ЛЕВ ТОЛСТОЙ МҰҢЫ

Ауыр ойды көтеріп ауырған жан.
Абай

Ғарифолла ЕСІМ

Адамзат адасуда. Себебі адам баласы ардан безіп барады. Арсыздануда – ақыл, бірақ хакім Абай айтқандай нұрлы ақыл емес. Надандықтың ақылы. Надандық адамзатты адастыруда.
Адамзатты қалың мұң торлаған заман күшіне ене бастады.

* * *
Адаспаудың амалын данышпан Шәкәрім ашып айтқан. Ол кісі Лев Толстойға арнаған өлеңінде: «Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең», – деген. Шәкәрім түсінігінде ақылды да, арлы да – Лев Толстой. Ол – терең ойдың иесі – бұл да Шәкәрім сөзі. Және де айтқан: «Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың», – деп. Ойға қалдым. Ойларымның нәтижесін қағазға түсірдім.

* * *
Лев Толстой 1828 жылы дүниеге келіп, 1910 жылы 7 қарашада 82 жасында қайтыс болған.
Шәкәрім Толстой туралы өлеңін, сірә, 1920 жылдар ішінде жазған. Арада бір ғасыр, жүз жыл өтті. Неге адамзат ақылды, арлы болу орнына, адасып барады. Неге?
Адасушыларға Лев Толстойдың да, Шәкәрімнің де сөздерінің қажеттілігі жоқ, тіптен олар зиянды тұлғалар деген шешімде болғанға ұқсайды.
Лев Толстой туралы толық шындық әлі айтылған жоқ. Шәкәрімді НКВД қызметкерлері 73 жасында атып өлтіріп, оның соңғы кезде Саят қорада жазған шығармалары қолды болды.
Тәуелсіздік жылдары Шәкәрім шығармалары жарыққа шығып, насихаттала бастады. Саят қорадағы, яғни өмірінің соңғы жылдары жазған дүниелері жойылды. Ойлаймын, тегі Шәкәрімнің Лев Толстоймен жазысқан хаттары да, ақынды атып өлтірушілер қолында қалды-ау деп. НКВД қызметкерлері Шәкәрімді атып өлтіріп қана қоймай, оны Кеңес үкіметінің жауы «бандит» деген құжат толтырып, оның есімін мәңгілікке ұмыттыру әрекеттерін жасаған. Бұл – тарих алдындағы ауыр күнә!
Міне, алғы сөз ретіндегі оқырманға қысқаша ақпарат.

* * *
Лев Толстойдың 1895-1905 жылдардағы күнделіктерін, 1908 жылғы «Құпия» күнделігін, 1909-1910 жылғы жазғандарын және «Өзіме ғана арналған күнделік» деген жазбаларын араға уақыт салып, қайта-қайта асықпай оқыдым.
Лев Толстой әлемі күрделі. Қаламгер жазбаларын бірден қабылдау ауыр. Күнделік жанры үзік-үзік пікірлермен құралатыны белгілі. Күнделік қисын сақтап жазылған мақала емес. Жазушының әр кездердегі көңіл толқындарынан туған ой-толғамдар.

* * *
1895 жылғы күнделіктегі жазбалар
1895 жылы күнделік жазуға бел шешкенде, жазушы 67 жаста, көргені, оқығаны, тоқығаны мол.
Күнделіктердегі жазбаларға зер салған адам аңғарады, қаламгер өмір сүруден шаршаған. Оны шаршатқан – өтірік пен шындық мәселесі. Не өтірік, не шындық, ал ажыратып көр. Жазушы өз еркіндігін мейлінше іске асырған. Алдымен айтарым – оның православ діні мен шіркеуіне наразылығы. Орыс мемлекетінің, қоғамының жетекші идеясы, қуаты православие дініне ашықтан-ашық қарсы шығуға кімнің қауқары жеткен. Лев Толстой діншіл, бірақ ол Шіркеуді өтірігі үшін айыптаған.
Өмір, дүние туралы түсінікті қаламгер заманында қарабайыр етіп жібергендер көп болған. Бәрін түсіндіремін дегендер – өздері ненің не екенін түсінбеушілер. 15 қыркүйекте Лев Толстой жазады: «Самый глупый человек это тот, который думает, что все понимает» (с.408). «Кім бәрін түсінемін деп ойласа, сол – нағыз надан адам».
Мұндай жандар қауіпті. Олар қазіргі заманда да өріп жүр. Мен бәрін білемін деушілер, кешегі кеңес заманында көп болды. Коммунистердің бар мәселеге жауаптары даяр. Жауапсыз сұрақ жоқ. Бұл – өтірікке құрылған қоғамның әдеті.
Лев Толстойды қинаған тақырып – Жаратушы және Жаратылыс. Ол айтады: «Думать и говорить, что мир произошел посредством эволюции, или что он сотворен богом в шесть дней, одинаково глупо. Первое все-таки глупее. И умно в этом только одно: не знаю и не могу, и не нужно знать» (с.409). «Дүние пайда болуы эволюция арқылы деп ойлаушы және айтушы немесе Құдай әлемді алты күнде жаратты деушілер – бірегей надандар. Алғашқылар – наданның надандары. Бұл тұста ақылға сыйымды бір-ақ нәрсе: білмеймін, біле де алмаймын және білудің еш қажеті жоқ деу».
Жаратылыстың эволюциялық жолын да, діни тұжырымдамасын да ол жоққа шығарған. Толық келісемін. Осы мәселені Шәкәрім «Үш анығында» нақтылап баяндап берген. Тіптен, мәселе Жаратылыстың қалайша болғаны емес, қаламгер айтуынша ақылға қонымды жағдай, жаратылыс сырын білмеймін, біле де ала алмаймын, ең бастысы соны білу қажет пе деген ой-санаға келген.
Адамның түйсігінен, сезімінен, санасынан тыс әлем бар, оның құпиясын қысқа ғана ғұмыр кешетін адам баласы қайтіп білмек. Ол мүмкін бе? Жазушы түсінігінде мүмкін емес, олай болса, босқа шығындалып әуреге түспе, шіркеу бұл жөнінде жалған айтады, ол ұят мәселе деген. Сондықтан ол шіркеуге наразы.
Дінге қатысты шіркеудің айтқандары туралы, «Күнделікте» 12 қыркүйекте, былайша нақтылап жазған «… как часто я, бывало, спорил с религиозными догматиками: православными, евангеликами и др. Как это нелепо. Разве можно серьезно рассуждать с человеком, который утверждает, что верить в то, что есть только одно правильное воззрение на мир и на наше отношение к нему, то, которое выражено 1500 лет тому назад собранными Константином эпископами в Никее, – мировоззрение, по которому бог – Троица, 1890 лет (назад) пославший сына в деву, чтобы искупить мир и т.д. С такими людьми нельзя рассуждать, можно их менажировать, жалеть, пытаться излечить, но на них надо смотреть, как на душевно больных, а не спорить с ними». (с.100)
Бұл – Лев Толстойдың христиан діні туралы көзқарасы. Бірақ есте болуы керек, ол жалпы дін атаулыға қарсы емес, оның қарсылығы православие шіркеуіне, сондағы айтылатын шындықпен араласып кеткен өтірікке. Ол шіркеу өтірік пен шындықты ажыратпайды деген пікірде болған. Міне, кемеңгер еркіндігі. Шіркеуге мұндай сын қашан айтылып еді. Жазушы шіркеу туралы ойларын ешнәрседен қаймықпай тура білдірген. Әрине, бұл – шіркеуге ауыр соққы.
* * *
Өмірде өтірік пен шындық ажыратылмағандықтан, оны мұң басқан. Мұң санасы өтірік пен шындыққа тікелей қатысты екен, оны жазушының «күнделіктері» беттерінен жиі кездестіреміз. Енді соларға нақтылы назар салайық.
Жаңалығым. Мұңды сейілтетін қуатты Лев Толстойдан кездестірдім. 12 наурыз. Ол айтады: «Нынче я как будто немного нравственно проснулся» (с.80). Қазақшаласақ, «Бүгінде шамалы болса да адам болып ояндым». Адам болып оянған жанда мұң бұлты қалайша қат-қабат болмасын. Жазушының «нравственно проснулся» дегені мағыналы сөз, бұл ой, өкінішке орай, күнделік беттерінен әрі қарай дәп осы мағынада кездесе қоймайды.
Адам боп оянғандағы жазушының қалдырған өсиетіне назар салайық. 27 наурыз. «Похоронить меня там, где я умру, на самом дешевом кладбище, если это в городе, и в самом дешевом гробу – как хоронят ни-щих. Цветов, венков не класть, речей не говорить. Если можно, то без священника и отпеванья… В газетах о смерти не печатать и некрологов не писать» (с.81).
Бұл өсиет кейінірек тағы да қайталанады, бірақ оның мағынасы сақталған. «Ясная поляна»-дағы Лев Толстой зираты басында діни еш белгі қойылмаған, басына мавзолей салынбаған.
Жазушының бұл ойларын, сірә, өлім мұңы деуге болар. Өлім, әрине, мұң. Бірақ оны қабылдау – мәселе. Хакім Абай өлімді метафора тілімен «Таусыншақ күн» десе, Шәкәрім әркімнің алдынан шығар «Қиын күн» деген. Өлім – тағдыр. Оны жазушы қабылдаған, бірақ христиан ғұрпын мойындамаған. Сеніміне ерік берген.

* * *
Лев Толстойдың мұңлы ойы. 10 сәуір. «…ничего не делаю, мало думаю: так только среди мрака и тумана вдруг изредка выплывают островки мысли и от того, вероятно, кажутся особенно важными» (с.84).
Жазушы қабылдауында тұман мен қапас арасындағы кейбір ой ұшқындары болмаса, бәрі түнек.
Түнек дегеніміз – түсініксіздік. Сезімнің күңгірт тартуы. Сананың беймәлім халде болуы. Түнек – көңілдегі қуанышты жоқ етуші күш. Түнекке қарағанда тұман жеңіл. Оның тағдыры – жел. Түнек желге көнбейді, сірә, оны бір жеңсе, адамның адам болып оянуы және өзінің оянған қуатын сезінуде. Бұл – сезімнің сенімге иек артқанында болатын мүмкіндік. Қаламгердің санасы салмақ тарта бастаған, ол өмір мәнін ай-қындағысы келеді, бірақ түнектен шығар емес. Ол өзі жүріп өткен ғұмырынан жұбаныш таппауда. Көңілі күңгірт, сезімі жүдеу халде.

* * *
Қаламгер айтады: 26 сәуір. «Лег спать тоской в душе беспричинной и встал нынче с такою же» (с.87).
«Тоска» дегенді «түңілу» десек, көңілдің себепсіз түңілуі қалай болмақ, оны немен түсіндіреміз? Тегі көңілдің қалуын (түңілуін) түсіндіруге болар ма екен? Жазушы түңілген көңілдің себебі жоқ дейді, осындай халде ұйықтап, ертеңінде тұрғанда дәл осы халде болған. Түсініксіз көңіл түңілуін ұйқы сергіте алмаған. Мәселе тереңде. Жазушының көңіліне орнығып алған бір мұң сезім бар. Қиыны, оның себебін өзі білмейді. Әйтеуір бір немесе бірнеше оқиғалардан көңіл қалған. Көңіл түсіп кетсе, оны қайтадан көтеру қиын жағдай екені аян. Көңіл деген адамның дерексіз халі. Қалған көңіл көп жағдайда себепсіз де болмақ. Себеп деген айғақты іс, көңілге әсер мазмұны көбінесе рухани болмақ. Рух себеп бола алмайды, ол – себептен тыс құбылыс. Сондықтан сезімтал жан Лев Толстой өзінің мұндай халінің себебін таппауда. Адамның көңілі есепке жатпайтын нәрселерді де өздігінен не қалауымен, не қалауынсыз жинай бермек. Қаламгер фантазиясы толқымалы, ол нені ойлап, одан нендей іс шығармақ, оны тіптен өзі де біле бермейді.
Мұны біз қаламгер мұңы десек қалай?!

* * *
4 мамыр. Мұңның көрінісі сансыз, соның бірі туралы Лев Толстой былай деген: «Все та же апатия, лень. Ничего не работаю» (с.88).
«Апатия» – көңіл хошы болмағанда, адамның еңсесін басатын күш. Қазақша «апатия» деген «далбаса» деген түсінік. Далбасалық жағдайда қайдағы жұмыс. Еш іс өндіретін түрім жоқ дейді. Олай болса көңіл хошы орнына келуін күтеміз. Далбаса деген – дерт. Ол – рухани дерт. Оған ем керек. Бұл психологиялық хал өздігінен кетпейді, оны шығаратын қуат қажет. Ол қуат – адамның өмірге ынтасы, оянуы. Адамның мақсатқа сай қарекетке көшуі.
Осындай жағдайда Лев Николаевич: «Помоги отец», – дегенді жиі қолданған. Жазушының «әкеден» көмек сұрауын зерттей түсуіміз керек сияқты.
* * *
7 мамыр. «Дурные эгоистические мысли. Написал много пустых писем…» (с.89). Эгоистік ойлау мұңға жата ма? Сірә, олар – мұң тудыратын ойлар. Эгоизм, қазақшасы «мен-мендік», «өркөкіректік», «өзімшілдік», қайсысы қолдануға қолайлы.
Мен білемін деу жақсылыққа, игі істерге бастамайтыны анық. Өзімшілдік – дерт, оны емдеу қажет. Емі – қанағат. Эгоистік бұзақы ойлардың зардаптары айтарлықтай. Эгоистік ойлар өтірік пен надандыққа негізделген. Надан адамның эгоист болатыны анық. Эгоистік ойлар – өтірікші адамның қалқаны. Көбіне, пысықтар эгоист болып келеді. Ал жазушы болса, өзіне сын көзімен қарап, өзінің кейбір ойларын эгоистің пікірі деген ойға келген. Бұл жерде, біз басын ашып сөз айта алмаймыз, мәселе – Лев Толстойдың жеке басының сыншылдығына қатысты жағдай.
* * *
Жазушының мына пікірі мұңға тікелей қатысты. 15 мамыр. «Часто тратишь свои душевные силы бесполезно. Это – грех» (с.89). Қатты айтылған. Грех деген – күнә. Рух мәселесінде күнәдан ауыр не бар? Күнә – Жаратушы алдында жауапты болу. Бұл – діндерге ортақ түсінік. Рухани қуатты босқа шашу – күнә, – дейді жазушы. Айтуға жеңіл, мағынасы ауыр түсінік. Алдымен, анықталатын жағдай, әр адамда рухани күш бар ма? Немесе мәселені өзгеше қоялық, рухсыз адам бола ма? Адамды адам етіп тұрған қуат – рух емес пе? Мүмкін, бұл мәселені Лев Толстой өз биігінен қойған шығар. Талқылауды қажет ететін тақырып. Менің түсінігімде рух қуатынсыз адам жоқ, мәселе – сол қуаттың мөлшерінде. Олай болса, рухани күшті (мүмкіндікті) пайдасыз іске жұмсау – күнә. Ал пайдалы іс не дегенге, жазушы жауабы: «Силы эти даны на служение» (с.89). Рухани күшті адамға, елге, мемлекетке қызмет етуге жұмсау дегенді қаламгер міндет еткен. Халыққа қызметке рухани күш жұмсалуы қажет. Ал біз рухани қуатымызды неге жұмсап жүрміз. Шындығын айта аламыз ба? Жазушы нақтылы жауап берген: 15 мамыр. «А то из приличия, из тщеславия, из апатии тратишься так, что не остается сил и времени на служение» (с.89).
Халқымыз осындай жағдайды «кітап сөзіндей» деген. Артық-кемі жоқ, біз халыққа қызметті, билікке, жеке билікке жайғасып алған тұлғаларға қызмет етуден әбден шатастырып алғалы қашан. Бізде билікте отырғандардың жаманы жоқ, биліктен тайғаннан соң, олардың өсек, ғайбат сөздерден аманы жоқ. Лев Толстой өз заманына талдау жасай отырып, осылай деген.

* * *
18 мамыр. «Очень тяжело живется. Все нет охоты работать, писать, все мрачное настроение» (с.90).
Өмір сүру қиын, бұл жазушы ашқан жаңалық емес. Әркімнің басында бар жағдай. Мұң басқанда айтылатын сөз. Өмір сүру қиын болғанымен, одан асқан бұ дүниеде қызық бар ма? Өмір – қызық. Сол қызық деген жағдай өмірді қиындатып жіберетіні бар. Өмір қызық болған соң да, ол қиын. Қызық деген қиындықты меңгеруден туатын феномен. Өмір өзінен өзі қалай қызық болмақ. Өмір сүруге қызығушы жан, әрине, қиындыққа тап болмақ. Қолына қалам алған адамға өмір сүру оңай емес, ол өзгелердің ойына келмейтін нәрселерді өрбітіп, оқиға құрастырып, тұрмыстан өзгеше шындық жасамақ. Өте ауыр мақсат. Тұрмыс шындығы мен өнер шындығы қаламгер санасында тайталасқа түскенде өмір сүрудің қиын екені анық білінбек. Мұндай жағдайда жазу бәсеңдейді, себебі көңілді қараңғылық торлайды. Лев Толстой «мрачное настроение» дейді, онысы – көңілді түнек торлауы. Түнек торлаған көңіл жазушыға шабыт бере ала ма? Ойланған жөн. Көңілге түнек қонғаны, мұң бұлтының қоюланғаны емес пе?!

* * *
28 маусым. Мұңлы ой, адам мен адам арасында ма, әлде адам мен Аллаға қатысты ма?! Лев Толстой былай деп жазыпты: «Начинаю забывать, что отношения не между людьми, а всегда между мной и богом. Думал за это время» (с.95).
Жазушы үшін өзі мен құдай арасындағы қатынас аса маңызды. Адам мен адам арасының өлшемі де осы. Адам өз пиғылын құдайға не қатысты, не қатыссыз анықтағысы келеді, бірақ көңіліндегі Жаратушыға деген күдік ешқашан жойылмақ емес. Сөз адам ниетін сарқа бейнелей алмайды. Сөз жұртшылыққа қарай бағыттала айтылатындықтан, ол өзінің ішкі ниетін мүлдем сарқа баяндамайды. Ниетте үнемі айтылған сөзден қалдық қалады. Адам сөзбен өзін түгеспейді. Сарқып сөз сөйлейтін жанды мен кездестірмедім. Әр сөйлеуші өз сырын толық шашпай, байқап-байқап пікір білдіреді. Олай болмаса, ол кәдімгі адам емес, ақыл-есі кем жан.
Лев Толстой өзімен Құдай туралы ойланғанды қалаған. Түсінікті жағдай. Адам адамға сыншы ғана, ол адам тағдырын өзгертуші емес. Адам тағдыры құдайға қатысты, демек, құнарлы ой құдайға қатысты. Құдай мен адам қарым-қатынасы қалай анықталмақ. Ойланған жөн. Бұл жерде аксиома жоқ, үнемі шешімдер қажет. Арифметикалық 2 х 2 = 4 деген болмайды, алгебралық ойлау жүйесі, яғни шешімдерді есептеп шығару қажеттілігі басым болмақ. Не нәрсенің шешімі болмасын Құдайға қатысты болып шықпақ. Сондықтан жазушы назары көбіне өзінің Құдайға қатыстылығы жағында.
Лев Толстой Дінге қарсы емес, оның діни саясат пен діни идеологияны қабылдағысы жоқ.

* * *
5 тамыз. Сәулең болса кеудеңде дейміз. Сәуле деген – жарық. Сәуле – қараңғылықты анықтаушы. Жарық жерде бәрі айқын аңғарылады. Қараңғылық кемшіліктерді көмескілендіреді, оларға өріс ашады. Сәулелі жан ізгілік ниетте болмақ. Сәуле мен күнә туралы Лев Толстой былай депті: «Каждый грешит по мере того света, который есть в нем» (с.97).
Күнәнің мөлшері адамның бойындағы сәулеге қатысты. Орыстың «свет» дегенін «сәуле» деген мәнді сөзбен берген дұрыс болмақ. Сәуле – метафора. Алайда, «күнә» деген де – метафора. Күнәнің ғылыми анықтамасы жоқ. Заң білімдеріндегі жауапкершілікке, қылмысқа қатысты мәселелер – бөлек әңгіме.
Иә, сонымен әр адамның бойында белгілі мөлшерде сәуле болады екен, жазушы солай дейді. Адамның күнәлі атануы сол сәулеге тікелей қатысты. Бойындағы сәуле мөлшеріне қарай адам күнәлі іске бармақ. Тың ой иірімі. Бірақ адам табиғатындағы сәуле мөлшерін қалай анықтамақпыз. Жазушы айтқандай, оны адам жасаған күнә арқылы аңғарсақ, бір жағдай. Ал күнәлі іске барғанға дейінгі адам бойындағы сәулені анықтап алсақ, қалай болмақ. Айтарым, күнәлі іске бармай тұрған жанның сәулесін анықтаудың қажеті бар ма, бар болса, ол қалай жүзеге аспақ? Бұл мәселеге жауапты Лев Толстойдың жазған соңғы шығармаларынан іздестірген жөн болар, әсіресе «Воскресенье» романынан.

* * *
7 қыркүйек. «В последнее время очень близко чувствую смерть» (с.99).
Өлімді сезіну. Өлім – мұң. Бірақ кім үшін? Өлген адам мұңды ма? Ол мұңды сезіне ме? Мұң тірілер үшін айтылған сөз бе? Мүмкін солай шығар, өліп, о дүниеден қайтқан жан жоқ. Тегі, өлім деген ойыншық емес, ол – өмірдің ақиқаты. Ал ақиқатқа жеткен кім бар. Ойлы жанның өлім туралы ойланғаны – парасаттылық.
* * *
7 қыркүйек. Лев Толстой дін туралы былай деген: «Третьего дня был француз от Эртеля. Верит в материю, а не в бога. Я говорил ему, что это эпидемия душевной болезни» (с.99).
Құдайға сенбей, материяға сену, ол – материализм. Лев Толстой оны рухани дерттің эпидемиясы деген. Сол ғасырда материалистер көбейіп кеткен. Ғылымның алғашқы қадамына іліккендер, әдетте өздерін материалистеріміз деп санайды. Ғылым тереңдегенде бұл түсініктен ештеңе де қалмайды. Абай лексикасына салсақ, әрбір хакім – ғалым, ал әрбір ғалым хакім емес. Хакімдік деңгейге жетпеген ғалымдар – материалистер. Егер олар хакімдік дәрежеге жетсе, Лев Толстой сенімді сөйлер еді.
Құдайға сенбеу – жазушы ұғымында рухани дерттің эпидемиясы. Жұқпалы дерт. Осы дертке Кеңес заманында бәріміз ұшырадық. Нағыз пандемия болды. Құдайға қарсы шығып сөз айтуды ерлік деп санағандар қаншама болды. Бұл рухани дерттің негізгі вирусы – коммунизм идеясы. Өкінішке орай, осы рухани дерттен қазақтар әлі де арыла алмай, далбаса күй кешуде. Осылай Лев Толстой атеизм дегенді бір-ақ төңкеріп тастаған. Керемет харекет.

