«Өз-Ағайындарыма – арнаймын…» –
Автор.
( трагедия )
О қ и ғ а – ХХ-ғасырдың басында өтеді.
К Е Й І П К Е Р Л Е Р :
Ж ы р — Ғ а й ы п .
Е р л а н -Ш а й х ы – Жаңғырық.
М ә д и .
Қ а қ а б а й – Ресей Патшалығының Қазақтар арасындағы Өкілі –
Кеңес Төрағасы.
Қ а қ а б а й
Ж ү с і п
Б е п а у – «Алты-Ағайын».
Қ о с ы қ
Ш ә п и
Б ә п и
Н ү р и л ә – Мәдидің Атастырылған Қалыңдығы.
Ө м і р з а қ – Бай –
Нүриләнің Әкесі.
Қ а з и – Мәдидің Бәйбішесі.
Д и н а – Мәдидің Тоқалы.
« Ж е т і м — Ш а л ».
Қ а р а — Б а л а .
М а л ш ы — Б а л а .
«Қ а қ а б а й д ы ң Ж е н д е т і » –
«Қ-Ж» – Жасауыл – «Охрана».
А т ш а б а р – Өмірзақтың
Қызметшісі.
Ө м і р з а қ т ы ң Қ о с ы н ы .
Н ү р и л ә н і ң Н ө к е р і .
Қ а қ а б а й д ы ң
Ж а н д а й ш а п т а р ы .
М ә д и – Д а у ы с .
Д а у ы с .
Д а у ы с т а р .
Х а л ы қ .
БІРІНШІ БӨЛІМ
АЛ, ДҮНИЕ…
Е р л а н — Ш а й х ы
(Жақындай – бере).
Ассалаумаағалейкум,
Ғайып-Көке?!
Ж ы р — Ғ а й ы п
Уағалейкум-ассалам…
Аманбысың,
Ерлан-Батыр?!
Е р л а н — Ш а й х ы
Аманның –
«Жаманымын»,
Көке…
Ж ы р — Ғ а й ы п
Неге,
Олай –
Дейсің,
Жаным?!
Е р л а н — Ш а й х ы
Дей-м…
Уайымын –
Жей-м…
Ой,
Қайнайды ғой,
Қаным…
«Жаманмын» –
Демей,
Не –
Дей-м:
Алма-Ғайып –
Заманда,
«Хан-Талапай» –
Қоғамда:
«Жер» –
Ылайсаң,
«Жол» –
Тайғақ…
…Хаяу-Жалпы –
Жайдақ,
Жығылып-Сүрінген,
Таланмын –
Кер…
…«Аяғым» –
Талып,
Әрең –
Жеттім,
Сізге,
«Жаяу-Мұсалап»!
…«Оңған» –
Бірін,
Көрмедім?!
Неліктен,
Бұлай,
Кө-Ке…
Ж ы р — Ғ а й ы п
Кімді,
Айтасың…
Е р л а н — Ш а й х ы
Құдай –
Берген,
Хас-Өнері:
Қасіретіне –
Айналған…
Жаппай –
«Тұсаулы»,
Өңкей –
«Құсаулы»,
Ыңғай –
«Шерлі»,
«Шерменде»…
«Байғұстарды» –
Айтам…
Ж ы р — Ғ а й ы п
Мысалы…
Кіміңді?!
Е р л а н — Ш а й х ы
«Сіз» –
Тәрізді,
«Мен» –
Сияқты:
«Ішкені» –
Ірің,
«Жегені» –
Желімдерді,
Бүгінгі…
Ж ы р — Ғ а й ы п
Е-…
Дегені-ай,
Құлыным…
(Күңіреніп)
Қашанда,
Түгел –
Есебі:
Хақтың,
Тылсым –
Көгені-ай…
(Бекіп)
…Айт!
Айтып –
Қал,
Кешегі…
Қырғын –
«Қиямет-Қайымды»,
«Ел» –
Болсам деп,
Еңіреп:
Үзгендерді –
«Жұлынын»…
Е р л а н — Ш а й х ы
Бөрі,
Бекер –
Ұлымайды?!
Айтсам,
Айтам:
«Ақан-Сері»,
«Сал-Біржан…
«Үкілі-Ыбырайды»…
Ж ы р — Ғ а й ы п
«Олармен»,
Екі –
Ортада:
Тұтастай –
«Жалған»…
Е р л а н — Ш а й х ы
Ия!
«Дүние –
Жалған» –
Жатыр…
Мақұлы!
Солардың –
Ішіндегі,
Екеумізге,
Ең –
Жақыны:
Мәди –
«Арман-Қапыл»…
Ж ы р — Ғ а й ы п
Оң –
Айтасың,
Оң…
Таяу –
«Заман-Ақыр»…
(Ерлан, «Мәдиге» –
айнала бастайды…).
Бірінші көрініс
Ж а ң ғ ы р ы қ
«1906 жылғы 15 декабрь.
Жетінші ауыл халық сотының шешімі.
Талапкер – Шәфи Алшынбаев:
Менің ауылдасым Мәди Бәпиұлы 14 декабрь күні қорамды бұзып, 4 қойымды алып кетті. Біз Жанғұл Бепауұлы және Сламбек Жүсіпов екеуміз артынан қуып бардық. Малды Мәди бермеді.
Сот ағасы: Мәди сотқа келмей отыр. Жетінші ауылдың старшын биі Моллажан Медеуов арнап барып шақырса да келмеді. Ол жөнінде Медеуовтың жазбаша түсінігі бар.
Куәлар: Жанғұл Бепауұлы, Сламбек Жүсіпов, талапер Шәфи Алшыбаевтың айтқандарын бекітті: Декабрьдің 14 күні Мәдидің қораны бұзып, 4 қойды алып кеткені рас…
ҮКІМ:
Мәди Бәпиұлын – 3 ай түрмеге қамауға. Билік етуші сот ағасы: Қосық Алшынбаев, Едірей болысы Сламбек Жүсіпов: Мөрімді бастым…»
М ә д и – Д а у ы с
«Абақты қатар-қатар болады екен,
Ішіне жақсы-жаман толады екен.
Ішіне Абақтының кіріп барсаң,
Көңілің су сепкендей болады екен…»…
Д а у ы с т а р
– Мәдиге – жала жабушылар, куә болушылар һәм
үкім кесушілердің әммәсі – «Алшынбаевтар»…
– Сұмдық-ай, ә…
– Қай бетімді – жыртайын, Ойбай…
– Масқара…
– Шәпи – Мәдидің Әкесі Бәпидің, қазақшалап айтқанда,
«бір саптан, бір – қаптан»…
– Құдай-ау, «бір-көттен шыққан» – туған ағасы емес пе?!
– Өлі-Аруақтан, Құдайдан – қорықпай ма, тым болмаса…
– Оны – айтасың: Әрі – Куә, Әрі – Үкімді бекіткен
Сламбек-Болыс та, Мәдидің – Бауырлас-Ағасы. Бепау да…
Жанғұл – соның баласы… Билік етуші – Қосық Алшынбаев та,
Бепаумен – «Жатырлас»… Бәрі, Түгелімен – «Алшынбаевтар»…
– Ой, Сорым-ай…
– Сонда, қалай?! «Бұлар», Бүкіл-Иісі-Қазақты – меншіктеп
Алған ба, Езіп-Жаншып…
– Әлім-Сақтан, Солай – емес пе… Бүгін де – Солай…
– Ертең де – солай болса, қайтеміз?!
– Болған да – қандай…
– Е, «Балық – Басынан шіриді» – екен ғой…
– Енді, білдің бе, Соны, Зән-Талақ!
– Қойыңдар-шы, Түге… Миды – шірітпей! Мейлі,
Бірі – Өліп, Бірі – Қалсын, Білгендерін – Қылсын,
Ұйлығысып – Ылыққан-Иттер…
– О, Жаратқан-Ием, Өзің – Жарылқай гөр…
«Не-шауа», «Бас-Жарылса, Бөрік – ішінде,
Қол – сынса, Жең – ішінде…»
– Қорықпа, Бауырым?! «Көресіміздің – Сорақысы», Әлі – Алдымызда…
ЕКІНШІ КӨРІНІС
Қақабайдың – Үйі… Қақабай – Өмірзақ…
Қ а қ а б а й
Өм-Ке…
(Ойланған – боп…)
Көптен,
Көкейімді –
Тесіп,
Кеңірдектеп…
Өзіңізбен,
Оңаша –
Отырып,
Шешсем –
Деп,
Жүрген –
Шаруам еді,
Қапыл:
Сізді,
Шұғыл –
Шақыртқаным…
Жер –
Шалғай,
Ел –
Шеттеу…
Оның –
Үстіне:
Нұриләні –
Нөкерлеп,
Жігіт-Қосыныңды –
Бірге,
Ала –
Келіпсіз…
Шаршаңқырап –
Қалмадыңыз ба,
Құдасы…
…Айыпқа –
Бұйырмаңыз?!
Ө м і р з а қ
О,
Не –
Дегеніңіз…
О,
Не –
Дегеніңіз:
Құр –
Болмасқа,
Уайым –
Жегеніңіз?!
Қа-Қа…
Құдам?!
Құдай –
Қосқаным!
Сіз –
Шақырсаңыз:
Мен,
Мынау –
Іргедегі,
«Бүйен-Тұйық» –
Түгілі,
Сонау –
«Ит Арқасы»,
Түп-Қиян –
«Шәуешектен»,
«Шауып» –
Келем,
Емес –
Пе…
Ойбай-ау!
Шаршағам –
Жоқ,
Шаршағам –
Жоқ…
Қайта,
Сіздің –
Қасыңызда:
Құлындай –
Қунап..
