Жер – Ана
Жеңілді де, ауырды да көтеріп,
Кеткен шығар жер ананың еті өліп.
Алты күнде Алла нұрын сыйлаған,
Қасиетіңе сенің қалай жетелік.
Ақ бесікте өстік қанша тербеліп,
Самайларға самалдарың жел беріп.
Кешірші Ана, қадіріңді біле алмай,
Кетіп жатса перзентіңнен пенделік.
Тіршіліктің бәрін түгел емізген,
Айналдым-ау, сол тектілік негізден.
Жұмақ мекен болғаннан соң адамға,
Құның артып тұрады әркез теңізден.
Қойыныңда таусылмайтын қазына,
Тоқ мейілсіп көрмеген көп , азына.
Сұлу мекен, табиғаты тамаша,
Айналды елдің сүйіп айтар сазына.
Қадіріңді бағаласақ, ұғынсақ,
Желбірейді барша әлемге тұлымшақ.
Мейірімің азаймайды-ау өзіңнің,
Пенделікпен біз өзіңнен суынсақ.
Жаратқанға өзің үшін мың алғыс,
Біз өзіңде әлі мың жыл тұрармыз.
Бойыңдағы ұлылық пен байлыққа,
Өмір бақи сүйікті Ана құмармыз
Көбелек ғұмыр
Алдыңнан соқса көп құйын,
Арыңнан артық жоқ бұйым.
Артыңда ұрпақ қалмаса,
Адамдық құның көк тиын.
Әйелді жүрсе ер елеп,
Оларға басқа не керек.
Гүлдерге бекер қонбайды,
Ғұмыры қысқа көбелек.
Бетінен қақпай ерінің,
Жаулап бір алса сенімін.
Өзіңе қарап балаңды,
Құрметтер еді келінің.
Атаның салтын мұра тұт,
Қыз ұзат, сыйлап құда күт.
Қарттықта арман болады
Жастықта кеткен уақыт.
Бақыт деп бәрі айтады ән,
Құрғайды білем ой тоған.
Бүгінгі сұлу сәттерің,
Келмейді ертең қайтадан.
Көбелек ғұмыр көп жанның,
Ойларын гүлмен ораған.
Парасат ғана адамды
Аяздан қорғайды бораған.
Менің елім
Армандары жататын әнге айналып,
Қазақ деген ақ ұлпа қардай халық.
Сезімдері серіні селт еткізіп,
Әндеріне жатады ел қанбай қалып.
Ерлігі бар томдарға сыймайтұғын,
Өрлігі бар өлімнен сынбайтұғын.
Ат үстінде найзамен жауын түйреп,
Күнде өзін біліммен шыңдайтұғын.
Жандары бар барша әлем силайтұғын,
Таңдары бар жұмаққа қимайтұғын.
Қазақтар ғана шығар бар әлемде,
Бар байлығын қонаққа жинайтұғын.
Айласы жоқ біреуді алдайтұғын,
Қайласы көп, өзекті жалғайтұғын.
Төресі бар, төрі бар, тегі мықты ел,
Тегін бір зат ешкімнен алмайтұғын.
Ұраны бар әлемді шарлайтұғын,
Ұланы бар ұлы істі жалғайтұғын.
Ұрпағы бар білімнен, ғылымнан да,
Ешбір елден екі елі қалмайтұғын.
Мәрт елміз, айтқанынан танбайтұғын,
Еңбексіз бақ жұлдызы жанбайтұғын.
Жомарт елміз беруден елден озып,
Шақырусыз еш жерге бармайтұғын.
Шарықпыз, шалғыларды шыңдайтұғын,
Алыппыз, жөнсіз мойын бұрмайтұғын.
Ұлылардың ұлдары келеді өсіп,
Ұстазын патшасындай тыңдайтұғын.
Халықтың абыройы патшасында,
Ғаріптің ажалдары тап қасында.
Елі аманның жері аман, бейбіт күн боп,
Жүгірсін ботақандар от басында.
АТ АРБА
Алғашмінгенкөлігімғойат арба,
Солат арба қостыменіқатарға.
Қосбожынытеңұстадепайтатын,
Әкеммарқұмшыққанкездесапарға.
Секілденіпдомбыраныңшанағы,
Доңғалағыдүңгірлеткендаланы.
Аналарым арба үстінде сан мәрте,
Қыңқетпестентабасалғанбаланы.
Солдауыстарсекілдіедіасқақүн,
Солдауыстарменіарманғабастадың.
Малдыауылдаеңалғашқытыңдаған,
Солдоңғалақ, музыкалықаспабым.
Желденбасқа сыр айтадыкіммаған,
Түрлі-түрліәуенбердітыңдалам.
Әкемнің де еңалғашқыәуенін,
Солат арба үстінде мен тыңдағам.
Дала қандай болсадағы тайғанақ,
Түнде сыртқа шығатынбыз ай қарап.
Өлең сырын өмір сырын үйрендік,
Арба үстінде шөпті жүріп жаймалап.
Қазанатжоқ, малды ауылдың атынан,
Зауыт заты төмен оның затынан.
Қазағымның ат арбасы мен үшін,
Болған екен ең алғашқы сахнам.
Ат арбаменасырағанхалықты,
Бабаларым, сүйген ойын сауықты.
Бізді көрген өзге елдің өкілі,
Бізге қарап поезд жасап алыпты.
Тобындамын бүгінде сол өнердің,
Сол өнермен, сол арбамен көгердім.
Тең ұстаумен қос божыны келемін,
Бұйырғанын арман қарай көрермін.
Ұлыммен сырласу
Бізде қалқам басқаша еді бәрі де,
Жүгінбеген ауырса да дәріге.
Балаларды жұмсап әбден жұмысқа,
Құрметпенен қараушы еді кәріге.
Бізде қалқам еш өкпелеу болмаған,
Маңайыңның бәрі күлкі,толған ән.
Әйелдерін тыңдамаған еркекпен,
Елімізде егемендік орнаған.
Жол болмаған несие мен қарызға,
Қол жетпеген балмұздақ пен сағызға.
Дәл осындай әңгімелер,ал бүгін,
Айналды ғой ел естімес аңызға.
Жалаң аяқ батпақ кешіп,су кешіп,
Қыр самалы маңдайлардан тұрды есіп.
Тамырымыз табиғатта болған соң,
Маңдайымнан қашқан емес бір несіп.
Қолмен ашып бұлағыңды, тұмаңды,
Шырқағанбыз елім үшін ұлы әнді.
Бұрынғының адамы да,заты да,
Ұнамды да, шыдамды ғой шыдамды.
Жұмыспенен ұққан өмір ретін,
Епсіздерге шикіөкпе деп күлетін.
Аяқ киім алып берсе ата-анаң,
Сенен кейін барлық інің киетін.
Бала өретін шаңырақтан ондаған,
Қараша үйде,қараша айда тоңбаған.
Бүгінгі күн әлсіреп тұр бұл қоғам,
Бәрінен де қайғы боп тұр сол маған.
Білімі де ,ғылымы да мықты еді,
Коммунизм болған мәңгі күткені.
Өткен күннің бәрі бақыт екен деп,
Бұл өмірге кім қояды нүктені.
Міне осылай қалқам менің заманым,
Тылсым сырын танып өстім даланың.
Әр заманның өз қызығы өзінде,
Өмірлерің жарқын болсын қарағым…