* * *
1896 жылғы күнделік

26 қаңтар. «Я жив, но не живу» (с.110).
Мұңлы жанның жағдайы. Қазақта «өліара» деген түсінік бар. Шындық айқындалмаған жағдай. Қазақ бұл түсінікті көбінесе табиғаттың жағдайына, оның мінезіне қатысты айтады. Айталық, не күз емес, не қыс емес. Адамға қатысты айтсақ, әрине, бұны кәрілік «тұтқынына» ілінген жандар айтпақ. Алайда мұндай халді Лев Толстой секілді ойшыл білдірсе, мәселенің аса күрделі болғаны. Бұл – жан толғанысын білдіретін хал. Өмірдің мәні турасына қатысты сөз. Қиын сөз, ауыр хал. Ойлап кетсек, өзің де осы халдің қармағына анық ілінесің.
* * *
Халқымыз өтіріктің өресі қысқа десе, Хакім Абай өтірік адамзаттың дұшпаны деген. Мойындайтын шындық, өтіріксіз өмір жоқ. Өтірікті билік төңірегіндегі адамдар көбірек айтады. Саясат дегенің өтірікке толы. Лев Толстой шіркеу иелері өтірікке жақын деген көзқараста болғандықтан православ дінінен бас тартты.
Осы жылдың 30 шілдесіндегі жазбада жазушы былай депті: «Ложь перед другими далеко не так важна и вредна, как ложь перед собой. Ложь перед другими есть часто невинная игра, удовлетворение тщеславия; ложь же перед собой есть всегда извращение истины, отступление от требований жизни» (с.120).
Өзіңді өтірікпен алдаусырату ұятқа, арға қатысты. Өз ғұмырыңды өтірікке айналдыру – барып тұрған масқара. Өзің үшін өтірік сөйлеу – өмірдің қалыптасқан жолынан шығу, айдалаға бет алу. Өтірікпен күн кешсек, өмірдегі бағытыңнан жаңылу, адасу, ақыр аяғы азғындыққа түсу. Елді ұзақ басқарған диктаторлар осындай халге міндетті түрде түседі. Олар жұртты ғана емес, өзін-өзі алдап, өтірік өмір сүріп келді. Өтірік өмір далбасалықпен аяқталады, оған тарихтан мысалдар жеткілікті.
Әрине, жұртқа өтірік айту кімге болсын жараспайды, ал өзің үшін айтқан өтірік өзіңді қарғағанмен бірдей, жазасы ауыр.

* * *
Осы күнгі жазбада мынандай маңызды ой айтылған: «Полное удовлетворение дает только нравственное благо. Тут полное удовлетворение – дальше ничего не хочется и не нужно» (с.120).
Адам өз өмірін қанағат тұтқанда, тоқталатын жері – ар игілігі. Бұл тұста орыстың «нравственное» дегенін ар деп бергеніміз дұрыс болар. Сөзбе-сөз аударсақ, адамшылық игілігі немесе адами игілік. Лев Толстойдың айтпағы терең, ол биік ұғымға жүгінген. Мұсылмандық дүниетаным түсінікке бай. Айталық, қанағат деген ұғым өте мағыналы. Ізгілік жолындағы адам – қанағатшыл. Лев Толстойдың «нравственное благо» деуін біз мұсылман қауымы мазмұнды, бай ұғым деп түсінеміз, қабылдаймыз.

* * *
5 мамырда мынандай мәселе сөз болған: «… из этого никак не следует, чтобы по Марксу, капитализм привел к социализму. Пожалуй, он и приведет, но только к насильственному» (с.114).
Лев Толстой бұл ойды 1896 жылы айтқан. Капитализмнен социализмге өту зорлық, қырғын, бүлік екенін білген. Ресей Карл Маркстің сандырағына ілесіп, ақыры ойран болды. Абайдың хакімдер болмаса, дүние ойран болмақ дегені осы. Лев Толстой – хакім, оның айтқаны дәл келді. Ресей ешқашан болып көрмеген қасірет шекті, оған ілесе қазақ елі апатқа ұшырады.
* * *
31 шілдеде Лев Толстой біршама тамаша ойларын қағаз бетіне түсірген. Бірінші ой: «…почему людям глупым свойственны такие уверенные, убедительные интонации. Но так и должно быть. Иначе бы их никто не слушал» (с.121).
Мұндай адамдар – бірден басшылыққа, билікке ұмтылатындар. Олардың ортасы да сол жақ. Надандар сөзі солай, өздерінше сеніммен, жеткілікті, түсінікті қарқынмен ұрандатып кетеді. Ұрандап сөйлеу – надандық белгісі, бірақ ұраншылдың онда шатағы жоқ. Белден басып, жұрттан асып сөйлеу мақсаты. Мен ондай адамдарды білемін, олар кешегі кеңес заманында көп болған. Ұраншылар ойланып, толғанып, шындықты бетке айтатындарды дұшпан санайды. Ұраншылар «мың ойланып» бастарын қатырмайды, нені жоғарғы жақ айт деді, соны лапылдатып кете бермек.
Екінші ой: 14 қыркүйек. «Одно из самых сильных средств гипнотизации – внешнего воздействия на душевное состояние человека – это наряд. Это хорошо знают люди: от этого монашеская одежда в монастырях и мундир в войске» (с.121).
Өте дұрыс айтылған сөз. Киімнің киесі бар. Киім кию – әншейін іс емес, ол мағыналы шаруа. Әлем халықтары мұны түсінген, соған сай киінеді. Айталық, Индонезияда әр мекеменің, әр мектептің өз киім үлгілері бар. Бұл елде батик өнері мейлінше жетілген. Киімге қарай құрмет. Киім адамның әлеуметтік жағдайын, қызметін айғақтайды. Кеңес идеологиясы бұл мәселеде арнайы бей-берекеттік жасады. Ұлттық киімдер архаизмге айналды, сөйтіп, қазақ халқы азып-тозды, не болса соны, талғамсыз үстеріне жапсыра берді, бүгінгі халымыз сол.
Үшінші ой: 14 қыркүйек. «Отчего негодяи стоят за деспотизм? Оттого, что при идеальном правлении, воздающем по заслугам, им плохо. При деспотизме все же может случиться» (с.121).
Антұрғандарға деспотизм ауадай қажет. Қалыпты жағдайда мұндайларға күн көріс жоқ. Олардың іздегендері бұзықтық, бүлікшілдік. Ондайлар революция кезінде көктеп өсіп шыға келмек. Ел бұзылса, салады шайтан өрмек дегендей, антұрғандар шайтанның шәкірттері емес пе? Оларға ойран қажет.
* * *
6 қарашадағы жазба. «Естественные науки, когда хотят определить самую сущность вещей, впадают в грубый материализм, то есть невежество» (с.126).
Материализмнің надандық екенін Лев Толстой тамаша айтқан. Кеңес өкіметі дәуірінде жастарды материалистік көзқараста тәрбиелеуді мақсат еттік, бұл шынында надандыққа тәрбиелеу болатын.

* * *
20 желтоқсан. Ойланатын мәселе. Лев Толстой пікірімен санаспаса болмайды. Ол кісі былай деген: «Ничего так не путает понятий об искусстве, как признание авторитетов» дей келе, «А между тем есть много произведений знаменитых художников ниже всякой критики, и много ложных репутаций, случайно получивших славу: Данте – Шекспир» (с.130,131).

* * *
1897 жылғы күнделіктегі жазбалар
14 қазан. Асықпай ойланатын жағдай. Бетховен туралы пікірім сонша емес еді. Мына жазба ойға от қосатын секілді. «Когда люди восхищаются Шекспиром, Бетховеном, они восхищаются своими мыслями, мечтами, вызываемые Шекспиром, Бетховеном. Как влюбленные любят не предмет, а то, что он вызывает в них. В таком восхищении нет настоящей реаль-ности искусства, но за то есть полная беспредельность» (с.149).
Ойлану керек.
* * *
1898 жылғы күнделіктегі жазбалар

3 ақпан. «Одно из самых обычных заблуждений состоит в том, чтобы считать людей добрыми, злыми, глупыми, умными. Человек течет, и в нем есть все возможности: был глуп, стал умен, был зол, стал добр, и наоборот. В этом величие человека. И от этого нельзя судить человека. Какого? Ты осудил, а он уже другой. Нельзя и сказать: не люблю. Ты сказал, а оно другое» (с.158).
Лев Толстоймен бұл мәселеде бірден келісе қою қиын. Қай адам болмасын мінезге бай, мәселе сол барлық мінезден көріне бермейді, тіптен көбісі ашылмай, сол адаммен бірге кетеді. Мінез де бұлақтың көзі сияқты, оны ашу керек. Сірә, тәрбие дегеніміз адам болмысындағы қасиеттерді ашу шығар. Ол үшін адамды ойландырған дұрыс болмақ. Ой адам сезімдерін оятады. Ойлауға тәрбиелеу – тәрбиенің көкесі. Ойлау – еркіндік өрісі. Адам өзін еркін сезінгенде сезімдеріне жол ашпақ. Адам сезімін оятатын қуат, ол – поэзия. Ақындар – адамның сезімдерін ашатын айрықша тұлғалар. Ақындарсыз тұрмыс тауқыметі ауырлап, адамның да, қоғамның да өмірі шаңдап кетеді. Ақындық – сыншылдық. Шындыққа сыншылдық әмманда қажет. Сын – өмір тынысын кеңейтеді, адамды сөзсіз жетілдіреді, мінезін байытады. Ақындық – адам мен дүниенің тұтастығын баяндайтын өнер. Дүниеден тыс, аспанда өмір сүретін жан жоқ. Керісінше, адамдарсыз дүние жоқ. Міне, осы тұста адам құбылуы ықтимал, алайда адам рух иесі. Адамның рухани қазығы оны бір жағадан екінші жағаға соқтығуына жол берер ме екен?
Алайда Лев Толстой айтқандай, адам құпиясы – адамға беймәлім. Адам – ерекше жаратылыс, оның сырын кім ашқан? Адам болмысының қат-қабаттары мол, оларды айғақтап шығу мүмкін бе екен?
Адам табиғатының ірге тасы – діни сезім. Ол дегеніміз адамның (өзі шексіз) шексіз табиғатпен шексіз байланысы. Оны қайтіп, қай компьютермен есептеп шығармақпыз? Адамның шексіз мүмкіндігі оның Құдаймен тұтастығы арқылы ғана белгілі болмақ. Әлде, Құдайсыз адам болмысын ғылыми түрде анықтау мүмкін бе?!
* * *
Осы күнгі жазбада Лев Толстой былай депті: «Говорят про царя, что не виноват он, а его окружающее – неправда: он один причинной всего» (с.158).
Келісемін. Басқа дәлелім жоқ. Тұп-тура патшаның өзі бәріне жауапты, содан кінәлі.
Бұл – диктаторларға дәлме-дәл айтылған оң сөз!

* * *
3 тамыз. Лев Толстойдың Карл Маркске, оның іліміне сыны маған ұнады. «Ошибка марксистов (и не одних их, а всей материалистической школы) в том, что они не видят того, что жизнью человека движет рост сознания, движение религии, более и более ясное, общее, удовлетворяющее всем вопросам понимание жизни, а не экономические причины» (с.169). 03.08.
Лев Толстой «өмір туралы түсінікті» марксистер, жалпы материалистер ұқпады. Олар өмір туралы түсініктің маңызды салалары сана, дін, т.б. ескермеді. Бәрін экономикалық себептерге тіреп қойғанын жазушы сынға алған. Бәрін шешетін экономика деген теріс түсінік. Өкінішке орай, тәуелсіз Қазақстанда әуелі экономика, содан кейін саясат деген қателікке ұрындық. Әуелі мәдениет, өнер, білім, ғылым, дін мәселелері болуы қажет еді, олай болмай, қазіргі Қазақстан осындай неомаркстік түсініктің ыңғайында кеттік.
Одан әрі Лев Толстой былай деп ойын жалғастырған: «Главная недодуманность, ошибка теории Маркса в предположении о том, что капиталы перейдут из рук частных лиц в руки правительства, а от правительства, представляющего народ, в руки рабочих. Правительство не представляет народ, а есть те же частные люди, имеющие власть, не-сколько различные от капиталистов, отчасти совпадающие с ними. И потому правительство никогда не передаст капитала рабочим. Что правительство представляет народ это фикция, обман» (с.169-170). Біз тап күресі Пролетариат диктатурасына дейін жүруі қажет деген маркстік қағидаға сүйеніп, Ресейде нағыз зұлым мемлекеттің типін орнаттық. Про-летариат диктатурасы ел ішінде, бұрын болып көрмеген алапат қырғын ұйымдастырды. Азамат соғысы, аштық, «халық жауы», т.б. іс-шаралар, зорлықтың барша түрлерін жүзеге асырды. Осы жағдайды көре білген Лев Толстой әрі қарай былайша түйін жасаған: «Если бы было такое устройство, при котором правительство действительно выражало бы волю народа, то в таком правительстве не нужно бы было насилия, не нужно бы было правительство в смысле власти» (с.170).
Не деуге болады? Жазушы дүниеден 1910 жылы өтті. Жұмысшылар билігінің көкесін біз көріп, естіп өстік. Қаламгер тұп-тура, дәлме-дәл Пролетариат диктатурасының ішкі технологиясын ашып берген. Бірақ марксистер дегендеріне әбден жетті. Ресейде социалистік қоғам (коммунистік режим) орнықты. Мемлекетіміз Пролетариат диктатурасы болды.
Толстой секілді даналардың көзі жойылды. Дінді апиын деу мемлекеттік саясатқа айналды. Шындап келгенде, мемлекет, үкімет басшыларының бұрынғы капиталға ие болғандардан қандай айырмашылығы болды? Ма-териалдық игіліктерді өндіруші – халық, оны бөлуші, иелік етуші – Үкімет. Тіптен, социализм кезінде материалдық игіліктерді иеленуші, бөлуші – Үкімет емес, коммунистік партия қолына өтті. Бұл коммунистер диктатурасы еді.
* * *
Лев Толстойдың дінге көзқарасы туралы сөз көп. Әркім әртүрлі айтуда. 3 тамыздағы күнделік бетінде, ол дін туралы ойын айқын білдірген. «Я говорю, что бог, сотворивший мир в шесть дней, пославший сына, сам этот сын, – не бог, а что бог есть то, что одно есть, непостижимое благо, начало всего: против меня говорят, то я отрицаю бога» (с.170).
Жазбада анық айтылған. Лев Толстой «құдай ұлы» дегенді қабыл алмаған. Құдайдың ұлы – құдай емес. Православ діні әке құдай, бала құдай десе, жазушы «бала құдайды» мойындамаған. Бұл – мықты пікір. Адам қалай құдай болмақ?
Құдай дегеніміз жазушының айтуынша, «непостижимое благо, начало всего». Мен «непостижимое благо»-ны ұғымнан тыс ізгілік демекпін. Ізгілік ұғынықты болуы мүмкін, ұғымнан да биік болуы мүмкін. Лев Толстой құдайды ұғымынан биік ізгілік деген. Жақсы айтылған. Терең ой. Ұғымнан биік – тек абсолют. Қазақшаласақ құдайды Ұлы ізгілік иесі дейміз. Бұл мұсылмандық дүниетанымға жақын. Құдай – Ұлы ізгілік иесі, оның өзі. Ұлы – Абсолют, оның сырын кім білмек, ол Құдайдың өзіне ғана аян. Ендеше, Лев Толстойды қалайша Құдайды жоққа шығарушы деуге болады. Әрине, шіркеу маңындағылар үшін бала-Құдайды мойындамау – діннен шыққандық. Сонда Дін мәселесі бір басқа, Шіркеу діні бір басқа. Лев Толстой Дін жағында шіркеуге қарсы.
Әрі қарай айтсақ, жазушы Құдайды «начало всего» дейді. Бұл жерде не қате. Дұп-дұрыс мұсылмандық түсінікте. Әлемнің, барлықтың бастауы – Құдай. Әдемі айтылған. Сонда Лев Толстойдың Құдайға қарсы шыққан деген далбаса пікірдің құны не болмақ?
Шәкәрім қажы айтқандай, Лев Толстой нағыз құдай, шын құдай деген пікірде болғаны осы жазбада нақтылап берген.

* * *
14 қарашадағы күнделіктегі жазба. «Бог прояв-
ляется в нас сознанием. Пока нет сознания, нет бога. Только сознания дает возможность добра, воздержания, служения, самопожертвования. Все зависит от того, на что направлено сознание» (с.173).
Ойлану керек. Құдайды сеземіз бе, әлде сана арқылы білеміз бе? Діни сезім дұрысырақ, діни сана болғанда оған шайтан араласып кете ме деймін. Сана саясаттан, идеологиядан, ілімдерден тыс бола ала ма?!
Әрине, құдайды сана арқылы аңғармақпыз, алайда іргетас – діни сезім. Сезім – барлық, ал сана – бағыт. Сананы мақсат анықтамақ, ал сезім болса, оның ауқымы кең.
Бұл мәселеде Лев Толстоймен пікіріміз бір арнада тоғыспауда. Ойланайық!

* * *
Дұрыс айтылған ой, тыңдап көрелік. 14 қараша. «Прогресс нравственный человечества происходит только оттого, что есть старики. Старики добреют, умнеют и передают то, что они выжили, следующим поколениям. Не будь этого, человечество не двигалось бы» (с.173).
Сабақтастық мәселесі, әрине, ұрпақтар жалғастығы арқылы анықталмақ. Лев Толстойдың шалдар деп отырғанын біздің халық ақсақалдар, қариялар дейді. Әрине, оларсыз құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа қалай өтпек. Ақсақалдарда өмір тәжрибесі мол, ендігі жерде оны келер ұрпаққа егу – әрине, ізгілікті іс. Айтпасқа болмас, кеңес заманында осы мәселе дертті болды. Социализм кезінде өсіп-өнген ұрпақтың жасы жетіп шалдар болғанда айтарлары болмай қалғандарын көріп жүрміз. Ақсақал айтатын аталы сөз орнына, социалистік қоғамның көр-жер әңгімелері татымсыз, сол себепті шалдарға сенім жоқ. Бұл жағдай тәуел-сіздіктен бергі заманда түзеліп қалпына келер деген үміттемін.

* * *
1899 жылғы күнделіктегі жазбалар

2 қаңтарда Лев Толстой былай жазған: «Я стариковски спокоен. Вот и все» (с.180). Бұл жылы жазушы 71 жасқа жетті. Мен де мамыражай күн кешудемін. Бәрі қалыпта секілді. Маған 73 жас, жазба мезгіліне қатысты айтсақ, екі жасқа Толстойдан үлкенмін. Өмір туралы, өлім туралы түсінігім, одан төмен. Лев
Толстой еркін ғұмыр кешті. Мен секілді тақ-тұқ өмір сүрген жоқ. Мен секілді ешкімге жалтақтап, жалынған жоқ, өзі бай, өз еркіндігі өзінде. Тіптен Шіркеуге қарсы шығып, православиядан кетті. Біз коммунистік ре-жим құрсауында болдық, көп жылдарым өтірікке құрылған кітаптарды оқумен өтті. «Правда» т.б. саяси басылымдар санамды улады. Еркін ойлауға қолым 1991 жылы жетті.
* * *

26 маусымда Лев Толстой «Спасение одно: разрушение ложного учения» (с.182). Керемет айтылған сөз. Қандай болмасын ел басына түскен қиыншылықтан шығудың бірден-бір жолы – қоғамдық өмірдегі қа-лыптасқан өтірік ілімді қирату. Жазушы православиялық ілімді өтірікке санаған. Одан да өзге қоғам ішінде таралған өтірік ілімдер жеткілікті. Соның бірі – Карл Маркс ілімі, ол материализмге негізделген. Маркс ілі-мінде дінге орын жоқ. Ізгілікке де орын жоқ. Зорлыққа өріс кеңінен ашылған. Әділдікті күштеп зорлықпен орнату деген не болмақ?
Лев Толстой осы сөздерді қағаз бетіне түсірген 1899 жылы – Карл Маркс ілімі Ресейде әлі шешуші идеялық қозғалысқа негіз бола қоймаған кезі. Большевизм әлі саяси күшіне айналмаған. Алайда Ресейде жын соққандай жағдай. Не көп, әртекті ұйымдар, түрлі-түрлі саяси топтар бас көтере бастаған. Алдағы уақытта 1905-07 жылдардағы революциялық іс-қимылдар Ресейді сілкіндірмек. Жазушы осындай хал-жағдайларды сезінуде. Сондықтан ол жалған ілімдерді қирату – аман қалудың амалы деген. Ресейдегі тыныштық кете бастаған. Бүлікшілердің дені өтірік ілім-дерді желеу етуде. Өтіріктің өресі қысқа, ол елді жақсылыққа бастамайды, қаламгер алда алапат барын сезеді.
Лев Толстойдың «өтірік ілімді күйрету – аман қалу амалы» деген тұжырымы – бар замандарға ортақ қағида. Ресейде, оған қоса қазақ елінде Карл Маркстің өтірік ілімі тарады, оған саяси қуат беріп, Ленин бастаған большевиктер пролетариат диктатурасын орнатып алып, империяға социалистік мемлекеттің іргетасын қалады. Бұл өтірікке құрылған өкімет болатын. Зиялылар Ресейде де, қазақ елінде де кеңес өкіметіне наразы болды. Оларды пролетариат диктатурасы (мемлекет) қырып-жойды. «Халық жаулары» деген идеологиялық жүйе құрып, большевиктерге қарсы шыққандар түп-тамырымен жойылды. Зұлымдық әділеттілік үшін күрес деген жалған желеумен жүргізілді. Маркстік-лениндік жалған ілім жоғарғы оқу орындарында тегіс оқытыла бастады. Коммунистер бұл істе тез арада нәтижеге жетті. Жалындаған ұраншыл комсомолдар, коммунистер легі социалистік мемлекетті басқаруға кірісті. Зорлық-зомбылық, өтірік бәрі коммунистер идеологиясының басты бағыттары болып анықталды. Халық азамат соғысынан, аштықтан, екінші дүниежүзілік соғыстан қырылды. Оған қарсы шығатын большевиктер болған жоқ, олардың ұраны тек «Алға» болды. Бірақ олардың бірде-біреуі «алғаның» қай жақ екенінен хабардар болмаған. Біз «Алға комсомол» деп ұрандатып едік, бүгінде ойлансақ, «алға» деп артқа қарай, әлем елдерінің соңына қарай жүріппіз. Сол кері кеткеннен әлі шыға алмаудамыз. Неге дейсіз ғой, Лев Толстой айтқан қоғамдағы өтірік ілімді жеңе алмағандықтан осындай хал кешудеміз.
Тәуелсіз Қазақстан Республиксы, егеменді елміз, бірақ кешегі социализмнен «мұра» болып қалған өтірік ілім марксизм-ленинизмді жоя алмай, өліарада тұрмыз. Егеменді елдің санасы тәуелсіз болуы түсінікті. Біз болсақ, әлі марксизм батпағында малтығып жүрміз… Әбу Насыр әл-Фараби негізін қалаған фәлсафамыз бола тұра, әлі сіңірі шыққан маркстік философия құрсауынан шыға алмаудамыз.
Өтірік ілімді қирату – қазіргі қазақ елінің басты міндеттерінің бірі. Рухы еркіндікке шықпаған халық, қалайша тәуелсіз ел болмақ?!

