ЖИЫРМА БІРІНШІ ҒАСЫР. (Роман-эпопеяның бірінші кітабынан үзінді)

(Соңы. Басы өткен сандарда)

* * *
Кешкісін жұмыстан келген Айдынды Гүлнұр жайнаң қағып, жадырай сөйлеп қарсы алды.
– Бүгін әдеттегіден кеш келдіңіз ғой, ағатай!
– Ескі таныстар кездесіп қалып… Өткен-кеткенді айтып, біраз шер тарқатыстық.
– Мен сізді асыға күтіп отырмын, ағатай!
– Жайшылық па?
– Қолыңызды жуып, төрге отырыңыз, сосын айтамын.
Залға озып, үстел үстіне қыдырта көз тастады Айдын.
– Охо, дастарханды жайнатып қойыпсың ғой.
– Оның мәні бар.
– Ол қандай мән?
– Бүгін мереке?
– Қандай мереке?
– Бүгін Сіздің аяғыңыздағы гипс алынды. Біраз үзілістен соң жұмысқа шықтыңыз.
– Осы ма, айтып тұрған мейрамың?
– Сізге қатысты кішкентай сәттілік мен үшін мереке.
– Көңіліңе рақмет, қалқам.
– Сізбен танысқалы көңіл көтерген емеспіз. Бүгін шарап ішіп шаттанып, шалқиықшы, ағатай. Сіз бен біз күн сайын бір-бірімізге үйренісіп туыс болып барамыз.
– Сол туыстық үшін, ағатайым!
– Сенің денсаулығың үшін, қалқам.
– Мен сіз үшін, Сіздің өзіңізге берілген адал жар құшып бақытты болуыңыз үшін.
– Сенің болашағыңның бүгіннен де нұрлы болуы үшін.
– Сіз үшін, ағатайым!
– Сен үшін, қалқам!
Тәтті тілектермен ащыны біраз сілтеді екеуі. Аш қарынға түскен ашы арақтан қызып қалған Айдын:
– Мен демалайын, – деп төсекке киімшең құлай кетті.
– Шешініп жатыңыз, ағатай, – деді жатын бөлмеге келіп Айдынның көрпесін көтерген Гүлнұр. Қазір, – деп көйлегін шешіп, шалбарының белбеуін ағытқан Айдын қайтадан қисая кетті төсекке. Гүлнұрдың күткені де осы еді. Айдынды тыр жалаңаш шешіндірді де, өзі де анадан жаңа туғандай болып, ашылған жұмыртқадай аппақ тәнімен Айдынның жанына жата кетті.
Сол түні екеуі бірін-бірі ұзақ аймалап ұзақ сүйісті. Төске төс түйісті. Екі санның арасындағы қара түбітпен көмкеріліп, үлбіреген күнтиместің шыңырауында тұнған балшырынның удай уыты өн бойына таралған Айдын көптен көрмеген төсек ләззатына шомылды.
Құштарлық отына балқыған екі тән бір тәнге айналып бара жатты…

* * *
Әркімнің де, тіпті ұлы адамдардың да осал тұстары болады. Айдынның қойнына жалаңаш кіріп, көптен бері әйел көрмеген еркекті от-жалынға орап, ләззаттың тәтті уымен улап, есеңгірете есінен тандырған түннен кейін Гүлнұр шамадан тыс шалқайып, еркінсіп кетті. Айдынның пендеге тән осал тұстарын да: оның жақсы көрген адамының көңілін жықпас көңілшектігін де, кешірімшіл кең пейілін де, өтірік айта алмайтын адалдығын да, мінезінің жұмсақтығын да, кісілігі мен кішілігін де жете меңгеріп, орайын тауып, оңды пайдаланды. Өктемдік жүргізуді жатын бөлмеде қабырғаға ілінген Айдын мен Ұлпанның суретін алып тастаудан бастады.
– Ұлпан екеуміздің суретіміз қайда? – деді ұйықтар алдында жатын бөлмеге келген Айдын.
– Алып тастадым.
– Неге?
– Ұлпанның суреті қарсы алдымызда қақшиып қарап түнгі ләззатты бұзады.
– Қайда ол сурет?
– Балконда.
