәртебе –
Атқызып»:
Өлікке артып
Құтылады –
Жаласын!
А ж а л
Дінсіз!
А қ ы н
Өмірі –
Ылас,
Көңілі –
Нас…
Кір-Неме,
Оранады –
Үлде менен Бүлдеге!
…Түйе жұтқан –
Бостандықта
Тайраңдап,
Түйме жұтқан –
Тұншығады
Түрмеде!
А ж а л
Ділсіз!
А қ ы н
Жазығым жоқ
Болса дағы –
Титтейін,
Сүмірейем –
Ине жұтқан
Иттейін:
Батар Күнге –
Жамандығын
жүктейім,
Атар Таңнан –
Жақсылығын
күтпейім…
А ж а л
Заманың –
Солай…
А қ ы н
Өй,
Қайтесің?!
Бәрін –
Айт та,
Бірін –
Айт!
Кедей-Кепшік,
Құл-Құтанның
Жырын –
Айт!
Түбі,
Тәңір атқан –
Біздер:
Құримыз!
Сұмдық
Жасап жатқан –
Олар:
Құрымайд!
А ж а л

Қоғамың –
Солай…
А қ ы н
Неге,
Олай?!
Неге,
Бұлай?!
А,
Құдай!
«Қыран» –
Қарғаның,
Сауысқаннан –
Сағын-ай?!
…Қиял Сұғы
Жетпейтұғын –
Ой-Тылсым:
Көкте –
Қайдам…
Жерде –
Әділет жоғын-ай?!
А ж а л
Адамың –
Солай…
А қ ы н
Мен –
Өлген соң:
Бәрі –
Жақсы болады!
Құлан –
Қағына,
Күн –
Тағына қонады!
…Қазақ –
Өлі-Ұйқысынан
Оянып,
Бостан-Елдің –
Бақ-Жұлдызы
Жанады…
А ж а л
Ил-ла-һи…
Солай –
Болсын!
Дейік?!
А қ ы н
Қас-Қағым –
Сәт…
Бар-Өмірім –
Қас-Қағым!
Зар-Тамұқтай –
Тарынуда
Аспаным!
Жер дегенім:
Жеп-Тышарға –
Жаялық…
Көз-Ашқаным –
Нахақ…
Нәжіс –
Басқаным!
А ж а л
Несін,
Айта –
Бересін?!
«Сені» –
Қой-ш…
«Мен» –
Де…
«Баса-
Баса»…
А қ ы н
Сөз –
Таппадым,
Басқашалап –
Теңеуге,
Сөз –
Түгілі,
Топырақ –
Тапшы…
Көмерге!
Солай…
Солай,
Жыр тыңдағыш –
«Бауырым»,
Соның үшін,
Мен –
Өлейін,
Сен –
Өлме!
А ж а л
«Айтқанын» –
Келсін…
(Өзіне-Өзі)
Не –
Деп,
Кеттім?!
А қ ы н
Мен –
Өлейін…
Ер-Кезегім –
Келгесін,
Ақын –
Ұлын…
Көр-Бесігім –
Тербесін?!
…Мен –
Өлген соң:
Кебініме –
Тұншығып…
Қам –
Қазағым…
Халқым –
Қоса өлмесін!
А ж а л
Солай –
Болғай…
А қ ы н
Демім –
Бітіп…
Келіп –
Кемел Кезіне,
«Шыққан Жаным» –
Енеді Өлең-Сөзіме:
Күн-Көзіндей –
Күллі Әлемді
Әлдилеп,
Айналады –
Мәңгіліктің
Өзіне!
А ж а л
«Шыққан-Жаным –
Енеді,
Өлең-Сөзіме» –
Ғажап!
Айтқан-ақ –
Екенсің,
Ғайыбым!
А қ ы н
Өлмей –
Жатып,
Жапаланып –
Қорынам,
Көз-Жасымның –
Еш Сұрауы
Жоғынан:
Қандай –
Қанжар сұғып,
Қанымды –
Ішеді…
Қалай –
Өлем
Және
Кімнің –
Қолынан?!
А ж а л
«Ол» –
Жағын,
Уайым –
Етпе…
А қ ы н
Кімдер –
Кәні?!
Мені –
Дарға асады?!
Кім –
Кәуәптап…
Кімдер –
Көрік басады?!
Кім –
Сауаптап…
Иманымды –
Үйіріп,
Кімдер –
Теріс бағып…
Тұра –
Қашады?!
А ж а л
(Өзін, ыңғайсыз сезініп)
«Ол» –
Жағын…
Да!
А қ ы н
Кім –
Өбектеп…
Мәйітімді –
Жерлейді?!
Кім –
Бөбектеп…
Табытымды –
Тербейді:
«Әлди,
Әлди…
Өлмейді –
Ақын…
Өлмейді!
Әлди,
Әлди…
Өлмейді –
Ақын…
Өлмейді…»
А ж а л
(Еріксіз – қосылып).
«Әлди,
Әлди…
Әлди,
Әлди…»
А қ ы н