* * *
28 қыркүйек. «Читал интересную книгу о том, что Христа никогда не было, а это миф» (с.182).
Лев Толстой оқыған қандай кітап десек, ол сілтемеде көрсетілген И.Г. Верус «Сравнительный обзор четырех Евангелий», Лейпциг, 1897.
Мүмкін болса, бұл кітаппен танысқан дұрыс. Христос туралы әңгіме көп. Ертедегі тұлғалардың аңызға айналуы да түсінікті. Мен жуырда А.В. Полосин деген ғалымның «Преодоление язычества», Москва, 2001 жылы жарық көрген еңбегімен таныстым.
Ол кісі кітабында Лев Толстойдың мынандай жазбасын келтірген. «Под учение Христа было подставлено чуждое ему учение Павла… Все больше меня занимает мысль выделения христианства из церковного, главное, Павловского христианства… Как хорошо было бы вырвать Евангелие из Ветхого Завета и Павла. Это было бы великое дело… извлечь мудрость Христа из обоготворения… Человечество не должно больше терпеть этого невыгодного положения Евангелия, и дело нашего века состоит в том, чтобы свести все эти писания на один общий уровень происхож-дения» (с.114).
Діни кітаптарды бір деңгейге келтіру – аса маңызды іс. Мүмкін адамзат мұндай ортақ ойға да келер, әзірше діндер арасындағы түсінбеушілікке саясат кірісіп, жағдай аса күрделеніп барады.
1909 жылы Лев Толстой жазыпты: «Прошу считать меня добрым магометанином», и признавал Мухаммада Пророком, а Коран – пророческой книгой. «Сілтемеде мынандай жазба бар: «Приведем еще одно высказывание писателя, сделанное им 13 марта 1909 года, за полтора года до смерти: «Что лучше: православие или магометанство? Для меня ясно, что магометанство лучше. Магометанство мне очень помогло» (Маковицкий Д.П., с.356).
А.В. Полосин кітабында тағы мынандай жазба дерек келтірген: «В определении синода от 20-22 февраля 1901 года, в частности, говорилось: «Известный всему миру писатель… посвятил свою литературную деятельность и данный ему от Бога талант… на истребление в умах и сердцах людей… веры православной … В своих сочинениях и письмах … он проповедует с ревностью фанатика ниспровержение всех догматов православной церкви и самой сущности веры христианской…» (А.В. Полосин. «Преодоление язычества». Москва, 2001 (с.114-115)).
Лев Толстой мен православие Шіркеуі арасындағы «әңгіменің» қысқаша желісі осы.
* * *
2 қазан. «Совесть есть память общества, усвояемая отдельным лицом» (с.183). Орыс тілінде ұят пен ар – бір түсінік. Халқымыз ұят пен арды бөліп айтады. Лев Толстой ұят қоғамның ақыл-есі депті. Жаңалық. Қазақта ұятты қоғамға қатысты айтқанда намыс деген ұғым шықпақ. Жазушының ұятты қоғамға қатысты анықтағаны мені ойландырды. Бұл – мағыналы түсінік.

* * *

13 қараша. Лев Толстой «1001 түнді» оқыған, оған талдау жасаған (с.184). Оның айтқандарымен келісуге де болады, келіспейтін де тұстары бар. Мәселе өзегі онда емес, мәселе сол «1001 түн» секілді тегіс Еуропада шығарма жоқ. Бұл – мұсылман әлемінің әйгілі көркем дүниесі. Рас, жазушы айтқандай, «1001 түнде» нендей оқиға жоқ. Алайда олар өмірде бар жағдайлар, ал оларды қабылдау – өзге мәселе.

* * *
Қазіргі заманға қажетті ой-сана. 13 қараша. «Бедные поэтому менее бывают несчастны: они вперед знают, что им предстоит труд, борьба, препятствия, и потому ценят все, что дает им радость. Богатые же, ожидая только радостей, во всех препятствиях видят бедствия и не замечают и не ценят тех благ, которыми используются» (с.185).
Кедей мен Байдың психологиясы. Олардың қуанышты қабылдауы, оны құндылық деп тануы екі түрлі. Шындық осылай болса, өмір сүру туралы қуат кімде мықты, әрине кедейде. Байларға өмірлік тәжірибе мығымдық бере ме?! Ыбырай Алтынсариннің «Бай баласы мен кедей баласы» деген шағын әңгімесі бар. Автор өмірдің әр құбылысында кедей баласын бай баласына қарағанда жоғары қояды. Кедейдің баласының қолынан бәрі келеді, ал байдың баласы өз бетімен күн көруге мүлдем икемсіз. Демек, бүгінгі күнгі білім, тәрбие жүйесінде осы жағдай міндетті түрде ескерілуі қажет.

* * *
«… кроме омашинения человека…» (с. 186). Адам – машина, ойлану керек. Сол заманда Еуропада «Адам – машина» деген түсінік қалыптасқан. Әрине, адам түсінудегі бұл тұрпайы көзқарас. Лев Толстой мұны қабылдамаған, ол – адамның тым күрделілігі туралы әлденеше рет қайталаумен болған ойшыл.

* * *
18 желтоқсан. «Обыкновенно говорят: это очень глубокомысленно и потому не вполне понятно. Это неправда. Напротив. Все то, что глубоко, то ясно до прозрачности. Как вода, которая бывает мутна на поверхности, а чем глубже, тем прозрачнее…» (с. 187).
Нағыз құптарлық ой түйіні. Түсініксіз болатыны ол терең ой деген шатпақ сөзді философия тарихына енгізгендер: Платон, Кант, Гегель. Себебі олар – өтірікшілер, таза суды лайлаушылар. Шындық көрінбеу үшін лайланған су қажет. Ойлау жүйесін лайлау, әсіресе Платоннан басталды. Кейінірек Кант пен Гегель жарыса жамырасып философияны әбден батпаққа салды. Мұсылман теологиясынан Алла тағала – абсолют, ұлы деген ең басты қағиданы, өзінше бұрмалап Абсолюттік Рух, Абсолютті Идея деп көлгірсіді. Адам баласы түсінбейтін ұғым, түсініктер жүйесін құрастырып сау ақылды ауру етті. Сау ақылға сын деген Канттың қитұрқы ойының мәнісі неде еді. Ол бәрін білуші бір Алла тағала деген мұсылмандық негізгі түсінікті a´priori деп теория жасап шыққан болды. Мұның бәрі көшірме. Із жасыру үшін не қилы тәсілдерге барып, өздерінше жаңа философиялық жүйе құрған болды. Бұл әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Ғазали, Ибн Араби тағы да басқа араб-түрік ойшылдарының еңбектерін меңгерген мамандар үшін жаңалық емес, мұсылман теологиясында, фәлсафада әлденеше түрленіп айтылған шындықтар болатын. Өтірікті жасыру үшін адам басы айналатын жалған конструкциялар жасалып, оны терең бәрі түсіне бермейтін феномендер деп көрсетуге тырысты. Ол заманында нәтиже берді.
Бүгінде сыры ашылды.
* * *

1900 жылғы күнделіктегі жазбалар
Әркім білуі керек. Әсіресе Биліктегілер және аса Бай адамдар. Аты шулы Тұлғаларға да қатысты. Лев Толстой 72 жасында жазған: 16 қаңтар. «Если бы враг хотел погубить человека, то вернее чем споить – захвалить его. Развивается болезненная чувствительность – при похвале, ведущая к праздному расслаблению, при порицании – к озлоблению и унынию. Главное, увеличивает болезненность и уязвимость» (с.190).
Адамның табиғатынан ерекше екенін айтып, мақтау керек, ал әсіре мадақтау – адамға жасалатын қастық. Мадақтау дәрі секілді, адам оған бейімделіп алады, дәрі ішпесе көңіл-хошын былай қойғанда дертті болмақ. Мадақтау асқынып, көпірме сөзге айналғанда, ол нашақорлықпен тең. Ендігі жерде ол адамды үнемі жүйелі түрде мадақтамасақ, ол үрей дертіне шалдығады. Ондай жанның бойына үрей дерті дендеп енеді. Ендігі жерде ол жұрт неге мадақтамайды деп алаң көңіл болады. Егер де ондай жан өзіне тікелей сын естісе, ол депрессияға түседі. Ол бұрынғыдай өзінің қорғаныс механизмінен мүлдем айырылып, бейшаралық халге өтеді. Ендігі жерде оның дерті күшейіп, ол әлсіздене бастамақ. Бұған тарихтан көптеген мысалдар келтіруге болады. Әдетте диктаторлар осындай халге ұшырап, дағдарысқа түседі. Адам дағдарысының бір факторы – осы мадақ. Бұл Билік басындағы адамға тікелей қатысты, оны орысша «культ личности» деп Сталинге қатысты қолданған. Культ деген – қолдан жасалған идеологиялық мағынадағы мадақ.
Мадақ еліту сезімін қоздырады. Мадақ естіп адам жаны жай табады, бірақ бұл – сағым, бұл – жалған сезім. Ол түптің түбінде адамды терең дағдарыс апанына апарып бір-ақ салмақ. Осы жағдайды Жүсіп Баласағұни «Құт білімі» кітабында жан-жақты баяндап берген. Патша Күнтолдыны тәубасына түсірген – қанағат.
Мадақтың емі – қанағатта!

* * *
23 маусымда күнделікте мынандай жазба бар: «Были тяжелые настроения, но религиозное чувство побеждало» (с.194).
Лев Толстой діни сезімін ашып айтпаған. Аңғарғаным діни сезімнің көңіліне демеу болғаны…

* * *
12 шілде. «Совесть и есть не что иное, как совпадение своего разума с высшим» (с.195). Жазушы жоғарғы ақыл барын мойындаған. Ұят – өз ақылымен жоғарғы ақылдың үйлесімдігі. Әдемі ой.
Осы күнгі жазба: «Я серьезно убежден, что миром управляют: и государствами, и имениями, и домами – совсем сумасшедшие. Не сумасшедшие воздерживаются или не могут участвовать» (с.195).
Не деуге болады? Негізінен, Лев Толстоймен келісемін, негізінен… Алайда, осы аса терең мағыналы ой төңірегінде сөз қозғап байқайықшы. Мәселе – билікте. Неге адамдар билікке құмар?! Асқан білімділіктен бе немесе парасаттылықтан ба? Мүмкін екеуі де жұтаң болғандықтан ба? Билік қажеттілік пе? Әрине, ел басқару керек, қожалықтарды басқару керек. Олай болса, неге Лев Толстой мұны ақыл-естен адасушылық деген? Өз тәжірибеме салып, ой қорытсам, адам билікке дейін емес, негізінде, билік басына келген соң сау ақылынан адаса бастайды.
Кеңес заманында Билік басына Леонид Брежнев деген кісі келді. Дені сау секілді еді, бірте-бірте бұзыла берді. Бұзылмағанда не істесін, саяси жүйе солай. Коммунистік партияның өктемдігіне ешкім қарсы тұра алмайды, қарсы болсаң, сені «жынды» деп ауруханаға салатыны анық. Коммунистер секілді ойламасаң, сенің ақыл-есің дұрыс емес. Кеңес заманында ел басқарған барша коммунист басшыларда сау ақыл бол-мады. Бұл өткен тарихтан тәжірибе. Социализм ауру қоғам, оны басқарғандар да дертті болған. Лев Толстой ойы осы жағдайға дәлме-дәл. Бірақ ол Ресейді коммунистер басқармаған замандағы басшылар туралы айтты емес пе?
Коммунистер басқарған заманды қоя тұрып, бүгінгі Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ елі туралы айтсақ қалай?
Ел басшылары туралы айтқанда өткендер туралы еркін сөйлейміз де, бүгінгілер туралы пікір айтуға ойланып қаламыз, себебі таяқтың бір ұшы өзімізге тиеді. Ел басшысына еркіндікті өзіміз беріп қойдық емес пе? Бұл барлық елдерге тән. Демек, Лев Толстой ойынан мынадай түйін жасаймын. Қандай билік болмасын, сау ақылға сыйымды емес. Дерт билік бол-мысында. Мұның емі бар ма, әрине, бар. Оны Жүсіп Баласағұн «Құт білімі» кітабында ашық, айқын жазып кеткен. Билік емі – қанағатта. Әділдік емі – қанағат. Бұл – хақ жолы.
* * *
7 қыркүйек. Афоризм: «Человек ходит, Бог водит» (с.199).
Бәрі Құдайдың қалауымен болмақ. Мұсылмандық дүниетанымда бәрі – Алла тағала әмірі.

* * *
7 қыркүйек. «Живой труп» деген идиомада «Умирая Федя говорит: а может быть, я ошибся. Ну да, что сделано, то сделано. Несите» (с.199).
Не деуге болады? Мұндайды әдебиеттану ғылымында сарказм дейді. Бұлай дей алатын адамдар сирек. Өліп бара жатып, қалжыңы қалмайтындар ерекше жандар. Есіме Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» ро-манындағы бір суреттеме түсті. Романда ұрда-жық қылықтарымен көріне берген Майбасар әл үстіндегі Ұлжанның көңілін сұрай келіп, өз мінезін танытыпты.
«Қалайсың, бізді тастап еріңнің артынан сапар шеккелі жатырсың-ау! Көпті көрдің ғой, айта кетсеңші, өлген деген қандай болады екен?», – депті.
Сонда Ұлжан сәл езу тартып, ақырын ғана әзіл айтыпты.
– Пәруәйсіз, қайным-ау! Көрсем, қартайғанша ой түспеген сені көрдім. Бұрын мен өліп көріппін бе? Өзің өлгенде көресің, несіне ынтықтың! – депті де, тіл-аузын қойыпты». (Ғұлама-наме. – Астана, 2019.– 542 б. )

* * *
Лев Толстой 22 қыркүйекте 1900 жылы Ясная Полянада былай деп күнделік бетіне жазған: «… что у христианских народов нет никакой религии» (с.199).
Бұл ой жазушының ашық басылымында қандай шығармасында айтылған екен деп 467 беттегі сілтемені оқысам, «Свободное слово» деген Лондондағы басылымға Лев Толстойдың екі мақаласы жарияланыпты, олар: «Где выход?» және «Неужели это так надо?»
Христиан халықтарында ешқандай дін жоқ деу –ауыр сөз. Бірақ жазушы солай деп жазған. Ол оның бір күнгі көңіл-күйіне қатысты айтылған сөз емес. Күнделіктің өне бойында осы тәріздес ойлар баяндалып келді, оның бәрімен таныс болып, енді оқырмандарды таныстырудамын. Лев Толстойдың тарихта, мәдениетте, өнерде, қоғамдық өмірде кім болғаны туралы ашық, анық сөздер әлі айтылған жоқ. Лев
Толстой өміріне арналған кинофильмдердің болмауы да тегін емес.
Христиан халықтарында дін жоқ дегенде, мен Лев Толстойдың нағыз дінді және бар діндерді салыстырудан шыққан пікірі демекпін. Ол адамзаттың нағыз шын дінін іздеген. Ол дінге қарсы емес, оны жоғарыда айтқан едім. Православие дінін ол шын дінге қоспаған, әрине, мұсылман дәстүріндегі азаматтарға жазушының бұл пікірі – таптырмас дәлел. Алайда байқап-байқап айтсақ, миллиондаған адамдардың сана-сенімдеріне бірден пышақпен кескендей айту, мүмкін өрескелдік болар, бәріміз Лев Толстой емеспіз, оның айтуға болатын сөзін мен қайталай алам ба?! Ойланған жөн. Шәкәрім қажы да нағыз дін – шын дін деп, қазіргі діндерге көңілі толмағанын ашық жазып еді. Бұл тұста Шәкәрімнің «Пайғамбар Мұса жолықса» деп аталатын өлеңімен танысуды ұсынамын.
* * *
5 қараша. «Перед богом я меньше виноват, чем перед людьми. Он сделал меня, допустил меня быть таким» (с.200).
Адам құдайдың алдында – күнәлі, адамдар арасында кінәлі болмақ. Жазушы осы жағдайды айтқан шығар.
Лев Толстой Құдайды Жаратушы екенін мойындаған. Өзінің осылай болғаны Құдай әмірі екенін жазушы құп көрген.

* * *
9 қараша. Лев Толстой мықты сауал қойған: «Страшный, неразрешимый вопрос: как могут люди умные, образованные – католики, православные – верить в нелепости церковной веры, может быть объяснен только гипнозом?» (с.201). Өте қиын мәселе. Батыс Еуропа мәдениетіне, әдебиетіне, өнеріне әбден сеніп өстік. Өркениет Еуропада. Алға кеткен елдер де Еуропада. Одан бергіде өзіміз білетін орыс мәдениетіне, өнеріне, әдебиетіне қалтықсыз сендік. Лев Толстойды тыңдасақ, христиан деп аталатын елдердегі христиан дін емес екен. Католиктер, православтар сенбейтінге сенеді екен. Неге олай, оның себебін жазушы әлденеше рет түсіндірген. Ал діні жоқ халықтардың әдебиеті, өнері, мәдениеті қандай дәрежеде, қандай мағынада болмақ? Дінсіз нағыз әдебиет бола ма?! Өнер жағдайы қалай болмақ? Оларды қоя тұралық, дінсіз дүниетаным бола ма?! Болады. Атеизм дегенде мәдениеттің бір түрі емес пе? Пантеистік дүниетаным болады. Көп құдайшылықты мойындау да бар емес пе, айталық антикалық замандағы гректер мен римдіктер.
Ақылға салып, ойлап қарасаңыз, христиан дінінде үш Құдай: Қасиетті Рух, Әке – Құдай, Бала – Құдай. Христиандықты монотеистік деп қалай мойындауға болмақ? Қасиетті Рухты былай қойғанда, Әке – Құдай және Бала – Құдай дегенді қалай түсінуге болады? Бұл мұсылман қауымына түсініксіз. Біздің жеткен білімімізде Алла бір, ол жалғыз. Қасиетті Құранда солай анық, нақтылы жазылған. Алла тағала – ұлы, абсолют. Тағала деген ұлы деген ұғымды білдіреді. Алла – ұлы, оның теңдесі жоқ, ол – абсолют. Алланы тану үшін таза ақыл, таза ниет, жылы жүрек қажет.
Лев Толстой осы айтылған жайларды білген. Сондықтан христиан діні адасу деген пікірге келген. «В романе «Доктор Фаустус» Томас Манн с иронией отмечал, что образованный флорентиец эпохи Возрождения, собираясь воскресным утром в церковь, говорил жене: «Ну, что ж, отдадим дань и этому распространенному заблуждению!» Бұлай неге болған дегенге А.В. Полосин «Неизбежной дани традиции, не предпологающей личной веры в Бога» (с.7) – дейді.
Лев Толстой бұл мәселе «неразрешимый вопрос» деген. Расында, осы мәселе түбегейлі қалай шешілмек? Жазушы аңсары – нағыз дінде. Ол қай дін екенін ашық айтқан, бірақ өз ортасына сөзі өтпеген. Хакім Абай: «Ақылды әдет жеңгені – есер жұрттың көптігі», – дейді. Жұрт әдетке айналған дәстүрге қарсы шыққысы жоқ. Қаламгердің мұны «неразрешимый вопрос» дейтіні сондықтан…
* * *
7 қараша. «… христиан нет никакой религии» (с.203). В примечаниях эта мысль легла позднее в основу статьи «Что такое религия и в чем сущность ее?» (1902 см. Псс, т. 35). Құрметті оқырман, тауып та-нысуларыңызды сұраймын, уақыттарыңыздың кеткеніне өкінбейсіздер.

* * *
8 желтоқсан. Ойланатын мәселе, неге Лев Толстой бұлай деді екен? «Очень важная дорогая мне мысль. Обыкновенно думают, что на культуре, как цветок, вырастает нравственность. Как раз обратное. Культура развивается только тогда, когда нет религии и потому нет нравственности (Греция, Рим, Москва)» (с.206).
Оқыс ой. Ойлануды қажет етеді. Дін мен ізгілік мәдениетке жат болса, мәдениет дегеніміздің өзі не? Лев Толстой ойына сүйенсек, мәдениет – шайтандық. Мәдениет – дін мен ізгілікті жоюшы. Қазіргі бұқаралық мәдениет (массовая культура) дәл солай. Мәдениетке тоқтау салмасақ, ол адамшылық арналарынан шығып, адамның дағдарысына жағдай жасамақ. Демек, мәдениет өлшемі Дін мен Ізгілік болуы табиғи жағдай десек, алдымен Дін дегенді нақтылап алған жөн. Жазушы христиан халықтарында дін жоқ дейді. Лев Толстой дінге қарсы емес, оның іздегені Шын Дін, Шын Құдай. Бұл мәселеге алдағы уақыттарда, мүмкін болғанда, айналып келе беретін шығармын. Түйсігіме мәдениет туралы күдік түскені анық. Сірә, мәдениет тарихы және теориясы деген мәселелерді қайта қарау қажет. Лев Толстой сыны тұрғысынан!

