Сәбит Досанов. ЖИЫРМА БІРІНШІ ҒАСЫР

СӘБИТ ДОСАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ЛАУРЕАТЫ

ЖИЫРМА БІРІНШІ ҒАСЫР
Роман-эпопеяның бірінші кітабынан үзінді

(Жалғасы. Басы өткен санда)

Сүліктей қара «Лексус» тақтайдай жолмен құс ұшып келеді. Жүргізушімен қатар отырған ол жолда қызыл жигулиге көзі түсті. Машинаның жанында шашы желмен желбіреген ақ көйлекті ару жанында бұйрабас бозбала. Желмен жарысқан жеңіл көліктің астына түсіп кетердей болып, ентелей алға ұмтылған екеуі бірдей жоғары көтерген қолдарын ербеңдеп «тоқта» деген белгі берді. Ентелеп ұмтылған екеуін қағып кетуден қауіптенген жүргізуші жылдамдықты сәл азайтып, машинаны солға қарай бұрыңқырап қол көтерген екеудің тұсынан зу етіп өте шықты.
– Тоқта! – деп бұйырды жүргізушімен қатар отырған жылтыр қара жанары жарқ етіп.
Жылдамдығын баяулатқан «Лексус» ақырын сырғып келіп тоқтай қалды. Екі өкпесін қолына ұстап, шашы жалбыраған ақ көйлекті ару да жетті сол сәт ентігіп.
Ағатай, ала кетіңізші, – деді алдыңғы орында отырған жылтыр қараға жаутаңдай қарап асыға сөйлеген ақ көйлекті ару.
– Қайда барасың?
– Әуежайға.
– Отыр.
– Рахмет, аға! Бұл жақсылығыңызды век не забуду.
– Қайда асықтың қалқам? – деді жылтыр қара қырындай отырып, артқа мойынын бұрып.
– Астанаға ұшуым керек.
– Қай рейспен?
– Алты жүз он жетінші.
– О, онда тіпті жақсы, мен де сол рейске асығып келемін.
– Үлгереміз бе?
– Үлгереміз.
Екеуі әуежайға кіре бергенде: «Астанаға алты жүз он жетінші рейспен ұшатын ұшаққа отырғызу аяқталды» деп хабарлады күңгірлеп, күреңітеп шыққан әйел даусы. Екеуі қол ұстаса жүгіріп ұшқалы тұрған ұшаққа әрең ілікті.
– Танысып отырайық, атың кім, қалқам? – деді Айдын ұшақ аспанға көтерілген соң сол жағында отырған ақ көйлекті аруға мойынын бұрып.
– Ұлпан.
– Қайда тұрасың?
– Астанада.
– Мамандығың қандай?
– Дәрігер.
– Қайда істейсің?
– Екінші горбольницада.
– Таныспай жатып прокурор құсап тергеді деп айып етпе, қалқам. Бір көрген біліс, екі көрген таныс деген.
– Ешқандай айыбы жоқ.
– Менің есімім – Айдын. Алматыда тұрамын. Кәсіпкермін.
– Астанада қанша боласыз?
– Оны жұмыстың бітуі біледі.
– Шамамен.
– Кем төрт-бес күн.
– Астанаға келуіңмен, қалқам, – деді Айдын ұшақ доңғалағы жерге тигенде жылы жүзбен жадырай сөйлеп.
– Рахмет, аға.
– Барар жеріңе жеткізіп салуға бола ма?
– Рахмет! Мені күтіп алады.
– Менің қоштасқым келмейді.
– Олай болса уақытыңыз болғанда хабарласыңыз.
– Менің телефон номерім.
– Сол номерді мында жазшы, қалқам.
Ұлпан Айдын ұсынған «Айфонға» өзінің телефон номері мен атын жазып, Айдынға ұсынды. – Хабарласасыз ғой.
– Хабарласпай қойсам қайтесің? – деді Айдын қулана күлімсіреп.
– Еркіңіз білсін.
– Әзіл ғой, Ұлпанжан, – деді Айдын жұмсақ жымиып. – Бүгін кеш болып кетті. Қарсы болмасаң ертең телефон шаламын.
– Сіздей жақсы ағаға қарсылық жоқ.
– Жақсы екенімді қайдан білдің?
– Мана көшеде көзім көгеріп тұрғанда қаншама көлік өтті. Біреуі тоқтамады. Сіз қайырымды екенсіз, аға. Қайырымдылықтан асқан қасиет жоқ. Жақсы сау болыңыз.
– Көріскенше, қалқам.
* * *
Өмірге асығып жеті айлығында келген Данияр туа аурушаң болды. Өзге ауруларын айтпағанда үш жасқа дейін бидайдың үлкендегіндей ірің аралас қоңыр қотыр кетпей қойды. Оның қатты қышитын болу керек қолы сәл босаса қасып денесін қанататын. Сол себепті қоларбада жатқан Даниярдың қолынан ұстап отырады Айгүл. Ерасыл тербетіп тұрып:
Данияр деген бала ғой,
Ақылға диқан дана ғой.
Айтқан тілді ала ғой,
Президент бола ғой, –
деп әндетеді. «Даниярдың денесінің қатты қышитыны ол ана құрсағында болғанда анасының әртүрлі дәрілерді жиі ішкеннен» деді дәрігерлер.
Періште сынды сәбидің бәрі сүйкімді ғой. Ерасыл мен Айгүлдің маздаған махаббатынан жаралған, текті тұқымның қанынан, ананың ақ сүтінен нәр алған Данияр сүйкімділігіне қоса өте ақылды, сезімтал, ерекше алғыр болып өсті. Тілі толық шыға қоймаған екі жасар кезінде өзіне қажеттілерді ымдап, қимылмен көрсетіп сұрайтын. Кейбір сөздерді бұзып айтса да өз ойын түсіндіруге тырысатын. Ет дегенді «ек», келе жатырмын дегенді «қазалатырмын», бара жатырмын дегенді «базалатырмын» айтушы еді. Атың кім десе Данияр дегенді айту қиын болғандықтан «Дәндән» дейтін.
Ол ешкім үйретпей-ақ күтуші қыздан, үлкендерден сұрап, төрт жасында әріптерді құрастырып сөз жазуды үйренді. Мыңға дейін жаңылмай жаттап алды.
Мен торғаймын, торғаймын.
Суық та тоңбаймын.
Құрт, құмырсқа, шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын, –
деп әндетіп жүрді үйде.
Данияр бес жасынан бастап ән айта бастады.
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп, –
деп терең тебіреніп ән айтқанда тыңдаған жанның жүрегі шымырлап кететін.
Даниярдың әнін әлемге әйгілі әнші Ермек Серкебаевта, музыка зерттеуші, сазгер Илья Жақанов та тыңдады. «Мынау неткен құдіретті дауыс, неткен талант!» деп тамсанды Серкебаев. «Бұл бала жіңішке үн колоротурнай сапронадан жуан дауыс басқа дейін айта алады екен. Бұл өнер әлеміндегі ерекше құбылыс!» деп таңданды Жақанов.
Данияр екі айдай ән айтып жүрді де, бір күні сурет сала бастады. Оның «Космос» деген суретін көрген халық суретшісі Қанапия Телжанов: «Бұл бала сурет өнерінің бағына туған» деп бағалады. Суретті бір ай салды, сосын өлең жазуға көшті.
Аурудың жарып өтіп нар қамысын,
Боламын жол бастаған жолбарысың.
Отызымда орда бұзып, қырқымда қамал алам,
Аянбай еңбек етем ел қамы үшін, –
деп жазған өлеңін әкесі Ерасыл мен анасы Айгүл оның дәптерінен оқыды.
Ерасыл Даниярдың соңғы кездері жазған біраз өлеңін Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырзалиевке жіберді. Даниярдың өлеңдерін оқи салып екеуі телефон шалды.
– Ерасыл, мына өлеңдерді жазған кім?
– Асқар Алтынбаев деген бала.
– Ерасыл ойланбастан Алла аузына салған атты айта салды.
– Жасы қаншада?
– Он екі жаста.
– Қайда тұрады?
– Елде, Қарағандының Қарқаралысында.
– Мынау болайын деп тұрған бала ғой.
– Бала емес, дана.
– Он екі жасында мынандай жыр жазу деген әдебиет әлемінде сирек оқиға.
– Қазақ жырының болашақ жұлдызы бұл бала!
– Құбылыс десеңші, құбылыс бұл!
Өмірі өтірік айтып көрмеген Ерасыл өзінен өзі қысылып, осы әңгімеден екі күн өткесін шынын айтып, ақын ағаларынан кешірім сұрады. Өзін жолбарысқа теңеп, ауруымды да жеңемін деп жыр жазған Даниярдың бес жаста екенін білетін олар онан сайын таңқалып, таңданумен болды….

* * *
Айдын ұшақтан түсе сала Ұлпанға телефон шалды.
– Қайырлы кеш! Қайдасыз?
– Астанадамын.
– Қашан келдіңіз?
– Ұшақтан түскенім жаңа.
– Қалайсың, қалқам, көңіл-күйің жақсы ма?
– Рахмет, жақсы.
– Жақсы деу жарамайды.
– Неге?
– Сендей ғасырда бір-ақ туатын, сыры терең, сымбаты бөлек арудың көңілі өте жақсы болуы керек!
– Рахмет, аға! Көңілімді көтеріп тастадыңыз.
– Сені сағынып кеттім, келсем бола ма?
– Қашан?
– Тап қазір.
– Келіңіз, – деді төрт қабырғаға қамалып, жападан жалғыз отырған Ұлпан.
– Адрес қалай, ботам?
– Абай мен Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысында «Жаннұр» дейтін супермаркет бар. Соған жалғас тұрған ғимарат «Афганский дом» деп аталады. Сол үйде тұрамын.
– Ауған соғысына қатынасқан әскерилер салған үй ғой.
– Иә, сол үй. «Жаннұр» жақтан санағанда үшінші подъезд, бесінші қабат, сексен тоғызыншы пәтер.
Ұлпан жуы нып-шайынып, боянып болғанда Айдын да жетті.
– Қош келдіңіз, – деді есікті айқара ашқан Ұлпан көзі күлімдеп.
– Қош көрдік, – деді Айдын жеті тал роза гүлін Ұлпанға ұсынып жатып.
– О, қандай керемет, гүл, – деді Ұлпан. – Рахмет, аға!
Ұлпанның пәтері екі бөлме екен. Ұлпан қонақ бөлмеге дастархан жайды.
– Дәм алыңыз, – деді Ұлпан жұмсақ жымиып, бүгінше үйдегі бар асқа қанағат етесіз. Ертең қонағасы беремін.
– Оған әуре болма, ботам.
– Әуре емес, сыйға сый. Әркім сыйлағанның құлы. Әнеукүні Сіз опера театрына да, ресторанға да апардыңыз.
– Сол да сөз болып па? Сендей өзі ақылды, өзі сұлу аруға қандай құрмет көрсетсем де артық емес. Әттең, алыстасың, жанымда болсаң алақанға салып, аялап жүрер ем.
– Рахмет, ағажан.
– Сені бір көргеннің өзі қандай!
– Мынаның қайсын ішеміз, – деді дастархандағы бөтелкелерді иегімен нұсқап аппақ жүзіне қызғылт нұр ойнап шыға келген Ұлпан. Ақты ашайын ба, вискиді ме?
– Ұлы Отан соғысында майданнан шаршап келген жігіттер біраз уақыт ащы сумен көңіл көтерген ғой, – деп бастады Айдын әңгімесін. – Қайда барып ішеміз дегенде – бұлар құрдастар. Құрдастың қалжыңы әрі тәтті, әрі қатты. Осы жолы ресторанға ақшаны сен төлейсің депті.
– Жарайды деп келісе кетеді Садықбек Адамбеков. Бұлар біраз ішкесін қыза бастайды. Сол кезде Садықбек мен үйге барып ақша алып келейін деп шығып кетеді. Сосын Жұбанның үйіне барып Софияға Жұбан есіктің шетінде тұр. Мені ақша алып кел деп жұмсады деп алдап кетіпті.
Сонда ақын Сырбай Мәуленов соғыста жартылай бүгіліп қалған төрт саусағымен бетін бір тырнап алып, күндей күркіреген даусымен:
Ең дұрысы Алматының вокзалы, қайқаң қағып қарсы алар жуан бөксе завзалы депті: ішімдікті көтере алмайтын сатирик жазушы Садықбек Адамбеков портфейінге тапсырыс берген екен, ақын Хамит Ерғалиев «Бұл пәлеңді тарт кейін» депті. Сонда Сырбай: «Неде болса ақ ішейік, бірақ сақ ішейік» епті. Біз олар құсап сөз жарыстырмаймыз. Сен қайсысын қаласаң, соны ішеміз. Сен су ішсең су, у ішсең у ішемін.
– Вискиді ашайын.
– Сол дұрыс ботам!
– О, ұмытып барады екенмін. Саған арнап алған азғантай сыйлығым бар еді, – деп орнынан тұрған Айдын күрең дипломатты ашып Ұлпанға «Айфон» ұсынды.
– Рахмет, ағажан. Мынау көптен бері алсам деп жүрген телефон еді, менің ойымды қалай тап басқансыз.
– Сезім шіркін сезеді ғой. Рахмет ботам!
– Мынау қызық болды ғой, – деді Ұлпан қасын керіп. Рахметті сыйлық берген Сіз емес, алған мен айтуым керек қой.
– Ылайым осындай қызықтар көп болсын!
– Әңгіме айта отыр, ботам, – деді Айдын.
– Не жайлы?
– Махаббат жайлы. Сүйгенің кім?
– Біз де бала болғанбыз дегендей біз де сүйіп көргенбіз. Бірге оқыған Жұмаділ атты бір жігіт өлердей ғашық болған маған. Әсіре қызыл тез оңар деген жану қандай тез болса сөнуі де сондай тез болды. Алты ай жүріп дегеніне жеткен соң тайып тұрды. Содан кейін жігіт атаулыны жек көріп кеттім. Еркек көрсем кірпідей жиырылатын бір әдет пайда болды. Содан бері жаныма ешкімді жолатпаушы едім. Сізбен осымен төртінші рет жүздесіп отырмын.
– Солай ма?
– Иә, солай. Бірінші рет Достық пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы гүл сататын дүңгершекте көрдім сізді.
– Екінші рет автобус аялдамасында тұрдық, Абай мен Әуезов даңғылының бойында. Мезгіл мамыр айының аяқ шені еді. Жаңбыр жауып тұр. Көшеге көйлекшең шыққан мен тоңып кеттім. Қолшатырым да жоқ еді. Сіз кел, қалқам, – деп мына бауырыңызға тарттыңыз. Сіздің құшағыңызда тұрып жылына бастағанымда көп күткен алпыс алтыншы автобус та келді. Лық толы автобустың есік жағына іліктік. Денемізге денеміз тиіп, басымыз түйісіп тұрды. Үшінші мәрте машина бұзылып жол жиегінде тұрған мені көлігіңізге отырғыздыңыз. Екеуміз Астанаға бірге ұштық. Бүгін, міне, төртінші рет кездестірді бізді Алла тағала.
– Апыр-ай, осыған дейін қалай танымағанмын сені.
– Бірінші жолы сіз мені қысқа киіммен, екіншіде су-су күйімде көрдіңіз.
– Өстіп бақытымнан адасып басқа есікті қағып жүремін. Ештен кеш жақсы. Енді адаспаймын сенен. Қусаң да кетпеймін сенен.
– Қумасын десең әңгіме айт.
– Бейімбет Майлинді білесің ғой.
– Білгенде қандай! «Шұғаның белгісін» қайталап оқудан жалықпаймын.
– Сол Бейімбеттің әкесі Майлы бір байдың жылқышысы екен. Байдың сұлу қызымен ойнап қойыпты Майлы. Мұны естіген қыз әкесі көмекшісіне қызымен сөйлесуді бұйырыпты.
Сонда қыз:
– Біз он екі қыз едік. Жиделі сайда жиде теріп жүр едік. Асау тайын үйреткен, бұғалығын сүйреткен Майлы келді қасыма. Бұғалық салды мойныма, қолын салды қойныма. Бір сақинам бар еді, тесігі оның тар еді. Тар тесігін кеңітті, жеңгелермен тең етті, құрбыларымнан кем етті, – депті.
Осыдан соң бай қызын Майлыға ұзатыпты…
– Өте қызық әңгіме екен. Сіздің осындай жақсы әңгімеңіз үшін!
– Кездескеніміз үшін!
– Денсаулық үшін!
– Сіз үшін, ағажан!
– Сен үшін ботам!
Тәтті тілектердің қошаметімен біраз ащы кетті ішке. Ол онсыз да бір-біріне елжірей қарап отырған екеудің қанын тасытты. Тасыған қан жатын бөлмеден бірақ шығарды екеуін. Тәтті сүйіс басталды. Тұла бойында ыстық қаны тулаған Айдын тез шешінді. Сосын Ұлпанды шешіндірмек болды.
– Өзім, – деді Ұлпан көзі боталап.
– Келші, жаным! – деп төсекке құлай кетті Ұлпан.
– Үздіге шыққан жалғыз сөз көзсіз құмарлықтың көзін ашты. Ақ төсекте анадан жаңа туғандай болып тыр жалаңаш жатқан сұлу денеге құмарта қарап тұр Айдын.
– Неғып тұрсың? – деді Ұлпан – кел жаныма жат.
– Асылыңды арамдап обалыңа қалам ба деп қорқамын, – деді Айдын ентіге демалып.
– Ит талаған бөксем бар, бөріден несін аяйын. Аяма, аяла! Өрте мені отыңмен, – деді тұншыға сөйлеген Ұлпан тұла бойы дір-дір етіп.
– Сол сәт жанған отқа жалаңаш кірген екі дене бір денеге айналып, бірге өртеніп бара жатты….

* * *
Жатуға ыңғайлана бергені сол еді қалта телефоны шырылдап қоя берді.
– Данчик, футбол көрдің ғой?
– Көргенде қандай!
– Құттықтаймын! Сен жанкүйер болып жүрген «Манчестр» «Челсиді» ойсырата жеңді ғой.
– Бірінші таймда Рональдо салған голдың сұлуын-ай! Рональдо жойқын шабуылшы ғой, екінші таймда да шебер ойнады.
– Қайырлы түн, Данчик!
– Қайырлы түн, Анжела!
Жарықты сөндіріп, төсекке жатқан Даниярдың көз алдына Анжеликаның бейнесі келе қалды. Онымен қашан, қалай танысқаны ойына оралды.
Ол жемісі мол, сабырлы сары күзде өмірге келді. Соның да әсері болар, мінезі де сол күздей салмақты, еңбегі де сол күздей жемісті еді. Ақбас шындарын күн сүйген Алатау баурайындағы арман қала Алматыда әсем үйлер ауласында балдан тәтті балалығын өткізді. Ойхой, ол кездегі қала аулалары қандай-ды?! Тамсандырып, тақ еткізер таңдайды. Таңғажайып бір әлем еді ол! Оның ойын баласы кезінде Алматы аулаларында өзгеше бір ғажайып аура болатын. Тазалығы таңғы шықтай ол аулалар ойын балаларын достастырып, болаттай берік бірлікке баулыйтын. Бір ауланың балғындары бір атаның баласындай болатын. Олар ойын-сауықтың әр саласында жарысқа түсіп, өз аулаларының мәртебесін асқақтататын. Аула намысы олардың өз намысына айналып, балауса балғын шағында-ақ жігерлерін жаныды.
Сол аулада бірге ойнап, бірге ержеткен ескі жолдас Володия Даниярды бірде тауда бірге демалуға шақырды. Бұл олардың Алатау баурайындағы бірінші де, соңғы да демалысы емес еді. Әйтседе, бұл демалыстың естен кетпес бір ерекшелігі сол жолы Данияр Анжеликамен танысты. Сымдай тартылған ұзын бойлы сыртқы тұлғасына жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі сай келген осы бір сымбатты бөлек сұлу қызды бір көргеннен ұнатты Данияр. Аққудың мойнындай ұзын мойын, құмырсқа бел, құмай көз, оқтаудай түзу балтыр, қиғаштай құйылған күн сәулесіне шағылысып жалт-жұлт еткен сары алтын сынды сары шаш, аппақ оң иыққа жараса кеткен құс тұмсығындай қап-қара мең көз жауын алып, көңілді арбап тұр.
– Танысып қоялық, есіміңіз? – деді Данияр бір көргеннен жүрегін шым еткізген бейтаныс сұлуға жақын келіп.
– Анжелика.
– Өзің сияқты есімің де сұлу екен.
– Комплиментіңізге рахмет.
– Комплимент емес, шыным, – деді Данияр Анжеликаның жып-жылы алақанын ақырын аялай ұстап. Сол сәт Анжеликаның беті ду ете қалды. Аппақ бетке ойнап шыға келген таң шапағындай қызғылт нұр сымбаты бөлек сұлуды онан сайын сұлуландыра түсті.
Володя бастаған бір топ жас кешкісін мейрамханаға барды. Ішіп-жемі мол болған дастархан ақысын «шақырған мен ғой, мен төлеймін» деген Володияның қарсылығына қарамастан Данияр:
– Какая разница, – деп бір уыс ақшаны даяшыға ұстата салды.
Мейрамханадағы көңілді кештен соң Данияр Анжеликаны үйіне дейін ұзатып салды.
– Ну, как? –деді ертесіне Володя Анжеликаға телефон шалып.
– Что как?
– Жаңа таныс Данияр қалай дегенім ғой.
– Ол жігіт маған ұнамады, – деді Анжелика.
– Неге?
– Мінгені «Лексус». Киген киімі қымбат. Қалтасы толы ақша. Өзі гордый. Тым ерке ғой деймін өзі.
– Әкесі атақты жазушы, анасы әйгілі ғалым. Екеуі бірдей жанынан артық жақсы көріп, алақанға салып аялағасын ерке болмай қайтеді. Әйтседе ол сен ойлағандай емес, жөнсіз асып таспайтын, қиындықтан қашпайтын, өте ақылды, өзгеше қайырымды, кісілігіне кішілігі сай жігіт. Даниярға ғашық қыздар көп. Жай жігіт емес арулардың арманы ол! Байқа, одан көз жазып қалма. Сенің жұлдызды сәтің бұл! Жұлдызды сәтте қалғыма!
– Тым әсерлеп жібердің.
– Әсірелеу емес, шындық бұл.
– Аман болсақ көрерміз.
Алғашқы таныстықтан соң Данияр Анжеликамен күнде кездесіп жүрді. Әр кездескен сайын жаңа бір қырынан тани түсті Анжелика Даниярды. Володияның айтқаны рас болып шықты, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт екен Данияр. Уақыт озған сайын өзінің өзгеше ақыл-парасатымен баурай берді…
Күндердің бір күнінде Даниярдың құшағында қалай жатқанын байқамай да қалды тәкаппар сұлу қыз.
Анжелика жайлы ой шала ұйқыны шайдай ашты. Қанша тырысса да кірпігі айқаспай қойған Данияр төсектен тұрып гитарасын алып баяу шертті. Сосын ақырын ғана әндете бастады:

Түн жарымы, ел ұйқыда, ояумын,
Егілуге, төгілуге таяумын.
«Махаббат жоқ» деген сөзді естісем,
Көз алдыма сен келесің, аяулым! –

Ақша бұлттар ізден бірге жыласын,
Мейлі көктен найзағайлар құласын.
Асылым-ау, қайда барсам алдымда,
Елес боп кеп, күлімсіреп тұрасың,

Үзілерде жанарымда жатар мұң,
Қамығармын,
Қайғылы ойға батармын.
Ең соңғы сөз айта алатын хал болса,
Жаным, сенің есіміңді атармын,
– деп аяқталды ойлы мұңлы ән.
Бұл сөзін ақын Қасымхан Бегманов, әнінін сазгер Илья Жақанов жазған «Арманым едің» атты романс еді.
Көңілі баладай, мінезі даладай Данияр түні бойы өзі құлай сүйген Анжеликасы жайлы ойлаумен болды…

* * *
«Елдің сөзін ер айтады! Елін сүйген, елі сүйген сен айтпасаң кім айтады? Парламент сайлауына қатынас» деген тілектер көп, өте көп айтылды Айбалтаға. «Халық қаласа хан түйесін сояды» деген. Халықтың сөзін жерге тастауға болмайды деп додаға түсті ол.
– Сіз түсетін сайлау округіне бір кандидат тіркелді, – деп хабарлады Айбалтаға орталық сайлау комиссиясына.
– Ол кім?
– Қарақұс Жаманшолов деген жазушы.
– Қандай шығармасы бар?
– Біз білмейміз.
Көркем әдебиетті көп оқитын Айбалта әрі ойлап, бері ойлап Қарақұс Жаманшолов деген жазушыны есіне түсіре алмады.
Айбалта не айтса соны айтып, Айбалта не істесе соны істеуге тырысқан Қарақұс Жаманшолов бәсекелес болып жарытпады. Сайлаудың қорытысында Айбалта 87,5 пайыз, өзін өзі ұсынған жазушысымақ Жаманшолов 0,07 пайыз дауыс алды.
Жоғарғы кеңестің мәжілісіне қатынасып отырған Айбалтаға құс тіліндей қағазға жазылған жазба жетті. Онда: «Президенттің көмекшісі Төреғали Тәшенов Сіздің шұғыл хабарлауыңды сұрайды» деп жазылыпты. Айбалта жұмыс бөлмесіне келіп Төреғалиға телефон шалды.
– Президент Сізді күтіп отыр, тез жетіңіз, – деді ол.
«Нұрсұлтан неге шұғыл шақырды? Аяқ астынан не бола қалды? «Халық үні» партиясын құрғаным ұнамады ма? Өзін, үкіметті сынағаным шамына тиді ме екен? Мүмкін, бәрі мүмкін. Егер сол үшін, сол үшін салқын қабақ танытып соқтығатын болса тіреп тұрған аспаның болса тастап жібер деп қолды бір сілтеп кете беремін. Жә, күні бұрын бал ашпай-ақ қояйын, не де болса бара көремін».
– Кел, жоғары шық. Қалың қалай құрдас? Үй-іші аман ба? – деп күлімсіреп жылы қарсы алды. Президент. Хабарсыз кеттің ғой. Қалың қалай, құрдас? Жұмыс столына қарсы қойылған тіркемел ұзынша столға отырып Айбалтаға қарсы алдынан орын ұсынды.
– Рахмет! – деді Айбалта отырып жатып, жалпы жағдай жаман емес.
– Кофе ме, шай ма? Қайсысын қалайсың? Кофе дұрыс. Түнде кеш жатып ем, ұйқы ашайын.
– Уақытылы ұйықтап, уақытында тұру керек. Күнделікті режимді бұзу денсаулыққа зиян.
– Жан күтетін уақыт па қазір. Жұмыс бастан асады.
– Байқа, құрдас, сен мемлекетке, маған, халыққа керек азаматсың. Денсаулығыңды сақта.
– Айтқандай, ақсақал қалай, күйлі ме? Қартекеңді қадірлеуіміз, сақтауымыз керек. Адам қартайғанда екі түрлі болады. Бірі көп сөйлейтін көкмылжың, берер өнегесі жоқ қазымыр қарт. Бірі Қаратай ағамыз сияқты өмірден көргені, көңілге түйгені көп, халыққа айтары бар қазына қарт. Қареңді қазына қарт деу де аз, абыз ғой ол, абыз!
– Партияның жағдайы қалай, аяғынан тұрды ма?
– Партия қазір бабында. Жергілікті жерлердегі филиалдары толық құрылып, жұмысты бастап кетті.
– Сенің көмегің керек болып тұр, құрдас.
– Қандай көмек?
– Мына Тимешенко жұмысты алып кете алмады.
Қазіргідей қиын кезде жүгі ауыр арбаны жалғыз сүйреу қиын болып тұр маған. Екеуміз қосыла сүйресек біраз жұмыстың беті қайтар еді. Тоқетері саған Премьер-министр болуды ұсынамын.
– Ойланайын.
– Ойланатын уақыт жоқ. Сен істің ырығын білетін, білікті, қайратты жігітсің. Сосын министр болып істеген тәжірибең бар. Мына қиын кезде халқыңа қол ұшын бер. Өзіңе де жақсы. Тәуелсіз қазақ мемлекетінің алғашқы Премьер-министрлерінің бірі болған деп тарихта қаласың.
– Тарихта кімнің қалатынын уақыт көрсетер. Атақ пен мансапқа құштарлығым жоқ. Өмірдің мәні – мансапта емес, мақсатта. Қазіргі жұмыстарымда жаман емес.
– Тәуелсіздікті алудан оны сақтап тұру жүз есе қиын. Қазақтың басына қонған бақты сақтау үшін өзіңдей іскер жігіт үкімет тізгінін қолға алу керек. Бақыт бағалағанның басында тұрады.
– Іскер жігіттер көп қой.
– Сендер қызықсыңдар, қарабастарыңның қамын ойлайсыңдар. Президент қабағын шытты.
– Мені қинамаңыз.
– Осы ел, осы халық, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздік маған ғана керек пе?! Президент ашулана бастады.
– Ел, халық, тәуелсіздік атты қасиеттерді алға тарттыңыз. Осы сөздер жаныма өте жақын, ең қымбаттым осылар. Жақсы, мен келістім.
– Дұрыс шешім жасадың, құрдас.
Президент көзі күлімдеп, жүзі жайнап, көңілденіп сала берді.
Сол күні Президент Айбалта Қаратаевты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Айбалта сол күні түстен кейін жаңа жұмысқа кірісіп кетті.

* * *
Айдынның Ұлпанға үйлену тойы Алматыда «Арайлым» мейрамханасында өтті….
Үйлену тойы өткен күннің ертесінде Айдын Ұлпанның анасы Зәуремен ашық, жарқын әңгімелесті.
– Балам, маған қайтуға билет ал, елге оралайын, – деді Зәуре.
– Билет алудың қажеті жоқ, – деді Айдын.
– Неге?
– Елге оралмай-ақ қойыңыз, осында қалыңыз.
– Оның орайы келе қоймас.
– Неге олай дейсіз?
– Жас кезімнен ауылда тұрып келемін. Үйренген ортаны қимаймын.
– Апа облыс орталығы да емес, Қостанайдың ең алыс ауданы Аманкелдіде қалай жалғыз тұрасыз? Кіші қызыңыз Жаңыл барда жағдай басқа. Ол өмірден озғалы да алты айдан асып барады. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Жалғыз қиын болады Сізге. Бірге тұрайық! Құдайға шүкір, үй кең, төрт бөлме. Бүгіннен бастап бір бөлмені Сізге лайықтап қайта жабдықтаймыз.
– Қалай болар екен, қаланың у-шуына үйрене алам ба?
– Үйренесіз.
– Елдегі көршілерімді аңсап, жалғызсырап жүрмейін бе?
– Жалғызсырамайсыз, апа! Келгелі көріп жүрсіз ғой, аула толған өзіңіздей қарт кісілер. Ертеңді-кеш солармен шүйіркелесіп, әңгіме тиегін ағытып отырасыз.
– Апа, Айдын дұрыс айтады. Осында қаласың! Бірге тұрамыз. Елді сағынсаң барып тұрасың. Аманкелді Америка емес, бірақ күнде жетіп барасың. Қаласың, бізбен бірге тұрасың! Бітті! Точка! Решение обжалованию не подлежит! – деп сөзді қысқа қайырды Ұлпан.
– Жақсы дегендерің болсын.
Ұлпанның бұйыра сөйлеген сөзінен соң Зәуре бірақ сәтте алматылық болып шыға келді.

