Author: Juldyz-1
ТҮРКИЯДАҒЫ ТАРИХИ ЖЕРЛЕР
Түркия – әлемдегі туризмі озық дамыған алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Қалаларының әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Бірі тарихи жерлерімен мақтанса, енді біреулері шетелдіктерді ұлттық ...10.05.2023, 15:28ӘКЕ
Әкемді ойласам, заңғар Алтай көз алдыма келеді: басын аппақ қырау шалып, сақалын салалап тарап тұрғандай, көздерін тастап алысқа, жолыма қарап тұрғандай, сәлем ...10.05.2023, 01:38Антальяда GSTC тұрақты туризм конференциясы өтеді
Түркия биыл алғаш рет GSTC тұрақты туризм конференциясын өткізуге дайындалуда. Конференция елдің туризм астанасы – Анталияда 2023 жылдың 9-12 мамырында ұйымдастырылады. Тұрақты ...09.05.2023, 18:58Анталиядағы Финике ауданы Cittaslow тізіміне енді
Анталияның тарихи ауданы Финике табиғи сұлулығымен, дәмі тіл үйіретін тағамдарымен және тіршілік ағысының баяулығымен Халықаралық Gittaslow қауымдастығының назарына ілікті. Аталған ұйымның мәлімдеуінше, ...09.05.2023, 18:56ЕРТЕ СӨНГЕН ЖҰЛДЫЗ
Солтүстік Қазақстанды әдебиеттің әлдилеген тал бесігі деп танысақ, тарихты саралай алғанымыз. Өмірі қыршыннан қиылған дарындарымыз өте көп. Атына өзінің туған ауылы ...09.05.2023, 18:30АСЫЛ АҒАЛАРЫМ
Нұрмұхан ЖАНТӨРИН Менің есіме сонау, 1983 жылдың шілде айында Ленгер қаласына творчестволық іс сапармен келіп, аудан жұртшылығымен кездесу кештерін өткізген Қазақстанның халық ...09.05.2023, 18:30100 игі іс: Halyk мұқтаждығы бар елордатұрғындарының үйіне газ жүргізеді
Астана және Halyk әкімдігі «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарындағы 100 жеке үйді тегін газдандыру туралы Меморандумға қол қойды. Газдандыру халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтары (ХӘОТ) санатындағы азаматтардың тұрғынүйлеріне, олардың арасында жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға жүргізіледі. Жалпы бюджеті 230 млн теңгені газдандыру жобасы Halyk-тың 100 жылдығына арналған «100 игі іс» ауқымды науқаны аясында іске асырылуда. 2023 жылы Halyk Bank қаражаты есебінен мұқтаждығы бар отбасыларға 230-ға жуық тұрғынүйі – Астанадағы 100 үйді және Алматы қаласының Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында тұратын 130 үйді газға толықтай қосу үшін қаржыландыру жоспарлануда. «Астанада «Алматы» және «Сарыарқа» аудандары газбен толық қамтамасыз етілген. Бұл шамамен – 12 мың отбасы. Оның ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылды. Үйлерді газға қосу шығындарын азайту үшін үлкен жүйелі жұмыс жүргізудеміз: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделген, сондай-аққұны 150 мың теңгеге жуық есептеу аспаптары тегін беріледі. Бұрын банкпен пайызсыз несиелеу бағдарламасы іске қосылған болатын. Енді Halyk-пен елордадағы 100 үйдітегін газдандыру жобасын іске асыруға кірісеміз. Қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерін, кварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек. Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі ХӘОТ санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін ұсынды. Оларға материалдық жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді. Банк Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, Halyk бірнеше жыл бойы газдандыру мәселесін шешуге өз ресурстарын салуда: «Біз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін – банктік қызметтерін жетілдіру арқылы да, бүкіл республика бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы да үнемі жұмыс істеп келеміз. 2021 жылы банк Алматыда жалпы сомасы 92 млн теңгеге 100 жеке үйді толықтай газдандыруды қаржыландырды, сондай-ақ тұрғын үйлерге газ жүргізуге жеңілдікпен несие берудің жеке бағдарламасын іске қосты. Газдандыру жобасын жалғастыра және кеңейте отырып, біз бірден екі міндетті – отандастарымыздың неғұрлым осал топтарына көмектесуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға барынша үлес қосуға тырысамыз». Қазақстанның барлық аймақтары үшін газдандыру мәселесіөзекті күйінде қалып отыр. Жыл басында Үкіметотырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мемлекет басшысының елдегі газдандыру деңгейін 60 пайызғажеткізу туралы тапсырмасын еске салды. Ол үшін 11,8 миллионнан астам тұрғыны бар 1800-ден астам елді мекен газдандырылуы тиіс. Банк мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың бірлескен және жан-жақты күш-жігері қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оң өзгерістерге әкелетініне сенімді.08.05.2023, 15:16Түрік асханасындағы өсімдіктер дәмді әрі пайдалы
