Хасен Қожа-Ахмет (Қожа-Түрк). «ҚАЗАҚ» СӨЗІНІҢ ЭТИМЛОГИЯСЫ, МАҒЫНАСЫ, ТАРИХЫ ХАҚЫНДА


Жер бетінде тіршілік етуші әр ұлт белгілі бір даму сатысына көтерілген кезеңінде өзінің кім екенін айқындауға ден қояды. Өйткені, өткенін білу арқылы келешегін жоспарлай алар елдің ғана тамыры бекем, алдыға басқан қадамы нық болмақ.
Өз тарихын зерделеудегі негізгі мәселенің бірі – ұлттың өз атауының мағынасын, атау-сөздің этимологиясын (төркінін) және ол атаудың тарихта қай кезден пайда болғанын айқындау. Алайда, таңқаларлығы, әлемдегі халықтардың басым көпшілігі өз этно атауларының және сол атау сөздің (этноним) мағынасын біле бермейді. Бұған мысалды алыстан іздемей-ақ, өз халқымыздың «қазақ» атауына тоқталайық.
Бүгінде бұл мәселе негізінен анықталған деп те есептеледі. Қазақ мемлекеті мен оның атауы Алтын Орда империясының шығыс бөлігіндегі, қазіргі Қазақстан жерінде, Шыңғызханұлы Жошының бесінші ұлы Шайбанның ұрпағы Әблқайыр хан басқарған «Өзбек» аталған ұлыстан, Жошыұлы Тоқа Темірдің ұрпақтары Керей мен Жәнібектің 1465 жылы жеке Орда құруынан басталады дейміз. 2015 жылы Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын тойлап та тастадық. Алайда қазақтың ел ішінде тараған ауызша шежіресінде «қазақ» атауының шығуы туралы мүлде өзгеше айтылған.

1. Қазақтың аңыз тарихы

Қазақтың ел ішіндегі шежіресі мынадай: Алаш атты кісіден – Сейілхан мен Жайылхан туады. Сейілханнан түркмендер тарайды, ал Жайылханнан Майқы, одан – Сабиян, одан – Айырқалпақ, одан – Қазақ, Созақ, Ұзақ туған делініп, Созақтан – қарақалпақ елі, Ұзақтан Қырғыз бен Хакасты таратып, ал Қазақтан – Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс атты үш ұл туғаны, олардан Қазақ хандығындағы Үш жүз өрбігені айтылады. Осылайша Қазақ тарихта болған кісі есімі, тұлға ретінде баяндалады.
Жүз ішіне біріккен ру-тайпалар өзге Жүздердегі ру-тайпалардан гөрі туыс деген ұғым қалыптасқан. Ал, шын мәнінде, Ақарыстан тарайды делінген Ұлы жүздегі Үйсін, Қаңлы, Жалайыр сияқты ірі тайпалардың (баршасы түрк текті болғанымен) бергі 2-3 мың жылдағы тарихтары, жайлаған мекендері көне замандарда мүлде бөлек болғаны жазба деректерде айтылған. Мысалы, қытайдың Чжянь Кянь (Цянь) деген барлаушысы (гянь-шы – жансыз) біздің дәуірге дейінгі 139-126 жылдары қазіргі Хиуа маңына дейін келіп Үйсін, Қаңлы, т.б. мемлекеттер жайында мәліметтер жинаған. Бұл туралы қытайдың «Шицзи» (ерте замандардан – б.д дейінгі 98 ж.) және «Цянь-Хань-Шу» (б.д. дейінгі 202 жыл – б.д. 25 ж.) тарихтарында жазылған.
Қытай тарихының атасы саналатын Сыма Цянь (б.д. дейінгі 145-86 жж.) «Шицзи» (Тарихи жазбалар) еңбегінің «Давань (Ферғана) жайында мәлімет» тарауында Қаңлы мен Үйсін хандықтары туралы: «Чжан Кянь в донесении государю писал: «Давань лежит от хуннов на запад. От Давани на север лежит Кангюй, на западе Большой Юечжы, на северо-востоке Усунь», деп жазады.
«Цянь Ханьшоу» осы мемлекеттер жайында кеңірек мәліметтер айтады. Қаңлы елі туралы: «Кангюйский владетель пребывание имеет в стране Лоюени, в городе Битянь, за 12 300 ли от Чан-ань (столицы империи Хань). Он не зависит от наместника (китая). Народонаселение состоит из 120 000 семейств, 600 000 душ; строевого войска 120 000 человек. Кангюй на востоке подчинен хуннам. Имеет под собою пять малых владетелей. Правитель Кангюй отправил сына своего в заложники и с дарами к китайскому Двору; со всем тем, Кангюй горд, дерзок и никак не соглашается делать поклонение пред нашими посланниками. Чиновников, посылаемых к нему от наместника, сажает ниже усуньских послов. Князьям и старейшинам его подают кушанье прежде, а потом уже посланным от наместника. Судя по сим поступкам, не трудно отгадать, для чего он отправляет сыновей в службу при китайском Дворе. Это есть хитрый предлог, под которым он желает производить торговлю», дейді (И.Бичурин «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена», ІІ том, 184-186 б.).
И.Бичурин түсіндірмесінде: «Владение Кангюй занимало степи от Сыр-дарьи к северу, на которых ныне кочуют Большая и Средняя Казачьи [казах­ские] Орды. Надобно полагать, что казачьи поколения, ныне известный в России под названием киргиз-кайсаков, недавно приняли народное название казак, потому что папские послы, бывшие в Шара-ордо [Каракоруме] у хана Куюка в 1246 году, еще называли их кангитами», – деп жазады.
Л.Гумилев Қаңлылар жайлы: «Тюркская народность, создавшая в III в. до н. э. государственное образование Кангюй в центральном Казахстане. В орхонских надписях названы кенгерес, самоназвание народа – кангар», – дейді (Л.Гумилев, «Открытие Хазарии», 1966, 136 б.).
Ал татар ғалымы М.Зәкиев «Происхождение тюрков и татар» кітабында ежелгі тарихтағы шумерлер өздерін «қаңғар» атағанын жазады: «В Авесте хуарасы (суарасы, хорезмийцы) назывались кангха, где -ха – иранский аффикс мн.ч.; и самоназвание шумеров было кангар (канг+ар ‘люди-прародители’), конную почту у персов обслуживали ангареоны [Геродот, VIII, 98], т.е. также кангары, позже и печенегов называли кангар/кунгур».
Үйсін мемлекеті туралы осы Цянь Ханьшоу былай деген: «Правление усуньского Большого Гуньми в городе Чигу, от Чан-ань в 8 900 ли. Народонаселение состоит из 120 000 кибиток, 630 000 душ, строевого войска 188 800 человек. Усуньцы не занимаются ни земледелием, ни садоводством, а со скотом перекочевывают с места на место, смотря по приволью в траве и воде. В обыкновениях сходствуют с хуннами. Народ суров, алчен, вероломен, вообще склонен к хищничеству. Усунь считается одним из сильнейших владетелей. Прежде он был под зависимостью хуннов; впоследствии, усилившись, подчинил себе многие другие владения, и отказался от поездок в орду хуннов. .Владения его на востоке смежны с хуннами, на северо-западе с Кангюем, на западе с Даванию, на юге с разными оседлыми владениями.
Первоначально сия страна принадлежала народу Сэ (сак). Болыпой Юечжы на западе разбил и выгнал сэского владетеля. Сэский владетель перешел на юг за Висячий перевал.
Большой Юечжы удалился на запад и покорил Дахя (Ауғанстан); усуньский Гуньмо остался на его землях: посему-то между усуньцами находятся отрасли племен сэского и юечжыского.
Вначале Чжан Кянь представлял, что усуньский владетель в одно время с Большим Юечжы кочевал около Дунь-хуан; ныне хотя он усилился, но щедрыми подарками можно склонить его опять перейти на восток на прежние земли, выдать за него царевну и вступить с ним в брачное родство, дабы обуздать хуннов. В 107 году до н.э., китайский Двор отправил Си-гюнь, дочь князя Гянь, в качестве царевны в супруги ему; Усуньский Гуньмо поставил ее младшею супругою. Хуннуский шаньюй также выдал за Гуньмо дочь свою, которую Гуньмо поставил старшею супругою».
Үйсін хандығы жайында тобалардың «Бэйши» тарихы: «Усуньский владетель имел пребывание в городе Чигу, от Аксу на севере. Жужаньцы несколько раз производили набеги на него: почему он переселился в Луковые горы. В 436 г. (Северный Двор) отправил Дун Дин посланником в Усунь. Впоследствии сие владение ежегодно к Двору присылало посланников с дарами», – деген.
Ал Ұлы жүз саналатын Жалайыр руының Шыңғыз хан кезіне дейінгі тарихы туралы Рашид ад-Дин «Жами` ат-Тауарихында» (1310 ж.) былай делінген: «Это племя в давние дни было многочисленно; каждое его ответвление имело эмира и предводителя. Часть их становищ была в местности Онон. Рассказывают, что в древние времена хитайские войска устроили такую бойню этой части джалаиров, что лишь немногие могли убежать», және де: «Говорят, что их юртом была местность Кима в Каракоруме; у них столь слепая преданность, что они давали масло в пищу самцам-верблюдам гур-хана, который был государем уйгуров. По этой причине их называли именем «белагэ» (иолаге, яглакар, жалайыр). Это племя жалаир состоит из десяти больших ветвей, из которых каждая в отдельности стала многочисленным народом; они следуют в таком распределении и порядке: жат, тукараун, кунсаут, кумсаут, уят, нилкан, куркин, тулангит, тури, шанкут. В эпоху Чингиз-хана, а также и в настоящее время из [этого племени] было и есть много эмиров в Туране и Иране».
Тоба-табғаштардың «Вейшу», «Тан тарихында» (618-907) Иолагэ (Яглакар-Жалайыр) руы теле түрктерінің басын қосып 745 жылы Ұйғыр хандығын құрғаны айтылған. Ал одан ертедегі тарихтарда теле (чили, чиде) түрктері жайында былай делінген: «В период, названный в китайской истории Чжань-го (480-221 гг. до н. э.), северные пределы нынешних китайских губерний Шань-си и Гань-су еще не принадлежали Китаю, а заняты были разными кочевыми народами. В то время поколение Чи-ди занимало в губернии Гань-су и Шань-си земли и области Цин-ян-фу и округа Суй-дэ-чжеу. Чи-ди на китайском языке значит: красные северные кочевые. В конце III века до н.э. Красные кочевые вытеснены были в степь, где они уже под названием Дили (теле, тегрек – дөңелек, арбалы) заняли пространство от Ордоса к западу. В 338-м году н.э. они поддались Дому Тоба: но в самом конце IV века ушли на северную сторону песчаной степи, и там вместо прежнего названия Дили (теле) приняли название Гао-гюй (И.Бичурин, «Собрание сведений…», т. І, с.214).