* * *
Түйе өркеш шыңдары бұраң бел бойжеткеннің аппақ бөртпе орамалындай ақша бұлтқа оранған Алатау аспанның өзіне асқақ қарап тұр. Тау баурайындағы ару қала Алматы ақбоз арғымақ мінген жігітін күткен қалыңдықтай құлпырып, күлім қаға жұмсақ жымияды. Қаланың оңтүстік батысындағы «Алматы» шипажайы Алатау мен Алматының ортасында бұлаңдап өскен ерке сұлудай көркімен көзді жаулап, көңілді арбайды. Осы бір көп қабатты айналасы атшаптырым алып ғимараттың қарсы бетінде, ашық аспан астында жан-жағын жасыл желек жамылған ақ қайың мен тал, теректер көмкерген мейрамхана бүгін сымбаты бөлек сұлулықпен құлпыдай құлпырып тұр. Киіз үйдей дөңгеленген төрдің төбесі шаңырақ, қабырғалары керілген кереге. Оған жалғаса қос қапталдан аралары қос сүйем ақ дастархандар бүгін ерекше жарқырап тұрған күн сәулесімен шағылысып, кіреберістегі сақтың қос сарбазы тұрған босағамен әдемі үйлесе кетіпті. Табиғат та ерекше тамылжып, айнала өзгеше аңылжиды. Данияр мен Анжеликаның үйлену тойына шақырылған екі жүзге жуық қонақтардың көңілдері көтеріңкі. Сыдық Мұхамбетжановтың «Шаттық отанына» жалғаса күй маңғазы Құрманғазының «Сарыжайлауың» орындады оркестр.
– Мына жұмақты қалай таптыңыз? – деді айналаға сүйсіне қараған Жазылбек.
– Мұны тапқан мен емес.
– Енді кім, Айгүл жеңешем бе?
– Мұны тапқан Данияр.
– Біз газетіміздің бүгінгі санында Данияр мен Анжеликаны үйлену тойымен құттықтадық. Екеуінің бір-біріне күлімсіреп қарап тұрған цветной суреттері де сәтті шықты. Сіз көрдіңіз бе, ол газетті.
– Жоқ көре алмадым.
– Екі жүз данасын алып келгенбіз. Мейрамхананың кіреберісіндегі столға жайып қойдық.
– Рахмет, бауырым! Сен шығарып отырған «Қазақ үні» газеті халықтың сүйіп оқитын басылым ғой. Шүкір, биліктен қолдау таппай, тендр теріс қараса да таралымы жыл сайын өсіп келеді. Бәрі дұрыс. Әйтседе газетке алаңдап ақындығыңды әлсіретіп алма…
Бұлардың сөзін «жастар келді, жас жұбайлар келді» деген дауыс бөлді. Дауыс шыққан жаққа жалт қараған Ерасыл той көліктерінің бас машинасы аппақ «Майбах» бастаған автомобильдер легінің шипажай алаңқайына келіп тоқтағанын көрді:
– Уа, халайық, жас жұбайларды қарсы алайық тік тұрып, – деді бірінші асаба күймей піскен тоқаштай күрең жүзді, бұйрашашты, қалың қасты бозбала.
– Уа, ардақты ағайын, жар-жар айтуға дайындалайық, – деді екінші асаба ұзын бойлы, қыпша белі қиылған, жұқалаң жүзді бойжеткен.
Екіге жарылып, қарам-қарсы тұрған халық «жар-жар» айтып, жаттыға бастады:
Топты жарып екі жас,
Келе жатыр жар-жар.
– Кәне, тағы бір рет қайталайық, – деді бұйра бас бозбала
Топты жарып екі жас
Келе жатыр жар-жар…
– Жақсы, өте жақсы. Ал, енді сабыр сақтап жас жұбайларды күтейік, – деді қыпша белі қиылған бойжеткен.
Тойға жиналған халық үнсіз тұрып жас жұбайларды күтті. Асабалар той көліктері келіп тоқтаған алаңқайға әлсін-әлсін қарап қояды. Тойға келген қадірлі қонақтардың да назары сол жақта. Айгүл «жастар неғып келмей жатыр, білейінші» деген оймен «Майбахқа» қарай жүгіріп кетіп еді, қайтіп келмеді. Арада біраз уақыт өтті. Әйтседе жас жұбайлар көрінбейді. Маса ызың естілердей ауыр тыныштық тағы да бірнеше минутқа созылды. Жас жұбайлар әлі жоқ. Шыдамы таусылған екі асаба «Майбах» автокөлігіне қарай жарыса жүгірді. Көп ұзамай қайтіп оралған олардың өңі өрт сөндіргендей әлемтапырық.
– Кешіріңіздер, үйлену тойы бүгін емес, кейін, кейін, – деді жаңа ғана дауысы алтын табаққа төгілген күмістей сылдырлап тұрған құмырсқа бел бойжеткен күмілжіп.
– Той уақыты қосымша хабарланады, – деді жаңа ғана қырандай саңқылдап тұрған бұйрабас бозбала жасқана сөйлеп. Көрден шыққандай жарықшақ, тарғыл дауыс тойға жиналған халықтың жүрегін дір еткізді…
Не болғанын біле алмай дал болған тойшыл халық қара түннің қара шымылдығын жамылып тарап кетті. Олар үйлеріне жетпей жатып табиғат тарпаң мінез танытты. Күмбездей төңкерілген көк аспан қасқағымда қазанның күйесіндей қап-қара түске енді. Сол сәт ордалы жыланның «у-у-улеген», ысылдап, ысқырығына ұқсас улы-шулы бір түсініксіз дыбысты құлағы шалды Жазылбектің. Сол улы-шулы уіл айдаһардың «ухлеген» ащы даусына ұласты. Тау мен тасты айнала ұшқан тік ұшақтың алапат ащы гүріліне тәрізді әлдебір шуылдан құлағы бітіп, шеке тамыры солқылдаған Жазылбек төңірекке қыдырта көз тастады. Әп-сәтте айналаны буып тастаған қоп-қою бурыл тұманнан ештеңе көрінбеді. Табаны тиген қасиетті қара жер дір-дір етті. «Жер сілкінді ме?» деп ойлады Жазылбек. Соған ілесе соққан жойқын дауылы жолындағының бәрін жайпап бара жатты… Сәлден соң жұбайларға лайықталған төрдегі керегелерді қиратып, шаңырақты да жұлып әкетті. Қара дауыл айдаған қара шаңырақ желі бойы дөңгелеп барып қарсы алдындағы терекке соғылып, быт-шыт болды…

* * *
Кешке жақын жұмыстан келген Айдынды Ұлпан жайнаң қағып, жадырай сөйлеп қарсы алды.
– Жаңалық айтайын ба?
– Айта ғой, жаным!
– Бүгін гинекологқа қаралдым. Екеуміздің баламыз бар, ұл екен.
– Айналайын айым сол! Сүйіншіге не қалайсың?
– Бетімнен сүй.
– Өзімнің де сүйгім келіп тұр еді, – деп Ұлпанның оң бетінен сүйді Айдын.
– Енді мына бетімнен деп сол бетін тосты, көзі күлімдеп, аппақ жүзіне таң шапағындай қызғылт нұр ойнап шыға келген Ұлпан.
– Көзіңе нұр тұнып, тұрсың ғой ботам құлпырып.
– Қуаныш қой құлпыртқан, – деп сыңғырлай күлді Ұлпан.
– Күлкің қандай сұлу, ақ ботам!
– Бәрі көңіл-күйге байланысты. Көңіл-күйің болмаса сұлулық та суық тартады. Көңіл-күйіңді түсірме.
– Ол саған байланысты, жаным!
– Жаным деген сөзің қандай жақсы, жақұтым!
– Айналайын, Ұлпаным, сенсің менің бақытым!
Жалын атқан жұбайлар бірін-бірі құшырлана сүйді.
Өмір тәтті, тағдыр қатты. Қатігез тағдыр қаттылығын көрсетті. Ұлпан босана алмай перзентханада өзі де, нәрестесі де шейт болып кетті.

* * *
Ерасылдың Бішкекте қырғыз жазушыларымен кездесуі мазмұнды болды. Мазмұнды болудың бір себебі – әртүрлі тақырыптағы әрқилы сұрақтадың көптігі.
– Сіздің әдебиеттің барлық жанрында қалам тербегеніңізден хабардармыз. Академик Сержан Қалиевтің: «Қазақ әдебиетінде барлық жанрда бірдей жазатын екі жазушы бар, бірі – Сәбит Мұқанов, бірі – Ерасыл Жақсыбеков» деп жазғанын оқығанмын. Десек те, Сіз соңғы жылдары прозаға бұрамала бет бұрдыңыз. Сөйте тұра аяқ астынан өлең жазыпсыз. Ол өлең өзіңіздің аға досыңыз, біздің қырғыз байеке Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов жайлы екен. Бізді осы өлеңнің туу тарихы қызықтырады.
– Сол өлеңізді оқып беріңізші, – деді қырғыздың шоң ақыны Маралбай Ахатов.
– Оқы десең оқиын.
Ерасыл тамағын кенеп алып құлаққа жағымды қоңыр үнмен «Айтматовтың азаматтық» ерлігі атты өлеңін оқыды.
Мың тоғыз жүз сексен сегіздің күзі еді,
Айтматов ойын, бойын түзеді.
Жүріп жатты Жоғарғы Кеңес жиыны,
Залдағылар өңшең король, тұз еді.

Шовенистер таққан талай айтыпты,
(Мәскеу қашан жарылқап еді қай ұлтты?)
«Ұлтшыл» деген қарғы тақты қазаққа,
Қалтыратып қалт-құлт еткен қайықты.

Отырып сонда Сессияда Горбачевтің қасында,
Ашуы оның айалып бір жасынға,
Дүр сілкінді Ақбас бүркіт-шоң Шыңғыс,
Сүйсіндіріп әріптесін, досын да!..

Көрген талай әділетсіз тозақты,
«Жетер енді бұрышқа тығу қазақты!» –
Деп ақырды арыстандай, шоң Шыңғыс,
Серіп тастап ұлтымыздан азапты.

Экранға қадалғанда әлемдегі сансыз көз,
Қара бұлтты қақ айырды: «Жетер!»
деген жалғыз сөз.
Қас-қағымда сыпырылып бетперде,
Құп-қу болып кетті Генсек – жансыз бөз.
«Жетер!» деді алты алаштың данасы,
Дүр сілкінді ұлы қазақ даласы.
Адамзаттың Айтматовы дейміз біз.
Жоқ қой оған енді ешкімнің таласы.
Шыңғыс сонда «Дат!» деген жоқ «Қап» деді,
Ерлік деген қай кезде де қат тегі,
Кремльге қарсы тұрып қасқайып,
«Бұл сөз үшін ата алсаң ат!» – деді.

Сөйлегенде кемеңгер Шыңғыс саңқылдап,
Қол соқты ғой қырғыз, қазақ аңқылдап,
Екі көзі атыздай боп Генсектің,
Сыр алдырып, сықырлады алтын тақ.

Қорған болды ұлы Шыңғыс, халқым шат,
«Жетерден» соң талқан болды алтын тақ.
Генсек кетті тентіреп, Тәуелсіздік алдық біз.
Сарыарқада қала салдық – алтын бақ.

Шоң Шыңғысты ұмытпайды тарих,
Ұлы ерлігін ұлықтайық, таниық,
Айтматов өз перзенті ұлтымның,
Қазақпен де бір жасайды ақиық!
– Тамаша! Сіз ағып тұрған ақынсыз. Неге өлең жазбай кеттіңіз?
– Жазбайын демеймін, уақыт жоқ тұтас бір дәуірдің көркем панарамасын жасауға талпынып «Толассыз толқын» атты роман-эпопеяға кіріскен едім, басқы бірер тарауы жазылды да ол да тоқтап қалды.
– Неге?
– Роман-эпопеяның бірінші кітабын жаза бастағанымда Столыпин реформасынан кейін Қазақстан мен Ресей арасындағы шиыршық атып, шие-леніске түскен, драмалық, кейде тіпті трагедиялық халге жеткен күрмеуі қатты күрделі қатынасты, суреттеу қазақ жеріне қара шегірткедей қаптаған кара шекпенді орыс шаруаларының көшін тоқтату үшін жанұшыра айқасқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Досаң Қараманов, Мұхаметжан сынды Алаш ардақтыларын әдебиеттегі көркем бейнесін жасауға арқау болатын тарихи құжаттар аз екен менде. Ол құжаттар КГБ архивінде құлыптаулы жатыр. Құдай қаласа, ол құлыпта ашылады. Сол кезде алаңсыз кірісемін «Толассыз толқынға». Сосын уақытты босқа өткізбейін деп драма жазуға кірісіп кеттім. Күні бүгінге дейін екі пьеса жаздым. Алғашқысы «Дауыл», екіншісі «Тозақ шеңбер».
– Бұл пьесалар не жайлы? Құпия болмаса…
– Қаламгер қаламгерден сыр жасырмас болар. Оның үстіне сен екеуміз Мәскеудегі шофенистермен тізе қосып айқасқан дос емеспіз бе? Саған деген алғысым мен құрметім шексіз.
– Рахмет, Ереке!
– Алғашқы драманың арқауы қатты айтып тұрғандай дауыл, табиғат дауылы мен адам жанының дауылын сегіз өрме қамшыдай жымын білдірмей, жымдасыра өруге тырыстым. Екінші драма желтоқсан көтерілісі жайлы. Кейбір тарихшылар мұны оқиға деп жазып жүр. Бұл оқиға емес, көтеріліс. Алжирдің Франция, Үндістанның ағылшын отаршылдарына қарсы күресі сияқты ұлт-азаттық көтерілісі бұл. Бас кейіпкер Совет түрмесінде өлтірілген политех студенті.
Әлгі ел аузына тарап кеткен:
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар.
Бозторғайдай жаным бар,
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»,
Атам десең атыңдар, –
деген атты жырын сотқа оқтай қадалатқан, жанған отты жалаңаш қолымен ұстаған хас батыр ғой.
– Иә, сол Қайрат, сосын оның сүйген қызы, болашақ биші, совет билігі жындыханаға зорлап апарып, жынданып кеткен Фатима атты сымбаты бөлек сұлу қыз.
– Бұл драмаларыңыз сахналанды ма?
– «Дауыл» Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрдың сахнасында жүріп жатыр, «Тозақ шеңберін» ешқайда ұсынғам жоқ.
– Неге?
– Кеңестік жүйе тұрғанда цензура жібермейді оны.
– Апыр-ай, жазылған еңбектің жарыққа шықпағаны қиын.
– Оған қиналмау керек. Қағазға түскен жазу қор болмайды. Қолжазба жанбайды, егер ол жүректің қанымен, көздің жасымен суарылса.
«Ерасыл дұрыс айтады, – деп ойлады Маралбай – жүрек сыздатып, ақыл сүзгісінен өткен шығарма мәңгі жасайды. Ол үшін ақ қағазға жан бітіретін табиғи талант және жанкешті еңбек керек! Ерасыл шығармалары соған айқын айғақ. Алла өмір берсе бұл ағам әлі талай тамаша туындылар жазып, әлі талай биік шыңдарға шығады!».
Маралбайдың сезімі алдаған жоқ. Арада біраз уақыт өткенде оның сенімі ақталды…
* * *
Оның демікпе сырқаты бар еді. Соңғы жылдары одан айыққандай да болған. Оқта-текте белгі бергені болмаса қауіптенетіндей де реті жоқ. Сондада болса сақтықта қорлық жоқ деп жұрт «пшикалка» деп атап кеткен инголяторды қалтасына салып жүруші еді. Бүгін асығып жүріп оны үйде қалдырып кетіпті. Сондықтан ол жол бойындағы бір дәріханаға соғып, инголятор сатып алды. «Майбах» бастаған оншақты автомобиль «Алатау» шипажайының алдына келіп тоқтаған сәтте ол өзін жайсыз сезінді.
– Данчик өңің бұзылып барады, ауырып қалған жоқсың ба? – деді «Майбахтың» алдыңғы орнында қатар отырған қалыңдық.
– Аздап, – деді Данияр.
– Скорый шақырайын ба?
– Қажет емес. – Қазір басылады. Халықты күттірмейік.
– Түсің боп-боз боп барады, Данчик.
– Тынысым аздап тарылып тұр. Сыртқа шығып ауа жұтайықшы, Анжела.
Сыртқа шығып, таза ауа жұтсам демікпен басылар деген үміті ақталмады Даниярдың. Сосын жаңа жолай сатып алған инголяторды алып, ашылған аузына апарып тетігін басты. Одан жәрдем болмады. Жанталасып тетікті қайта-қайта басқанмен одан дәрімен буланған ауа шықпады. Ингалятор ескі екен. Жағдайды өз көздерімен көріп тұрған жігіттер жантәсілімге жақындаған Даниярды қолсозым жерде тұрған «Джипке» отырғызып, шипажайға ең жақын жердегі ауруханаға алып келді.
Автомашиналар тұрған алаңға елдің алды болып жеткен Айгүл «Майбахтың» есігін ашып еді, Данияр да, Анжелика жоқ екен онда.
– Жастар қайда? – деп сұрады Айгүл үрпейіксіп тұрған қыздар мен жігіттерге жақын кеп.
– Оларды ауруханаға алып кетті, – десті олар.
– Ауырған кім?
– Данияр.
– Қай ауруханаға кетті олар, жандарында кім бар? – деп асыға сөйледі бір сұмдықты сезген Айнұр жүрегі аузына тығылып.
– Ең жақынына барамыз деген.
– Ең жақыны қайсы?
– Оны білмедік.
– Кім апарады мені ауруханаға?
– Мен апарайын, – деді шет жақта тұрған бозбала.
– Ал, кеттік!
– Орнынан баяу қозғалған тағы бір ақ «Джип» алаңқайдан шыға жүйткіп ала жөнелді.
– Тәте, қайда барамыз? – деді рульдегі жігіт.
– Осылай тура тарта бер. Жолай кездескен кісілерден сұраймыз ең жақын емхананың қайда екенін.
Алғаш кезіккен екеу жөнді жауап бере алмады. Үшінші кісі жол жобасын айтты:
Данияр мен Анжеликаның үйлену тойы қарсаңындағы күндер аса қарбалас болды. Ең соңғы дайындықтар жасалып, ұсақ-түйек жайларға дейін пысықталды. Тойға дайындықтың ең соңғы күнінде Ерасыл мен Айгүл әдеттегіден кеш ұйықтады. Ал, Данияр ата-анасынан да кеш, түнгі төртте жатып еді төсекке. Таңғы сағат жетіде ұйқысынан оянған Ерасыл Даниярдың орнын сипап қалды.
– Данияр қайда? – деп сұрады Ерасыл Айгүлден.
– Үйден жаңа ғана шығып кетті, – деді Айгүл.
– Қайда кетті.
– Анжеликаға беретін гүлді алуға.
– Ол гүлді мен әкеліп беретін едім ғой.
– Гүлді папаң әкеліп береді, ұйықтай тұр деп едім, тапсырыс берген өзім, қалыңдығыма арналған гүлді өзім аламын деді Данияр.
– Бүгін график тығыз ғой, шаршайтын болды-ау, құлыным! Соңғы күндері ұйқысы да шала болып жүр. Быж-тыж болып тұрған шығар төсектен.
– Соңғы кездер қызметінде де жұмыс басты болып кетті. Демалысқа кеше ғана шықты. Шаршадың ғой десем «алда бір ай демалыс бар, шет елге, теңізге барып тынығамыз ғой» дейді ботам.
– Құдай қуат берсін оларға.
Осы әңгімеден соң Данияр бастаған топ қалыңдықты алып келуге аттанды. Анжеликаның ата-анасының үйі Алматының орта тұсында, үлкен ғимараттың бесінші қабатында еді. Әр қабатқа көтерілген сайын керілген арқанға кезігіп, қазақтың салт-дәстүріне сай кәде жасаған топ жоғарыға ентігіп жетті. Данияр бастаған топ бесінші қабаттағы пәтерге келіп кіргенде қалыңдықтың жеңгелері:
– Анжеликаның атын ақшамен жаз, – деп назданды.
Данияр су жаңа бес мың теңгеліктермен «Ангел» деп жазды.
– Дұрыс жазбадың, – деді жеңгелер.
– Анжела мен үшін ангел, – деді Данияр.
– Сен енді қалыңдығыңның қай бөлмеде отырғанын тап, – деді еріккен ерке жеңгелер.
Дәлізде тұрған Данияр жан-жағындағы көп есікке ойлана қарап тұрды да, сәлден соң:
– Менің Анжеликам мына бөлмеде отыр, – деп оң жақтағы есікті нұсқады.
– Басқа бөлмеде болса қайтесің? Қателессең қалыңдықсыз қайтасың үйіңе. Әлі де ойлан, асықпа, – деп жымың-жымың етісті жеңгелер.
– Осы күнге дейін сезімім алдап көрген емес. Менің періштем осында!
Данияр осыны айтты да жаңа өзі нұсқаған бөлмеге кіріп келді. Сымдай тартылған сымбатты тұлғасына аппақ көйлек жараса кеткен қалыңдық құлпынайдай құлпырып шыға келді Даниярдың қарсы алдынан. Талабы биік, талғамы күшті жеңгелердің сан сынынан сүрінбей өткен Данияр бастаған топ неке сарайына келгенде оларды Ерасыл мен Айгүл, Андрей мен Елена бастаған топ қарсы алды.
Неке қию салтында қатты толқыған Данияр мен Анжелика азаматтық актілер куәлігіне бір ай бойы жаттыққан қолдарын талантты суретшінің қолтаңбасындай ғып әдемілеп қойды. Видеокамералар мен фотоаппараттар сән салтанаты келіскен кермиық кербез топ сыртқа шыққан соң да дамылсыз сыртылдап жатты…
«Майбах» бастаған жеңіл машиналары легі Ерасылдың үйіне келіп тоқтағанда мезгіл шаңқай түс еді.
Үйге жастармен қатарласа кірген үлкендер шаттық шампанын субырқақтай атқылап, жас жұбайларға арналған ақ тілектерін ақтарды.
Құшақ-құшақ гүл толтырып қойынға,
Бойдақтықтан құтылдың, Данияр мойында!
Тілегіміз тоғыз айда тағы тоғыссын,
Кездесейік енді біз шілдехана тойында, –
деп шампан толы бокалдар сыңғырын суырып салған сырлы, нұрлы жырмен көмкерді Астанадан осы тойға арнайы келген ақиық ақын Серәлі.
Бар болғаны он бес минутке ғана созылған ешқашан қайта оралмас осы бір шаттыққа толы салтанатты, бақытты сәт қас-қағымда зу етіп өте шықты…
Жас жұбайлар мен олардың дос, жолдастары қала арлауға аттанды да үлкендер тойдың ең соңғы дайындығына кіріп кетті…
Аппақ «Майбах» бастаған оншақты машинаға отырған жас жұбайлар мен олардың дос, жолдастары дәстүр бойынша қаланың көрікті жерлерін аралап шықты да, біраздасын үйлену тойы өтетін «Алатау» мейрамханасының алдындағы ашық алаңға келіп тоқтады. Сәлден соң той көшінің бас машинасы – ақ «Майбахта» тойға жиналған қалың қауымға қара жамылтқан қайғылы оқиға болды. Данияр көпшіліктің көз алдында өмірден озды. Осыдан бар болғаны бес сағат қана бұрын некесі қиылған сұлулығы көз суарған жап-жас қыз қалыңдық – жұбай-жесір атты адам өміріндегі үш бірдей аса маңызды сатыны бірақ аттап өтті. «Қасірет баспалдағы деген осы…» деп ойлады.
– Осы көшемен тура жүріп, екі кварталдан кейін оңға бұрыл. Сосын үш квартал солға. Сосын екі светофордан өтіп, үшіншісіне тоқтайсың. Осы маңайдағы ең жақын емхана сол жерде, жолдың оң қапталында. Екі қабатты сұр үй.
Емхана ма, аурухана ма, ол?
– Поликлиника.
– Аты не оның?
– Ит біліп пе?
Айгүл жанұшырап жеткенде Данияр тас еденде тыр-жалаңаш жатыр еді. Бірінші қабаттың табалдырығынан аттай бергенде әлі кетіп құлаған оның кеуде тұсы қып-қызыл қан. Аппақ қалыңдық көйлегі қызыл қанға боялған Анжелика Даниярды мойнынан құшақтап жылап жатыр.
– Сенсің бе, дәрігер? – деді ақ халатты безеу бет жас әйелге Айгүл.
– Иә, менмін.
– Бұл бала астма ғой, укол салмайсың ба?
– Салдым.
– Салсаң неғып жатыр, Данчигім тұрып кетпей?
– Откуда мне знать.
– Қандай укол салғаның?
– Адреналин.
– Ойбай-ау, адреналин емес, эуфилин салмайсың ба?
– Не учите меня, я сама знаю не істеу керегін.
Безеу бет әйел бетбақтырмай тұрғанда Ерасыл мен Раушан да жетті ентігіп.
– Анжела, сен Даниярды құшақтап қыса берме, демалысы қиындатасың. Әрірек, кәне, әрірек, – деп шыр-пыр болды Раушан.
– Даниярды дереу қалалық ауруханаға жеткізу керек! – деді Айгүл.
– Оған рұқсат жоқ, – деді безеубет дәрігер.
– Сенен рұқсат сұрап тұратын уақыт жоқ. Мына есік алдында тұрған скорыймен жедел қалалық ауруханаға жеткізуіміз керек. Кәне, Құттыбек, Жанболат көтеріңдер, Даниярды, – деді Айгүл жандауысы шығып…

* * *
Ваша величество, бір идея айтайын ба?
Айтқыңыз келіп тұрса айтыңыз, – господин Ерасыл Жақсыбекович.
– Ержан Нұрлановичті шайға шақырайық.
– Бұл ойың өте дұрыс, менің де ойымда жүрген шаруа еді бұл.
Екеуміздің ойымыз ылғи бір жерден шығады Айым! Әркез солай болуға жазсын Алла.
– Ал мен кеттім.
– Қайда?
– Ержан Нұрлановичке!
Ойнақы айтылған қалжың ойлы әңгімеге ойысты.
Ерасыл келгенде Ержан Нұрланович кабинетінде кітап оқып отыр еді. Ерасылдың көзі стол үстінде жатқан Плутархтың көк аспанның күмбезіндей көкбең қалың томы мен Фердоусидің мұқабасы алтынмен айшықталып, күміспен күптелген кітабына түсті. Қолында Абай.
– Мына екі ғұламаны кешке оқып шыққанмын. Бүгін данышпан Абай мен сырласып отырмын, – деді Ержан Нұрланович.
Ерасылдың стол үстіндегі кітаптарға қадала қарағанын көріп.
– Жұмыс істеп жүргенде оқи алмаған кітаптар ғой.
– Менің де кітап жинайтын әдетім бар еді, Плутарх пен Фердоусиді Алматыдан таба алмап ем.
– Плутархты Москваға пленумға барғанда алғанмын. Фердоусиді Ташкентте Шараф Рашидов сыйлады.
– Көруге бола ма?
– Болғанда қандай?
– «Почеркі сұлу екен» деді Ерасыл қолтаңбаға көз жүгіртіп. Қолтаңбасы сұлу адамның жан дүниесінде сұлу болады.
Ерасыл әлдебір әуестікпен кітапты парақтай бастады. «Дорогому Ержан Нурлановичу Асылбекову! С глубоким уважением от автора» деп жазып, қол қойыпты. Соған тіркесе «10 март, 1988 год» город Ташкент деп жазылыпты.
Рашидовпен жақында ғана кездесіпсіз ғой, – деп сұраулы жүзбен қарады Ерасыл Асылбековке. – Кешіріңіз, бір шаруамен бардыңыз ба?
– Рашидовтың шақыруымен.
– Шараф Рашидович өзі шақырды ма?
– Иә, өзі шақырды.
Дауыстың түсінен Ерасылдың таңданысын жазбай таныды Асылбеков.
– Кешіріңіз, не үшін?
– Шараф ака менің бос отырғанымнан хабардар екен, алдымен кабинетінде қабылдап, жұмысқа шақырды. «Қалаған қызметіңді айтыңыз, қолыңызды қақпаймын» деді.
– Сіз не айттыңыз?
– Рахмет! – дедім. Сосын үйіне шақырып қонақ етті. Екеуміз Шараф аканың жұбайы Хурсуана ханым басқан палауды жеп, көк шай ішіп отырып біраз әңгімелестік. Сол жолы өзбектің ала шапанынан жауып, тақиясын кигізіп, белімді жібек белбеумен буып, «белің босамасын» деп Фердоусиді сыйлағаны…
Асылбековтің ертең кешке жұбайы Күлше Оспановамен, ұлы Бақытжан, қызы Сәулемен өзі келіп алып кететін болып келісті Ерасыл.
Үйден шыға бере Ерасылдың ойына ана жылы Асылбековті қалай қорғағаны оралды.
Жазу жазып отырған Ерасылға Қонаев «Асылбековті партиядан шығарып, қызметінен босатып, ісін сотқа береді екен» деген хабар жетті. Дереу Қонаевқа барды. Ана жылы Қонаев «Не бұйымтайың бар?» дегенде «Сағынғанда келіп тұрайыншы» деген сөзіне қатты риза болған Қонаев көмекшілеріне кез келген уақытта кідіріссіз қабылдайтынын ескертіп қойған.
Ерасыл сәлемдесе салып Асылбеков жайлы естіген жайсыз хабарды айтып «Сол сөз рас па?» деп сұрады.
– Рас.
– Оны қалай білдің?
– Менің жиырма мың тиражбен басылып, оқырмандарға жол тартқалы тұрған «Жер тағдыры» атты кітабыма тоқтау салыпты комитет төрағасы Елеукенов. Бұл Торғай облысы жайлы деректі кітап болғасын мен тың еңбектерімен бірге облыстың бірінші басшысы Асылбеков жайлы да аздаған жылы сөз жазғанмын. Сол үшін менің кітабымды өртемек. «Асылбеков халық жауы емес қой, не бүлдіріп қойыпты?» деп зерттесем Сіздің қаһарыңызға ұшырағанын айтты білетіндер.
– Кім?
– Осы орталық комитетте, Сіздің қоластыңызда істейтін жігіттер.
– Кімдер олар, аты-жөнін айтшы.
Айта алмаймын.
– Неге?
– Айтсам қиянат болады. Маған жаны ашығасын жөнін айтқан азаматтарды сатып, оларға жамандық жасай алмаймын. Айып етпеңіз Асылбековтің не кінәсі бар?
– Жақсылықты білмейді ол. Бір облыстан соң екінші облысқа бірінші секретары етіп тағайындадым. КПСС Орталық комитетінің мүшелігіне өткіздім. КСРО жоғары кеңесінің депутаты, Социалистік Еңбек Ері. Осының бәрін азсынып, енді менің орныма отырғысы келеді. Атасының басы. Желкесінің шұқыры көреді оны.
Қонаев ашулана бастады.
– Димаш Ахметович, кешіріңіз, неге олай дейсіз?
– Өзің білесің, біз Москваға жылына төрт рет барамыз, пленумға, сессияға. Мәжіліс біте салысымен бәріміз елге ораламыз. Ал, Асылбеков бізден жырылып, жырақтанып Москвада қалып, үш, төрт күн жүреді екен. Сосын Саяси Бюро мүшелерімен кездесетін көрінеді. Олардың біразының сеніміне кіріпті. Енді баспалдақтап Бас хатшыға бармақ. Сөйтіп Қазақстанды басқармақ.
– Осы айтқандарыңыздың бәрі рас. Бірақ бір нәрсе, ең бастысы нәрсе өтірік. Мәскеуде той тойлап жүрген жоқ ол. Ел қамымен жүр. Ақын Қадыр Мырзалиевтың сөзімен айтсақ Асылбековтің ойында: «Ең алдымен ел қамы, сонан кейін қалғаны». Асылбеков Саяси Бюроның мүшелеріне ғана емес, КСРО жоспарлау комитетінің төрағасы Байбаковқа да барып жүр. Соның нәтижесінде Мәскеуден көп көмек алып, жылдар бойы шешілмеген проблемаларды рет ретімен шешіп жатыр. Бір ғана мысал. Амангелдідегі Иманов совхозы, аудан орталығынан бар болғаны он бес-ақ шақырым. Солай бола тұра көктемгі су тасқынынан кейін ауыл тұрғындары алты ай бойы аудан орталығына қатынай алмады. Бірде әйелі қатты ауырып, аудан орталығына жете алмағасын совхоз директоры Сыздық Әбжанов электр бағанына шығып, рациямен санитарлық самолет шақырған. Асылбеков көпір салғызғаннан кейін халық ол азаптан құтылды. Бір ғана Амангелді ауданында соңғы екі жылда бес көпір салынды. Жақында пайдалануға берілген әуежай, автовокзал Саяси Бюро мүшелеріне барғанының, Байбаковтың тілін тапқанының арқасы. Ал, Асылбеков Сіздің орныңызды армандап жүр деген сөз барып тұрған өтірік! Асылбековтің істеп жатқан жұмыстары анау, айтатын сөзі мынау: «Басшы біреу, қалғанымыз тіреу болуымыз керек» Димаш Ахметович ұлт бағына туған ұлы тұлға! Қонаевтың абыройы – Қазақстанның абыройы!». Асылбеков Көкшетау облысынан Торғай облысына барған бетте Арқалық ет комбинаты мен ет саудасына билік жүргізіп, жергілікті момын халықты басынған шешендердің бассыздығын қалай бұғалықтағанын халық аузының суы құрып айтады. Облыстың бірінші басшысын қарапайым халықпен бірге үш бөлмелі пәтерде тұратыны да аңыз. Сіз Асылбековке қиянат жасасаңыз өзіңізге берілген өз командаңыздағы ең мықты, ең іскер кадрдан айрыласыз. Сосын халық алдында ұятқа қаласыз. Мен мұның бәрін ақылым тасығандықтан емес, Асылбековке жаным ашығандықтан, сосын жоғарыдағы сізге баяндаған жайларды жақсы білгендіктен айтып отырмын. Білетін себебім – Ержан Нұрлановичпен жанұямызбен араласамыз. Ол маған Москвада не үшін болатыны жайлы ғана емес,әр кездескен сайын «сенің ауданыңды мынандай проблема, мынандай жаңалықтар бар» деген сыңайда әңгіме айтады. Сізге өз ойымды бүкпесіз баяндағанымды ғафу етіңіз, Димаш Ахметович!
Осы әңгімеден соң он күн өткенде Қонаев Ерасылды шақырды.
Өткен жолғыдай емес бұл жолы өте көңілді екен ол. Ерасылды құшақ жая қарсы алды.
– Саған рахмет! – деді ол – Мені бір ұят істен құтқардың. Мына Қимашев жанымда отырып алып құлағыма құя бергесін соған сеніп қалдым. Тексерттім. Сенің айтқандарың рас болып шықты. Асылбековтің істеген жұмыстарын да, өзге басшылар сияқты өзгешеленбей қарапайым халықпен бірге үш бөлмелі пәтерде тұратынын да растады мен жіберген комиссия.
«Асылбековтің жұмыссыз отыруының да себептері көп, – деп ойлады Ерасыл үйге келе жатып. Орталық Комитеттің идеология жөніндегі хатшысы Сағын Құрмашұлы Қимашевты қабілетсіз қайраткер дей алмайсың. Бір кісідей парасатты. Білімі мен білігі де ешкімнен кем емес. Алайда, ол да пенде. Пенде болғасын өз атына айтылған ащы сынды кешіре алмады. Ол аздай үкімет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты, тіпті Қазақстанның білдей басшысы, Саяси Бюроның мүшесі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты да Орталық комитеттің пленумында сынады ғой. «Турасын айтып туғанына жақпады» деген осы. Кемеліне келген кезде жұмыссыз отырғаны соның салдары. Сол үшін жазалады олар. Жазаның үлкені – адамды жұмыссыз қалдыру. Осындай қиын жағдайда да сынбапты. Рашидовтың шақыруын да қабылдамаған. Асылбековтің орнында басқа біреу болса құштай ұшар ма еді, кім білсін. Асылбековтікі дұрыс! Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол! Қанша қиын десек те сынбапты Асылбеков. Ер екен Ерекең! Мен білетін Асылбеков әрекетсіз отырмайды. Енді не болар екен?».
Ой орманын аралап үйге оралған Ерасылға жайсыз хабар айтты Айгүл.
Ерасыл үнсіз тұрып қалды.
* * *
Жедел жәрдеммен қалалық ауруханаға жеткен Даниярды төрт бірдей дәрігер күтіп алды. Жаңа Мәлік жолда келе жатып бас дәрігерге қалта телефоны арқылы өтініш айтқан:
– Менің құдамның ұлының тағдыры ұстараның жүзінде. Скорый сіз басқаратын ауруханаға әкеле жатыр. Өзіңіз бастаған ең білікті дәрігерлер қараса екен. Көмектесе көріңіз. Прошу вас.
– Құдаңыз Ерасыл Жақсыбеков қой.
– Иә.
– Хорошо, постараемся.
– Осы әңгімеден соң шұғыл жеткен бас дәрігер Даниярдың сыртта тұрған жақындарымен сәлемдесуге де мұршасы келмей асығып, аптығып ішке кіріп кетті. Жаны тырнағының ұшына келген Айгүл: «Даниярымның өмірін сақтай гөр» деп Аллаға жалбыранумен болды…
– Даниярдың тілегін тілеп сыртта тұрған көптің ішінде жасы жетпістен асқан Алтын атты кейуана да бар еді. Ол үшін бұл өмірдегі ең қымбат адам еді Данияр. Содан да Данияр жайлы ойлаумен болды ол. Сол сәт оның көз алдынан соңғы төрт жылғы өмірі жіпке тізген жүзіктей өтіп жатты.
Осы бір бойы сырықтай, иманжүзді бозбаланы сыртынан көріп жүруші еді. Бірде аулада демалып отырғанда осы Данияр келіп:
– Әже, халіңіз қалай? – деді жылыұшырай.
– Шүкір.
– Сіз осы үйде тұрасыз ғой деймін.
– Иә, ана шеткі подъездің ең үстінгі қабатында тұрамын.
– Лифт істеп тұр ма?
– Қазір істеп тұр. Ана жолы бір апта бойы істемей қалып, сыртқа да шыға алмадым. Базарға баруға да шамам келмей, ашығып та қалдым. Кел, отырсаңшы, отыр балам, – деп ығысып орын берді кейуана.
– Базарға неге сіз барасыз, басқа баратын адам жоқ па? – деп сұрады Данияр отырып жатып.
– Жоқ болғасын ғой. Бәріне өзім жүгіретінім. Жақындарымның бәрі өліп қалған жалғызбасты кемпірмін мен. Біраз демалдым, ымырт үйірілмей тұрғанда үйге барайын, – деді созалаңдап орнынан әрең тұрған кейуана… Көз тойса да көңіл тоймайды деген осы бір жетіге жететін тамақты бірақ алып, енді соны көтерем мал құсап көтере алмай жатырмын. Ух, белім-ай, белім де ауырып тұрғаны бүгін.
– Неге дүкенге емес, базарға барасыз? Базардан гөрі дүкен жақын ғой.
– Базар дүкеннен әлдеқайда арзан.
– Әже, маған беріңіз, мен апарайын. Данияр осыны айтты да қытайдың ала қапшығын сол қолына алып, оң қолымен кейуананы қолтықтап, тоқсан алты пәтерлік ғимаратың ең соңғы кіреберіс есігіне беттеді.
– Әже, кілтіңізді беріңіз. Есікті мен ашайын.
– Кілт жоқ, балам, жоғалтып алғанмын.
– Кілт жасатып берейін.
– Керегі жоқ.
– Неге?
– Ұрыдан да қорықпаймын. Оның қолына ілігетін ештеңе жоқ бұл үйде. Балам, отыр шай қояйын, – деді кейуана пәтеріне кіргесін.
– Рахмет, әже! Келесі жолы ішермін.
– Бір бөлмелі баспанам осы. Құрқылтайдың ұясындай өзі, бар болғыр. Уақытың болса келіп тұр. Мен тамақты дәмді жасаймын. Қолымнан одан өзге ештеңе келмейді. Саған самса пісіріп берейін.
– Рахмет, әже! Мен осы үйдің бірінші подъезінде тұрамын. Үшінші қабатқа көтерілгенде оң жақтағы есік.
– Білемін. Сыртыңнан көріп жүрмін.
– Мынау менің кординаттарым, – деп визиткасын берді Данияр кейуанаға. – Көмек керек болса телефон шалыңыз. Өзім де келіп тұрамын.
– Рахмет, балам! Өркенің өссін!
Осы әңгімеден соң Шоқан Уәлиханов көшесіндегі қырқыншы үйдің тоқсан алтыншы пәтеріне аптасына екі рет барып тұруды әдетке айналдырды Данияр. Әр келген сайын құр қол келмейтін. Бірде қоғамдық тамақтандыру орнынан ыстық ас, бірде жеміс-жидек дегендей.
– Балам-ау, бірдеңе көтеріп келмесең болмай ма? – дейтін оған кейуана.
– Сіз дүкенге жүгіре бермеңіз. Керектеріңізді өзім әкеліп тұрамын, – дейді Данияр.
– Көп әуре бола берме, балам. Жүріп-тұруға жарап тұрмын әзір.
Осы әңгімеден соң Данияр апта сайын келіп халімді біліп тұрды. Әр келген сайын әртүрлі продукталар мен фрукталарды ала келуші еді. 2011 жылы бір келгенінде мен қатты науқас едім.
– Әже, неғып жатырсыз? – деді Данияр.
– Ауырып жатырмын, – дедім мен.
– Скорый шақырдыңыз ба?
– Телефонға жетуге халім жоқ.
Осы сөзден кейін Данияр мені көтеріп алды да, машинасына отырғызып, Жандосов көшесіндегі қалалық аурухана әкеліп жатқызды. Ауруханада он күн емделдім. Данияр күн сайын келіп, дәрі-дәрмек, сусын, жеміс-жидек әкеліп тұрды. Ауруханадан шыққан соң да аяғымнан тұрып кетуіме барлық жағдайда жасап бақты.
Әркім сыйлағанның құлы ғой. Бұл балаға сыйлық жасағым келді. Оған менде ақша да жоқ қой. Азғантай пенсия квартплата пен қара нан, қара шайға әзер жетеді. Енді не істеу керек? Әрі ойлап, бері ойлап бұл тығырықтан да шықтым. Ертеректе салдырған алтын тістерімді алғызып, саттым да Даниярға алтын білезік сыйладым. Ол менің көңілімді қимай қинала-қинала алды.
Данияр келген сайын оған арнап пісірген дәмді тоқашты аузына тосамын. Шай қайнатып беремін. Менің қолымнан одан өзге не келеді? Ол менімен бірге шай ішіп отырып менің көңілімді көтеретін әңгімелер айтады. «Әже, қалайсыз?» деп Данияр үйге кіріп келгенде маған туған жерім бүкіл Атырау көшіп келгендей болады.
Қазір адамдардың көңілі кірлеп, заман бұзылған кез ғой. Кейбір иманасыздар жағдайы бола тұра өзінің туған анасын қарттар үйіне апарып тастап жатқанда Даниярдың айдаладағы мені алақанға салып аялауы адамгершіліктің көкесі емес пе?! Мұндай асылдар аз ғой, әттең! Екі дүниеде де ризамын саған, Данияр!
Мынау ауруханадан айығып шығуыңды бар ықылас, пейіліммен тілеймін. О, Жаратқан Ием, жалбарынып сұраймын, Даниярымның өмірін сақтай гөр. Жан керек болса менің жанымды ал!
– Бас дәрігер кешікті ғой, неғып бір хабарын айтпайды, – деді қатты мазасызданып тұрған Айгүл Мәлікке.
– Жолаушы кешіксе құт, тез оралса жұт демеуші ме еді, шалдар. Сабыр, Айгүл Ақылжановна. Сүйінші хабар айтып қалар. Сәл күтейік, – деді Мәлік.
Сол сәт Раушан:
– Бұдан әрі күтуге шыдам жетпейді. Жүр өзіміз барайық бас дәрігерге. Онымен сен ғана тілдесе аласың. Жүр, Мәлік, жүр, – деп күйеуін жетелей жөнелді Раушан.. Дәлізде бас дәрігер бұларға қарсы жолықты.
– Даниярдың халі нешік? – деді Раушан.
– «Приват» барғандарыңыз қате болды. Онда … – деп тілін тістей қойды бас дәрігер.
– Ондағы жағдайды өз көзімізбен көрдік қой. Данияр не халде? Құдай үшін шыныңызды айтыңызшы, – деді Раушан жыламсырап.
– Бізге, кеш келдіңіздер, ке-ш… Сәл ертерек жеткенде… кеш…іріңдер… – деді бас дәрігер жанары жасаурап.
Бас дәрігердің өрт сөндіргендей түріне қарап-ақ бір сұмдықты сезген Раушан мына сөзден кейін өзін ұстай алмай екі көзге ерік берді. Етегі жасқа толып еңіреген күйі сыртқа атып шығып, Айгүлді құшақтай алды. Раушанға ілесе шыққан Мәлік қалың топтың қақ ортасында тұрған Ерасылға жете бергенде ол:
– Не болды, бауырым, айтсаңшы, – деді дауысы дірілдеп.
– Берік бол, бауырым, берік бол, – деді Мәлік.
– Не, не дейсің сен? – Данчигім шынымен… шынымен… – деп қыстығып жылайдай алмады Ерасыл. Басы айналып, құлап бара жатқан Ерасылды Мәлік құшақтай алды.
– О, Қушынақ Құдай-ай… Даниярымда нең бар еді? Оны алғанша мені алмадың ба? – деп аңырады Алтын кейуана.
Сәуле бастап, өзге әйелдер қостаған әйелдер-ай, бауырымдап жылап, ерлер жағы үнсіз еңіреп аурухана алаңы азан-қазан болды.
Айгүл мен Ерасыл естен танды…