О,
Не –
Дегеніңіз…
О,
Не –
Дегеніңіз,
Қа-қа…
Құда:
Құдай –
Қосқаным,
Құдай…
(Көкке, Қол-жайып)
Өткенде –
Жарылқаған,
Енді,
Ұзағынан –
Сүйіндірсін,
«Ол» –
Бізді?!
(Бетін – сипап)
Аумин…
М а л ш ы – Б а л а
(Үрейлене – кіріп).
Ата,
Түнде –
Біреулер,
Алабұзауды –
Сойып,
Таң –
Атқанша,
Тойып,
Етіне –
Әбден…
Терісі мен
Басын тастап,
Құлағына –
«Қағаз»…
Қыстырып кетіпті,
Міне…
(Ораулы –
Теріні,
Қақабайдың алдына –
Тастап…)
Мәди –
Ме… деп…
Ойлаймын:
Кім –
Екенін,
Таппай –
Қоймаймын…
Қ а қ а б а й
Тұра –
Тұр…
(Жайлап басып,
Бұзау терісін –
Жайып, Басын – лақтырып тастап, Құлағына қыстырған «Қағазға» – үңіліп…
Үнсіз – оқып шығып)
Мына –
Иттің басынуын-ай!
«Мәди» –
Деп,
«Қолына» –
Дейін.
Қойып кетіпті?!
Ө м і р з а қ (Шошынып).
Не –
Дейд…
Байғұс-ау?!
Қ а қ а б а й
(Мәдиге, Сыртынан – қыр көрсетіп).
Саспа,
Бәлем!
Осыныңнан –
Кейін,
Мен,
Сенің –
Көзіңе көк шыбын үймелетіп,
Абақтыда –
Шірітпесем,
Қақабай –
Болмай-Кетейін!
Сені –
Ме…
Мәди!!!
(Өмірзаққа, «Сіз»-ден,
«Сен»-ге – көшіп)
Ей,
Өмірзақ,
Оқы!
(«Қағазды» – беріп-жатып)
«Қара» –
Танитын ба едің,
Өзің!
Ө м і р з а қ (Сасқалақтап).
Ойбай-ау,
Қайдан –
Тани-м…
Қ а қ а б а й («Қағазды»,
Қолына – алып).
Онда,
Тыңда,
«Күйеу-Сымағыңның»,
Не –
Шатқанын
(Оқып):
«Дегенде ала бұзау, ала бұзау!
Әлі де ер жетпеген бала бұзау!
Қиылдың қыршыныңнан
жастай тіпті,
Осылай бәріміз де қаламыз-ау!
Қайғырып қапаланба, Қақабайым,
Барқылдап, бақылдама бақадайын!
Саған шер болғанымен
маған – шаттық,
Етін жеп кекірейін, қақалайын.
Бұзаудың топырағы торқа болсын,
Саған сор, бізге майлы
сорпа болсын!
Бұзаудың жеп қойды етін
«жеті жендет»,
Әр уақыт оларда да орта толсын. –
Мәди.»
Сұмдық қой,
Бұл!
Масқара!!
Басқа –
Басқа,
Айдың Күні Аманда,
Құдайы-Қонағым –
Өмірзақ-Баймен,
Оңаша –
Отырыс жасап…
Отырғанымда:
Құрметімді –
Бұзып,
Құлдығымды –
Үзіп…
Ө м і р з а қ
Қойыңыз,
Қа-қа…
«Жаман-Ырым» –
Бастамай…
Қ а қ а б а й
(Жалған-Күйініп).
Әй,
Бүлдірді-ау,
Бүлдірді:
Жігерімді –
Құм,
Төзімімді –
Бүл қылды…
Бұдан –
Арғысына,
Қалай –
Көнем…
Бұл –
Жүгермектің,
Қу-Шұнақ!
(Малшы-Балаға)
Сен –
Шыға бер!
Маған,
Жасауылды –
Шақыр,
Жылдам…
(Малшы-Бала –
шығып кетісімен,
Өмірзаққа)
Нүрилә –
Келді –дедің бе?!
Ө м і р з а қ
Ия,
Келді,
Атастырылған –
Соң…
Бағзы –
«Әдеп-Ғұрып»:
Бойын жазсын –
Дегенмін…
Салтанатын –
Құрып?!
Қ а қ а б а й
Ол,
Қайда –
Қазір?!
Ө м і р з а қ
Мәди,
Бізді –
Жолдан тосып,
«Әке-Көкелеп»,
Нүриләні –
Алып кеткен,
Қыз-Қырқынымен –
Қосып…
Қ а қ а б а й
Қайда –
Дедім ғой…
Ө м і р з а қ
Қыр-Басында –
«Алты-Бақанда» –
Сауық-Сайранда…
…Қошық!
Қ а қ а б а й
(Терісіне – симай).
Мен,
«Оның»:
«Қырының Басын» –
Қайран,
Сауығын-Сайранын,
Ойран –
Қыламын,
Бүгін…
Жетер!
Бұдан-Арғым –
Бекер!
(Өмірзаққа).
Үрімнен-Бұрын –
Таныс-Біліспіз,
Ұлтқа –
Бергісіз,
Ұлыспыз:
«Тебіскен»,
Тай-Құлындай –
Тату-Тәтті,
Алыс-Беріс –
Құда-Құдабанды,
Аса –
Құрметлу…
Қадырменді –
Дос-Жар едік!
Құдай –
Куә,
Қай-Іске –
Болсын,
«Бар» –
Едік…
Ө м і р з а қ
Ой,
Қа-Қа,
Оның,
Несін –
Айтасыз,
Несін?!
«Сөз» –
Бар ма,
Оған..
«Көз» –
Тимесін,
«Көз»…
Қ а қ а б а й
Тиді-ау,
Сол –
«Көз»,
Тиді:
Өндірім –
Қурап-Кеуіп,
Өзегім –
Өртеніп-Күйді-ау,
Күйді…
(«Шөгіп» – қалады…)
Ө м і р з а қ
Тұрыңыз,
Қа-қа…
Тұрыңыз:
Бір –
Амалы,
«Табылар»…
Сіз,
«Жүн» –
Жемеңіз,
Біз,
«Жабағы» –
Тышпайық…
Тұр,
Досым…
Қ а қ а б а й
«Досым» –
Дедің бе…
Ө м і р з а қ
Енді,
Қалай…
Қ а қ а б а й
(Жайланып)
Е,
Бәсе…
«Құда» –
Ма…
Десем:
«Дос» –
Екенсің ғой,
«Мың-Жылдық»!
(Өмірзақтың, Арқасынан –
қағып)
Жарадың,
Өм-Кем,
Жарадың…
Бұл,
«Бала» –
Дегеннің:
«Өзін» –
Туғанмен,
«Кезін»
Тумайды екенсің,
Не –
Масқара…
Кірерге –
«Есік»,
Сұғарға –
«Тесік»,
Таба алмай…
Аңырып –
Тұрғанымда…
Ө м і р з а қ
Не –
Істе дейсің,
Маған?!
Қ а қ а б а й
«Құдалдықты» –
Бұзамыз!
Ө м і р з а қ
Сонда…
Қ а қ а б а й
Есепті,
Достың,
Айырылмасын –
Білесің,
Өмірзақ!
«Қалың-Малым»,
Сенде –
Қалады…
«Берген»!
Қам –
Жеме?!
«Кейінгісін»,
Көре –
Жатармыз…
«Жақын-Жұраттан» –
Келген!
Ө м і р з а қ
«Нүриләні»…
Қ а қ а б а й
«Алып» –
Кет,
«Өмірзақ»-
Амалдап,
Жылатпай…
«Жөні» –
Түзу,
Басқа –
Адамға,
Ұзат!
Жанына –
Жара,
Жүрегіне –
Сызат…
Түсірме,
Қызыңның?!
Ө м і р з а қ (Бекіп).
Онда,
Шықтым,
«Қырдың –
Басына»,
Қақабай,
Шықтым:
Құр –
Шықпадым,
«Шығып» –
Бара жатып,
Қайта –
«Құдаласатынымызды» –
Ұқтым..
…Одан,
«Артыққа» –
Бармадым,
Бағзыдағыдай:
«Бай –
Байға,
Сай –
Сайға құйсын!» –
Деп.
Хайыр,
Қош!!
Қ а қ а б а й
Қош,
Әл-Әзір!
Соңыңнан,
«Жасауылымды» –
Аттандырам:
Сол,
Шешеді –
«Қалғанын!
(Жасауыл – кіреді)
Міне,
Өзі де –
Келіп-Жетті…
(Өмірзақ – шығып кетеді…
Жасауылға)
«Жасағыңды –
Ал да:
«Қыр Басына» –
Тарт!
Аямаңдар –
Мәдиді:
«Шын-Әкесін» –
Танытыңдар!
«Алты-Бақанын» –
Аластап,
Алаңқайын –
Шаңытыңдар!
«Сойылға» –
Жығыңдар!
Ұрып-Соғыңдар!
«Аяқ-Қолын» –
Кісендеп
«Абақтыға» –
Айдаңдар!
«Іс-Қағаздарын» –
Реттеп,
«Түрмеге» –
Тоғытыңдар!
«Бейбіт-Елдің,
Тыныштығын –
Бұзды,
Өмірзақ-Байдың,
Қызметші-Жігітінің,
«Көк-Желкесін» –
Үзді..
…Жәй –
Халықтың,
Берекесін –
Кетірді,
Әбден…» –
Деңдер,
«Рәсімдеп»…
Әгәрәки,
«Адам» –
Шығыны,
Боп –
Жатса:
«Ұзағырақ» –
Мерзімге…
Ал,
Аттан…
Ж а с а у ы л
Құп –
Болады,
Құрметтім…
(Шығып – кетеді…)
Қ а қ а б а й
Ия…
«Мылтықтың –
Басуына:
Қоянның –
Қашуы»:
Себеп –
Боп,
Тұрғандай…
…Уа,
Алла?!
