Әлеуметтік заманауи мәдени кеңістік һәм кітапхана жүйесі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ауқымды жобалардың іске асырылып келе жатқанына бүгінде төрт жылдан асып барады. Оңтүстік астанамыз – Алматы қаласында бұқаралық мәдени-ағартушылық іс-шараларды тыңғылықты түрде өткізіп тұру бұрыннан қалыпты дәстүрге айналғаны баршамызға белгілі. Рухани, мәдени құндылықтарды сақтау және оларды ары қарай дамытып өркендету, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, білімге құштарлық сезімін арттыру...