* * *
Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Москва совхозының директоры екі иығына екі кісі мінгендей кесек денелі, қазан бас, қыран қабақ, таңқы танау, жалпақ ерін елуді еркін еңсеріп, алпысқа иек артқан Бәйтерек Есполов кабинетінде ой құшағында отыр, ол қалай ойласа да «Не істеу керек? Мына тығырықтан қалай шығамыз?» деген сауалға жауап таба алмай қиналып отыр.
– Сол сәт ол отырған кабинетке ұзын бойлы, ашаң денелі, қара торы жігіт ағасы кіріп келе жатты. Ол орнынан атып тұрып қарсы жүрді.
– Сәлеметсіз бе, Ержан Нұрланович!
– Сәлеметсің бе, Бәйтерек.
– Қашан келдіңіз мұнда?
– Осы қазір.
– Хабар бермедіңіз бе, қарсы алатын едік қой.
– Менсіз де жұмыстарың жетеді, әурелегім келмеді.
– О не дегеніңіз, Сізді қарсы алмағанда кімді қарсы аламыз?
– Бір бұйымтайым бар, соны шешсең.
– Шешеміз, шешеміз! Жол жүріп келдіңіз. Түскі астың да уақыты болыпты. Жүріңіз үйге барып жалғайық әңгімені.
Бәйтерек есік ашып, жол бастады.
Дала бұлыңғыр. Сіркіреп жауын жауып тұр.
– Жақсы кісімен бірге жақсылық келеді. Дәл қазір көктемге дала жұмыстарының алдында жауын жауғанын жақсылыққа жорып тұрмын, Ержан Нұрланович.
– Жаңбыр жауғаны жақсы, әрине. Әзірліктерің қалай?
– Өте нашар.
– Неге?
– Тұқым аз. Жанар, жағар май жоқ. Қаржы да тапшы. Не істерімді білмей басым қатты.
– Облыстан көмек жоқ па?
– Облыстан қайран болмағасын Алматыға да барып қайттым. «Өз күндеріңді өздерің көріңдер. Бір ретін келтіріңдер» деп олар да облыстың айт-қанын қайталап отыр.
– Солай де.
– Отырыңыз, Ержан Нұрланович!
Бәйтерек «Уаз» маркалы жеңіл көліктің есігін ашты. Айтқандай, машинаңыз қайда? Шоферіңізді ала кетейік, ауқаттансын.
– Бір туысқанымның көмегімен келгенмін қайтарып жібердім.
Екеуі сөйлесіп жүріп Бәйтеректің үйіне келді.
Бәйтерек тұратын үй Асылбековке таныс. Кеңес өкіметі дүрілдеп тұрған кезде салынған бұл еңселі ғимаратты талай болған. Көкшетау обкомның бірінші хатшысы болып тұрған кезде жылда келетін мұнда. Әр бөлмесі бесқанат киіз үйдің үлкендігіндей бес бөлмелі үй біраздан бері жөндеу көрмеген болу керек жүдеңкіреп тұр екен.
– Отбасы жағдайың қалай, бала-шаға тегіс амандықта ма?
– Құдайға шүкір, үлкеніміз Азамат Алматының СХИ-ын бітірген, агроном, осында бесінші бөлімшеде управляюший. Бір ұл, бір қызым бар. Жаңа Сізге «Ата ассалаумағалейкум, ата сәлеметсіз бе?» деп жарыса сәлемдескен немерелерім Азамат пен Балауса. Келін өзіміздің Көкшенің пединститутын бітірген, филолог, осында онжылдық мектепке сабақ береді. Қазір жұмыста олар.
– Мектептің жайы қалай?
– Онжылдық деген аты. Оқушылар аз. Жоғарғы кластарда он, он бестен ғана оқушы бар.
– Неге аз?
– Совет үкіметі құлағасын ауылдан береке кетті. Халық жаппай қалаға көше бастады. Мына шай құйып отырған келініңіз дәрігер еді, медпункт жабылып қалды да, үйде жұмыссыз отыр.
– Е, солай де Бәйтерегім.
Аз сөзге көп мағына сыйғызды Асылбеков. Ас-су ішіліп болғасын екеуі Бәйтеректің кабинетіне келді.
Алматыдан ат арытып келгендегі бұйымтайым мынау.
Асылбеков Бәйтерек Байжановқа бір бет қағаз ұсынды.
Байжанов Асылбеков ұсынған бір бет қағазды оқып шықты да, аң-таң болды.
– Ержан Нұрланович, бұл не қалжың ба?
– Қалжыңдасатын уақыт па қазір.
– Сонда қалай, Сіз шынымен управляющий болып істемекшісіз бе?
– Тап солай.
– Райком секретары, тым болмаса совхоз директоры да емес, управляющий. Ақылым жетер емес.
– Колбин Қазақстаннан кетер алдында Бас хатшы Назарбаев екеумізді қабылдаған.
– Одан хабарым бар. Сіздің Горбачевқа «Жас қой, Колбиннің орнына Назарбаев барсын, мен екінші болса да ризамын» деген сөзіңіз елге аңыз болып тараған. «Асылбековтің сөзі де, ісі де ірі ғой» деп риза болған халық.
– Алматыға келгесін Назарбаев Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші секретары қызметінен босатты. «Әзірше демала тұрыңыз, хабар өзімнен болады» дегесін екі ай күттім. Жұмыссыз отыра алмағасын партия құрдым. Оның өмірі ұзақ болмады.
– Сіз «Ауыл» партиясын құрып, жақсы жұмыс істей бастағанда халық, әсіресе, ауылдағылар қатты қуанып еді. Билікті партияны таратып жібергеніне өкінді халық.
– Одан кейін де екі ай жұмыссыз отырдым. Жазаның ауыры – адамды жұмыссыз қалдыру. Көп ойланып, көп толғанып, «Еліме барайын, қолымнан келгенше халқыма қызмет етейін» деп бекіндім.
– Апыр-ай, енді қайттік? Шынымды айтсам қатты қиналып отырмын.
– Неге?
– Сізге бір бөлімшені қимағандықтан емес, азсынғандықтан. Қолымнан келсе, мына қызметімнен бас тартып, бүкіл совхозды берер едім, оны жоғары жақ шешеді ғой.
– Қиналма, қисаң екінші бөлімшені бер.
– Ойбай-ау ол қирап қалған бөлімше ғой. «Бұл ауылдың құрдымға құлдилаған шаруасын түзеу мүмкін емес» деп управляющий кетіп қалды жақында. Тым болмаса жағдайы өзгелерге қарағанда біршама тәуір төртінші отделенияға барыңыз.
– Қирап қалғанымен ең үлкен бөлімше ғой, басқаларға қарағанда халықта көп онда.
– Жақсы, айтқаныңыз болсын.
– «Москва» совхозының директоры Бәйтерек Байжанов сол күні Ержан Асылбековті екінші бөлімшенің басқарушысы етіп тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды.

* * *
Бұрын жайнаң қағып, жарқылдап жүретін Райхан Арқалыққа келгелі күрт өзгерді. Көңілін көңілсіздік бұлты торлап алды. Жақұттай жарқыраған сұлу жүзі күнге күйген бөздей салғын тартты. Ешкіммен сөйлеспейтін тұйық тұңғиыққа тартып барады… Маңайында емежарқын әңгімелесіп, сырласатындай да ешкім жоқ. Арқалыққа келін болып келгеніне төрт жылдан ассада жаңа ортаға сіңісіп кете алар емес. Көзінде – мұң, жүрегінде жазылмайтын жара бар. Ол мұң – сағыныш мұңы, ол жара – махаббат жарасы. Көздегі мұңда, жүректегі жара да бірақ адамға – Ерасылға байланысты. Күні-түні ойлайтыны – Ерасыл. Көзін ашса да, жұмса да көретіні соның, сұлу бейнесі.
Ерасылды көрмегелі төрт жыл, төрт ай, төрт күн. Көргісі келіп сан мәрте бұлқынды, жұлқынды жаралы жүрек. Сәті түспей-ақ қойды. Алғашқы жылы сабыр түбі – сары алтын. «Сәл шыда, Райхан, ертең-ақ жетіп келеді Ерасыл» деп өзін-өзі жұбатты. «Данышпандық дегеніміз – төзе білу» деген Флобер сөзін көңілге медеу етті.
Бұдан әрі сағынған, жүдеген жүректі жұбата алмағасын өзі баруға бекінді Алматыға. Ұшаққа билет алып ұшқалы тұрғанда Ерасылдың Парижде жүргенін естіп алып ұшқан от-жалын көңіл үстіне мұздай су қойғандай қоламтаға айналып бара жатты. Ғашық жүрек күйіп-жанып тағы бір рет талпынғанда Ерасылдың күні кеше Америкаға аттанып кеткенін естіп қатты күйзелді. Күйіктен іші өртеніп, өле жаздады…
Жан дүниесінде арпалысқан, шарпысқан сезімдермен алысып, іштегі күйігін баспақ болып, жазу столына отырды. Сол сәт оның қаламынан:
Ерасылым, керемет ең не деген!
Бар нәрімді сығып алып денеден,
Бал шырынның бір тамшысын қалдырмай,
Барлығын да бір өзіңе берем мен, –
деген жыр жолдары туды….
«Қысылғаннан қыз болдық» – деген осы екен ғой, деп мырс етті іштей өзін-өзі мысқылдап.
Арқалыққа келгесін жоғарғы сынып оқушыларына ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген Райханды қала басшылары қолқалап ортан қолдай орта мектепке директорлық қызметке тағайындады. Сол дұрыс болды. Өзіне қандай міндет жүктелсе де асқан жауапкершілікпен беріле жұмыс істейтін Райхан еңсесін басқан ауыр ойлардан күндіз бір сәтке болса да арылды. Бұл басқаратын мектептің проблемасы көп. Кеңес өкіметі кезінде, Брежнев заманында салынған ескі ғимарат жылдар бойы жөндеу көрмеген, құлағалы тұр. Бұл проблемамен біраз айналысып қала, облыс басшыларының биыл оқу жылы аяқталысымен күрделі жөндеу жасаймыз деген уәделерін алды жақында. Ұжымның да проблемалары аз емес. Біреуге үй, біреуге күй керек. Райханның билік алдында да, халық алдында да беделі биік екенін білетін мұғалімдердің өтініші көп. Соның бәрін біртіндеп рет-ретімен шешіп келеді Райхан. Ең қиыны осы үлкен ұжымның екі топқа бөлініп алып, айтысып тартысуы еді, осы тұста дипломатиялық дарыны көмекке келіп, оларды да татуластырды. Мектептің бірін шешсең тағы бірі шыға келетін көп проблемасымен айналысатын жұмыс күні Райханға жеңіл, ең ауыры жұмыстан кейінгі кез. Мұндайда уақыт өтпейді, өтпейді деу аз бір орнында жылжымай тұрып алады.
Бүгін жексенбі. Райхан үйде жалғыз. Күйеуі Нұртілеу сапарда. Райхан үш бөлмелі пәтерде төрт қабырғаға қамалып отыр. Жалғыз…
Райханның ойына Лерментовтың:
Жалғыздық қандай жаман еді,
Мына бір қапас өмірде.
Қуанышқа ортақ адам көп,
Ешкім жоқ қайғы бөлуге, –
деген жыр жолдары оралды. Көз алдына Арқалыққа аттанар алдында Ерасылдың бетін құшырлана сүйгені нұр төгілген көзі, шуақ шашқан жүзі келді. «О, дариға арман-ай. Қайта айналып келер ме еді сол бір сәт» Райхан ауыр күрсінді. Қайдасың қарлығаш қанат қуаныш?
Ты не доступен как совесть,
Ты всегда со мной как воздух, –
деп Анна Ахматованың жұлдызды жырын іштей қайталайды. «Қандай ғажап өлең! Бар болғаны екі-ақ жолмен қалай жеткізген қасиетті, сұлу сезімді». Менің жанымның жарасы, о дүниеге өзіммен бірге кетер асыл арманымды қалай тап басып айтқан! Ерасылым, жаным! Қайдасың? Естимісің менің сені сағынған дауысымды. Естиді! Сол сәт Райханның ойына Шараф Рашидовтың «Кашемирская песня» хикаясындағы «У любви особый голос. Он долетает до неба, проникает в глуб земные, перелетает через океаны и моря. Кипящие волны и смереч. Не могут полечит его» деген сөздер оралды…
Райхан бүгін де жалғыз. Күйеуі Нұртілеу Қостанайға жиналысқа кеткен. Түн ортасы ауып барады. Кірпігі айқасар емес. Жата-жата жалыққасын төсектен тұрып кетті. Денесі күйіп-жанып, жанын қоярға жер таппады. Шөлдеген сияқты болғансын салқын лимонадты қылқыта жұтты. Сосын седкин ішті. Өзін қоярға жер таппай душ қабылдады. Душтан шығып жатын бөлмеге келді. Кісі бойындай айна алдына келіп шашын тарамақ.
Үп-үлкен айна аршылған жұмыртқадай аппақ тәнді айдай анық көрсетіп тұр. Ботаның көздеріндей үлкен, таңғы шықтай мөлдіреген екі көз қарлығаштың қанатындай қиылған жіңішке қас пен аппақ жазық маңдайға талықсып туған айдай жараса қалыпты. Ерте піскен шиедей албыраған алқызыл еріннің үстіндегі қыр мұрын алаулаған алма бетті керемет, кермиық көркем көрініс болып, таңдай қақтырады. Ұзынша келген жұп-жұмыр сүйір иек астындағы ақ тамақ ақ мақтадай үлбірейді. Кішкене келген қос құлақ ақ қайыңға сән берген жасыл жапырақтай. Қара ормандай қою, қара түндей қап-қара қою шаш, ұп-ұзын қайқы кірпік, түп-түзу, ұп-ұзын сирақ жаңа жау-ған ақша қардай аппақ сан, сымбаты бөлек сұлулығымен көз суарады. Сол екі санның арасындағы қара түбітпен көмкеріліп үлбіреген күн тимеске көз қиығы түскенде өне бойын әлдебір жалын шарпып өтті. Оймақтың ойығындай кіндік үстіндегі қарын бәйге аттың ішіндей тартылып тұр. Жіп-жіңішке қынама қыпша бел мен сәл шығыңқы қос мықын қандай сұлу! Қаз кеудеде кеседей төңкерілген қос анар дем алған сайын көтеріліп басылады. Жығылмай тіп-тік тұрған жұмыртқадай топ-толық анардың ұшындағы кіп-кішкентай, сүп-сүйір бөбешік ақырын ғана дір-дір етіп, дертіп тұр. Енді бір сәт арқасын айнаға беріп көз қиығын салды. Тіп-тік қом иықтағы қос жауырын ортасынан төмен қарай тартылған өзеннің арнасындай ойпаңдау сызық, кедір-бұдыры жоқ теп-тегіс омыртқа мен әсем жымдасқан, қай қырынан қарасаң да жанарыңды суарған мінсіз мүсін айнаға шағылысқан ай нұрымен анық көрініп тұр…
Осы балбыраған балғын тәнім де, күнтиместің шыңырқауында тұнған тұп-тұнық балшырынның өн бойына удай таралып есіңнен тандыратын уыты да сенікі, бірі сенікі емес пе еді, жанып сүйген жалғызым Ерасылым! Тым болмаса сол уға бір рет уланып, естен тана есеңгіремедік. О, жарық дүние жалған-ай, қол жетпеген арман-ай…
Күйіктен іші өртеніп, үгелек жүрегі үгітіліп бара жатқан Райхан төсекке тыр жалаңаш құлай кетті. Бота көзден парлаған ағыл-тегіл ащы жас ақ жастыққа ақ жаңбырдай үздіксіз құйылып жатты.

* * *
Ол бардюрге сүрініп кетті. Тұра бергенде аяғы ауырып, басқызбады. Сол аяқтың үсті – дөңес екен. Салмақты оң аяққа салып, қисалаңдап тұрғанда бір жас қыз жүгіріп келіп, қолтығынан демеді.
– Аға, қалайсыз?
– Сол аяғым бастыртпайды.
– Такси ұстап, ауруханаға апарайын.
– Таксидің қажеті жоқ, ана жол жиегінде тұрған қара «Лексус» менің машинам. Улдалдап соған жетейік.
Ол иығын тосқан бейтаныс қызға салмағын сала әзер жетті машинаға.
– Асықпаңыз аға, ауруханаға алып барамын. Рөлге мен отырайын.
– Машина жүргізе аласың ба?
– Жүргізе аламын.
– Есімің қалай, қалқам?
– Гүлнұр.
– Ғафу етіңіз, Сіздің атыңыз кім, аға?
– Айдын.
Гүлнұр Айдынды ауруханаға алып келді. Олар ренгенге түсіріп, гипс салды.
– Қайда тұрасыз, аға?
Бағанашылда. Қасым Аманжолов көшесі, он жетінші үй, төртінші пәтер. Абдолла Жұмағалиев көшесінің қиылысы.
– Екі бірдей айтулы ақын түйіскен жерде тұрады екенсіз, бұл да тегін емес, шамасы ақын боларсыз.
– Ақын болу арманым еді. Талантты Тәңірі береді. Талант болмағасын басқа жолмен кеттім.
– Құпия болмаса айтыңызшы, аға, ол қандай жол.
– Оның еш құпиясы жоқ, бизнесменмін. Мамандығым – заңгер. КазГУ-дің юрфагін бітіргенмін.
Екеуі әңгімелесе жүріп, Айдын айтқан мекен-жайға жетті. Айдынның пәтері үшінші қабатта, бірінен бірі үлкен төрт бөлме екен. Айдынды сүйемелеп, әкеліп, жатын бөлмедегі төсегіне жатқызған Гүлнұр бірден кетіп қалмады. Бөлмелерді тегіс шалып шықты. Жарқыраған үлкен люстралар мен жалт-жұлт еткен итальян мебельдері көз жауын алады. Бөлмелер ашық-шашық. Әр жерде әртүрлі киім-кешек, әрқилы заттар шашылып жатыр. Гүлнұр білек пен балақты түріп тастап, ас әзірледі, бөлмелерді жинастырып, жауһардай жарқыратты. Сосын Айдынды сүйемелдеп, ас үйге әкеліп тамақтандырды. Біраздан бері ыстық тамақты ұмытқан Айдын салма ішіп, қуырдақ жегесін бойы жеңілденіп сала берді.
– Тамағың дәмді екен, рахмет, қалқам, – деді Айдын жанарын жуып кеткен терін сүртіп жатып, кілегей қатып, қалампыр салынған қою шай ішкен Айдын пора-пора болып терледі.
– Мамандық қандай, қалқам?
– Актрисамын.
– Қайда істейсің?
– ТЮЗ-да.
– Қаншадасың, қалқам?
– Отыз жетідемін, аға.
– Актриса үшін отыз жеті жас. Шығар асуларың әлі алда. Мен алпыс жетідемін.
– Сізде домработница жоқ па?
– Болған. Бір ай бұрын басқа қалаға көшіп кетті. Жұбайым босана алмай өзі де, нәрестеміз де шейт болды перзентханада.
– Қашан?
– Осыдан екі жыл бұрын. Содан бері бойдақпын. Сосын ғой үйдің шашылып жатқаны.
Гүлнұр Айдынды жатын бөлмеге әкеліп жатқызды. Төсек жанындағы томочкаға минерал су мен сок, стакан қойып қойды.
«Аға, енді жақсылап демалыңыз» деді аяғының ұшынан басып, шығып кетті. «Рахмет, қалқам!» деп қала берді Айдын.
«Тереңде жатқан балшырынымның дәмін есімнен тандыра алғаш татып, ақ төсекті қызыл қанға бояған аспирант жігітке берген сертімді бұзып, бұлаңдап жүргенім жақсы болды. Мына шал алпыс жетідемін деді ғой. Отыз жас үлкен екен. Бола берсін. Мені асырамақ түгіл өз күндерін зорға көріп жүрген өңкей кедей қара сирақ жастардан не пайда. Онан да мынандай бай шалдың етегінен ұстап, үлде мен бүлдеге оранып шалқып жүрген жақсы емес пе? Әйелі қайтыс болғалы екі жыл өтсе де үйленбепті. Басы бос. Бұл да болса құдайдың қарасқаны емес пе? Басын айналдырып, қойнына бір кірсем аржағы оңай…»
Гүлнұр алдағы дүниені шайқап жүрер сәтті, тәтті күндерін көзіне елестетіп, құрқылтайдың ұясындай жалдамалы пәтерге қуаныш арқалап кірді…
«Гүлнұр бір мұң болғыр екен. Түрі қандай әдемі! Бет әлпеті сұлу. Фигурасы қатып тұр. Ұзын бойлы. Бота көз. Сидам сирақ. Алма мойын, аршын төс. Саусақтары қандай ұзын, салалы. Ақ білегі мойныма асылса. Салалы саусақ тәнімді сипап, шашымды менің тараса. Жұпар иісті қою шашын иіскеп, алаулаған алқыз еріннен сүйіп, құмарымды қандырсам. Ақ анарын ай нұрына сүйгізіп, ақ төсекте ақ маралдай керіліп жатқанында жалаңаш жатып алып аппақ санның арасындағы түбітпен көмкерілген күнтиместің балшырынын татсам ғой, шіркін…»
Айдын қиял құшағында жатып, ұйықтап кетті.