(Көкке)
«Ала-Бұзауым» –
Шалған,
«Құрбандығым –
Болсын,
Саған?!
Әп-Сәтте,
Бәрін:
«Сәйкестендіріп» –
Қойғаныңды,
Қарашы…
(Қолын – Жайып)
Енді,
Қалған –
«Ойға-Алғандарымды»,
Оңғара –
Гөр,
Өзің…
(Бетін – сипап)
Аумин!
(«Көлеңкесі» – ұзарып…)…
ҮШІНШІ КӨРІНІС
Қырдың Басы… Жастар Жиыны…
«Алты-Бақан»… Қыздар-Жігіттер…
Қазақы – Ойын-Күлкі… Сауық-Сайран…
Мәди мен Нүрилә – Ортада…
М ә д и
(Нүриләға – арнап).
Көптен,
«Айтпап» –
Ем…
(«Сұржелгеншені» – орындап)
«Жылқымды айдап
салдым тепсең жерге,
Шықпайды сіздей адам
ексем жерге.
Намазшам-
Намаздыгер арасында,
Тимейді асыққаннан
өкшем жерге.
Беу,
Қалқа,
Хош-Есен –
Бол,
Біз –
Келгенше…
…Бұ-
Дүние,
Өте-Шығар –
«Сұржелгенше»…»
(Төменгі жақтан, «Аттандаған!» дауыстар естіліп,
«Сойыл» көтерген Атты Адамдар – көрінеді…)
А т ш а б а р
(Атынан – қарғып түсіп).
Тоқтатыңдар,
«Жын-Ойнақтарыңды»!
Тоқтатыңдар…
(Мәдиге, төніп – келіп)
«Тоқта» –
Дедім ғой,
Мен,
Саған?!
М ә д и (Көңіл – бөлмей).
Сен,
Кімсің…
А т ш а б а р
Мен,
Өмірзақ-Байдың –
Атшабарымын…
М ә д и
Енді,
Шаппаймысың,
«Атыңды»?!
А т ш а б а р (Түсінбей).
Қандай,
«Ат»…
М ә д и
«Дігі-Дік»,
Дігі-Дік,
Дігі-Дік…»…
(Жұрт, «Қыран-Топан» – күліп)
«Дігі-Дік,
Дігі-дік…»…
А т ш а б а р
Жетер!
Тоқтат…
М ә д и
Жетпесе,
Нетесің?!
А т ш а б а р
«Мүрдем» –
Кетесің…
(«Сойыл» – көтеріп)
«Мүлдем»…
М ә д и
«Пәлесін» –
Қарай гөр…
(Атшабар, «Сойылын» – сілтей
бергенде,Қақ-Маңдайынан, «Шоқпардай-Шойын-Жұдырығымен» –
Бір-Ұрып, «Жалп» – еткізеді…)
«Дәмесінің» –
Зорын…
А т ш а б а р
(Есін – әрең жиып…)
Енді,
Ұрма,
Ұрма…
Ұра –
Көрме?!
Ойбай,
Қолым…
М ә д и
Онда,
Тұрма,
Бұл –
Жерде…
Зыт!
А т ш а б а р
Мәди-жан,
Мен,
Нүр…
Нүр…
Нүриләға –
Келдім,
Нүриләға…
М ә д и
Е,
Солай –
Десең-ші,
Онан да…
Келе –
Сала,
«Бишігіңді» –
Ойнатқанша,
«Төбемде»!
Жарай-д…
(Нүриләға)
…Саған –
Кепті,
«Ағаң»…
Н ү р и л ә
Не –
Дей-д…
М ә д и
Саған –
Келдім,
Дейді.
Н ү р и л ә
(Атшабарға).
Неге –
Келдіңіз,
Ағасы…
Не-ғып –
Жүрсіз?!
А т ш а б а р
«Әкең» –
Шақырып…
Н ұ р и л ә
Неге?!
Жәй –
Ме,
Әйтеуір…
А т ш а б а р
(«Не» – дерге білмей,
Сасқалақтап)
…«Шешең»…
«Шешең» –
Өліп…
Қапты…
Н ү р и л ә
Не –
Дейсіз,
Ойбай…
Ол –
«Кісі»…
Мен –
Кетерде…
А т ш а б а р
Жүр,
Жүр,
Нүрилә…
«Әкең» –
Күтіп қалды…
(Аташабардың, тосыннан айтқан,
Бұл – Хабарынан шошынған,
Қыз-Нөкерлері,
Нұриләні, «әй-шәйға» – қаратпай,
ала – жөнеледі…)
Н ү р и л ә
Анашым-ау…
М ә д и
(«Қырдың Басына»,
Қаптап – келе жатқан,
«Қақабай Жендеттерімен»,
шегіне – ұрыс салып, алыстап бара жатқан – Нүриләға)
Нү-Ри-Лә…
«Шешең» –
Өлген –
Жоқ,
Сенің!
«Шешең»,
Өлген –
Жоқ,
Анаң –
Аман…
…«Өлген» –
Мен,
Нүрилә,
Мен…
«Бұдан» –
Былай,
Сен –
Үшін…
Мұның –
«Бәрі»:
Мені,
«Өлтіру» –
Үшін,
Жасалған,
«Қақабайдың –
Қойылымы»,
Соның,
«Қол-Таңбасы» –
Бұл…
…Хайыр,
Қош,
Қалқам…
«Мәшһарда» –
Кезігуге,
«Жазсын» –
Бізді,
Жаным…
(«Жан-Дауысы» – шыға)
«Қа-Қа-Бай»…
Мен,
Сені –
Әлі…
«Көріңде»,
Өкіртетін –
Боламын,
Кәззап…
Ж а с а у ы л
(Мәдидің, Ту – Сыртынан).
Ұстаңдар,
Мынаны…
(Жасағына)
«Сойылға» –
Жығыңдар!
«Аяқ-Қолын» –
Кісендеп,
«Абақтыға» –
Айдаңдар…
М ә д и
(«Лап» қойған, «Қан-Қасапқа)
Өй…
Қараңғыдан,
Жарыққа –
Жайдым-Құшақ,
«Мыңмен,
Жалғыз,
Алысқан…»,
Абай –
Құсап:
Жазылмайтын,
Жаныма –
Жара салды,
Жүрегіме –
Қадалып,
«Надан-Пышақ»…
Кел…
Келіңдер,
Кәні…
Мен,
Сендерге:
«Әзірет-Әлінің –
Ат-Ойынын»,
Көрсетейін…
(Әрі қарай, «Қыр Басындағы
Қырғын» –
Басталады… Мәди, Арыстандай – Ақырып:
«Төбелес» – Өнерін, Әлемдік – Шарықтау
Шегіне Жеткізеді…)
Мә,
Саған,
Мә…
(«Қыр Басындағы Қырғынды»,
«Табыспен» – аяқтаған,
«Мәди-Дүлей»:
Қыр Етегіндегі Қалың
Жынысқа – сіңіп, «Жоқ» –
болады…)
Д а у ы с т а р
– Кетті…
– Кетті…
– Қап,
Әт-те-ге-най…
– Енді,
Ұстатпайды,
«Ол»,
Қашқын…
– «Үңгірі» –
Жағына…
Кетті…
– Қайран,
Мәди…
Ж а ң ғ ы р ы қ
«1907 жылы Айғыркөмген деген жерде Мәди тұтқындалып,
Павлодар түрмесіне жабылды.»
«1908 жылы 29-шы қаңтар күні Павлодар халық сотының шешімімен Мәди түрмеден шығарылды…»
«…Түрмеден шығысымен, көп ұзамай, Мәди – үйленіп,
Бір күнде – «Бәйбіше-Тоқалды» болды…»
(Әрі – қарай: «Бәйбіше-Тоқал» – Биі…)
М ә д и — Д а у ы с
Демнің екі түрі бар мен білетін:
Алар демің – санатқа ендіретін.
Шығар дем – шыбыныңды
шырқыратып,
Шындықтың шырағданын
сөндіретін.
Бір дәм әрі болғанда, бір дем – бері,
Дем арасы – жан-тәнің гүлденгені.
Екі дем – Жәбірейіл мен Әзірейілің,
Адам Адам атанған күннен бері.
Екі дем:
Бірі – ілгері,
Бірі – кейін,
Алдымен алар демге жүгінейін.
Шығар дем төңкерердей
таусылған сәт,
Құлшынып құм сағаттай үгілейін.
Екі дем:
Екі дүние – Өмір – Өлім…
Бірін – жеңіп,
Бірінен – жеңілемін.
Екі оттың ортасында ауа қармап,
Жеңсем де, жеңілсем де еңіредім.
Еңіредім!..
Жетеді!
Еңіремен!–
Екі демге иемін,
Тегін емен!
Екі дүние қызығын бірдей көріп,
Мұздай боп мәңгіліктің төріне енем!
Өмір – тозақ, дей алман,
өлім – жұмақ,
Тозақ шыр-пыр жұмақтың
денін құрап.
Тозағымды жұмаққа қимай,
Жүдеп
Жүргенімді кім білсін менің,
бірақ…
ТӨРТІНІШ КӨРІНІС
Қақабай-Мырзаның – Үйі… Есік Алды – Ығы-Жығы…
Мәди – келе жатады…
Д а у ы с т а р
Мәди…
Мәди…
Мәди –
«Мырза-Жігіт»…
Бұл,
Қайдан –
Жүр,
Түн –
Жамылып…
« Қ а қ а б а й д ы ң
Ж е н д е т і »
(Мәдиді – бөгеп…)
Қайдан –
Келесің?!
М ә д и
«Аңнан»…
« Қ — Ж »
Қайда –
Барасың?!
М ә д и
Анда –
Үйіме…
« Қ — Ж »
Қандай –
Үйіңе?!