* * *
29 желтоқсан.
Ницше туралы. «… он совершенно сумасшедший …отрицая все высшие основы человеческой жизни и мысли, он доказывает свою сверхчеловеческую гениальность. Каково же общество, если такой сумасшедший, и злой сумасшедший признается учителем?» (с.207-208).
Лев Толстоймен келісемін. Ницше секілді науқастар XIX ғасыр аяғында ХХ ғ. жеткілікті болған. Себебі өзі айтқандай христиан елдерінде Дін болмағандықтан адасудың алуан түрі, әсіресе Еуропада етек жайды. Неге Еуропада, оның дәлелдері бар. Еуропа елдері қарақшылықпен байыды. Әдебиет пен өнерде қарақшылық әр қырынан баяндалып, образдар жасала бастады. Қарақшылық мүлдем жат қылық деудің орнына, оны әспеттеу орын алды. Себебі мәселенің ар жағында қарақшылық Еуропа елдерінің басты саясаты болатын.
Өткен ғасырларда Еуропаның, Батыстың қай елдері қарақшылықпен айналыспады? Бәрі-бәрі Азияның, Африканың елдерін жаулап алып, неше қилы айуандықтарға барды, тонады, халықтарды құлдыққа салды, сөйтіп байыды, өздерінше мәдениет қалыптастырды. Ол мәдениетте Дін мен Ізгілік болмады. Байыған Еуропа елдеріне ғылым мен технологияны жаңа табыс көзі ретінде жетілдіру қажет болды. Бұл іс атқарылды, ол Еуропалық эгоизмді туғызды. Еуропа мәдениеті биік деген ілімдер жарнамаланды. Материалдық жетістіктерге Еуропа елдерінің рухани жағы сай келмеді. Адасулар басталды. Утопиялық, қияли ілімдер өмірге келді. Соның бірі Батыс Еуропаның ойлау жүйесі (философия). Адамзатқа індет болып таралған Карл Маркс ілімі өмірін бастады. Сондай қияли тұлғалардың бірі – Ницше. Еуропаның адасуы, шатасуы адамзатты екі жаһандық қырғын соғысқа бастап апарды. Өмірге фашизм, большевизм деген сорақы ілім-саналар орнықты. Бүгінде адамзат адасуда. Сол кезінде орныққан фашизм мен большевизм ілімдері қайтадан бой көрсетуде. Бұл істе Ресей алда. Заманында Еуропа сілкіп тастаған Карл Маркс ілімі негізінде бұл өңірде социализм құрылып, бір масқара болғанымыз бар еді, ендігі кезде тағы да күні әбден өткен сталинизмді қайта жандандыру ісі Ресей басшылығының жетекші идеясына айналып барады. Бұл – адамзатты келесі жаһандық соғысқа даярлау деген сөз.
Лев Толстойды мәдениет дін мен ізгілікке қарсы феномен дегеніне, әзірше, қосарым – осы. Еуропалық мәдениет адамзатқа шын дін, нағыз ізгілік әкелмеді. Керісінше мәдениеттен өркениет деген шығарылып, ол адамзатты дертті етті.
Бұл – ХХІ ғасырдың ауыр шындығы. Адамзат адасуда. Адасудан жөн, жол табатын – осы Лев Толстой секілді хакімдер.

* * *
1901 жылғы күнделіктегі жазбалар
«Есть люди, живущие только своими мыслями, – это мудрецы, пророки; есть живущие, только чужими мыслями, – это ученые глупцы» (с.209).
Лев Толстой адамның әу баста өзіндік ойлары барын айтқан. Біреулердің айтқандары негізінде қалыптасқан ой, оның өзінікі емес. Адамның өз ойы болуы –оның төл қасиеті, мінезі. Ойшылдық бала кезден білінеді, келе-келе өз ойы болып толысады.

* * *
Кітаптың соңындағы сілтемеде мынандай ақпарат келтірілген: 25 февраля в газетах было опубликовано «Определение Святейшего Синода» об отлучении Толстого от церкви. Это «Определение» – составленное К.П. Победоносцевым имело целью дискритировать Толстого в среде простого народа, однако случилось обратное (с.470-471).
Лев Толстой мен православ дінінің арасы мүлдем ашылды. Жазушы шіркеуден шеттетілді. Ол шіркеу ісін теріске шығарып келгені анық. Шіркеу дегеніне жетті. Ондай іске қайғырған қаламгер жоқ. Мақсат Лев Толстойды қоғамнан оқшаулау еді, олай болмады. Керісінше Ясная Полянаға жазушыны жақтайтын хаттар түсе бастады. Оның беделіне еш нұқсан келмеді.

* * *
19 наурызда күнделікте «…было странное отлучение от церкви и вызванные им выражения сочувствия» (с.212).
Әлемге әйгілі қаламгерді шіркеуден шеттеткенде, Дін басшылары не ұтты? Қоғамда жаңа толқу басталды.
* * *
7 мамыр. «Ужасен тип людей, хотящих быть всегда правыми. Они готовы осудить невинных, святых, самого бога, только бы быть правыми» (с.214).
Иә, мұндай адамдарды білемін. Олар – өте қауіптілер. Қазақ халқы Ресей әкімшілігінің бодандығында болғанда, осындай шенеуніктер болды. Олардан қазақ халқы ауыр зардап шекті. Кеңес империясы (коммунистік режим) кезінде мұндайлар көбейді. Олар вирус секілді тарады. Бұл – жұқпалы дерт. Комсомол, партия жетекшілерінің дені Лев Толстой атап көрсеткен жандар болатын. 
Өкінішті, сондайлар Тәуелсіз қазақ елінде де жеткілікті. Бұл – тұқымы құрымайтын, елге кесапат шашатын қаны қарайған қуыс кеуделер. Халқымыз олар туралы «құдайдан қорықпағаннан қорық» деп ескерткен. Құдайдан қорықпайтындарда ар, ұят, намыс дегендер өте тапшы. Олар – нағыз қанішерлер. Құдайдан тілейтінім осындайлардың күні тумаса екен. Мұндай дерт көрші Ресейде белең алуда, біздің жұртқа жұқпаса екен.

* * *
18 тамыз. «За все это время работаю над «Религией» – деген (с.218). Кітап соңындағы ескертпеде мынандай ақпарат бар екен. «Что такое религия и в чем ее сущность?» деген мақаланы жазушы 1902 жылдың ақпанында аяқтаған. Тауып алып, талқылау қажет.

* * *
Аса мұқият ойланатын жай. Лев Толстой 29 қарашада күнделігіне мынандай жазба қалдырған: «Когда я буду умирать, я желал бы, чтобы меня спросили: продолжаю ли я понимать жизнь так же, как я понимал ее, что она есть приближение к богу, увеличение любви… Если же буду в силах говорить, то если да, то закрою глаза, если нет то подниму их кверху» (с.220)
Есіме дүниеден өтер алдында Омар Хаямның дәл осылай айтқаны түсті (нақтылауға болады Е.Ғ.).
Мұсылмандық дәстүрге салсақ, Лев Толстой дүниеден өтерінде иманын айтқан. Өлім деген құдайға жақындау, оның махаббатын мойындау. Мұсылман Аллаға, оның пайғамбарына сыйынады, оны иман дейміз. Лев Толстой болса, өлер алдында өзінің Құдай жолында болғанынан таймайтынын өсиет еткен. Шамасы жетпесе, қасындағы адамның айтуын талап еткен. Жазушы, мұсылмандық лексикаға салсақ, Құдайдың құлы болып дүниеден өткен.

* * *
1902 жылғы күнделіктегі жазбалар

8 тамыз. «Пишу Хаджи-Мурата, и все совестно» (с.226). Күнделік жазбаларында жазушы «Хаджи-Мурат» туралы жиі еске алады. Бұл шығарма қаламгердің көзі тірісінде жарыққа шықпады. Ресейдің Кавказдағы басқыншылығы кімге ұнасын? Жазушының ұят деуі түсінікті.

* * *
27 наурыз. «Три модные философии на моей памяти: Гегель, Дарвин и Ницше. Первый оправдывал все существующее; второй приравнивал человека к животному… третий доказывает, что то, что противится в природе человека злу – есть ложное воспитание, ошибка. Незнаю, куда идти дальше» (с.224).
Тамаша. Лев Толстой парасатты ойшыл. Парасатты дейтінім, ол ізгілік жағында. Гегель үшін дүниеде не бар бәрі шындық, оны мойындау керек. Ол қалай болмақ? Айталық, фашизм, большевизм дегендер болды, солар ақылға сыйымды нәрселер ме? Әрине, жоқ. Гегельдің сандырағы, негізінен, Пруссия өңірінен аспаған. Пруссия мемлекеті ақылға сыйымды, ол –шындық. Оның пікірінше, фашизм де, большевизм де ақылға сыйымды. Лев Толстой мұндай көзқарасты қабылдамаған. Дарвин ілімі туралы сөз жоқ, ол –далбаса. Ницше болса, адамзаттың түпкілікті құндылықтарын жоққа шығарған ауру адам.
Лев Толстойдың айнасы бар, бар кемшіліктер көрініп қалған.

* * *
1903 жылғы күнделіктегі жазбалар

6 қаңтар. «Я теперь испытываю муки ада. Вспоминаю всю мерзость своей прежней жизни, и воспоминания эти не оставляют меня и отравляют жизнь» (с.231).
Ұяты оянған адамның сөзі. Кімнің болсын өткен өмірі бүгінгі күнде үлгі бола алмақ емес. Жазушы өткен ғұмырын еске алып, соншама қиналған. Ол нағыз тамұқтың азабы дейді. Өткенді еске алса, тамұқ отына түскендей қиналады. Өткен ғұмырын еске алу – азап, қалған ғұмырын улау. Лев Толстой неге соншама өткен ғұмыры үшін қиналған. Өзінің айтуынша, жастық шақта жасамағаны жоқ, әскер қатарында болып, соғысқа қатысқан, кісі өлтірген оларды қайда қоймақ? Жас кезінде нәпсісіне ерік бергенін мойындау қандай қиын? Адамдарды алдаған, өтірік айтқан кездері де болған. Құдайсыз ғұмыр кешкенін қайтпек?
Өткенді еске түсіру – ар алдындағы жауап.

* * *
Лев Толстой 14 сәуір күні күнделікке былай деп жазған: «Обыкновенно меряют прогресс человечества по его техническим, научным успехам, полагая, что цивилизация ведет к благу. Это неверно» (с.234).
Өркениет – мәдениеттің әлем елдеріне көрінетін бетпердесі. Өркениет дегеніміз – ұлттық мәдениеттерді стандарттау, бір қалыпқа түсіру. Осындай істе өтірік қосылады. Мәдениет жұлмаланады. Еліктеу басталады. Прогресс деген – өте бір қайшылықты құбылыс. Қазақша айтсақ, прогресс деген – алға кету, өзге халықтармен теңдесу. Прогресті Лев Толстой айтқандай, тек техникалық, ғылыми жетістіктермен анықтау қалыптасқан. Бұл – бір жақты пікір, өркениет ізгілікке бастайды деу – ұшқары тұжырым. Өркениет – өзімен өркениет дерттерін алып келетін феномен.
Лев Толстойдың өркениет туралы ойлары құнды.

* * *

1 мамыр. Дерек және қабылдау. Айтулы мәселе. Лев Толстой былай деген: «Приемы естественных наук, основывающих свои выводы на фактах, – самые ненаучные приемы. Фактов нет. Есть наше восприятие их» (с.235). Рас. Бұл – фәлсафалық мәселе. Не бар, не жоқты қабылдаушы ғана айтпақ.

* * *
Билік пен халық туралы Лев Толстой тамаша айтқан. «Всякая власть чует, что она существует только благодаря невежеству народа, и поэтому инстинктивно и верно боится просвещения и ненавидит его» (с.236).
Елімізде Ұлттық Ғылым Академиясы жабылды. Ғалымдар босып кетті. Неге? Ғалымдардың шоғырлануы Билік үшін қауіп. Онда не түрлі сөздер сөйлей бастауы мүмкін. Ғалымдар одағын тарату керек. Мақсат орындалды. Билікке «билік айту» болмауы керек. Лев Толстой өз заманындағы осы жағдайға ұқсас істерді айтқан.
Лев Толстой әрі қарай былай деп әңгімесін жалғастырған. «Николай считал всех людей такими же, как те, которые окружали его. А те, которые окружали его, были подлецы: и потому он всех людей считал подлецами» (с.236).
Иә, жағдай осылай. Лев Толстой ғұмыр кешкен заманда осылай болған. ХХІ ғасырда да жағдай осы мәндес. Авторитарлық билік кезінде мәселе тек осылай өрбіген. Ол демократиялық-либералдық жағдайда мүлдем басқа салаға өтеді. Билік басында ұзақ отырғандар билікті тоздырады, халықты аздырады. Биліктің алмасып отыруы – табиғи жағдай. Су үнемі ағып жатқанда су, олай болмағанда ол иістене бастамақ.
Билікте ұзақ отырған адамнан иіс шықпай қоймайды. Бұл – заңдылық.

* * *
Жетпіс үш жастағы маған қатысы сөз. «Умирать пора, а я задумываю» (с.237). Кей-кейде ойланып қалам. Бәрі бар. Көп нәрсені айтып, жаздым, бірақ бәрін түгесу мүмкін емес, тыныш қана жүрсем болмай ма? Жоқ болмайды. Шұқыланып әлденені іздеп жүруім керек секілді. Әлдене деген не? Осы жолы ол Лев Толстойдың 1985-1905 жылдардағы жазған күнделік жазбалары, сондағы кемеңгердің ойлары. Ол ойлар маған қажет болып шықты. Қазақ айтушы еді, күндік ғұмырың болса, кештік мал жина деп. Өлім айтып келмейді, ол – Алла әмірі, сондықтан тірі адам тіршілігін жасайды деп, жазушының күнделігіндегі ойларды өз керегіме жаратып, одан ұғымтал жастарға мұра етсем деген оймен жұмыс атқарудамын. Ең бастысы, мен демалыстың не екенін білмейтін адаммын, маған демалыс – өзіме ұнайтын, рухани сұранысыма сай істер атқару.
Лев мырза дәл айтқан: өлетін уақыт та жетті, мен әлі өмір туралы ойлар құшағындамын деп.

* * *
18 маусым. Адасу үлкен мәселе. Адастырушылар туралы әңгіме тіптен қиын. Әлемді түзетпек болғандар – нағыз адасушылар, олардың кімдер екенін, Лев Толстой ашып берген. «Крик теперешних заблудших людей: материалистов, позитивистов, ницшеанцев…» (с.237).
Лев Толстой қазірге адасқандар деп материалистерді, позитивистерді және Ницшенің ізін қуғандар деп, атап-атап берген. Қандай көрегендік және таза ойшылдық?
Материализм деген – дінсіздердің ілімі. Материализм деген – Жаңа заманда қалыптасқан түсінік. Мұндай түсінік Беркли шығармаларында кездеседі. Кеңес заманында материализм және идеализм дегендер бір-біріне қарама-қарсы түсініктер болды. Тіптен, Ленин материализм мен идеализм философия тарихындағы партиялық деп соқты. Мәселе материализм мен идеализмнің қарама-қарсылығында емес, материя және идея дегендер – фәлсафалық (философиялық Батыс Еуропа дәстүрінде) ұғымдар. Әл-Кинди материя дегеннің еш анықтамасы жоқ деген болатын. Анықтама берсек, ол материя емес, оның формасы туралы айтасың. Материяны фәлсафа тарихында барлық деген. Дүниеде бар нәрсе, ол – материя.
Позитивистер болса, олар да бір сыңаржақ, бір езуші жандар. Олардың жетекшісі Огюст Конт дегеннің жалпы психикалық жағдайы нашар, дертті жан болған. Позитивизмнің түрлері көп. Олар бірін-бірі сүзіп, бірін-бірі түзетіп, сала-салаға бөлініп кеткен.
Ал Ницшені жақтаушылар туралы сөз жоқ, бұл – нағыз адасушылар.

* * *
1904 жылғы күнделіктегі жазбалар
16 қаңтар.
Ойланатын мәселе. Лев Толстой былай деген: «Как прав Амиель, что для всякого чувства и мысли есть свой зенит, на котором надо стараться удержать, запечатлеть чувство и мысль. Пропустишь – и не восстановишь. (осы тұста сілтеме) «Толстой имеет ввиду мысль, записанную в дневнике швейцарского писателя Анри Фредерика Амиеля под. 30. ХІІ. 1850 года: «Всякий бутон расцветает только раз, и у всякого цветка есть только один момент совершенной красоты: так же в саду души у каждого чувства есть как бы момент расцвета, то есть единственный момент распустившейся прелести и царственного блеска» (из дневника Амиеля изд. «Посредник» СПБ 1894 с.6) (с.480). Одан әрі Лев Толстой былай деп қосады. «Так я думал о разбойничьей шайке правительства так сильно и ясно дня два тому назад, а теперь все холодно и не сильно» (с.247).
Еш нәрсе ешқашан қайталанбайды. Құндылық деген осы емес пе? Мықтап ойланатын мәселе.

* * *
«Чем глупее, безнравственнее то, что делают люди, чем торжественнее… Чем нелепее, тем торжественнее» (с.250).
Лев Толстойдың осы пікірі біздің заманда ушығып тұр. Сау ақылға сыймайтын ақымақтық, надандық істерді сән-салтанатқа айналдыру – заман дерті. Мұндай іспен ең алдымен айналысатындар билік төңірегі, жаңа байығандар. Олардың қылықтары ешбір адамшылық қағидаларына сыймаса да, сән-салтанатты шаралар ұйымдастыруға аса ынталы. Қазіргі қазақ қоғамы жағдайында қайдағы сән-салтанат. Ел жағдайы өте ауыр.

* * *

Жоғарыда айтылған ойлардың жалғасы. Билікке надандар құмар деген ойды Лев Толстой «күнделігінде» әлденеше рет қайталаған. Рас. Билікке жақсы адамдар жармаспайды. Оны билікте болған, қазіргі зейнеткерлер замандастарыма, олардың түсініктеріне қарап ішімнен «дұрыс» деймін. Биліктің табиғаты солай, ол адамдарды балшықша илеп-илеп, өзіне мүлдем қаратып қояды. Мұндай жағдайдан адамшылығын сақтап шыққандар кемде-кем. Билік адамдарды шегелеп тастайды. Есіме ақын Жұмекен Нәжімеденовтің мына өлең жолдары оралғаны:
Мықты болсаң, шегесің,
Көк желкеңнен бір ұрып,
Бетсіздіктің балғасы,
Жібереді сіңіріп.
Ия, бетсіздің балғасы бір ұрғанда тұрған жеріңде шеге болып қағылып қалмақсың. Ақынның «бетсіздік балғасы» дегенін Биліктің балғасы деп түсіне бер. Биліктің бетсіз екенін өмірлік тәжірибемнен айтпақпын. Большевик Ленин билігі – қанды қырғын, Сталин – билігі одан асқан қырғынды ұйымдастырған жауыз билік иесі. Бері келе наданның наданы Никита Хрущев – қазақтың жерін бөлшектеп, алдындағы түйесі мен жыл-қысын құртқан жауыз. Леонид Брежнев әйтеуір олай да емес, бұлай да емес болып, кеудесіне таңылмаған ордендері қалмады, сол жалған мадақпен өлді. Бергілер туралы ауыз ауыртып қажеті жоқ. Үкімет шамы Михаил Горбачев кезінде жанды, оның өзінде ол «Перестройка» дегенге амалсыз барды, осы кезде қазақ бір тыныстап қалды.
1991 жылы желтоқсанда барлық Одақтас Республикалар өз тәуелсіздігін жариялаған соң, біз жалғыз қалдық та, еріксіз тәуелсіздік жарияладық. Құдай қолдады. Ғасырлар бойғы қайғы-қасірет, көз жасымыз ескерілді. Бірақ Тәуелсіздікті дұрыс алып жүре алмадық, ауыр-ауыр кемшіліктерге тап болдық, оның объективтік жағдайы, субъективтік факторлары болды. Ең басты қателік, билік ауысып отыруы керек еді. Еуропа елдері секілді. Бір адамның Билік басында ұзақ отыруы тарихтан белгілі, ешқандай жақсылыққа бастамайтыны анық. Басқарудағы т.б. қателік, кемшіліктер осыдан өрбіп сала берді.
Мемлекеттік саясат даңғазалыққа салынып, ел қамы сырт қалды.

* * *
Терең ой. Бұл ойға мен өзге қырынан келуші едім. Лев Толстой мәселені ашық қойған. Шынында «Мен» деген – мол білім. Оны айтып тауыса алмайсың. Жазушылық қасиетің болса, өткен ғұмырдың сәл сәттері жанданып, жаңарып мол әңгіме өрісіне айналмақ. Осы ойды Альбер Камю «Бөгде» шығармасындағы басты кейіпкер Мерсонның аузына салған. Ол түрмеде жатып, өткен өмірін елестеткенде, өзі таңқалатын жағдайларға тап болған. Өткен өмір өріліп шыға берген, тіптен ол таусылмайтын секілді көрінген Мерсонға.
29 сәуір. Лев Толстой былай деген: «Я знаю себя тем, что я – я. Это высшие или скорее глубочайшее знание» (с.253).
Өзің туралы білімің – әрине, саған биік білім. Сонымен бірге ол – өте терең білім. Мен бүгінде Лев Толстойдың күнделіктерін 1895 жылдан бастап (арасында үзік бар) 1910 жылға дейінгі жазбаларын мұқият оқығанда, түсінгенім – жазушының «Мені» қандай бай әлем. Ойлары қандай жазық. Мағыналары терең ойлары адамды таң қалдырады. Неге олай, ол Лев Толстой ұят деген мәселені шырақ етіп ұстаған. Сондықтан да ойларын ашық баяндаған.
* * *
2 маусым. «Человек, взрослый человек, без религиозного мировоззрение, без веры, есть духовный, нравственный калека… И такова вся наша вся европейская (и американская) интеллигенция» (с.255).
Діни сенімі, дүниетанымы болмаған адам рухани мүгедек жан деген тұжырым жасау Лев Толстойға жарасымды. Ол дінге, сенімге қарсы емес, шіркеуге қарсы. Ол дін туралы шындыққа қарсы емес, дін туралы көпірме өтіріктерге қарсы. Ол дінге емес, діннен идеология жасағандарға қарсы. Дінсіз адамды рухани мүгедек деген, яғни дін – оның түсінігінде рухани барлық. Рухты дінсіз түсіну мүмкіндігі жоқтығы туралы, ол «күнделіктегі» жазбаларында талай рет айтқан.
Дін, рух, сенім тегі бөлінбейтін бір шындыққа қатысты. Мәселе, осыларды әр дін әр саққа бастап кеткен, олар – адамзатқа ортақ әмбебап ұғымдар, онда олар қай әлемдік діннің үлесінде, бұл – Лев Толстой сауалы.
* * *
Сағым қуып кетумен әуестенуді бір қоймадық. Сағым – жоқ нәрсе, демек, сағым қуу – өтіріктің жолына түсу, өзімізді-өзіміз алдау. Және де өткен тарихтан білеміз, сағым қуу немен бітетінін, сонда да осы бір нашар әдеттен арыла алмай-ақ қойдық. Қазақ елі Тәуелсіздігін жариялады. Әркім өз шамасына қарай азаматтық парызын орындады. Енді солардан тағы «тірі құдайлар» жасау керек пе еді? Күні кеше емес пе еді, Карл Маркс, Ленин, Сталиндерге қойған ескерткіштерді талқандап, олардың есімдері берілген көшелерді, елді мекендерді ауыстырғанымыз? Енді не көрінді, сол кешегі қателікті қайталап? Тірі адамға соншама құрметтің не қажеті бар? Лев Толстой: «Величия для людей нет, есть только исполнение, большее или меньшее исполнение или неисполнение должного… Ищи не величия, а должного…» (с.263). Тамаша айтылған. Өз азаматтық парызыңды адал орындасаң, ұрпағың ешқашан ұмытпайды, ал атақ, беделді қолдан күштеп жасасаң, ол ертең Карл Маркстің күйін кешеді. Өтірік беделге ие болғандар ішінде Карл Маркстен асқан кім бар?
Лев Толстой бұл мәселенің басын ашқан. «Люди придумывают себе признаки величия: цари, полководцы, поэты. Но это все ложь. Всякий видит насквозь, что ничего нет и царь – голый» (с.263). Басқаша қалай айтуға болады? Диктаторлар көзі тірісінде ойына келгендерін жасатады, уақыт өте халық өз қалауын жасайды. Лениннің ескерткіші күресінде жатыр, ойлану керек.