– Бұл суретке тиісуші болма! Өз орнында тұрсын.
Айдын балконда шаң жұтып жатқан суретті әкеліп, орнына ілді. Сол түні Гүлнұр бөлек көрпе жамылып, теріс қарап жатып алды. Ертесіне, онан кейін де бірнеше күн қабағына мұз қатып, Айдынмен сөйлеспей қойды. Көңілсіздікке ұласқан үнсіздікке шыдамаған Айдын үлкен басын кішірейтіп, сөз бастап, бәрін жуып-шайды. Содан кейін Гүлнұрдың қабағына қатқан мұз еріп, жаймашуақ жайдары күндер қайта оралды отбасына. Әйтсе де, ол ұзаққа созылмады. Арада апта өтпей жатып Гүлнұрдың көңілі нілдей бұзылды. Енді ол Ұлпанның анасы Зәуреге ауыз салды.
– Зәурені қарттар үйіне апарайық, – деді бір сәтте.
– Түс көрдің бе?
– Түсім емес, өңім.
– Неге тарыла қалдың, сенің ырысыңды ішіп отыр ма?
– Жоға, одан емес.
– Енді не? Өзінің бөлмесінде өзімен-өзі. Бізге ешқандай кедергісі жоқ. Тілеуімізді тілегеннен бөтен. Тіпті ас-суды да бізден бөлек ішеді.
– Өзің айтқандай, өзімен-өзі. Жалғызсырайды ғой. Бір мезгіл сөйлесетін кемпір, шал да жоқ біздің аулада. Қарттар үйіне орналастырсақ, өзіне де жақсы.
– Несі жақсы.
– Өз қатарластарымен әңгімелеседі, іші пыспайды.
– Іші пыспасын десең, сен де мен құсап көңіл бөл оған. Оқта-текте болса да әңгімелес, көңілін аула.
– Оған менің уақытым жоқ.
– Маған бөлетін уақытыңды соған бөл.
– Қайдағы бір қаймана қақпасқа күң болар жайым жоқ.
– Тіліңді тарта сөйле.
Айдын ашулана бастады. Гүлнұр алқын-жұлқын шыға жөнелді үйден. Сол кеткеннен келесі күні бір-ақ келді. Айдынға өкпелегенін сылтауратып көшеде кездейсоқ кездескен шофер жігітпен түні бойы ойнап-күлді.
Тағы да үнсіздік. Атақты әнші Лариса Долинаның «Жанұядағы тыныштық бәрінен қымбат» деген сөзін дұрыс көрген Айдын тағы да кішірейді. Араға бірер күн салып, Ұлпанның анасын қарттар үйіне өткізу жайлы сөзін қайталай берді Гүлнұр. Шыдамның да шегі бар. Қарттар үйі жайлы әңгіме тағы да қайталанғанда шарт сынды Айдын.
– Осы әңгімеге қазірден бастап нүкте қой!
Ашуын әзер тежеген Айдынның даусы қатты шықты.
– Айғайлама!
– Ал сен мені айғайлауға мәжбүрлеме.
– Мәжбүрлемесін десең, айтқанымды орында. Мен қарттар үйінің басшысымен келісіп қойдым.
– Қанша рет айтамын саған. Болмайды дедім, болмайды.
– Олай болса, екінің бірі – не ол, не мен!
– Буынсыз жерге пышақ салма. Мен бұл шартыңды орындай алмаймын.
– Олай болса, мен кеттім. Ажырасу туралы арыз жазамын. Сотта кездескенше.
Есікті қатты жауып шығып кетті Гүлнұр. Көңілі Арқаның дүлей боранындай алай-дүлей болған Айдын сылқ етіп диванға отыра кетті.
Өзіне қатысты ұрыс-керісті бұрын еміс-еміс құлағы шалған, қазір ап-анық естіген Зәуре түкпірдегі бөлмесінен шығып Айдынның жанына келді.
– Айналайын, балам, – деді ол Айдынды жанарымен аймалап, – мен үшін шаңырағыңды шайқалтып, ұяңды бұзба! Мен саған екі дүниеде ризамын. Қарттар үйіне жеткіз.
– Олай болмайды, апа!
– Айналайын, балам, өтінемін.