Тамған Терім –
Рахатым-Азабым,
Алған Демім –
Ұжымағым-Тозағым:
Кімді болсын –
Жұтып қоя беретін,
Құм сияқты –
Халықсың ғой,
Қазағым.
А ж а л
Тек…
А қ ы н
Құрмет-лу…
Жазған –
Өлең-Жырларым:
Құдіретіңді –
Танып,
Құлдық –
Ұрғаным…
…Кәлимеге –
Келтіргенім
Тілімді
Һәм
Жүзімді –
Құбылаға
Бұрғаным:
…«Ағуз Білаһи мінашайтанірәжім
Бисми-л-лаһи-р-Рахмани-р-Рахим…
Құл һуа Аллаһу ахад
Аллаһу-с-самад
Лам йалид уа лам йулад
Уа лам йакун лаһун куфуан ахад
Субыхан рабина рабил ғизаты
Ғәмма
Асипун ослан мурсанин
Әлхамду лилаһи
рабби-л-аламин…»
Аумин!..
А ж а л
(«Сүреніп» – Әсерімен).
Аумин…
А қ ы н
(«Амалын» – жалғастырып).
«Мен –
Өлген соң…»
А ж а л
(Өзіне-Өзі – әзер-келіп).
Жә!
Жетер,
Айналайын!
Жетер!
…Ойбай-ау,
«Отауыңды» –
Сайламай,
«Қотауыңды» –
Сайлап…
«Мен –
Өлген соң…»,
«Мен –
Өлген соң» –
Дей,
Бергенің –
Нең!
…«Өліп» –
Алсаң-шы,
Алдымен!
А қ ы н
«Өліп»…
Өлу:
Қайда,
Қашар –
Дейсің,
Ажалым?!
Өмір –
Сүрмек
Яки
Өлмек…
А ж а л
Бопты!
Олай –
Болса,
Сайлан!
Мойын-Сұн:
Иманыңды –
Үйір!!
А қ ы н
«Биссимилла рахмани рахим…»
Сонда,
Қалай…
А ж а л
Былай…
Жаныңды –
Аламын…
А қ ы н
«Жаныңды» –
Деймісің…
А ж а л
Деймін!
А қ ы н
«Жан»:
«Менікі» –
Емес!
А ж а л
«Кімдікі»?!
А қ ы н
«Оныкі»!
(«Аян» – жаңғырығады…)
А ж а л
Онда,
Тәніңді…
А қ ы н
«Тән»:
«Менікі» –
Емес!
А ж а л
«Кімдікі»?!
А қ ы н
«Оныкі»!
А ж а л
Сонда,
«Сенікі» –
Не?!
А қ ы н
«Менікі»:
Жан менен
Тәннің –
Жеміті» –
Боқ!
«Аузын –
Буған,
«Бір –
Қап,
Боқ» –
Үшін,
Келіп…
Қыр-Соңымнан –
Қалмай,
Еріп…
«Хар-Хәл-Лә-Зи» –
Хәлде-Жүрсің,
Ажал,
Емек –
«Құлша»!
«Шаһид-Құмар» –
Болармысың,
Мұнша?!
…Немене,
«Мен –
Өлмесем…»:
«Қаза-Намаң» –
Қарап…
А ж а л (Тосылып…).

Мәс-Саған…
Керек –
Болса…
(Лажсыз, Шартсыз…
«Шаруасына» –
кірісіп…)
…Сенде –
«Жазық»,
Менде –
«Азық»…
Жоқ,
Ақыным…
Аллаһу-Әкбар…
«Әп»!!!
(«Ақын-Мүрде» –
«Тау-Құмалақтанып»,
«Баспалдақпен» – Домалап…
«Қазулы-Көрін» –
Қабады…)

А қ ы н-Д а у ы с
Ал,
Дүние…

«Түйінін» –
Шешер…
«Қиынның»,
«Уақытым» –
Келді:
«Мен»,
Сөйлеуден –
Тиылдым,
«Топырақ» –
Сөйлейді,
Енді…
(Қараңғылық…)

…15.03.2020

Пікір қалдыру