Ал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Қазақ шежіресі» еңбегіндегі «Орта жүз шежіресі» тарауында Орта жүз тайпаларын былайша таратады: «Жанарыстың екі әйелінен туған алты ұлынан: Қарақожадан – Арғын; Аққожадан – Найман; Ақтамбердіқожадан – Қыпшақ; Дарақожадан – Қоңырат, Смағұлқожадан – Керей, Қосымқожадан – Уақ туады» делінеді.
Ал Орта жүздің жетінші арысы саналатын Тарақты туралы ол: «Арғынның апасы қыз күнінде оң жақта отырып, бір төремен айқасып қалып, еркек бала туыпты. Сонан баланың аты Тарақты қойылып: «Төре жоқта Тарақты төре болуға жарайды» деген де сөз бар. Арғын балаларына Тарақты ноқта ағасы болған деседі. Орта жүз Тарақтымен қосылып «Жеті арыс ел» аталған», –дейді.
Ал, шын мәнінде осы, Қазақ хандығының Үш жүзінің ру-тайпаларының бірқатары (Найман, Керей, Қыпшақ, Уақ, Қаңлы, Үйсін, т.б.) 1465 жылы хандыққа бірігіп «қазақ» аталмастан ондаған ғасырлар бұрын жеке хандықтар құрғандығы, сондай-ақ б.д. дейінгі Хунну империясы, Түрк қағанаты (552-745), Ұйғыр қағанаты (745-840), Қарахандықтар, Қарлықтар хандығы, Мәңгі ел (Моңғол) империясы аталған мемлекеттердің халқы болғаны жазба деректерде айтылған. Алайда осындай жазба деректерді пайдалануға бүгінде мүмкіндік туғанына қарамастан, қазіргі шежіре жазушылар әлі де тарихи-ғылыми негізі жоқ әлгіндей «шежірелерді» қайталап келеді.
Сондай-ақ, қазақ этносын құрушы ру-тайпалардың Түрк текті екендігін ескермей, Қазақты араб Мұхаммет пайғамбардың Әнес есімді сахабасынан туып, тараған деген де шежіре насихатталынды. Мұның себебі туралы ғалым М.Мырзахметұлы: «Әсіресе ХІХ ғасырдың екінші жартысына қарай Россия империясының Шығыста отарлаған жерлерінің картасы ресми түрде бекітілген соң, миссионерлік саясат мемлекеттік саясат ретінде жүргізіле бастады. Мұсылман халықтарының арасында осы патша саясатына қарсы рухани қарсылықтар белең алды. Қазақтардың арғы тегі Мұхаммет пайғамбардың сахабаларының бірінен шығыпты-мыс деген ғылыми-тарихи негізі жоқ қауесеттер тіпті баспасөз беттерінен орын алған кездері де болды», – деп, және де: «Міне, осы ғылыми негізі жоқ діни ұғымдағы жасанды көзқарасты алғаш рет Абай «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» мақаласында жеріне жеткізе әшкереледі», – дейді (Шәкерім кітабына кіріспе сөз).
Абай Құнанбайұлы сол мақаласында қазақ халқының шығу тегі жайында ел аузындағы мынадай екі анызды айтады: «Есте жоқ ескі мезгілде, моңғолдан бір татар аталған халық бөлінген екен. Қытайлар «татан» деп жазады. Асыл түбі қазақтың сол татар. Осы күнде де қазақтың Төре нәсілдері өзін «біз татармыз» деп айтысады. Онысы біз келімсек емес, түпсіз емес, таза тұқымбыз деген орынға айтылады, татардың кім екенін білгендігімен айтқаны емес.
Дін исламға кіре алмай қалған, осы күнде Күншығыс Сібірінде қазақтың ағайындары бар. Тілінен, әдетінен, түсінен туысқандығы анық көрініп тұр. Әсіресе Енисейскі гүбірнеде Минусинскі уезде «ясашный татар» атында бір халық бар. Қазақты өздеріне ағайын тұтады дейді. Ол татарлар ұрысшыл, аңшыл, не болса соны киіп, не табылса соны ішіп-жеп жүрген бір тұрпайы халық екен. Олардың орны Енисей, Аңқара суының бас жағында болыпты. Солардың аңшылары естіген, көрген хабарымен, қысы аз, жазы көп дегенде… «мал сақтауға жақсы жерге барамыз» деп, бұл жаққа қарай неше мәртебе халқы шығыпты. Соның бірі біздің қазақ екен. Қай-қай жерменен келгендігі, қанша жылда келгендігі мағлұм емес, Әйтеуір, Алатаудың бөктеріне келіп, мекендеп тоқтапты. Арғы жағы бұрыннан ұйғыр нәсілді халықтың орнығып, иеленген жері болып, онан әрі бара алмапты.
Сол уақыттарда арабтан Орта Азияға дін исламды үйретушілер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүргендерінде, Құтайса атты кісі Қашқарға шейін келіп, халықты исламға көндіргенде, бұлар да мұсылман болдық депті (Х.Қ-Т: Құтайба 715 ж. Ферғанада өзінің араб әскерлерінің қолынан қаза табады).
«Сол арабтар көшпелі халықтарды «хибан» деп, «хұзағи» деп атапты. Хибан дегені киіз шатырмен жүруші дегені екен. «Хұзағи» дегені өз жұртында хұзағи деген көшпелі халқы бар екен, соған ұқсатып айтқан екен».
Осы пікірінің ізінше, Абай «қазақ» сөзі туралы екінші, өзгеше пікірін айтады: «Сол уақыттың бір ханы көшіп келе жатқанда бұлардың тіркеулі түйесін көріп, «міне мыналар шынымен қазақ екен», депті, әдейі қайтқан қазға ұқсайды-ақ екен деп. Сонымен бұлар өзін өзі де, өзге жұрттар да қазақ атап кетіпті, бұрын өздерін «ұлыс» дейді екен де жүре береді екен», дейді.
Абай айтуынша, осылайша, «қазақ» халқы, елатауы Шыңғыз хан кезінен бұрын пайда болған. Бұл жайлы да осы мақалада былайша баян етілген: «Бұл қазақ Алатау бөктерінде жүргенде егін салмақ секілді, сауда қылмақ секілді шаруаларға да көршілерінен көріп айналған екен. Өздерін өздері: «Қоңыр қазақ, қара қазақпыз» дейтұғыны, «Қазақбайдың баласымыз» дегені сол уақыттағы ғана біраз момындықпен тұрған кезі болса керек. Ол уақытта жай жатқан момын қазақтың «Ер азығы мен бөрі азығы жолда болса керек», деп, «Аттанып барып жылқы алған, ат үстінде ұйқы алған» деп, барымташыны мақтап, бұзылған кезі Шыңғыстан соң болса керек.
Қашан моңғолдан Шыңғысхан шыққанда, қазақтар құтты болсынға барыпты. …Он екі рудан он екі кісі моңғолдың өз заңы бойынша «хан» деген үлкен биіктің басында, ақ киізге Шыңғысты отырғызып хан көтерген дейді. Тауының Шыңғыс аталып, биігі хан аталмақ себебі де сол болса керек.
Сол он екі кісінің бірі қазақтың Майқы би деген кісісі екен… Қазақтың соғысқа жарарлық адамы сол Шыңғыстың әскеріне қосылып, бұларды Шыңғыстың Жошы деген үлкен баласына билетіпті. Сонан соң бұлар бұрынғы Алатауды қалдырып, Тәшкент төңірегіндегі тауларды мекен қылса керек. Қайсысында қанша жүрген, қайсысында бұрын, қайсысында соң жүрген, анық мағлұм емес. Ол орынға келген соң, бұларды Шыңғыстың Шағатай деген баласының нәсілі билеп тұрыпты», – дейді.
Осылайша қазақ ұлтының, ұлттық атауының шығу тегін ел ішіндегі шежірешілер еш тарихи негізге сүйенбестен құрастырса, ал Абай тарихта болған Шыңғыз хан, Жошы хандарды атағанымен көп мәселелерді долбар түрінде айтқан. Ал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Қазақ шежіресі» еңбегіндегі (41-мәтін) «Қазақ атауына бір дерек» тарауында: «Өзбек ханның опатыннан кейін Жәнібек хан көшпелі елді үш қосын тұқым етіп, Ұлы жүзге Үйсінді датқа қойып, Жалайыр намзаты атанып, Орта жүзге Арғынды бек етіп, Найманды намзати ғып, Кіші жүзге Алшынын қойып, Жаппас зарнаядашы қылмақды. Бұлар бұрынғы ақыл иелерінің ғұрыптарымен үкім қылып, сол үкімдері шариғат, мүфти, қазының бәрінің фатуасымен бірдей шыққандықтан: «Бұларға қазы, мүфти керектігі жоқ. Өздері қазы екен», «Қазы-ақ» деген сөзден қазақ атанған деп бір Тарих сөйлеген. «Кісі-ақ», «жақсы-ақ» дегендей. «Тауарих хамса шарқи» делінген тауарихта Қазақ хақында 6 түрлі сөз сөйлеп, бұған қоса хан Жәнібектің аузынан шыққандықтан «қазақ» атанған», – дейді (283 б.). Осылайша «қазақ» атауының шығуы 1341-1357 жылдарда Алтын Орда ханы болған Жәнібек кезі деген. Егер шынымен солай болса, Жәнібек Алтын Орданың ханы болғандықтан, бүкіл Жошы ұлысы – Алтайдан Дунайға дейін «қазақ» атанар еді ғой!?
Сөйтіп, Абай «қазақ» сөзін арабтың «хұзағи» тайпасының атауына ұқсатудан шығыпты десе, ал Мәшһүр Жүсіп «қазақ» сөзін де арабтың «қазы» (сот, судья) сөзінен дегенін көреміз.

2. Жазбаша тарихтар не деген?

Осыған орай: «Қазақ шежірешілері, оқыған-тоқығаны бар Абай мен Мәшһүр Жүсіп те, ертеден белгілі түрк ру-тайпалары «қазақ» атауын 1465 жылы, жаңа хандыққа бірлескен соң ғана алғанын неге білмеген?» деген сұрақ туады. Әлде, Ресей отаршылдары айтқандай, қазақ халқы кітапсыз, «екі пайыздан өзгесі сауатсыз» болды ма?
Шыңғыз хан ұрпағы, Хиуа өңірінің ханы Әбілғазы баһадұр (батыр) 1663 жылы «Түрк шежіресін» жазуға кіріскенін былайша түсіндіреді: «Шыңғыз ханның ата-бабасы, туыстары мен ұрпақтарының туған, өлген жылдары мен жақсылы-жаманды істері жайлы парсы немесе түрк тілінде кітап жазып қалдыру дәстүрге айналған еді. Қай елді басқарған хан болса да, оған арнап бір тарихшы бір кітап жазған. Одан бірнеше жыл өткенде Шыңғыз әулетінен екінші біреу хан болса, оған да өткенде жазған тарихшыдан жақсырақ жазамын деп екінші бір тарихшы кітап түзген. Солай ете-ете әр өлкеде мемлекет басқарған Шыңғыз ұрпақтарының кейбіріне он, кейбіріне жиырма, үшіншілеріне отыз кітаптан жазылған», – деп, ал өзінің «Түрк шежіресін» жазғанда 18 кітапты пайдаланғанын айтып: «Мен пақырдың алдында Иран мен Тұранда өткен Шыңғыз ұрпақтарының тарихы жазылған он сегіз байлам еңбек жатыр», – деген. Ендеше Шыңғыз хан әулеттері басқарған Қазақ елі, Орта Азия, Иран елдері кітаптан кемшін болмаса керекті.