М ә д и
Өз –
Үйіме.
« Қ — Ж »
«Өз-Үйің»,
Қай –
Үй?!
М ә д и
«Осы»…
« Қ — Ж »
Бұл –
Үй,
Сенің –
Үйің емес…
М ә д и
Енді,
Кімнің –
Үйі?!
« Қ — Ж »
Қақабай-Мырзаның –
Үйі.
М ә д и
Оттама!
Бұл –
Үй…
Менікі!
…Біздікі!
Күллі-Қазақтың –
Үйі,
Найсап!
Бұл –
Үй:
Абылайды –
Хан сайлаған,
Алты Алаштың –
Айбыны,
Қазыбек Бидің
Яки
Күллі-Қазақтың –
Қара Шаңырағы!!
Одан –
Қалса:
Қазыбек Бидің –
«Алтын-Ордасы»,
«Би-Кеңес» –
Құрған…
Одан –
Қалса:
Қазыбек Бидің
Туған Ұлы –
Бекболат,
Бектің –
Үйі!
Одан –
Қалса:
Тіленші…
Одан –
Қалса:
Алшынбайдікі…
Яғни,
Оның –
Немересі:
Менің –
Үйім…
« Қ — Ж »
«Осы» –
Айтқандарыңды,
Растайтын –
«Төл»…
Құжатың –
Бар ма?!
М ә д и
Жо-
Жоқ…
Ол,
Не –
Құжат?!
« Қ — Ж »
Онда,
Кірмейсің!
М ә д и
Неге…
« Қ — Ж »
Бұл –
Үй:
Қақабай-Мырзаның –
Үйі…
Арнайы –
Рәсімделген!
М ә д и
Сен,
Немене…
Мені –
Танымаймысың?!
« Қ — Ж »
Шырамытамын…
М ә д и
Онда,
Неге…
« Қ — Ж »
Сен:
«Аңдудағы» –
Адамсың…
М ә д и
Аңдудағы?!
« Қ — Ж »
Ия…
М ә д и
Сонда,
Бұл –
Үйде,
Не –
Боп жатыр?!
« Қ — Ж »
Жиын!
М ә д и
Қандай –
Жиын?!
« Қ — Ж »
Құпия!
М ә д и
Құпия…
Ол,
Қандай –
Құпия?!
« Қ — Ж »
Айттым –
Ғой…
Құпия!
Құпия!!
Құпия!!!
М ә д и
Ұқпадым…
« Қ — Ж »
Қайдан –
Ұғайын деп едің,
Сен –
«Оны»…
М ә д и
Айтсаң-шы,
Бауырым…
« Қ — Ж »
Мен,
Сенің –
Бауырың емеспін…
…Әл-Әзір!
М ә д и
Неге,
Олай –
Дейсің?!
«Адам» –
Атымыз бар емес пе,
Әлде,
Әз-Әзілмісің,
Зинһар!
(Жан-Қалтасынан,
«Патша-Сөлкебайын» –
суырып)…
« Қ — Ж »
Жо-ғә…
М ә д и
Онда,
(«Сөлкебайды», «Қ-Ж»-ның
қалтасына – сүңгітіп)
Айт!
Де…
Арам-Тамағыңды –
Адалдап же,
Тым –
Болмаса?!
« Қ — Ж »
Жарайды,
Жарай-д…
Айтып –
Көрейін:
(Дауысын – өзгертіп)
«Гражданин»…
Слушай…
Бүгінде,
Бүкіл –
Қазақ Даласында,
Оның,
«Игі-Жақсылары» –
Арасында:
«Персонально»,
Әр –
Жүздің,
Әр –
Рудың,
«Шежірелері» –
Жасалынып,
Тұқыми –
«Көш-Басшыларының»
Тізімі,
Рәсімделіп –
Ресми…
Құпия –
Түрде,
Өте…
Жасырын –
«Жиындар»,
Өткізіліп –
Жатыр…
Т-с-с…
М ә д и
«Бір-Қазақты»:
Өзара –
«Қырық-Пышақтап»,
Осыншама –
Бөлшектеудің,
Кімге –
Қажеті…
Болды –
Екен?!
Не –
Үшін?!
« Қ — Ж »
Халық-Санасын –
Улап,
Ұлт-Есінен –
Тандыру,
Яғни,
Рухсыздандыру –
Үшін…
Ықтиярсыз –
Зар-Күштеп:
Отарлауға –
Мәңгүстеп!
Т-с-с…
Мен,
Мұны…
Саған –
Жаным ашығасын,
Айтып –
Тұрмын,
Әншейін…
М ә д и
Әншейінің,
«Осы» –
Ма?!
« Қ — Ж »
«Осы»…
Бұл –
Да…
«Құпия» –
Өте…
М ә д и
Сен,
«Оны» –
Қайдан білесің?!
« Қ — Ж »
Менің –
Қызметім:
«Бәрін» –
Білу!
Мысалы,
Сенің –
«Руың»…
М ә д и (Сасқалақтап).
Арғын…
« Қ — Ж »
Оның –
«Ішіндегі»…
М ә д и
Әй,
Сен,
Не –
Сандалып тұрсың,
Ырғын?!
« Қ — Ж »
Мен,
Сандалып –
Тұрғам жоқ:
«Руыңды» –
Сұрап тұрмын…
М ә д и (Тілі – Байланып).
…Сұрасаң…
Сұрасаң?..
Сұрасаң –
Руымды…
«Сұрасаң –
Руымды,
«Қаракесек»!»
(Тісін – қышырлатып,
Түсін – суытып)
…Тұр –
Былай,
Жолымнан?!
Бөгеме…
(«Қ-Ж»-ны – қаға-маға)
…Бұ –
Сапар,
«Қолымды» –
Былғамай…
« Қ — Ж »
«Былғатсам –
Ше?!
М ә д и
«Былғатсаң»,
«Құпия» –
Жиындарыңды,
«Қиямет-Қайымға» –
Айналдырамын!
Ұқтың ба,
Әй,
«Ит» –
Бұралқы!!
« Қ — Ж »
Жарайды,
Кір…
Бірақ,
Ұмытпа!
М ә д и
Нені…
« Қ — Ж »
Соңынан,
«Аһ» –
Ұратынын,
Сендей –
Өр-Көкірек:
«Көкектердің»,
Өз –
Атын,
Өздері –
Шақыратынын…
М ә д и
Жә…
(«Үйге» – Беттеп…)…
БЕСІНШІ КӨРІНІС
Қақабай-Мырзаның – Ұжымақ-Мекені…
Төрде: «Алты-Ағайын»: Қақабай, Жүсіп,
Бепау, Қосық, Шәпи, Бәпи…
М ә д и
(Ықтиярсыз – еніп…
Асынған – Шолақ-Мылтығы мен
Саз-Қораптағы – Домбырасын,
Босағаға – сүйей салып…
«Жоралғысындағы»:
Қан-Қан –
Тоғай-Құстарын сүйретіп)
Ас-салау-ма-ға-лей-кум,
Игі-Жақсым?!
Жасырын –
Жат-Ойлыны,
Құдай –
Тапсын…
Қ а қ а б а й («Мундирленіп»).
Пәлі?!
Пәлі…
Суыт,
Суық –
Пошымың,
Адам –
Шошырлық,
Әй-Шәй –
Жоқ…
Артынып-Тартынып,
Келіп –
Қапсың!
М ә д и
Бозала –
Таңнан,
«Аңнан» –
Келемін.
«Үңгірім» –
Маңындағы…
Ғафу –
Өтінемін,
Сәл –
Кешігіп,
Оралдым.
(«Жоралғысындағы»,
Тоғай-Құстарын –
Ортаға тастап…)
Мынау –
«Күтіп-Отырғандарыма»:
Аңшылық-Ырым –
«Жоралғым»,
Қазақы
Тарту-Таралғым…
«Сөге» –
Көрмеңдер?!
(Іле-Шала)
Қақасы,
«Ұзын-Сөздің» –
Қысқасы:
Кішіліктің –
Нұсқасы…
Жүргенімді –
Білесің,
Елден –
Жырақ!
Өкпем –
Талақтай,
Жүрегім –
Жапырақ-Құрақ…
Қ а қ а б а й («Нұрланып»).
Жөн…
М ә д и
…Алдияр,
Келіп –
Тұрмын,
«Арза» –
Айтуға…
Қ а қ а б а й («Нәнденіп»).
Айт,
«Арзаңды,
Бұлданбай –
Мәди-Шырақ!
М ә д и
Айтсам:
«Бір –
Туғандарыңа»,
Болдың –
«Мәті-Би»!
«Енші» –
Алған:
Жүсіп,
Бепау,
Қосық,
Шәпи…
…«Еншісін»,
Әлі –
Күнге,
Ала-Алмаған:
«Ойнастан» –
Туып па еді,
Әкем –
Бәпи!!
Б ә п и
Мұның –
Не…
Не –
Деп кеттің,
Жарығым-ау…
Қасығаның,
Не –
«Қотыр»…
…«Аһ-ылағым»?!
Қ а қ а б а й
Араласпай,
Тек –
Отыр,
Бәпи?!
Айтсын…
Құссын –
Запыранын,
Күшеніп-Тышанып!
М ә д и
Қақасы!
Айтсам:
Мұның,
Сенің –
«Төтен-Зорлық»!
Аруақ-Құдайды –
Ұмытқан,
«Көтен-Зорлық»!!
«Әкенің,
Малайланып –
Жүргендігі»:
«Есі» –
Кірген…
«Балаға»,
Екен –
Қорлық!!!
Қ а қ а б а й
Жасауыл!
(Жетіп – Келгендеріне)
Шығарып –
Жіберіңдер,
«Мынаны»?!
М ә д и
Жә!!!
Жан-Көке?!
Сабыр!
Сабыр!!
Сабыр!!!