* * *
Қазақстан Президентінің іс басқармасына қарасты аурухананың жансақтау бөлімінде екі тәулік жатқан Айгүлді дәрігерлер екінші терапиядағы бір кісілік палатаға орналастырған болатын. Айгүл ол жерде екі укол, екі система қабылдады да, сол күні кешкісін үйге келді.
– Неге асықтың? Біраз жатып, күш жинамадың ба? –деп сұрағандарға:
– Ендігі емді үйде қабылдаймын, – деп жауап берді Айгүл.
Айгүл ауруханадан үйге оралғаннан кейін екі күн өткенде Астанадан Төреғали Тәшенов келді, Ерасыл мен Айгүлге көңіл айтты. Баяғыдан бері биліктің биік баспалдағында жүрген Төреғали Нұржанұлы Қазақстанда ғана емес, шетелдерге де танымал тұлға. Өзі көсем, өзі шешен Төреғали Тәшенов халыққа сүйкімді. Оны зиялы қауым, әсіресе, жазушылар жақсы көреді. Кезінде республика жастарының көсемі, өзінің көмекшісі болған оны ылғи қиырға ұшырап, қиынға салады Елбасы. Қиындық атаулының нар қамысын ел қамы үшін жолбарысша жарып өтеді сабазың. Тәуелсіздіктің жиырма бір жылында талай биік баспалдақты басып өтті. Мемлекеттік хатшы да, Президент әкімшілігі аппаратының жетекшісі де, облыс әкімі де, оны айтасыз Премьер-министр де болды ол. «Мен Президенттің өнімімін» деп ылғи сыпайы болса да, шындап келгенде Елбасының өзімен иықтасып тұрған салиқалы, салмақты саясаткер екенін халық мойындағалы қашан! Білімділігі мен білігі әйгілі ақын Алмас Айтуғановпен жазысқан хаттарынан да, сирек жарияланатын сұхбаттарынан да айқын аңғарылып тұрады. Көсемдігіне көңілің, небір асыл қасиеттерін ішіне жасырған көркіне көзің тояды. Шешендігі сонша көп алдында топ жарып сөйлеп кетсе шашасына шаң жұқпайды. Астанада сырт көз сыншы шетелдіктер қатынасқан аса маңызды бір жиында мәртебелі мінбеде сөйлеп тұрып «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының шап-шағын облыс орталығын астана жасап, бар болғаны он жылда әлем картасынан ойып тұрып орын алған сымбаты бөлек сұлу қала салып, Қараөткелге қалың елді қондырған көреген саясаты болмағанда біз бүгін Еділді емес, Есілді жоқтап отырар едік. Өзге ерлігін айтпай-ақ тек осы даналығы үшін ғана Елбасы бүкіл халықтың ақ жүрегінен ақтарылар алғысқа лайық!» деп төгілдіріп еді Төреғали Тәшенов.
Сол Төреғали Нұржанұлы бастан асқан барлық жұмысты жиып қойып, Ерғали мен Айгүлге көңіл айту үшін Астанадан Алматыға арнайы келіп отыр. Ол осы келісінде дастархан басында үш сағат отырды. Сол үш сағаттың ішінде шелпектен ауыз тиіп, бір кесе шайды жартылай ішті. Кейбір кеңкелестердей аузы астан емес, сөзден босамады. Ара-арасында үзіліс жасап өзгелерді де тыңдай отырды.
– Бұл қайғының аса ауыр екенін халық та сезіп, біліп отыр, – деп бастады сөзін Төреғали Тәшенов. – Мұндай аса ауыр жүкті Алла тағалла өзің сынды үлкен тұлғаларға артады. Үкілеген үміті Шоқаны қайтпас сапарға кеткенде Шыңғыс төре Уәлиханов қайғыдан қан жұтып, басын көтере алмай қалыпты. Сүйікті Әбдірахманы пәниден бақилыққа аттанғанда Абай да «ішім өлген сыртым сау. Мен ішпеген у бар ма?» деп күңіренген екен. Ертөстігім бір бөлек дегендей өзгеше сүйіп, бөлекше өбектеген ең сүйікті ұлы Жошыны тағы құландар таптап өлтіргенде айбатынан ай жасырынып, күн жасқанған Шыңғысхан: «Кім ұлымның өлімін естіртсе көмейіне қорғасын құямын» деп теріс қарап жатып қалса керек. Сонда атақты Абыл күйші шебер шерткен шешен домбыраның дабылды даусымен естірткен екен Жошының өлімін.
– Қадірің асқан, теңіздей терең ойыңды бұлт басқан, хан ием! Сүйікті ұлың Жошының қазасын естірткен мен емес, мына домбыра. Хан екі сөйлемейді. Жазаласаң домбыраны жазала, – депті.
Сөйтіп қорғасын күйшінің аузына емес, домбыраның көмейіне құйылыпты.
Сүйікті ұлдары қайтқанда Әбіш Кекілбаев та, Асанәлі Әшімов те, Өмірзақ Айтпайұлы да, Иран-Ғайып та, Шыңғыс төре мен хакім Абай, әлемді жаулаған Шыңғыс хақан, жұтқан уды жұтпады деймісің?
Сол қайғы, қасірет сіздің де басыңызға түсті, Ереке! Десек те сабыр, сабыр. Сіз еңбегіңіз Парижге жеткен, атағыңыз алысқа кеткен тұлғасыз! Бізге ғана емес елге де керексіз. Арқаңызда қара орман халық тұр. Жаныңызда біз бармыз. Қайғыны бөліссе азаяды, қуанышты бөліссе көбейеді демеп пе еді даланың дана шалдары. Халықтың өзіңізге деген шексіз сүйіспеншілігіне арқа сүйеңіз, көптің көңіліне табан тіреңіз. Құдай қуат берсін.
Осылай төгілтіп сөйлеген Төреғали Тәшенов бір мезет тоқтай қалып, дастархан басындағы көптің сөзіне құлақ түрді.
– Даниярдың қыршын кетуі бар қазақты күңірентіп кетті, – деді жетпістің жотасына шыққан әйгілі прозашы, драмматург Думан Иманжанов.
– Данияр періште еді, пейішке кетті, – деді елуді еңгерген белгілі ақын Жазылбек Қуанышбаев.
– Бір емес, үш бірдей ауыр соққы алып есеңгіреп отырмын, – деп бастады Ерасыл сөзін. Бірінші – Даниярым жас, өте жас кетті. Құдай-ау, жиырма бір деген қасқағымнан да қып-қысқа емес пе? Тым құрыса отызға да жетпеді-ау құлыным! Екінші – үйлену тойының не алдында, не соңында емес, салтанатты сәтке санаулы минуттар қалғанда… Ой, Алла-ай, мұндай сұмдықты кім естіп, кім көрген. Үшінші – менің Данашым қасиетті, киелі еді. Ол туғанда Қазақстанда «Северное сияние» болды. Республикамыздың «Солтүстік шұғыласына» бөленгелі жайлы газеттер жабыла жазды кезінде. Енді мына ғаламатты айтайын: менің Даниярым өмірден озған күні, дәл сол сағат, сол минутта жаңа жұлдыз – «Дельфин екі» туды аспанда. Жапон ғалымдары ашқан бұл өзгеше жұлдыз жайлы хабар интернет пен газет беттерінде өріп жүр. Менің құдам Мәлік пен құдағиым Раушанның қызы, мына отырған Құттыбектің қарындасы, тұңғыш ғарышкер Тоқтардың келіні Динаның үйлену тойына деп алған білезік пен сақинасының асыл тастары Данашымның жүрегі тоқтаған сәтте қап-қара болып қарайып кетті. Даниярым жүрегі соқпаған, өмір мен үшін тоқтаған сағат, минутта оның бөлмесіндегі сағат та тоқтапты. Осындай құпиясы көп, сыры терең тылсым жайлар көп болды Данашым өмірден озғанда.
– Қазір ғылымның қатты дамыған кезі ғой, – деп бастады Төреғали Тәшенов сөзін. – Ғалымдар аса сезімтал, аса алғыр құралдардың көмегімен адамның жанын суретке түсіріп алыпты. Адамның жанының салмағы жиырма грамм, ал түсі көк екен. Данияр періште ғой, ол пейішке кетті дейтін сөздің жаны бар. Кейбір діндердің пайымдауынша періштелердің өзі де пейішке бірден бармайды екен. Өмірден озған соң оның жаны аспанда ұшып жүреді-мыс. Сосын Жаратушы иеден жарлық болған күні пейішке барады олар. Осы екі сенімнің қайсына ден қойсаңыз да Данияр бауырымыздың рухы бізбен бірге. Оның рухы асқақ, аруағы разы болу үшін де жылай беру жөн емес. Хакім Абай сөзімен айтсақ, өмірден «Жайнаған туы жығылмай» озған, асқан қайырымдылығымен артына ізгілікті із қалдырған Данияр бар қазақпен бірге жасай береді. «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, күн болмағанда кім болам» деп жүріп отызға жетпей өмірден озған Сұлтанмахмұттың сөзімен:
Көңілге қайғы у салып.
Көзден жасты парлатқан.
Жүрекке жара дақ салып
Жанды ашытып зарлатқан
Уты күшті, ажал-ай.
Бақытын жастың ашқызбай
Қапыда қалдың не түсті? –
деп қайғырсақта мың жылда бір туатын данышпан Абайдың Әбдірахманның әйелі Мағышқа айтқан:
Жылағанды тоқтатып,
Ынсап қылсақ жарайды.
Қоймасаң қайғы ауыр боп
Тұл бойыңа тарайды.
Қызыл гүлің суалып.
Ақ көңілің анық қарайды
Һәмма жанды ауылымен
Патша құдай сынайды.
Бір сен емес жылатқан
Сыңарын алып талайды.
Бәрімізді аясаң,
Тоқтау қылсаң ұнайды.
Ұмытқаның жарамас
Жаратушы құдайды…
деген даналық сөзіне тоқтасақ керек-ті.
Рас, өмір деген қасқағым. Жетім менен жесірге асқан қайырымдылықпен болысып, аса үлкен білім, ақыл-парасатымен небәрі жиырма жасында тұлға болып толысқан Даниярдың өмірі сол қасқағымнан да қысқа болғаны өзекті өртейтін өкініш. Алайда ұзақ өмір сүрсе де өмірге босқа келіп, босқа кеткендерден қысқа да болса қызулы, мағыналы өмір сүрген Данияр бауырымыздың жөні бөлек, жолы басқа. Өмірге деген ғашық жүрекпен айналасына аспандағы Ай мен Күндей үнсіз сәуле шашқан, періште күйінде пейішке кеткен Даниярдың өмірі мәңгілік! Жақсының жығылғаны да жақсы депті даланың дана шалдары. Озбайтын өмір, сынбайтын темір жоқ. Әкесінің баласы мен адамның баласы жайлы ұлы Абайдың сөзі мен «Құйрықты жұлдыз секілді, туды да көп тұрмады, көрген, білген өкінді, мін тағар жан болмады» деген жыр жолдары еске түседі Данияр жайлы ойлағанда. Жас та болса ақылға бай дана бауырымыз болғаны жылаған жүрекке жұбаныш.
Асығып, аптықпай үш сағат отырып парасатты пайымдармен Ерасыл мен Айгүлдің көңілін аулап, алыстан барлап, қара жамылып, қан құсып отырған ата-ананың көз жасын сүрткен Төреғали Тәшенов үй толы кісілермен табиғатына тән кішілікпен қоштасып, кісілік танытты. Ол кеткесін ұзаққа созылып бара жатқан тыныштықты дастархан басында Ерасылға қарсы отырған қайратты қалың шашын ақ қырау шалған, кең кеуделі, тік иықты, жазық маңдайына қос сызық темір жол релісіндей жарыса тартылған, аққұба жігіт ағасы бұзды.
– Төреғали Тәшеновті халық босқа мақтап, зиялы қауым бекер жақтамайды. Байқадыңыздар ма, өн бойынан бітімі бөлек бекзаттық аңғарылып тұр. Үйге кіргеннен шыққанға дейінгі жүріс-тұрысынан, сәлемдесуінен бастап айтқан сөздеріне дейін мінсіз ғой, мінсіз.
– Қалихан, сен өзің астаналық болғасын бүйрегің бұрып тұр ғой. Әркім өз әкімін мақтайды, – деді Ерасыл.
– Жастайынан бірге өскен әрі туыс, әрі дос, әрі құрдас болғасын мені шымшып, әдейі бұра сөйлеп отырсың ғой. Әйтпесе, Төреғали Тәшеновті көп мақтайтынның бірі өзің емессің бе? – деді Қалихан.
– Не айтатыны бар, Төреғали Тәшеновтың осы келісінің өзі өзгелерге ұқсамайтын өзгеше келіс емес пе? – деп сөзге араласты Жандос.
– Ол қандай өзгешелік? – деп елең ете қалды әр нәрсені білуге құмартып тұратын Әбен.
– Төреғали Тәшенов осы сапар ұшақ жалдап келіпті және жалдау ақысын өзінің жеке қаржысынан төлепті. Себебі оның рейсывый ұшақпен келіп-кетуге уақыт жоқ. Сосын осында келмес бұрын Даниярдың басына барып дұға оқыпты.
– Оны қайдан білдің? – деп сұрады Хамит.
– Мана Төреғали Нұржановичті күтіп сыртта тұрғанымызда ол кісінің көмекшісі Сұлтан Мұратов келе қалды. Сол айтты, шеф қыруар тірліктің бәрін жиып қойып Ерасыл Жақсыбековичке көңіл айту үшін арнайы келді. Осында мұнда өзге жұмысымыз жоқ. Шеф осы үйден шығысымен қайыра Астанаға ұшамыз, – деп. Менімен бірге Төреғали Нұржановичті күтіп алуға шыққан Құттыбек те естіді бұл сөзді. Рас па, осы айтып тұрғаным, айтшы Құттыбек, – деп жанында отырған ұзын бойлы, ат жақты, ашаң денелі жігітке мойынын бұрды Жандос.
– Рас, рас, – деді Құттыбек.
– Президенттің Жарлығымен тағайындалған судияның сөзіне кәусіз де сенеміз, – деді Қалихан.
– Сот өтірік айтпайды деген бекер. Өзгесін білмеймін, мына Жандостың кейде қисынын тауып, қиюластырып өтірік айтып жіберетіні бар, – деді Ерасыл.
– Бұра қашқан түлкіге жақсы, бұра сөйлеген күлкіге жақсы, – деп алып Брежнев жайлы көп анекдоттың бірін айтып сөйлеп кетті Сейілхан.
– Манадан бері бірін-бірі жеңіл қалжыңмен қағытып отырған топ күлкіге кенелді де қалды.
Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз деген осы – деп ойлады Ерасыл. – Даниярдың қабірінің топырағы кеппей жатып күліп отыр мыналар. Бұларды кінәлауға да болмайды. Мен құсап қайғыра алмадың деп айыптауға бола ма? Өз басынан өтпегенсін өзгенің қайғысын жан, жүрекпен ұғу қиын. Олар күлгенмен мен күле алмадым. Өзегім өрт, жаным дерт. «Ішім өлген, сыртым сау» бақытсыз, бейбақ, сорлымын. Бақыт деген мен үшін Данчигім еді, ұлыммен бірге келмеске кетті бақытым…
Жанынан артық жақсы көрген ұлы қыршынынан қиылған Ерасыл қара жамылып, қан құсып қайғымен бірге түнеп, бірге жүр. Келешегі кемел жас данышпанды жалмаған адамзаттың дұшпаны ажал атты сұмырай түк болмағандай жалт-жұлт етіп келесі құрбандығына құрық салғалы жымысқы жымиып құтырып тұр.
«Әттең әймен» жүргенде көзді ашып-жұмғанша өте шығатын өмір атты қу тірлік құтыңдап жалғасып жатыр…
Дүние жалған деген осы да.

* * *
Президент Ерасылды күні бұрын келісілген уақытта Алматыдағы резиденциясында қабылдады.
– Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің уақытыңыздың аз, жұмысыңыздың көп екенін білеміз. Соған қарамастан уақыт тауып, қабылдағаныңыз үшін рахмет, – деді Ерасыл қызғылт-қоңыр былғарымен тысталған үлкен креслоға отырып жатып.
– Уақыттың тым тапшы екені рас, – деді Президент Ерасылға жылыұшырай қарап – әйтседе халықпен, тем более жазушымен сөйлеспегенде кіммен сөйлесеміз. Еркін отырып қысылмай еркін сөйлеңіз.
– Сіздің алпауыт елдердің бірінші басшыларымен келіссөз кезінде оларды үйіріп әкететіндігіңізге сүйсінемін. Сондай жұлдызды сәтте менің ойыма Андрей Белыйдың: «Умные люди бывает влятельный» деген сөзі оралады. АҚШ Президенті Барак Обамамен терезеңіз тең тұрғанда Сізге қатты риза боламын.
– Бәрі де елдің қамы ғой.
– Халқымыздың жанқиярлық еңбегі мен Сіздің сарабдал саясатыңыздың арқасында еліміз талай тамаша табыстарға жетті, – деп сөзін сабақтады Ерасыл. – Алда өзіңіз бастамашы болған әлемдегі ең озық отыз елдің қатарына қосылу міндеті тұр. Осы тұста зиялы қауымға, оның көшбасшысы қаламгерлерге де үлкен міндеттер жүктеледі. Осыған орай көптен көкейде жүрген ойларымды кеңірек баяндасам бола ма?
– Болғанда қандай! Асықпай рет-ретімен айта бер, – деп демеп жіберді Президент Ерасылды.
– Ең алдымен көкейтесті бір сауалға жауап беруіңізді өтінемін.
– Иә, – деп елең ете қалды Президент.
– Батыстағы аюдай ақырған ормандай қалың орыс пен шығыстағы қара шегірткедей қаптаған қысық көз қытайдың бірде ығына жығылып, қажетті жерінде сес көрсетіп, абылайшалап елімізді жартастарға соқтырмай аман алып келе жатырсыз. Мына шекаралық өзендер деген мәселе мені қатты алаңдатады. Наполеон: «Қытай ұйықтап жатқан дүю, алапат жын. Ол оянып кетсе әлемге қатерлі» депті. Ұйқысынан оянған алып қытай күндердің бір күнінде өз жерінен басталатын шекаралық өзенді бөгеп не басқа бағытқа бұрып жіберсе бір емес, бірнеше обылысымыз сусыз қалып, күніміз қараң болмай ма?
– Қаупің орынды, Ерасыл. Әйтседе, сарыуайымға салынба. «Жақсының басына іс түссе бойлай біледі, жаманның басына іс түссе ойлай береді» демеп пе еді, даланың дана шалдары. Сіз бен біз мұндайда ойлай да, бойлай да білуіміз керек. АҚШ, Ресей, Қытай сияқты алып елдермен арпаласып ұшпаққа шыға алмасымыз анық. Қазақ сияқты аз халыққа ақыл-айла керек. Біз қарудың емес, ақыл-ойдың қуатына, сөздің күшіне арқа сүйейміз. Алпауыт елдің басшылары айлалы түлкі болса тазы болып шалу керек. Оларды дос пейілін танытып, бауырыма тартамын, бірақ, кішірейіп қолтығына кірмеймін. Алыптың да осал тұстары болады.
Осалдықтан Қытай да құралақан емес. Өзің айтқандай, Қытай күндердің бір күнінде шекаралық өзендер арқылы қыр көрсетер болса оған қарсы қолданар шаралар бар бізде…
– Ғафу етіңіз, тағы бір күдігімді айтайын.
– Айта бер.
– Ресей әрнәрсені бір желеу етіп, референдум өткізіп. Украинадан Қырым мен Севастопольді тартып алды. Тарихқа жүгінсек Қырым татарлардың атамекені. Ресейдің Украинаға жасаған әлімжетілігі өте қатерлі үлгі. Күні ертең Солтүстік облыстардағы орыс ағайындар референдум өткіземіз, Ресейге қосыламыз десе не істейміз? Үкімет ол өңірлерге шет елдерден келген қандастарымызды орналастырамыз деген шешімді тым кеш қабылдаған сияқты.
– Кеш емес. Бұл өте нәзік мәселеге мен үкіметтің кешегі шешімінен көп бұрын мән бермегенмін. Есіңде ме, осыдан бірнеше жыл бұрын арнайы жарлықпен Семей облысын Шығыс Қазақстан облысына қосқаным. Сол шешім күні ертең туындауы мүмкін проблеманың алдын алуға жасалған алғашқы қадам болатын. Солженицин, Горбачев, Пугачев сияқтылардың саяси сандырағына сол кезде-ақ тосқауыл қойылған. Үкіметтің бүгінгі шешімі сол кездегі сарабдал саясатымыздың заңды жалғасы. Қазақстан халықтары Ассемблеясы ұлтаралық келісім мен түсіністікке қызмет етіп келеді. Осы тұста жазушылар қауымы да ұлт араздығын болдырмауға күш салуы қажет. Қаламнан үлкен қару жоқ. Сол қаруды халқымыздың бірлігі, жеріміздің тұтастығы үшін жұмсау парыз. Халық алмас қамал бар ма?! Бірлік түбі – тірлік. Билік бастап, халық қостап, жұдырықтай жұмылсақ шешілмейтін түйін, алынбайтын асу жоқ.
– Көңіліміздегі уайым бұлтын сейілтіңіз. Рахмет сізге, Нұреке! Енді ортақ ісімізге пайдасы тиюі мүмкін-ау деген нақты ұсыныстарымды баяндауға болатын шығар.
– Болғанда қандай!
– Президент жанынан мәдениет жөніндегі Ұлттық комиссия құрылса. Өзіңіз білесіз, мәдениет деген ұлы сөздің ауқымы өте кең. Бұл білім, ғылым, өнер, әдебиетпен бірге өзіңіз қайталап, қадап айтып жүрген ырыс алды – ынтымақ ұлтаралық татуылық пен келісімді де қамтиды. Мәдениет патшалық құрған жерде бірлік, бірлік бар жерде тірлік болады. «Национальный Комиссия по культуры при Президента» дейтін кеңесші ұйым Ресейде де, бірқатар Еуропа елдерінде де бар. Қоғамдық негізде жұмыс істейтін болғандықтан мемлекет оған тиын да жұмсамайды. Оған арнайы офистің де керегі жоқ. Әр саланың елге танымал, халыққа сөзі өтімді тұлғаларынан тұратын бұл комиссияның төрағасы өзіңіз болғаныңыз жөн. Өзіңіз таңдаған іскер бірінші орынбасар да Сіздің жұмысыңызды біраз жеңілдетуге тиіс. Бұл – бір. Екінші – ең үлкен проблеманың бірі – медицина саласында. Мемлекет халықтың денсаулығы үшін жыл сайын қыруар қаржы беріп жатыр. Бірақ, нәтиже аз. Телеарналардың түймесін басып қалсаң, газеттерді ашып қалсаң дәрігерлерді сотқа сүйреп жатқан халықты көресіз. Неге?
– Иә, неге? Соны айтшы алдымен, – деді Президент.
– Айтсам, – деді Ерасыл – Қазақстанда адам өліміне кең жол ашып отырған екі жолсыздық бар. Оның бірі – тендер арқылы шет елден алынатын сапасыз дәрі. Мұның Қазақстандағы үлес салмағы сексен жеті пайыз. Өзімізде өндірілетін дәрі-дәрмек он үш пайыз ғана. Оның өзі Үндістаннан әкелінген ұнтақтардың таблеткіге айналған түрі. Екінші жолсыздық – соңғы жылдары мединститут бітірген мамандардың ажалға арашасы болудың орнына сау адамның өзін өз қолымен өлтіретіндігі.
– Қалайша?
– Себебі – мединститутта оқитындар сабаққа да, тәжірибелік жұмыстарға да қатынаспайды. Сол себепті медицинаға мұрының исі де бармайды.
– Сонда дипломды қалай алып жүр олар?
– Оқытушыларға пара береді екен. Сабаққа қатынаспайтын себебі – оқу ақылы. Соған қаражат табу үшін жұмыс істейді олар.
– Оны кім айтты саған, – деп тіксініп қалды Президент.
– Осыдан бірер ай бұрын медуниверситеттің бір профессорының теледидар арқылы берген сұхбатын тыңдадым. Сол профессор сондай сорақылыққа шыдамай жұмыстан шықтым деді. Менің жиырма бір жастағы ұлым Даниярымды сондай түк білмейтін бір топас дәрігерсымақ өз қолымен өлтірді.
– Қалай?
– Даниярым шылым шекпеген, арақ ішпеген, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанған оғлан еді. Тепсе темір үзетін жиырма бір жастағы бозбала ғой. Рас, асмамен ауыратын. Соңғы жылдары ол аурудан жазылғандай да болған. Үйлену тойы болатын күні ұлым ингаляторды үйде қалдырып кетсе керек. Той болатын мейрамханаға келе жатып жол бойындағы дәріханадан ингалятор алыпты. Дәл той басталар сәтте демалуы қиындай бастағасын ингаляторды аузына тақап, түймесін баспай ма? Сөйтсе онысы ескі екен. Одан ауа шықпай халі нашарлаған ұлымды жолдастары жақын жердегі жекеменшік бір клиникаға алып барыпты. Ал, ол жердегі кезекші дәрігер эуфилин дейтін уколдың орнына адреналин деген укол салып, тыныс жолын мүлдем жауып тастапты. Содан ол сол жерде қайтыс болып кетті.
– Мынау сұмдық қой, – деді Президент қабағын түйіп. Сотқа бердің бе, ол дәрігерді.
– Бере алмадық.
– Неге?
– Алғашқы екі айда естен танып отырып оған мұрша болмады. Екі айдан соң келінім ізденіп көріп еді, одан ештеңе шықпады. Себебі – сол екі ортада медэкспертизамен ауыз жаласқан клиника басшылары ажалдың себебін өрекел бұрмалапты.
Ерасыл осы жайларды баяндап отырып, қолындағы сағатқа әлсін-әлсін қарай берді. Соны байқаған Президент:
– Неге сағатқа қарай бересің, асығып отырсың ба? – деді.
– Асығып отырғаным рас, – деді Ерасыл.
– Қайда асықтың?
– Ешқайда да… Сіздің уақытыңызды алдым-ау деп күмілжіді Ерасыл.
– Күнде кездесіп жатқан жоқпыз. Алаңдамай еркін сөйле, – деді Президент.
– Тағы бір өзекті мәселе қоғамдық қорлар жайлы, – деп әңгімесін жалғады Ерасыл. – Бізде не көп, әртүрлі қорлар көп. Бүгінде олардың саны жиырма үш мың! Сол самсаған сансыз қорлардан қоғамға келіп жатқан пайда жоқ. Олар тендерге қатынасып қыруар қаржы алады мемлекеттен. Сосын сол қаражатты бас пайдасын жаратады олар. Үкіметтік емес әртүрлі ұйымдардың да пайдасынан зияны көп.
– Ойланатын мәселе, – деді Президент.
Тағы бір өткір мәселе, – деді Ерасыл – біздің елімізде телеарналар, әсіресе, әртүрлі газеттер көп. Өте көп. Бір ғана Шымкентте үш жүзден астам газет шығады екен. Солардың басым көпшілігі «сарғылт басылымдар» деп аталатын түкке тұрғысыз жекеменшік газеттер. Сол алабажақ газеттердің беттері тұнып тұрған өсек-аяң, жарнама, порнография, секс жайлы анайы әңгімелер, жалаңаш әйелдердің суреттері. Бұл басылым қожаларының көздегені – арзан сөзбен алдарқатып, аңқау қазақтың қалтасын қағу ғана. Еліміздегі телеарналардың саны көп, сапасы сын көтермейді. «Хабардан» бастап «Астана» телеарнасына дейін бірін-бірі қайталайды. Кейде бүкіл телеарналарды сүзіп шығып көретін ештеңе таппайсың. Қай арнаны қоссаң да көретінің сол баяғы қысқа күнде қырық мәрте қайталайтын арзан концерт. Қолдан жасалған жасанды жас «Жұлдыздар». Өздерінде оңған дауыс та жоқ. Жансыз, жасанды барлыққан, барылдақ үндерін қатты қойылған музыкамен бүркемелеп, теледидардан түспейді. Көгілдір экранды жаулап алғандардың көбісі Ресей телеарналарының «Давайте поженимся» сияқты бағдарламаларының жалаңаш көшірмесі. Тәуір деген туындысының түрі – белгілі тұлғамен белгісіз журналистің ұзын сонар татымсыз сұхбаты. Рас «Қазақстан» телеарнасында біраз жақсы бағдарламалар бар. Бұл арна ұсынған отандық телесериялардың біразын қысқартып, кейбіреулерін «Мәдениет» пен «Білім» арналарын қосқандай біріктірсе, көрермендердің талғамы да өсер еді, мемлекеттің қаржысы да үнемделер еді.
– Қазақстанда не көп, газет көп, – деп жалғастырды сөзін Ерасыл. – Бір ғана Шымкентте төрт жүзге жуық газет шығады екен. Осы газеттер аса қомақты қаржыны жайындай жұтып жатыр. Өзіңіз білесіз еліміз қағазды берісі Ресей мен Финдлядадан, әрісі, Жапониядан сатып алады. Қызылордадағы картон шығаратын шағын завод базасында қағаз шығаратын алып комбинат салынса оған кеткен шығын әрі кетсе төрт-бес жылда ақталар еді. Сосын сырттан қағаз сатып алуға жұмсалатын қаржы елімізде қалар еді де, әрбірден соң өзіміз қағазды экспортта қыруар пайда табар едік. Сіздің әлемдік деңгейдегі биік беделіңіз бұл іске де шет елдердің алпауыт компанияларын тартуға жол ашарына сенемін.
– Бұл ойың дұрыс. Тағы қандай ұсынысың бар, қысылмай айта бер, – деп демеп жіберді. Президент «Көп сөйлеп кеттім бе?» – деп ыңғайсызданып отырған Ерасылды.
– Қазақстандықтардың басым көпшілігі өз елімізде емес, шет елдерде, көбіне Анталия мен Дубайда дем алады. Соның салдарынан миллиондаған доллар шет елдерге кетіп жатыр. Себебі – өз еліміздегі Алакөл, Бурабай сияқты демалыс орындарының бағасы жоғарыда айтылған елдерден қымбат. Бүгінде Қазақстанда тұралап тұрған туризмді дамытудың тиімді жолы бар.
– Ол қандай жол? – деді Президент.
– Біріншіден – еліміздің аса бай табиғатын, туризмге сұранып тұрған көркем көріністерін шағын деректі ленте, хабарлар топтамасы арқылы кеңінен насихаттау керек шет елдерге. Екінші – сервизді, жол қатынасын жақсарту қажет. Үшінші – демалыс үйлеріне беретін жолдамалардың бағасын арзандату шарт. Мұның екі түрлі пайдасы бар.
– Ол қандай пайда?
– Бірінші – сыртқа кетіп жатқан мың миллиондаған доллар елімізде қалады. Екіншіден – шет елден ағылып келетін туристтер мен демалушылардан мол қаржы құйылады елімізге – деп аяқтады сөзін Ерасыл.
– Айтқан сөздеріңнің жаны бар. Ұсыныстарыңды зерттеп, тиісті шаралар қолданатын боламыз, – деп түйді Президент.
Бір сағат, он минутқа созылған әңгімені сөзін бөлмей, айтқан ұсыныс, тілектерін ынта, ықыласпен тыңдаған Президентке риза болған Ерасыл қабылдаудан қанаттанып шықты.
* * *
Гүлнұр жұмысқа келе жатып су жаңа портмене тауып алды. Ішін ашып қарап еді бір бөлімінде банкісінің белін буған қағазы жыртылмаған он мың доллар, екінші бөлігінде бір уыс теңге бар екен. Қуанғаннан жүрегі торға түскен шортаңдай тулап, жадырап, жайнаң қақты. Мына батпан құйрық олжаны біреу көріп қоймады ма екен деп жан-жағына сақтана қарап портмененің аузын жаба бергенде визиткаға көзі түсті. Кіп-кішкентай қатты қағазда Айдынның аты-жөні, мекен-жайы, телефон номерлері жазылыпты.
Іші ақшаға толы портмонені Айдынға берейін бе, бермейін бе? – деп біраз ойланды. «Беру керек! Оның сеніміне кірсем ақша проблема емес». Осы ойға бекінген ол жұмыстан кейін Айдынға жетуге асықты.
– Сүйінші, Айдын аға, сүйінші! – деп есіктен айғайлай кірді үйге. Әнеукүні жоғалған портменеңізді тауып алдым.
– Қайдан таптың?
– Ана жолы сіз сүрінген бардюрдің жанындағы арықтың ішінен. Автобус күтіп тұр едім арық ішіндегі шөпшаламға екі көгершін таласқанда күн сәулесі түскен портмонеге көзім түсті.
– Түсінікті, – деді Айдын дауысын созып – ал портмонеде визитка болмаса қайтер едің, бір жырғап қалар едің.
– Жоқ, аға, жырғымас ем «бюро находкаға» тапсырар едім.
– Неге? Біреудің маңдай терімен тапқан табысын иемделу адамгершілікке жатпайды.
– Солай де.
– Солай, аға.
Олай болса мына портмоне ішіндегі ақшасымен саған сыйладым. Мә, ала ғой, қалқам.
– Кешіріңіз, алмаймын.
– Ал, қалқам, ал. Бұл сенің таза табысың, Алла сыйлаған олжа.
– Маңдай термен келген табыс қана – таза табыс. Оңай олжаны иемдену көрсеқызарлық. Адалдық – менің өмірлік принципім.
– Жә, бұдан әрі сөз таластырмаймын. Сенікі дұрыс, қалқам!
– Сіз демала тұрыңыз, мен ас әзірлеп жіберейін.
– «Қандай керемет! Неткен адал жан!
Ақкөңіл, аңғал Айдын Гүлнұрдың әрекеті адалдық емес, айлакерлік, өзіне құрылған қақпан екенін сол сәтінде білген жоқ.
Өмір Гүлнұрдың қулығына, құрық бойламайтын сұрқия, сұм екенін көрсетті.
* * *
Сол күні күл түсте күңгірт аспан түндей түнеріп тұрды. Алатаудың ақалабас шыңын қарғақанат қара бұлт торлады. Сол күні бар болғаны бір-ақ сағат көз шырымын алған ол түн ортасында оқыс оянып кетті де, сонан кейін кірпігі қайтып айқаспай қойды. Сосын төсекте әрі аунап, бері аунап біраз жатты да қайтып ұйықтай алмағасын әлдегісінен әлдеқайда ерте – таңала төсектен тұрып кеткен ол бір бөлмеден екінші бөлмеге өтіп, әрлі-берлі ұзақ жүрді теңселіп. Сең соққан балықтай есеңгіреп, сүт пісірім уақыт өң мен түстің, бар мен жоқтың күйзелісті күйін кешті. Сосын ұлының қабырғаға ілінген суретімен сөйлесе бастады.
«Жанымнан артық көрген аяулы Даниярым-ай, Данашым-ай, сен өмірден озғалы да бір жыл өте шығыпты-ау зулап. Қара жамылып, қан құсқан бейшара анаң мен мына сорлы әкеңнің өмірі күні-түні жылаумен өтіп жатыр. Жүрекке ине болып шаншылған табыттай ауыр қайғының жеңілдер, көл боп аққан көз жасының тыялар түрі жоқ. Жылап жүріп қырқыңды өткізгенбіз, бүгін жылап жүріп жылыңды да өткіземіз. Кешеден бері алыстан да, жақыннан да ағылып келіп жатыр сенің жылдық асыңа жанашыр жақындар. Аяулы Данашым, менің ойыма өзің жақсы көретін әнші Стас Михайловтың «Уходите» әніндегі:
Холодные глаза и в них застывший свет.
И горький крик разрежает тишину
Уходите, ой, что-то Вы часто уходите.
Назад не вернетесь, тревожа лишь память мою, –
деген сөздер оралып тұр. Стас айтқан азалы ащы дауыс тыныштықты ғана емес, менің жүрегімді де тілгілеп тұр. Ал, салқын көз, сөнген жарық деген ұғымдармен келісе алмаймын. Міне, мен қазір сенің суретіңе қарап тұрмын. Сенің мұңлы жанарыңда жан жылытар өзгеше бір жылылық, тебіренген сезім, текті де терең ой бар. Іші сырлы, сырты нұрлы жүзіңнен адамды өзіне алып магниттей тартатын ерекше бір нәзік сәуле көремін.
И грустно от того, что больше ваших глаз
Все с фотографий смотрят на меня.
Ваш маятник застыл, но верю и молюсь,
Простит и примет небо вас любя.
Простит и примет небо вас любя.
«Уходите» әніндегі осы сөздер сенің суретіңе қарап отырған менің қазіргі халім мен сезімімнен толық хабар беріп тұр, Данашым!
Аяулы ұлы Даниярының өмірі жіпке тізген жүзіктей көз алдынан өтіп жатқан Ерасыл ой желісін үзбей балконға шығып айналаны жас толы жанарымен шолып өтті. Сол сәт қайдан келгені белгісіз бір топ қара қарға қарқ-қарқ етіп, мұның көз алдында шеңбер жасап, айнала ұшты. Кенет күн күркіреп, найзағай жарқылдады. Сол сол-ақ екен қарқ-қарқ етіп қарқылдаған топ қарға ізім-қайым жоқ болды, қарғалардың қарасы батқан кезде шелектеп жауған жаңбырдан үсті малмаңдай су болған Ерасылдың ойына:
Алыс кетіп біздерден,
Сағындың ба, ұлым, анаңды?
Алшаңдап жүрсең арада,
Сыйлар ең оған ғаламды
Жылауменен өтетін,
Күнге де төзіп келемін,
Табыттай ауыр ой басқан,
Түнге де төзіп келемін, –
деген жыр жолдары оралды.
Денесі тоңазып тоңа бастаған Ерасыл жылы кеудешесін киді де, кабинетіне келді. Сосын жазу столына отырып, түйдек-түйдек, лек-лек болып келген жыр жолдарын қаламымен ақ қағазға құя бастады.
Халықтың қамын ойладың,
Әлсіздерге болыстың.
Не бәрі жиырма жасыңда,
Тұлға болып толыстың.
Соншама жақын болар ма,
Бақыт пен қайғы арасы.
Улы уайым улаған,
Түріме менің қарашы.
Жан дүнием қаңырап,
Аруана болып аңырап,
Ботадай боздап отырмын,
Ештеңені көрмейтін
Су қараңғы соқырмын.
Ұлымды мен сағындым,
Суретін сүйіп табындым.
Көзімнің жасы көл болып,
Жарық дүние көр болып,
Қайғыдан шекпен жамылдым,
Қайғыдан шекпен жамылдым.
Сорлатардай соншама
О, Алла, сонша неғылдым?
Қай жерде неден жаңылдым?
Ұлымды мен сағындым,
Қайғыдан шекпен жамылдым,
Қайғыдан шекпен жамылдым…
Көз алдына аяулы ұлын елестетіп, қаламына құйылған жыр жолдарын ақ қағазға асығыс жазып жатқан Ерасылдың ойын таңғы асқа шақырған Айгүл бөлді. Сол сәт айналаны қызғылт-сары нұрға бөлеп күнде шықты ұясынан төпелеп жауған нөсер жаңбыр да қылышпен кескендей кілт тоқтады…
Сол күні Айгүл мен Ерасыл жылап жүріп Даниярдың жылын берді. Сол күні – екі мың төртінші жылы, тамыз айының екінші жұлдызында Алатау баурайында орналасқан «Достық» мейрамханасында өткен асқа берісі Арқалық пен Астанадан, Бішкек пен Ташкенттен, Душанбе мен Мәскеуден, әрісі Париж бен Үндістаннан келген жанашыр жандар Ерасыл мен Айгүлге жұбату сөздерін айтып, «Қайғының соңы қуаныш болсын» деген жүрекжарды тілектерін жеткізді.
– Адамзат – бір ананың – киелі Жер-Ананың перзенті. Сол ұлы Ананың ең сүйікті, ең иықты туындысы адам – тұтас бір әлем. Әр адам әрқилы қазына аралы, – деп бастады сөзін Ерасылдың қаламдас досы Қырғызстанның халық жазушысы Бекболат Алматов. Әр адам өмірден озғанда өзінің қазына аралын – талантын, білімін, ақыл-парасатын о дүниеге ала кетеді. Табыттай ауыр қазаның жеңіл болмайтын бір себебі сол болар, бәлкім. Ал, Алла тағаланың ерекше мейірі түскен талантты тұлғаның қазына аралы өзгелерден өзгеше көркем, аса болары шығар күндей шындық. Өлімнің жеңілі жоқ десек те тәңірі берген талант иесі Даниярдың жарық дүние дейтін жалғанмен қоштасып, жер бесікке бөленуі – орны толмас аса ауыр қаза. Ол өзімен бірге аса қымбат асыл ала кетті. Оған қажетті алғышарттар толық бар еді Даниярдың бойында. Өзекті өртеген өкінішті еселей түсетін қайғы – аса зор қайғы осы. Бір ғана жұбаныш – Данияр әкенің баласы мен адамның баласы жайлы ұлы Абайдың сөзі мен «Құйрықты жұлдыз» секілді, туды да көп тұрмады. Көрген, білген өкінді, мін тағар жан болмады» деген сөзіне сай тұлға болып озды өмірден.
Бекболаттан соң сөз алған француздың әлемге әйгілі әдебиетшісі Альберт Фишлер: – Біздің Парижде зиялы қауым ай сайын бас қосып, пікір алысатын «Парасат» атты клуб бар, – деп сабақтады сөзін. – Сол клубтың кезекті жиынында мен қайғылы қаза жайлы айтқанымда Даниярды көрген француз жазушылары мен ғалымдары сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, қатты қайғырды. Өз басым Данияр сынды бітімі бөлек бекзат, жан дүниесі әлемнен де күрделі жап-жас ғұламаның жанымызда жоқтығына әлі күнге дейін сене де, көне де алмай жүрмін. Тағдыр қандай қатігез десеңші, – деп жылап жіберді Альберт.
Президент Назарбаевтың Ерасыл мен Айгүлге көңіл айтып, қайғыны бөліскенін Алматы қаласының әкімі Аңсар Сәрсенович айшықты сөзбен жеткізді.
Қазақтың көрнекті ақындар Жазылбек, Серәлі, Нартай, қырғыздың шоң шайыры Нұржан оқыған арнау өлеңдер де көпшілікке көп ой салды.
Қайғыдан шекпен жамылған ана мен әке аяулы ұлының жылын өткізе салып асқа жиналған ет жақындарын бастап Екінші Кеңсайға келді.
Аяулы ұлым Данаштың
Жандүниесі толы сұлулық,
Алматы Кеңсай екіде,
Ұйықтап жатыр ұлылық! –
деп күңіренді көзінің жасы көл болған Ерасыл Даниярдың тасқа қашалған суретін сүйіп.
Сен кеткелі жыл өтсе де арада,
Жібімейді жүректегі сірескен сең, –
деп егілді Айгүл.
Даниярдың мәңгілік мекеніне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойған, молдаға құран оқытқан олар сол тобымен жұптарын жазбай Ерасылдың үйіне келді.
Ақ дастархан басында етжақын туыстары мен алыс-жақын шет елдерден келген жанашырлары алдында келінінің басындағы қара орамалды алған Айгүл:
Жұдырықтай жүрегіңнің кішкентай бір бөлшегінде Данашыма орын болса ризамын. Бақытты бол, ботам! – деді.
Сосын келінінің құлағына сырға тағып, саусағына жүзік салды. Алтын жүзік пен алтын сырғаның жауһар тастары күн сәулесімен шағылысып, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ еткен сәтте енесін құшақтап, ағыл-тегіл жылаған жап-жас жесірдің көзінен көл боп аққан жас қайғыдан шекпен жамылған қаралы ананың омырауына қарлы жаңбыр болып құйылып жатты…
Мұны көріп отырған үй толы халық қатты толқып, көз жастарын тыя алмай іштей мүжілді…
Сол күні түнде Алматыдағы Неке сарайы өртке оранды…