* * *
15 қыркүйек. Айтылған жайлардың жалғасы деуге болады. Лев Толстой: «Люди не виноваты, если они не видят истинного смысла жизни, если они еще слепы – не как совы, но как щенята» (с.266).
Көп адамның бетінде перде. Ол пердені әдемілеп тоқыған адамдардың өздері. Айла, амал, өтірік дегендерден перде тоқылады. Қай кезде адамның көзі ашылмақ, қиын мәселе. Кейде ғұмыр бойы көздері ашылмай кететіндер болады, сірә олар аз емес. Көздері ашық, көкірегі ояу жандар азшылық, олардың басынан үйірілген қамшы кетпейді. Қит етсе, жазықты жақсы жандар. Олар – биліктің өтірігін шығарушылар, демек, «халық жаулары». Осындай айыппен қазақ халқы 60 мыңдай азаматынан айырылды, енді-енді көзіміз ашылып, оларға қызмет жасауда едік, Билік қайтадан өтіріктен перде жасап үлгеріпті, тағы жақсы жандарға жаңа шабуыл басталды.

* * *
22 қыркүйек. Лев Толстой: «Умственно дремлю» (с.266) – депті. Ойланайық!
* * *
22 қазан. «Всякое приобретенное знание не принадлежит тому, кто усвоил его, а всем тем, кому оно может быть нужно» (с.268).
Білімді адам білу үшін емес, өзгелерге білдіру үшін алмақ. Білім алу – әу-баста ізгілікті іс. Білгеніңді білдірмесең, сенің білгеніңнен не қалар. Білім – ел игілігі. Сондықтан білімді жандарға құрмет. Мұсылмандық дәстүрде бұл мәселе айқын айтылған. Білгеніңді халыққа жаймасаң, күнәлі болмақсың. Білім іздеген адам өз басының қамы емес, елге қызмет. Бұл – білімнің өзінің ішкі мазмұн, мағынасы.
Жалғасы бар* * *

24 тамыз. «Думал о том, что в жизни истинно есть» (с. 344) – терең ой. Кәрілік басса да Лев Толстойдың санасы сергек. Өмір туралы ойы мағыналы. Отбасының қиыншылықтарына әбден шаршаған адам, осындай жаста бәріне қолын бір сілтеп, жата беруге де болар еді. Жоқ. Ойлары оған тыныштық бермейді. Рухы сергек. Өмір түнек деп отырғаны жоқ. Кәрілік дегенің адамды мұң құшағына тарта беретіні анық. Өмірдің жарық шамдары бірте-бірте сөне бастаған шақ. Неге сеніп ғұмыр кешпек. Өмірден не күтпек. Сансыз сұрақтар жанын жегелі қашан? Заманы Лев Толстойды түсіне алатын халде емес. Бейнелеп айтсақ, күн батуға жақын шақ. Оның ымырт кезеңі кәрі жанға нендей қуат бермек? Өмірдің мәні неде? Ойлап кетсең, түпсіз тұңғиыққа батасың. Күнделік беті осындай айқыш-ұйқыш ойларға толы. Басқаша қалай болмақ? Жазушының қолынан қаламы түспеген, көрген-білгенін, тұрмысын, әсіресе әйелі Софья Андреевнаның қылықтарын қағазға тізе берген. Өмір шамының майы таусылып бара жатқанын анық сезінген, өлімнің күннен-күнге жақындап қалғанын біліп, ойларын қағазға түсіре берген. Осындай кезде ғұлама ойға түсіп кетеді, сондай сәт­тің бірінде, рас «өмірде ақиқат бар» деп ойын түйіндеген. Келісемін. Өмірде ақиқат бар. Бұл ойға мені хакім Абай түсірген. Отыз сегіз сөзіне талдау жасағанымда, осы сөздің тақырыбы етіп «Ғұмырдың өзі – хақиқат» деп едім. Алай-дүлей сезімдер құшағына еніп, аспанын мұң бұлт­тары торлағанда, хакім тереңнен толғанып «ғұмырдың өзі – хақиқат» деп еді. Хақиқат дегеніміз – біз қолданып жүрген ақиқат.
Екі ойшыл бір жерден шыққан. Өмір ақиқат болмаса, өмір дегеніміз өзі болушы ма еді. Өмір – шындық, сондықтан ол – ақиқат. Мәселе, оны былай деп біреу айт­ты деп қайталау бар да, мәнісіне адамның өзінің жетуі бар. Лев Толстой өмірде ақиқат бар, хакім Абай ғұмырында өзі ақиқат деп тұжырымдар жасаған. Екеуі де – ғұлама, екеуі де – хакім. Абай хакімдер болмаса дүние ойран болады дегені тұп-тура Лев Толстойға қатысты. Және де Абай айтып еді, хакімдердің діндері әртүрлі болады деп, осы жерде хакім Абайға сәл бір ой қосқым келеді. Асылында нағыз хакімдердің діндері де бір, мәселе діни рәсімдерді орындауда ғана деп ойлаймын. Хакімдер діні – Лев Толстой айт­қандай, іздегендей нағыз Дін, нағыз Сенім.
* * *

25 тамыз. Сыншылдық – хакімдіктің мінездемесі. Хакім адам сыншыл болуы оның табиғатынан. Сыншыл болмаса, ойшылдық қайдан келмек. Абайды қазақтарды қат­ты сынаған деп, біреулер оны сынға алған. Көріп, біліп тұрып халқының кемшілігін айтпаса, Абайдың кім болғаны. Ол кемшілік айту арқылы төл халқына игілік іс жасауда. Әлемде халық көп, солардың көшінен қалма, ол үшін мына-мына мінез, қылық, пиғылдарынан арыл деп, ұстаздық қызметін атқарған. Мінді көріп тұрып айтпау, оны жасыру – ілгері қадам басушылық емес, кері жүру. Осындай жағдайға қатысты Лев Толстой мынадай ой қалдырған: «Всякий человек бывает слаб и высказывает прямо глупости, а их запишут и потом носятся с ними, как с самым важным авторитетом» (с.345).
Сыншылдық керек. Беделді адам айт­ты екен деп, дәні ақымақтан тұратын сөздерді көпшілікпен бірге қайталап кету – адасушылық. Абай өзіне дейінгілерді аяусыз сынады. Ол жұртшылыққа белгілі жағдай. Шәкәрім қажы болса, әулие, білгіш айт­ты деп жазылған талай қате көп деген. Біздің бала жастан оқыған, анығында, оқитын кітаптардың дені қателіктерге толы екенін енді айырдым. Қателік емес, өтірікті шындық деп мектепте, институт­та оқыт­ты. Біз «Ғылыми коммунизм негіздері» және «Ғылыми атеизм негіздері» деген әншейін қате емес, аса залалды пәндерді оқып, оларға уақыт жіберіп, емтихан тапсырдық-ау. Әдет­те мұндай залалды пәндерді берушілер аса қатал, мейірімсіз келеді. Түсінікті жағдай. Табиғат­та жоқ нәрседен пән жасалған. Ғылыми коммунизм деген – сандырақ. Ғылыми атеизм деген нағыз – у. Енді осыларды пәнге айналдырған «классиктер» бар емес пе, ол – ғалымдар емес, нағыз надандар. Лев Толстой біз қоғамдық, гуманитарлық деп жүрген пәндерді «жартылы ғылымдар» деген. Рас. Нағыз ғылым басқа екеніне енді көзім жет­ті. Ал Лев Толстой оған XІX ғасырдың басында нақтылап сипат­тап, XIX ғасырдың соңғы жылдары жеткен. Біз сонда нағыз ғылым туралы түсінікке жүз жыл кешігіп келіп отырмыз. Жүз жылдық адасуға бізде Ресей патша идеологиясы (орыстандыру), одан бергіде коммунистік идеологиядан (социализм) бастап, жетектеп, нұқып ұрысып, жазалап алып келді. Өкініштісі сол – ескі идеологиялар құрсауынан әлі шыға алмай далдиып жүргендер қаншама? Және де олардың өздерінше мендейлерді жазғырып «ақыл» айт­қандарын қайда қоймақсың?! Жалған беделді жамылып жүргендер әлі де жеткілікті. Бұл өкінішті, әрі қауіпті.
Жалғасы бар. Лев Толстойдың «Детская мудрость» (с.355) дегенін қарау қажет. Мәселені осылай қоюдың өзі – даналық. Бала даналығы – табиғи. Менің «Шимай философиясы» деген жұрт жылы қабылдаған еңбегім бар. Салыстырып қарау керек екен.

* * *
23 қазан. «У нас есть результаты мыслей величайших мыслителей, выдающихся в продолжение тысячелетий из миллиардов и миллиардов людей, и эти результаты мышления этих великих людей просеяны через решето и сито времени» (с.358). Осыларға да сақ болған жөн. Кейде ғасырдан ғасырға көрпесін арқалаған көргенсіздер де болады. Надандықтың енбейтін есігі жоқ, ол кей-кейде ғасырлар есігін ашып ене беруі де ықтимал.
* * *
2 қараша. « …читал «Ужасы христианской цивилизации». Не так хорошо, как я ожидал, – узко. Но как форма превосходно» (с.360).
Енді түсініктемені қарайық. Бұл Бруно Фрейданктің «Ужасы «Христианской цивилизации». Письма буддийского лама из Тибета» Берлин, 1907. Но поручению Толстого А.А. Гольденвейлер перевела книгу Бруно Фрейденка. Толстой написал письмо и издателью журнала «Вегетерианское обозрение» И.И. Перперу (ПСС.т., 81, №176) в котором рекомендовал напечатать эту книгу (с.512).
Мүмкін болса, бұл кітаппен танысқан жөн болар еді. Аты айғайлап тұр екен.
* * *

23 қараша. Максим Горький туралы: «Читал после обеда о Горьком. И странно, не доброе чувство к нему, с которым борюсь. Оправдываюсь тем, что он, как Ницше, вредный писатель: большое дарование и отсутствие каких бы то ни было религиозных, то есть понимающих значение жизни убеждений …» (с.364). «…веришь в Бога – и есть бог, не веришь в бога – и нет его – Горький. Лев Толстой мұны «Изречение скверное» деген (с.364).
Рас, Максим Горький дін жағына аяқ баспаған. Ол адамнан өзінің төл табиғатына үңілгенде, одан діни сезім таппаған. Оның пролетарлық жазушы атанғаны да содан болса керек. Лев Толстой сыны атқан оқтай, Горький кеңес қаламгерлерінің көсеміне айналып, біршама істерді айғыздады, ақыр соңында өзі сол қателіктерінің құрбаны болды. Оның Ленинмен және большевиктермен жақындауына негіз болған – оның дінге деген салқын көзқарасынан болған шаруа­.
Горький талант, бірақ қай шығармасын алсаңыз да, ол адамның топырағына тереңдеп барып, сопақ етіп шыға келеді, себебі өмір мағынасы діни сезімге қатыссыз болуы мүмкін бе! Горький адам болмысына батыңқырап үңілмеген. Үңілу қажет еді. Олай болса, ол қалай пролетариат жазушысы деген атаққа ие болмақ?
Лев Толстой діннен қашқан қаламгерлерді түсіне алмай қойған. Себебі өзі діншіл. Діни сезімнің тереңдігін ол сезген. Адамның табиғаты да дінде екенін білген, бірақ православие шіркеуінің бұл мәселеде адасуын ашық айтып, оларға жек көрінішті болған.

* * *
23 желтоқсан. «Приехал Булгаков, составивший изложение моего миросозерцания» (с.369). Түсініктеме 515-бет­те. «Толстой читал рукопись книги В.Ф. Булгакова «Христианская этика. Систематические очерки мировоззрения Л.Н. Толстого» издана в 1917 году.
Бұл кітаппен танысу қажет. Булгаков –жазушының замандасы, демек, оны жақсы білетін адам. Дін туралы Лев Толстойды қай «шыңға» шығарған екен. Білген жөн.
* * *

30 желтоқсан. Соңғы жазу осы жылғы. «Встал рано. Ходил около дома. От­тепель. Мне очень хорошо на душе» (с.370).
Лев Толстой ғұмырының соңғы жылы, ертең басталмақ. Енді он ай өмірі қалды. Күнделікке 30 желтоқсанда 1909 жылы көңіл-күйім жақсы деп жазған. Алда арпалысқа түскен күндері басталмақ. Ғұмырының май шамы таусылып барады, алдағы күндерінде жалынатыны бір Құдай, бір сенімде, оның қандай белгілі діндерге қатысы барын, әлі ешкім нақты анықтаған жоқ. Сондықтан оны Лев Толстой діні делік, ол дін – нағыз дін, нағыз сенім. Енді әрі қарай ойлай бер, саналы азамат!

* * *
1910 жылы Күнделік бетіндегі жазбалар
Лев Толстойдың бұ жалғандағы соңғы жылы. 7 қарашада ол мәңгілік, бақилық ғұмырға өтеді. Қайтыс болады. Ол Ресей қоғамында айтулы оқиға. Өзі жоқтың көзі жоқ, Лев Толстой туралы нендей әңгімелер болмады дейсің, тіптен большевик Ленин де мақала жазды. Мақаланың аты «Лев Толстой – орыс революциясының айнасы». Ленинге жазушы сая­сат үшін қажет болды. Мектепте бұл мақаланы оқу, білу қажет деген соң, бәріміз оқыдық, бірақ мектеп жасындағы мен мақаланы түсінбедім. Содан кейін Лев Толстойдың толық шығармалар жинағын, толық десем де болғандай, өзімді зорлап оқып шықтым. Көп мәселелерді түсінбедім, түсіндіретін ұстаз болған жоқ. Оқулықты қайта-қайта оқимын, бірақ әрі алып кете алмадым. Ойымда қалғаны – «Соғыс және бейбітшілік» романының кейбір оқиғалары.
Қазір ойласам, біз Лев Толстойдан алыста екенбіз. Кеңес өкіметі, оның идеологтары оны өз мақсат­тарына пайдаланған көрінді. Бірақ менен көп бұрын Лев Толстойды Шәкәрім қажы қазақтарға жақындатып қойыпты, оны біз қайдан білейік. Шәкәрім Лев Толстой туралы өлең жазған екен.

Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,
Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың.
Жанымен сүйді әділет, ардың жолын,
(астын сызған мен Ғ.Е.)
Сондықтан ол иесі терең ойдың.

Толстой кәпір емес, кәпір өзің,
Дін емес, бәрі алдау айт­қан сөзің.
Көңілің соқыр, надансың, билік қара.
Нұр, жарығын қалайша көрсін көзің.
Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа,
Сопының бара қойман құрбанына,
Ақиқат сырымды айтсам, Толстойдың,
Мың сопыны алмаймын тырнағына.

Бұл өлеңді Шәкәрім қажы шамамен 1920–1930 жылдар аралығында жазған. Шәкәрімнің ғұламалармен өмір сүрудің мәні туралы нағыз пікір жарысына түскен кезі. Ол көп оқыды, ойланды, толғанды. Оның бақытына алдында Абай секілді ұстазы болды. XIX ғасырдың бар қасіретін жинап алып, XX ғасыр басталды. Ол қанды жүзжылдық еді. Шәкәрім бірінші жаһандық соғысты басынан өткізді. Қазақ зиялылары бас көтеріп, халықты оятуға кірісті. Алаш партиясы жасақталды. Осындай нағыз таза ғұламалар қажет еді, сондай адам – Шәкәрім түсінігінде Лев Толстой.
Ол – заманның теңдесі жоқ Тұлға. Шәкәрім тұлғаны таниды. Ол осал шаруа­ емес-ті. Тұлға тану ғажап білімді әрі парасат­тылықты талап етеді. Осының екеуі де Шәкәрімнен табылды. Ол Толстойға арнап өлең жазды, хат алысты, ол жөнінде баласы Ахат­тың жазғаны бар.
Шәкәрім Лев Толстойды жүз жыл бұрын таныған екен. Атаңа нәлет большевиктердің құрған өкіметі, қоғам бізді алға емес, артқа қарай сүйреп, жетілуімізді шегеріп тастағанын енді білудеміз.
* * *
6 қаңтар. «… есть только не перестающий стыд перед народом. Неужели так и кончу жизнь в этом постыдном состояниии? Господи, помоги мне, знаю, что во мне: во мне и помоги мне»(с.372).
Ұят кімнің алдында. Жазушы халықтың алдында дейді. Сонда ұят болмайтын нендей іс тындыру қажет. 82 жастағы кәрі адамның қолынан не келмек. Осы ойға түскенде, оның жаны қиналған. Жанды қинайтын, қысымға алатын – ұят. Лев Толстой қысылғанда Құдайға мінәжа етіп, көмекті содан сұрайды. Сөйтіп барып рухани жеңілдегендей болады.

* * *
10 қаңтар. Аса маңызды жазба: «Думал о том, как необходимо проповедовать людям любовь равную ко всем, к неграм, диким, к врагам, потому что не проповедуй этого, не будет и не может быть освобожде-ния от зла, будет самое естественное: свое отечество свой народ, защита его, войска, война. А будет войска, война, то нет пределов злу» (с.372).
Қиял деуге де болады. Лев Толстойдың айтуынша зұлымдықтан құтылудың жолы – адамзатқа ортақ насихат. Бәрі халыққа, тіптен дұшпандарыңа да махаббат туралы насихат қажет. Олай болмаса, зұлымдықтан құтылу жоқ. Әр ел өз мүддесін қорғап соғыс ашады да, зұлымдықты өршітеді. Бұл – шындық. Лев Толстой айт­қан дос пен жау қалай татуласпақ, оларды татуластыратын – тек ортақ махаббат. Қазіргі заманда ол мүмкін бе? Мүмкін болмаса, адамзат зұлымдық құшағында ғұмыр кешпек.
Лев Толстойдың адамзатқа ортақ махаббат дегенін Карл Маркс быт-шытын шығарған. Ол адамдарды тап-тапқа бөліп, жауластырды, қырғын ашты, оны пролетарлық революция деп атады. Лев Толстой көрмей кет­ті, білімді деген Еуропа елдері 1914 жылы жаһандық соғыс ашты, нәтижесінде дүние нағыз зұлымдық идеясын арқалап, большевиктер мемлекет орнат­ты. Осындай жағдайдан кейін, көп кешікпей 1939 жылы екінші жаһандық қырғын соғыс басталып кет­ті. Лев Толстой өсиеті ескерусіз қалды. Ол адамзатқа ортақ құндылық ұсынған еді. Ол орындалмады. Заман өт­ті. Бүгінде Лев Толстой айт­қаны аяқасты. Әлемнің ірі алпауыт елдерінің басшылары білектерін сыбанып, келесі жаһандық соғысқа даярлануда. Адам баласына ақыл қонбай-ақ қойды. Күш көрсету, зорлық-зомбылыққа даярлық, ғылым мен техника (технология) жетістіктерін ең алдымен әскерде қолдану. Адамзат­ты жаппай қырып салу ілімі белең алып барады. Қай елдің, қай халықтың жер бетінде қалуын сарапқа салу шындыққа айналған нәсілшілдік ілімдер өршіп тұр. Діни партикулеризм шегіне жеткен. Ақырзаман идеясы күшіне еніп келеді.
Дүние хакімдер болмаса ойран болады деген Абайдың сөзі шындыққа келді. Сондықтан Лев Толстойдың махаббат білімін насихат­тайтын заман әбден туды, кешігіп қалмауымыз керек.

* * *

Жоғарыдағы ойдың жалғасы. Сол күні жазылған «Для жизни необходим идеал. А идеал – только тогда идеал, когда он совершенство. Направление только тогда может быть указано, когда оно указывается математически, не существующий в действительности, прямой» (с.373).
Терең ой, біраз пікірімізді қағаз бетіне түсіріп көрейін. Идеал дегенді қазақша үлгі деп түсінейік. Не нәрсе болсын, ол үлгі болу үшін Лев Толстой айт­қандай, кемел болуы қажет. Кемел деген – совершенство дегеннің тіліміздегі баламасы. Кемел адам дейміз, бірақ нағыз кемел – Жаратушы. Абай «Безендірген жер жүзін тәңірім шебер» десе, нағыз шебер иесі – Алла тағала, ал жер бетіндегі шеберлер, былайша айт­қанда, нағыз шебердің шәкірт­тері. Адам нағыз шебер бола алмақ емес. Нағыз кемел – Алла тағала, адам болса, кемелдікке жақын тұрған жан. Жаратушы оны солай етіп жарат­ты, оның орынбасары (халифі) ретінде. Сондықтан үлгі болатын кемелдікті іздегенде Лев Толстой міндет­ті түрде Құдай идеясына тірелмек. Кемелдік иесі – Жаратушы. Кемелдік – мінсіз деген ұғым. Мінсіз шебер – Алла тағала, адам ісінде мін болмауы мүмкін емес. Адам Құдай бола алмайды, оның қандай кемелдікке жеткенімен, бір міні болмақ. Адам ісі мінсіз болса, ол Құдай дағуасын құрып кетпек. Арғызаман әлемінен айғақты мысал Вавилон мұнарасы туралы аңыз.
Адам жасаған нәрсе мәңгілік емес, міне, осы – адамның кемелдікке қатысты міні. Алла ісі мәңгілік.
Жоғарыда Лев Толстой математикада тура деген жоқ деген. Тамаша пікір. Тура сызық болмаса, мәселенің қалай болғаны? Қателесу, шатасу осы тұстан басталса керек. Коммунистер тура жол деген теріс сана қалыптастырған. Әлемде тура ешнәрсе жоқ, бәрі имек. Бұл – әлемдік геометрияның заңдылығы. Біздің тура деп жүргеніміз имек жолдың бір сәті ғана.
Өмір жолы – тар соқпақ, бір иген жақ,
Иілтіп екі басын ұстаған Хақ.
Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ,
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.
Жол – имек. Ондай жолды жүріп өтудің өз фәлсафасы бар. Жол имек болса, сен де иіле бермексің. Басқа амалың жоқ. Иілтіп екі басын ұстаған – Хақ. Абай хақ деп Алла тағаланы айт­қан. Иіліп келгенде ғана, сен кәмелет­тілікке, кәмілділікке мойын ұсынбақсың. Лев Толстой бұл мәселені әрі қарай қозғамаған, бірақ өмірде тура жолдың жоқтығын білген. Тура жол болмаса, ол қандай жол, ол имек жол, ал оның құпиясына кім жеткен.

