Қайырымдылық – сауапты іс. Еліміздегі татулық пен бірліктің ұйытқысы болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы ешқашан қоғамдық жағдайлардан қалыс қалған емес, мұқтаж адамдарға көмек қолын созып, қайырымдылық шаралар ұйымдастырып отырады. Мәселен, былтыр Ассамблея 4,5 млрд. теңгеге жуық әртүрлі деңгейдегі қайырымдылық шараларға көмек көрсетті. Мұндай шараға ҚХА меценаттары, этно-мәдени бірлестіктер, жалпы, барлық этностың кәсіпкерлері бір кісідей қатысты. Арыс қаласында әскери бөлімнің қоймасында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға дер кезінде 156 297 000 теңге қаражат жинап, 200 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтті. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші, бұл Қазақстанда мекендеп отырған халықтың бір-бірінің ұлтына, нәсіліне, түр сипатына қарамастан қандай да болмасын қиын-қыстау шақта жұдырықтай жұмыла кететінін байқатты. Жалпы, ынтымақ, бірлік қазақтардың өң бойында бабалардың қанымен келген жақсы қасиет екенін мақтанышпен айтуымыз керек. Мұны Қазақ елінде, қазақтың қасиетті жерінде дәулетін жинап, ұрпағын жайған 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың, этностардың өкілдері мойындайды әрі қазақтың меймандостығына қашанда бас иіп келеді. Осынша халықтың басын бірлікке топтастырып, бүгінгі өзара түсіністік пен құрмет сезімінің, жарастық пен келісімнің, ұлтаралық татулықтың тұрақтылығы Қазақстан халқы Ассамблеясының жемісті жұмысының арқасы екенін айта кеткен артықтық етпейді.
Қазақ қашанда қысылғанға, қиындықта қалғандарға қол ұшын беруге келгенде әрдайым мейірім шуағын шашып тұратынын әлімсақтан дәлелдеп те, көрсетіп те келеді. Әрине, апат айтып келмейді. Күні кеше Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы кенеттен жарылып кеткенде зардабы бізге келді. Осы сәтте Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Қазақстан халқы Ассамблеясы 16 жүк көлігімен 180 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп 8 жүк көлігіне тиелген 98 тонна азық-түлік, құрылыс материалдары, киім-кешек және басқа тұрмыстық заттар жөнелтілді. Тосыннан келген төтенше жағдайдың салдарынан әп-сәтте әбігерге түскен өңір жұрты қысылтаяң кезде мұндай көмекке алғыстарын жаудырып жатты. Себебі, басыңа іс түскенде көрсетілген қандай да болмасын қолдау адамның жанын жадырататыны анық.
«Металл Пром Групп» ЖШС аумағында жасақталған керуен жолға шығар алдында ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ақжол тілеп, қайырымдылық көмекке атсалысқан этнос өкілдеріне алғыс білдірген болатын. Соның ішінде Алматы облыстық өзбек этномәдени бірлестігі, Қазақстан ұйғырларының Республикалық этномәдени бірлестігінің филиалы, Алматы қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігі, Қазақстан Дүнген қоғамының Алматыдағы филиалы, сондай-ақ «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі және басқа да орталықтардың еңбегін айрықша атап өтті.
Жансейіт Қансейітұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының Мақтааралдағы төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек көрсету акциясын бастап, этно-мәдени бірлестіктерден түскен қаржы көлемі 23 млн 325 мың теңгені құрағанын жеткізді. Алматыда 98 тонна күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар мен химиялық заттар, азық-түлік және басқа керек-жарақ жиналса, Жамбыл облысы Қордай ауданы 5 млн. 500 мың теңгеге азық-түлік жөнелткен.
«Вынхуа» дүнген этно-мәдени бірлестігі жіберген 11 тонна ұн, 2,5 тонна қант, 2,5 тонна күріш, 1,5 тонна макарон және 1500 литр өсімдік майы, 5,3 тонна картоп, 500 келі пияз, 300 келі тұз, 1000 қорап шәй өнімдері мен 25 келі тұрмыстық-гигиеналық заттарды Мақтаарал ауданының тұрғындары қуана қабылдап алды.