* * *
Еппен ашылған емен есік ақырын жабылды. Президент ой желісін үзіп, кең кабинеттің орта тұсына жете бере тоқтаған көп жылдан бері жанында жүрген сенімді серігіне қарады. Өзіне жұмыс бабымен күн сайын бір емес, бірнеше рет кіретін осы бір орта бойлы, ашаң денелі, елуді еркін еңсерген жігіт ағасы Президенттің ойын бөлгісі келмей тоқтап қалып еді. Оның бұл ойын ойлы, мұңлы жанарынан таныған Президент:
– Махмұт, кел, төрлет, – деді.
– Нұрсұлтан Әбішұлы, ойыңызды бөлсем, ғафу етіңіз. Жолға шығатын уақыт болды.
– Ұшақ әзір ме?
– Ұшақ әзір. Сізбен бірге баратын жігіттер әуежайда. Ахметжан Смағұл­ұлы бастаған алматылық азаматтар да үзеңгіге аяғын салып, Сізді күтіп отыр.
– Жақсы. Онда қозғалайық.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент әкімшілігі кеңсесінің меңгерушісі Махмұт Базарқұлұлы Қасымбековпен әңгімелесе жүріп Астана әуе­жайына жеткенде мезгіл шаңқай түс еді. Аспан айналып жерге түскендей аптапта салқын кабинетті саяламай жолға шыққан Президент Алматыдағы резиденциясына соқпай, бірден қала аралауға шықты. Бұл кезде тас төбеге шыққан күннің қызуы қырық градусқа жетіп еді. Аспан айналып жерге түскен аптап тірі жанның апшысын қуырып барады. Күнгей бетін тау қоршаған қалада лүп еткен жел де жоқ. Мезгілінен бұрын сарғая бастаған жапырақтар арасынан қиғаштай құйылған күннің өткір сәулесі талай жылғы биік бәйтеректер түбіндегі ылғалды да кептіріп, топырақ бетін кебірсітіп жіберген. Асфальт екеш асфальт та өрттей ыстыққа төтеп бере алмай балқып жатыр. Алматының биылғы жазы жауынсыз өтіп жатыр. Алатау бауырындағы ару қала шаңын қағып, сілкіне алмай тұр.
«Айналаны тымырсық ауа тұмшалаған ауа райының жайсыз күнде де жан тыныштығын сақтап, салқын кабинетте отыра алмаған Нұрекең ауырлықты елең қылмай, сергек жүр. Мына әкімқаралардың біраз терлеп– тепшіп ентіге бастады. Жазда суда жүзіп, қыста шаңғы тебетін, күні бүгінге дейін ат құлағында шабандоздай ойнайтын, соңғы жылдары ақсүйектер ойыны гольфты да тез меңгеріп алған Нұрекеңнің жұмыс істеу қабілеті жоғары. Құдайға шүкір, денсаулығы да сыр бере қойған жоқ, – деп ойлады жіті адымдап келе жатқан, шыныққаны шып-шымыр денесі мен ширақ жүрісінен айқын аңғарылып тұрған, орта бойлы, қағілез, қараторы жігіт Президент іс басқармасының басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев. – Алла тағала Нұрекеме қабілет, талантты аямай-ақ берген ғой. Ана жылы Ресей, Қытай басшыларымен галстуксіз кездесу өткізіп, үйіне шақырып қонақ еткенде домбыра тартып, ән салған өнері де достық қарым-қатынастарды нығайтып түсіп, елмен елді жақындастыра түспеді ме? Әріптестерімен тіл табыса білетін алғырлығы мен қиюы қашқан қиын істердің оң шешімін таба білетін тапқырлығы да еліміздің онан әрі көркейе түсуіне қызмет етіп келеді. Нұрекеңнен үйренер үлгі көп. Халықтың бақытына туған Нұрекең сынды бітімі бөлек, тұғыры биік тұлғамен бірге жұмыс істеу бақыт қой, бақыт!..»
Сол күні Нұрсұлтан кешкі асты кешігіп ішті. Өндіріс орындарымен танысып, Алматыда жаңадан ашылған жетінші аудан – Алатау ауданында болды. Жергілікті басшыларға сап-сау ғимараттарды бұзып, қала тынысын тарылтатын құрылыс салуды тоқтатуды тапсырды. Алматы мен Қапшағай арасында үш шағын қалашық салынатындығын, қоршаған ортаны аялап, табиғаттың тепе– теңдігін сақтау қажеттігін қадап айтты. Ертесінде сапар Алматы облысында жалғасты. Облыс басшысы Серік Әбікенұлы Үмбетовтің үндемей жүріп үлкен істер тындырып жатқаны жүрегіне жылы сезім ұялатты. Бұл жолы өзі туып-өскен ауылға соғуға уақыт тапшы болды. Есесіне күтпеген жерден ұстазы Сейтхан Исаевпен кездесті. Қарасай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан ағасынан ауыл-аймақтың амандығын біліп, елдің тыныс-тіршілігіне қанықты. Кейбіреулердей қазымыр емес, әдемі қартайған қазына қарт есте жүрер есті әңгімелер айтты. Сейтхан ақсақалмен жылы қоштасқан Нұрсұлтанның ойына ақын досы Олжас айтқан тағылымы мол темсіл оралды.
Бұл оқиға аты белгісіз арғы заманда болса керек. Ғайыптан тайып ел тізгінін ұстаған бір ақылсыздау хан қиялданып отырып өзгеше бір шешімге келіпті. Бақ пен тақтан басы айналып, көзін шел басқан, ақыл-парасаттан айрылған ханның ойынша елдегі қарт кісілердің бәрі дайын асқа тікқасық масылдар екен. Сондықтан олардан тезірек құтылу керек. Осы ойға табан тіреген хан жасы алпыстан асқандардың басын алуға бұйрық береді. Елде еңбекке жарамсыздар болмаса, шешетін түйін де болмайды, – депті хан. Жарлық орындалмаса бас кететінін білетін баса уәзір елдегі қарттардың бәрін бір жерге жиып алып, бәрін бір-ақ қырып салыпты, тек өз әкесін өлтіруге дәті бармай, орманда тығып ұстапты.
Қайран қарттар кеткесін елдің де құты қашыпты. Байлықтан береке, халықтан бірлік кетеді. Жер тозады, ел азады. Қара басының қамын ойлаған қарақшылар, ұры-қарылар көбейіп, қазынаның қазаны тақырланады. Жүдеген елмен бірге өзі де жүнжіп жүрген хан көңіл көтермек болып аң аулауға шығады. Елдің шетінде, желдің өтінде тұрған асу бермес асқар тауды жанай ағып жатқан өзен жағасына келіп, сусын ішіп, шөлін басқан хан ағзам өзенге шомылып жүріп, су түбінде жылтырап жатқан ат басындай алтынды көреді. Ол алтынға қатты қызығады. Әйтсе де, тым тереңде жатқан қымбат қазынаны хан да, оның серіктері де ала алмайды. Хан сарайға оралған соң бас уәзіріне:
– Сен су астындағы алтынды алып шық! – деп бұйырады, – Ала алмасаң басыңды аламын!
Жаны мұрынының ұшына келген бас уәзір болған жайды әкесіне айтады.
Ол алтыңды алудың оп-оңай, – депті әкесі.
– Ат басындай алтын, хан айтқандай су түбінде жатқан жоқ, өзенге төнген биік жартастың басында тұр. Өзен түбінен көрінген алтынның өзі емес, оның суға түскен сәулесі. Шың басына шық та жартас пен алтынның арасындағы саңылауға темір сүйменнің басын бойлата сұқ. Сосын тасқа аяғыңды тіреп тұрып, сүйменнің басын қисайта шірен. Сонда ат басындай алтын жартастан оп-оңай ажырайды.
Әкесінің ақылымен тура келген ажалдан аман қалған әрі қазынаға ат басындай алтын қосқан бас уәзірге хан:
– Ешкім ала алмаған алтынды сен қалай алдың? Шыңынды айт, әйтпесе басыңды аламын,– депті. Бас уәзір бар шындықты баян етіпті. Біраз уақыт үнсіз қалып, ойға шомған хан:
– Мен қатты қателесіппін. Қайран қарттарым-ай, қадіріңді білмеппін-ау. Масыл емес, асыл екенсіңдер ғой,– депті.
«Қарты бар елдің қазынасы бар, – деп ойлады Нұрсұлтан. Қай ел, қай жұртта да қазына қарттар баршылық. Қатесін кеш түсінген хан айтқандай, олар масылдар емес, асылдар.Сондай қазына қарттың бірі менің ұстазым Сейтхан Исаев. Бүгінде Азия жолбарысы атанған Сингапур бір кезде экономикасы әлсіз ел еді. Сол әлжуаз ел қысқа мерзім ішінде қуатты мемлекетке айналып, алпауыттармен иықтасып шыға келді. Ол аз десеңіз, өркениетті елдердің өзі қызыға да қызғана қарайтын жетістіктері де аз емес.
Сол Сингапур Президенті Ли Куанг Ю-дің көп басшы ескере бермеген, бір қарағанда елеусіздеу, шыңдап келгенде шешуші рөл атқарған аса маңызды шешімі болған. Бүгінде тақтан тайған тақсырдың қателіктері де болған шығар, ал талассыз бір тапқырлығы – өз елінің ғана емес, дүние жүзінің бірқатар мемлекеттерінің ақыл-ой иелерін бір ортаға жиып, бір мақсатқа – Сингапурды қуатты мемлекетке айналдыру ісіне жұмылдыруында. Оның өзге басшылардан бір ерекшелігі – кезінде жақсы жұмыс істеген, бүгінде зейнеткер жасындағыларды жинаған. Олардың көп жылдық тәжірибесі мен талант, қабілетін тиімді пайдаланған. Сингапур жүріп өткен жол қариялардың, біреулер ойлағандай, масылдар емес асылдар екенін дәлелдеді. Алпыстан асқандардан ақыл сұраған Сингапур президенті қателескен жоқ. Сондай қазына қарттар біздің Қазақстанда да аз емес.
«Ақымақтар өз қатесінен, ақылдылар өзгенің қатесінен үйренеді» демеп пе еді Бисмарк. Қателік жіберу қандай ауыр болса, оны дер кезінде түзетпеу одан да ауыр. Ал, халық өз тағдырын сеніп тапсырған билеушінің қателесуге қақы жоқ. Ахмет Байтұрсыновтың: «Алдымен ел ағалары сендер қателеспеңдер. Сендер қателессеңдер соңдарыңнан ерген ел қателеседі» деген сөзі жүрегімде жазулы. Жан жүрегім – жанып сүйгенім халқым! Менде халқымның тағдарынан бөтен тағдар жоқ. Басымдағы бақ та, астымдағы тақ та айналып өтейін, садағаң кетейін халқыма – қазағыма қызмет етеді. Маған деген шексіз сеніміңе сызат түсірсең саған серт, сеніміңді ақтай алмасам маған серт! Халқым үшін қандай тәуекел, қай қиынға да қанға сіңіген дағдымменен дайынмын. Ең алдымен сен аман бол, Елім!..»
Сол күні Нұрсұлтан ұйықтар алдында әлдеқашанғы әдетімен кітап оқыды. Бұл жолы қолына Конфуцийдің «Даналық сабағы» ілікті. Ертеректе оқыған еді. Бүгін қайта парақтады.
«Цзыгун спросил о том, в чем состоит управление государством. Учитель ответил:
– Это когда достаточно еды, достаточно оружия и есть доверие народа.
– А что из названного можно первым исключить в случае необходимости? – спросил Цзыгун.
– Можно исключить оружие.
– А что из остающегосы можно первым исключить в случае необходимости? – снова спросил Цзыгун.
– Можно исключить еду.
Смерти издревле никто не может избежать,
Когда ж народ не верит, то не устоять».
Нұрсұлтанның көз алдына ойлы ойшыл Конфуциймен иықтасып сұңғыла суреткер Достоевский келе қалды. «Әлемді құтқаратын – сұлулық» депті ол.
«Қос алыпты қуаттай отырып мен айтар едім: «Әлемді құтқаратын – сөз. Жеке тұлғаны ғана емес, тұтас мемлекеттерді де түтістіретін де, бітістіретін де сөз, – деп ойлады Нұрсұлтан. – Сөздің күші құдайдың күшіндей. Қуатты сөз адамды шыңға да шығарады, шыңырауға да тастап жібереді. Шекспир сомдаған патшалар да, Әуезов бейнелеген Құнанбай да соншалық қанпезер болмаған. Ет пен сүйектен жаралған олардың күнгейі мен көлеңкесі бар. Әйтседе, бүгінгі ұрпақ оларды Шекспир мен Әуезов жаққан қара бояу қалпымен қабылдайды. Оларды енді қайтадан ақтап алу қиын. Леон Фейхтвангер: «Көркем әдебиет жас баланы мемлекет қайраткеріне дейін тәрбиелейді» – деп тегін айтты дейсің бе? Андрей Битовтың: «Адамзаттың өмірінен әдебиетті алып тастасаң сықырлаған қару мен сыңғырлаған тиындар ғана қалды» деген ойымен келіспеуге бола ма? Елдің экономикасын нықтадық. Енді жазушыларға жағдай жасайтын кез келді. Сөздің иесімен де, киесімен де ойнауға болмайды!…» Нұрсұлтан ой құшағында жатып ұйықтап кетті.
Кедей кезінде тату-тәтті тұрған арманы көп жанжалы жоқ бақытты жанұя байыған шақта шатағы көп шаңыраққа айналып шыға келіпті. Не болғанын ұға алмаған отағасы ақылы асқан абызға келіп мұңын шағыпты. Сонда сол ақылмен әлгі отағасымен бірге терезе алдына келіп:
– Қарашы, не көріп тұрсың? – депті.
– Бұлтсыз ашық аспанды, айналаға үнсіз сәуле шашқан күнді, ақалабас шыңдарын күн сүйген тауды көрдім.
– Тағы не ілікті жанарыңа? Жіпке тізген жүзіктей көз алдыма келтірші.
– Тау байрайындағы айдын көлді, көлде жүзген екі аққуды, одан беріректегі түтіні тік ұшқан ауылды, сол ауылдағы ақ жаулықты аналар мен кербез арулар мен кермиық жігіттерді, ойынның қызығына түсіп, құлыншақтай құлдыраған балаларды… көріп тұрмын.
– Жә, енді мұнда қара да не көріп тұрғаныңды айтшы, – деп дәліздегі дәу айнаның алдына алып келді абыз отағасыны.
– Өзімді көріп тұрмын.
– Тағы бірдеңе ілікті ме, жанарыңа?
– Жоқ.
– Анықтап қара. Мүмкін тағы бірдеңелер көріп қаларсың.
– Анықтап қарадым. Өзімді көріп тұрмын. Өзге ештеңе көрінбейді.
– Терезеге қарағанда өмірді, айнаға қарағанда өзіңді ғана көрдің, – депті абыз. – Терезенің де, айнаның да тегі шыны. Айнаның сырты сырланып, күміспен күптелген. Соданда адам оған қанша қараса да өзінен бөтен ештеңе көре алмайды. Ал, терезе боялмаған. Сол себепті де ол өмірдің өзін биямасыз, қаз-қалпында ап-анық көрсетіп тұр, – депті абыз.
– Мен мұны неге айтып отырмын. Білесің бе, Нұрсұлтан?
– Неге екенін ішім сезеді. Тегін емес, әрине. Соның терең сырын өзіңіз шертуіңізді қалап отырмын.
– Өзің де білесің, мына нарық заманы басталып, ел өліара дейтін өтпелі кезеңге тап болғалы халық бай, кедей болып бөліне бастады. Ауылдағы кедейлер мен жаңа қазақтар делініп жүрген байлардың айырмашылығы осындай. Күміспен күптеліп, алтынмен апталған олигархтар өз тұрмысын ғана емес, айналасындағы өмірді де көрсе, қазақтың ала қап арқалаған әйелдері мен тиын санаған зиялыларын көрсе, алтын бесік ауылға қол ұшын созып қарасса өзге ғана емес, өзіне де пайдалы, сауапты іс емес пе? Қайырымы қайтпас іс бар ма? Қайырымдылықтан асқан қасиет бар ма? Айналайын Нұрсұлтан! Мен мұны ақылым тасығандықтан емес, халыққа жаным ашығандықтан айтып отырмын. Ауыл-аймақ, өңір мен өлкені ғана емес, бүкіл Қазақстанды басқарып отырған, жай басқарып қана қоймай елдің ең ауыр жүгін арқалап, қат-қабат келген сан қиындықтарды еңсеріп, «мен жетелеп өлемін, өрге қарай қазақты» деп Шәкәрім қажы айтқандай қиын кезеңде қиялап жол тауып, Қазақстанды айдай, әлемге танытып жүрген сенен ақыл артылған ба?! Біздікі ескіден жеткен ескі тәмсіл есінде жүрсін, сөзіміздің керегі болса алар, керегі болмаса қалар деген тілектестік қана.
– Сейтхан аға, – деді Нұрсұлтан ойлана сөйлеп – сізбен кездескен сайын осындай жандүниемді байытар жақсы сөздер естимін. Бұл да бір әркез есте жүрер есті тәмсіл екен.
– Бір жылын ойлаған дән егеді, он жылын ойлаған тал егеді, мың жылын ойлаған ұрпағына нәр егеді, – деп жалғады сөзін Сейтхан. – Нұрсұлтан қалқам, сен еліңді еңбекке жұмылдырып, дән егіп, бүкіл Кеңес одағы ұрандатып жүріп әзер өндіретін миллиард пұт астықты жалаулатпай-ақ құйғыздың қамбаға. Халқыңмен бірге тал егіп, Астан төңірегін ну орманға бөлеген үлгіңді дүйім ел қолдап, жастар жасыл ел жорығында жүр. Ана бір қиын жылдардың өзінде «Болашақ» бағдарламасын қолға алғаның, енді «Назарбаев университетін» ашып, әлемдік биікке ұмтылғаның ұрпағымызға нәр беріп, жатқаның мың жылдан да әріні ойлаған көрегендігің деп білемін.
– Бүгінді ғана емес, ел болашағын ойлауға міндеттімін.
– Ал, енді бар ғой осы ауыл жайы осы ұлы істердің көлеңкесінде қалып қоймау жағын ана жергілікті жердегі басшы, қосшы азаматтарға қатаң тапсырғайсың.
– Ауыл жайлы күн тәртібінен түскен емес, түспейді, – деп қадап айтты Нұрсұлтан.
– «Таза су» мен «Нұрлы көш» бағдарламаларына салмақ сала береміз алда да.
– Қазір не көп, газет көп. Солардың бірінен ауыл жайлы бір өлең оқып ем. Көзіңе түсе қоймаған шығар, соны оқып берсем бола ма?
– Оқыңыз.
Сейтхан жазу столының бір бұрышында жатқан бір бума қағаз арасынан әлдебір газетті тауып алды да, көзілдірігін киіп, оқи бастады:
Алтын ауыл, кім бар сені сүймеген,
Сен едің ғой өмірді өрге сүйреген .
Басшы мен байдың құны көк тиын,
Ел мен Жерге шапағаты тимеген.

Аяулы ауыл жүреміз біз сағынып,
Киең менен қасиетіңе табынып.
Ауыл-біздің анамызсың аяулы,
Жаным анам, жалау болған жанымды ұқ!

Жазушымын сөзін айтқан халықтың.
Шежіресін жазып келем тарихтың.
Гүлденсе ауыл гүлденіп бәріміз,
Ауылымыздан туар еді жарық күн!

Ауылдағы асылдармен бірге менің жүрегім,
Мен жүдесем ауылды ойлап жүдедім.
Аспандағы Ай мен Күндей асылдар,
Мен Сендерге саулық, бақыт тіледім.

Жер-Анамен бірге алған тынысың,
Аяулы ауыл киелісің, ұлысың!
Өз ауылын – өз анасын ұмытқан
Мәңгүрттерді киең ұрсын, құрысын!
– Елім деп соққан жүрегі, ауылға деген айнымас ақ тілегі бар әр азаматтың әртүрлі пікірлерін тыңдап жүрмін. Орайымен айтылған орынды сөз жерде қалмайды.
Тағы бір тілегім – қаладағы қалталылар ауылға көмек қолын созса екен.
Мемлекет осы уақытқа дейін оларға жәрдем жасап келді. Енді олар мемлекетке көмектесетін болады.
Ұстазы Сейітхан Исаев айтқан сәулелі сөздерімен қанаттанып сыртқа шыққан Нұрсұлтан көк жүзіне көз жіберді. Аспан ашық екен. Нұрсұлтанның ойына Фрэнсис Бэконың: «Богатство очень хорошо, когда оно служит нам, и очень плохо, когда оно нами повелевает» деген сөзі оралды.
Күн ертеңге ауып бара жатты…
(Соңы келесі санда)

(Соңы. Басы өткен сандарда)
***
Кешкісін жұмыстан келген Айдынды Гүлнұр жайнаң қағып, жадырай сөйлеп қарсы алды.
– Бүгін әдеттегіден кеш келдіңіз ғой, ағатай!
– Ескі таныстар кездесіп қалып… Өткен-кеткенді айтып, біраз шер тарқатыстық.
– Мен сізді асыға күтіп отырмын, ағатай!
– Жайшылық па?
– Қолыңызды жуып, төрге отырыңыз, сосын айтамын.
Залға озып, стол үстіне қыдырта көз тастады Айдын.
– Охо, дастарханды жайнатып қойыпсың ғой.
– Оның мәні бар.
– Ол қандай мән?
– Бүгін мереке?
– Қандай мереке?
– Бүгін Сіздің аяғыңыздағы гипс алынды. Біраз үзілістен соң жұмысқа шықтыңыз.
– Осы ма, айтып тұрған мейрамың?
– Сізге қатысты кішкентай сәттілік мен үшін мереке.
– Көңіліңе рақмет, қалқам.
– Сізбен танысқалы көңіл көтерген емеспіз. Бүгін шарап ішіп шаттанып, шалқиықшы, ағатай. Сіз бенен біз күн сайын бір-бірімізге үйренісіп туыс болып барамыз.
– Сол туыстық үшін, ағатайым!
– Сенің денсаулығың үшін, қалқам.
– Мен сіз үшін, Сіздің өзіңізге берілген адал жар құшып бақытты болуыңыз үшін.
– Сенің болашағың бүгіннен де нұрлы болу үшін.
– Сіз үшін, ағатайым!
– Сен үшін қалқам!
Тәтті тілектермен ащыны біраз сілтеді екеуі. Аш қарынға түскен ашы арақтан қызып қалған Айдын.
– Мен демалайын, – деп төсекке киімшең құлай кетті.
– Шешініп жатыңыз, ағатай, – деді жатын бөлмеге келіп Айдынның көрпесін көтерген Гүлнұр. Қазір, – деп көйлегін шешіп, шалбарының белбеуін ағытқан Айдын қайтадан қисая кетті төсекке. Гүлнұрдың күткені де осы еді. Айдынды тыр жалаңаш шешіндірді де, өзі де анадан жаңа туғандай болып, ашылған жұмыртқадай аппақ тәнімен Айдынның жанына жата кетті.
Сол түні екеуі бірін-бірі ұзақ аймалап ұзақ сүйісті. Төске төс түйісті. Екі санның арасындағы қара түбітпен көмкеріліп, үлбіреген күнтиместің шыңырауында тұнған балшырынның удай уыты өн бойына таралған Айдын көптен көрмеген төсек ләззатына шомылды.
Құштарлық отына балқыған екі тән бір тәнге айналып бара жатты…