Сабыр!!!!
«Жасауылыңды»,
Қоя –
Тұр:
Қақпай –
«Дабыл»?!
Өзім –
Шығам!
Өзім…
(Жасауыл – кейіндеп…)
…Мен де,
Енді,
Тұра-Алман –
«Боқы-Жесіп»:
Шығам –
«Ат-Құйрығымды»,
Бір-Жолата –
Кесіп…
…(«Есі» – Ауғандай)
Өзім –
Шығам,
Өзім…
Тыңда,
«Соңғы-Сөзім»:
(Айнала – Қыран-Шолып)
Көке!
«Ұжымақ» –
Деген,
Құр –
Аты:
Киесі –
Қашқан,
«Көр-Ханаңның»!
Тартқан –
Тауан,
Тауқыметімнің –
Ғибраты:
Жай –
Түскен,
Бәй-Теректей –
«Жанқаландым»…
(Қинала –
Ыңырсып…
«Ауырып» –
Тұрғаны білінеді…)
…«Ің-ің»…
«Аһ»…
Ж ү с і п
Ойбай,
«Арқасы» –
Ұстай… бастады…
Б е п а у
«Жазым» –
Қылмаса,
Нетсін…
Дүлей!
Қ о с ы қ
«Аһ» –
Ұрғаны:
«Албастысы» –
Басқаны…
Ш ә п и
«Аһ»…
Жо-Жоқ…
Жо-Жоқ!
Жо…
М ә д и
(Жаппай – Үрейленгендерге)
«Сұрларыңа» –
Болайын,
«Жәкелерім»,
Күміреніп –
Сүміренген…
(Зәрелері – Ұшқандарға)
Бойым –
Серейді,
Сойым –
Кегейді…
(«Алты-Ағайынға»)
…Ең –
Болмаса,
Ақтық –
Рет:
Жан-Жағымызға –
Қарайықшы,
Шолайықшы –
Маңайымызды,
Ой-Көзімен…
Міне,
Ағайынды –
«Алтауымыз»,
Төрт-Құбыласы –
Түгелдеріміз:
«Төрде –
Отырғандарымыз…
Бірақ…
Бұлардың,
Жылтыраған –
Сырты ғана,
«Сом-Алтын»!
Іштері –
Қалтыраған,
Қаңылтыр,
Қуыс:
Қақабай –
Жемқор-Жебір,
Құнарсыз-Кебір!
Жүсіп –
Парақор-Жұтқын!
Бепау –
Жалақор-Зытқын!
Қосық –
Мәңгүс-Дөй!
Әкем,
Бәпи –
Байғұс-Гөй…
…Мені,
Қояқ-Қойыңдар,
«Жылы» –
Жауып:
Мен,
Бір –
Шіріген-Жұмыртқа,
Түрме-Күзет:
Стражник-Орыстың –
«Бұтындағы»…
Ей…
…Бізді,
Мына –
Түрімізбен:
«Абылайды»,
Хан –
Сайлап,
Ежелгі-Дұшпан –
Ел-Болмаған,
Қалмақтарға –
Мазақ-Қылғызбай,
Әзер-Аллалап,
Тәуени-Бостан –
Қазақ-Қылғызған…
Қазыбек-Бабамыздың,
Одан –
Туған,
Алты-Алаштың –
Ардағы,
Мың-Батпан –
Зіл-Салмағы,
Өзін,
Ұлт-Алыбы –
Өскенбайдың
Құнанбайымен –
Салғастырған,
Бекболат –
Бектің,
Тіленші –
Алшынбайы:
Рухани –
«Үш-Қараның
Ұрпағы!» –
Деп,
Кім –
Айтады,
Кім?!
Уай,
Жындай –
Қоздық-ау,
«Аяқ-Астының»,
Алашасы –
Болдық-ау,
Зордан –
Қор-Туып,
«Ғұнданған –
Құзар»,
«Арғын» –
Еңсемізді:
Нән-Тәркін,
Қара-Албасты –
Басып…
Азып-Тоздық-ау,
Бай-Бай…
(Намаздыгер-Намаз-Шамның
Көлеңкесіндей – Ұлғайып…)
Биден –
Бай,
Байдан –
Сұмырай,
Сұмпай –
Туады екен ғой,
Ойбай…
Қ а қ а б а й
(«Алақ-Жұлақтанып»).
Жетер!
Жетер!
Мәди?!
Доғар!
М ә д и
Доғардым,
Көкесі!
Ғафу –
Етіңіз…
Мен,
Шамалы…
…Нетейін –
Деп,
Едім…
Б ә п и
(Қақабайдан – жасқанып,
Мәдиге)
Балам-ау?!
Не –
Болды,
Саған:
Тәңір-Иемдей –
Төрдегім,
Қақақбай-Көкеңді,
Осыншама…
Тықсыра –
Бергенің,
Неткенің?!
Әлбетте,
Асылық –
Еткенің!
Әйтпесе,
Жаман-Қылық,
Кімде –
Жоқ:
Құдай менен
Күнде –
Жоқ!
Қалғанымыз:
Құрмыз –
Әншейін…
Басқасын –
Айтпағанда:
Қа-Қа-Ағам,
Сен –
Туғанда,
Не –
Істегенін,
Білесің!
Талай –
Айтқам:
Ауыл-Аймақ –
Емес,
Алты-Алашқа –
Хабар-Салып,
Ұлан-Асыр –
Той-Жасаған,
Той…
Ой,
Балам-ай,
Балам-ай…
Қызығыңа –
Батам десем,
Мен –
Сенің…
Бұның,
Не –
Істегенің?!
Көптен,
Ойша –
Кестеледім:
Қайталанбас,
Қа-Қа-Көкеңнің,
Ғаламатын –
Көргенің?!
Мен,
«Мұныңа» –
Құсамын:
Ұмыттың –
Ба…
Ұмыттың –
Ба,
Сен,
Оның:
Бір-ақ –
Күнде,
Қатар-Қосарлап…
Бәйбіше-Тоқал,
Екі Бірдей –
Қатынды,
Қойыныңа салып –
Бергенін…
Біле-Білсең,
«Енші» –
Дегенің:
«Осы» –
Емес пе!
Қақабай –
Жоқ-Жітіктің
«Досы» –
Емес пе!
Қайсы-Бірін –
Айтайын:
Бір –
Күнде,
Екі –
Қатынды…
…«Неткен» –
Әлгі…
Сен –
Ғана…
Еркек-Шора,
Сен –
Ғанасың,
Бұ –
Маңайда!
Мұндай –
«Енші»,
Мыңнан –
Бір…
Рабайда!!
Бұдан –
Артып,
Не –
Істемек:
«Жерді» –
Жарып,
«Жік» –
Шығарды,
Қақабай!
«Екі» –
Құлағыңды,
«Тік» –
Шығарды,
Қақабай!!
Ойлан,
Мәди,
Ойлан!!!
«Ер-Еңбегі»,
Зая –
Кетер ме!
…Көп –
Сөйлей берме:
«Шаршап» –
Қаласың,
Бекерге?!
М ә д и
Оң –
Айтасың,
Әкесі…
Мен,
Аздап…
Ия…
«Сөз»:
Төрдегілерге –
Ғана,
Тән:
«Сөз»,
Менің,
Не –
Теңім…
Онан да,
«Ән» –
Салып берейін,
«Ән»…
(Босағадағы – сүйеулі
Домбырасын алып…)
«Әнім»:
Мазмұн-Мәнім –
Ғой,
Менің…
Қолымнан,
Бар –
Келетінім:
«Осы» –
«Ән»…
«Ән» –
Ғой…
«Ән»…
(«Үш-Қараға» – басады…)
«Арғы атам әулие өткен ер Қазыбек,
Бекболат оның ұлы болыпты бек.
Тіленші одан туған абзал шері,
Қарадан хан боп өткен бәрі асыл тек.
Атамыз одан кейін Алшынбайды,
Кемеңгер ақыл ойлы, терең сайды.
Атағың Алатаудай бабаларым,
Көрдің бе осы күнде біздің жайды.
Сұрасаң Мәди еді менің атым,
Кем емес еш адамнан салтанатым.
Кешегі Бауыр-Бошан ортасында,
Біреуден кем тумаған менің затым.
Қақабай, Бәпи еді бір туысқан,
Аянбай өле-өлгенше кек қуысқан.
Ақымақтық, надандықтың
бәрін тастар,
Болады жанашырлық бір туысқан.
Үшқара басын биік мұнар шалған,
Сұмпиып өте шықты мына жалған.
Тар есік, тар босаға жаман екен,
Ер едім ел ішінде сайран салған.
Жаралдым жалғыз қылып
әуел бастан,
Қайтпаған қайран маңдай
қара тастан.
Мөр басса басқа болыс не қылайын,
Мөр басып туған ағам
болды-ау қастан.
Шоқпардың жылқы
жайдым даласында,
Не қылдым Қақабайдың баласына.
Өрісте жылқы жайып жатқанымда,
Бес солдат алып барды қаласына…»
Б ә п и
(«Ағайындарының», жақтырмай –
отырғандарын байқап…)
Қой,
Енді…
Мәди…
Қой,
Балам?!
«Әніңнің» –
Артын…
Бай-Баламға –
Айналдырмай…
Қой…
Ж а ң ғ ы р ы қ
«Мәди, 1909 жылдың 5 қарашасынан мен 1910 жылдың 22 ақпаны аралыында Ақмола облысы, Атбасар уезі Амантай болысында жер ауып жүрді.»
«1910 жылдың 22 ақпаны мен 1911 жылдың 19 ақпанына дейін қашқындық ғұмыр кешті.»
1911 жылдың ақпаны мен 1913 жылдың 6 желтоқсаны аралығында Қарқаралы түрмесінде отырды.»