* * *
15 ақпан. «Мне дурно жить потому, что жизнь дурна. Жизнь дурна потому, что люди, мы, живем дурно. Если бы мы, люди жили хорошо, жизнь была бы хорошая, и мне было бы недурно жить» (с.376).
Не деуге болады? Өмір солай. Лев Толстой өмір сүрген кезде де, бүгінгі XXI ғасырда да солай. Өмір өтірік, өсекке толы. Мәселе, оларды еріккен, қолы бос жай халық айтса бір жөн. Өтірік пен өсек мемлекет­тік деңгейдегі институт­тардан басталып, елге таралады. «Жизнь – дурна» дегенді өмір надандығы деп аударайық.
Надандық қайдан шыққан пәле? Ол – адамдардың ізденістерінен туған феномен. Надандық болмаса мемлекет басшылары ел басқара алмайды. Жұрт тегіс надандықтан арылып, ақылды, тек ар, ұятпен өмір сүрсе не болғаны? Билеушілерге қиын болғаны, себебі олардың өздері де надандықтан арылып, ар мен ұят деп өмір сүрулеріне қажет болады. Ел билеушілері ондай жүкті мойындарына ешқашан да алмақ емес. Ол өтірік айтпаса, елді алдамаса, қазына мүлкіне қол салмаса, қызметін бұлдап саудаға салмаса, қалай күн көрмек, не үшін ел билеуге құштар болмақ? Надандық ел билеушілердің тамағы, сондықтан Лев Николаевич, сіз ешқашан жақсы қоғамда, жақсы болып ғұмыр кеше алмайсыз. Сізге тиесілі жағдай надандық ғұмырдан қайтіп арылмақпыз деп мұң құшағына ене беру. Мен басқадай жағдайды көрмей тұрмын. Адамзат­тың тағдыры тегі осылай бола бермек пе деп, сізбен бірге қынжыламын.
* * *
3 сәуір. «Все ближе и ближе чуствую приближения смерти. Несомненно то, что жизнь моя, а также, вероятно, и всех людей становится духовнее с годами» (с.383). Иә, жетінші қарашаға уақыт жақындап келеді. Жеті айдай ғұмыры қалды. Оны өзі сезеді. Жасы келген адам рухани жетіле бермек деген ой айт­қан. Әрине, бұл – дана адамның өзі. Өмір – аманат, өлім – ақиқат. Мұны түсінген жанның кеудесі де кең сарай болмақ. Өнегелі ғұмыр кешу деген, сірә, осы болар.
* * *
12 сәуір. «Мучительно стыдно, ужасно» (с.384) – деп Лев Толстой жан қиналысын білдіріп, рухани өзін азапқа салған. Бұл – оның арылуы. Бай граф адамның өмірден әбден кедейленіп, ел кезіп өткісі келген. Оны түсініп жатқан отбасы жоқ. Жазушы өз ғұмырына разы емес. Бұл – кемеңгердің күйзелісі.

* * *
15 сәуір. «Письма. Шоу и об обществе мира» (с.385). Түсініктемеде мынандай ақпарат берілген. «Бернард Шоу прислал Толстому свою новую пьесу «Разоблачение Бланке Познета» с письмом, в котором отмечал связь своей пьесы с «Властью тьмы» Толстого. В ответном письме Толстой сообщил, что «пьесу прочел с удовольствием» и сюжет ему «вполне сочуственен», однако он упрекнул Шоу за шутлово-иронический тон пьесы: «Вопросы о боге, о зле и добре слишком важны, чтобы говорят о них шутя» (с.523).
Өте ойланатын мәселе. Лев Толстой мен Бернард Шоудың арасындағы алты айлық алшақтық аңғарылады. Құдай туралы және зұлымдық пен ізгілік туралы жағдайларды күлкілі иронияға айналдыру, әрине, дұрыстыққа мен үшін де жатпайды. Бернард Шоу – иронияны сәнге қолдана білетін қаламгер. Лев Толстой үшін құдай мәселесі күлкіге айналмауы керек. Адам баласы бір нәрсені күлкі-иронияға айналдырмаса, ол Құдай болуы – адамшылық өзегі.
* * *

10 мамыр. «Будили мысли, и записывал рано утром» (с.388). Ойшыл адамның жұмыс істеу тәртібі осы. Оны ойлар оятады, ойлар қалжыратып барып ұйықтатады. Менің жұмыс істеу тәсілім де осы тәрізді. Ойлар жиі оятады. Сол үшін қағаз бен қалам қолжетімді жерде. Ой қонақ секілді, күтпеген жерден жамырап жетіп келеді. Оны қабылдап алу да оңай емес. Кейде Абай айт­қандай, көңілге көрікті болып енгенмен, қағазға түсіргенде солғын тартатыны да бар.

* * *
1 тамыз. Лев Толстой миссионерлерді сынға алған. «Какая ужасная, или скорее, удивительная дерзость и безумие тех миссионеров, которые, чтобы цивилизовать, просветить «диких», учат их своей церковной вере» (с.403).
Осы ойды толықтырған. «Несчастен не тот, кому делают больно, а тот, кто хочет сделать больно другому» (с.403).
Ресей әкімшілігінің миссионерлері барған жерінде жүргізген сая­сат­тары – жергілікті халықты орыстандыру, шоқындыру. Білім, ғылым берудің орнына шіркеудің қызметкерлері іске кіріскен. Қазақ жерінде «церковно-приходская» деп аталатын мектеп жұмыс істей бастады. Орыс әкімшілігі қызметке алған жергілікті халықтың өкілдеріне христиан дінін қабылдауды талап ет­ті. Бұл нендей әрекет? Лев Толстой мұндай қылықтарды ақымақтық деген. Лев Толстой миссионерлік жұмысты сынап, оның қателігін ашып берген.

* * *
6 тамыз. «Приехал Короленко. Очень приятный, умный и хорошо говорящий человек» (с.403). Сілтемеде ақиқат бар. Короленко Ясная Полянада 6-7 тамызда болып, Толстоймен ұзақ әңгімелескен (Қараңыз, В.Г. Короленко о Толстом. – «Голос минувшего, 1922. №2-окт.) (с.530).
В.Г. Короленко туралы Лев Толстой үнемі жақсы пікірде. Осы жазушыға назар аударып, танысу керек. «Он умен, но под суеверием науки» (с.404) – дейді Лев Толстой. Ойланып қалдым.

* * *
7 тамыз. «Редко встречал человека, более меня одаренного всеми пороками: сластолюбием, корыстолюбием, злостью, тщеславием и, главное, себялюбием. Благодарю бога за то, что я знаю это, видел и вижу в себе всю эту мерзость и все таки борюсь с нею. Этим и объясняется успех моих писаний» (с.404).
Егер осы қылықтарды өзі білмесе, өзінен таппаса, шынында, қалайша ол шыншыл шығармалар жазбақ. Жазушы деген – емші. Адамның бойында өзі көрсеткен қылықтар әр адамның болмысында бар, соларды әркім өзі көріп, аңғармауы әбден мүмкін. Жазушы болса, оларды жайып салады. Ол адам жанын біледі, сезеді, оны көркем шығармаға айналдырады. Адамның тұрмыстық табиғаты сәл-пәл сәндеп көтергенде өнер пайда болмақ, сонда жазушы деген – адамның табиғи болмысы мен оның өнерге айналған көркем шындықтың арасындағы көпір. Ол – өмірді өнерге айналдырушы, бұл керемет жағдай.

* * *
24 тамыз. «Духовенство и сознательно и преемственно бессознательно старается для своей выгоды не давать народу выйти из того мрака суеверия и невежества, в который оно завело его» (с.406).
Ауыр кінә. Шындығы солай. Сонда дінге тазалық өте қажет болғаны ғой. Духовенство дегеніміз – шіркеудің басшылары, қызметшілері бәрі жиналып, осы духовенство дегенді құрайды. Дін басшылары үшін халықтың түнекте (мрак) болғаны ләзім. Түнектен шыққан жұрт сені тыңдамауы мүмкін. Мысалы, Лев Толстой – «духовенство» түнегінен тазарған жан. Толстой секілділер – саусақпен санап аларлық шағын топ. Жұртшылық түнекте. Осы тәсілді коммунистер пайдаланған. Олар үшін халықтың түнекте болғаны – аса қолайлы жағдай. Осы мақсат­та коммунистер үгіт пен насихат­ты бірінші орынға қойды. Үгіт пен насихат мақсатқа лайықталды, іріктеп алынды. Олардың жанталаса оқытқандары – Карл Маркс, Ленин, Сталин еңбектері. Өзге әдебиет­тер насихат­талмады. Діни фанатизм орнына коммунистік фанатизм орнады. Бұл насихат бала-бақшадан бастап, мектепте, жоғарғы оқу орындарында, тіптен маман болып қызмет атқарып жүргендердің өзін ауық-ауық білім жетілдіру курстарында жүйелі түрде даярлаумен болды. Коммунистік насихат­тың кеңес заманында мықты жүйесі қалыптасты. Ол жүйе адамдарды коммунизм деген идея түнегінде ұстады. Коммунистердің күні бүгінге дейін жойылмай отырғаны – сол баяғы насихат­тың нәтижесі. Бұл мәселеде жалған дін мен коммунизм идеясы – ағайындас. Ал нағыз дін, ол басқа. Шәкәрім қажы нағыз Құдай, шын Құдай деген. Шындық деген коммунистер үшін шымылдық, бетперде болған. Нағыз шындықты олар айт­қызбады, айт­қандарды жазалап, қағамнан жұлып тастауды дәстүрге айналдырды. Мұндай істерді атқаратын арнайы жазалаушы органдар болды. Джордж Оруэллдің «1984» деген романында ондай органдар «Махаббат мекемесі» деп аталған.
Діннің тегі асыл. Ол қай кезде түнекке қызмет етуді бастаған, міне мәселе осында. Ал дін, айталық православие діні және шіркеуі өтіріктің ордасы болса, бұл дін тегінен таза ма?! Осы сауал Лев Толстойды әбден күйзеліске салған. Әуел баста, бұл дін таза болса, ол неге бұзылған, әлде ол әуел басынан осындай ма?!
Бұл Лев Толстой сауалы делік.

* * *

6 қыркүйек. «Проснулся больной, вероятно, гангрена старческая. Приятно было, что не вызвало не только неприятного, но скорее приятное чувство близости смерти» (с.407).
Бұлай деп тек Лев Толстой секілді тұлғалар айта алады-ау деймін. Өлімнен еш үрей жоқ. Өлімнің жақындап қалғанын сезінуді жақсылыққа жорыған. Рухы мықты жан. Оны өлім жеңе алмақ емес. Өлімді табиғи түсінікпен қабылдауға әзір. Және де ол жалғыз емес, Құдайы бар, оған сенімі бар. Дүниеде дін көп. Сол көп діннің түбі бір деуге болар. Сол түпкілікті дін Лев Толстой сеніміне айналған. Жазушы – дінге әбден сенген адам. Ол дінсіз адам рухани мүгедек деген ойды «күнделік» бет­теріне талай, әр қилы жағдайларға қатысты айт­қан, қағазға түсірген. Лев Толстойдың құдайы – өз түсінігінде нағыз шын құдай. Ол құдайды тазалық, ізгілік, игілік деп түсінген. Осы түсінігімен бұл дүниеден өтпекші. Ол заман үшін 82 деген аз жас емес. Оның үстіне, ғұмыры арпалыспен өтуде. Атына сай ол нағыз Арыстан болды. Арыстан аң патшасы болса, ал Лев арыстан рух кемеңгері болып тарихта мәңгілікке қалды. Рухы биік, әрі берік жан, қалайша өлімнен қорықсын. Ол бәрін біліп, түсініп алған. Өмір деген азап сапары, одан аман шыққан кім бар. Өлім бәрін айқындаушы, сенің кім болғаныңды өлім толығымен ашып бермек. Өлім сыр сақтамайды, сырды шашады.
Лев Толстойдың сыры адам баласына қызмет ету еді, оны өзі орындап барып, өмірден кетіп барады. Басқа не деуге болады? Жағдай солай.

* * *

15 қыркүйек. «Самый глупый человек это тот, который думает, что все понимает. Это особый тип» (с.408).
Мен осы Лев Толстой бейнелеп берген адамның түрін (типін) білемін. Байқаймын осындайлар бау-бақшадағы арам шөп секілді көбейіп, қаулап бара жатқанға ұқсайды. Мұның негізінде адам эгоизмі орын алған. Аса қауіпті жағдай. Бұлармен қалайша күреспексің? Амал жоқ, солармен бірге өмір сүресің, сөздерін тыңдайсың, істерін көресің. Кеуделері ісініп, өсіп кеткен, енді оларға ем жоқ. Еріксіз көніп, солардың айт­қандарын орындаудан өзге шара бар ма? Олар дәл төбеңнен қарауылдап тұрғанда, сая болар, көлеңке таппайсың. Жағдай ауыр, хал нашар!

* * *
15 қыркүйек. «Думать и говорить, что мир произошел посредством эволюции, или что он сотворен богом в шесть дней, одинаково глупо. Первое все-таки глупее. И умно в этом только одно: не знаю и не могу, и не нужно знать» (с. 409).
Глупость деген ақымақтық, олай болса әлем ақымақтыққа толып тұр. Ақымақтықтан аяқ алып жүре алмайсың. Және де ақымақтық жойқын күшпен таралуда. Үйдегі теледидарды қосып, қай арнаға қоймасаң да, алдыңнан бір ақымақтың сөзін тыңдайсың, басылым бет­тері ақымақтық сөздерге тұнып тұр. Содан болар, тегі ақымақ сөздердің құны болмағандықтан, газет­тер күресінде жатады. Қасиет­ті сөздер жазылса, солай бола ма?! Университет­терде профессорлар ақымақ дәрістер оқуда, амалсыз. Шындықты айтсаң, орныңнан қуыласың, күн көрістен қаласың. Ақымақтыққа сұраныс бар. Қазіргі Ресейдің телеарналарын қосып қойсаң, ақымақтықтың көкесін көріп, тыңдайсың. Солар кешегі Лев Толстойды оқымады ма? Лев Толстой орыс емес пе? Короленко орыс емес пе? Тамаша орыстар жеткілікті. Отыз өлеңін қазақ тіліне Абай аударған Михаил Лермонтов орыс емес пе? Енді не болды? Неге Ресейде ақымақтық сөздер, істер саңырауқұлақтай қаптап кеткен? Сірә, ақымақтыққа сая­си сұраныс бар ма екен?! Мен білмейтін, түсінбейтін, тіптен білуге болмайтын құпия бар ма?
Лев Толстой Жаратылыс туралы жазған. Жаратылыс туралы таза, мөлдір ұғымға өтірік қай заманда, неге қосылған, өтірікке де сұраныс болған, заман болған ғой? Жаратылыс туралы шындық қайда? Әлі күнге дейін Жаратылыс туралы шындық айтылған жоқ. Лев Толстой айт­қандай, оны білудің қажеті жоқ па екен?
Мұны да Лев Толсой сауалы делік.

* * *

Осы күнгі жазба. Әйелі туралы. «Не могу привыкнуть смотреть на ее слова, как на бред. От этого вся моя беда» (с.409).
Не деуге болады? Әйел деген – Тағдыр. Бұл – Лев Толстойдың өз тағдыры. Оған кірісіп сөз айту – басы артық шаруа­!

* * *

24 қыркүйек. «Знание и наука – разница. Знание – все, наука – часть. Так же, как разница между религией и церковью» (с. 410).
Шіркеу туралы ешнәрсе айта алмаймын. Өзге халықтың діні туралы айт­қан жөн емес. Лев Толстой болса, өзі – орыс халқының ұлы. Білім мен ғылым деген ойы дұрыс. Білім – кең ұғым. Ғылым білімнің – шыңы, биігі, нәтижесі, көркі.
Ғылым көркем әлем деп түсінемін. Әрине, ғылымның да ғылымы бар, оның залалдары мен пайдасы дегенде, тастың басын қайсысы алып кетпек? Айту қиын. Сірә, бәрі заманға, сұранысқа қатысты болса керек. Бүгінде ғылым орнын технология ығыстырып барады, бұл қауіпті. Ойымды өрбітпей-ақ қояйын, бұл жұртшылыққа белгілі жай, мысалы клон, робот дегендермен әуестенушілік.
* * *

29 қыркүйек. «…только бы перед богом быть чистым. И сейчас сознаешь радость жизни…» (с.411).
Құдай алдында таза болу. Ар алдындағы тазалық. Биік нысана. Рух тазалығы. Ол үшін күнәлі, кінәлі ғұмыр кешсең не болғаны. Міне, мәселе!!
* * *
2 қазан. «Вчера чтение рассказа Мопассана навело меня на желание изобразить пошлость жизни, как я ее знаю, а ночью пришла в голову мысль поместить среди этой пошлости живого духовно человека. О, как хорошо! Может быть и будет» (с.412-413).
Жазушының бұл ойы іске аспады. Ондай іске уақыт қалмаған болатын. Лев Толстойдың ғұмыры аяқталуға жақындап қалған. Үнемі адамның ойы ояу, үміті тірі. Мопассан шығармаларынан рухани бай жан табу қиын. Бірақ жан қиналысы бар.
* * *
6 қазан. Ой тоқтататын мәселе: Адам әлемнің қай кеңістігінде? «Из тех существ, которых мы знаем, да – человек выше других, но как вниз от человека бесконечно низших существ, которых мы отчасти знаем, так и вверх дожна быть бесконечность высших существ, которых мы не знаем потому, что не можеш знать. И тут-то при таком положении человека говорить о каком-нибудь величии в нем-смешно» (с. 413-414).
Адам тегі әлемнің бір шегі емес, оның ішіндегі бір мәнісі болса керек. Адамнан жоғары рухани тіршілік иелері бар, төменгі тіршілік иелері бар, бірақ оларды білу керек пе екен?

* * *
8 қазан. Опять поправлял «О социализме» (с.415). Лев Толстой социалзим туралы жиі айта бастаған, бірақ осы мақаласының тағдыры белгісіз. 536-бет­те мынандай түсініктеме бар. «Статья Толстого «О социализме» осталось в Ясной Поляне. Она не была завершена (см. ППС. т. 38).
Тауып танысқаным жөн болар еді.

* * *
12 қазан. «….читал Достоевского. Хороши описания, хотя какие-то шуточки, многословные и мало смешные, мешают. Разговоры же невозможны, совершенно неестественны» (с.415). Ол «Ағайынды Коромозовтардың» бірінші кітабын оқыған.
Достоевский туралы кейінірек ойланып жазамын, уақыт болса. Ол – идея ұсынуға шебер қаламгер.

* * *

13 қазан. Лев Толстой әйелі туралы толық мінездеме берген. «София Андреевна очень взволнованна и страдает. Казалось бы, так просто то, что предстоит ей: доживать старческие годы в согласии и любви с мужем, не вмешиваясь в его дело и жизнь. Но нет, ей хочется – бог знает чего хочется – хочется мучить себя. Разумеется, болезнь, и нельзя не жалеть» (с. 415).
Жағдайлары отбасында осылай болған. Өкінішті, бірақ әйелі ауру болғанға ұқсайды. Дерт психикаға қатысты болса керек.

* * *
18 қазан. «Все слаб. Слава богу, без желания чувствую хорошую готовность смерти» (с. 416).
* * *
19 қазан. «Здоровье худо. Близка перемена» Достоевский оқып, оған сын айт­қан. «Социализм туралы» мақаланы түзеткен. Атқа мініп серуендеген.
* * *

27 қазан. Монтеньді оқыған (с.418).

* * *
28 қазан. «Отвращение и возмушение (әйеліне) растет, задыхаюсь, считаю пульс: 97. Не могу лежать и вдруг принимаю окончетельное решение уехать. Пишу ей письмо». 535-бет­тегі түсініктемеде: «Толстой писал: «Отъезд мой огорчит тебя. Сожалею об этом, но пойми и поверь, что я не мог поступить иначе. Положение мое в доме становится, стало невыносимым. Кроме всего другого, я не могу более жить в тех условиях роскоши, в которых жил, и делаю то, что обыкновенно делают старики моего возраста: уходят из мирской жизни, чтобы жить в уединении и тиши последние дни своей жизни. Пожалуйста, пойми это и не езди за мной, если и узнаешь, где я» (т.18. с.502).
* * *
30 қазан. «Очень слаб, сонлив, а это дурной признак. Читал Новоселовскую философскую библиотеку, очень интересно. Моя статья «О социализме» пропала. Жалко. Нет, не жалко. Приехала Саша. Я очень образовался. Письма от сыновей. Ходил утром нанимать хату в Шамордине. Очень устал.
Написал письмо Софье Андреевне. Түсініктемеден. Толстой жазған: «Свидание наше и тем более возвращение мое теперь совершенно невозможно. Для тебя это было бы, как все говорят, в высшей степени вредно, для меня же это было бы ужасно, так как теперь мое положение, вследствие твоей возбужденности, раздражения, болезненного состояния стало бы, если это только возможно, еще хуже. Советую тебе примириться с тем, что случилось, устроиться в своем новом, на время, положении, а главное – лечиться». (с. 536).
31 қазан. Астапово. «Все там в Шарапове. Саша, и забеспокоились, что нас догонят, и мы поехали. В Козельске Саша догнала, сели, поехали. Ехали хорошо, но в 5-м часу стало знобить, потом 40 градусов темпе-ратуры, остановились в Астапове. Любезный начальник станции дал прекрасные две комнаты».
* * *

Және ең соңғы күнделіктегі жазба.
3 қараша. Астапово. «Ночь была тяжелая. Лежал в жару два дня. 2-го приехал Чертков. Говорят, что Софья Андреевна. В ночь приехал Сережа, очень тронул меня. Нынче, 3-го, Никитин, Таня, потом Гольден-вейзер и Иван Иванович. Вот и план мой. Французша «Делай, что должно, пусть будет…
И все это на благо и другим и, главное, мне» (с. 420).