25 тонна азық-түлікті бірауыздан жинап берген дүнген этносының шынайы қолдауы достық, бауырластық сезімдер мен Отанға деген сүйіспеншілік бәрінен биік екенін дәлелдесе керек.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында алдымызға бірталай мақсат қойды. Ең алдымен Қазақстан экономикасының өзін-өзі қамту деңгейін арттырып, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету сияқты басты салалардың рөлін нығайту көзделіп отыр. Осы мақсатта 1 миллион 700 мыңдай жеке қосалқы шаруашылыққа көңіл бөліп, «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырды. Этнос өкілдерінің басым бөлігі осы салада еңбек ететінін ескерсек, бұл қарапайым шаруалар үшін үлкен қолдау. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 1 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл да шағын бизнес үшін тиімді қадам.
Қолжетімді тұрғын үй құрылысы басталып, елімізде бұрын-соңды болмаған көлемде баспаналар бой көтермек. Мемлекет басшысының жалақысы төмен азаматтарға салық мөлшерін азайту, халықтың қарызға белшесінен батуына жол бермеу, азаматтардың мүддесін қорғау шешімі жұртшылық көңілінен шықты деп ойлаймын. Микро және шағын кәсіпкерлік саласына да ерекше көңіл бөлу, ұлттық бизнесті дамыту қажеттігі де күн тәртібіне қойылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлері бұл көмекті қуана қабылдайды және экономиканы өсірудің төте жолы – қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау екенін жақсы түсінеді. Ел Президенті тұрғындарды төтенше ахуалдың кез-келген жағдайында жедел әрекет етуге бейімделуге де шақырды. Түбегейлі өзгерістер жасап, жұмысымызды қайта оңтайлау қажеттілігіне маңыз берді. Сол себептен, Қ.К.Тоқаевтың бұйрығымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан Этносаралық қатынастарды дамыту Комитеті мен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты құрылды. Яғни этносаралық қатынастар мәселесі жаңа деңгейге көтеріліп, қызметін тиімді түрде үйлестіретін болады.
ҚХА әрдайым Елбасы тапсырмалары мен Президент реформаларына үн қосып, жүзеге асыруға дайын. Бүгінгі гуманитарлық керуен осы сөзіміздің жарқын дәлелі. Біз тағы бір мәрте ортақ мүддеге жұмыла отырып, елдік пен ерліктің, бірлік пен келісімнің үлгісін көрсете алдық. Қайырымдылық көмегіміз мұнымен шектелмейді, Шымкент қаласында Түркістан облысының Достық үйі базасында құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық жедел штабы мақтааралдықтар үйлерін қайта салып, орналасып біткенше қол ұшын созуды ары қарай жалғастыра береді, – деді Жансейіт Түймебаев.
Елімізде енгізілген карантин кезінде ҚХА бір сәтке де өз жұмысын тоқтатпады, наурыз айында енгізілген төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында мұқтаж азаматтарға жалпы сомасы 376,5 млн. теңгенің көмегі көрсетілді. Бұған қоса, өңірлерде 515 мыңнан астам медициналық маскалар таратылған.
Естеріңізге сала кетсек, Ассамблея #бізбіргеміз #біз үйдеміз онлайн акциясы аясында түрлі челлендждер, бейнесабақтар мен бейнероликтер түсіріп, #ABAI175 челленджін жалғастырды. «Мәміле» жобасы арқылы мемлекеттік тілді дәріптеп, ұлттық тағамдармен таныстыратын #ГотовимДомаВместе, ұлттық өнерді насихаттауға арналған «Жыр орталығы» жобаларын жүзеге асырды.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні виртуалды режимде 227 іс-шара ұйымдастырылып, 9-мамыр күні Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құттықтау хаттар мен сыйлықтар таратылды.
Құрбан айт күндері індетке қарсы күрескен дәрігерлерді қолдау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық деңгейде «Мың алғыс» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, 78 798 770 теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті.