ТҮРКИЯНЫҢ БАҚЫТ ЖАҒАЛАУЫ ҚОНАҚТАРДЫ ТЫНЫШ ПЕЙЗАЖЫ МЕН АТМОСФЕРАСЫМЕН, ДӘМДІ ЗӘЙТҮН МАЙЫМЕН, ШАРАП ЖАСАУ ӨНЕРІНІҢ БАЙ МҰРАСЫМЕН ЖӘНЕ КӨКӨНІСТЕР ҚОСЫЛҒАН АСПАЗДЫҚ МӘДЕНИЕТІМЕН ҚАРСЫ ...07.05.2023, 18:52ХАҚ және ЖАЛҒЫЗ
(Жалғасы. Басы өткен санда) Шариғат: Ойланбай илан – десе, Мен: Илану үшін ойлаймын. Абай. Екінші тарау: СЕГІ3 СИФАТ, БІР СЫР I.1. Жар ...05.05.2023, 18:02АЛМАТЫДА БІРІНШІ НЕОНАТАЛЬДЫ МЕДБИКЕЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР
Алматы қаласында Қазақстандағы перинаталдық орталықтар мен перзентханалардажұмыс істейтін медбикелердің бірінші Халықаралық форумы басталды. Іс–шараның мақсаты – реанимация және қарқындытерапия бөлімшелерінде нәрестелерді құтқару мен күтуде ортамедицина персоналының ерекше және өте маңызды рөліне назар аудару. Бұл мейірбикенің имиджін арттыруға, күтім сапасын жақсартуға және бала өлімін азайтуға ықпал етеді. Неонаталдық медбикелердің халықаралық форумына Қазақстан, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан және Израильден келген 200-ден астам мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың қызметкерлері шақырылды. Оны “AYALA” қайырымдылық қоры серіктесі – «Шеврон» компаниясының қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мен Қазақстан акушер–гинекологтары мен неонатологтары конгресінің бастамасымен ұйымдастырды. Бұл Қазақстандағы ортамедициналық персонал үшін өткізілетін осындай деңгейдегі және ауқымдағы алғашқы кәсіби іс–шара. «Денсаулық сақтау министрлігі неонатологияға маманданған орта медицина персоналының кәсіби құзыреттілігінің тұрақты өсуі мен дамуын қолдайды және ынталандырады. Жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтап қалу кезіндегі орасан зор физикалық және моральдық жүктеме нақ осыларға түседі. Форум алаңы Алматыда Қазақстан мен әлемнің басқа да елдерінің тәжірибе жылдары жинақтаған бірегей білімдерімен әріптестерімен бөлісуге дайын үздік мамандарын жинады. Бұл форумдақарқынды ақпарат алмасу еліміздегі неонаталдық қызметсапасын одан әрі арттыру мен жетілдірудің тамаша құралыболатынына сенімдімін», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Хамитқызы Ембергенова. Екі күн бойы бірінші Неонаталдық медбикелердіңхалықаралық форумының спикерлері медициналық күтімге байланысты жаңа туған нәрестелерде инфекциялардың алдын алу, неонаталдық бөлімшелерде күтім сапасын жақсарту, жаңатуған нәрестені аспаптық зерттеулерге дайындау, жаңа туған нәрестелердің витальдық функцияларының жай–күйіне мониторинг жүргізу, неонатология бөлімшелерінде ортамедицина персоналының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері сияқты бағыттарда практикалық тәжірибемен бөлісетін болады. Конференцияның шетелдік қонақтары нәрестелер өлімі мен мүгедектік деңгейінің төмендеуіне байланысты өз елдерініңнеонаталдық қызметтерінің ерекшеліктері мен жетістіктері туралы айтып береді. «Қазақстанның перинаталдық орталықтары мен перзентханаларындағы орта медицина персоналына түсетін жүктемеге өте үлкен. Қазіргі уақытта реанимация немесе қарқынды терапия бөлімшесіндегі бір неонаталды медбикеге 6 жаңа туған нәресте келеді. Салыстыру үшін Еуропалық одақ елдерінде бұл көрсеткіш бір медбикеге бір жаңа туған нәрестеге тең. Бұл үлкен физикалық және эмоциялық күштену ел үшін маңызды сәбилер өлімі мен мүгедектігі деңгейіне тікелей әсер етеді. Нәресте өлімінің деңгейімен елімізде барлығы салыстырмалы ...05.05.2023, 11:36
Соңғы мақалалар
-
Картада жоқ ауыл
30.04.2025, 13:02 -
Миллион доллар
30.04.2025, 12:51 -
Мағзұмның үйі
30.04.2025, 12:37 -
Қадырғали Көбентай: Қырсықтық мінез емес – қарсылық
30.04.2025, 12:26 -
Айдан түскен адамдай
30.04.2025, 12:16 -
Ұзын ата
30.04.2025, 12:06
Журнал туралы
Журнал Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және
мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2011 жылғы 21 қарашада № 12121-Ж куәлiгi берiлген.
Меншік иесі: «Қазақстан Жазушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (Алматы қаласы)
Бізбен байланыс
Редакция мекен-жайы: 050000 Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105-үй, 1-қабат, 2-кеңсе
Байланыс телефондары: 8 727 272 59 44,
8 727 261 65 74, 8 705 214 50 50, 8 777 971 57 67
Email: juldyz_kz@mail.ru