Қазақтың ақыны, шешеннің батыры…

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Шешенстанның халық батыры, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Түркі әлеміне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының және Махамбет атындағы сыйлықтың иегері Рафаэль Ниязбеков өзінің шығармашылығы мен аңызға бергісіз өмірі арқылы қазақ қауымының жүрегінен орын алған тұлға. Бүгін ақынның жары, отбасының тірегі мен ошағының иесі болған Гүлжан Мұхамадиевамен арадағы сұхбатты...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Роза Оразалинова: Қазір бәрі көрген түстей

Бүгінгі қазақы қоғамға ертедегі билер сөзін алып келіп, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын өзгеше өрнектеген этнограф-жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Жанат Ахмадидың дүниеден өткеніне де бір жылдан асыпты. Қаламгердің туғанына 80 жыл толу қарсаңында біз Жәкеңнін жары – Роза Оразалиноваға жолығып, отбасылық өмірі мен шығармашылығы жайлы аз-кем әңгімелескен...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сәуле САМАЕВА: ҚАБДЕШ ӨЗІНЕ ЖҮКТЕЛГЕН ПАРЫЗДЫҢ БӘРІН ӨТЕП КЕТТІ

– Қазақ әдебиетінің классигі Қабдеш Жұмаділов ағамыздың көзін көрдік. Жақсы таныс-біліс болдық. Шығармаларымен ғана емес, тағдыр-талайымен де жақсы таныспыз. Мінез-құлқын да бір кісідей білеміз. Бетті, өжет, өр, батыл, батыр адам еді, марқұм. Кімге болсын ойын күлбілтелемей ашық айтатын. Айтарын айтып, жазарын жазып кетті ғой! Ағамыздың жазушылық ғұмырын, жазған шығармаларын бәріміз...

ТОЛЫҒЫРАҚ