«1913 жылдың 6 желтоқсаны күні түрмеден қашып шыққан Мәди 1914 жылдың 19 мамарына дейін Қарқаралы уезіне қарасты болыстардан өз кінәсіздігін дәлелдейтін қолхат жинаумен айналысты.»
«1914 жылдың 19 мамырында ұсталып, 1914 жылдың тамызына дейін Атбасар түрмесінде отырды.»
«1914 жылдың қыркүйегі мен 1915 жылдың мамырына дейін қашып жүрді.»
«1915 жылдың мамыры мен 1915 жылдың 10 маусымы аралығында Ақмола түрмесіне жабылды.»
«1915 жылдың 10 маусымында Ақмола түрмесінен Қарқаралы түрмесінге ауыстырылды.»
бірінші бөлімнің соңы.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
АЛТЫНШЫ КӨРІНІС
Ж а ң ғ ы р ы қ
«Патшалық Ресей тұсында түрмеде ұзақ отырған –
Бұратана тұтқындарға, Кеңес үкіметі қайырымдылық жасап,
Түрмеден бостауға, Шешім – қабылдап, Жарлық – шығарды…»
Д а у ы с т а р
– Кеңес Үкіметі дегенің, қапелімде, Ақ-Түйесінің – қарынын ақтарып-жарып, Табан-астынан жарылқады ғой, Жарлы-Жақыбайларды…
– Е, Құдай, қараптан-қарап… текке – өлтірсін бе… Өзі –
Жаратқан, Құлдарын…
– Болыс-Билерді, Бай-Манаптарды, жерден-жерге, көрден-көрге…
Қуып – жатыр дейд… тырқыратып… «Көмпескелеп»…
– Бәтір-ай, Ә…
– Е, Түрмеге – на-хақ тоғытылып, қимастарын – сағынып-жүдеп, сарылып-күтіп, саржамбас – болған… сарғайып, Мәди-сынды – байғұс… бейкүнәларым да, оралатын болды, десең-ші, Жарығым… Туған – Жеріне, Өскен – Еліне… ақыры… есен-аман…
– Мұныңа, енді… Шүкір… Шүкір… Мың – Шүкір, Жасаған…
М ә д и — Д а у ы с
«Сүйендім абақтының шарбағына,
Сыйындым атам Қазыбек аруағына.
Бір күнде қаршығадай
қалықтадым,
Бұл күнде мен аңшының
қармағында.
Баурынан Үшқараның аса алмадым,
Жайқалтып жапырағын
баса алмадым.
Есіме, қайран елім, сен түскенде,
Көл қылып көздің жасын
баса алмадым»…
ЖЕТІНШІ КӨРІНІС
Мәдидің – Үйі…
Қ а з и (Үй ішін – жинап…).
Апырым-ай…
(Өзіне-Өзі)
Маған,
Не –
Болды,
Өзі…
Бүгін?!
Қалмастайын –
Түгім:
Іші-Бауырым –
Езіліп,
Еріп…
Буын-Буыным –
Босап,
Аяқ-Қолым –
Қалтырап,
Басым –
Айналып,
Меңіп…
Жүрегім –
Көтеріліп…
Лобып,
…Мазам –
Қашып бара жатқаны,
Несі?!
Кеудеме –
Өксігім,
Көзіме –
Ыстық…
Жасым –
Толып…
Не –
Болды,
Маған?!
Д и н а (Сырттан, қуана – кіріп).
Мә?!
Керек –
Болса,
Саған!
Сүйінші,
Бәйбішем,
Сүйінші..
Сүйінші,
Бәйбішем,
Сүйінші…
(Қазиды – құшақтап…)
Сүйінші?!
Қ а з и
Жай –
Ма…
Алтын –
Қазығым-ау,
Жан –
Азығым-ау,
Жабыққанымда…
…Динашым-ау,
Тағдыр-Егізім-ау,
Басқа –
Түгілі,
Байыма –
Да…
Қимасым-ау,
Не –
Болды,
Жай –
Ма?!
Д и н а
Жоқ!
Жо-Жоқ…
Бай…
Байың –
Келеді,
Бәйбішем,
Түрмесінен –
Босанып,
Бір-Жолата…
…Сүйінші!
Қ а з и
Сүйіншіңе,
Не –
Қаласаң,
Соныңды –
Ал,
Тіпті,
Қаласаң:
«Шығып» –
Кетуге,
«Шақ» –
Тұрған,
Жанымды –
Ал,
Алтын –
Қазығым-ау…
Д и н а
Бәйбішем,
«Сүйіншімнен» –
Басқа,
Көптен,
Булығып…
…Сұрайын деп,
Жүр –
Едім:
Мені,
Неге –
«Алтын-Қазығым» –
Дейсің…
Қ а з и
Қайбір,
Жетіскенімнен –
«Дей-м»…
…Сен –
Барда,
«Ол»…
Байымды –
Айтам,
Мәдиді…
Шыр –
Айналып,
Мені –
Де…
Тастап –
Кете алмайды,
Емес –
Пе…
«»Кіндігінен»
Байланып?!
Д и н а
Солайы,
Солай –
Бірақ,
«Сүйіншіме»,
Не –
Бересің,
Деймін…
Қ а з и
Немді –
Қаласаң,
Сонымды –
Ал,
Демедім –
Бе…
Д и н а
Дедің…
Қ а з и
Онда,
Айт,
Қалауыңды?!
Д и н а
Шынымен –
Бе…
Шынымен –
Беремісің?!
Айтқаныма –
Көнемісің…
Қ а з и
Берем,
Айт!
Көнем…
Д и н а (Жылап).
…Бүгініңнің,
Түнін –
Бүтіндей,
Берші –
Маған…
Қ а з и (Қосыла-жылап).
Бердім,
Құлдығым,
Бердім,
Түгелімен –
…Саған…
(Есік, Айқара –
ашылып, Мәди – кіріп
келе жатады…)
М ә д и
Армысыңдар,
Аяулы –
Асыл-Жарларым…
(Қази мен Дина –
қатар жамырасып…)
Қ а з и
Ойбай-ау…
Құдайым-ау?!
Д и н а
Енді,
Қайттім –
Жасағаным-ау…
Өңім –
Бе…
Түсім –
Бе…
Бұл –
Неғылғаның?!
Жүрегім –
Жарылып –
Кете жаздап…
М ә д и
(Екеуін,
Құшағына,
Қатар – алып…)
Айым,
Жұлдызым,
Күн –
Жарықтарым…
…Ұжымақтарыңа,
Бостан –
Енгеніме,
Бақыттан –
Апиын ішкендей…
Есімнен –
Тана бастағандаймын,
Аздап…
Қ а з и
Шешінші…
Шықшы –
Төріңе…
Д и н а
Кәні,
Етігіңді…
Босатшы –
Белдігіңді…
…Ой,
Аяғыңның –
Шуашын-ай…
Бұрқыраған,
Құдды –
Бұйра-Насыбайыңдай…
…Шіркін-ай…
М ә д и
(Төрге, жайғасып – жатып).
Жеттім-ау,
Туған –
Жеріме,
Өскен –
Еліме…
Сонау –
Ит-Арқасы…
Қияннан –
Өліп-Талып…
(Динаға)
Жаңа,
Сен:
«Шіркін-ай» –
Дедің бе…
Д и н а
«Дедім-ау»,
Дей-м…
М ә д и (Керіліп).
Ия…
«Қуғында –
Жас күнімнен жүрген жанмын.
Қызығын –
Бір көре алмай атқан таңның…»…
Ой,
Қу –
Жаным-ай…
(Есік, сиқырлап –
ашылғандай болады…)
Ей,
Кімсің…
Қ а р а — Б а л а (Сығалап).
Менмін,
Көке…
(Ішке – еніп)
Менмін,
Мәди-Көке…
(Қорқып-Дірілдеп)
Менмін –
Ғой…
(Жылап – жібереді…)
М ә д и
Қой,
Жылама…
Атың –
Кім,
Өзіңнің?..
Қ а р а — Б а л а
Мені,
Дина-Жеңгем:
«Қара-Бала» –
Дей-д…
(Жылайды…)
Д и н а
Қой,
Жылама,
«Қара-Бала»?!
Зіңгіттей,
Жігіт –
Болғаныңды,
Білемісің…
О,
Несі-ай…
Өгіздей –
Боп…
Өкіріп?!
Қой…
Қой!
Ия…
Неғып –
Жүрсің?!
Оразаңды –
Ашпастан…
Қ а р а — Б а л а
Мені,
«Сырттағылар» –
Жіберді…
«Мәди,
Сыртқа –
Шықсын!» –
Дейді…
М ә д и
«Сырттағыларың» –
Кім,
Қалқам?..
Қ а р а — Б а л а
(Өкіре – түсіп).
Құлағдар –
Халық:
Аш-Арық…
Қажыған –
Қариялар…
Бала-Шаға,
Қатын-Қалаш…
Өре –
Түрегеліп…
Жан-жақтан –
…Қаулап,
Келе жатыр…
Қаптап!
Кейбіреулерінің,
Түрлері:
Өрт –
Сөндіргендей…
Тіпті,
Түтігіп…
Қаптап –
Келеді,
Қаптап!!
Аттылысы,
Жаяуы…
Бірі –
Қалмай…
Түгелі…
М ә д и
Қой,
Ей…
Қатындарым…
Тұралық!
Халықты,
Көп –
Күттіруге болмайды…
Барып,
Алдарына –
Шығалық,
Әңгіме-Дүкен –
Құралық…
Кәні…
(Қара-Балаға)
Ой,
«Тіліңнен» –
Айналайын,
Сенің:
«Өрт –
Сөндіргендей» –
Деп… қояды…
СЕГІЗІНШІ КӨРІНІС
…Ығы-Жығы – Халық: Бал-Араның Ұясындай –
«Қож-Қож»… «Гу-Гу»… «Үйден»: Мәди, Қази…
Мәдидің Қара Домбырасын ұстанған, Дина – шығады…
Құлаққа Ұрған Танадай: Өлі – Тыныштық орнайды…
М ә д и (Қазиға).