– Мен тірі тұрғанда ешқайда кетпейсің. Жібермеймін.
Айдын орнынан тұрып Зәурені құшақтай алды. Қолтықтап алып, бөлмесіне апарды.
– Ештеңе ойлама, апа. Демал, апа! Мен екі-үш сағаттан соң қайтып ораламын. Сосын Ұлпанның басына барып, құран оқимыз.
Айдын үш сағаттан кейін қайтып оралса, Зәуре бөлмесінде жоқ. Төсегінің бас жағында бір жапырақ қағаз жатыр.
«Айналайын, алтын ұлым! – деп жазыпты Зәуре. – Мен қарттар үйіне кеттім. Мені іздеп әуре болма. Өмірімнің көбі кетіп, азы қалғанда, жазы өтіп, қысы келгенде татар дәмім, атар таңым қалғанша осы жерде тыныш өмір кешейін. Саған алғыстан бөтен айтарым жоқ. Өзіңе деген құрметім шексіз, балам! Сау бол. Анаң – Зәуре. 2.06.2000 жыл».
Үйге кіргенінен шыққаны тез болған Айдын екі өкпесін қолына ұстап, қарттар үйіне қарай ұшты. Келсе, екі кісілік бөлмеге орналасқан Зәуре жанындағы жаңа танысымен шүйіркелесіп отыр.
– Анашым, мені неге өкпелетесің? – деді Айдын орнынан ұшып тұрған Зәурені құшақтап.
– Өкпелеме, ұлым! Мені ешкім қуған жоқ, өз еркіммен келдім. «Тең-теңімен, тезек қабығымен» деген. Міне, теңімді тауып, шүйіркелесіп отырмыз. Танысып қой – подругам. Аты – Айнаш.
– Анашым, бұлай болмайды. Жүріңіз үйге.
– Айналайын, алтын ұлым! Өтінемін, қинама!
Зәуренің айтқанынан қайтпайтынын білетін Айдын амалы құрып, басы салбырап оралды үйге.
– Туған балаңыз ба? – деп сұрады Айдын кеткесін Айнаш.
– Күйеу балам. Қызым Ұлпан қайтыс болғаннан кейін үш жыл бірге тұрдық. Бір жыл бұрын төсек жаңғыртқан.
– Кесір келіннен келді-ау, шамасы.
– Олай деуге келе қоймас.
– Не десең де, туған ұлыңнан артық асыл Азамат екен күйеу балаң. Егіліп, езіліп тұр ғой.
– Оның рас. Алтын ғой, алтын, Айдын ұлым.
Екеуінің әңгімесін кешкі асқа шақырған кезекші бөлді.

* * *
«Жер сатылады екен» деген сөз әлеуметтік желіде желдей есті. Халық та бұл сөз рас екен деп елегізіп отыр. Қоғамдық ұйымдар да қатты алаңдаулы. Бұл жағымсыз хабар Айбалтаның жүрегіне найзадай қадалды. Ол шұғыл өзі басқаратын «Ұлт мұраты» партиясы саяси кеңесінің мәжілісіне шақырылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатынасқан салиқалы жиында: «Аса қадірлі әріптестер, журналистер», − деп бастады сөзін Айбалта. − Естіген боларсыздар, үкімет жерді сатуға шешім қабылдапты. Біз бұған жол беріп отыра алмаймыз. Жер-Ана деп бекер айтылмаған. Мына ғажапты қараңыз, ғарышта ұрық болмайды. Тіршіліктің бәрі – жерде. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың ғасыр басында айтқан: «Жер, жер және жер! Өйткені жерсіз адам жоқ, жерсіз мемлекет болмайды» деген сөзі бүгінде аса маңызды. Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі жерге тәуелді. Боливия президенті Эво Моралестің жақында «Жер-Ананы» қорғайтын заңға қол қойғаны жайлы газеттер жарыса жазды. Ана жылы АҚШ-қа барғанымда үндістердің көсемі Сиэтл Дювамиштің 1885 жылы АҚШ Президенті Франклин Пиерске жазған хаты қолға түсті. Осы тарихи хаттан үзінді оқып берейін. «Вашингтондағы үлкен кісі, Сіз біздің жерімізді сатып алу жайлы айтыпсыз. Ал оныңыз біздің көкейімізге қонбайды. Аспан аясын, жер жылуын сату, сатып алу мүмкін бе екен? Жердің жібек желі, өзен-көлдің ажар-реңі біздің меншікті мүлкіміз емес, оны бізден сатып алу деген не сөз? Біз Жер – адамның мүлкі емес, адам – Жердің мүлкі деп білеміз. Жеріміздегі қызыл тәнді ақырғы адам көз жұмып, аруағы аспан әлеміндегі ақша бұлтқа айналып кетсе де, халқымыздың өлмес, өшпес рухы орман-тоғайымызда, өзен-көлдерімізде мәңгі-бақи өмір сүреді. Себебі: бұл Жер – менің халқыма, яғни бөбегіне жүрегі елжірей еміренетін Ана!» «Жер тағдыры Шекспир сөзімен айтқанда: «Болу, болмау!» «Үндістердің көсемі Сиэтлдің сиямен емес, жантәнімен, ділімен, жүрек қанымен жазылған хаты адамзатқа айтылған өсиет! Бұл – бүгін ғана емес, ертеңге де, алыс болашаққа да керек сөз!
