Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
МҰХТАР МАҒАУИН МЕН НҰРМАХАН ОРАЗБЕК
Қарқаралыға келдік, сүңгіп Нұрадан.
Кілең жақсы қасымызда жүр аман.
Төрде, айхой, Мұхаң отыр хан құсап,
Оң жағында – Нұрағам.
Ел мәз-мәйрам, жанын нұрмен жуғандай.
Жақсылардың жүрген жері думандай.
Жанына жан жуытпайтын Мағауин,
Нұрағаммен қалай бірге туғандай?
Біз отырмыз түк айта алмай тосылып.
Отырысты осы көңіл хошы ғып.
Ел алдында сұхбат құрды сол күні,
Екі жақтан екі жақсы қосылып.
Екі иықта тұрған екі періштем,
Шыға келген сынды жаңа бейіштен.
Ең ғажабы екі жақсы қосылса,
Елге мерей екен дедім мен іштен.
Пиғылы да бөлек, ойы, амалы,
Мыныу кімнің заманы?!
… Жақсысы көп бұ қазақтың, қайтейін,
Бөліп-бөліп алып кеткен жаманы…
3 комментария
Ботаговорит
17.03.2020в12:57Екі иықта тұрған екі періштем,
Шыға келген сынды жаңа пейіштен🙏👍💓
Камалқызы Жанымгүлговорит
31.03.2021в16:51Жақсылардың жағасына жармаспай, осылай сыйлаудың, құрметтеудің үлгісін көбірек көрсету — көргенділік, Алла разы болсын. Әрбір жақсы жан — ұлтымыздың иығындағы періште, рас!
Әбдіжаппарговорит
17.03.2020в13:43Елдің екі Рухани Ұстыны жайлы тамаша дүние туыпты. Құттықтаймын Серік бауырым.