* * *
Күнделік аяқталды. Лев Толстойдың соңғы жазбасы. Дүниеден өтерде қасындағыларға не айт­ты, ол жағынан хабарсызбыз. Өзінің Құдай жолында екенін, сая­си жолмен Құдайына бара жатқанан айта алды ма екен?! Дерек жоқ.
Ясная Полянадағы Лев Толстой зиратының басында еш діни белгі орнатылмаған. Өсиет солай. Діни рәсімдер жүргізілмеген. Ол да өсиет. Алайда 1895 жылдан бастап, 1910 жылдың 3 қарашасына дейін жазған жазбаларын мен өсиет, өнеге деп қабылдаймын.
Р.S. Түсініктемеде мынандай ақпарат берілген. «Утром 31 октября Толстой вместе с Д.П Маковицким виехан из Шамордина через Козельск на юг, в направлении Кавказа. Но по пути он тяжело заболел и сошел на ст. Астапово. Рязоно-Уральской ж.д. (ныне ст. Лев Толстой), где 7 ноября 1910 года скончался (с. 536).
* * *
Күнделікті мұқият әлденеше рет оқыдым. Оған 4-5 жылдай уақытым кет­ті. Әрине, күнде-күнде емес, қолым тигенде қарастырып қойып жүрдім. Лев Толстой бірте-бірте ашыла береді. «Анна Каренина» мен «Соғыс және бейбітшілік» кинофильмдерін әлденеше рет көргем. Жуырда «Соғыс және бейбітшілік» кинофильмін шетелдіктер түсірген нұсқасын көрдім, қабыл-дай алмадым. Шынын айтсам, солардың ешқайсысы маған «Күнделіктегі» мен Мінәжат­тан (исповедь) артық әсер қалдырмаған секілді. Әрине, «Отец Сергий» кинофильмі – сәт­ті шыққан дүние. Жуырда «Қажымұрат­ты» қайталап оқып шықтым. Бұл шығарма жазушының көзі тірісінде жарық көрмеген. Уақыт болса, «Воскресенье» романын қайталап оқып шықпақпын, бұл – қаламгердің соңғы ірі шығармасы. Бұл шығарма – Лев Толстойдың алпыстан әбден асқан шағында дүниеге келген туынды. Ойланып оқып көрмекшімін, Алла бұйырса!
Лев Толстой туралы түйін сөз айтсам, оған Ресей өңірінде тең келетін қаламгер де, ойшыл да жоқ. Керемет Тұлға.
Ол өлер алдында Кавказға бет алды. Неге! Бұл – Толстой жұмбағы!
*GE*
Мұң романын аяқтап қалдым. Алайда, әлі айтпағандар бар секілді. Сірә, мұң – иесі адамның өзі дегенді айту керек шығар. Депрессия дегеннің мұңға қатысы қандай? Мұңлы жан ойлы жан дейміз. Ойдың өзі дертке бастайтын іс емес пе екен?! Ой қамауынан шығудың өзі мәселе! Ойдың түбі – мұң емес пе?!
* * *
Иә, сонымен «Мұң» туралы сөз таусылды ма? Жоқ. Таусылуы мүмкін емес. Әркімнің жария етер де, құпия-сыр етіп, өзімен бірге алып кетер мұң-санасы бар. Жағдай осылай.
Мұң туралы сөз айту кімнің қолынан келмек. Білуші – Бір Алла тағала.
Мұңға қатысты әңгіме ешқашан сарқылмайды. Мұң сарыныннан ақырзаман деген ой пайда болған. Ақырзаман кімге ақырзаман? Әрине, адамдарға, ал Жаратушыға ақырзаман жоқ.
Ақырзаманды, сірә адамдар өз қолдарымен жасайды-ау деймін. Адамдар мейлінше адамдарды қырып-жою құрал, тәсілдерін жетілдірумен жанталаса әрекет­тенуде. Бұл үрдістің тоқталатын түрі жоқ. Оны тоқтата алатын күш әлсіз. Шайтандық үстемдік алған дәуірде осылай болмақ. Білетін анық нәрсем, адамзат тура жолға, яғни мұсылмандық жолға түсуі қажет, мүмкін сол жағдайда ақырзаман мәселесі күн тәртібінен түспек. Әзірше адамзат­тың басына төнген қауіп-қатерлер самсап тұр. «Тоқта» дейтін әлемдік деңгейдегі, бәрі сөзін тыңдайтын тұлға жоқ. Қауіпті жағдай, пайғамбары жоқ дәуірде ғұмыр кешудеміз.
Адамзат­ты адасудан сақтаушы – пайғамбарлар, әулиелер және хакімдер, ойшыл Абай хакімдердің діндері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларсыз дүние ойран болады деген.
Әлемді ақырзаманнан сақтап қалушы хакімдер әр заманда, әр ғасырда, әр елде, әр мемлекет­те болған және бола да береді.
Адамзат­тың келешектен үміті – хакімдерде.
(Жалғасы бар)* * *
Лев Толстойдың «Детская мудрость» (с.355) дегенін қарау қажет. Мәселені осылай қоюдың өзі – даналық. Бала даналығы – табиғи. Менің «Шимай философиясы» деген жұрт жылы қабылдаған еңбегім бар. Салыстырып қарау керек екен.
* * *
23 қазан. «У нас есть результаты мыслей величайших мыслителей, выдающихся в продолжение тысячелетий из миллиардов и миллиардов людей, и эти результаты мышления этих великих людей просеяны через решето и сито времени» (с.358). Осыларға да сақ болған жөн. Кейде ғасырдан ғасырға көрпесін арқалаған көргенсіздер де болады. Надандықтың енбейтін есігі жоқ, ол кей-кейде ғасырлар есігін ашып ене беруі де ықтимал.
* * *
2 қараша. « …читал «Ужасы христианской цивилизации». Не так хорошо, как я ожидал, – узко. Но как форма превосходно» (с.360).
Енді түсініктемені қарайық. Бұл Бруно Фрейданктің «Ужасы «Христианской цивилизации». Письма буддийского лама из Тибета» Берлин, 1907. Но поручению Толстого А.А. Гольденвейлер перевела книгу Бруно Фрейденка. Толстой написал письмо и издателью журнала «Вегетерианское обозрение» И.И. Перперу (ПСС.т., 81, №176) в котором рекомендовал напечатать эту книгу (с.512).
Мүмкін болса, бұл кітаппен танысқан жөн болар еді. Аты айғайлап тұр екен.
* * *
23 қараша. Максим Горький туралы: «Читал после обеда о Горьком. И странно, не доброе чувство к нему, с которым борюсь. Оправдываюсь тем, что он, как Ницше, вредный писатель: большое дарование и отсутствие каких бы то ни было религиозных, то есть понимающих значение жизни убеждений …» (с.364). «…веришь в Бога – и есть бог, не веришь в бога – и нет его – Горький. Лев Толстой мұны «Изречение скверное» деген (с.364).
Рас Максим Горький дін жағына аяқ баспаған. Ол адамнан өзінің төл табиғатына үңілгенде, одан діни сезім таппаған. Оның пролетарлық жазушы атанғаны да содан болса керек. Лев Толстой сыны атқан оқтай, Горький кеңес қаламгерлерінің көсеміне айналып, біршама істерді айғыздады, ақыр соңында өзі сол қателіктерінің құрбаны болды. Оның Ленинмен және большевиктермен жақындауына негіз болған – оның дінге деген салқын көзқарасынан болған шаруа.
Горький талант, бірақ қай шығармасын алсаңыз да, ол адамның топырағына тереңдеп барып, сопақ етіп шыға келеді, себебі өмір мағынасы діни сезімге қатыссыз болуы мүмкін бе! Горький адам болмысына батыңқырап үңілмеген. Үңілу қажет еді. Олай болса, ол қалай пролетариат жазушысы деген атаққа ие болмақ?
Лев Толстой діннен қашқан қаламгерлерді түсіне алмай қойған. Себебі өзі діншіл. Діни сезімнің тереңдігін ол сезген. Адамның табиғаты да дінде екенін білген, бірақ православие шіркеуінің бұл мәселеде адасуын ашық айтып, оларға жек көрінішті болған.
* * *
23 желтоқсан. «Приехал Булгаков, составивший изложение моего миросозерцания» (с.369). Түсініктеме 515-бетте. «Толстой читал рукопись книги В.Ф. Булгакова «Христианская этика. Систематические очерки мировоззрения Л.Н. Толстого» издана в 1917 году.
Бұл кітаппен танысу қажет. Булгаков – жазушының замандасы, демек, оны жақсы білетін адам. Дін туралы Лев Толстойды қай «шыңға» шығарған екен. Білген жөн.
* * *
30 желтоқсан. Соңғы жазу осы жылғы. «Встал рано. Ходил около дома. Оттепель. Мне очень хорошо на душе» (с.370).
Лев Толстой ғұмырының соңғы жылы, ертең басталмақ. Енді он ай өмірі қалды. Күнделікке 30 желтоқсанда 1909 жылы көңіл-күйім жақсы деп жазған. Алда арпалысқа түскен күндері басталмақ. Ғұмырының май шамы таусылып барады, алдағы күндерінде жалынатыны бір Құдай, бір сенімде, оның қандай белгілі діндерге қатысы барын, әлі ешкім нақты анықтаған жоқ. Сондықтан оны Лев Толстой діні делік, ол дін – нағыз дін, нағыз сенім. Енді әрі қарай ойлай бер, саналы азамат!
* * *
1910 жылы Күнделік бетіндегі жазбалар
Лев Толстойдың бұ жалғандағы соңғы жылы. 7 қарашада ол мәңгілік, бақилық ғұмырға өтеді. Қайтыс болады. Ол Ресей қоғамында айтулы оқиға. Өзі жоқтың көзі жоқ, Лев Толстой туралы нендей әңгімелер болмады дейсің, тіптен большевик Ленин де мақала жазды. Мақаланың аты «Лев Толстой – орыс революциясының айнасы». Ленинге жазушы саясат үшін қажет болды. Мектепте бұл мақаланы оқу, білу қажет деген соң, бәріміз оқыдық, бірақ мектеп жасындағы мен мақаланы түсінбедім. Содан кейін Лев Толстойдың толық шығармалар жинағын, толық десем де болғандай, өзімді зорлап оқып шықтым. Көп мәселелерді түсінбедім, түсіндіретін ұстаз болған жоқ. Оқулықты қайта-қайта оқимын, бірақ әрі алып кете алмадым. Ойымда қалғаны – «Соғыс және бейбітшілік» романының кейбір оқиғалары.
Қазір ойласам, біз Лев Толстойдан алыста екенбіз. Кеңес өкіметі, оның идеологтары оны өз мақсаттарына пайдаланған көрінді. Бірақ менен көп бұрын Лев Толстойды Шәкәрім қажы қазақтарға жақындатып қойыпты, оны біз қайдан білейік. Шәкәрім Лев Толстой туралы өлең жазған екен.
Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,
Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың.
Жанымен сүйді әділет, ардың жолын,
(астын сызған мен Ғ.Е.)
Сондықтан ол иесі терең ойдың.

Толстой кәпір емес, кәпір өзің,
Дін емес, бәрі алдау айтқан сөзің.
Көңілің соқыр, надансың, билік қара.
Нұр, жарығын қалайша көрсін көзің.
Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа,
Сопының бара қойман құрбанына,
Ақиқат сырымды айтсам, Толстойдың,
Мың сопыны алмаймын тырнағына.
Бұл өлеңді Шәкәрім қажы шамамен 1920–1930 жылдар аралығында жазған. Шәкәрімнің ғұламалармен өмір сүрудің мәні туралы нағыз пікір жарысына түскен кезі. Ол көп оқыды, ойланды, толғанды. Оның бақытына алдында Абай секілді ұстазы болды. XIX ғасырдың бар қасіретін жинап алып, XX ғасыр басталды. Ол қанды жүзжылдық еді. Шәкәрім бірінші жаһандық соғысты басынан өткізді. Қазақ зиялылары бас көтеріп, халықты оятуға кірісті. Алаш партиясы жасақталды. Осындай нағыз таза ғұламалар қажет еді, сондай адам – Шәкәрім түсінігінде Лев Толстой.
Ол – заманның теңдесі жоқ Тұлға. Шәкәрім тұлғаны таниды. Ол осал шаруа емес-ті. Тұлға тану ғажап білімді әрі парасаттылықты талап етеді. Осының екеуі де Шәкәрімнен табылды. Ол Толстойға арнап өлең жазды, хат алысты, ол жөнінде баласы Ахаттың жазғаны бар.
Шәкәрім Лев Толстойды жүз жыл бұрын таныған екен. Атаңа нәлет большевиктердің құрған өкіметі, қоғам бізді алға емес, артқа қарай сүйреп, жетілуімізді шегеріп тастағанын енді білудеміз.
* * *
6 қаңтар. «… есть только не перестающий стыд перед народом. Неужели так и кончу жизнь в этом постыдном состояниии? Господи, помоги мне, знаю, что во мне: во мне и помоги мне»(с.372).
Ұят кімнің алдында. Жазушы халықтың алдында дейді. Сонда ұят болмайтын нендей іс тындыру қажет. 82 жастағы кәрі адамның қолынан не келмек. Осы ойға түскенде, оның жаны қиналған. Жанды қинайтын, қысымға алатын – ұят. Лев Толстой қысылғанда Құдайға мінәжа етіп, көмекті содан сұрайды. Сөйтіп барып рухани жеңілдегендей болады.
* * *
10 қаңтар. Аса маңызды жазба: «Думал о том, как необходимо проповедовать людям любовь равную ко всем, к неграм, диким, к врагам, потому что не проповедуй этого, не будет и не может быть освобожде-ния от зла, будет самое естественное: свое отечество свой народ, защита его, войска, война. А будет войска, война, то нет пределов злу» (с.372).
Қиял деуге де болады. Лев Толстойдың айтуынша зұлымдықтан құтылудың жолы – адамзатқа ортақ насихат. Бәрі халыққа, тіптен дұшпандарыңа да махаббат туралы насихат қажет. Олай болмаса, зұлымдықтан құтылу жоқ. Әр ел өз мүддесін қорғап соғыс ашады да, зұлымдықты өршітеді. Бұл – шындық. Лев Толстой айтқан дос пен жау қалай татуласпақ, оларды татуластыратын – тек ортақ махаббат. Қазіргі заманда ол мүмкін бе? Мүмкін болмаса, адамзат зұлымдық құшағында ғұ-мыр кешпек.
Лев Толстойдың адамзатқа ортақ махаббат дегенін Карл Маркс быт-шытын шығарған. Ол адамдарды тап-тапқа бөліп, жауластырды, қырғын ашты, оны пролетарлық революция деп атады. Лев Толстой көрмей кетті, білімді деген Еуропа елдері 1914 жылы жа-
һандық соғыс ашты, нәтижесінде дүние нағыз зұлымдық идеясын арқалап, большевиктер мемлекет орнатты. Осындай жағдайдан кейін, көп кешікпей 1939 жылы екінші жаһандық қырғын соғыс басталып кетті. Лев Толстой өсиеті ескерусіз қалды. Ол адамзатқа ортақ құндылық ұсынған еді. Ол орындалмады. Заман өтті. Бүгінде Лев Толстой айтқаны аяқасты. Әлемнің ірі алпауыт елдерінің басшылары білектерін сыбанып, келесі жаһандық соғысқа даярлануда. Адам баласына ақыл қонбай-ақ қойды. Күш көрсету, зорлық-зомбылыққа даярлық, ғылым мен техника (технология) жетіс-тіктерін ең алдымен әскерде қолдану. Адамзатты жаппай қырып салу ілімі белең алып барады. Қай елдің, қай халықтың жер бетінде қалуын сарапқа салу шындыққа айналған нәсілшілдік ілімдер өршіп тұр. Діни партикулеризм шегіне жеткен. Ақырзаман идеясы күшіне еніп келеді.
Дүние хакімдер болмаса ойран болады деген Абайдың сөзі шындыққа келді. Сондықтан Лев Толстойдың махаббат білімін насихаттайтын заман әбден туды, кешігіп қалмауымыз керек.
* * *
Жоғарыдағы ойдың жалғасы. Сол күні жазылған «Для жизни необходим идеал. А идеал – только тогда идеал, когда он совершенство. Направление только тогда может быть указано, когда оно указывается математически, не существующий в действительности, прямой» (с.373).
Терең ой, біраз пікірімізді қағаз бетіне түсіріп көрейін. Идеал дегенді қазақша үлгі деп түсінейік. Не нәрсе болсын, ол үлгі болу үшін Лев Толстой айтқандай, кемел болуы қажет. Кемел деген – совершенство дегеннің тіліміздегі баламасы. Кемел адам дейміз, бірақ нағыз кемел – Жаратушы. Абай «Безендірген жер жүзін тәңірім шебер» десе, нағыз шебер иесі – Алла тағала, ал жер бетіндегі шеберлер, былайша айтқанда, нағыз шебердің шәкірттері. Адам нағыз шебер бола алмақ емес. Нағыз кемел – Алла тағала, адам болса, кемелдікке жақын тұрған жан. Жаратушы оны солай етіп жаратты, оның орынбасары (халифі) ретінде. Сондықтан үлгі болатын кемелдікті іздегенде Лев Толстой міндетті түрде Құдай идеясына тірелмек. Кемелдік иесі – Жаратушы. Кемелдік – мінсіз деген ұғым. Мінсіз шебер – Алла тағала, адам ісінде мін болмауы мүмкін емес. Адам Құдай бола алмайды, оның қандай кемелдікке жеткенімен, бір міні болмақ. Адам ісі мінсіз болса, ол Құдай дағуасын құрып кетпек. Арғызаман әлемінен айғақты мысал Вавилон мұнарасы туралы аңыз.
Адам жасаған нәрсе мәңгілік емес, міне, осы – адамның кемелдікке қатысты міні. Алла ісі мәңгілік.
Жоғарыда Лев Толстой математикада тура деген жоқ деген. Тамаша пікір. Тура сызық болмаса, мәселенің қалай болғаны? Қателесу, шатасу осы тұстан басталса керек. Коммунистер тура жол деген теріс сана қалыптастырған. Әлемде тура ешнәрсе жоқ, бәрі имек. Бұл – әлемдік геометрияның заңдылығы. Біздің тура деп жүргеніміз имек жолдың бір сәті ғана.
Өмір жолы – тар соқпақ, бір иген жақ,
Иілтіп екі басын ұстаған Хақ.
Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ,
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.
Жол – имек. Ондай жолды жүріп өтудің өз фәлсафасы бар. Жол имек болса, сен де иіле бермексің. Басқа амалың жоқ. Иілтіп екі басын ұстаған – Хақ. Абай хақ деп Алла тағаланы айтқан. Иіліп келгенде ғана, сен кәмелеттілікке, кәмілділікке мойын ұсынбақсың. Лев Толстой бұл мәселені әрі қарай қозғамаған, бірақ өмірде тура жолдың жоқтығын білген. Тура жол болмаса, ол қандай жол, ол имек жол, ал оның құпиясына кім жеткен.
* * *
15 ақпан. «Мне дурно жить потому, что жизнь дурна. Жизнь дурна потому, что люди, мы, живем дурно. Если бы мы, люди жили хорошо, жизнь была бы хорошая, и мне было бы недурно жить» (с.376).
Не деуге болады? Өмір солай. Лев Толстой өмір сүрген кезде де, бүгінгі XXI ғасырда да солай. Өмір өтірік, өсекке толы. Мәселе, оларды еріккен, қолы бос жай халық айтса бір жөн. Өтірік пен өсек мемлекеттік деңгейдегі институттардан басталып, елге таралады. «Жизнь – дурна» дегенді өмір надандығы деп аударайық.
Надандық қайдан шыққан пәле? Ол – адамдардың ізденістерінен туған феномен. Надандық болмаса мемлекет басшылары ел басқара алмайды. Жұрт тегіс надандықтан арылып, ақылды, тек ар, ұятпен өмір сүрсе не болғаны? Билеушілерге қиын болғаны, себебі олардың өздері де надандықтан арылып, ар мен ұят деп өмір сүрулеріне қажет болады. Ел билеушілері ондай жүкті мойындарына ешқашан да алмақ емес. Ол өтірік айтпаса, елді алдамаса, қазына мүлкіне қол салмаса, қызметін бұлдап саудаға салмаса, қалай күн көрмек, не үшін ел билеуге құштар болмақ? Надандық ел билеушілердің тамағы, сондықтан Лев Николаевич, сіз ешқашан жақсы қоғамда, жақсы болып ғұмыр кеше алмайсыз. Сізге тиесілі жағдай надандық ғұмырдан қайтіп арылмақпыз деп мұң құшағына ене беру. Мен басқадай жағдайды көрмей тұрмын. Адамзаттың тағдыры тегі осылай бола бермек пе деп, сізбен бірге қынжыламын.
* * *
3 сәуір. «Все ближе и ближе чуствую приближения смерти. Несомненно то, что жизнь моя, а также, вероятно, и всех людей становится духовнее с годами» (с.383). Иә, жетінші қарашаға уақыт жақындап келеді. Жеті айдай ғұмыры қалды. Оны өзі сезеді. Жасы келген адам рухани жетіле бермек деген ой айтқан. Әрине, бұл – дана адамның өзі. Өмір – аманат, өлім – ақиқат. Мұны түсінген жанның кеудесі де кең сарай болмақ. Өнегелі ғұмыр кешу деген, сірә, осы болар.
* * *
12 сәуір. «Мучительно стыдно, ужасно» (с.384) – деп Лев Толстой жан қиналысын білдіріп, рухани өзін азапқа салған. Бұл – оның арылуы. Бай граф адамның өмірден әбден кедейленіп, ел кезіп өткісі келген. Оны түсініп жатқан отбасы жоқ. Жазушы өз ғұмырына разы емес. Бұл – кемеңгердің күйзелісі.
* * *
15 сәуір. «Письма. Шоу и об обществе мира» (с.385). Түсініктемеде мынандай ақпарат берілген. «Бернард Шоу прислал Толстому свою новую пьесу «Разоблачение Бланке Познета» с письмом, в котором отмечал связь своей пьесы с «Властью тьмы» Толстого. В ответном письме Толстой сообщил, что «пьесу прочел с удовольствием» и сюжет ему «вполне сочуственен», однако он упрекнул Шоу за шутлово-иронический тон пьесы: «Вопросы о боге, о зле и добре слишком важны, чтобы говорят о них шутя» (с.523).
Өте ойланатын мәселе. Лев Толстой мен Бернард Шоудың арасындағы алты айлық алшақтық аңғарылады. Құдай туралы және зұлымдық пен ізгілік туралы жағдайларды күлкілі иронияға айналдыру, әрине, дұ-рыстыққа мен үшін де жатпайды. Бернард Шоу – иронияны сәнге қолдана білетін қаламгер. Лев Толстой үшін құдай мәселесі күлкіге айналмауы керек. Адам баласы бір нәрсені күлкі-иронияға айналдырмаса, ол Құдай болуы – адамшылық өзегі.
* * *
10 мамыр. «Будили мысли, и записывал рано утром» (с.388). Ойшыл адамның жұмыс істеу тәртібі осы. Оны ойлар оятады, ойлар қалжыратып барып ұйықтатады. Менің жұмыс істеу тәсілім де осы тәрізді. Ойлар жиі оятады. Сол үшін қағаз бен қалам қолжетімді жерде. Ой қонақ секілді, күтпеген жерден жамырап жетіп келеді. Оны қабылдап алу да оңай емес. Кейде Абай айтқандай, көңілге көрікті болып енгенмен, қағазға түсіргенде солғын тартатыны да бар.
* * *
1 тамыз. Лев Толстой миссионерлерді сынға алған. «Какая ужасная, или скорее, удивительная дерзость и безумие тех миссионеров, которые, чтобы цивилизовать, просветить «диких», учат их своей церковной вере» (с.403).
Осы ойды толықтырған. «Несчастен не тот, кому делают больно, а тот, кто хочет сделать больно другому» (с.403).
Ресей әкімшілігінің миссионерлері барған жерінде жүргізген саясаттары – жергілікті халықты орыстандыру, шоқындыру. Білім, ғылым берудің орнына шіркеудің қызметкерлері іске кіріскен. Қазақ жерінде «церковно-приходская» деп аталатын мектеп жұмыс істей бастады. Орыс әкімшілігі қызметке алған жергілікті халықтың өкілдеріне христиан дінін қабылдауды талап етті. Бұл нендей әрекет? Лев Толстой мұндай қылықтарды ақымақтық деген. Лев Толстой миссионерлік жұмысты сынап, оның қателігін ашып берген.
* * *
6 тамыз. «Приехал Короленко. Очень приятный, умный и хорошо говорящий человек» (с.403). Сілтемеде ақиқат бар. Короленко Ясная Полянада 6-7 тамызда болып, Толстоймен ұзақ әңгімелескен (Қараңыз, В.Г. Короленко о Толстом. – «Голос минувшего, 1922. №2-окт.) (с.530).
В.Г. Короленко туралы Лев Толстой үнемі жақсы пікірде. Осы жазушыға назар аударып, танысу керек. «Он умен, но под суеверием науки» (с.404) – дейді Лев Толстой. Ойланып қалдым.
* * *
7 тамыз. «Редко встречал человека, более меня одаренного всеми пороками: сластолюбием, корыстолюбием, злостью, тщеславием и, главное, себялюбием. Благодарю бога за то, что я знаю это, видел и вижу в себе всю эту мерзость и все таки борюсь с нею. Этим и объясняется успех моих писаний» (с.404).
Егер осы қылықтарды өзі білмесе, өзінен таппаса, шынында, қалайша ол шыншыл шығармалар жазбақ. Жазушы деген – емші. Адамның бойында өзі көрсеткен қылықтар әр адамның болмысында бар, соларды әркім өзі көріп, аңғармауы әбден мүмкін. Жазушы болса, оларды жайып салады. Ол адам жанын біледі, сезеді, оны көркем шығармаға айналдырады. Адамның тұрмыстық табиғаты сәл-пәл сәндеп көтергенде өнер пайда болмақ, сонда жазушы деген – адамның табиғи болмысы мен оның өнерге айналған көркем шындықтың арасындағы көпір. Ол – өмірді өнерге айналдырушы, бұл керемет жағдай.
* * *
24 тамыз. «Духовенство и сознательно и преемственно бессознательно старается для своей выгоды не давать народу выйти из того мрака суеверия и невежества, в который оно завело его» (с.406).
Ауыр кінә. Шындығы солай. Сонда дінге тазалық өте қажет болғаны ғой. Духовенство дегеніміз – шіркеудің басшылары, қызметшілері бәрі жиналып, осы духовенство дегенді құрайды. Дін басшылары үшін халықтың түнекте (мрак) болғаны ләзім. Түнектен шыққан жұрт сені тыңдамауы мүмкін. Мысалы, Лев Толстой – «духовенство» түнегінен тазарған жан. Толстой секілділер – саусақпен санап аларлық шағын топ. Жұртшылық түнекте. Осы тәсілді коммунистер пайдаланған. Олар үшін халықтың түнекте болғаны – аса қолайлы жағдай. Осы мақсатта коммунистер үгіт пен насихатты бірінші орынға қойды. Үгіт пен насихат мақсатқа лайықталды, іріктеп алынды. Олардың жанталаса оқытқандары – Карл Маркс, Ленин, Сталин еңбектері. Өзге әдебиеттер насихатталмады. Діни фанатизм орнына коммунистік фанатизм орнады. Бұл насихат бала-бақшадан бастап, мектепте, жоғарғы оқу орындарында, тіптен маман болып қызмет атқарып жүргендердің өзін ауық-ауық білім жетілдіру курстарында жүйелі түрде даярлаумен болды. Коммунистік насихаттың кеңес заманында мықты жүйесі қалыптасты. Ол жүйе адамдарды коммунизм деген идея түнегінде ұстады. Коммунистердің күні бүгінге дейін жойылмай отырғаны – сол баяғы насихаттың нәтижесі. Бұл мәселеде жалған дін мен коммунизм идеясы – ағайындас. Ал нағыз дін, ол басқа. Шәкәрім қажы нағыз Құдай, шын Құдай деген. Шындық деген коммунистер үшін шымылдық, бетперде болған. Нағыз шындықты олар айтқызбады, айтқандарды жазалап, қағамнан жұлып тастауды дәстүрге айналдырды. Мұндай істерді атқаратын арнайы жазалаушы органдар болды. Джордж Оруэллдің «1984» деген романында ондай органдар «Махаббат мекемесі» деп аталған.
Діннің тегі асыл. Ол қай кезде түнекке қызмет етуді бастаған, міне мәселе осында. Ал дін, айталық православие діні және шіркеуі өтіріктің ордасы болса, бұл дін тегінен таза ма?! Осы сауал Лев Толстойды әбден күйзеліске салған. Әуел баста, бұл дін таза болса, ол неге бұзылған, әлде ол әуел басынан осындай ма?!
Бұл Лев Толстой сауалы делік.