***
Әркімнің де, тіпті ұлы адамдардың да осал тұстары болады. Айдынның қойнына жалаңаш кіріп, көптен бері әйел көрмеген еркекті от-жалынға орап, ләззаттың тәтті уымен улап, есеңгірете есінен тандырған түннен кейін Гүлнұр шамадан тыс шалқайып, еркінсіп кетті. Айдынның пендеге тән осал тұстарын да: оның жақсы көрген адамының көңілін жықпас көңілшектігін де, кешірімшіл кең пейілін де, өтірік айта алмайтын адалдығын да, мінезінің жұмсақтығын да, кісілігі мен кішілігін де жете меңгеріп, орайын тауып, оңды пайдаланды. Өктемдік жүргізуді жатын бөлмеде қабырғаға ілінген Айдын мен Ұлпанның суретін алып тастаудан бастады.
– Ұлпан екеуміздің суретіміз қайда? – деді ұйықтар алдында жатын бөлмеге келген Айдын.
– Алып тастадым.
– Неге?
– Ұлпанның қарсы алдымызда қақшиып қарап түнгі ләззатті бұзады.
– Қайда ол сурет?
– Балконда.
– Бұл суретке тиісуші болма! Өз орнында тұрсын.
Айдын балконда шаң жұтып жатқан суретті әкеліп, орнына ілді. Сол түні Гүлнұр бөлек көрпе жамылып, теріс қарап жатып алды. Ертесіне, онан кейін де бірнеше күн қабағына мұз қатып, Айдынмен сөйлеспей қойды. Көңілсіздікке ұласқан үнсіздікке шыдамаған Айдын үлкен басын кішірейтіп, сөз бастап, бәрін жуып-шайды. Содан кейін Гүлнұрдың қабағына қатқан мұз еріп, жайма шуақ жайдар күндер қайта оралды отбасына. Әйтсе де ол ұзаққа созылмады. Арада апта өтпей жатып Гүлнұрдың көңілі нілдей бұзылды. Енді ол Ұлпанның анасы Зәуреге ауыз салды.
– Зәурені қарттар үйіне апарайық, – деді ол.
– Түс көрдің бе?
– Түсім емес, өңім.
– Неге тарыла қалдың, сенің ырысыңды ішіп отыр ма?
– Жоға, одан емес.
– Енді не?
– Өзінің бөлмесінде өзімен өзі. Бізге ешқандай кедергісі жоқ. Тілеуімізді тілегеннен бөтен. Тіпті ас-суды да бізден бөлек ішеді.
– Өзің айтқандай өзімен өзі. Жалғызсырайды ғой. Бір мезгіл сөйлесетін кемпір, шал да жоқ біздің аулада. Қарттар үйіне орналастырсақ өзіне де жақсы.
– Несі жақсы.
– Өзі қатарластарымен әңгімелеседі, іші пыспайды.
– Іші пыспасын десең сен де мен құсап көңіл бөл оған. Оқта-текте болса да әңгімелес, көңілін аула.
– Оған менің уақытым жоқ.
– Маған бөлетін уақытыңды соған бөл.
– Қайдағы бір қаймана қақпасқа күң болар жайылым жоқ.
– Тіліңді тарта сөйле.
Айдын ашулана бастады. Гүлнұр алқын-жұлқын шыға жөнелді үйден. Сол кеткеннен келесі күні бір-ақ келді. Айдынға өкпелегенін сылтауратып көшеде кездейсоқ кездескен шофер жігітпен түні бойы ойнап-күлді.
Тағы да үнсіздік. Атақты әнші Лариса Долина «Жанұядағы тыныштық бәрінен қымбат» қайғыны да сын дұрыс көрген Айдын тағы да кішірейді. Араға бірер күн салып, Ұлпанның анасын қарттар үйіне өткізу жайлы сөзін қайталай берді Гүлнұр. Шыдамның да шегі бар. Қарттар үйі жайлы әңгіме тағы да қайталанғанда шарт сынды Айдын.
– Осы әңгімеге қазірден бастап нүкте қой!
Ашуын әзер тежеген Айдынның даусы қатты шықты.
– Айғайлама!
– Ал, сен мені айғайлауға мәжбүрлеме.
– Мәжбүрлемесін десең айтқанымды орында. Мен қарттар үйінің басшысымен келісіп қойдым.
– Қанша рет айтамын саған. Болмайды дедім, болмайды.
– Олай болса екінің бірі – не ол, не мен!
– Буынсыз жерге пышақ салма. Мен бұл шартыңды орындай алмаймын.
– Олай болса мен кеттім. Ажырасу туралы арыз жазамын. Сотта кездескенше.
Есікті қатты жауып шығып кетті Гүлнұр. Көңілі Арқаның дүлей боранындай алай-дүлей болған Айдын сылқ етіп диванға отыра кетті.
Өзіне қатысты ұрыс-керісті бұрын еміс-еміс құлағы шалған, қазір ап-анық естіген Зәуре түпкірдегі бөлмесінен шығып Айдынның жанына келді.
– Айналайын, балам, – деді ол Айдынды жанарымен аймалап – мен үшін шаңырағыңды шайқалтып, ұяңды бұзба! Мен саған екі дүниеде ризамын. Қарттар үйіне жеткіз.
– Олай болмайды, апа!
– Айналайын, балам, өтінемін.
– Мен тірі тұрғанда ешқайда кетпейсің. Жібермеймін.
Айдын орнынан тұрып Зәурені құшақтай алды. Қолтықтап алып, бөлмесіне апарды.
– Ештеңе ойлама апа. Демал, апа! Мен екі-үш сағаттан соң қайтып ораламын. Сосын Ұлпанның басына барып, құран оқимыз.
Айдын үш сағаттан кейін қайтып оралса Зәуре бөлмесінде жоқ. Төсегінің бас жағында бір жапырақ қағаз жатыр.
«Айналайын алтын ұлым! – деп жазыпты Зәуре. – Мен қарттар үйіне кеттім. Мені іздеп әуре болма. Өмірімнің көбі кетіп аз қалғанда, жазы өтіп қыс келгенде татар дәмім, атар таңым қалғанша осы жерде тыныш өмір кешейін. Саған алыстан бөтен айтарым жоқ. Өзіңе деген құрметім, шексіз, балам! Сау бол. Анаң – Зәуре. 2.06.2000 жыл».
Үйге кіргенінен шыққаны тез болған Айдын екі өкпесін қолына ұстап, қарттар үйіне қарай ұшты. Келсе, екі кісілік бөлмеге орналасқан Зәуре жанындағы жаңа танысымен шүйіркелесіп отыр.
– Анашым, мені неге өкпелетесің, – деді Айдын орнынан ұшып тұрған Зәурені құшақтап.
– Өкпелеме, ұлым! Мені ешкім қуған жоқ, өз еркіммен келдім. «Тең-теңімен, тезек қабығымен» деген. Міне, теңімді тауып, шүйіркелесіп отырмыз. Танысып қой – подругам. Аты – Айнаш.
– Анашым, бұлай болмайды. Жүріңіз үйге.
– Айналайын алтын ұлым! Өтінемін. Қинама!
Зәуренің айтқанынан қайтпайтынын білетін Айдын амалы құрып, басы салбырап оралды үйге.
– Туған балаңыз ба? – деп сұрады Айдын кеткесін Айнаш.
– Күйеу балам. Қызым Ұлпан қайтыс болғаннан кейін үш жыл бірге тұрдық. Бір жыл бұрын төсек жаңғыртқан.
– Кесір келіннен келді-ау, шамасы.
– Олай деуге келе қоймас.
– Не десең де туған ұлыңнан артық асыл Азамат екен күйеу балаң. Егіліп, езіліп тұр ғой.
– Оның рас. Алтын ғой, алтын, Айдын ұлым.
Екеуінің әңгімесін кешкі асқа шақырған кезекші бөлді.

***
«Жер сатылады екен» деген сөз әлеуметтік желіде желдей есті. Халық та бұл сөз рас екен деп елегізіп отыр. Қоғамдық ұйымдар да қатты алаңдаулы. Бұл жағымсыз хабар Айбалтаның жүрегіне найзадай қадалды. Ол шұғыл өзі басқаратын «Ұлт мұраты» партиясы саяси кеңесінің мәжілісіне шақырды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатынасқан салиқалы жиында: «Аса қадірлі әріптестер, журналистер» – деп бастады сөзін Айбалта. Естіген боларсыздар, үкімет жерді сатуға шешім қабылдапты. Біз бұған жол беріп отыра алмаймыз. Жер-Ана деп бекер айтылмаған. Мына ғажапты қараңыз – ғарышта ұрық болмайды. Тіршіліктің бәрі – жерде. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың ғасыр басында айтқан: «Жер, жер және жер! Өйткені жерсіз адам жоқ, жерсіз мемлекет болмайды» деген сөзі бүгінде аса маңызды. Қазақстан ғана емес бүкіл дүниежүзі жерге тәуелді. Боливия президенті Эво Моралес жақында «Жер-Ананы» қорғайтын заңға қол қойғаны жайлы газеттер жарыса жазды. Ана жылы АҚШ-қа барғанымда үндістердің көсемі Сиэтл Дювамиштің 1885 жылы АҚШ Президенті Франклин Пиерске жазған хаты қолға түсті. Осы тарих хаттан үзінді оқып берейін. «Вашингтондағы үлкен кісі, Сіз біздің жерімізді сатып алу жайлы айтыпсыз. Ал оныңыз біздің көкейімізге қонбайды. Аспан аясын, жер жылуын сату, сатып алу мүмкін бе екен? Жердің жібек желі, өзен-көлдің ажар-реңі біздің меншікті мүлкіміз емес, оны бізден сатып алу деген не сөз? Біз Жер – адамның мүлкі емес, адам – Жердің мүлкі деп білеміз. Жеріміздегі қызыл тәнді ақырғы адам көз жұмып, аруағы аспан әлеміндегі ақша бұлтқа айналып кетсе де, халқымыздың өлмес, өшпес рухы орман-тоғайымызда, өзен-көлдерімізде мәңгі бақи өмір сүреді. Себебі: бұл Жер менің халқыма, яғни бөбегіне жүрегі елжірей еміренетін Ана!» «Жер тағдыры Шекспир сөзімен айтқанда: «Болу, болмау!» «Үндістердің көсемі Сиэтлдің сиямен емес, жантәнімен, ділімен, жүрек қанымен жазылған хаты адамзатқа айтылған өсиет! Бұл бүгін ғана емес, ертеңге де, алыс болашаққа да керек сөз!
– Жер сатылмасын! – деп жатырмыз, – деп бастады бірінші болып сөз алған Айбалта.
Жер сатылып кеткен. Ақмола облысындағы неміс кәсіпкері Альберт Шнайдер жетпіс жеті шақырым жерді қазып тастаған. Ор қазған кезде кейбір тұстары зираттың үстінен өткен. Бұл жолсыздығын ол «жергілікті барымташылардан қорғану үшін» деп түсіндіріпті. Жер иеленушілердің бәрі жер қаза берсе экологияға зиян емес пе? Шнайдердің жер иелігіндегі жер қорғалжын қорығының қасында. Ол жерде «Қызыл кітапқа» енген құстар бар…»
Айбалта сөзін аяқтап, мінбеден түсе бергенде залдың орта тұсынан ақшашты, көзілдірікті бір кісі:
– Маған сөз беріңізші, – деді.
– Сөйлеңіз, – деді жиынды басқарып отырған Айбалта.
– Мен «Халық сөзі» партиясының мүшесі емеспін, – деп бастады ол сөзін. – Атым – Бейсен, фамилиям – Сәрсенбаев, сексеннен асқан жасым бар, көпті көрген басым бар, төрімнен көрім жақын болса да жер тағдыры сөз болады дегесін үйде жата алмадым. Қарағым Айбалта жаңа кіріспе сөзіңде Жер жайлы жақсы айттың. Жер тағдыры – Ел тағдыры, халық тағдыры. Тіріде – төрің, өлгенде көрің жер деген. Сарыарқаның сары даласындағы құнарлы жердің біразын әлгі ақсақ Станислав Тимошенко мен тапал Владимир Куликов сатып алыпты. Мәскеуде котедждері, шетел банктерінде миллиардтары бар, бұл екеуі көлеңкелі көсемдері дейді білетіндер. Менің білетінім – бұрын биліктің биік баспалдағында болған бұл екеуі жоғары жаққа да ықпалды. Ықпалды болатыны бұлар қит етсе қоқи қаз құсап қоқаңдап шыға келеді. Ақорда да санасады бұлармен. Санаспаса осылай талтаңдатып қоя ма? Мына бүгінгі жиында зыялы қауым бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігіп күресіңдер жолсыздықпен, қарақтарым! Біз тілекшіміз. Алла алдарыңнан жарылқасын!
Бейсен ақсақал көзілдірігін қозғап қойып, орнына барып отырды.
– Бір өзіңе екі миллион гектар жері бар бір латифунисті білемін, – деді аты-жөнін айтқысы келмеген келесі шешен. – Маңғыстауда бір олигархтың иелігінде бір жарым гектар жер бар. Мұндайлар көп. Бұларға тиым бола ма, жоқ па?
Бұдан кейін де біраз кісі сөйледі. «Жер сатылмасын!» «Халық бұған қарсы!» деп түйінделді бәрінің сөзі.
«Халық сөзі» партиясының саяси кеңесі: «Жер сатылмасын» Жерді сатқан үкімет отставкаға кетсін! – деп президентке хат жолдады.

***
Ол табиғаты тамылжыған сұлу Көкшеде туып, өсті. Өзі де көкшенің айнадай жарқыраған көліндей, қысы-жазы жасыл жапырағы жайқалған ақ балтыр, ақ қайыңқыз қарағай орманындай, арайлап атқан ақ таңдай, кең майдай қарлығаштың қанатындай қиғаш қас, қыпша бел, тамағы ақ мақтадай үлбіреген, қоп-қою қара шашы желмен жалаудай желбіріген, еріні ерте піскен шиедей, албыраған аппақ тәні балбыраған, кеседей төңкерілген қос анары қып-қызыл көйлегінің кеуде тұсын керіп, нәрестенің бас бармағындай бөбешігі дертіп тұрған, қарасаң көз тоймайтын сұңғақ бойлы, терең ойлы, Көкшенің тауындай асқақ, Оқжетпестей өр, керіліп жатқан кең даладай кербез сымбаты бөлек сұлу еді. Тал бойында тарыдай мін жоқ. Ата-ананың жалғызы болғасын жан-жағына жалтақтамай еркін өскен ерке де сол. Сырты нұрлы, іші сырлы балбыраған бойжеткеннің аты да затына сай сұлу Балсұлу еді. Балсұлу десе Балсұлу!
Сауыншы ана Бижамал, орманшы әке Айбек жан дегенде жалғызын алақанға салып, аялап өсірді. Бұла болып бұлғақтап өскен Балсұлу он жеті жасқа келгенде туған айдай толысты. Онжылдық мектепті бітіріп, Көкшеден Алматыға оқуға келген сұңғақ бойлы сымбаты бөлек сұлуға Астананың бозбалалар сұқтана қарады. Ерке болып өскен ер мінезді бойжеткен жан-жағына жалтақтамай, жоғарғы оқу орнына түсуге талпынды. Құжаттарын білімнің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы университеттің заң факультетіне өткізді. Арманы заңгер болып, өмірді өзі көрген келеңсіздіктермен күресіп, әділдіктің ақ туын желбірету. Алғашқы сынақтардан сәтті өтіп, соңғысында сүрінді. Алған бетінен қайтпады қайсар қыз, келесі жылы тағы сынға түсті. Бұл жолы да бағы жанбады. Енді «не істеу керек дегенді көп ойлады ол. Қайтадан елге оралуға жүрегі дауаламады. Жұмыс іздеп сенделіп жүргенде ауылдас Индира кездесе кетті. Өзіне арман болған университеттің жетінші жатақханасында комендант болып істейтін Индира Балсұлуды вахтерлік жұмысқа орналастырды. Индира жалға алған бір бөлмелі пәтерде жалғыз тұрады екен. Серіктес құрбысы жақында тұрмысқа шығып, Шымкентке кетіпті.
– Бірге тұратын серік іздеп жүр едім, кездескенің жақсы болды, екеуміз бірге тұрамыз, – деді Индира.
Балауса қуана келісті.
Уақыт өте келе Алматыдағы қоқыр тірлікке де үйрене бастады Балауса…
Күні кеше Көкшеде мұңсыз, қамсыз, уайым-қайғысыз бақыттан басы айналып жүрген сымбатты бөлек сұлу қыз күндердің күнінде…
Бақытсыздыққа тап болды..

***
Айдын қарттар үйіне келгенде Зәуре қатты ауырып жатты. Өңі күнге күйген бөздей боп-боз. Айдын еңкейіп бетінен сүйді.
– Қалайсың, апа?
– Шү-кір.
Зәуре жалғыз сөздің өзін екі бөліп әрең айтты. Айдын сәл ойланып тұрды да, Зәурені жамылып жатқан көрпесіне орап алып, сыртқа шықты. «Лексустың» алдыңғы орындығын шалқайтып Зәурені жатқызды да тура Президент ауруханасына тартты. Бас дәрігердің келісімімен Зәурені бір кісілік палатаға жатқызды. Дәрігерлерді аяғынан тік тұрғызды. Терапевт, кардиологтар жабыла қарады.
– Не жағдай?
– Анаңыздың ауры біреу емес бірнешеу.
– Сонда?
– Қан қысымы жоғары.
– Қанша?
– Үсті жүз тоқсан, асты жүз.
– Тамыр соғысы?
– Жүз отыз. Қанты да көп. Сахарный диабет.
– Қанты қанша?
– Жиырма.
– Енді не істеу керек?
– Емдейміз.
– Өтінемін, жақсылап емдеңіздер. Менен қандай көмек керек. Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.
– Тілекші болған басқа шара жоқ.
– Мүмкін шетел клиникаларына алып барармын.
– Қажеті жоқ. Олар жасаған емді біз де жасай аламыз. Сосын анаңыз алыс жолды көтере алмайды.
– Өтінемін – анамның өмірін сақтай көріңіздер.
– Аянып қалмаймыз.
– Рахмет сіздерге.
Осы әңгімеден соң жұмысқа соқты Айдын. Аз-кем отырып үйге келді. Жұмыста да, үйде де байыз тауып отыра алмады. Айна алдында боянып, сыланып отырған Гүлнұрды ертіп ауруханаға келді.
– Жүр кеттік – деді Айдын.
– Қайда?
– Ауруханаға.
– Кімге?
– Барғасын білесің. Қабағына мұз қатқан Айдынға қарсыласа алмады Гүлнұр. Зәуре жатқан жетінші палатаға келсе система қойған екен. Зәуре Айдынның келгенін сезіп көзін ашты. Бетіне үңілген Айдынды жанарымен аймалады Зәуре. Гүлнұр еңкейіп бетіне үңіле бергенде басын бұрып әкетті.
Ертесіне таңертең оразасын ашпастан ауруханаға тағы келді Айдын.
– Анаңыз реанимацияда, – деді дәрігер.
– Жағдай қиындаған екен ғой, енді не амал бар?
– Тәтті өтіріктен ащы шындық артық, анаңыздың екі әрі кетсе үш-ақ күндік өмірі бар. Дұрыс – жөнелтуге қам жасай беріңіз.
Қан қысымы көтеріліп, жүрегі шаншып кетті Айдынның. Бір таблетка ішіп, ентігін басты да, Зәурені үйге алып келіп, өзінің бөлмесіне жатқызды. Гүлнұр үйде екен. Жақтырмаса да қарсы қабақ таныта алмады. Себеп – шыдамның да шегі бар. Гүлнұрдың буынсыз жерге пышақ ұрған еркелігін көтеруден шаршаған Айдын соңғы кездері қабағына мұз қатып, ызғар шашып тұратын болды Гүлнұрға.
Дәрігердің айтқаны келді. Арада екі күн өтіп, үшінші күні түске жақын Зәуре өмірден өтті.
Зәуре қайтыс болар сәтте Айдын қолынан сипап, бетіне бетін тигізді.
– Айналайын, ұлым! Саған екі дүниеде де ризамын, – деді де, Зәуре үзіліп кетті.
Айдын Зәурені Ұлпанның жанына жерледі.

***
Ана балаға сыншы. Жазгүл бауыр еті – баласы Әмірханның болашағынан үлкен үміт күтті. Сол үмітіне орай Әмірхан бала кезінде-ақ өз қатарынан оқ бойы алда жүрді. Бес жасында тәрбиешінің көмегімен оқып, жаза алатын болды. Жеті жасында өлең жазып, он жасар ойын баласы кезінде «Қобыланды батыр» жырын:
Айт жануар, шу деді,
Құбылып бурыл гүледі,
Тұяғы жерге тимеді,
Көлденең жатқан көк тасы
Саз балшықтай иледі, —
деп жатқа айтып, ақсақалдардан «Жырау» деген баға алды. Он бес жасынан бастап әкесі Айбалта жетекшілік ететін «Халық үні» партиясының жұмысына белсене араласты. Жиырма жасында қоғам белсенділерінің көшбасшы болып, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне белсене араласты. Қазір жиырма бес жасқа келіп, толған айдай толқысып тұрған кезі.
Әмірханның ерекше жігіт болып қалыптасуы тегін емес, оның терең сыры тектілігінде. Әжесі Қамажай «Сен текті тұқымынансың. Соған сай сөзің де, ісің де ірі болсын. Ұсақтама!» деп жастайынан құлағын құйып отырды. Құйма құлақ бола бұл сөздің төркінін түсінуге ынтығып, әжесінен әр нәрсені сұрай беретін.
– Әже, «Сенің атаң Нұрдәулет атақты адам болған, сен соған ұқсайсың» дейді ақсақалдар. Нұрдәулет атам жайлы айтшы, – деді ойын баласы он жасар Әмірхан.
– Нұрдәулет атаң полковник болған. «Патша армиясының көркі» десетін білдер.
– Сонда атам патшаға қызмет еткен ба?
– Атаң офицерлік антқа адал болыпты. Алғашында патшалық Ресейге қызмет еткен. Біраз уақыттасын үкімет саясатының халық мүддесіне кереғар ұқса керек. Сосын сол кездегі ел қамын жеген едігерлер Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов сынды Алаш ардагерлерінің қатары қосылған Думаға мүше болған. Дума дегенің…
– Әже, Думаның не екенін білемін, кітаптан оқығанмын.
– Нұрдәулет атаң орыстың ғана емес, ағылшынның да тілін білген. Парижге барған «Кадет» партиясын құрған. Ресей қарашекпенділер қара шегірткедей қаптатқанда жер үшін күрескен. Нұрдәулеттен Қаратай, Қаратайдан сенің әкең Айбалта, Айбалтадан сен туғансың.
– Қаратай атам бастық болған дейді ғой. Сол жайлы айтшы, әже.
– Атаң тегін кісі емес. Тегін кісі ормандай орысқа тастай батып, судай сіңе ме? Тектілігі ғой Мәскеудің іргесіндегі аса үлкен бір совхоздың директоры болыпты. Хрущевтің «Тың игеру дейтін науқаны басталғанда Мәскеудегі дөкейлер атаңды Қазақстанға жіберген екен. Мұнда атаң айдаладан жаңа совхоз ұйымдастырып, оның жұмысын ұршықша үйірген соң үкімет оны жоғарылатып, бір ауданға райкомның біріншісі етіп тағайындады.
– Атам Социалистік Еңбек Ері атағын қашан алды? Ол оны әлгі райкомның бірінші бастығы болып жүргенде алды. Ол басқарған аудан миллиард пұт астықтың төрттен бірін берді үкіметке.
Әже мен немеренің әңгімесіне жұмыстан оралған Айбалта араласты. Әмірхан әжесі мен әкесіне кеше кешкісін жазған «Кенесарының соңғы сөзі» атты өлеңін оқып берді.
Полигон-жүректегі жарам менің,
Аралым мен өзіңе алаң едім.
Қазағым қайтіп енді күн көрер деп,
Жүк түскен жүрегіме балаң едім.

Сол аздай дайындықсыз нарық келді,
Байлықты жылпостарға алып берді.
Ғылым мен мәдениет жетімсіреп,
Тағы бір тауқыметті алып келді.

Қайғыдан көз ашпаған далам менің,
Қай ұрпақ қайдан іздеп табар емін?
Халқымның қасіретін арылта алсам,
Қиналмай сан қиырға барар едім…

Мен бүгін қиналсам да шаттанамын,
Тәуелсіз елім бар деп мақтанамын.
Басына қазағымның бақыт қонса,
Армансыз о дүниеге аттанамын.

Бақ пен тақтан басы айналған бір патша әбден шектен шығып кетіпті. Елдің бар байлығын балалары мен туған-туысқандарына бөліп беріп, халықты әбден күйзелткенімен қоймай, өзі де байлыққа тоймай өлермендікпен өршелене билік жүргізіпті. Сарай төңірегіндегі әлеңкедей жалаңдаған өңкей жағымпаз: «Әлемді сіздей әмірші жоқ, сіз мәңгілік патшасыз» деп ескерсоқ билеушіні онан сайын есіртіпті. Өз елінің азаматтарын қор, жателдіктерді зор санаған ол халықтың басына әңгір таяқ ойнатыпты. Жателдіктерге нұрланып, өз жұртына сұрланып сөйлейтін екіжүзді әміршінің зорлығы мен қорлығына төзе алмаған жастар көтеріліс жасап, мейманасы тасқан, көзін шел басқан патшаны тақтан тайдырыпты.
Көтерілісшілер көсемі таққа отырған жаңа патша – жас жігіт Ақалмас елдің ақылман ағасы Абызға келіп, бата сұрапты. Абыз бата бермес бұрын Ақалмасқа бірер сауал беріпті:
– Адамдарды түтістіретін не? – деп сұрапты Абыз.
– Сөз, – депті Ақалмас.
– Бітістіретін не?
– Сөз.
– Дұрыс айтасың, – депті Абыз, – адамның тілі бас жарады, бас деймін-ау, тас жарады. Ағат айтылған сөз атылған оқ. Ақылды сөз – адам жанын жылытатын шуақ. Ақылды адам байқап сөйлейді, ақымақ адам шайқап сөйлейді. Семсер шешпес түйінді сөз шешеді. Сөз сәйгүліктен де қымбат. Құдай тектес құдіреттің бірі аспандағы күн емес пе? Оның қуаты адамзатты жылытып жүр емес пе? Сол күні сәулесі түспейтін адам жанының қатпары қалың қалтарыстарына сөздің сәулесі түседі. Сөзді билесең елді де билейсің.
– Менің қолымда бір құс бар. Сол құс тірі ме, өлі ме? Енді осыған жауап берші, – депті Абыз.
Бұл сауалдың жауабы қиын еді. Ақсұңқар ойланып қалыпты. Тірі десе Абыз саусақтарын қысып, құсты өлтіре салуы мүмкін, өлі десе алақанын жазып, құсты ұшырып жібермей ме? Соны аз ғана сәтте ақыл таразасына тартып үлгерген Ақалмас:
– Уа, ақылман ата, бәрі өз қолыңызда, – депті.
Ақалмастың сөз құдіретін білгеніне риза болған Абыз оған бата беріпті:
Қиындық келсе еліңе,
Күресе біл, жасыма.
Халқыңды ойла сәт сайын,
Әміршімін деп тасыма.
Сөзбенен серпі дауылды,
Ақылмен тоқтат жауыңды.
Сенбесе халқың сөзіңе
Үймелер шыбын көзіңе.
Ақылды сөз тапқанша,
Қалғыма, ерім, көз ілме.
Көрін әркез биіктен,
Дұшпаның өлсін күйіктен
Конфуциймен иықтасып ұлы ойшыл Ф.М. Достоевский де тұр көз алдымда: «Әлемді құтқаратын – сұлулық» деді ол. Философ пен жазушы ойларын қуаттай отырып, мен айтар едім: «Әлемді құтқаратын – сөз» деп. Жеке тұлғаны ғана емес, тұтас мемлекеттерді де бітістіретін де, түтістіретін де сөз.
Сөз құдіреті мен халқыңа қызмет, ұлым!
Ұқтым, әке!
Айбалта Ақбас бүркіттей дүр сілкінген Әмірханның жалын шашқан жанарына сүйсіне қарады.

***
Қызды кім сүймейді, қымызды кім ішпейді? Қыз деген қарға аунаған қызыл түлкідей қызықтырмай тұр ма? Оған қоса ол қатардағы қарабайыр көп қыздың бірі емес, құлпыдай құлпырған, көзіне нұр тұнған сымбаты бөлек сұлу болса сұқтанбай, сүймек көр! Балғын тәні балбырап, бота көздері жаудырап, тұла бойына сұлулық тұнған Балсұлуға құмарлықпен құныға қарағандар да, шынайы пәк сезіммен құлай сүйгендер де көп еді…
Сол көптің бірі – бота тірсек, бұйра бас, сұңғақ бойлы, сұлуша, ақсары жігіт, аспирант Тұрсынбектің қолы жетті. Антұрғанның тілі сонша тәтті болар ма, Балсұлуды алақанға салып аялайтынын, онсыз өмір жоқтығын айтып, тәжірибелі қу тәжірибесіз қыздың басын шыр көбелек айналдырды…
Басы айналған Балсұлудың қойнына қол салды, бір салғанда мол салды. Театрға, сосын мейрамханаға барып, қанып ішкен шараптан көңілі шалқыған екеуі Алматының түнгі көркін тамашалай жүріп, қонақ үйге қалай жеткенін аңғармай да қалды. «Басым ауырып отыр» деген Балсұлуға «бас жазайық» деп тағы-тағы қоярда қоймай тағы ішкізді Тұрсынбек…
Таң алдында оянған Балсұлу Тұрсынбектің қойнында жатқанын бірақ білді. Тыр жалаңаш жатыр екен. Шошып кетті. Тұрсынбектің төсіне артқан білегін серпіп тастап, душ қабылдады. Киініп кеткелі жатқанда оянып кеткен Тұрсынбек атып тұрды төсектен.
– Қайда барасың? – деді ол түк болмағандай жайбарақат.
– Үйге.
– Тұра тұр. Ресторанға барып, таңғы ас ішейік.
– Қажеті жоқ.
– Тоқта!
Шығар есікке беттеген Балсұлудың жолына кесе көлденең тұрып алды Тұрсынбек.
– Не істедің, неге бүлдірдің мені, – деп жылап жіберді Балсұлу. – Ішімді томпитып қалай ел көзіне көрінемін.
Балсұлуды құшақтап, қалта орамалымен көзінің жасын сүртті Тұрсынбек.
Мейрамханадан таңғы ас ішіп, Тұрсынбектің сөзі жылаған жүрегіне жұбаныш болған Балсұлу үйге келгенде жұмысқа кеткелі жатқан Индира:
– Қайда жүрсің, ботам, – деп құшақтай алды.
– Бір жігітпен танысып…
– Кім ол?
– Бір аспирант.
– Аты-жөні?
– Тұрсынбек Біртанов.
– Ойбай-ау, ол бір жүрген аферист. Талай қызды тақырға отырғызып кеткен, қулығына қулық бойламайтын түлкі. Көн бет сол сұмырай сұмның көкайыл қатыны, екі баласы бар…
– Ой, Алла-ай. Енді қайттым?…
Индираның бұдан кейін айтқандарын естігісі келмеген Балсұлу басы мең-зең болып төсекке киімшең құлай кетті….

***
Қарыны шыға бастаған Балсұлу Индирамен ақылдасты.
– Мынаны не істейміз? Алдырып тастайын ба?
Балсұлу томпиған ішін оң алақанымен сипады.
– Аборт жасауға болмайды?
– Неге?
– Бірінші балаға аборт жасатсаң кейін бала туа алмайсың.
– Ойлан.
– Жақсы. Ойланайын.
«Қара басымды қорғай, күнімді көре алмай жүріп бала менің не теңім. Ішімде томпайтып, көзге шыққан сүйелдей болып жүргенше бұл пәледен тезірек құтылайын».
Осы ойға бекінген ол гинекологқа келді. Алысты алқымдаған орта бойлы, ақсары әйел: «іштегі шараға үш ай. Бұл мерзімде аборт жасауға болмайды» кесіп айтты.
Арада алты ай өткенде толғақ басталды. Іші бүріп әкетіп барады. Аяқ-қолы бүрісіп бүк түсті. Не отыра, не жата алмады. Қабырғаны жағалап, әрі-бері теңселді. Қос бүйір бірдей бүріп шыбын жанын шырқыратқан толғақ бір сәт босаңсай қалды. Сәл тыныстап барып темір құрсадай қайта қыса бастады. Құрқылтайдың ұясындай тар бөлмені шыр айналды. Ауа жетпегесін балконға шықты. Күн салқын екен. Денесі мұздай бастағасын бөлмеге қайтып оралды. Тізесі дірілдеп құлап қала жаздады. Есікке жете бере босағаны құшақтап тұрып қалды. «Тұңғышын босанатын тұмса әйелдің толғағы қатты болады» дегенді естіп еді, сол рас болса керек, сәл тыныс алғасын тағы да қос бүйірі бірдей қысылып, іші бүріп жүре берді. Босағаны құшақтап аз тұрды ма, көп тұрды ма, ол арасын өзге түгіл өзі де білген жоқ. Бір кезде бар күшін жиып, ас үйге кірді. «Ой, Алла-ай, өлетін шығармын. Ақыл айтып, көмек беретін Индира да жоқ. «Қойшының қызы қой келгенде көредінің» кері, басқа уақыт таппағандай мына толғақтың үйде жападан жалғыз қалғанда келе қалғаны-ай..»
Түн ортасында басталған толғақ шаңқай түсте шарықтау шегіне жетті. Бүкіл денесі сыздап, сүйектері сытырлап сынып бара жатқандай болды. Қатты қиналғасын ерінен тістеп, көзін жұма берді. Сол сәт… Иә сол іштегі шаранасы былқ етіп, сыртқа шықты. Оған ілесе жарық дүниеге жаңа ғана келген сәбидің жылаған дауысы шықты. Сол сәт бойы кілт жеңілдеп, ауруы тарап жүре берді. «Ух, Алла өзі жар болып, босандым-ау, әйтеуір. Стол үстіндегі пышақты алып, кіндігін кесті.
Қатты әлсіреп қалған екен, әл жиып «адидастың бауымен нәрестенің кіндігін байлады да оны аппақ іш көйлегімен құндақтап тастады.
Баланың туғанына үш сағаттай уақыт өтті, жолдасы әлі түскен жоқ. Есесіне қан өте көп кетті. Әбден әлсіреген Балсұлу төсекке құлай кетті. Сәлден соң жүрек соғысы әлсіреп, жанары жұмыла берді…

***
Арқалықтан Алматыға оралған Райхан Сыртқы істер министрлігіне қарайтын жоғары дипломатиялық мектепке директор болып тағайындалды. Келесі жылы Жоғарғы Кеңеске депутат болып сайланды.
Пікір таластырып, ой жарыстырып, айтыс-тартыспен өтетін Парламент мәжілісінің көрігін қыздыра жүріп Райхан жалғыздық пен жалығудан құтылды. Ең бастысы Ерасыл, Айгүлдермен жиі көрісіп, жақсы сыйласып алып ұшып, аласұрған жүрегі байыз тапты. Бәлкім соданда болар газет тілшісінің «Сіздің ұғымыңызда бақыт не? – деген сұрағына «Успокойствие души» деп жауап берді.