Шараға ҚХА мүшелері мен кәсіпкерлері, меценаттар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері мен еріктілері атсалысып, 11 461 медициналық қызметкерге және 7035 отбасыға қайырымдылық жасады. Нақтырақ айтқанда, вирус анықталған науқастармен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің отбасына, провизорлық орталықтарға, дәрігерлер оқшау тұрып жатқан жатақхана мен қонақүйлерге құрбандыққа шалынған мал еті таратылып, азық-түлік себеттері тарту етілді. Стационарда жатқан емделушілер мен қызмет барысындағы ақ халатты абзал жандарға ыстық тамақ жеткізіліп, көкөніс пен жемістер, тәттілер мен ұлттық сусындар үлестірілді.
Пандемия дертінен бақилыққа аттанған дәрігерлердің отбасыларына да қаржылай көмек көрсетіліп, ұл-қыздарына мерекелік сыйлық жасалды. Мұқтаж отбасыларға да көңіл бөлініп, мал етінен бөлек, түрлі азық-түліктермен қамтамасыз етілді. Солардың ішінде астаналық «Вайнах» шешен-ингуш, «Хазар» әзірбайжан, «Таң» татар-башқұрт, «Қырғызстан-Астана» және «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестіктерін, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Қостанай облысы мен Алматы қаласының барлық этнос өкілдерін, Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын, Солтүстік Қазақстан облыстық «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығын, Түркістан облыстық өзбек, татар, әзербайжан этно-мәдени орталықтарын, Алматы облысы Ұйғыр ауданы ҚХА белсенділерін айрықша атап өтуге болады.
Пневмония дерті ушыққан соңғы айларда ақ халатты абзал жандар мен провизорлық орталықтарға қол ұшын созып, 151 443 526 теңгеге қажетті дәрі-дәрмек пен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алды.
Ал Мақтааралда орын алған су тасқынынан зардап шеккендерге де этнос өкілдері жұдырықтай жұмылып, 101 936 000 теңгеге 335 тонна гуманитарлық көмек пен құрылыс материалдарын жөнелткен болатын.
Мұның барлығы – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің қалыптасқандығының, 130-ға жуық этностардың мемлекет құраушы қазақ жұртымен татулық пен бірлікте, сыйластықта өмір сүріп жатқандығының, 25 жыл уақыттан бері қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етіп келе жатқан Қазақстан халқының орасан зор жұмысының нәтижесі әрі жемісі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы #бізүйдеміз #Bizbirgemiz акциясын қолдау мақсатында түрлі жобалар, бейнероликтер мен бейнесабақтар ұйымдастырған болатын. Аталмыш жоба Қазақстандықтарды коронавирус пандемиясына орай Үкіметтің жариялаған карантин мен төтенше жағдай кезінде үйде отырып, пайдалы іспен айналысуға үндейді.
Әрине, атқарылған оң істерді бағалап отыру керек. Бұл ретте жариялылық пен ашықтық үлкен рөл атқарады. Ассамблеяның, жалпы қазақстандық тату халықтардың жемісті де бірліктегі іс-әрекеттерін жұртшылыққа хабарлап отыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен тартылды. Онлайн акция өңірлік ҚХА-ларда жалғасын тапты. Жалпы есеп бойынша БАҚ-та – 2080 материал, әлеуметтік желіде – 5858 пост, 810 – бейнеролик, 263 – бейнесабақ. Оның ішінде;
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде – 253 пост, республикалық газеттерде төтенше жағдай кезінде халықты қолдау мақсатында – 8 мақала, республикалық сайтта – 61 ақпарат, Нұр-Сұлтан қалалық сайтында –16 материал жарияланды. Республикалық газетте – 4, қалалық газетте – 6 ақпарат жарық көрді..
Ютуб желісінде жалпы саны 20 видео. Оның ішінде ұлы даланың киелі мұраларын ұлықтайтын «Жыр орталығы» бойынша –12 бейнеролик, індетке қарсы отандастарымызды жігерлендіру бағытында–10, ұлттық аспап бойынша – 9, #abai175 челленджі бойынша – 20 видеоролик, #ГотовимДомаВместе жобасы бойынша – 17 видеоролик жарияланды.