Әбілғазы ханның «Түрк шежіресі» жазылған соң жарты ғасыр өтер-өтпестен, XVІІІ ғасырдың бас кезінде-ақ, Европа ғалымдарына мәлім болған екен. Өйткені осы кітаптың қолжазбасын Ресейдің Тобыл қаласында тұтқында жүрген швед офицерлері кездестіріп (1709 жылғы Полтава соғысында тұтқынға түскендер болса керек), орысшаға аудартыпты. Әбілғазы еңбегі 1726 жылы Лейден қаласында француз тілінде басылып шығады. Осы басылымнан Тредьяковский орыс тіліне аударып, 1770 жылы баспадан шығады. Швед Шенстремнің неміс тіліне аударған нұсқасы 1780 жылы жарық көреді. Сондай-ақ осы кітап Ресейде 1825 жылы түрк тілінде араб әрпімен, 1854 және 1871 жылы орыс тілінде баспадан шығарылады. 1664 жылы Хиуада жазылып, 1710 жылдары Батыс Сібірдегі Тобыл қаласынан табылған, Ресейде бірнеше басылым көрген Әбілғазы еңбегі қалайша қазақ билеушілерінің, шежірешілерінің қолына түспеді екен деген сұрақ туады. Ал, Әбілғазы айтқан, «Әр Шыңғыз хан әулеті жаздыртқан» толып жатқан кітаптар қайда кеткен?
Байқасақ, Әбілғазы «Түрк шежіресін» Қазақ хандығы құрылғаннан кейін екі ғасырдан соң жаза тұра, сол 1465 жылғы оқиға жайында еш нәрсе айтпаған, тек ертедегі Найман, Керей, Жалайыр, Қыпшақ, т.б. түрк руларының қазақ өзбек, моңғол, т.б. аталынғанға дейінгі тарихтарын баяндаған. Ал олардың кейбірінің кейіннен «Қазақ» атымен мемлекет құрғаны жөнінде жазбаған. Тек кітаптың 8-ші бабындағы «Тоқай Темір нәсілінен қазақта патша болғандарының баяны» деген қысқа тараушасында Шыңғыз ханнан бастап, қазақтың Жәнібек ханының балаларына дейін атауға жеті жол ғана арнапты.
Ал Әбілғазы шежіресінен бір ғасыр ерте (1540-1555 жж.) Ма’суд бен Османи Кухистани жазған «Тарих-и Абулхаир-хани» еңбегінде де, Камал-ад-Дин Али Бинан XVІ ғасырдың орта тұсында жазған «Шайбани-нама» атты кітапта да осы шайбани Әбілқайыр хан басқарған Өзбек ордасынан Тоқай Темір ұрпақтары Керей мен Жәнібектің бөлініп кетіп, жеке орда құрғаны туралы мүлде айтылмаған.
Шайбанидтер басқарған Орта Азияда жазылған щежірелердің Қазақ хандығы туралы айтпау себебі – олар өз жеңілістерін жария еткісі келмегендігінен болар? Алайда Қазақ хандығынан шыққан шежіреші Қадырғали Жалайырдың 1602 жылы Ресейдегі «Қасым патшалығында» жазған «Оразмұхаммет Онданұлы шежіресінде» де «қазақ» деген сөз мүлдем кездеспейді! Қазақ ордасы құрылған жерді де, Алтын Орданың өзге жерлерін де Жалайыри «Өзбекия» деп атаған.
Осылайша, Қазақ хандығының қалай, қашан құрылғандығы туралы шежіре-кітаптарда ештеме айтылмағандықтан, әрине, қазақ шежірешілері әлгіндей әртүрлі болжам-долбарлар айтса керек.
Шайбанилік Әбілқайыр ханның ордасынан бөлініп Қазақ ордасын құрғандар туралы деректі тек Мұхаммет-Хайдар Дулатидің (1499-1551) «Тарих-и Рашиди» кітабынан көреміз. «В это время около 870 г. хиджры (1465 г.) Абу-л-Хайр-хан владычествовал в Дешт-и Кипчаке. Султанам джучидским приходилось от него очень плохо и двое из них – Жаныбек-хан и Керей-хан бежали в Могулистан. Иса-Буга-хан принял беглецов хорошо и отвел им край Чу и Кози-баши, который составляет западную окраину Могулистана. Там они зажили спокойно. После смерти Абу-л-Хайр-хана улус узбекский пришел в расстройство: начались в нем большие неурядицы. Тогда множество народа откочевало к Керей-хану и Жаныбек-хану, так что число собравшихся около них людей возросло вскоре до двухсот тысяч: звать их стали узбеками-казахами», – делінген. Бұдан «қазақ» деп оларды өзге жұрттар атағанын көреміз. Бірақ Дулати шығармасы Индияның солтүстігіндегі Кашмир өлкесінде жазылғандықтан қазақ еліне жете қоймаған сияқты.
Бір таңқаларлығы, түрк әлеміндегі шежірелерде Қазақ ордасы туралы мәлімет деңгейі әлгіндей болса, ал Европа елдерінде жағдай тәуірірек болыпты. Мысалы поляк тарихшысы М.Меховский өзінің 1517 жылы жазған «Трактат о двух Сарматиях» атты кітабының «О генеологии императоров, живущих за Волгой» аталған 8-ші тарауында: «Татарских орд четыре и столько же их императоров. Это именно: орда заволжских татар, орда перекопских, орда казанских и четвертая орда ногацких. Добавляют еще и пятую, не имеющую императора, и называют ее казакской (Kazacka), деп жазған. (Кейбір Ресей тарихшылары осы «бесінші қазақ ордасын» казактарға теліп жүр. Алайда М.Меховский осы кітабында Шығыс Европадағы казактар туралы жеке баяндап: «Поля Алании лежат широким простором. Это пустыня, в которой нет владельцев – ни аланов, ни пришлых. Иногда только проходят там казаки «ища», по их обычаю, «кого пожрать». Казак – татарское слово, а козак – русское, означает холопа, подданного – бродягу пешего или конного. Они живут добычей, никому не подчинены и ездят по обширным и пустынным степям отрядами в три, шесть, десять, двадцать, шестьдесят человек и более», – деп жазған.
Әрине, Меховскийдың Дон өңіріндегі казактардың тіршілігі туралы жазғаны Түркістан жерінде Қазақ ордасын құрған халықтың іс-әрекетімен сәйкеспеді. Өйткені 1465 жылы Әбілқайыр ханнан бөлініп жеке орда құрғаны болмаса, бұл «қазақтар» қаңғыбас, тонаушы да, біреудің холопы (құл) да болмаған. Егер М.Меховской айтқан «татарлардың бесінші ордасы» (Kazacka) Қазақ ордасы болса, осы кітап жарық көрген 1517 жылы бұл мемлекетті 1511-1518 жылдарда Қасым хан басқарып тұрғандықтан қазақтар «императорсыз болмаған». Ал орыстардың Мәскеу мемлекетінде XVІ ғасыр аяғында бізді бұрынғыша «татар» демей, «қазақ» атай бастаған. «Казахско-русские отношения в XVІ-XVІІІ веках» жинағында Мәскеуде1594-1718 жылдарда жазылған құжаттарда Қазақ хандығы «Казацкая орда» делінген. Мысалы орыс патшасының қазақ ханы Тәуекелге елші жіберу бұйрығында былай жазылған:
1595 г. марта 18. – Грамота царя Федора Ивановича царевичу Ураз-Мухаммеду в связи с отправкой русского посольства к хану Тевеккелю.
«От царя и великого князя Федора Ивановича всея Русии царевичу Уразмагаметю Ондановичю. Посылаем мы с Москвы в Казатцкую орду к дяде твоему к Тевкелю-царю Вельямина Степанова»…
Ал, дәл осы жылдары Ресейде Оразмұхаммет Онданұлымен бірге орыс тұтқынында жүріп 1602 ж. жазған «Шежіресінде» Қадырғали Жалайыри «қазақ» сөзін мүлдем қолданбаған.
Мұхаммет-Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» кітабында: «звать их стали узбеками-казахами», – дегенімен, неліктен бұл жұрт «қазақ» деп аталғанын, бұл сөздің мағынасы туралы айтпаған. Тек кітабының 91-тарауында өзінің 1533 жылы Тибетте болғанын баяндауда: «В Тибете водится дикий як — страшное и крайне свирепое животное… Как-то в пору моего казакования мы убили одного яка и разделили его на семьдесят человек. Каждому досталось такое количество мяса, что его хватило на четыре дня. Это животное не водится в других местах, кроме Тибета», деп, Дулати өзінің де бір кездері «қазақтық» жасағанын айтқан.
Дәл осы «Тарих-и Рашиди» кітабымен бір кезде, XVІ-ғасырдың ортасына қарай жазылған Өтеміш қажының «Шыңғыз-нама» шығармасында Алтын Ордадағы оқиғаларды баяндауда екі рет «қазақ» сөзі қолданылған. Бердібек ханнан соң Бату ұрпағы таусылғанда Жәнібек ханның әйелі Тай-Дуғлы бегім Алтын Орда ханы етіп 1360 жылы шайбанилік Хызырды тағайындайды. «Когда почуяла бегим, что не возмет он ее в жены, начала она оказывать ему меньше почета и уважения, чем прежде. Когда же и хан, озлившись на нее, решил разломать золотую юрту» а золото поделить между своими казаками, то бегим послала к хану человека, сказала: «Пусть так не поступают».
Ал 1370-1380 жылдар оқиғалары туралы: «Словом, казаковал Токтамыш-оглан, отгонял от эля Урус-хана табуны и совершал набеги на эль. Ширин, барин, аргун, и кипчак были давними, со времен предков, элями Токтамыш-оглана. И когда оглан этот самый, подвизаясь в казаках, начал творить такие вот дела, сорви-головы, лихие молодцы из этих элей потянулись к нему в нукеры и начали поддерживать его»,-деп жазған.
Камал-ад-Дин Али Бинан «Шайбани-намада» (XVІ ғас. ортасы) Әбілқайыр 1428 жылы билікке келместен бұрын қазақтық өмір кешкендігі туралы: «Общество (джамагат) эмиров, которые во время казачества Абулхаира жертвовали собой, стали причиной могущества хана. Их имена: (перечислены имена людей из племен кушчи, найман, уйгур, курлаут, ички, дүрмен). Другое общество из казаков, которые во времена казачества также самоотверженно сражались: ички, туман, уйгур, дурман, конграт» дейдi. Алайда осы шайбани Әбілқайырды қолдап «қазақтық жасаған» рулар 1465 жылы құрылған Қазақ ордасына кірмеді.