– Жер сатылмасын! – деп жатырмыз, – деп бастады әңгімесін бірінші болып сөз алған Айбалта.
Жер сатылып кеткен. Ақмола облысындағы неміс кәсіпкері Альберт Шнайдер жетпіс жеті шақырым жерді қазып тастаған. Ор қазған кезде кейбір тұстары зираттың үстінен өткен. Бұл жолсыздығын ол «жергілікті барымташылардан қорғану үшін» деп түсіндіріпті. Жер иеленушілердің бәрі жер қаза берсе, экологияға зиян емес пе? Шнайдердің жер иелігіндегі жер қорғалжын қорығының қасында. Ол жерде «Қызыл кітапқа» енген құстар бар…»
Айбалта сөзін аяқтап, мінбеден түсе бергенде, залдың орта тұсынан ақшашты, көзілдірікті бір кісі:
– Маған сөз беріңізші, – деді.
– Сөйлеңіз, – деді жиынды басқарып отырған Айбалта.
– Мен «Халық сөзі» партиясының мүшесі емеспін, – деп бастады ол сөзін. – Атым – Бейсен, фамилиям – Сәрсенбаев, сексеннен асқан жасым бар, көпті көрген басым бар, төрімнен көрім жақын болса да жер тағдыры сөз болады дегесін үйде жата алмадым. Қарағым, Айбалта, жаңа кіріспе сөзіңде Жер жайлы жақсы айттың. Жер тағдыры – Ел тағдыры, халық тағдыры. Тіріде – төрің, өлгенде көрің жер деген. Сарыарқаның сары даласындағы құнарлы жердің біразын әлгі ақсақ Станислав Тимошенко мен тапал Владимир Куликов сатып алыпты. Мәскеуде котедждері, шетел банктерінде миллиардтары бар, бұл екеуді көлеңкелі көсемдер дейді білетіндер. Менің білетінім – бұрын биліктің биік баспалдағында болған бұл екеуі жоғары жаққа да ықпалды. Ықпалды болатыны, бұлар қит етсе, қоқиқаз құсап қоқаңдап шыға келеді. Ақорда да санасады бұлармен. Санаспаса, осылай талтаңдатып қоя ма? Мына бүгінгі жиында зиялы қауым, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігіп күресіңдер жолсыздықпен, қарақтарым! Біз тілекшіміз. Алла алдарыңнан жарылқасын!
Бейсен ақсақал көзілдірігін қозғап қойып, орнына барып отырды.
– Бір өзінде екі миллион гектар жері бар бір латифундисті білемін, – деді аты-жөнін айтқысы келмеген келесі шешен. – Маңғыстауда бір олигархтың иелігінде бір жарым гектар жер бар. Мұндайлар көп. Бұларға тиым бола ма, жоқ па?
Бұдан кейін де біраз кісі сөйледі. «Жер сатылмасын!» «Халық бұған қарсы!» деп түйінделді бәрінің сөзі.