Алматы облысы бойынша індетке қарсы отандастарымызды жігерлендіру мақсатында республикалық газетке – 4 мақала, әлеуметтік желілерде – 53 пост, облыстық газет беттерінде – 18 макала жарияланды.
«Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы» аясында – 5 бейне ролик түсірілді.
Алматы қаласы этномәдениет жобасы бойынша – 7 бейнесабақ, Елбасының үндеуіне барлығы – 33 мақала, әлеуметтік желілерде – 105 жарияланым берілді. #Bizbirgemiz қайырымдылық акциясы бойынша 3 іс-шара. 46 онлайн семинарлар мен конференциялар өткізілді. Қалалық телеарнада – 57 сюжет, қалалық газеттерде – 35 жарияланым (ҚХА мүшесінің пікірі). ҚХА – республикалық сайтында – 37 жарияланым, республикалық телеарнада – 35 арнайы хабар көрсетілді. Соның ішінде Мақтаарал ауданына 2 рет ірі автокараван жіберілді.
Қостанай облысында облыстық Аналар кеңесінің қатысуымен #АБАЙ175ҚХА хештегімен бейне челлендж ұйымдастырылып, инстаграм, одноклассники, ВКонтакте, фэйсбук сынды әлеуметтік желілерге және ҚХА-ның ақпараттық порталына жарияланды. Жалпы саны-25.
«Біздің қанымыз бір» (донорлар) бейне челленджі инстаграм, одноклассники, ВКонтакте, фэйсбук сынды әлеуметтік желілерге және ҚХА-ның ақпараттық порталына жарияланды. Жалпы саны-21.
Коронавирус пандемиясының алдын алу шараларына арналған пікірлер инстаграм, одноклассники, В Контакте, фэйсбук сынды әлеуметтік желілерге және ҚХА-ның ақпараттық порталына жарияланды. Жалпы саны-21.
«Біз біргеміз» қайырымдылық акциясының аясында бейнематериал түсіріліп, инстаграм, одноклассники, ВКонтакте, фэйсбук сынды әлеуметтік желілерге және ҚХА-ның ақпараттық порталына жарияланды. Жалпы саны-105.
Сонымен қатар, онлайн форматта «Мәміле. Жағдаяттық қазақ тілі» атты мемлекеттік тілді меңгертуге бағытталған курстар ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерге жарияланды. Жалпы саны-30.
#Готовим в месте дома (Үйде ас әзірлейміз) республикалық жобасы аясында сан түрлі бірлестіктер өкілдерінің бейнероликтері жарық көрді, олар ұлттық тағамдар әзірлеп қана қоймай, сондай-ақ дайындау жолымен бөліскен. Бейнероликтердің жалпы саны – 15.
ҚХА-ның «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы» жобасының аясында этномәдени бірлестіктер, консультативтік-кеңестік органдар өкілдерінің бейнероликтері мен мақалалары жарық көрді. Олар Елбасы – Н.Ә. Назарбаевпен кездесуден алған әсерлерімен бөлісіп, жеке тұлғалық қабілеттерін шыңдап, кәсіби өскендіктерін жеткізген. Жалпы саны – 16.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде Медиацияна карантине (Карантиндегі медиация) тұрақты айдары іске қосылды. 45 жарияланым жарық көрді.
«Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Еске алу кітабы» жобасы ұйымдастырылды, жоба аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыстың дамуына елеулі үлесін қосқан бірлестік өкілдері туралы материалдар жарияланады. Барлығы 15 бейнеролик.
Қостанай облысының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында «Жеңіс өлеңдері» акциясын ұйымдастырды. Әлеуметтік желілер мен Ютуб каналына 26 бейнеролик жарияланды.
Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдай енгізілгеннен бастап өңірлік Ассамблея әлеуметтік желілерінде – 430 пост жарияланып, «KAZONLINE» онлайн-сабағы бойынша – 10 бейнесабақ, #Абай 175 челленджі бойынша– 67 материал жарияланды. #Bizbirgemiz #БІЗ ҮЙДЕМІЗ #МАҚТААРАЛ БІЗ БІРГЕМІЗ акциясы бойынша – 68 бейнеролик түсірілді, газетте – 53, республикалық сайтта – 24, облыстық сайтта – 80 материал жарияланды. Облыстық «Жамбылньюс» ақпараттық агенттігінде – 68 материал, республикалық youtube-каналға – 9 бейнеролик, республикалық ҚХА youtube-каналында – 17, өңірлік ҚХА youtube – каналында – 19 бейнеролик жүктелді.
Шымкент қаласы төтенше жағдай кезінде халықты қолдау және сабырлыққа шақыру мақсатында БАҚ беттерінде – 25 мақала, әлеуметтік желіде – 136 пост, #Biz birgemiz #БІЗ ҮЙДЕМІЗ челлендж бойынша 4 – бейнеролик жариялады.
Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдай енгізілгеннен бастап 195 материал (іс-шаралар жасалды) жарияланды. Оның ішінде: әлеуметтік желіде – 520. Облыстық телеарнада – 11 материал. Облыстық газеттерде – 28 мақала жарияланды. ҚХА-ның ресми сайтында – 10 мақала, ҚХА-ның ресми You Tube каналында – 18 бейнеролик жарық көрді. Қалалық телеарнада – 1 материал. Республикалық БАҚ-та – 4 материал жарияланды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдай енгізілгеннен бастап, жалпы саны әлеуметтік желіде 402 пост жазылды. Індетке қарсы отандастарымызды жігерлендіру бағытында – 62 бейнеролик. Республикалық газетке – 5 мақала, республикалық сайтқа – 4 мақала, облыстық газетке – 15 мақала, қалалық сайтка – 10 мақала жарияланды.
Атырау облысы бойынша 15 наурыз бен 15 мамыр аралығында төтенше жагдайға байланысты #Biz birgemiz акциясы аясында әлеуметтік желіде 75 іс-шара, республикалық, облыстық сайттарда – 50 материал, облыстық БАҚ беттерінде — 38 мақала жарық көрді. Ютуб каналында 10 -ға жуық ақпарат жарыққа шықты.
Маңғыстау облысы бойынша төтенше жағдайға байланысты — 657 іс-шара. Соның ішінде: республикалық сайт – 6, республикалық газет – 7, республикалық ҚХА Youtube каналында – 9 бейнеролик, Маңғыстау облыстық Youtube каналында –115 бейнеролик, aktau-dostyk.kz сайтында – 26, облыстық газет беттерінде – 19, әлеуметтік желілерде – 475: facebook парақшасында – 262 пост, инстаграм – 140 пост, телеграм – 73 пост жүктелді.
Солтүстік Қазақстан облысы карантин кезеңінде онлайн акциялар қатары ұйымдастырылды. Айта кетсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық сайтында – 9 мақала, облыстық сайтта – 2 мақала жарияланды.
Әлеуметтік желілерде 612 жарияланым жарияланды: Инстаграмда – 191, В Контакте – 174, Фейсбукте – 243, Youtube – 4. Оның ішінде 70 бейнеролик, 540 жарияланым. Соның ішінде:
– #үйде бірге әзірлейміз челленджі аясында – 12;
– #ОнлайнМӘМІЛЕСҚО – 18;
– Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан!» вокалдық конкурсы – 23;
–Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шеберлік сыныптары топтамасы түріндегі «Бірлігіміз жарасқан!» фестивалі – 4;
– Отан қорғаушылар күніне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған суреттер конкурсы – 13;
– «Шынайы жеңіс. Тұлғалардың соғыс тарихы» онлайн акциясы – 55;
– «Медиация – бірлік жолында» виртуалды қабылдау – 3 жарияланым;
– «Қазақстан – берекелі шаңырақтар мекені» онлайн конференциясы – 3 жарияланым;
– «Біргеміз!» облыстық еріктілер штабының жұмысы туралы – 56.