Көне Қияттың Барлас руынан шыққан Темір гүргеннің ұрпағы Бабыр өзінің биліктен айырылып, сүргінде болған кезін «қазақлық» деп атап: «Төрт-бес жыл қазақлықтардан соң Масихдан хан қасына беттегенімізде, Қасымбек бізден бөлініп Хисарға барды», деп жазады өзінің «Бабыр-нама» атты кітабында. Бұл кезде Қазақ хандығы құрылған. Соған қарамастан, Моғолстан кісісі бола тұра, Бабур өзін «қазақ болған кезім» дейді. (Бабыр Орта Aзиядан кетіп, Индия жерінде 1526 жылы Ұлы Могол» мемлекетін құрады).
Олардың еңбектерімен танысқан Ш.Уәлиханов (1835-1865) «қазақ» сөзі туралы ХІХ ғасыр ортасында: «В древности слово казак встречается в смысле вольной и вольница; я не смею (в этом) сомневаться. Глагол қазақылық очень часто попадается в «Бабур-наме» – записках Бабура, в «Шайбаниаде», что значение слово казак в смысле бродяга, скитальца было достаточно известно и употреблялось в древней Русси», деген пікір айтқан (Таңдамалы шығармалар. 1 т., 286 б.).
В.Бартольд та «Происхождение и молодость Мир Али-Шира»: мақаласында: «Эти годы были для Султана Хусейна, по выражению его современников, в том числе Мир Али-Шира (Алишер Навои), – годами «казачества», дейді. «Қазақ», «қазақлық (қазақтық)» сөзінің мағынасы туралы В.В.Бартольд «Улугбек и его время» мақаласында: «Среднеазиатские турки в XV в, стали употреблять слово казак: в смысле «вольницы» – людей, порвавших связь с семьей, родом и государством» (Соч. т. ІІ.ч.2. с,36), дейді.
Бұл мысалдардан Алтын Орда мемлекетінде «қазақ» сөзі 1465 жылға дейін де қолданылғанын, ал Түркістан (Шығыс Дешті Қыпшақ) жеріндегі «қазақлық» жасаушылар жай бұзақы, тонаушы қарақшылар емес, билікке, таққа таласушы ақсүйектер екенін көреміз. Алайда тек 1465 жылдан соң ғана «қазақ» сөзі этнонимдік мағынаға ие болған.

3. «Қазақ» сөзі жайында ХХ ғасырдағы пікірлер

ХІХ ғасыр басынан Ресей империясы Қазақ жерін отарлауын тереңдете түсуіне байланысты орыс зерттеушілері онда мекен ететін қазақ халқы туралы мәліметтер жинауға кірісті. 1832 жылы А.Левшиннің «Описание киргиз-казачьих орд и степей» атты кітабы жарық көрді. Сондай-ақ, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бір қатар орыс зерттеушілері Ресей империясына жер жаулап беріп шегарасын кеңітуде алдыңғы қатарда жүретін казачество тарихын зерттеуге ден қойған еді.
ХХ ғасыр басында орыс тілін білетін қазақ оқығандары да қазақ халқының тарихын зерттеумен айналыса бастады. Олар орыс шығыстанушыларының қазаққа қатысты зерттеулерімен және Орта Азия тарихшыларының орыс, француз, неміс тілдеріне аударылған еңбектерімен танысып, «қазақ», «алаш», «үш жүз» деген атаулардың мағынасы қандай; қазақтың (казактың) тегі кім; қазақ (казак) қашаннан бері ел ретінде тарихта белгілі болған, өзара туыстығы бар ма деген сұрақтарға жауап іздеді.
Қазақ туралы бұрынғы шежірелерден ғылыми негізделуі көш ілгері еңбек 1911 жылы Орынбор қаласында баспадан шыққан Шәкерім Құдайбердіұлының «Түрк, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» аталатын кітабы болды. Мекеге екі рет қажылыққа барған Шәкәрім жолай Стамбул кітапханаларындағы араб, парсы, түрк тілдеріндегі тарихи құжаттармен танысты. Сол деректерді қазақтың ауызша шежірелерімен байланыстырып жазуға тырысқан Шәкерім шежіресінде тарихи мәліметтер көп. «Шежіресінің» өлеңмен жазған нұсқасын Шәкерім «Қазақтың түп атасы – батыр Түрік, Арабсың деген сөздің түбі шірік», деп бастайды. Шын мәнінде Шәкәрім «Шежіресінде» 1465 жылғы Қазақ ордасының құрылғандығы жайында, оны құрған түрк руларының тарихтары да баян етіліп, «қазақ мәселесінің» басы ашылған еді.
Алайда Шәкәрім 1917-1919 жылдары Алаш Орда үкіметінде біраз қызмет атқарғандықтан және 1931 жылы атылғандықтан оның кітабын Совет үкіметі кезіндегі зерттеушілер ауызға алмауға тырысқанын көреміз. Сөйтіп ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында «қазақ» сөзінің мән-мағынасын қазақ зерттеушілердің бірі Ресей, т.б. шетел деректеріндегі казактармен байланыстырмақ болады.
Мысалы, А.Левшин өзінің кітабында: «Достоверно то, что Фирдевси, или Фирдуси, живший около 1020 г., т.е. за два столетия до появления монголо-татар на западе, в «Истории Рустема» упоминает о народе казаках и ханах казакских», – деп жазғанына сенген Міржақып Дулатұлы өзінің ««Қазақ-қырғыздың аты, тегі туралы» деген зерттеуінде: «Қазақ Х ғасырдың ар жағында көп заман бұрын өзінің хандары болып, өзін-өзі билеген, ежелден «қазақ» атанған түрік жұртының бір тарауы. Қазақ ХІІ ғасырдың аяғында әр түрлі түрік руларымен қосылып көбейіп, тағы да бөлек жұрт болған», дейді.
Ал ХІ-ХІІ ғасырларда Киевтік Русь кезінде де казактардың болғандығын, олардың кейбірде черкес деп те аталғанын оқыған Мұхаметжан Тынышбаев өзінің орысша жазылған «История казакского народа» кітабында казак-черкестерді қазақтың Алшын руындағы Шеркештермен туыс санап: «Нынешних черкес их соседи называют также «казаками». В таком случае надо пологать, что алчын (черкеш, берш и другие подроды) пришли из Алтая до времен Геродота, т.е. до V века до н.э. На основании изложенного выше, можно считать бесспорной генетическую связь между «касогами» Святослава и Мстислава и Константина и Фирдоуси – с «казахами» XV века. Народ «казак» (алчын) первоначально обитал в местностях к северу от Черного и Азовского морей и Кавказских гор. Не позднее XІV века «казаки» распространяются на низовья Волги и Урала (около 1300 годах). В XV веке имя «казак» употребляется в отношении кочевников Сибири и Туркестана», – дейді.
Сондай-ақ, ХХ-ғасырда басқа да бірқатар қазақ қаламгерлері «қазақ» сөзіне қатысты ел аузындағы аңыздарды теріп, өзіндік пікірлерін айтуды жалғастырды.
С.Сейфуллин «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат» атты зерттеуінда: «Қазақ» деген ат туралы 2-3 ертек бар. Бір ертегі: перінің қызы «ақ қаз» болып келіп, сол «ақ қаз» деген сөзден «қазақ» деген ат шыққан дейді.
Онан соң қазақ «қашақ» деген сөзден немесе, «қазы-қақ» деген сөзден шыққан деген екі әңгіме бар. Бұл екі сөздің қай-қайсысын да қазақ деген атқа қисындырып жанастыруға болады.. В.Бартольд деген ғалым «қазақ» деген атты қазақ Әбілқайыр ханға қарсы болып, бөлініп кеткендік үшін алды. Ол заманда бір адам өзінің руынан бөлініп кетсе не бір хан ұрпағы таққа таласып, жеңіліп, шеттеп шығып, тағы да топ жинап, тап берудің ылажын аңдып жүрген адамдарды «қазақ» дейтін еді дейді. Олай болғанда шетке шығып алып, өйтіп жүрген туыстарын, елдегі қалған туыстары «қашақ» десе де, тіпті «қасақы» десе де мүмкін. Ал «қашақ», «қасақы» атанып жүргендер өздерін өздері «біз қашақ», «қасақы» емес, «қазы-қақпыз…», «ісіміз ақ» деулері де мүмкін.
Түріктер әскерді «қосын» дейді. Қосыннан «қосақ» деген сөз шығады. «Қазақ» деген сөз осы «қосаққа» да ойысатын сияқты… «Қозақ», «қашақ», «қасақы», «кезек» деген сөздердің бәрі де қазақ болмысына үйлеседі», – дейді. (Осыған орай: «бөлінген» (отколовшийся) дегенді «кесік, кесек» (кусок) деп те айтатынын ескеруге болады).
«Қазы» араб сөзі. «Көнетүрк сөздігінде» («Древнетюркский словарь», М. 1969, әрі қарай ДТС): QAZI (aраб. газы) судья: bularda biri qazi – один из них судья (Ж.Баласагун. 318-1); HAQІ І (араб.) Һаq sөz – истинное слово (Югнеки); HAQI ІІ (араб.): право, обязанность, долг. (Ж.Баласагун) делінген.
С.Мұқанов «Шежіре және тарих жайында» деген зерттеуінде: «Негізінде «қазақ» халқының қай заманнан бастап құралып, ел болып келе жатқаны жайындағы деректер ғылым жүзінде әзірге анықталған жоқ. «Айқап» деген атпен 1911-1916 жж. арасында шыққан журналда бір автор «қазақ» деген сөзге екі мағына береді: бірінші «қашақ», олай дейтіні қазақ даласын айнала мекендейтін отырықшы елдердің әкімдеріне барғысы келмегендер, иен жатқан қазақтың қазіргі кең даласына қашып шыға береген. Міне, осы «қашақтардың» (қашқындардың) кейінгі ұрпақтары осы «қазақ» деп аталса керек. Ал ондағы екінші тұспалда: «қазақ» есімі «ақ қаз» деген сөзден тууы мүмкін делінед». Ерте кездің көшпелілері, жауға қарсы аттанғанда, салт мініп, ақ түсті киім киген. Бұлай деу шындыққа жақын сияқты. Өйткені, ертеде салт атты түркілерді арабтардың «ақ киімділер» атауы тарихта бар. Сонан болуы керек – XVІІІ-ғасырда қытай басқыншыларына қарсы шыққан ұйғыр салтаттыларының бір тобы «ақ таулық» аталып, ақ киімдер киген» дейді.
С.Мұқанов сондай-ақ: «Тарих ғылымының докторы М.Ақынжанов «қазақ» деген сөз «қас» және «сақ» аталатын екі сөзден құралады. «Қас» деген: «шын, нағыз» деген мағынада. «Сақ» дегені Орты Азияда қазақ аталған елден әлдеқайда бұрын жасаған көшпелілер» дейді. М.Ақынжановтың айтуынша «қазақ» деген атау «қас» деген сөз бен «сак» аталатын көшпелі елдің атынан құралған. Бұл «нағыз сақ», «шын сақ» деген мағына береді, өйткені қазақтар бұрынғы сақтардың мекенінде қалған, соны иемденген ел. Мен осы пікірге қосыламын» дейді С.Мұқанов (Таңдамалы шығармалар. 15 т. А. 1979)
«Айқап» журналындағы автордың «қазақ даласын айнала мекендейтін отырықшы елдердің әкімдеріне барғысы келмегендер, иен жатқан қазақтың қазіргі кең даласына қашып шыға береген» деген сөзіне сауалымыз – сонда, бүгінгі қазақ халқы, біздер, жерімізге қашып келе берген көрші – парсы, орыс, қытайлардың ұрпақтары болғанымыз ба?!.