«Халық сөзі» партиясының саяси кеңесі: «Жер сатылмасын» Жерді сатқан үкімет отставкаға кетсін! – деп, хатты Президентке хат жолдады.

* * *
Ол табиғаты тамылжыған сұлу Көкшеде туып, өсті. Өзі де Көкшенің айнадай жарқыраған көліндей, қысы-жазы жасыл жапырағы жайқалған ақ балтыр, ақ қайыңқыз қарағай орманындай, арайлап атқан ақ таңдай, кең маңдай қарлығаштың қанатындай қиғаш қас, қыпша бел, тамағы ақ мақтадай үлбіреген, қоп-қою қара шашы желмен жалаудай желбіреген, еріні ерте піскен шиедей, албыраған аппақ тәні балбыраған, кеседей төңкерілген қос анары қып-қызыл көйлегінің кеуде тұсын керіп, нәрестенің бас бармағындай бөбешігі дертіп тұрған, қарасаң көз тоймайтын сұңғақ бойлы, терең ойлы, Көкшенің тауындай асқақ, Оқжетпестей өр, керіліп жатқан кең даладай кербез сымбаты бөлек сұлу еді. Тал бойында тарыдай мін жоқ. Ата-ананың жалғызы болғасын жан-жағына жалтақтамай еркін өскен ерке де сол. Сырты нұрлы, іші сырлы балбыраған бойжеткеннің аты да затына сай сұлу Балсұлу еді. Балсұлу десе – Балсұлу!
Сауыншы ана Бижамал, орманшы әке Айбек жан дегенде жалғызын алақанға салып, аялап өсірді. Бұла болып бұлғақтап өскен Балсұлу он жеті жасқа келгенде туған айдай толысты. Онжылдық мектепті бітіріп, Көкшеден Алматыға оқуға келген сұңғақ бойлы сымбаты бөлек сұлуға Астананың бозбалалары сұқтана қарады. Ерке болып өскен ер мінезді бойжеткен жан-жағына жалтақтамай, жоғарғы оқу орнына түсуге талпынды. Құжаттарын білімнің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы университеттің заң факультетіне өткізді. Арманы заңгер болып, өмірде өзі көрген келеңсіздіктермен күресіп, әділдіктің ақ туын желбірету. Алғашқы сынақтардан сәтті өтіп, соңғысында сүрінді. Алған бетінен қайтпады қайсар қыз, келесі жылы тағы сынға түсті. Бұл жолы да бағы жанбады. Енді «не істеу керек?» дегенді көп ойлады ол. Қайтадан елге оралуға жүрегі дауаламады. Жұмыс іздеп сенделіп жүргенде ауылдас Индира кездесе кетті. Өзіне арман болған университеттің жетінші жатақханасында коммендант болып істейтін Индира Балсұлуды вахтерлық жұмысқа орналастырды. Индира жалға алған бір бөлмелі пәтерде жалғыз тұрады екен. Серіктес құрбысы жақында тұрмысқа шығып, Шымкентке кетіпті.
– Бірге тұратын серік іздеп жүр едім, кездескенің жақсы болды, екеуміз бірге тұрамыз, – деді Индира.
Балауса қуана келісті.
Уақыт өте келе Алматыдағы қоңыр тірлікке де үйрене бастады Балауса…
Күні кеше Көкшеде мұңсыз, қамсыз, уайым-қайғысыз бақыттан басы айналып жүрген сымбаты бөлек сұлу қыз күндердің күнінде бақытсыздыққа тап болды..
* * *
Айдын қарттар үйіне келгенде Зәуре қатты ауырып жатты. Өңі күнге күйген бөздей боп-боз. Айдын еңкейіп бетінен сүйді.
– Қалайсың, апа?
– Шү-кір.
Зәуре жалғыз сөздің өзін екі бөліп әрең айтты. Айдын сәл ойланып тұрды да, Зәурені жамылып жатқан көрпесіне орап алып, сыртқа шықты. «Лексустың» алдыңғы орындығын шалқайтып Зәурені жатқызды да тура Президент ауруханасына тартты. Бас дәрігердің келісімімен Зәурені бір кісілік палатаға жатқызды. Дәрігерлерді аяғынан тік тұрғызды. Терапевт, кардиологтар жабыла қарады.
