Есіңде бар ма жас күнің

Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз, мас күнің — Кімді көрсең, бәрі дос. Махаббат, қызық, мал мен бақ Көрінуші еді досқа ортақ. Үміт жақын, көңіл ақ, Болар ма сондай қызық шақ? Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар? Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар!...

ТОЛЫҒЫРАҚ

АБАЙДЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

(Жалғасы. Басы өткен санда) 6. АБАЙ НЕМЕСЕ «ЕКІ КҮЙМЕК БІР ЖАНҒА ӘДІЛЕТ ПЕ?» Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым, Етекбасты көп көрдім елден бірақ. Абай Жастайынан билікке, ру арасындағы дауға араласқан Абайдың түбінде бір жолығатын тосқауылы – тергеу мен түрме болатын. Мұның түбінде заңдылық та бар. Өйткені, Абайдың «ұзақ алыс, арбасудан...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ғақлия

ОН БЕСІНШІ СӨЗ Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Әуелі — пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы,...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тұрсын ЖҰРТБАЙ. АБАЙДЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

Абай – көшпелі өркениеттің соңғы иінді сарқытын уызына қана еміп өскен нысаналы тұлға. Оның балалық, жастық шағы қалыптасқан, ержеткен және саналы шығармашылық өмірі – сол көшпелі өркениетке тән тіршіліктің, танымның, мәдениеттің, салт-сананың, рухани өмірдің, заң мен дәстүрдің, билік пен қоғамның, қоғамдық қайшылықтың, тұрмыстың, көзқарастың алмағайып арбасқан тұсы болып табылады. Шығармаларындағы...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ғақлия. ОН ҮШІНШІ, ОН ТӨРТІНШІ СӨЗ

ОН ҮШІНШІ СӨЗ Иман деген – алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі – не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Махаббат, ғадауатпен майдандасқан Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма? Біреуге жай, біреуге тез болмай ма? Асау жүрек аяғын шалыс басқан. Жерін тауып артқыға сөз болмай ма? Сонда жауап бере...

ТОЛЫҒЫРАҚ

АЛМАТЫДА – «АБАЙ КҮНІ»

Биыл ұлы Абай жылы. Алаш баласының ғана емес, адамзат ақыл-ойының темірқазығына айналған тұғырлы тұлғаның бұл мерейлі жасы ұрпағынан тойлаудан гөрі, ойлауды талап ететін секілді. Қазақтың көш-керуені Абайға қарап бағытын түзеу керек. Осы орайда жыл бойы қазақ қоғамында Абай болмысына, Абай табиғатына, Абай әлеміне жақындар өріс табар өнегелі іс-шаралар көптеп өткізілді....

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек? Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Ер ісі – ақылға ермек,...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ғақлия

1 — Арай (парсыша) – көркем, әдемі. ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы...

ТОЛЫҒЫРАҚ

«БІЛМЕЙ МҰНЫ ЖАЗҒАН ЖОҚ…»

(Абай өлеңдерінің көшірмелеріне текстологиялық-мәтіндік талдау) 3. «ӨЛЕҢ ДЕГЕН ӘР СӨЗДІҢ ҰНАСЫМЫ…» (Өлеңнің құрылымы мен мағынасына өзгеріс әкелмейтін жекелеген сөздердің орын ауысып қолданылуы) (Соңы. Басы өткен санда) III мәтіндік-мағыналық жүлгеге: Өлеңнің құрылымы мен мағынасына өзгеріс әкелмейтін жекелеген сөздердің орын ауысып қолданылуы – жатады. Бұл өзі канондық мәтіні академиялық тұрғыдан әбден зерттеліп,...

ТОЛЫҒЫРАҚ