Егер салт мініп, ақ түсті киім кигендер «ақ қаз» аталған болса, неге бұл атпен біз ғана аталып, ал түркілерді арабтар «ақ киімділер» деп, қытайлар ұйғыр салтаттыларын «ақ таулық» атаған, «ақ қаз» демей?!
Ал тарихшы М.Ақынжановтың қазақ «қас» және «сақ» аталатын екі сөзден құралады»… дегеніне келсек – «Хас» – араб сөзі, «избранный, привилегированный» -деп түсіндіреді ДТС. Сонда қазаққа ат берушілер араб тілін де, біздің эраға дейінгі Сақ туралы тарихты да жақсы білген бе?! Ол түгіл 1465 жылы алған сол атымыздың этимлолгиясын ұмытып отыр емеспіз бе!?
Б.Адамбаев «Скиф-сақтар туралы аңыз-деректер» зерттеуінде былай дейді: «Реті келгенде айта кетейік – «қазақ» деген ұлттық атаудың қалыптасуы Каспий теңізінің атымен тікелей байланысты деген ой келеді. Олай дейтініміз ежелгі дүниенің (Геродоттың) картасында Каспий теңізі скиф-сақ тайпаларының ортасында. Тіпті, теңіздің жағасына орналасқан бір тайпасы «Каспий» деп аталады. Сондықтан ежелден-ақ европалық сактардан ажырату үшін азиялық сактарды өздері де, көршілері де «Каспий сактары» деп атауы ықтимал. Содан ана тіліміздің бірігу заңына лайық әуелде «қассақ», қысқару заңына лайық «қасақ» болса керек. Өйткені кейбір қазақ ертегі-аңыздарында «қасақ», «қасақпыз» дейтін сөздер ұшырасады. Қарт қырғыздар бізді ауызекі сөйлескенде күні бүгінге шейін «қасақ» дейді. Сонан соң революцияға шейінгі (1917 ж.) орысша әдебиетте қазақтың «қайсақ» (киргиз-қайсақ) деп жазылуы да кездейсоқ болмаса керек.
Тіл мағына талғайды, мағынасы теріс, екі-ұшты сөздерден қашады. Сол тұрғыдан қарағанда халық атына «қас-сақ» та (дұшпан), «қасак» та (қасақы), «қайсақ» та (бұл қайсы) үйлеспейді. Сондықтан біріккен сөздің ортасында қатар тұрған екі дыбыстың біреуінің қысқару және қатаң дауыстылардың ұяңдау – заңдарына (Бозашшы – бозашы, аттас – адас, жаппар – жапар) лайық алғашқы «Қассақ» – «қасақ» атаулары тілге жайлы, құлаққа жағымды және дербес мағыналы «қазақ» болып қалыптасса керек. Ал сөздің сыртқы ұқсастығына қарай «қазақ» атауын қазбен («ақ қаз»), қашқынмен («қашақ»), «қас» (нағыз) деген сөздермен байланыстырудың қисыны жоқ, дәлелсіз де», деп жазады («Асыл қазына». Алматы. «Ана тілі» басп. 2009. 321 б.).
Бұл пікірге айтарымыз – Каспи тайпасы б.д. дейін өмір сүрген. Орта Азияда емес, Каспий теңізінің оңтүстік-батыс жағалауында, шамамен қазіргі Әзірбайжан оңтүстігін мекендеген. Көп тарихшылар Каспилерді сақ тайпасына жатқызбайды. Сондықтан, 1465 жылы Арқадан көшіп Жетісуға келген жұртты көршілері я өздері «каспи сақтары» деп екі-үш мың жыл бұрын Кавказда өмір кешкен елдің атымен атады деу қисынға келе қояр ма екен?! Ал Днепрдегі «запорожье», Дондағы казактардың атауы да «Каспий сақтан» шықты дейміз бе?!
А.Аманжолов «қазақ» сөзін «қазғақ» (қазушы, добытчик) сөзінен шыққан дейді («Түркі философиясы және жазу тарихы», Алматы. 1996).
Замандасымыз Н. Базылхан «Тарихи-этимологиялық қысқаша шолу» мақаласында: «Ескі моңғол жазба деректерінде, мысалы XIII ғасырдың туындысы «Моңғолдың құпия шежіресінде»  «qasaq //qasgaq tergen>қасақ//қасғақ терген» —  темір құрсаулы  үлкен арба («қазақ күймесі»?) деген мағыналы атау кездеседі. Біздің пікірімізше  «қаз+ақ» сөзінің түп-төркіні осында болуы әбден ықтимал. Көшпелілерде  киіз тиеген  үлкен арбалар болды. …Демек қазақ  деп біз  киіз үй артқан арбаларымызды  атағанбыз. Сондықтан болар өзге  көрші жұрттың барлығы бізді  «қазақтар»  яғни «киіз үйлі арбалықтар»  деп атады», – деп жазады.
Көшпелілердің  киіз үй тиелген үлкен арбасы туралы «Краткие сведения о черных татарах» аталған мақаласында Пэн Да-я мен Сюй Тин былай дейді: «У татар куполообразные хижины бывают двух видов… В тех [шатрах], которые изготовляются в степях, круглые стены сплетаются из ивовых прутьев и закрепляются волосяными веревками. [Они] не сворачиваются и не разворачиваются, а перевозятся на повозках (Проблемы востоковедения. № 5, 1960). Мұндай үй Қара теңіз скифтерінде де болған.
Қазіргі моңғол тілінде ТЕРЕГ – телега, повозка; ХАСАХ І. 1) убавлять, уменьшать, сокращать. 2) вычитать, отнимать, урезывать, 3) исключать, отчислять. 4) лишать, хурд хасах – сбавлять скорость; ХАСАХ ІІ. 1) отрицательный, 2) минус, вычитывание. ХАСАГ ТЭРЭГ – повозка-одноколка» делінген (Ю.Кручкин. Большой современный русско-монгольский словарь. М.2006).
Ендеше ХАСАГ ТЭРЭГ «темір құрсаулы  үлкен арба» емес, кіші, шағын арба. «Моңғолдың құпия шежіресі» кітабында бұл сөз 64-бөлімде:
«Біз Оңғырат (Қоңырат) елі
ерте күннен
жиеннің көркімен
қыздың қоғайлығымен
асқан елміз.
Ел-жұртқа шабуылдамай,
көркі қоғай болған қыздарды
қаған болған сіздерді
қасақ арбаға мінгізіп,
қара бураны жетектеп
қатты-қатты жүргізіп,
ханшайым орында
қосақтап отырғызғанбыз.
Ұлыс елге шабуылдамай,
өңі жақсы қыздарды
өсіріп жақсы жеткізіп,
күймелі арба мінгізіп,
көк бураны жетелетіп,
жылдам-жылдам жүргізіп» – делінген.
Осы тұсты аудармашы екі рет аударып – бірде «қасақ арба», екіншіде «күймелі арба» деген. «Қасақ арбаны» жүргізуге бір ғана бураның жегілуі және арбаның жылдам жүргізілуі «қасақ» үлкен емес, кішік, (қысыңқы) шағын арбаның атауы екенін көрсетпек. Ал үлкен арбаға 22 өгіз жегілетіндігі тарихи деректерден белгілі. Ондай арба жылдам жүре алмайды.
Аудармашы «қасақ терген» сөзіне «темір құрсаулы арба» деп анықтама беріп, моңғол тілінде: хасаг – 1) ошақтың құрсау темірі; 2) үлкен арба; 3) арбаның дөңгелегі; 4) екі шығыршықты ат арба» деген.
Қазақ зерттеушісі С.Ибрагимов өзінің «Еще раз о слове «казак» (1960) мақаласында: «Ранее финский алтаист Г.Рамстедт также выводил слово «казах» от монгольского выражения «хасаг тэргэн», усматривая в форме «казах» первоначальную форму. Но такое название повозки в трудах историков средневековье не встречается. Арабский географ Ибн-Батута , говоря о повозках кочевников Золотой Орды, с тем же названием, что и у казахов 15-16 вв., называет их «арба», дейді.
Көне түрк тілінде «тегрек» деген сөз бар. ТЕГІРӘ – кругом, вокруг: йағымыз тегірә ұчұқ тег ерті (жауымыз төңіректе құзғын құстар тектес еді) Тоныкөк 8): ТЕГІРМӘ круглый, сферический (МК І 490). ТЕГІРМӘН мельница (МК ІІІ 282); ТЕГРӘК – ободок, обруч, круг: құдұғ тегрәгі – круг у отверстия колодца (МК І 477). «Құпия шежіре» аталған шығарманы ХХ-ғасыр ортасында қытай иероглифінен қазіргі моңғол тіліне аударғанда осы «хасаг», «терген» сөздері кейін пайда болған, өзгерген тілде жазылса керек. Б.Х.Тодаева «Дагурский язык» кітабында (Наука. 1986): Дагур. тэргэ (тэрэг)-ан; Монг.– терген» деп келтірген. Осы сөзден қазақ тіліндегі «төңірек» (айнала), дөңгелек, доңғалақ, «диірмен» сөздері шыққанын байқаймыз.
«Қазақ» сөзі туралы айтылған осындай сан-түрлі аңыз, долбарларға қатысты М. Тынышпаев 1925 жылы шыққан «История казахского народа» кітабында: «Рассматривая вопрос о происхождении казахов, многие авторы останавливают внимание на значении слова «казак», думая найти в нем объяснение или хоть намек на происхождение народа. Между тем, все возможные толкования помимо разных несуразностей только запутывает вопрос.
Например, Крафт приводит легенду, что некий батыр Калча-Кадыр был спасен от смерти, от жажды «қаз-ақ» или белой гусыней, которая оказалась доброй пери и вышла замуж за него замуж. Потомство от бывшей белой гусыни «каз-ак» стало называться «казак». С точки зрения постановки слов в тюркских наречиях, в которых прилагательное всегда предшествует имени существительному: белая гусыня будет «ак каз», а не «каз ак», а потому потомство должно было называтья «акказом», а не «казаком». Оставляя подобные толкования ввиду их несостоятельности и бесполезности для дела безрассмотрения останавлюсь только на одной легенде потому, что она очень нравится самим казахам.
Легенда говорит о том, что некие воины постоянно воевали с неверными с единственной целью обратить их в мусульманство, а потому воины назывались «гази-хак», т.е. правдивые или верные воители за веру. Потомки их стали называться «гази-хак», или сокращенно «га-зак» или «казак». (Х.Қ-Т: ҒАЗЫ, ҺАҚ – екеуі де араб сөзі. ДТС: ҮАZILIQ (aраб. гази+ тюрк. афф. -лык). прозвище «гази», борца за веру: Yaziliq tilasa jema bu jarar – если хочешь иметь прозвище «гази», оно (состояние) также пригодится (Ж.Баласағын, 234-7)
В известных нам исторических трудах мы это не нашли. Построение слов опять неверно: «гази» – имя существительное, «хақ» – прилагательное, стало быть, верный воитель за веру будет «хақ казом» (хак гази) или «какказом». Из истории мы знаем, что предки наших казахов за веру не воевали, и особым усердием к религии не отличались.