– Не жағдай?
– Анаңыздың ауруы біреу емес, бірнешеу.
– Сонда?
– Қан қысымы жоғары.
– Қанша?
– Үсті – жүз тоқсан, асты – жүз.
– Тамыр соғысы?
– Жүз отыз. Қанты да көп. Сахарный диабет.
– Қанты қанша?
– Жиырма.
– Енді не істеу керек?
– Емдейміз.
– Өтінемін, жақсылап емдеңіздер. Менен қандай көмек керек? Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.
– Тілекші болғаннан басқа шара жоқ.
– Мүмкін шетел клиникаларына алып барармын.
– Қажеті жоқ. Олар жасаған емді біз де жасай аламыз. Сосын анаңыз алыс жолды көтере алмайды.
– Өтінемін, анамның өмірін сақтай көріңіздер.
– Аянып қалмаймыз.
– Рахмет сіздерге.
Осы әңгімеден соң жұмысқа соқты Айдын. Аз-кем отырып үйге келді. Жұмыста да, үйде де байыз тауып отыра алмады. Айна алдында боянып, сыланып отырған Гүлнұрды ертіп ауруханаға келді.
– Жүр кеттік, – деді Айдын.
– Қайда?
– Ауруханаға.
– Кімге?
– Барғасын білесің. Қабағына мұз қатқан Айдынға қарсыласа алмады Гүлнұр. Зәуре жатқан жетінші палатаға келсе, система қойған екен. Зәуре Айдынның келгенін сезіп көзін ашты. Бетіне үңілген Айдынды жанарымен аймалады Зәуре. Гүлнұр еңкейіп бетіне үңіле бергенде басын бұрып әкетті.
Ертесіне таңертең оразасын ашпастан ауруханаға тағы келді Айдын.
– Анаңыз реанимацияда, – деді дәрігер.
– Жағдай қиындаған екен ғой, енді не амал бар?
– Тәтті өтіріктен ащы шындық артық, анаңыздың екі, әрі кетсе үш-ақ күндік өмірі бар. Дұрыс, жөнелтуге қам жасай беріңіз.
Қан қысымы көтеріліп, жүрегі шаншып кетті Айдынның. Бір таблетка ішіп, ентігін басты да, Зәурені үйге алып келіп, өзінің бөлмесіне жатқызды. Гүлнұр үйде екен. Жақтырмаса да, қарсы қабақ таныта алмады. Себеп – шыдамның да шегі бар. Гүлнұрдың буынсыз жерге пышақ ұрған еркелігін көтеруден шаршаған Айдын соңғы кездері қабағына мұз қатып, ызғар шашып тұратын болды Гүлнұрға.
Дәрігердің айтқаны келді. Арада екі күн өтіп, үшінші күні түске жақын Зәуре өмірден өтті.
Зәуре қайтыс болар сәтте Айдын қолынан сипап, бетіне бетін тигізді.
– Айналайын, ұлым! Саған екі дүниеде де ризамын, – деді де, Зәуре үзіліп кетті.
Айдын Зәурені Ұлпанның жанына жерледі.

* * *
Ана балаға сыншы. Жазгүл бауыр еті – баласы Әмірханның болашағынан үлкен үміт күтті. Сол үмітіне орай Әмірхан бала кезінде-ақ өз қатарынан оқ бойы алда жүрді. Бес жасында тәрбиешінің көмегімен оқып, жаза алатын болды. Жеті жасында өлең жазып, он жасар ойын баласы кезінде «Қобыланды батыр» жырын:
Айт, жануар, шу деді,
Құбылып бурыл гүледі,
Тұяғы жерге тимеді,
Көлденең жатқан көк тасы
Саз балшықтай иледі, –
деп жатқа айтып, ақсақалдардан «Жырау» деген ат алды. Он бес жасынан бастап әкесі Айбалта жетекшілік ететін «Халық үні» партиясының жұмысына белсене араласты. Жиырма жасында қоғам белсенділерінің көшбасшысы болып, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне белсене араласты. Қазір жиырма бес жасқа келіп, толған айдай толықсып тұрған кезі.