***
Тұңғышының толғағы қатты болған тұмса әйел өлім аузынан қайтып есін жиғанда жанында жылап жатқан сәбиін көрді. Емшегі дертіп тұр екен омырауын аша берген уыз сүт бұрқ ете қалды. Баласын емізіп қайта жатты. Аузы аққа тиген сәби ұйықтап кетті.
«Ертең жұмысқа баруым керек, мына баланы не істеймін, кімге қалдырамын мұны – деп ойлады ол. «Зарман ініне кіре алмай жүріп құйрығына қоңырау байлаптының» кері ғой. Күнімді көре алмай жүріп мұны қалай бағып, қалай өсіремін. Тіпті, өсірген күнде де бақытты бола ала ма, бұл бала? Тәрбие беретін анасы мен бе? Менің түрім мынау. Көлеңкесімен қорғай жүретін әкесі де жоқ бұл бейбақтың. Әкесіз бала – сужүрек, әкелі бала – ержүрек. Су жүрек жетім кімге пана болар дейсің. Тас жетім тас бауыр болып өспей ме? Мұндай бейбақтар аз ба, мына жарық дүние дейтін жалғанда. Тірі қалса бақытсыздар санын көбейткеннен бөтен не бітіреді бұл бала? Ертең өскенде алғыс емес, қарғыс айтар маған: «Мен сорлыны неге әкелдің мына опасыз сұм өмірге. Бүйтіп сормаңдай болып, сорлап жүргеннен өмірге келмегенімнің өзі жақсы еді» демей ме? «Пәледен машайық қашыпты» дейді ғой бақыттылар. Басына іс түспегесін қайдан ұқсын олар өзгенің бақытсыздығын. Құдайыңмен қорқытпа. Сол құдай бар ма, өзі? Бар болса неге әділ емес. Неге біреуді көкке, біреуді жоққа шығарады ол. Сонша сорлатардай. Не жаздым бұл құдайға. «Алланың әмірінсіз ештеңе болмайды» дейді ғой білетіндер. Мен адассам сол Алланың әмірімен адастым ғой. Айдың күні аманда адастыратында не жаздым бұл Аллаға? Ешкімнің ала жібін аттағам жоқ. Балбыраған балғын тәнім ғана емес, ойым да, ісім де таза еді. Ашық күнде адасып, қара бастым. Сол алаяқпен кездескен қаралы күн, жаралы түнге лағнет. Мына жылап жатқан баланың обалы сол күн, сол түн, сол аферист аспирантқа. Қарасы батқыр олардың! Қарғыс атсын оларды. Қой, мына бейшара баланы жылата бермей үнін өшірейін бұра жола…»
Осы ойға берік бекінген Балсұлу құндақтаулы баласын қоқыс жәшігіне апарып тастады…

***
Бұл адамзат Жер ана мен Аспан ата арасында алғаш тіршілік ете бастаған сонау ту, ту алыс заманда болған оқиға. Көне тарих көшіндегі шаң-тозаңға көміліп қалмай күні бүгінге дейін жеткен сол оқыс оқиға жайлы аңыздың түбін түсіре түгел баяндау үшін тұтас бір кітап жазу керек. Оқушының қымбат уақытын үнемдеу мақсатымен аңыздың ұзын ырғасын ғана баян етелік.
Кең даланы мекен еткен бір тайпаға қара түнді жамылып қапыда бас салған қарақшылар қарсыласқан жанның бәрін қынадай қырды. Келесі күні күн бата аяқталған айқас алаңында бейбіт тайпадан екі аяқ, екі қолын бірдей қылыш шапқан, түбіт мұрты енді ғана тебіндеп келе жатқан өрімдей жас жалғыз бозбала қалды томардай домалап. Қанға бөгіп, қансырап жатқан ең соңғы құрбандылықтарын өлдіге санаған басқыншы жау өз жөніне кетті.
Құдайдың құдіретінде шек бар ма? Өлмеген пендеге өлі балық кездесті. Жапан далада жортқан жалғыз хайуан – қаншық қасқыр аш болса да жаралы жанды жемеді, қайта оны аяп аялады. Жарасын тілімен жалап, аққан қанын тоқтатты. Арқасына салып ап, көлге апарып шомылдырды. Көлдің суы шипа боп, жаралы бозбала жазылды. Адамнан көрмеген жақсылықты қасқырдан көрді. Күндердің күнінде жарасы әбден жазылған жас бозбала қаншық қасқырға үйленді. Қаншық қасқыр бозбаладан жүкті болған шағында тайпалар арасында тағы да соғыс басталды. Өзін емес, құрсағындағы ұрпағын ойлаған қаншық қасқыр жайлы мекенін тастап, тау шатқалындағы үңгірге қашып тығылды. Күздің қара суығында көзі қарауытып ашыққан қаншық қасқыр ұрпағын аман сақтау үшін үңгірден шықпады. Тозақтан бетер азап кеше жүре он бала туды ол. Қаншық қасқырды сол азапқа төздірген ұлы сезім – аналық сезім еді. Ұрыс даласында аяқ-қолдан бірдей айрылған сол бозбала мен қаншық қасқырдан туған он баладан түркі халықтары тарайды. Біз қазақтар Көкбөрінің ұрпағы дейтініміз де, ата-бабаларымыз ертеде қасқырды қасиеттеп, көк байраққа Көкбөрінің бейнесін салуында да тарих қойнауында жатқан осындай терең сыр бар.
Ақиқатпен астасып жатқан осынау аңыздың астарында әйел-ана жүрегіндегі жылылық пен ұлылық жатыр. Әйел – өмірдің өзегі. Өмірдің мәні де, сәні де, нәрі де, әні де – әйел. Әйелсіз өмір – айсыз түн.
Мемлекеттік маңызы бар мәселенің бірі – ана мен бала проблемасы. Бүгін ана мен бала қандай болса, ертең мемлекет те сондай. Бұл екеуі егіз проблема. Алып анадан туады. Ақын да, көсем де, шешен де әйелдің алтын құрсағынан шыққан. Ана алдында асқар тау да аласа. Әйел алдында патша да әлсіз. Әйел құдай тектес құдірет! Ұлы Мұхаңның – Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтсақ: «Халықты ілгерілететін дөңгелек солар. Оларсыз мақсатқа жақындау мүмкін емес. Бұлай болғанда алғашқы сөзімді қайта айтамын. Адам баласы тағы болып, еркегі хайуандық дәрежесінде жүргенде әйелден бала туып, ол балалардың бәрі де жастық қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген.
Бұған қарағанда адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақияты әйел халінде жалғасады. Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. «Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе» (М.Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы, 15-том, 9-бет. Алматы. «Жазушы», 1984 жыл). Сонау 1917-жылы жазылған бұл сөздер бүгін де мәнін жойған жоқ. Мұхаңның «Адамдық негізі – әйел» деп жар салуы тегін емес. Мұның терең сырын әйелдің құдай тектес құдіретінен іздеу керек.
Арғы-бергі тарихты аудара қарап, ақтара тексерсеңіз әйелдің сұлулығы мен ұлылығы талай кереметтерді туғызғанын көресіз. Дүниежүзіндегі сегізінші керемет Таж-Махалды салғызған да, жарты әлемді жаулап алған айбарлы да ақылды әміршілер Ақсақ Темір мен Шыңғысханға ат тізгінін тартқызған да, Шыңғыстың атақты шайырына:
Мен өзіңді тәңіріме теңер ем,
Бір меніңе Самарқанд пен Бұхараны берер ем, –
деген жұлдызды жыр жолдарын жазғызған да әйелі! Жеке адамдарды ғана емес, тұтас бір мемлекеттерді де түтістіретін де, бітістіретін де әйел. Бір ғана мысал. «Известия» газетінің 1997-жылғы 3-желтоқсанындағы санында «Андропова с Рейганом померила женщина» деген атпен ИТАР– ТАСС материалы жарияланды. Онда былай делінген: «В ноябре 1983 года СССР стоял не пороге ядерной войны с НАТО. Об этом стало известно в результате анализа британскими экспертами секретных документов из архива бывшей разведки ГДР. Руководство КГБ пришло к выводу, что начинавшиеся тогда учения НАТО «Эйбл Ачер-83» являются подготовкой к ядерному удару по СССР. Были срочно приняты ответные меры: приведены в полную готовность советские стратегические бомбардировщики».
Британские эксперты утверждают, что ключевую роль в разрешении кризиса сыграла Маргарет Тэтчер, которая убедила президента США Рональдо Рейгана начать с руководством СССР переговоры о сокращении вооружении».
Қазақ халқының тарихында Тэтчерді он орап кететін әйелдер болған. Әрідегі Томирис, берідегі – Домалақ ана – Нұрила, күні кешегі Ұлпа… сұлулығымен ғана емес, ұлылығымен де ұлт мақтанышына айналған ұлы тұлғалар!
Жиырмасыншы ғасыр талай елден көш бастаған көсем әйелдер де шығарды. Олардың арасында: Агата Барбара (Малта, 1982-1987), Изабель Перон (Аргентина, 1975-1976), Вигдис Финнбогадоттир (Исландия, 1980), Корасон Акино (Филиппины, 1986-1992, 1994), Виолетта Чаморро (Никарагуа, 1990-…), Эрза Паскаль – Трухильо (Гаити, 1990-1991), Мэри Робинсон (Ирландия, 1990-… сынды Президенттер де; Индира Ганди (Үндістан, 1966-1977), Гола Меир (Израиль, 1969-1974), Маргарет Тэтчер (Ұлыбритания, 1979-1980), Эугения Чарльз (Доминикан Республикасы, 1980-…) Гру Харлем Брунтланд (Норвегия, 1981,1986-1989, 1900-…) Милка Планинк (Югославия, 1982-1986) Беназир Бхутто (Пакистан, 1988-1990), Казимера Прунскене (Литва, 1990-1991), Эдит Крессон (Франция, 1991-1992), Халида Зиа (Бангладеш, 1991), Ким Кэмпбелл (Канада, 1993-…) тәрізді Премьерлер де бар.
Күні кешеге дейін биік билік басында болған Беназир Бхутто, Тансу Чилерді айтпағанның өзінде бүгінде Финляндияның қорғаныс министрлігін Аннели Тайна ханым басқарады.
Жарқ етпес қара көңілім не ғылса да,
Аспанда Ай менен Күн шағылса да,
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,
Маған жар сенен артық табылса да, –
деген де ұлы Абай. Әйелді Абайша сүйіп, Абайша жырлаған ақын аз. Солардың бірі ғана емес, бірегейі – Мағжан:
Сүйші сәулем, тағы да сүй, тағы да,
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ляззаттың бір минөтін бермеймін
Патша тағы, бүкіл дүние малына, –
деп жырлады. Ал, Аркадий Вайнер былай дейді: «… Состояние влюбленности – это озарение, взлет к небесам. В этот момент живешь, как в невесомости – тела своего не ощущаешь: не идешь по земле, а вроде передвигаешься чуть-чуть над ней. Но это настолько же прекрасно, насколько быстротечно. Такое может быть не ожнажды, особенно в жизни творческого человека. Без этого он закиснет, загрустит и вряд ли что-нибудь толковое в жизни создаст».
Әйел жанын бір ұқса, жазушы ұғады. Әйел болып сұлу болмау мүмкін бе? Сұлулықты сүймеу тағы мүмкін бе? Сымбаты емес, сырлы емес бірде-бір әйел жоқ, әр әйел өзінше сұлу, өзінше сымбатты! Тек оған ғашық көзбен қарай біл, жан дүниесін тани біл. Әрбір әйел – бір әлем! Мен де әйелді бір адамдай жырладым. «Тау жолы» атты романымда «Әйелсіз өмір – айсыз түн» деп жазып ем, «Арманым көп, аз өмірім жетер ме?» атты дастанымда:
Қазағымның жоғын жоқтап сабылдым,
Дей алмаймын күштілерге жағындым.
Жанын ұқтым әйелдер мен қыздардың,
Табынсам тек сұлулыққа табындым.

Әйел үшін жыр да жаздым, ағылдым,
Сүйдім, күйдім, жаза бастым жаңылдым.
Әйелдерден бал да таптым, у да іштім,
Одан өзге не кінәм бар, неғылдым?
деп жырладым («Халық кеңесі, 9 сәуір, 1994 жыл).
Ер жігіт өз өмірінде әртүрлі әйелге жолығып, әрқилы әйелмен танысқанмен түптің түбінде оның тағзым етіп, құдайдай табынары – бір-ақ әйел! Жазушының халықтан жасырар сыры жоқ. «Сенің сондай табынарың, сағынарың кім?» деп сұрай қалса мен:
Тауға да ұрып, тасқа да ұрып басымды,
Іздедім мен серік болар асылды,
Маржандарым арзан болып шықты да,
Содан ерте ағарттым мен шашымды, –
деп жүргенде тапқан жан серігім Құралайым дер едім.
Сүйікті кенжем Даниярымның анасын мен бүгінде:
Жанымда болсаң табындым,
Алыс кетсең сағындым.
Ашулансаң, ұрыссаң,
Қайғыдан шекпен жамылдым… –
деп жырлаймын. Әйтсе де, біз еркектер қанша сүйдім, күйдім дегенмен махаббат мәселесінде әлі әйелдермен таласа алмаймыз. Әйел жанының академигі Мопассанның сөзімен айтсақ «Шын сүйе алатын тек әйелдер ғана» («Орындық тоқушы әйел» хикаясынан). Мойындауымыз керек, біз еркектер махаббаттың ыстығына күйе білгенмен суығына әйелдердей тоңып, әйелдердей төзе білмейміз. Өртке де, дертке де төзімді әйелдер ғана. Көп адамды ақын еткен де махаббат. Соның бірі – Силва Капутикян әлемнен де күрделі әйел жанын:
Кеттің ғой…
Маған қайырылмай,
Бәрібір менен кетпейсің.
Жүрегіміз мәңгі айрылмай,
Менсіз бір жолдан өтпейсің.
деп жырлады. («Қазақ әдебиеті», 12 маусым, 1987 жыл).
Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрдың және басқа да театрлардың сахнасында қойылған менің «Дауыл» атты пьесамның басты кейіпкерлерінің бірі Айнұр өзімен күндес Рымкеш дейтін әйелге: «Қадірлей білейік, ер азаматты. Әйел асқақтаса азаматтың арқасы. Оларсыз кімбіз біз…» дейді. Қанша әулие болса да, әйелдің жөнсіз асқақтамағаны абзал. Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Әйел асқақтаса – жылағаны, еркек асқақтаса құлағаны». Құдай әйелді жылата, еркекті құлата көрмесін!…
Жәндіктердің де өз заңы бар: мәселен көксеректің ұрғашысы қара уылдырық шашқан соң ұрпағы үшін өзін құрбан етеді, ал, өрмекшілер ұрығын алып алған соң ұрғашысы еркегін өлтіріп тастайды. Көксерек сынды сымбаты бөлек сұлулар көп емес! Әйел еркіндігі сол екен деп өрмекшілер ережесімен өмір сүргісі келетін әйелдер де кездесіп қалатынын несіне жасырамыз. Қандай қиюы қашқан қиын ситуациялар кезінде де моральдық жеңіс те, материалдық игілік те өз жағында болатынына сенімді әйелдердің қит етсе еріне: «ажырасамын» деп сес көрсетіп шыға келетіні бар. Бұлай бола берсе, бұрын әйел теңдігі үшін күрескен қазақ зиялыларына ертең еркек теңдігі үшін күресетін күн туып жүрмесіне кім кепіл?! Осы тұста «АИФ»-тің «Семейного советінде» жарияланған Армен Джигарханянның: «… С возрастом что-то меняется на что-то». Я не хочу сейчас это как-то называть – «привычка» или «привязанность». Все дело в союзе, как бы скучно это ни прозвучало. Это – жизнь. Как у человека: с возрастом слабеет зрение, выпадают зубы, седеют волосы. То же происходит и с эмоциями. Человек должен это осозновать и суметь найти некое противоядие этому, если ему дорог этот союз, если есть вещи, которые объединяют. Но если умирает страсть, физиология, то начинаются неприятности. Еще Лев Николаевич говорил, что самое большое таинство – или большая проблема – это проблема постели…» деген сөзін еске ала кетудің орайы келіп тұр.
Психолог Дейл Карнеги жанұя бақытының түрлі ережесін ұсынады. Оның айтуынша:
«1. Никогда не ворчите друг на друга! Наполеон ІІІ был влюблен в графиню Евгению Тэба и женился на ней. Но вскорее семейное счастье стало рушиться. Осатаневшая от ревности, Евгения изводила императора своим ворчанием. И Напалеон покинул ее!
2. Любите и давайте жить другим! Великий политик Дизраэли женился довольно поздно на не очень красивой женщине, к тому же старше себя на 10 лет. Они прожили вместо 30 лет, и были счастливы! Все эти 30 лет Мэри Энн не уставала восхищаться своим мужем и хвалить его в обществе. Со своей стороны, Дизраэли всегда подчеркивал, что жена была главным в его жизни.
3. Не пытаейтесь переделать своего партнера! Успех в браке зависит не от того, чтобы найти подходящего человека, а от способности самому быть подходящим человеком.
4. Если вы хотите, чтобы вас в доме было счастье, прочтите хорошие книги о половом факторе в семейной жизни. Любые трудности могут быть преодолены, если между супругами нормальные половые отношения.
5. Не пренебрегайте отношения мелкими проявлениями внимания! С незапамятных времен люди считали цветы языком любви. Чикагский судья, рассматривавший тысячи бракоразводных дел, утверждает, что в основе неудачных браков лежат заудядные мелочи. Например, то, что жена не помашет мужу, уходящему на работу из окна». («Караван», 25.10.1996 г.). Әйел байлық қана емес, бақыт. Өмірдегі сол қазынамыз жанұя бақытының қазығы бола алса нағыз бақыт сол емес пе?! А.Фет: «Ты передо мной стоишь как божество!» деген сөзді сондай қасиеттің иесі, махаббаттың киесі – әйелге арнағанын ұмытпайық. Менің бұған өз жанымнан қосарым:
Мен ұққан бұл өмірдің дастан әні,
Бәрі, бәрі махаббаттан басталады!
Бір данышпан айтқандай: «Любовь стоит столько, сколько стоит сам человек». Қазақтың қасиетті әйеліне деген махаббат сол өмірден де қымбат!
«Қыз Жібекте» айтылғандай:
Батырлық, байлық кімде жоқ,
Ғашықтық жөні бір басқа!
Алыс-алыс күндерден жеткен аңыз айтады: «Әлде бір заманда, әлде бір жерде әйелдер мен еркектер мінәйі бір себеппен араздасып қалып, тұтас тұрған тұлғалы ел екіге жарылыпты. Сөтіп бір елде екі мемлекет пайда болыпты. Оны бірі – әйелдер, екіншісі – еркектер патшалығы екен. Еркіндік тиген ерлер патшалығының азаматтары алғашында «әйелдерге бодан едік, енді бостандық алдық» – деп салт басты, сабау қамшылы өмірлеріне қуаныпты. Еншіге тиген ризықтарын ішіп-жеп, сауық-сайранмен күн кешіпті.
Әйел патшалығындағы арулар қуанбаса да, жалғыздыққа бірте-бірте көндігіп, ертеңді-кеш еңбекпен өз патшалықтарын гүлдендіре беріпті. Сайранның түбі – ойран боларын білмеген еркектер патшалығындағы азаматтар күндердің күнінде бар байлығын тауысып, ел ашаршылық халге жетіпті. Әлсіреген ерлер патшалығын қуатты көрші мемлекет бір-ақ күнде жаулап алыпты. Жеңген елдің патшасы әйелдер патшалығындағы аруларды шақырып, ұланасыр той жасапты. Жеңімпаз патша тойдан соң әйелдер патшалығының аруларына бір-бір қапшық беріпті де:
– Қазынама қол салып, бір салғанда мол салып, қапшықтарыңды толтырып, көтергендеріңше алтын, күміс немесе не қалағандарыңды алыңдар, – депті.
Әйел патшалығының арулары болса бір-бір қашықтықты арқалап, шаршап-шалдығып, арып-ашып елдеріне әрең жетіпті. Оларға еріп барған жеңген елдің жансызы жеңімпаз патшаның:
– Әйелдер патшалығындағы арулар біздің елден не алды? – деген сұрағына былай деп жауап беріпті:
– Мәртебелім, арулар өздерінің ең қымбат қазынасын алды.
– Ол не?
– Ол өздерінің күйеулері.
– Әйелдер ақылды ғой. «Бір әйелдің айласы қырық еркекке жүк болады» – деп бұрынғылар бекер айтты дейсің бе? Олар өздерінің күйеулерін ғана емес, бақытын арқалап әкеткен екен ғой, – депті жеңімпаз патша. – ал, бізге – еркектерге сондай таңдау бұйырса сол сыннан өте алар ма ек?…
Жеңген елдің жеңімпаз патшасы мен жансызының осы әңгімесін тыңдаған ашық аспан астындағы алып алаң толы қалың ел ой орманында үнсіз тұрып қалыпты.

***
Гүл сататын дүңгіршекке келіп жеті тал розаға тапсырыс берді Әмірхан. Гүл сатушы әйел көз жауын алған өрттей қып-қызыл розаны ақ салафанға орап бір жас қыз келді.
– Сәлеметсіздер ме? – деді ол сатушы әйел мен Әмірханға кезек қарап.
– Саламат болыңыз, – деп жауап берді Әмірхан.
– Маған жеті тал роза гүлін беріңіз.
– Роза гүлі жоқ. Ең соңғысын мына жігіт алып тұр.
– Енді қайттым?
– Оған несіне қапаланасыз, міне, көз алдыңызда тұр ғой нешетүрлі гүлдер. Мынау пион, анау гладиолус, ана тұрған георгин, астра, мыналар ландыш, гвоздика, золотой шар, лилия деп самсаған сан алуан гүлдерді санамалап жатыр сатушы әйел.
– Маған керегі роза. Бүгін подругамның туған күні. Ол роза гүлін жақсы көреді. Енді қайда барсам екен? Маған жөн сілтеп жіберіңіздерші. Жақын маңда гүл сататын дүңгершек бар ма?
Жас қыз гүл сатушы әйел мен Әмірханға кезек мойынын бұрып екеуіне арнады сөзін. Уақытым да аз. Жақын маңнан келіп қолындағы жеті тал розаны ұсынды.
– Ой, аға, ыңғайсыз ғой.
Бейтаныс қыз Әмірхан ұсынған гүлді ала қоймады. Гүл ұстаған қол кеңістікте қалқып тұр.
– Түк те ыңғайсыздығы жоқ қысылма. Ала ғой айналайын!
– Таңшолпан.
– Атың да өзің сияқты сұлу екен.
– Көп-көп рахмет аға!
Таңшолпан Әмірханмен жылы қоштасты. «Қандай сұлу» – деп ойлады Әмірхан. – Сымдай тартылған ұзын бойына тобыққа дейін төгілте киген көк көйлек жарасып, аппақ ажарын ашып тұр. Көк көйлекті қыпша белінен буған қызыл белбеу ерте піскен шиедей албыраған алқызыл ерінге үйлесіп тұр. Тік иық пен аққу мойынға төгілген ұзын шаш қандай көркем. Көзін айтсаңшы көзін! Таңғы шықтай мөлдіреген жақұт жанар әдеттегі көздерден әлдеқайда үлкен. Ойлы, мұңлы жанарды адамды тұңғиыққа тартып алар құпия құдірет бардай. Киім киісі де керім! Қазіргі қыздар омырауын ашып, кіндігін көрсетіп жүргенде Таңшолпан сұңғақ бойындағы сұлулығын сұқ көзден көлегейлегені де білгендіктің белгісі. Көргенсіз болса сиыр да ішпейтін қақтың суындай жалаңаш-жалпы жалтылдап жүрер еді. Тұрған тұрысы, сөйлеген сөзі тәрбиелі, иманды екенін айқын аңғартып тұр…»
Таңшолпанды бір көргеннен ұнатып қалды Әмірхан. Сол күннен бастап оны түсінде жиі көретін болды оны. Алып ұшқан албырт сезімі ақ қағазға ақжарма жыр болып төгілді:
Жүректің дірілдеткен жапырағын,
Күнімді сен деп ойлап батырамын.
Күн бейнең кетер емес көз алдымнан,
Таңды да бір сені ойлап отырамын….
Күндіз естен, түнде түстен шықпай қойған Таңшолпанды «Қайдан іздеп, қалай тапсам екен?» деп жүргенде Әмірханның ақ тілегін берді Алла. Алматыдағы дәрігерлік институттың ректоры, академик Төребек Шаяхметов студенттерімен кездесуге шақырды. Басында «Уақытым жоқ» деп қашқақтаған. Жасы үлкен, елге сыйлы азамат қайта-қайта қолқалап қойғасын барған кездесуге. Барғаны қандай жақсы болды. Таңшолпан дәрігерлік институттың, педиатрия факультетінің соңғы курсында оқиды екен. Жер жайлы, «Адамзаттың анасы» атты жыр жинағына автограф жазып жатып, Таңшолпанның қалта телефонының номерін қағып алды. Арада апта өткенде алғаш рет түс ауа Горкий паркінде кездесті. Біраз уақыт әңгімелесе жүріп кешке Әуезов театрынан Әуезовтің «Қарагөзін» көрді.
– Мен сіздің «Қаралы сұлу Қарагөз» атты поэмаңызды үшінші курста жүргенде оқығанмын, – деді Таңшолпан театрдан шықаннан кейін. Сіздің творчествоңыз Әуезов шығармаларымен үндес. Тақырып жағынан емес, психологиялық үндестік. Адам жанының нәзік иірімдерін ой, қақтығысы мен сезім арпалыстарын суреттеудегі үндестікті айтамын.
– Өзің кәсіби әдебиетші сияқтысың.
– Мектепте оқып жүргенде ақын болуды армандап, өлең де жазғанмын. Ақындықтың ауылы алыс екенін белгісі медик болуға талпынып жүрмін.
– Екеуміздің тірлігіміз ұқсас, – деді Әмірхан.
– Қалай?
– Дәрігер адамның тәнін, ақын жанын емдейді.
– Солай екен. Ол жағын ойламаппын.
– Тірлігіміз ғана емес, махаб – деп тілін тістей қойды Әмірхан – бірлігіміз де жарасса ғой, шіркін, деп түзетті.
– Шіркін дегеніңізге қарағанда армандайсыз-ау, шамасы.
– Армандағанда қандай! Тура сөйлеп дағдымен ашығын айтайын, арманым – өзіңе ұнау.
– Ол енді өзіңізге байланысты.
– Арманым үшін аянып қалмасым аян. Тек сезім жауапсыз болмаса екен.
– Күдігіңіз бар ма?
– Күдігімнен сенімім басым.
– Онда неге?
– Өмірде не болмайды?
– Бәрін ақыл таразысына тартыңыз.
– Ақыл мен сезім тайталасқанда сезімге жол беру керек.
– Неге?
– Бір данышпан былай депті:
Осы сөз менің қағбам. Сіз қалай ойлайсыз.
– Алдағы өмірді Алла біледі. Әңгімелесе жүріп жатақханаға да жеттік. Жақсы, сау болыңыз..
– Ертең хабарласамын.
– Ертең бос емеспін.
– Онда бірісі күні кездесейік.
– Оны тәртібіңізге қарай көреміз.
Таңшолпан жұмбақ жымиды.
«Бірінші кездесуде-ақ жөн, жосықсыз сайрай бергенім қате болды, – деп ойлады Әмірхан. – Тормыз жоқ машинадай салдыр-күлдіргеніме жол болсын. Үкідей қызды үркітіп алмасам жарар еді?…»
Әмірханның уайымы бекер еді. Таңшолпан оның қалтарыс, қулығы жоқ ақкөңілділігін ұнатты.
Театрға барған күннен бастап екеуінің кездесуі жиіледі.
Арада бір жыл өткенде екеуі үйленді.

***
Бүгін көшеде көлік әдеттегідей көп емес еді, әйтсе де кептеліске тап болды. «Жол апаты шығар» деп ойлаған. Анықтап қараса олай емес. Қаңғыбас иттер өлі нәрестенің денесін тістеп сүйретіп жүр. «Адамнан айнытпайтын қуыршақтар да шығаратын болған ба?» деп ойлады басында. Сөйтсе қаңғыбас иттердің тістеп, толасып жүргені өлі нәрестенің денесі екен.
Бір кезде қаңғыбас иттердің бірі өлі нәрестенің қолын, бірі аяғын, бірі басын тістеп алып жөніне кетті…
Бойы мұздап, жүрегі сыздап кетті.
«Бұл неткен азғындық! – деп ойлады. – Азған қоғам ба, адам ба? Осыншама деңгейге құлдыраудың себебі не?»
Қаны басына шапшып, жүрегі ауырған ол үйге әзер жетті.
Айгүл Ерасылдың түндей түнерген түрін көріп шошып кетті.
– Өңің қашып кетіпті ғой, не болды? Ауырып қалдың ба?
– Иә, жүрегім шаншып ауырып тұрмын.
– Скорый шақырайын.
– Керек емес. Дәрігер емдейтін ауру емес бұл. Жедел жәрдемнің номерін тере бастаған Айгүлді құшақтап, тоқтатты.
– Не болды, айтсаңшы.
– Жаңа көшеде бір сұмдық көрдім.
– Ол не сұмдық?
Ас үйге кіріп, бір кесе салқын су ішті. Сосын бір сәт өзіне өзі келіп, жаңа көшеде өз көзімен көрген сұмдықты айтты Айгүлге.
Сол сәт Айгүлдің жүрегі шаншып кетті.
– Кім екен нәрестесін қоқысқа тастаған?
– Ит біліп пе?
– Ондайлар аз ба қазір.
– Кімде болса барып тұрған тас жүрек.
– Ана атынан садаға кетсін ондайлар.
Қаңғыбас иттер таласқан өлі нәресте Балсұлудың қоқысқа тастаған баласы еді.