По словарю Будагова, «казак» чагатайское слово, обозначающее: разбойник, бродяга, вольный; А.Левшин, ссылаясь на Бабуру говорит, что казаклык – бродяжничество, казакламак – бродяжничать и казак – бродяга. Между тем, по чагатайски разбойник – каракчи, басмач; бродяга – қаңғыған; вольный – бош, еркин. Когда хотят сказать по чагатайски «разбойник», никогда это понятие не выражают словом «казак». А «казаклык» употреблено у Бабур в смысле «казак», как народ. Казахи, узбеки и др. тюрки окончание «лык» прибавляют для обозначения характера, склонности и других качеств у этого народа; так слово «орустык» (оруслык) обозначает бессердечность, грубое обращение по отношению к инородцам; сартлық (сарттық) – склонность к мелкой наживе, торгашеству; казаклык или казакшылык» – непостоянство, интрига, простота и пр. качества у казахов.
Поэтому ясно, что казахи названы казаками не потому, что они были разбойники, бродяги, вольны, и т.д.
Искать значение слова «казак» также бесполезно, как и попытка найти значение слов – русский, араб, француз, англичанин и т.д», – дейді М.Тынышпаев (Бабыр кітабында «қазақлық» сөзін өз өміріндегі бір кезеңге, жай-күйіне қатысты, ал екішіде халыққа, Қазақ ордасының ханы Қасымға байланысты айтқан).
М.Дулатұлы өзінің «Қазақ-қырғыздың аты, тегі туралы» деген зерттеуінде: «Қазақ әр жұртта болған, әр жұрттан наразылықпен бөлініп шыққандардың бәрі «қазақ» атала берген, сондықтан қазақ жұрты түрік-моңғолдан бөлініп шыққан тұқымдардан құралған» деуді дәлелсіз көретініміздің мәнісі қазақ «бөлінуші, бетімен жайылушы, еркіндікті сүюші» мағынада екендігі рас болғанда да жұрт біткеннің бәрі бұл мағынаны «қазақ» деген бір сөзбен айтуының қисыны жоқ. Өйткені, жұрт біткеннің бәрінің тілі бір емес. Қазақ деген сөз бір жұрттың ғана тілі болып, өзге жұрттар өздерінің «қазағын» өз тілімен атауы керек емес пе? Шынында, қазақ деген сөзге өзге бір айрықша мағына беруге, басқа бір тілге аударуга келмейді. «Қазақ» деген сөз пәлен жұрттың тілі, оны түген жұрттың тіліне аударса сондай мағына шығады деп ешкім айта алмайды»,– дейді.
Қазақстандық зерттеуші В.Юдин «К этимологии этнонима казах (казак) атты мақаласында: «Слово «казак» появляется в источниках только в послемонгольское время в ХІІІ в. Оно применяется к человеку, отделившемуся от своего государства, племени или рода и принужденному вести жизнь искателя приключений», «Переводов этого слова предложено много. Можно сказать, что все эти переводы верны и в то же время неверны. Переводы правильно характеризуют какую-то сторону деятельности казака, оставляя нераскрытыми другие. Иными словами, слово казак непереводимо. Поэтому русские и восприняли его, не переводя», – дейді.
«Қазақ» сөзінің төркінін, мән-мағынасын, тарихын таппаққа талпынғандардың нетүрлі долбарлар айтуы толастамай келеді. Мысалы, Б. Әден «Қазақ пен Казак немесе құпияланған тарих» (Алматы, 2013) кітабында: «Ескі монғол тілінде «ко» – қорған; «зах» (жақ) – шекара. Дағыстанда «құнзақ» жазығы бар, Венгрияда да Кунзак дейтін жерлер бар. Демек «қазақ» атауы Құнзақ атауынан шыққан, «ұн» айтылмай, «Қзақ» делінген заман болған. Қыпшақ атауы да Құнжақ атауынан шыққан дейміз. Осылайша құн халқының Қазақстан, Орта Азиядағылары Қазақ деп аталғанын, ал Байкал-Аргун аймағындағылары Қыпшақ деп аталғанына көз жеткіземіз. Неге Қазақ хандығы деп атады? Өйткені осы аймақта Шыңғыс ханға дейін Қазақ қағанаты өмір сүргенін олар (Жәнібек-Керей) жақсы білетін», – деп жазған! (Шындығында, ешқандайда «Шыңғыс ханға дейін Қазақ қағанаты» болған емесі).
Соныменен «қазақ» этноатауының шығуын қазақ шежірешілері оны арабтың «хұзағи», «қазы-хақ», «ғази+хақ», «қашақ», «қасақы», «кезек», «ақ қаз», «Каспий сағы», «нағыз (хас)+ сақ», «Дағыстандағы «құнзақ» жазығы», т. б. сөздермен байланыстырғанын көрдік. Енді «қазақ-казак» сөзі жайлы ХІХ-ХХ ғасырдағы ресейлік бірнеше зерттеушінің пікірлерін келтірейік.

4. «Қазақ» пен «казак» сөздерінің этимологиясы

Е.Савельев өзінің «История казачества с древнейших времен до конца XVIII века» (1915 ж.) атты кітабында казак этнонимі жайында: «Многомиллионный народ, с гордостью называющий себя в течение многих веков «казаками», едва ли может правильно понимать носимое им имя, а тем более объяснить его значение. Большинство специалистов сходятся в том, что слово «казачество» пришло с востока и имеет тюркские корни. Приведем мнения по этому предмету некоторых историков, а мнения эти, как увидят читатели, иногда доходят до крайней нелепости, если не сказать — до смешного.
Фишер, в своей «Сибирской Истории» (изд. в 1774 г.), слово «казак» относит к языку татарскому (Х.Қ-А. «татар» деп шығыс түрктерін атап отыр). Название это первоначально приписывалось собственно казачьей орде, т. е. ордынским казакам, жившим в начале XVI в. по Нижней Волге, ныне киргиз-кайсаки (бүгінгі қазақ елін айтады), которые своими набегами и наездами славились перед прочими народами. Название «казак» от татар перешло к русским и полякам.
По мнению Сталенберга, слово «казак» означает вольный, живущий на границе и всегда готовый служить за деньги. Но ни Фишер, ни Сталенберг не указывают, от каких именно татарских корней они производят это слово. В современных же наречиях татарского языка слова «казак» нет; следовательно, оно не татарское, а заимствованное ими от другого народа», – дейді.
Ресейлік шығыстанушы О.И.Сенковский (Барон Брамбеус) «Казаки» мақаласында (1834 ж.): «Слово «казак» есть собственное имя народа, который мы ныне называем киргизами (бұл да қазақтарды айтып отыр). Кажется, что это поколение, издревле известное в Азии отвагою, хищничеством и ловкостью всадников, с давнего времени придало имя свое отрядам легкой конницы, употребляемой восточными властелинами для разных воинских назначений, подобно тому, как народное имя швейцарцев превратилось в Европе в наименование известного рода служителей. Слова «казак», повидимому, ничего не имеет общего с именем Касогов. Как производное, оно происходит от «каз» – гусь и значит гусак – «свободный, как дикий гусь» – говорят турки. Остатки ордынских казаков, не присоединившиеся к киргизам – своим соплеменникам, образовавшим новое ханство, могли быть первым ядром, около которого копились русские беглецы», – деп жазған. Бұл пікірді қазақшаласақ: Алтын Орда мемлекетінен бөлініп 1465 жылы жаңадан Қазақ хандығын құрған туыстарына қосылмай батыста, Алтын Ордада қалған қазақтар казачествоның негізін алғашқы қалаушылар болуы мүмкін, ал оларға орыс қашқындары келіп қосылған» дегенге саяды.
Тарихшы П. Симоновский өзінің «Краткое описание о козацком малороссийском народе» (1765 г.) кітабында: «Сие слово «козак» есть турецкое и означает «разбойник» или «грабитель», дейді.
А.Левшин «Описание киргиз-казачьих орд и степей» атты кітабында: «Итак, татарские казаки, почитаемые нами за первоначальных казаков, были только подражатели и название их не татарское, а занятое у другого народа. Известие сие делает толкования и переводы слово «казак» излишними. Значения, сему слову приданные впоследствии, суть уже применения и приспособления к образу жизни или вооружению первобытных казаков, но самое название их как собственное народное не подлежит ни переводам, ни этимологическим спорам. Следовательно, тщетно трудились те, которые производили оное от козявки, козы или козьих шкур, от кыпчака, от косы днепровской, от славянского полководца Казака, от хазар и так далее», дейді.
Ал тарихшы H. А. Полевой: «Кажется нет уже сомнения, что имя казаков есть азиатское название легкого конного воина. Тут не нужно прибегать ни к Косогам и Казахии Константина Багрянородного (X в. по Р.Х.), ни к косе, ни к козе, ни к козявке, от чего выводили имя казаков Гербинии, Пясецкие, Зиморовичи и др. В Азии доныне целая орда турецкая называется казаками (киргиз-кайсаки)» (1830 ж). дейді.
Х ғасырдағы парсы тарихшысы Масуди «кашак» (касог)» атауы жайында: «Их название обозначает по-персидски “гордость”, “хвастовство”, поскольку персы называют высокомерного гордого человека кашак (По-персидски каш ‘гордый’)», деген.
Қазақ зерттеушісі Б.Өміриәев: «Изначальным именем народа являлось ғха-сах. Одним из письменных источников, отмечавших саков и хасаков, является надпись на скале Бехистуна. На ней царем Ахеменидов Дарием в VI веке до н.э. они отмечены в сочетании «скунха сак»; в прочтении автора «скин хасак». А урезавшиеся «ка» и «сак» означают «конный сак», и образуют термин «касак». Источники отмечают и о индо-сакских государствах Северной Индии, возникших в I тысячелетие до н.э., именуя их жителей ғха-сахи. «Кас ак» – казах, ак враждебный. «Кас» означает враждебный, а «ак» – просвещенный, благодеятельный .Это нарицательные названия собирательных племен тюрков, мигрировавших из Восточного Туркестана и Алтая», -дейді (!).
Ал Қазақ КСР Ғылым Академиясы шығарған «Материалы по истории казахских ханств в ХV–ХVIII вв.» жинағында: «Поскольку они после переселения в Могулистан большую часть времени проводили в походах против кочевников и киргизов, не раз грабили их и на окраинах аймака занимались разбоем, им дали имя казаки», – делінген (Алматы,1969, 353 б.). Алайда, бұл арада «қазақ» сөзі «алаш» ұранының шығуы себебімен шатастырылған сыңайлы..