Павлодар қаласы бойынша төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде – 144 пост жарияланды. Ютуб видеохостингіде, инстаграм, фейсбук желілерінде жалпы саны 96 видео жарияланды.
Оның ішінде: 1 мамырға арналған құттықтаулар — 30, #ГотовимДомаВместе жобасы бойынша – 16, індетке қарсы отандастарымызды жігерлендіру мақсатында – 3 бейне ролик, #Bizbirgemiz қайырымдылық акциясы» аясында – 4 бейне ролик, Коронавирус пандемиясының алдын алу бойынша видео ролик –5, Этноәлем ертегілері – 5 бейнеролик , Этно бейнесабақ (би, ән, күйлер ) – 31 пост, Мәдениет, салт-дәстүр – 2 бейнеролик (бесік қоржын, Асянди дәстүрі) жарияланды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдай енгізілгеннен бастап, жалпы саны әлеуметтік желіде 350 пост жазылды. Індетке қарсы отандастарымызды жігерлендіру бағытында – 27 бейнеролик. Республикалық сайтқа – 15 мақала, облыстық сайтта – 20. Облыстық газетке – 12 мақала жарияланды. Облыстық телеарналарда – 10, республикалық телеарналарда- 5 сюжет жарық көрді.
#Biz birgemiz #БІЗ ҮЙДЕМІЗ челленджі бойынша – 8, #ҮйдеБіргеӘзірлейміз #ГотовимДомаВместе челленджі бойынша – 5 бейне ролик түсірілді.
Облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы #Менің Отаным – Қазақстан челленджін ұйымдастырып, оған аудандық, қалалық Достық үйлерінің этномәдени бірлестіктері қатысты. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне арнап, онлайн-концерт өткізілді. 15 мамыр – Халықаралық отбасылар күніне орай, онлайн-кездесу ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрбан айт күндері індетке қарсы күрескен дәрігерлерді қолдау мақсатында республикалық деңгейде «Мың алғыс» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, 78 798 770 теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті.
Шараға ҚХА мүшелері мен кәсіпкерлері, меценаттар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері мен еріктілері атсалысып, 11 461 медициналық қызметкерге және 7035 отбасыға қайырымдылық жасады.
Нақтырақ айтқанда, вирус анықталған науқастармен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің отбасына, провизорлық орталықтарға, дәрігерлер оқшау тұрып жатқан жатақхана мен қонақүйлерге құрбандыққа шалынған мал еті таратылып, азық-түлік себеттері тарту етілді. Стационарда жатқан емделушілер мен қызмет барысындағы ақ халатты абзал жандарға ыстық тамақ жеткізіліп, көкөніс пен жемістер, тәттілер мен ұлттық сусындар үлестірілді.
Пандемия дертінен бақилыққа аттанған дәрігерлердің жанұясына да қаржылай көмек көрсетіліп, ұл-қыздарына мерекелік сыйлық жасалды. Мұқтаж отбасыларға да көңіл бөлініп, мал етінен бөлек, түрлі азық-түліктермен қамтамасыз етілді.
Солардың ішінде астаналық «Вайнах» шешен-ингуш, «Хазар» әзірбайжан, «Таң» татар-башқұрт, «Қырғызстан-Астана» және «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестіктерін, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Қостанай облысы мен Алматы қаласының барлық этнос өкілдерін, Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын, Солтүстік Қазақстан облыстық «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығын, Түркістан облыстық өзбек, татар, әзербайжан этно-мәдени орталықтарын, Алматы облысы Ұйғыр ауданы ҚХА белсенділерін айрықша атап өтуге болады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан халқы Ассамблеясы наурыз айында енгізілген төтенше жағдай кезінде республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында мұқтаж азаматтарға 376 454 347 теңгеге қаржылай көмек көрсетіп, 515 мыңнан астам медициналық маска таратқан еді.
Пневмония дерті ушыққан соңғы бір айда ақ халатты абзал жандар мен провизорлық орталықтарға қол ұшын созып, 151 443 526 теңгеге қажетті дәрі-дәрмек пен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алды.
