АЙ

Күннен кейінгі көзге алдымен шалынатын аспан денелерінің бірі –  Ай. Ай бізге (Жерге) ең жақын орналасқан аспан денесі. Ол – Жердің табиғи серігі. Ай Жерден 380-385 мың км-дей қашықтықта. Диаметрі жағынан Ай Жерден 4 есе, ал массасы жағынан 81 есе кіші. Ғалымдар түрлі тәсілдермен айға дейінгі қашықтықты сан рет анықтай отырып, бұл қашықтықтың 384 мың км екендігін дәлелдеді. Ай – жердің табиғи серігі. Ол біздің планетамызды айналып тұрады. Ай Жерге үнемі бір жақ бетімен көрінеді. Өйткені ол бір мезгіл ішінде Жерді және өзінің осін айналып шығады. Айдың жерді толық айналып шығуына бір ай уақыт керек. Ай бізге жарық болып көрінеді. Оның себебі, Айдың жерге қараған бетіне күннің сәулесі түсіп, жарықтың шағылысуы нәтижесінде Ай жарқырап көрінеді. Айда суда, ауа да, атмосфера да жоқ. Онда дыбыста болмайды. Бұл жағынан алғанда Ай – дыбыссыз, тым-тырыс, қараңғы дүние. Ол жарық пен жылуды Күннен алады. Айдың жылу өткізгіштігі аз. Сондықтан, оның қызуы (температурасы) әр уақыт тұрақты болады. Айдың Күн жақ бетінің қызуы 120-130°С, ал жылы көлеңке жақ бетінің қызуы 150-170 °С суық. Ғалымдар Айдың көзге көрінетін жағын жақсы зерттейді. Онда қоңыр түсті теңбілдер байқалады. Метеоридтер ұдайы соққылағандықтан Айдың беті тегіс емес. Онда ой-қырлар, шұңқырлар, кратерлер, таулар көп. Таулардың биіктігі 9 км-ге шейін барады. Қазаншұңқырлардың (кратерлердің) түбі тым терең. Сондықтан болар оларды астрономия ғылымында «теңіздер» деп атайды. Бізге Айдың қашан да бір жақ беті ғана көрініп тұрады. Ай Жер сияқты өз осінен айналады және Жерді айналады. Жерді бір рет айналу мерзімі – 27-29 тәулік. Жер Ай мен Күннің арасына дәл келген кезінде ай тұтылады. Ай фазасы әрдайым өзгеріп тұрады. Соған байланысты ол «жаңа туған ай», «ширек ай», «жарты ай», «толған ай» болып аталынады. Әр айдың 15-і кезінде Ай Күнге тура қарама-қарсы тұрады да, бізге толған ай болып көрінеді. Бұл кезде Күн де батады,  Ай туады (Ай да батады, таң да атады). 15-інде толған Ай одан кейін кеми береді. Кеміген сайын ол 50 минуттай кешеуілдеп туып отырады. Бара-бара Ай таусылып, «өліара» (ескі Ай мен жаңа Айдың аралық кезі) басталады да, ай көрінбей кетеді. Себебі, бұл кезеңде Ай Жер мен Күннің екі арасына келеді де, бізге оның қараңғы беті қарап тұрады.

С. СӘРСЕНОВА.




ПІКІР ЖАЗУ