Ресейлік М.Крайсветный «О роли народов Кавказа в раннем этногенезе донского казачества» мақаласында «казак» сөзінің пайда болуы турасында: «Термин «касоги», по моему мнению, является не этнонимом, а показателем принадлежности западнокавказского (адыгского) населения к определенной социально-политической системе, демократической форме власти в виде народного законодательного собрания, которое носит название «Хаса». Казачий Круг полностью идентичен адыгской Хасе, что еще раз доказывает единство корней донских казаков и адыгов. На адыгском языке «хаса-к» означает «идущий на Хасу», дейді.
Егер халықты (ұлтты) олардың жиналысына сәйкес атайтын болсақ ағылшындар «парламент», орыстар «дума», түрктер «құрылтай», украиндар «рада», т.с.с. аталған болар еді ғой!?
А. Самойлович «О слове «казах» мақаласында: «Ни старые азиатские словари турецких диалектов, ни литературные памятники старых эпох также не дают глагольной основы «каз» со значением «бродить». Единственное указание на существование глагола «каз» – «бродить» имеется в словаре современного кумыкского диалекта. Вамбери считал, что глагольная основа «аз» – «сбиться с дороги» должна была первоначально звучать «каз» и что эта первоначальная основа сохранилась только в «устаревшем слове» «казак» – «скиталец, бродяга, кочевник», а «с мягкими звуками» представлена поныне глагольной основой «кез, гез» – «гулять», дейді (Самойлович А., Антропологические очерки. Л. 1927, 9 б.).
М.Крайсветный «Адыгский этимон термина «казак» атты екінші зерттеуінде: «В современных словарях указанных (тюркских) языков не приводится ни одного слова с корневой основой «каз/коз», способного прояснить картину происхождения термина. Однако, несмотря на отсутствие подобного глагола, по мнению сотрудников Института Российской истории РАН, «самой распространенной и надежной считается тюркская этимология: от глагольного корня «каз» (бродить, скитаться)» (Письмо ИРИ РАН от 19.07.2005).
Несмотря на почти двухсотлетние поиски этимона термина «казак» в тюркских языках, они до настоящего времени безуспешны. при отсутствии реальной первоначальной корневой основы лишний раз убеждает в заимствовании тюркоязычными народами термина «казак» из какой-то другой языковой среды. По моему мнению, все многочисленные и разнообразные трактовки термина в тюркоязычных источниках являются вторичными и не имеют отношения к первоначальному значению слова.
То же самое можно сказать о русскоязычных значениях. На Руси всегда существовали и вольные, и беглые, и наемные работники, и «отделившиеся от своего государства и рода», и т.п., но никто не называл их «казаками». Черкесская гипотеза происхождения донских казаков практически снимает все многочисленные вопросы, возникающие при рассмотрении различных тюркских и славянских гипотез по данной проблеме, в т.ч. и по терминам. Таким образом, адыгский термин «хаса», вполне мог звучать как «каса» в русском языке и как «каза» у тюрок»,– дейді.
С.В.Рябчиков деген «Древние казаки» мақаласынла: «Я получил таблицу соответствий звуков древнеадыгейского и современного адыгейского языков. А затем составил приблизительную модель древней формы слов «касог», «косаг», «касаг», «казак», «касах» и нашел ее современный вариант. Это адыгейское слово «къушъхьэчІэс» (горец), которое происходит от слова «къушъхьэ» (гора). Последнее слово похоже на топоним Касахия. Отсюда делаю вывод: первоначальное значение слова «казак» – это «горец», дейді. Алайда казактар өздерін жазықтың халқымыз деп есептегені ән-өлеңдерінен көрініп тұр емес пе? Олардың фольклорында тау жайында ән кездеспейді.
Е.П.Савельев әлгі аталған кітабында: «Следовательно, название народа «Казаки», от Ас и Саки, есть собственное, о чем свидетельствуют историки в течение многих веков, а потому домыслы некоторых наших лингвистов, что будто бы название это явилось с востока и «по всей вероятности» татарского происхождения, не имеют под собой никакой почвы, так как в татарском языке не было и нет корней, от которых можно бы произвести это название», деген тұжырым жасаған.
Сондай-ақ, Интернеттегі «Некоторые понятия происхождения названий казачества» атты мақаладан: «С древнетюркского «Кай-Сак» (скиф) означало свободолюбивый, в другом смысле – воин, охранник, рядовая единица Орды. Именно Орда и стала объединением разных племён под воинский союз – имя которым сегодня казаки. Самые известные: «Золотая Орда», «Пегая Орда Сибири». Так что казаки, помня своё великое прошлое, когда их предки проживали за Уралом в стране Ассов (Великая Асия), унаследовали своё название народа «Казаки», от Ас и Саки, от арийского «ас» – воин, военное сословие, «сак» – по виду вооружения: от сак, сечь, сечники. «Ас-сак» после преобразовано в казак»,– дегенді оқимыз.
Осылайша, ресейлік зерттеушілердің де «қазақ-казак» сөзі жайында үш ғасыр бойы тек сан-түрлі долбарлар айтып, нақты бір тұжырымға келмегенін көреміз. Ал шын мәнінде зерттеушілердің көпшілігі «қазақ» сөзінің тұңғыш рет 1245 жылы Египетте жазылған «Түрк-араб сөздігінде» кездесетінін айтады. (С.Ибрагимов «Еще раз о слове «казах» мақаласында (1960): «В анонимном тюрко-арабском словаре, составленном, вероятно, в Египте, известном по рукописи 1245 года и изданном М. Хоутсмом в Лейдене в 1894-м, со значением «бездомный», «бесприютный», «скиталец», «изгнанник», дейді).
Егерде «қазақ–казак» сөзі «Түрк-араб сөздігінде» жазылып, негізгі түрк сөзі арабшаға аударылып тұрса, оның түрк сөзі екеніне бұдан артық қандай дәлел керек?! Әлде «Түрк сөздігіне» түркше емес сөз жазылып, сол бөтен сөзді арабшаға аударды деп ойлай ма екен әлгі түркофоб «ғалымдар»?! Мұндай жағдайды олар ғылымда кездестірді ме екен?!

* * *
«Қазақ-казак» қай ұлттың қандай сөзі екені жайында зерттеушілердің неше түрлі болжам-долбарларынан оқырманның шаршар кезі де болған шығар. Сондықтар таусылар түрі жоқ пікірлерді көрсетуді осыменен тоқтатып, мен де өз түйгенімді жұрт назарына ұсынайын.
Меніңше қазақ пен казак бір сөз, түрк тіліндегі «жүр, жүру» сөзіне синоним. Әр заманда сәл өзгере «каз, кәз, кез» түрінде айтылған. Бұл сөз Махмұт Қашқаридың 1074 жылы жазылған «Диуани Лугат ат-Түрк» еңбегінде араб әріптерімен (кз) деп жазылған. Сондықтан оны «каз» деп те, «кез» деп те оқуға болады. А.Егеубаев аудармасында «кез» деп берілген. «Древнетюркский словарь» (М.1969 ж.) жинағында: КЕЗ (кәз, каз) – ходить, бродить, странствовать (М.Қ.том ІІ, стр.10); КЕЗІК – смелость, храбрость: бу істә сеңә кезік керәк – в этом деле тебе нужна смелость (МК т. І, 391 б.); КЕЗЛА – выходить за пределы (т.ІІІ, стр.318); КЕЗІКЛІГ блуждающий»– делінген.
Ал М.Қашқари еңбегін З.А.М.Әуезова аударғанда: КАЗ () – (обходить, проходить): ол йирик казди – он обошел всю землю» (№3283) делінген.
Казак зерттеушісі Ю.Трощей өзінің «Ассы» деген кітабында Шу бойы казактарының сөздігінен: «Каз-каз» – ножками, ножками топ-топ, говорят ребенку, когда его учат ходить», «Каз катар» – строем идти» деген мысал келтірген. Бұл сөздер дәл осы мағынада қазақ тілінде де бар.
Ертеде «қаз» түрінде, ал ХІ ғасырда «кез» түрінде қолданылған осы сөз қазіргі Түркия оғыз-түрктері тілінде «гез» деп айтылады:
ГЕЗГЕ – патруль; ГЕЗЕР – 1. ходячий, бродячий 2. подвижной, мобильный. Гезер синема – кинопередвижка. ГЕЗГІ – поездка, путешествие. ГЕЗЕНТІ – любитель прогулок; ГЕЗГІЧ (ЧІ) – путешественник. ГЕЗГІН -1. много странствующий, много путешествующий, повидавший свет; 2. передвижной, полевой; походный; 3. путешественник, турист, иностранные туристы; кочевник; ГЕЗІ – поездка, путешествие; экскурсия; странствие. Юрт гезісіне чыкмак – отправиться поездке по стране; Девріәлем гезісі – инспекционная поездка; ГЕЗІЧІ – передвижной, странствующий, бродячий; Бродячий ремесленник, Экскурсант, турист. ГЕЗІЧ – дозор, патруль. ГЕЗІНТІ-тозунты – гуляние, прогулка, езда, поездка, гульба. ГЕЗМЕ – гуляние, прогулка, отправка в путешествие. ГЕЗМЕК (гезер) – ходить, расхаживать, бродить; Шататься, слоняться, скитаться. Много гулять, много разъезжать, колесить, много разъезжать по свету. ГЕЗІЧІЛІК – занятие уличного торговца; (торговца в разнос), ГЕЗМЕН – путешественник» («Турецко-русский словарь», с. 334).
Қазақ тілінде «жаһанкез» сөзі бар (странствующий по вселенной – парсының «жәһан» және түрктің «кез»). Ал «кезбе» жағымсыз мағына білдіреді деген түсінікпен «қазақ» сөзін одан шығарғымыз келмейді. Алайда «кез-гез» сөзі Түркияда жағымды мағынада молынан қолданылады екен. Сондықтан ертеде «қазақ», «казак» сөздері де қаңғыбас, т.б. емес, жағымды мағынада қолданылса керек. Кейініректе Шығыс Европа елдеріндегі жеңіл атты әскердің «гусар» атауы да осы «кезер» сөзінен екені байқалады.
«Қазақ» сөзінің түп-тұқиянын өздігінше таппақ болған зерттеушілердің жазғандарын оқимын деп мен де, дәл соларша, В.Дальдің атақты «Толковый словарь» еңбегіне қарауды ұмытып кетіппін. Ал В.Даль «сөздігінде»: «Казак или козак, вероятно от среднеазиатского «казмак» – скитаться, бродить» (кезмәк), – делініпті (В.Даль, 2002, 72 б.).
Благова Г.Ф. өзінің «Исторические взаимоотношения слов «казак» и «казах» кітабында «казак» сөзі туралы: «Первоначально возникнув в тюркоязычной среде, он был заимствован русским языком, а затем, семантически измененный, возвратился к тюркам» деп жазады (Благова. Этнонимы. – М.: «Наука», 1970, 143-144 б.).