Ал Мақтааралда орын алған су тасқынынан зардап шеккендерге де этнос өкілдері жұдырықтай жұмылып, 101 936 000 теңгеге 335 тонна гуманитарлық көмек пен құрылыс материалдарын жөнелткен болатын.
Былтыр Ассамблеяның әртүрлі деңгейдегі қайырымдылық шараларға көрсеткен көмегі 4,5 млрд теңгеге жуықтайды.
Биылғы 31 наурызда Президент Қ.К. Тоқаев өз мәлімдемесінде «Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты. Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық» деп атап өтті. Бұл өте әділ баға.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының үндеуіне үн қоса отырып, біздің барлығымыздың қауіпсіздігіміз үшін күнделікті өз денсаулықтары мен өмірлерін қатерге тігіп жүрген дәрігерлерге, медбикелер мен санитарларға қолдау көрсету акциясын ұйымдастырды.
2020 жылғы сәуір айында республикалық #bizbirgemiz акциясы аясында Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Алматы облысының № 11 шағын стансасына көмек берді.
1 млн. теңге сомасында 160 азық-түлік сөмкесі жиналып, жедел жәрдемнің 71 қызметкеріне берілді.
Акцияға ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы, директоры Долкунтай Абдулхалил атынан «Metall Prom Group» ЖШС қолдауымен «Қазақстан ұйғырларларының республикалық этномәдени орталығы», Алматы қаласы «Жаңғыру жолы» РЖҚ еріктілері атсалысты.
Бүгінде шағын стансаның медициналық қызметкерлері Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жатақханасына орналастырылып, жұмысқа ауысыммен шығып келеді. Олар өз отбасылары мен жақындарын қалдыра отырып, ештеңеге қарамастан, аянбай еңбек етуде.
Бұдан бұрын СҚО ҚХА жанындағы «Ассамблея» бірлескен қоры Петропавл қалалық ауруханасының дәрігерлері үшін обаға қарсы 25 қорғаныш костюм жиынтығын сатып алған болатын. Тағы 10 арнайы костюм сатып алу жоспарланып отыр.
Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Радима» белорус этномәдени орталығының төрағасы, композитор Дмитрий Останькович қазақстандық медиктерге арнап «Посвящение врачам» атты өлең жазды. Бұл жүректен шыққан туынды еді. Әрине, қиындықтардан қорықпай, адамдардың денсаулығы үшін күресіп жатқан тұста осындай патриоттық өлеңдер ауадай қажет. Бұл адамдарды бірлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Профилактикалық жұмыстар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде карантин енгізілмес бұрын мұқтаж жандарға 170 мыңға жуық қорғаныс маскаларын таратып, 3,5 миллион теңгеге жуық сомада материалдық көмек көрсетті, оны қазақстандық 700-ден астам отбасы алды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда.
Кері шегініп көрелікші. 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблессының І сессиясында Елбасымыз Н.Назарбаев тарихи баяндама жасады. «Мен елімнің Президенті ретінде қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуді өзімнің басты міндетім деп санаймын. Бірлік аспаннан өзі келіп түспейді. Тек қарқынды жұмыс арқылы ғана келеді. Мен кең-байтақ жерімізде татулық пен тыныштық болғанын ғана қалаймын. Мұның ең алдымен, миллиондаған Қазақстан отбасына керек екенін еске аламын. Мен қайғыдан шашы ағарған аналардың балаларын жоқтамағанын қалаймын» деген ет-жүрек елжіретерлік сөзі әрбір қазақстандықтардың есінде. Бұл сөз әрқашан жүрек төрінен өшпек емес. Иә, соңғы жылдары әлемдегі сияқты біздің еліміз де сан қырлы сын-қатерді бастан кешіп келеді. Соның барлығынан да бірлігіміз, ынтымағымыз арқылы жеңудеміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз» деп әр жүрекке от берді, жалын берді. Осы от-жалынды ешқашан да өшіріп алмауымыз керек. Бұл сыннан да сүрінбей өту өз қолымызда. Жанашыр жүрек, жақсы тілек бар елдің Жалауы жығылмайды!
Пернегүл АЙҒАЗИЕВА