* * *
6 қыркүйек. «Проснулся больной, вероятно, гангрена старческая. Приятно было, что не вызвало не только неприятного, но скорее приятное чувство близости смерти» (с.407).
Бұлай деп тек Лев Толстой секілді тұлғалар айта алады-ау деймін. Өлімнен еш үрей жоқ. Өлімнің жақындап қалғанын сезінуді жақсылыққа жорыған. Рухы мықты жан. Оны өлім жеңе алмақ емес. Өлімді табиғи түсінікпен қабылдауға әзір. Және де ол жалғыз емес, Құдайы бар, оған сенімі бар. Дүниеде дін көп. Сол көп діннің түбі бір деуге болар. Сол түпкілікті дін Лев Толстой сеніміне айналған. Жазушы – дінге әбден сенген адам. Ол дінсіз адам рухани мүгедек деген ойды «күнделік» беттеріне талай, әр қилы жағдайларға қатысты айтқан, қағазға түсірген. Лев Толстойдың құдайы – өз түсінігінде нағыз шын құдай. Ол құдайды тазалық, ізгілік, игілік деп түсінген. Осы түсінігімен бұл дүниеден өтпекші. Ол заман үшін 82 деген аз жас емес. Оның үстіне, ғұмыры арпалыспен өтуде. Атына сай ол нағыз Арыстан болды. Арыстан аң патшасы болса, ал Лев арыстан рух кемеңгері болып тарихта мәңгілікке қалды. Рухы биік, әрі берік жан, қалайша өлімнен қорықсын. Ол бәрін біліп, түсініп алған. Өмір деген азап сапары, одан аман шыққан кім бар. Өлім бәрін айқындаушы, сенің кім болғаныңды өлім толығымен ашып бермек. Өлім сыр сақтамайды, сырды шашады.
Лев Толстойдың сыры адам баласына қызмет ету еді, оны өзі орындап барып, өмірден кетіп барады. Басқа не деуге болады? Жағдай солай.
* * *
15 қыркүйек. «Самый глупый человек это тот, который думает, что все понимает. Это особый тип» (с.408).
Мен осы Лев Толстой бейнелеп берген адамның түрін (типін) білемін. Байқаймын осындайлар бау-бақшадағы арам шөп секілді көбейіп, қаулап бара жатқанға ұқсайды. Мұның негізінде адам эгоизмі орын алған. Аса қауіпті жағдай. Бұлармен қалайша күреспексің? Амал жоқ, солармен бірге өмір сүресің, сөздерін тыңдайсың, істерін көресің. Кеуделері ісініп, өсіп кеткен, енді оларға ем жоқ. Еріксіз көніп, солардың айтқандарын орындаудан өзге шара бар ма? Олар дәл төбеңнен қарауылдап тұрғанда, сая болар, көлеңке таппайсың. Жағдай ауыр, хал нашар!
* * *
15 қыркүйек. «Думать и говорить, что мир произошел посредством эволюции, или что он сотворен богом в шесть дней, одинаково глупо. Первое все-таки глупее. И умно в этом только одно: не знаю и не могу, и не нужно знать» (с. 409).
Глупость деген ақымақтық, олай болса әлем ақымақтыққа толып тұр. Ақымақтықтан аяқ алып жүре алмайсың. Және де ақымақтық жойқын күшпен таралуда. Үйдегі теледидарды қосып, қай арнаға қоймасаң да, алдыңнан бір ақымақтың сөзін тыңдайсың, басылым беттері ақымақтық сөздерге тұнып тұр. Содан болар, тегі ақымақ сөздердің құны болмағандықтан, газеттер күресінде жатады. Қасиетті сөздер жазылса, солай бола ма?! Университеттерде профессорлар ақымақ дәрістер оқуда, амалсыз. Шындықты айтсаң, орныңнан қуыласың, күн көрістен қаласың. Ақымақтыққа сұраныс бар. Қазіргі Ресейдің телеарналарын қосып қойсаң, ақымақтықтың көкесін көріп, тыңдайсың. Солар кешегі Лев Толстойды оқымады ма? Лев Толстой орыс емес пе? Короленко орыс емес пе? Тамаша орыстар жеткілікті. Отыз өлеңін қазақ тіліне Абай аударған Михаил Лермонтов орыс емес пе? Енді не болды? Неге Ресейде ақымақтық сөздер, істер саңырауқұлақтай қаптап кеткен? Сірә, ақымақтыққа саяси сұраныс бар ма екен?! Мен білмейтін, түсінбейтін, тіптен білуге болмайтын құпия бар ма?
Лев Толстой Жаратылыс туралы жазған. Жаратылыс туралы таза, мөлдір ұғымға өтірік қай заманда, неге қосылған, өтірікке де сұраныс болған, заман болған ғой? Жаратылыс туралы шындық қайда? Әлі күнге дейін Жаратылыс туралы шындық айтылған жоқ. Лев Толстой айтқандай, оны білудің қажеті жоқ па екен?
Мұны да Лев Толсой сауалы делік.
* * *
Осы күнгі жазба. Әйелі туралы. «Не могу привыкнуть смотреть на ее слова, как на бред. От этого вся моя беда» (с.409).
Не деуге болады? Әйел деген – Тағдыр. Бұл – Лев Толстойдың өз тағдыры. Оған кірісіп сөз айту – басы артық шаруа!
* * *
24 қыркүйек. «Знание и наука – разница. Знание – все, наука – часть. Так же, как разница между религией и церковью» (с. 410).
Шіркеу туралы ешнәрсе айта алмаймын. Өзге халықтың діні туралы айтқан жөн емес. Лев Толстой болса, өзі – орыс халқының ұлы. Білім мен ғылым деген ойы дұрыс. Білім – кең ұғым. Ғылым білімнің – шыңы, биігі, нәтижесі, көркі.
Ғылым көркем әлем деп түсінемін. Әрине, ғылымның да ғылымы бар, оның залалдары мен пайдасы дегенде, тастың басын қайсысы алып кетпек? Айту қиын. Сірә, бәрі заманға, сұранысқа қатысты болса керек. Бүгінде ғылым орнын технология ығыстырып барады, бұл қауіпті. Ойымды өрбітпей-ақ қояйын, бұл жұртшылыққа белгілі жай, мысалы клон, робот дегендермен әуестенушілік.
* * *
29 қыркүйек. «…только бы перед богом быть чистым. И сейчас сознаешь радость жизни…» (с.411).
Құдай алдында таза болу. Ар алдындағы тазалық. Биік нысана. Рух тазалығы. Ол үшін күнәлі, кінәлі ғұмыр кешсең не болғаны. Міне, мәселе!!
* * *
2 қазан. «Вчера чтение рассказа Мопассана навело меня на желание изобразить пошлость жизни, как я ее знаю, а ночью пришла в голову мысль поместить среди этой пошлости живого духовно человека. О, как хорошо! Может быть и будет» (с.412-413).
Жазушының бұл ойы іске аспады. Ондай іске уақыт қалмаған болатын. Лев Толстойдың ғұмыры аяқталуға жақындап қалған. Үнемі адамның ойы ояу, үміті тірі. Мопассан шығармаларынан рухани бай жан табу қиын. Бірақ жан қиналысы бар.
* * *
6 қазан. Ой тоқтататын мәселе: Адам әлемнің қай кеңістігінде? «Из тех существ, которых мы знаем, да – человек выше других, но как вниз от человека бесконечно низших существ, которых мы отчасти знаем, так и вверх дожна быть бесконечность высших существ, которых мы не знаем потому, что не можеш знать. И тут-то при таком положении человека говорить о каком- нибудь величии в нем-смешно» (с. 413-414).
Адам тегі әлемнің бір шегі емес, оның ішіндегі бір мәнісі болса керек. Адамнан жоғары рухани тіршілік иелері бар, төменгі тіршілік иелері бар, бірақ оларды білу керек пе екен?
* * *
8 қазан. Опять поправлял «О социализме» (с.415). Лев Толстой социалзим туралы жиі айта бастаған, бірақ осы мақаласының тағдыры белгісіз. 536-бетте мынандай түсініктеме бар. «Статья Толстого «О социализме» осталось в Ясной Поляне. Она не была завершена (см. ППС. т. 38).
Тауып танысқаным жөн болар еді.
* * *
12 қазан. «….читал Достоевского. Хороши описания, хотя какие-то шуточки, многословные и мало смешные, мешают. Разговоры же невозможны, совершенно неестественны» (с.415). Ол «Ағайынды Коромозовтардың» бірінші кітабын оқыған.
Достоевский туралы кейінірек ойланып жазамын, уақыт болса. Ол – идея ұсынуға шебер қаламгер.
* * *
13 қазан. Лев Толстой әйелі туралы толық мінездеме берген. «София Андреевна очень взволнованна и страдает. Казалось бы, так просто то, что предстоит ей: доживать старческие годы в согласии и любви с мужем, не вмешиваясь в его дело и жизнь. Но нет, ей хочется – бог знает чего хочется – хочется мучить себя. Разумеется, болезнь, и нельзя не жалеть» (с. 415).
Жағдайлары отбасында осылай болған. Өкінішті, бірақ әйелі ауру болғанға ұқсайды. Дерт психикаға қатысты болса керек.
* * *
18 қазан. «Все слаб. Слава богу, без желания чувствую хорошую готовность смерти» (с. 416).
* * *
19 қазан. «Здоровье худо. Близка перемена» Достоевский оқып, оған сын айтқан. «Социализм туралы» мақаланы түзеткен. Атқа мініп серуендеген.
* * *
27 қазан. Монтеньді оқыған (с.418).
* * *
28 қазан. «Отвращение и возмушение (әйеліне) растет, задыхаюсь, считаю пульс: 97. Не могу лежать и вдруг принимаю окончательное решение уехать. Пишу ей письмо». 535-беттегі түсініктемеде: «Толстой писал: «Отъезд мой огорчит тебя. Сожалею об этом, но пойми и поверь, что я не мог поступить иначе. Положение мое в доме становится, стало невыносимым. Кроме всего другого, я не могу более жить в тех условиях роскоши, в которых жил, и делаю то, что обыкновенно делают старики моего возраста: уходят из мирской жизни, чтобы жить в уединении и тиши последние дни своей жизни. Пожалуйста, пойми это и не езди за мной, если и узнаешь, где я» (т.18. с.502).
* * *
30 қазан. «Очень слаб, сонлив, а это дурной признак. Читал Новоселовскую философскую библиотеку, очень интересно. Моя статья «О социализме» пропала. Жалко. Нет, не жалко. Приехала Саша. Я очень образовался. Письма от сыновей. Ходил утром нанимать хату в Шамордине. Очень устал.
Написал письмо Софье Андреевне. Түсініктемеден. Толстой жазған: «Свидание наше и тем более возвращение мое теперь совершенно невозможно. Для тебя это было бы, как все говорят, в высшей степени вредно, для меня же это было бы ужасно, так как теперь мое положение, вследствие твоей возбужденности, раздражения, болезненного состояния стало бы, если это только возможно, еще хуже. Советую тебе примириться с тем, что случилось, устроиться в своем новом, на время, положении, а главное – лечиться». (с. 536).
31 қазан. Астапово. «Все там в Шарапове. Саша, и забеспокоились, что нас догонят, и мы поехали. В Козельске Саша догнала, сели, поехали. Ехали хорошо, но в 5-м часу стало знобить, потом 40 градусов темпе-ратуры, остановились в Астапове. Любезный начальник станции дал прекрасные две комнаты».
* * *
Және ең соңғы күнделіктегі жазба.
3 қараша. Астапово. «Ночь была тяжелая. Лежал в жару два дня. 2-го приехал Чертков. Говорят, что Софья Андреевна. В ночь приехал Сережа, очень тронул меня. Нынче, 3-го, Никитин, Таня, потом Гольден-вейзер и Иван Иванович. Вот и план мой. Французша «Делай, что должно, пусть будет…
И все это на благо и другим и, главное, мне» (с. 420).
* * *
Күнделік аяқталды. Лев Толстойдың соңғы жазбасы. Дүниеден өтерде қасындағыларға не айтты, ол жағынан хабарсызбыз. Өзінің Құдай жолында екенін, саяси жолмен Құдайына бара жатқанан айта алды ма екен?! Дерек жоқ.
Ясная Полянадағы Лев Толстой зиратының басында еш діни белгі орнатылмаған. Өсиет солай. Діни рәсімдер жүргізілмеген. Ол да өсиет. Алайда 1895 жылдан бастап, 1910 жылдың 3 қарашасына дейін жазған жазбаларын мен өсиет, өнеге деп қабылдаймын.
Р.S. Түсініктемеде мынандай ақпарат берілген. «Утром 31 октября Толстой вместе с Д.П Маковицким виехан из Шамордина через Козельск на юг, в направлении Кавказа. Но по пути он тяжело заболел и сошел на ст. Астапово. Рязоно-Уральской ж.д. (ныне ст. Лев Толстой), где 7 ноября 1910 года скончался (с. 536).
* * *
Күнделікті мұқият әлденеше рет оқыдым. Оған 4-5 жылдай уақытым кетті. Әрине, күнде-күнде емес, қолым тигенде қарастырып қойып жүрдім. Лев Толстой бірте-бірте ашыла береді. «Анна Каренина» мен «Соғыс және бейбітшілік» кинофильмдерін әлденеше рет көргем. Жуырда «Соғыс және бейбітшілік» кинофильмін шетелдіктер түсірген нұсқасын көрдім, қабылдай алмадым. Шынын айтсам, солардың ешқайсысы маған «Күнделіктегі» мен Мінәжаттан (исповедь) артық әсер қалдырмаған секілді. Әрине, «Отец Сергий» кинофильмі – сәтті шыққан дүние. Жуырда «Қажымұратты» қайталап оқып шықтым. Бұл шығарма жазушының көзі тірісінде жарық көрмеген. Уақыт болса, «Воскресенье» романын қайталап оқып шықпақпын, бұл – қаламгердің соңғы ірі шығармасы. Бұл шығарма – Лев Толстойдың алпыстан әбден асқан шағында дүниеге келген туынды. Ойланып оқып көрмекшімін, Алла бұйырса!
Лев Толстой туралы түйін сөз айтсам, оған Ресей өңірінде тең келетін қаламгер де, ойшыл да жоқ. Керемет Тұлға.
Ол өлер алдында Кавказға бет алды. Неге! Бұл – Толстой жұмбағы!
*GE*
Мұң романын аяқтап қалдым. Алайда, әлі айтпағандар бар секілді. Сірә, мұң – иесі адамның өзі дегенді айту керек шығар. Депрессия дегеннің мұңға қатысы қандай? Мұңлы жан ойлы жан дейміз. Ойдың өзі дертке бастайтын іс емес пе екен?! Ой қамауынан шығудың өзі мәселе! Ойдың түбі – мұң емес пе?!
* * *
Иә, сонымен «Мұң» туралы сөз таусылды ма? Жоқ. Таусылуы мүмкін емес. Әркімнің жария етер де, құпия-сыр етіп, өзімен бірге алып кетер мұң-санасы бар. Жағдай осылай.
Мұң туралы сөз айту кімнің қолынан келмек. Білуші – бір Алла тағала.
Мұңға қатысты әңгіме ешқашан сарқылмайды. Мұң сарынын ақырзаман деген ой пайда болған. Ақырзаман кімге ақырзаман? Әрине, адамдарға, ал Жаратушыға ақырзаман жоқ.
Ақырзаманды, сірә адамдар өз қолдарымен жасайды-ау деймін. Адамдар мейлінше адамдарды қырып-жою құрал, тәсілдерін жетілдірумен жанталаса әрекеттенуде. Бұл үрдістің тоқталатын түрі жоқ. Оны тоқтата алатын күш әлсіз. Шайтандық үстемдік алған дәуірде осылай болмақ. Білетін анық нәрсем, адамзат тура жолға, яғни мұсылмандық жолға түсуі қажет, мүмкін сол жағдайда ақырзаман мәселесі күн тәртібінен түспек. Әзірше адамзаттың басына төнген қауіп-қатерлер самсап тұр. «Тоқта» дейтін әлемдік деңгейдегі, бәрі сөзін тыңдайтын тұлға жоқ. Қауіпті жағдай, пайғамбары жоқ дәуірде ғұмыр кешудеміз.
Адамзатты адасудан сақтаушы – пайғамбарлар, әулиелер және хакімдер, ойшыл Абай хакімдердің діндері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларсыз дүние ойран болады деген.
Әлемді ақырзаманнан сақтап қалушы хакімдер әр заманда, әр ғасырда, әр елде, әр мемлекетте болған және бола да береді.
Адамзаттың келешектен үміті – хакімдерде.

Пікір қалдыру