Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық
Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық, Қартаймастай көрмелік, ойланалық. Жастықта көкірек зор, уайым жоқ, Дейміз бе ешнәрседен құр қалалық. Бар ойы — өлең айтып, ән салалық, Біреуді қалжың қылып қолға алалық. Қызды ауылға қырындап үйір болса – Көңіліне зор қуаныш бір бадалық. Демеңдер өнбес іске жұбаналық, Ақыл тапсақ, мал тапсақ,...