Әмірханның ерекше жігіт болып қалыптасуы тегін емес, оның терең сыры тектілігінде. Әжесі Қамажай: «Сен текті тұқымнансың. Соған сай сөзің де, ісің де ірі болсын. Ұсақталма!» – деп жастайынан құлағына құйып отырды. Құйма құлақ бала бұл сөздің төркінін түсінуге ынтығып, әжесінен әр нәрсені сұрай беретін.
– Әже, «Сенің атаң Нұрдәулет атақты адам болған, сен соған ұқсайсың» дейді ақсақалдар. Нұрдәулет атам жайлы айтшы, – деді ойын баласы он жасар Әмірхан.
– Нұрдәулет атаң полковник болған. «Патша армиясының көркі» десетін білгендер.
– Сонда атам патшаға қызмет еткен бе?
– Атаң офицерлік антқа адал болыпты. Алғашында патшалық Ресейге қызмет еткен. Біраз уақыттан соң үкімет саясатының халық мүддесіне кереғарлығын ұқса керек. Елдің келешегін ойлап, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов сынды Алаш ардақтыларының басы біріккен Думаға мүше болған. Дума дегенің…
– Әже, Думаның не екенін білемін, кітаптан оқығанмын.
– Нұрдәулет атаң орыстың ғана емес, ағылшынның да тілін білген. Парижге барған, «Кадет» партиясын құрған. Ресей қарашекпенділерін қара шегірткедей қаптатқанда жер үшін күрескен. Нұрдәулеттен Қаратай, Қаратайдан сенің әкең Айбалта, Айбалтадан сен туғансың.
– Қаратай атам бастық болған дейді ғой. Сол жайлы айтшы, әже.
– Атаң тегін кісі емес. Тегін кісі ормандай орысқа тастай батып, судай сіңе ме? Тектілігі ғой Мәскеудің іргесіндегі аса үлкен бір совхоздың директоры болыпты. Хрущевтің «Тың игеру дейтін науқаны басталғанда Мәскеудегі дөкейлер атаңды Қазақстанға жіберген екен. Мұнда атаң айдаладан жаңа совхоз ұйымдастырып, оның жұмысын ұршықша үйірген соң үкімет оны жоғарылатып, бір ауданға райкомның біріншісі етіп тағайындады.
– Атам Социалистік Еңбек Ері атағын қашан алды?
– Ол оны әлгі райкомның бірінші бастығы болып жүргенде алды. Ол басқарған аудан миллиард пұт астықтың төрттен бірін берді үкіметке.
Әже мен немеренің әңгімесіне жұмыстан оралған Айбалта араласты. Әмірхан әжесі мен әкесіне кеше кешкісін жазған «Кенесарының соңғы сөзі» атты өлеңін оқып берді.
Полигон – жүректегі жарам менің,
Аралым, мен өзіңе алаң едім.
«Қазағым қайтіп енді күн көрер?» деп,
Жүк түскен жүрегіме балаң едім.

Сол аздай дайындықсыз нарық келді,
Байлықты жылпостарға алып берді.
Ғылым мен мәдениет жетімсіреп,
Тағы бір тауқыметті алып келді.

Қайғыдан көз ашпаған далам менің,
Қай ұрпақ қайдан іздеп табар емін?
Халқымның қасіретін арылта алсам,
Қиналмай сан қиырға барар едім…

Мен бүгін қиналсам да шаттанамын,
«Тәуелсіз елім бар» деп мақтанамын.
Басына қазағымның бақыт қонса,
Армансыз о дүниеге аттанамын.

Бақ пен тақтан басы айналған бір патша әбден шектен шығып кетіпті. Елдің бар байлығын балалары мен туған-туысқандарына бөліп беріп, халықты әбден күйзелткенімен қоймай, өзі де байлыққа тоймай өлермендікпен өршелене билік жүргізіпті. Сарай төңірегіндегі әлеңкедей жалаңдаған өңкей жағымпаз: «Әлемде сіздей әмірші жоқ, сіз мәңгілік патшасыз», – деп ескерсоқ билеушіні одан сайын есіртіпті. Өз елінің азаматтарын қор, жателдіктерді зор санаған ол халықтың басына әңгір таяқ ойнатыпты. Жателдіктерге нұрланып, өз жұртына сұрланып сөйлейтін екіжүзді әміршінің зорлығы мен қорлығына төзе алмаған жастар көтеріліс жасап, мейманасы тасқан, көзін шел басқан патшаны тақтан тайдырыпты.