Табиғат –
«Тілсіз»,
Халық –
Үнсіз…
Мен,
Тіземді:
Бүге –
Тұрайын,
Қази…
(Шөгіп – қалады…)
Сен…
Өзің…
Қ а з и (Дір-Дір – етіп).
Мен,
Мен…
Не-тіп…
Сен…
« Ж е т і м — Ш а л »
Мәди,
Тұрады…
Сосын,
Соныннан…
Сөйле?!
Сөйле,
Сөйлесең-ші,
Қалқам…
(«Ән күткен Әлем» – Тым-Тырыс)
Қази,
Шырағым,
Сөйле?!
Сенің –
Ретің,
Меніңше!
Бір –
Жағыңнан,
Балдыз…
Бір –
Жағыңнан,
Келінсің –
Маған…
Қырық-Пышақ,
Үш-Жүз-Ожаулы –
Ғой…
«Тағдырымыз»!
Мен де,
Жетісіп –
Жүрмедім,
Апаң –
«Қайтқалы»…
Солай,
Қази…
«Апаң» –
Жоқ,
Жоқ-Апаңсыз –
«Жетім-Шалмын»:
Қаңғырып,
«Қара-Басым»:
Жалғыз-Қалған,
Қараусыз…
Сөйлесең-ші,
Бір –
«Көтеріліп» –
Қалайын…
Қази!
Жұрт та,
«Мауқын» –
Бассын…
…Қайғы-Мұңы –
Қашсын?!
(Қази – үндемейді…)
…Сен,
Неге,
Менің,
Мына –
Алба-Жұлба,
Жыртық –
Шапанымдай,
Неден,
Азып-Тозып –
Тұрсың,
«Сөйле!» –
Деп,
«Жатыр» –
Ғой,
Саған,
Мәдиің…
Сөйле!
«Сөз –
Дегенің:
Жан-Жүрегінің –
Жұпары…
Адам-Затының,
Шырайын –
Ашады…
Сөйле…
Сөйлемесең,
«Сөз» –
Жетім,
Мендей –
«Шал»…
Қ а з и (Сәл – Бөгеліп).
Ал,
Сөйле –
Десең,
Сөйлеп –
Көрейін,
«Жезде –
Қайнаға»!
Тоқтата –
Алмай,
Жүрме…
Бірақ,
Артынан?!
Аспай –
Қалып,
«Пайдаға»…
(Жұрт – күліп,
Мәз – болысып…)
Жүрегіміз –
Сыздап,
Жанымыз –
Мұздап,
Тәніміз –
Тоңданып,
Тірідей –
Өле-Бастағанымызда,
Бәйбіше-Тоқал –
Дина-Екеуіміз,
Мінеки…
Құдайымыз –
Жарылқап,
Тапа-Тал-Түсте:
Төбемізден –
Жай түскендей,
Жайрап –
Қала жаздап…
О,
Тоба?!
Ия!
Біздер:
«Қатын» –
Емес,
«Отын» –
Болғалы,
Қашан?!
«Жарлының –
Бір-Тойғаны:
Жарты –
Байығаны!»!
Е…
…Ұят та –
Болса,
Айтайын…
Енді,
Бір:
Мына,
«Мәди-Қаңғыны» –
Күйеуімізді,
«Бәйбіше-Тоқал» –
Боп,
Төсегімізге –
Кіргізіп,
Қойынымызға –
Енгізіп,
Жанымызға –
Жатқызып,
«Ықылығын» –
Атқызып,
«Көтенімізге» –
Жер-Иіскетіп,
Қатқан-Көнімізді –
Жібіттіріп,
Суыған-Қанымызды –
Қыздыртып,
Қан-Сорпамызды –
Шығарттырып…
Сосын,
Қара-Терімізді –
Үгіп…
Қатын-Қалпымызға –
Келіп…
Алсақ –
Па…
Деп,
Жанығып –
Жатыр ек…
Жаңа –
Ғана…
Мінәйі,
«Шала» –
Байып…
Сәл,
Ыңғайсыздау –
Болды,
Сыңайы…
Уақасы –
Жоқ болар…
«Ештен,
Кеш…»:
Мінеки,
Бізден,
«Бәйбіше-Тоқалдан» –
Азат,
«Мәдилеріңіз» –
Алдарыңызда…
Қабыл –
Алыңыздар…
М ә д и (Көтеріліп)
Уай,
Ағайын?!
Бармысыңдар…
Х а л ы қ
Бармыз!
М ә д и
(Күндей – Күркіреп!)
Армысыңдар?!
Х а л ы қ
Армыз!!
М ә д и
Қамау-Қапаста,
Барлыққан –
Талық-Үніме,
От-Тамұқта,
Қарлыққан –
Ғарып-Дауысыма,
Зармысыңдар,
Шынымен?!
Х а л ы қ
Зармыз!
Зармыз…
…Жармыз –
Саған,
Қашанда,
Мә-ди…
М-ә-д-и…
…Домбыраңды…
Ал,
Қолға:
Тоқталма!
Айт!!
Толға…
М ә д и
(Домбырасын – қағып-қағып…
«Мәдидің Мұңына» – басады)
«Мен елім деп келіп ем,
Өз халқым деп сеніп ем.
Мұнша қоймай қуатын,
Қақабайға не ғып ем.
Бұйырды Алла лауқыдан,
Асып тұр ғой шарадан.
Жараның аузы бітпей тұр,
Шиқан шыққан арадан.
Қызыл белбеу жаста тұр,
Талай сұмдық баста тұр.
Насыбайды шалқытып,
Сорлыда болып тастап жүр.
Кейбір қыран көкте жүр,
Қиқу салып текке жүр.
Қара қарға қарқылдап,
Өлексені жеп те жүр.
Кейбір қыран тауда жүр,
Томағасы жауда жүр.
Аңдығаны дұшпаны,
Тұзақ құрып ауда жүр.
Құйрық сорып борсық жүр,
Түлкі мырза жортып жүр.
Құдай өзің сақта деп,
Қой мен тауық қорқып жүр…»
Д а у ы с т а р
– Әй,
Қайтсін-ай…
– Рас –
Қой,
Рас…
– Ой,
Айналайын-ай…
М ә д и
(«Шіркін-айға» – ауысады…)
«Қуғында жас күнімнен
жүрген жанмын,
Қызығын бір көре алмай
атқан таңның.
Қалайша дәтің шыдап тұра аларсың,
Қысымын көре тұра қас дұшпанның.
Батыр боп, ер атандым әуел бастан,
Бой бермей бұзықтарға жағаласқан.
Бектерге берілмеске белді байлап,
Бір өзім жалғыз жүріп қарсыласқан.
Ағайын асыл туған, абзал достар,
Аға-іні, құрбы-құрдас, замандастар.
Аз күнде қайта айналып
мен келермін,
Ал енді көріскенше қош болыңдар!»
Д а у ы с т а р
– Айт!
– Айт,
Мәди…
– Төк –
Зарыңды…
– Ақтар –
Барыңды…
М ә д и
(Жауар-Бұлттай – түнеріп…
«Қарқаралыны» – қоздайды…)
«Атыңнан айналайын Қарқаралы,
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы.
Басында Үшқараның балғын едім,
Көкорай сазға біткен шалғын едім.
Екінің бірі болсам арманым жоқ,
Мен туған бір атадан жалғыз едім.
Қонғаны ауылымның Талды-ау
деймін.
Жағалай ел жайлауға барды-ау
деймін.
Кір жуып, кіндік кескен
туған жерлер,
Артына бір қарамай қалды-ау деймін.
Немене, көрген қызық көрмегендей,
Жас дәурен жауар бұлт өрлегендей.
Жастық шақ көк семсердің
жүзі емес пе,
Қайрап ап қалың жауға сермегендей»
Д а у ы с т а р
– Не –
Айтатыны бар…
– Құдай-ау,
Не айтатыны бар…
М ә д и
(Күндей – Күркіреп…
«Қаракесекті» – бастағаннан,
Халық – көтеріліп…)
«Сұрасаң руымды – «Қаракесек»,
Досымнан дұшпаным көп
қылған өсек.
Үстінде құс мамықтың жатушы едім,
Жатқаным қу қара жер болып төсек.
Міндім де қаракөкті жылыстадым,
Бардым да Қараөткелге
жыл қыстадым.
Науқасым жанға батып
жатқан кезде,
Болмады жан ашитын
туысқаным.»…
(«Жасын – Ойнап… «Жай» – Түсіп…)…
М ә д и — Д а у ы с
Өмір менен өте ме?
Мен өмірден өтем бе?!
Өтер болсам дүниеге
келгенім бе бекерге!..
Шынымен-ақ өмірің менен
бетер бекем бе?
Шынымен-ақ тірлігім күлік
емес лекер ме?!
Келген мен бе бекерге?..
ЖОҚ! Бекерге келгем жоқ! –
Аларымды алғам жоқ,
Берерімді бергем жоқ! –
Мен өмірден өтпеймін –
Кеншін Ұям – Көр мен Көк! –
Өмір менен өтеді –
Көз жұмамын өлген боп…
Мен бе?
Өмір ме өксіген?..
Өмір болса бұл қалай? –
Зар илеймін күні-түн жанарда
жас құрғамай!..
…Меніменен Өмірдің ара-жігін
аша алмай,
Жер мен Аспан аңырып астаса
алмай тұрғаны-ай!.
ТОҒЫЗЫНШЫ КӨРІНІС
Қақабайдың – Кеңсесі… Кешегі – Ресей Өкілі:
Бүгінгі – Кеңес Төрағасы…
Мәди – кіріп келе жатады…
Қ а қ а б а й
…Сенбісің,
Мәди?!