***
Бішкекте шығармашылық кеші сәтті өткен Ерасыл көңілді. Жол бойы кешегі кермиық кештің көркем көріністерін көз алдына елестетіп келеді. Кешті жүргізген қаламдас досы, қырғыздың шоң ақыны Мархабай Ааматовтың шешендігіне, төсекте басы, төскейде малы түйіскен бауырлас халықтың абызына айналған Сүйінбай Ерәлиев, Сауранбай Жусиев, Төлеген Қасымбеков сынды классиктердің көрегендігі сүйсінтті. Кісілігіне кішілігі сай қаламдас ағаларының асқан сабырлылығы мен қайырымдылығын дән риза болды. Молдабосынов атындағы театрда өткен кеш үш сағатқа созылды. Кеште ақтарыла сөйлеп, ақ батасын берген қаламдас ағалары «Жібек жолы» мейрамханасында жайылған дастарханға да келді. Жасы келген кісілер ғой шаршағандары аңғарылып тұрды. Сонда да сыр бермей банкеттің соңына дейін отырды. Ол аз десеңіз Ералиев өлең оқып, Жүсиев ән айтып, Қасымбеков билеп отырыстың көрігін қыздырды.
Ертесінде қаламдас достары қырғыз-қазақ шекарасындағы «Достық» мейрамханасында қонақасы берді. Мархабай досы иығына шапан жауып, басына ақ қалпақ кигізгенде Ерасыл:
Басымда менің ақ қалпақ,
Ойлап шетін сырғызған.
Менің де бетім жап-жалпақ,
Сенің де бетің жап-жалпақ,
Айырмам қайсы қырғыздан, –
деп Әбділдә ақынның өлеңін айтқанда:
Мен барсам қазақ ауылына,
Байқалмаса қырғыз екенім, —
деп Сүйінбай байеке іліп әкетті.
Төкпе ақын қазақ пен қырғыз достығын селдей тасыған төкпе жырмен төгілте жырлады. Қырғызстанның халық ақыны Мейрамгүл Әбілқасымова өзінің «Құрмандатқа» поэмасынан үзінді оқыды. Қырғыз бауырлар кешегі шығармашылық кеште Ерасылға Қырғызстанның «Алтын қалам» ұлттық сыйлығымен марапаттап, кеудесін Қарасаев атындағы алтын медаль таққан еді. Ақын інісі Нұрлан Қалдыбай сол марапапаттарыңа көрімдігін де арнау өлеңін оқыды.
«Әлемге Манас пен Шыңғысты сыйлаған қырғыз ақылды, талантты халық, – деп ойлады қаламдас достарының құрметіне бөленген Ерасыл. – Кеңес өкіметі кезінде олар бар саладан – әдебиет, өнер, архитектура, ғылым салаларыннан ең жоғарғы сыйлық Лениндік сыйлық алды. «Қырғыз қыз» фильм одақтық Мосфильмді» АҚШ-тың «Голубудына» теңестіреміз деп оған қаржыны аямай құйғанын, барлық жағдай жасағанын, Украинаның да олардан қалыспағанын ескерсек тұлпармен жарысқан тай секілді «Қырғыз» фильмінің шығармашылық жетістігі сүйсінтеді. Қырғыз киносының бағын ашып, жұлдызын жандырған Шыңғыс Айтматовтың әлемдік деңгейдегі классикалық туындылары, сосын сол шедеврлердің Төлеміш Өкеев, Сүлеймен Чокмаров сынды талантты режиссерлардың аса шебер режисурасы сынды атақты актерлердің табиғи таланты. Үндемей жүріп үлкен іс тындыратын қырғыз бауырлардан үлгі алар жайлар аз емес. «Тіпті жауық болса да жақсы жағына елікте, тіпті әке-шешең болса да жаман жағына елікпе» дейді ежелгі үнді ақылы…»
Жол бойы ой мен қиял құшағында Ерасыл «Алтын орда» базарына қалай жеткенін аңғармай қалды. Жол теп-тегіс, бірақ қарғыс атқыркептеліс. Ерасылдың машинасының алдында екі-ақ көлік тұр. Қызыл шам ұзақ жанды. Оң қапталда шашы желмен желбіреп, көліктерге қол көтеріп, біреу тұр. Шай қайнатым уақыт бұрын басталған жаңбыр сәт сайын үдеп барады. Ерасыл сигнал беріп, машинаның есігін ашып көтерген біреуді шақырды. Ентігіп жеткен оған: «отыр» деді. Біреу Ерасылға жаутаңдай қарап, оның жанына отырды. Үстіндегі – күздің өтінде неғып жүрсің?
Жұмыс іздеп жүрмін.
Біреудің дауысы құмығып шықты. Ерасыл оның аршылған жұмыртқадай аппақ жүзіне барлай қарады…. «Біреу» көзі мұңлы жап-жас қыз екен. Көн тоз плащы малмаңдай су. Тоңып, денесі дірілдеп отыр.
Таптың ба?
Табылар түрі жоқ.
Осы кезде жасыл жарық жанып, бұлар алға жылжыды. Тағы да кептеліс…
– Атың кім, қалқам.
– Балсұлу.
– – Мен Ерасыл Жақсыбеков деген ағаң боламын.
– А…а, мен сізді сыртыңыздан жақсы білемін. «Үлкен қаладағы жалғызды» деген романыңызды оқығанмын. Әңгімелеріңізді де… Маған әсіресе «Қаралы сұлу Қарагөзіңіз» қатты ұнады.
Ерасыл Балсұлуды айтқан мекен-жайына жеткізді. Ол екінші Алматы вокзалының жолдан қаға беріс, қараңғы бір бұрышында жалғыз қабат жер кепеде тұрады екен.
Мен ертең Астанаға ұшамын. Екі күннен кейін қайтып ораламын. Сол шамадан маған телефон шал:
Ерасыл Балсұлуға визиткасын берді.
– Рақмет, аға!
Екеуі жылы қоштасты…
ХХХХVIII
Қазақстан жазушылар одағының бастамасымен, мәдениет министрлігінің және президент әкімшілігінің қолдауымен Астана қаласындағы «Әдебиет және қазіргі әлем» атты халықаралық форумға дүниежүзінің сексен елінен делегаттар келген еді. Бәрі өз еліне ғана емес, әлемге танымал тұлғалар мәжіліс басталар алдында делагаттар топ-топ болып, әңгімелесіп тұрды. Ерасыл жанында Айбалта бар ана жылы Үндістанда болғанда Бомбейдегі үйіне шақырып қонақ еткен атақты жазушы Ахмад Аббаспен әңгімелесіп тұрған.
– Сіздің «Үлкен қаладағы жалғыздық» романыңызды аудардым.
Ахмад күнге күйген жылтыр қара жүзіне жұқалтаң қызғылт нұр жүгіріп, жұмсақ жымиды.
– Қашан?
– Сіз келіп кеткен жылы.
– Жарияланды ма?
– Алдымен газет, журналдарда үзінділері жарияланды, сосын жеке кітап болып шықты. Міне, мынау сол хинди тілінде шыққан кітабыңыз.
Ахмад қолтығына қысқан кітапты берді Ерасылға.
Мұқабасы қатты, сырты қазақтың ой, өрнектермен безендірілген қалың кітапты көзімен аймалап, кеудесін басқан Ерасылдың жүзі бал-бұл жанды.
– Рахмет, Досым!
Ерасыл Ахмадты құшақтап бауырына басты.
Сол сәт бұлардың жанына Олжас келді, жанында ұзын бойлы, қызыл шырайлы, көкшіл көзі қысыңқы, жасы Айбалтамен шамалас орыс жігіт бар. Олжас Үндістанға Ерасылдан көп бұрын, Әуезовтің ізін суытпай барған. Ахмад Аббаспен ғана емес, Станислав Рерих, Раджиф Гафур сынды тұлғалармен таныс. Кітабы Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясымен бір мезгілде үнді халықтарының бірнеше тілінде жарық көрген. Соданда Үндістанның зыялы қауымының көбімен таныс. Әйтсе де Ахмад Аббаспен кездеспеген екен. Ерасыл екеуін таныстырып, Олжастың жанындағы орыс жігітке барлай қарады. Оны танымағанын сезген Олжас:
– Бұл жігіт біздің әріптесіміз, әдебиет сыншысы, Андрей Анотолевич Сиверцев. Парижден келді, – деді Айбалта елең ете қалды. «Тоқта, тоқта! Мына есім өткенді ойға оралтып тұр. Осы жігіт маған туыс болып шықпасын…»
– Ғафу етіңіз, Андрей Анатольевич, сіздің Анатолий Григорьевич Сиврцевке қатысыңыз бар ма?
– Қай Сиврцевті айтасыз?
– Қазаққа күйеу Сиверцевті айтамын.
– Қазаққа қалай күйеу болып жүр ол?
– Орыс армиясының офицері, полковник, атақты бай, Орта жүз Арғын, Қарман руының көсемі, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтармен бірге жүрген, мемлекетті Думаға депутат болған, кадет партиясын құрған Нұрдәулет Бабахановтың қызы Гауһарға үйленген, – деп шұбырта жөнелді асығып сөйлеген Айбалта.
– Иә, сосын?
Көкшіл көзі күлімдеп, қулана, жұмбақ жымиды Парижден келген әдебиетші.
Сосын сол зыялы азамат октябрь революциясынан кейін Парижге кеткен.
– Мен сол Алексей Григорьевичтің немересімін.
Форум өз жұмысын бастап кетті.

***
Астанадағы халықаралық форумнан Алматыға оралған Ерасыл Балжаннан бір апта бойы хабар күтті. «Байғұс қызға не болған, неге телефон шалмайды» – деп ойлады ол. – Әлде бірдеңеге ұшырап қалмады ма? Үйсіз, күйсіз жүдеп жүрген болар. Қой, өзім барып өз көзіммен көрейін жағдайын. Тарығып жүрген қаракөздерімізге біз секілді азаматтардың көмектесуі парыз емес пе?»
Біреуге көмектескісі келіп тұратын жүрегі аса жұмсақ, асқан қайырымды Ерасыл Балсұлуға өзі барғанда күтпеген жайға кез болды. Ескі «Маздасын қағаберіс қалтарыста қалдырып, жалғыз қабат жер үйге жақындай бергенде алпыстан асқан жуан бөксе, сап-сары, көк көз орыс әйелінің айғайлаған дауысын естіп, қалт тұра қалды.
– Кет дегесін кет! Кет дедім ғой мен саған.
– Мария Ивановна құдай үшін қумаңызшы, үш төрт күн тұра тұрайын.
– Сосын?
– Сосын пәтер ақысын әкеліп беремін.
– Не байы, не баласы, не жұмысы жоқ саған кім береді ақшаны? Мә, мына кәпір, шүкіріңді алда жоғал!
Жуан бөксе, сап-сары орыс әйел жол сумкасын лақтырып жіберді.
Құдай үшін тағы екі күн мұрсат беріңізші, аяңызшы. Балсұлу жылап жіберді.
Құдай аямағанда адам аямайды, – деді жуан бөксе, сап-сары әйел көзі көкшеп.
Жуан бөксе, сап-сары, көзі көкшиген әйелдің Балсұлуды ғана емес, қазақты тілдеген былапыт сөзін тыңдауға шыдамы жетпеді Ерасылдың.
Мария Ивановна сабыр сақтаңыз. Бүкіл бір халықты тілдеп, кемсітуге бола ма? Не жамандық көрдіңіз қазақтан?!
Ерасылды тексеруге келген милиционер екен деп жуаси қалды жуан бөксе, сап-сары әйел. –Байым алқаш, өзім жұмыссызбын. Пәтер ақымен күн көріп отырмын. Мына қыз сол несібеден де қағып отыр. Қайтейін, қайбір жетіскендіктен ашуланады дейсің бе?
– Қанша қарыз, Балсұлу.
– Он сом.
– Міне, салыңыз.
Лениннің суреті бар қызыл ақшаны жуан бөксе, сап-сары әйелге ұстатты.
– Бұл енді басқа әңгіме, – деп жайылып түсті ол.
Балсұлуды ескі «Маздасына» отырғызып «Алматы» қонақ үйіне келді Ерасыл. Қонақ үйден бір жетіге бір бөлме алып, Балсұлуды орналастырды. Сосын күн көсемнің суреті бар төрт қызыл қағазды қолына ұстатты. Балсұлу ала қоймады.
Ерасылдың созған қолы ауада қалқып тұр.
– Ал, қалқам, ала ғой.
– Рақмет, аға, – деді Балсұлу қалтыраған қолын созып.
– Маған неге телефон шалмадың?
– Ұялдым.
– Ұялма! Қажет кезде қысылмай телефон шал. Әзірше осында тұра тұр. Бірдеңе ойластырамын.
– Әзірше, – деп шығып кетті Ерасыл.
Балсұлу ойға шомды…

***
Ерасыл әрі ойлап, бері ойлап Балсұлуды өзіне хатшылық қызметке қабылдады. Жазушылардың шығармашылық үйінен бір бөлме алып берді. Тұрақты жұмысқа тұрып, жайлы мекен-жайға орналасқасын көңілі көтеріліп, жүдеген жүзіне қан жүгірді. Балсұлу Ерасылдың жанұясымен араласа бастады.Жұмыстың реті солай болды да Ерасылдың көз алдына жайнаң қағып, жүріп алды Балсұлу.
Құлпыдай құлпырып, көзіне нұр тұнып, сәмбі талдай солқыл қаққан жас сұлу Балсұлу түнде де сан қырымен жарқырайтынжақұттай жанып, көрмейін десе көзі бар Ерасылды күн сайын қуатты магниттей тарта берді.
Ерасылдың жүрегінде жарық жұлдыз туып келе жатты…
Ол жұлдыздың аты – Балсұлу!

***
Жазушы Ерасыл Жақсыбековтің қойын дәптерінен:

Махаббаттан асқан бақ жоқ,
Таланттан асқан тақ жоқ.
***
Тәтті өтіріктен ащы шындық артық.
***
Әйелде баланы дана, дананы бала ететін қасиет бар.
***
Жұлдыз қаншалық жарық болса,
Қызғаншақ,күншілдер де соншалық көп болады.
***
Махаббат өмірді ұзартады.
***
Қарғаның қуанышынан, қыранның қайғысы артық.
***
Ардың жүгі нардың жүгінен де ауыр.
***
Бақытқа барар баспалдақ – еңбек,
Ақыл, қайрат, сабыр бәрін жеңбек.
***
Махаббаттың тартар ләззаты қаншалықты тәтті болса, тартатын азабы да соншалықты болады.
***
Әйелсіз өмір – айсыз түн.

Әлемнің кілті – әйелде.
***
Барлық пәле әйелдің етегінде,
Ақымақ еркек кетеді жетегінде.
***
Қыз құшағы тым ыстық,
Бәрінен қымбат жанұядағы тыныштық.
***
Үндемей жүріп, үлкен істер тындыр.
***
Өсетін елде – ақын сыйлы,
Өшетін елде – әкім сыйлы.
***
Өнердегі ерлік – өмірден де қымбат.
***
Біреуді көкке, біреуді жоққа шығарма!
***
Қанша атақты болсаң да Айдан аласасың.
***
Төбені ғана көргендер асқар тауға шығар ма?!
***
Ел бақытты болмай, ер бақытты болмайды.
***
Данышпандар көш бастар,
Ел ертеңі – жастар.
***
Шетелдерден іздемеңдер жақұтты,
Елсіз, жерсіз бола алмайсың бақытты!

***
Астанадағы халықаралық форумнан Алматыға оралған Ерасыл Балжаннан бір апта бойы хабар күтті. «Байғұс қызға не болған, неге телефон шалмайды» – деп ойлады ол. – Әлде бірдеңеге ұшырап қалмады ма? Үйсіз, күйсіз жүдеп жүрген болар. Қой, өзім барып өз көзіммен көрейін жағдайын. Тарығып жүрген қаракөздерімізге біз секілді азаматтардың көмектесуі парыз емес пе?»
Біреуге көмектескісі келіп тұратын жүрегі аса жұмсақ, асқан қайырымды Ерасыл Балсұлуға өзі барғанда күтпеген жайға кез болды. Ескі «Маздасын қағаберіс қалтарыста қалдырып, жалғыз қабат жер үйге жақындай бергенде алпыстан асқан жуан бөксе, сап-сары, көк көз орыс әйелінің айғайлаған дауысын естіп, қалт тұра қалды.
– Кет дегесін кет! Кет дедім ғой мен саған.
– Мария Ивановна құдай үшін қумаңызшы, үш төрт күн тұра тұрайын.
– Сосын?
– Сосын пәтер ақысын әкеліп беремін.
– Не байы, не баласы, не жұмысы жоқ саған кім береді ақшаны? Мә, мына кәпір, шүкіріңді алда жоғал!
Жуан бөксе, сап-сары орыс әйел жол сумкасын лақтырып жіберді.
Құдай үшін тағы екі күн мұрсат беріңізші, аяңызшы. Балсұлу жылап жіберді.
Құдай аямағанда адам аямайды, – деді жуан бөксе, сап-сары әйел көзі көкшеп.
– Кет дегесін кет! Осы қазақтардан көрдім-ау көрінісі. Өңшең калбит. Пастер көшесінде қара шегірткедей қаптап тұр жалдамалы пәтер іздеген көп қазақ. Қазір барамын да біреуін жетектеп алып келемін.
Жуан бөксе, сап-сары, көзі көкшиген әйелдің Балсұлуды ғана емес, қазақты тілдеген былапыт сөзін тыңдауға шыдамы жетпеді Ерасылдың.
Мария Ивановна сабыр сақтаңыз. Бүкіл бір халықты тілдеп, кемсітуге бола ма? Не жамандық көрдіңіз қазақтан?!
Ерасылды тексеруге келген милиционер екен деп жуаси қалды жуан бөксе, сап-сары әйел. –Байым алқаш, өзім жұмыссызбын. Пәтер ақымен күн көріп отырмын. Мына қыз сол несібеден де қағып отыр. Қайтейін, қайбір жетіскендіктен ашуланады дейсің бе?
– Қанша қарыз, Балсұлу.
– Он сом.
– Міне, салыңыз.
Лениннің суреті бар қызыл ақшаны жуан бөксе, сап-сары әйелге ұстатты.
– Бұл енді басқа әңгіме, – деп жайылып түсті ол.
Балсұлуды ескі «Маздасына» отырғызып «Алматы» қонақ үйіне келді Ерасыл. Қонақ үйден бір жетіге бір бөлме алып, Балсұлуды орналастырды. Сосын күн көсемнің суреті бар төрт қызыл қағазды қолына ұстатты. Балсұлу ала қоймады.
Ерасылдың созған қолы ауада қалқып тұр.
– Ал, қалқам, ала ғой.
– Рақмет, аға, – деді Балсұлу қалтыраған қолын созып.
– Маған неге телефон шалмадың?
– Ұялдым.
– Ұялма! Қажет кезде қысылмай телефон шал. Әзірше осында тұра тұр. Бірдеңе ойластырамын.
– Әзірше, – деп шығып кетті Ерасыл.
Балсұлу ойға шомды…

***
Алатауға түн ортасында жетті Ақбас бүркіт пен Көкдауыл. Кеш жатса да әдеттегісіндей ерте оянды олар.
Қайырлы таң, Періштем!
Қайырлы таң, Пірім!
Түсімде Столыпинді көрдім, Періштем!
– Ұлттық сана-сезімі жоқ ел бар болғаны құлдың көңнің қызметін ғана атқара алады, оның арқасында өзге халықтар өсіп-өнеді – депті сұңғыла саясаткер Столыпин.
– Ол кім өзі?
– Ол 1906-1911 жылғы Ресейдің Премьер-министрі болған Петр Аркадиевич Столыпин деген сұм.
– Неге сұм дейсің?
– Сен біліп қой. – Николай екінші 1906 жылы тоғызыншы ноябрьде осы Столыпин әзірлеген шаруалардың жер иеленуі жайлы Указға қол қойды. Бұл қазақ жеріне орыс мұжықтарын қара шегірткедей қаптатқан «Столыпиннің аграрлық реформасы» дейтіннің басы еді.
– Сол Столыпин Николай екіншіге: «Вам нужны Великие потряснения, нам нужна Великая Россия» депті.
Ал, бізге керегі Қазақстанның Мәңгілік Ел болуы! Бақытты болашаққа «Нұрлы жолмен» беттеп бара жатқан Қазақстанды пәле-жаладан қорғауымыз үшін бізге де сілкініс керек, Періштем!
– Дұрыс айтасың, Пірім!
– Кеттік, Періштем!
– Қайда, Пірім!
– Кең байтақ Қазақстанды аралап қайтайық, Періштем! Мүмкін біреулерге бір көмегіміз тиер.
Ақбас бүркіт пен Көкдауыл қарсы соққан қара дауылды қақ жарып, қатарласа ұшып келеді…
***
Нұрсұлтан терезе алдына келіп, желдеткішті ашты. Сыртқа көз салып еді жанарына Алатаудың асқақ шыңы ілікті. Сол шыңның төбесіне төнген ақшарба бұлт ол әлдеқашан естіген әлдебір аңыздағы қарлы таулар арасын кезіп жүрген қарлы Анаға қатты ұқсайды екен. Сол сәт оның ойына бала кезінде Тәттібала әжесі айтқан аңыз оралып еді. Содан бері арада ондаған жылдар өтті. Сонда да сәби шақта естіген сол аңыз сірә да естен кетпейді.
Бірімен -– Аға, сіздің орыныңыз осы жерде.
– Рақмет, інім!
Үлкен дөңгелек столды жағалай отырғандардың бәрі Айбалтаға таныс, кілең ығай мен сығай. Айбалта олармен бас изеп сәлемдесті. Бұл столда ол танымайтын бір адам – сұңғақ бойлы, аққұба әйел бар еді.
– Қош келдіңіз, аға! – деп сәлемдесті ол Айбалта орнығып отырғасын.
– Қош көрдік, қалқам.
Екеуінің орны қатар екен, бір столда тізе түйістіріп қатар отырды. Сымбаты бөлек сұлу әйел Айбалтаның тарелкасына салат, қазы-қарта салып, қызмет көрсете бастады. Көзінің астымен ұрлана қарап отырған әйел таныс секілді. Айбалта «қайдан көрдім?» деп әрі ойлап, бері ойлап есіне түсіре алмады.
– Ас алып отырыңыз, аға, –деп жұмсақ жымиды сұңғақ бойлы сұлу әйел.
– Рақмет. Атың кім қалқам?
– Гүлнұр.
– Менің есімім – Айбалта.
– Мен сізді сыртыңыздан білемін, аға.
– Қалай?
Жақсының өзінен бұрын аты жетеді деген атам қазақ. Жақсы атыңыз маған ғана емес барша қазаққа, қазаққа деймін-ау, бүкіл Қазақстанға белгілі.
Үзіліс кезінде Айбалта Гүлнұрмен биледі.
– Қай жастасың, қалқам.
– Қыздың жасы он сегіз.
Гүлнұр жұмбақ жымиды.
– Бұл дұрыс сөз. Сізді он сегізде ме деп ойлаймын.
– Тым жасартып жібердіңіз, аға.
– Өңіңіз он сегіздей сияқтысың, шыныңды айтшы, қалқам, нешедесің?
– Ту, қоймадыңыз ғой, отыз жетідемін.
– Әзілің ғой.
– Шыным, аға!
– Солай-ақ болсын! Отыз жеті жаста құлпыдай құлпырып, көзіңе нұр тұнып он сегіздегі бойжеткеннен бетер жас болып тұрғаның да ғасырда бірақ туатын ерекше жан екеніңді айғақтап тұр.
– Рахмет, аға.
– Буыны босап, былқ-сылқ етіп, сылқ-сылқ күлді Гүлнұр.
– Мен Батыс пен Шығысты түгесе кезген желаяқпын. Дүниежүзінде өзіңе жететін сұлу көрген жоқпын.
– Мұныңыз комплимент қой, аға! Ал сізге қолымды кеудеме қойып тұрып имандай шынымды айтайын. Сіз секілді бүкіл әлемді араламасам да менде біраз шетелде болдым, әйтседе сізге тең келер жігіт көргем жоқ. Қатарынан ақылы асқан, аты озған, сырты нұрлы, іші сырлы сіздей жігіттің сұлтаны жоқта шығар әлемде. Ашығын айтқаныма айып етпе, аға. Әнеукүні көгілдір экраннан көргенде-ақ Сізбен жүздесем-ау деп армандап жүргем. Бүгінгі күн мен үшін ерекше күн. Сізбен танысқаныма қуаныштымын, аға!
– Мен де.
Мақтаншақ Айбалта алпыс екі айлалы, әккі Гүлнұрдың әзіл сөзіне майдай еріді. Кештен соң Гүлнұрды үйіне ұзатып салды. Қоштасарда ерінен сүймек болып еді, Гүлнұр:
– Потом, потом, – деп құшағынан сыртылып шығып, үйге кіріп кетті.
Қандай сұлу, неткен нәзік, биязы бекзат еді мына Гүлнұр, – деп ойлады Айбалта. – Шіркін-ай, ерінге ерін, төске төс түйісіп, тар төсекте тыржалаңаш сүйісіп, балбыраған бал денесін құшақтап балқыр ма едім. Ой, дүние, арман-ай тезірек келсе екен «Айбалтаны мақтаншақ деуші еді жұрт, рас екен, – деп ойлады Гүлнұр. – Мен қойған көпшікке құлап түсті ақымақ. Тағы бір ай тұзаққа түсті. Айдынның шетелде жүргені жақсы болды. Емін, еркін айналдырып, емексітіп қойдым, атағы жер жарған Айбалтаңды. Енді менің қылбырауымнан құтылып көрсін».
Алғашқы таныстықтан соң арада бір күн өтпей жатып Гүлнұрды кездесуге шақырды Айбалта. Гүлнұр «Потом, потом» деп сілекейін шұбыртты Айбалтаның.
– Менімен бір түн бірге болсаң не кетеді, орысша айтқанда сто стоит, – деді Айбалта.
– Много, – деді Гүлнұр.
– Многоң қанша?
– Он мың доллар.
– Сол да сөз болып па, беремін.
– Утром деньги вечером стулья.
Осы әңгімеден кейін арада екі күн өткенде екеуі «Көктем-Грант» қонақ үйінің люкс бөлмесінде кездесті. Виски ішіп отырып Гүлнұрдың төсінен ұстап, ернінен сүйді Айбалта. Он мың долларды сумкасына сүңгітіп жіберген Гүлнұр қарсыласқан жоқ. Қаны қызып, сілекейі шұбырған ол Гүлнұрды шешіндіре бастады.
Алдымен өзің шешін. Мен өзім, – деді Гүлнұр.
Айбалта тыржалаңаш шешінді. Айбалтаны бақайшағынан басына дейін шолып еткен Гүлнұрдың бойын құмарлық жеңе бастады. Киімнің бәрін сыпырып тастап, анадан жаңа туғандай жарқырып тұрған аппақ денеге қызыға қарады Айбалта. Бала тумаған тұмса әйелдің қос анары жығылмай, тіп-тік тұр. Бөбешігі дертіп, дір-дір етеді. Жарыққа шағылысқан аппақ сан айнадай жарқырайды. Екі санның арасындағы қара түбіт көмкерген күнтимеске жетсем-ау деген сезім Айбалтаның ұйқыдағы «арыстанын» оятып жіберді. Тұла бойын құштарлық кернеген Айбалта төсекке қарай сүйреді Гүлнұрды.
Тұра т ұр, жуынып алайық.
Гүлнұр Айбалтаны жетелеп екеуі душқа кірді. Екеуі ерінге ерін, төске төс түйістірді. Алдымен Айбалтаны жуындырды Гүлнұр. Әйелдің жұп-жұмсақ қолы «арыстанды» жуғанда аса бір рахат күй кешті Айбалта. Ұйқыдағы «арыстан» оянып кетті. Оқ жыландай басы қасқайып шыға келген «арыстан» айнадай жарқыраған екі санның арасындағы қап-қара түбітпен көмкерілген күнтимеске дәл тіреді қақайған басын. Тұла бойын құмарлық билей жөнелген Гүлнұрдың қаны қызып, денесі дір-дір етті.
– Потом, потом. Сен төсекке бара бер. Мен қазір келемін, – деді Гүлнұр.
Тұла бойында асау қан тұлаған Айбалта төсекке құлай кетті. Сәлден соң Гүлнұр да келді.
Жанған отқа жалаңаш кірді Айбалта…
«Көктем-Гранттағы» тәтті түннен кейін Айбалтаны жанына жуытпады Гүлнұр.
– Жігітім бар, – деді Гүлнұр Айбалта қайта-қайта жалынып, кездесуге шақыра бергесін.
– Кім ол?
– Студент.
– Нешеде?
– Жиырмада.
– Қайда оқиды?
– Оны қайтесің?
– Тым болмаса бір рет кездесейікші.
– Болмайды.
– Ең соңғы рет.
– Жоқ, жоқ дедім ғой мен сізге.
– Напелеон француз тілінде «жоқ» деген сөз жоқ деген.
– Французда болмаса қазақта бар.
– Жоқ деген жаман сөз.
– Жақыс сөзді өзіңіз айта беріңіз.
– Жоқ десең жоғалып кетесің.
– Оған қайғырмаңыз. Жоғалсам іздейтін адам бар.
– Сені сүйгесін, жаным ашығасын айтамын.
– Болды. Енді звандамаңыз. Точка!
Осы әңгімеден соң Гүлнұрмен сөйлесу мүмкін болмады. Ол телефонын «занята» қойып қойды.
Осыдан соң Айбалта «детектив» жалдады. Детектив екі күннен соң Гүлнұрдың екі сағат бұрын бір бозбаламен «Көктем-Грантқа». Төменгі қабаттағы кезек әйелмен сыпайы сәлемдесіп, бозбаламен әйелдің қай бөлмеде екенін сұрады.
– Айтуға болмайды, – деді кезекші әйел.
– Өтінемін, айтыңызшы.
Айбалта кезекші әйелге бір уыс долларды ұстата салды. Кезекші әйелдің көзі күлімдеп шыға келді.
– Жанжал шығармаңыз.
– Шығармаймын.
Айбалта кезекші әйел нұсқаған сегізінші қабаттағы сегіз жүз жетінші бөлме ақырын иығымен итерді. Есік кілттелмепті. Аяғының ұшынан басып, бөлмеге ақырын кірді. Ақ төсекте құмар ойынының қызығына түскен екеу мұның кіргенін байқамады. Әдейі қатты жөтелді Айбалта. Секстің қызығына түскен екеу төсектен атып-атып тұрды.
Айбалта тани кетті. Детиктив жіберген суреттегі бота тірсек, бұйра бас, бадырақ көз студент Гүлнұрдың артына тығылды. Суаттан шыққан «сайманы» бұтына сыйма қақиып тұр.
Мен сені ұмытқанмын сүйген жігітім бар дедім ғой, неге ұқпайсың?
– Сүйгенің мына қоянжүрек боқмұрын ба?
– Соқтықпа оған.
Қазір жарып тастаймын оны.
Айбалта қалтасынан серіппелі бәкісін алып студент жігітке оқталды.
– Тиіспе оған. Жарғыш болсаң мені жар.
Гүлнұр айбат шегіп, қарсы алдында қақшиып тұрып алды.
– Өлтірсең де мен саған жоқпын. Өтінемін, баршы.
– Айбалтаны қолынан жетектеп бөлмеден шығарып жіберді Гүлнұрды.
– Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып өмірі ешкім қарсы келіп көрмеген Айбалтаға қайдағы бір қаймана әйелдің мына қорлығы жанына қатты батты. Жүйкесі жұқарып, күйзеліске түсті.
Салы суға кетіп, діңкесі құрыған Айбалта басы салбырап «Көктем-Гранттан» шығып, үйге келді. Келе сала сервантта тұрған француз конягын рюмкеге құймастан аузынан қылқыта жұтты. Сол күннен бастап ол ішіп кетті….
Ішкен адамның ісінде береке болушы ма еді? Өзі құрған «Халық даусы» партиясының жұмысы тоқтап қалды. Өзінің досы, бірінші орынбасары Болат Мақсатұлы Тұрғынбековпен сөзге келіп, ол партиядан кетті. Билік бұл сәтті өте ұтымды пайдаланды. Орайын тауып «Халық даусын» екіге бөліп жіберді. Бизнестен де береке кетті.
Айбалта ұйыққа белінен батты.
Сол тұйықтан шыға ала ма, әлде терең тұңғиыққа біржола батып кете ме, оны өзге түгіл Айбалтаның өзі де білмейді.
Алдағы іс Аллаға ғана аян.

***
Қазақстан Республикасының Франциядағы төтенше және өкілетті елші болып алты жыл істеген Райхан Мұратованы Президент «Республикаға сіңірген ерекше еңбегі үшін» орденімен марапаттады. Сосын қызметінен босатып, жеке қабылдады.
– Қай жұмысқа жексем де бәрін де адал атқардық. Өте жақсы, жемісті жұмыс істедің. Саған деген алғысым мен құрметім шексіз. Енді бір-екі ай демал. Сен кадрлар резервіндесің. За бортом не оставим. Сендей сенімді серігім көп емес.
– Рахмет, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз – сардар, бір – сарбаз. Қайда бұйырасыз сонда барамыз. Бір ғана өтінішім – шет елге жібермесеңіз екен. Алматыдан, достарымнан алыс кету маған өте қиын.
– Алысқа жібермеймін. Жанымда боласың және бұрын істеген қызметтеріңнен де үлкен қызмет беремін.
– Рахмет, Нұрсұлтан Әбішұлы!
– Күт! Жігіттер хабарласады.
«Енді қандай жұмыс бұйырар екен? – деп ойлады Райхан. – Қандай қызмет болса да мейлі. Тек Алматыда қалып, Ерасылды көріп жүрсем арманы жоқ…»
Президенттің қандай шешім қабылдайтынын Райхан ғана емес, халық та асыға күтті.

***
Жазушылардың Парижде өткен Халықаралық форумына қатысқан Әмірхан «Англоамерикен» қонақ үйіне орналасқан еді. Бұл атасы Нұрдәулет Бабахановтың Парижде кадет партиясының съезіне келгенде тұрған қонақ үй. Кеше шығармаларын француз тілінде сөйлеткен әріптесі Жак Имармен кездесіп, кеш жатқан. Әмірхан таң қараңғылығында соғылған қалта телефонының даусы оятты.
– Алло – деді Әмірхан ұйқылы ояу.
Әмірхан қалта телефонын құлағына тосып, жауап күтті.
– Таң алдындағы тәтті ұйқыңнан оятқаныма ке-кешір, Әмірхан. Білем, Алматы мен Париждің уақыт-ай айырмасы бес сағат. Амалсыздан мазалауға мәжбүрмін.
Сөзінің арасын үзіп, үзіп асығыс сөйлеп тұр телефон шалған әйел.
– Бұл кім?
– Мезгілсіз телефон шалған әйелдің сөзін бөлді Әмірхан.
– Мен ғой, мен… Таңшолпанның подругасы Айман. Алматыдан звандап тұрмын.
– Не болды, тыныштық па?
– Таң…шолпан…
– Иә, айтсаңшы тез, не жағдай?
– Таң….шолпан… Жансақтау бөлімінде жатыр.
– Қашан?
– Кешеден бері.
– Не болды оған? Әмірхан жандауысы шыға айғай салды.
– Не болғанын келгесін білесің, тез жет!
Байланыс кілт үзілді. Сең соққан балықтай мең-зең болған Әмірхан қалта телефонын құлыштай лақтырды. Емен есікке соғылған телефон «Менің жазығым не?» дегендей «дың» етіп еденге құлап түсті.
Әмірханның Парижге келгеніне бес күн болған. Халықаралық форум алдында Луварды Эфил мұнарасын көрген. Жиын аяқталғасын Парижден қырық шақырым қашықтықтағы Версалға барып, Францияға он ғасырдан бері билік жүргізіп келе жатқан Людвигтер әулетінің алтын сарайларын көріп, Алматыға екі күннен соң оралмақ болған. Таңшолпанмен кеше ғана сөйлескен.
– Жаңалық айтайын ба? – деген ол сонда.
– Айта ғой, жаным, – деп еді Әмірхан.
– Бүгін гинекологқа қаралдым.
– Иә, – деп елең ете қалды Әмірхан.
– Екеуміздің баламыз бар, ұл екен!
– Ой, жаным, жарығым, жақұтым, бақытым! Сен менің жалғызымсың! Осылай қуанта бер, жаным! – деп қатты тебіреніп, толқып еді Әмірхан. Енді, міне… Ой, Алла-ай, сақтай гөр Таңшолпанымды….
– Әмірхан қолжүгін алып асығыс шықты бөлмеден. Қонақ үйдің астыңғы қабатында авиакассада қалғып-шұлғып отырған қызыл кепка киген кассир әйелден Алматыға ұшатын бірінші рейске билет алды. Таза ауамен тыныстамақ болып сыртқа шықты.
Бұлт басқан аспан бұлыңғыр. Айнала аққулан, ақшыл тұман. Ызғырық жел мен ылғалды, суық ауа қойыны, қонышын тіміскілеп бойына тікендей қадалды. Тітіркеніп қатты түшкірді. Кеудесін кере демалып көкжиекке көз тікті. Шығыс жақты жұқалтаң қызғылт нұрға бөлеп, таң атып келеді. «Таңшолпаным аман болса екен. Ол болса мен де бармын, ол жоқ болса мен де жоқпын. Аяулымды сақтай гөр, Алла! Жарық дүниедегі жалғызым аман болса арманым жоқ…»
Жаратқан Иемге жалбарынып тұрған Әмірханның құлағына сүйіктісінің «Жаным!» деген жұп-жұмсақ дауысы естілді. Көз алдына сүйкімді бейнесі келді.
Әмірхан Алматыға тез жетуге асықты…

Комментарий (1)

  1. Reply
    Хадияговорит

    Тоқташ Хадия Данияр қызы

Пікір қалдыру