КҮН

Күн жүйесіндегі (Күн және Күнді айналатын планеталар) ең басты аспан денесі – Күн. Күн – көп жұлдыздардың бірі, бірақ басқа жұлдыздарға қарағанда, бізге ең жақын тұрады. Сондықтан да жұлдыздардан үлкен болып көрінеді. Күн бетінің температурасы 6000°-қа жуық. Ал оның ішкі температурасы одан бірнеше есе артық. Ғалымдардың есептеуі бойынша, Күннің ішкі температурасы – 20 миллион градус. Ол барлық басқа ғаламшарларға жылу және жарық береді. Күн өзінен орасан көп жылу тартады. Күннен бөлінген жылудың бір бөлігі біз тұрған планетаға – Жерге келіп түседі. Оның жарығы мен жылуы болмаса, бірде бір тіршілік болмаған болар еді. Күн сәулесі – Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар көзі, яғни Жерде болатын барлық энергияның көзі. Күнге жай көзбен қарау мүмкін емес. Ғалымдар Күннің бетін телескоп деп аталатын құралмен зерттейді. Оның қасиетін және құрылысындағы кейбір белгісіз ерекшеліктерін біліп отырады.

Күн Жерден 333 мың есе үлкен және ол барлық ғаламшарлардың (олардың саны – 9) жиынтық массасынан 750 еседей көп. Бірақ бізге Күн мен Айдың үлкендігі бірдей сияқты көрінеді. Оның себебі –  Күн Айдан 149 миллион 616 мың, ал Жерден 150 миллион км қашықтықта.

Күн бір жыл ішінде аспан әлемін бір айналып шығады. Сонымен бірге, ол өз осінде тағы айналады. Оның өз осін толық бір айналуына 25 тәулік кетеді. Ғалымдардың айтуынша, Күн – көп жұлдыздардың бірі. Бірақ басқа жұлдыздарға қарағанда ол бізге ең жақын тұрған дене. Сондықтан Күн үлкен, әрі ыстық болып көрінеді.

С СӘРСЕНОВА




ПІКІР ЖАЗУ