Алайда, егер «казак» түрк сөзі десек, ал 6-ғасырда өмір сүрген тарихшы Прокопий Кессарийскийдің готтардың (германдықтар) жеңіл атты әскері туралы: «Тяжелой конницы у них немного, в дальних походах готы идут налегке, при малом грузе на коня, а при появлении врага садятся на легких коней своих и атакуют… Готские конники называют себя «kosak», «владеющий конем», деп жазғанынан: «германдар да жеңіл атты әскерін түрк сөзімен атағанын көреміз. Ал бұл өлкеде готтарға дейін скиф, савромат, алан деген халықтар болғаны, готтармен бір мезгілде ғұндар келгені белгілі. Готтар «казак» сөзін жаңадан келген ғұндардан емес, осындағы ескі жұрттан алғаны қисынға келеді десек, скиф, савромат, аландардың да түрк тілді болғаны анықталады.
Сонымен біз «қазақ, казак» сөзінің «қаз» түбірін түрктің «жүру» (кезу) сөзі деп анықтадық. Ал екінші буын «ак» туралы зерттеушілер мардымды еш нәрсе айтпаған. «Ақ» жалғау ма, әлде ол да бір сөздің түбірі ме?
Белорус архиепископы Георгий Кониский өзінің «Истории русов или Малой России» кітабында: «Козарами именовали всех таковых, которые езживали верхом на конях и верблюдах и чинили набеги, а сие же название получили наконец и все воины славянские, избранные из их же пород для войны и обороны отечества, коему служили в собственном вооружении, комплектуясь и переменяясь также своими семействами. Воины сии переименованы от царя греческого Константина Мономаха из козар – казаками» деп, бастапқыда Шығыс Европадағы казактардың хазар, казар (каз+ар) деп аталғанын жазады.
Д.Е.Еремеев «татар» этнонимінің түрк сөзі екенін, өйткені онда да атауы өзге түрк халықтары: бұлгар, мадьяр, авар, хазар, сувар, мишар, кабар, кангар т.б. атауларындағыдай «ар» жалғауы бар екенін айтады. Ал, шын мәнінде, бұл «ар» жалғау емес, сөз түбірі. М.Қашқари «Сөздігінде»: АР (ер) мужчина, человек. АРАН множ.число (арат, жаран -народ» делінсе, ал Көлтегін ескерткішінде (732 жыл): ЕР муж, мужчина: Бір еріг санчды» –делінген. Қазақ тілінде: ЕР (еркек). Кейбір түрк диалектілерінде «ар, ир» түрінде де кездеседі.
Сонымен, «қазақ» (казак) сөзі «каз (кез») жүруші және «ар (ер) кісі деген екі сөзден (кез+ер, қаз+ар, кезуші ер) құралса, неліктен «ар» (ер) сөзі Константин Мономах кезінде «ақ» болып өзгеріске ұшыраған деген сұрақ туады. 1074 жылы жазылған М.Қашқари еңбегінде осы сөз КЕЗІК түрінде бар. «Кезік» сөзіндегі екінші буын «ік» – жалғау екенін көреміз.
ҚАЗ (кез, гез) ( ) – жүруші, жүргінші, кезуші сөзі екен. Алайда адамдар, әсіресе көшпенді халықтардың бәрі де атпен жүрушілер. Бірақ олардың баршасы «қазақ» аталмаған ғой!? Г.Кониский: «Козарами именовали всех таковых, которые езживали верхом на конях и верблюдах и чинили набеги», дейді. Ендеше «қазақ, казак» деп тек жортуыдап олжа табуды кәсіпке айналдырғандарды ғана атаған екен. Сөйтіп, егер «қаз, кез» сөзі атпен жүргіншіні (всадник) білдірсе, ал «ақ» – осы мағынаны күшейтетін түрк тіліндегі жалғау десек болады. Сонда: «жігіт-ақ, (нағыз жігіт), «жүйрік-ақ» (нағыз жүйрік), сұлу-ақ (өте сұлу), т.б сияқты, «қаз-ақ» – «нағыз жүргінші, нағыз олжа табушы» (настоящий всадник) деген мағынадағы сөз болмақ. Міне, сондықтан, өзге жүргіншілерден осылайша ерекшеленгеннен «қазақ, казак» аты мақтан тұтылған болса керек.
Алайда «казак» атауы әр кезеңде және әр ел, аймақтарда мағынасы біршама өзгеріп отырғаны байқалады. Егер бастапқыда «қаз» жүруді, кезуді білдірсе, бір себеппен руынан саяқ кеткен кісіні, топты да «қазақ» атап, «батылдық» деген де мағынаға ие қылған. «Қазақ, казак» атауының әсіресе маңызының өсуі, көшпелі түрк руларының бір бөлшектері өзге мемлекеттерге жалданып, шолғыншы жеңіл әскер ретінде қызмет қылуына байланысты болған.
Лев Диакон да X ғасырда жазған «Хроникаларында»: «Конные воины Свентослава бились без шлемов и на легких скакунах скифских пород. Эти конники Свентослава собирались из союзных ему племен грейтунгов, славян и росомонов, назывались они так же по-готскому: «kosaks» – «всадник», и у русов были элитою, сами же русы от отцов своих готов унаследовали умение биться в пешем строю» деген екен. Тарихшылардың осы айтуы Рустардың (Рюриктер әулеті) готтардан шыққандығына және олардың да түрк сөздерін қолданғанына тағы бір дәлел.
Қолымызға кейінгі сәтте түскен әлгі 1245 жылғы «Қыпшақ-араб сөздігі» жайында бірер сөз. Оның жазылуына ықпал еткен Дешті Қыпшақтан шыққан Мысырдағы мамлүктер екен. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың арабтану бөлімінің доценті,
PhD докторы Қалдыбай Қыдырбаев өзінің «Қазақ» сөзі туралы «Қыпшақ-Араб сөздігінде» не айтылған?» мақаласында; «Сөздіктің қолжазбасын 1894 жылы голландиялық шығыстанушы М.Т.Хоутсма ең алғаш зерттеп, қолжазбаны хатқа түсіргенде «Адам сипаттары» атты он тоғызыншы бөлімдегі «қазақ» сөзіне түсініктеме ретінде берілген араб тіліндегі «المجرّد» [әл-мужәррад] сөзінің мағынасын неміс тілінде «landstreicher», яғни «қаңғыбас, кезбе» деп берген. Қазақ ғалымы Ә.Құрышжанов та «қазақ» сөзіне араб тіліндегі «المجرّد» [әл-мужәррад] сөзінің мағынасы бойынша «жалғыз», «қарапайым, бірдемеден айырылған» деген мағыналар берген.
Голландиядағы Лейден кітапханасында сақтаулы 1245 жылы жазылған «Қыпшақ-араб сөздігі» түпнұсқасының электронды көшірмесін алдырып, оған компьютердің көмегімен үлкейтіп көру арқылы зерттеу жұмыстарын жасағанымызда, қолжазбадағы «қазақ» сөзіне араб тілінде берілген түсінігі «المجرّد» [әл-мужәррад] емес «المحرّد» [әл-мухәррад] екені анықталды.
Араб тіліндегі үлкен түсіндірме сөздіктерде астында нүктесі жоқ «المحرّد» [әл-мухәррад] сөзіне «үйге кірген, үйлі болған, бөлінген» деген мағыналар берілген, үй дегені жай үй емес «пішіні түйенің өркеші тәрізді үй» деп түсіндірілген.
«Қазақ» сөзінің «үйлі болу, бөліну, бөлініп енші алу» деген мағыналары Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлініп, жеке отау тіккен тарихи оқиғаның мағынасына дәл келеді. Уақыт өтіп, ұрпақтар ауыса келе «қазақ» сөзі халық атауына айналғаннан кейін, «бөліну, бөлек отау құру, үйлі болу» деген негізгі мағынасы көмескіленіп, ұмытылған. Қолжазбаның дұрыс оқылмауы салдарынан «қазақ» сөзіне таңылған «қаңғыбас, кезбе, қашақ», «бірдемеден айырылған», т.б. секілді жағымсыз мағыналарды «қазақ» сөзінен, яғни ұлт атауынан арылтуымыз керек.
«Қазақ» сөзі хандық құрылғанға дейінгі әлеуметтік мәнде қолданылған кезде де, кейінірек хандық құрылғаннан кейінгі этнонимге айналар кезге дейін де «үйлі болған, бөлінген, бөлініп еншісін алған, жеке отау тіккен» секілді жағымды мағынада қолданылған. Ал өз алдына еншісін алып, жеке отау тігу дегеніміз – белгілі бір жағдайда еркіндікке, тәуелсіздікке жету деген сөз екені анық», – дейді.
Тарихшылар, филологтар «қазақ» сөзі жазбаша деректемелер ішінде осы 1245 жылы Мысырда жазылған «Қыпшақ-араб сөздігінде» бірінші рет қолданылып, оған алғаш рет түсініктеме берілгені айтылып жүр. Алайда «каз, кез», «казмак, кезмәк» сөздері 1074 жылы жазылған М.Қашқаридің «Диуани Луғат ат-Түрк» еңбегінде де бар екен.
Дегенмен Әбілқайыр ханның, Дулатидің, Бабырдың тарихтарында олардың «қазақлық еткен» кездері «енші алған, жеке отау тіккенін» емес, елден бөлініп жүргендігі айтылған.
Сондай-ақ, М.Тынышбаевтың кітабында Алтай мен Днепр өзені аралығындағы жерлерде Х-ХҮ ғасырлар деректерінде «қазақ» сөзінің 26 рет кездесетінін көрсеткенімен, «қазақ» сөзінің бірде халық атауы, бірде жеңіл әскер, енді бірде елінен бөлінгендер, т.б. мағынада қолданылғанын көреміз.
Мысалы М.Тынышпаев келтірген 26 деректегі: «Карамзин приводит летописные сведение, что «торки, берендеи назывались черкесами и казаки тоже», дегенінен бұл «казактарды» Киев князіне ақшаға қызмет етуге оғыз түрктерінің (торк, баяндұр) руларынан бөлініп келген топ және алғы шолғыншылыққа пайдаланылар әскер деп түсінуге болады.
. Ал: «1471 жылы орыстың Новгород деген қаласына Москва патшасы аттаныс қылғанда, онымен бірге Қасымдықтар мырзасы Данияр деген өзінің «қазақтарымен» барған; 1481 жылы Үлкен Ордадағы Ахмет ханға қарсы аттаныс болғанда, Шайбақ ұпағы Ыйбақ хан мың «қазақпен», ал Мұса мен Жаңбыршы деген ноғай мырзалары он бес мың «қазақпен» келіп оны өлтірді», – деген деректердегі «қазақтар» – әлгі хан-мырзалардың сауыт-сайманды, зеңбіректі әскермен емес, жеңіл жортуылшы шеріктерімен келіп шабуылдағанын көрсетеді. Бұл атау (лақаб) тек 1465 жылдан, Қазақ Ордасы құрылғаннан соң ғана, ұлт атауы мағынасына ие болды.

Комментарий (1)

  1. Reply
    Манап Шәмілговорит

    1465 ж.»қазақ»термині ұлт атауы мағынасына емес,этнос атауы-этноним мағынасына ие болды.Этнос атауы,ұлт деген мағынаны білдірмейді,осы екі түсінікті ажырата білу керек.»Этнос» — ру-тайпа және халық деген мағынаны білдіреді.»Ұлт»дәрежесіне жеткен халықтар да,жетпеген халықтар да бар.

Пікір қалдыру