Есен –
Көрдік,
Сені…
Аман…
Қалайсың?!
М ә д и
Жаманмын!
Жаман…
Қ а қ а б а й
Қалайша…
М ә д и
Өте –
Жаман!
Қ а қ а б а й
Неге?!
М ә д и
«Елдің» –
Қорымын,
Арылмаған –
Сорым…
«Түрмеде» –
Өтті,
Бүкіл –
Өмірім…
Алдым,
Артым:
Сенің –
Қазған,
«Орың»!!
(Күрсініп)
Түсімде:
«Боқ» –
Жеп жүрсің,
Боқ!
Қ а қ а б а й
Не –
Деп,
Кеттің,
Мәди:
«Қайдағыны» –
Тантып?!
М ә д и
Тантып –
Тұрғаным жоқ!
Рас!
Түсімде:
«Боқ» –
Жеп жүрсің…
«Жақсыға» –
Жорыдым:
Бай –
Боласың,
Бай!
Бай –
Болатының,
Сондай:
Өле алмайтын –
Боласың,
Қиып…
Жиып-Терген –
Үйіп,
Есепсіз –
«Дүние-Боғыңды»!
Қ а қ а б а й
Себеп?!
М ә д и
Сен –
Туғанда,
«Жыламай» –
Туғансың,
«Ықылық» –
Атып,
«Қа-Қа-Қа»-лап…
Соның –
Үшін,
Атыңды –
«Қақабай»,
Қойған…
Қ а қ а б а й
Қақабай?..
М ә д и
Ия,
Қа-Қа…
Сен –
Құбылыссың…
Қ а қ а б а й
Қандай –
Құбылыс?!
М ә д и
«Құбылыссың»
(Өзі,
Кешсін,
Жаратқан)!
«Ібіліссің»:
«Тобырды» –
Ауызыңа-Қаратқан!
Надандығың:
Бықсып-Жанған –
Шаладай!
Хайуандығың:
Жазылмайтын –
Жарадай…
Озбырлығың:
Тылсым-Нәубет –
«Төтендей»!
Обырлығың:
Боққа-Быққан –
«Көтендей»!
Мен-Мен-Дігің:
Шегірткенің –
Айғыры!
Көрген-Күнің –
Қасіретті-
Қайғылы…
Ақыр-Соңың:
Ахиретің –
Жаманы-ай…
Адам –
Құсап:
Өле –
Алмайсың,
Сен,
Оңай…
Қ а қ а б а й (Оқталып).
Онда,
Сен –
Өлесің,
Оңай…
Оп-Оңай!
М ә д и
Мен,
Онсыз да,
Тірі –
Өлікпін…
(Есі – Ауысқандай,
Өзіне-Өзі)
…Мен,
Сенен –
Қорықпаймын:
«Айғырдың» –
Тепкені,
«Құлынына» –
Батпайды…
…Өлім,
Маған…
Қ а қ а б а й
Сонда,
Кімнен –
Қорқасың?!
М ә д и
«Кім-Көрінгендерден» –
Қорқам!
Қ а қ а б а й
«Кім-Көрінгендер» –
Кімдер?!
М ә д и
«Төбеңдегі»…
Қ а қ а б а й
«Құдай» –
Ма…
Хақ!
М ә д и
Жоқ!
«Олар» –
На-Хақ!
Жалған –
«Құдайлар»!!
Қ а қ а б а й
Жалған?..
М ә д и
Ия!
«Олар»:
Сені,
«Ішкен-Жегенің» –
Жиған-Тергеніңе» –
Қосып,
«Иісі-Қазақ»,
Ұлан-Байтағыңды –
Түгел…
Иемдеп,
Еліңді –
Тонап,
Жеріңді –
Үптеп,
Талан-Тараж –
«Хан-Талапайлап»,
Ақыретін –
Орнататындар:
Бүгінің
Һәм
Ертеңіңе!!!
…Қазірдің –
Өзінде:
«Табанға» –
Сап…
Таптады –
«Кім-Көрінген»:
«Аңқау-Елді» –
Азғындап,
«Мың» –
Бөлінген!
«Көшербайлар» –
Қаптады,
«Сапарбайлар»…
…Қазаққа:
Мұнша –
Неге,
«Жын» –
Көрінген!!
Шығысыңды –
Билеген:
«Кім-Көрінген»!
Батысыңды» –
Билеген:
«Кім-Көрінген»!!
…Ішінде,
«Біреу» –
Болса-шы,
«Күн» –
Көрінген…
…Көрінсе-ші –
«Көзіме»:
«Құм» –
Көмілген!!!
Бұл –
Нәубет,
Келе –
Жатыр,
«Ілгеріден»:
Халықтың –
Ар-Намысы,
«Інге» –
Кірген…
…«Езуімізді» –
Тіледі…
«Кім-Көрінген»,
«Тіземізді» –
Бүгеді,
«Кім-Көрінген»…
Қ а қ а б а й
Мен,
«Кім-Көрінгеннен» –
Қорықпаймын,
Мәди!
Сенен –
Қорқам,
Сенен!!
Сен,
«Жер» –
Жарылып,
«Жік» –
Шығып,
«Екі» –
Құлағың,
«Тік –
Шығып:
Анаңнан,
Арыстандай –
«Ақырып»,
«Мәди» –
Туғалы,
Бері –
Қорқам!
Соным –
Үшін,
Атыңды,
Мәди…
«Мәди» –
Қойғам,
«Кітаптан»!!
…Енді,
«Көктен»,
«Иса» –
Түсуге,
Керек-ті?!
…Сонымен,
«Аллаһу-
Акбар»,
Тынышталамыз,
«Бәріміз»!!!
М ә д и
Жоқ,
Қателесесің,
Қа-Қа…
Мен –
Тынышталамын!
Ал,
Сен –
Тынышталмайсың,
Мәңгіге!!!
Қ а қ а б а й
Қалай…
М ә д и
Бұдан –
Былай,
Мен,
Сенің –
Қақабай:
Жатсаң,
Түсіңе –
Кіремін,
Тұрсаң,
Ісіңе –
Кірігемін!
Баба-Салтын –
Бұздың!
Ата-Дәстүрін,
Аяққа –
Таптадың,
Нәлет!
Соның –
Үшін:
Рухани –
Аластап:
Ел-Есінен –
Адам-Затыңды,
Халық-Жадынан –
Қақабай-Атыңды…
Өшіремін,
Мәңгіге!
Айтқаным –
Айтқан:
Өле-Өлгеніңше,
Тыныштық –
Бермеймін!
Екі Дүниеңді Бірдей,
Тамұқ-Тозаққа –
Айналдырамын!!!
Үрейіңді –
Ұшырамын:
Тірі –
Жүргеніңе,
Өкінесің,
Найсап!
Өле –
Алмай,
«Өлесің»!
Өлсең,
«Көріңде» –
Өкіресің…
Қ а қ а б а й
(Заресі – ұшқанын,
білдірмеген – боп…)
Пәлі?!
Пәлі…
Неліктен?!
М ә д и
Өйткені,
Сен,
Айттым –
Ғой,
Ақиқатыңда:
«Адам» –
Емес,
«Ібіліссің»!
«Арғын» –
Емес,
Шұбар-Ала –
Тарғылсың!!
«Қаракесек» –
Емес,
«Ел» –
Азғын…
Әңгі –
Несепсің:
«Қодығыңа» –
Артыласың,
Хайуан –
«Мал»!
…Уас-Салам!
Бітті,
Осымен,
«Әңгіме»…
Қ а қ а б а й
(«Ықылық» – атып)…
М-м-м…
С-с-с…
С-ө-
М ә д и
«Дұрыс» –
Шешім,
Қабылдап –
Отырсың,
«Төраға»…
(«Ойын» – оқып)
Сен,
Мені –
«Сөйт»…
«Сөйт»!
«Сөйт»!!
(Кетіп – бара жатып,
Бұрылып…)
Кө-ке…
«Өлім»,
Маған,
Кейде…
(Мен –
Білетін):
Зымиян,
Нә-Кәс –
Залымға,
Яки,
Тойымсыз,
Боқты –
Қарынға…
Ұқсайтын –
Сияқты,
Кө-рі-не-ді…
(Шығып – бара жатады…)
Қ а қ а б а й
(Мәдидің – соңынан)
Бауырым-
Балам…
(Бетін-сипап…)
Иманың,
Саламат –
Болсын…
(Түсін – суытып)
«Жасауыл»!
Жо-
Жоқ…
«Охрана?!»
« Қ — Ж »
(«Охрана», Кіріп – келіп).
Тыңдап –
Тұрмын,
Жолдас,
«Төр-Аға»…
Қ а қ а б а й
(Шығып – кеткен, Мәдиді – нұсқап).
«Жоспар» –
Бойынша,
«Сөйт» –
«Ананы»!
«Сөйт»!!
«Қарасын» –
Батыр…
«Окончательно»!!!
« Қ — Ж »
Құп –
Болады,
Жолдас…
(Сыртқа – шығып,
Қорабынан,
Тапаншасын – суырып…
Ұзап – бара жатқан Мәдиді,
Қуып – жетіп… Көк-Желкесінен –
Көздеп-Атып, Иек-Бетінен… Жалп – еткізеді…
Жансыз-Бейне:
«Аспан – айналып, Жер – қабады»…)
М ә д и – Д а у ы с
«Сұрасаң,
Руымды –
«Қаракесек…»…
АЛ,
ДҮНИЕ…
Ж ы р — Ғ а й ы п
Өмір –
Деген:
Жан-Аңсарың,
Тән-Шөлің.
Өлім –
Деген:
Жәй –
Әншейін-
Әншейін…
екінші бөлімнің соңы.
18.09.2021.