Көтерілісшілер көсемі таққа отырған жаңа патша – жас жігіт Ақалмас елдің ақылман ағасы Абызға келіп, бата сұрапты. Абыз бата бермес бұрын Ақалмасқа бірер сауал қойыпты:
– Адамдарды түтістіретін не? – деп сұрапты Абыз.
– Сөз, – депті Ақалмас.
– Бітістіретін не?
– Сөз.
– Дұрыс айтасың, – депті Абыз, – адамның тілі бас жарады, бас деймін-ау, тас жарады. Ағат айтылған сөз – атылған оқ. Ақылды сөз – адам жанын жылытатын шуақ. Ақылды адам байқап сөйлейді, ақымақ адам шайқап сөйлейді. Семсер шешпес түйінді сөз шешеді. Сөз сәйгүліктен де қымбат. Құдай тектес құдіреттің бірі аспандағы күн емес пе? Оның қуаты адамзатты жылытып жүр емес пе? Сол күні сәулесі түспейтін адам жанының қатпары қалың қалтарыстарына сөздің сәулесі түседі. Сөзді билесең, елді де билейсің.
– Менің қолымда бір құс бар. Сол құс тірі ме, өлі ме? Енді осыған жауап берші, – депті Абыз.
Бұл сауалдың жауабы қиын еді. Ақсұңқар ойланып қалыпты. Тірі десе – Абыз саусақтарын қысып, құсты өлтіре салуы мүмкін, өлі десе – алақанын жазып, құсты ұшырып жібермей ме? Соны аз ғана сәтте ақыл таразасына тартып үлгерген Ақалмас:
– Уа, ақылман ата, бәрі өз қолыңызда, – депті.
Ақалмастың сөз құдіретін білгеніне риза болған Абыз оған бата беріпті:
Қиындық келсе еліңе,
Күресе біл, жасыма.
Халқыңды ойла сәт сайын,
Әміршімін деп тасыма.
Сөзбенен серпі дауылды,
Ақылмен тоқтат жауыңды.
Сенбесе халқың сөзіңе
Үймелер шыбын көзіңе.
Ақылды сөз тапқанша,
Қалғыма, ерім, көз ілме.
Көрін әркез биіктен,
Дұшпаның өлсін күйіктен
Конфуциймен иықтасып ұлы ойшыл Ф.М. Достоевский де тұр көз алдымда: «Әлемді құтқаратын – сұлулық» деді ол. Философ пен жазушы ойларын қуаттай отырып, мен айтар едім: «Әлемді құтқаратын – сөз» деп. Жеке тұлғаны ғана емес, тұтас мемлекеттерді де бітістіретін де, түтістіретін де сөз.
Сөз құдіреті мен халқыңа қызмет, ұлым!
Ұқтым, әке!
Айбалта Ақбас бүркіттей дүр сілкінген Әмірханның жалын шашқан жанарына сүйсіне қарады.

* * *
Қызды кім сүймейді, қымызды кім ішпейді? Қыз деген қарға аунаған қызыл түлкідей қызықтырмай тұр ма? Оған қоса ол қатардағы қарабайыр көп қыздың бірі емес, құлпыдай құлпырған, көзіне нұр тұнған сымбаты бөлек сұлу болса сұқтанбай, сүймек көр! Балғын тәні балбырап, бота көздері жаудырап, тұла бойына сұлулық тұнған Балсұлуға құмарлықпен құныға қарағандар да, шынайы пәк сезіммен құлай сүйгендер де көп еді…
Сол көптің бірі – бота тірсек, бұйра бас, сұңғақ бойлы, сұлуша, ақсары жігіт, аспирант Тұрсынбектің қолы жетті. Антұрғанның тілі сонша тәтті болар ма, Балсұлуды алақанға салып аялайтынын, онсыз өмір жоқтығын айтып, тәжірибелі қу тәжірибесіз қыздың басын шыр көбелек айналдырды…
Басы айналған Балсұлудың қойнына қол салды, бір салғанда мол салды. Театрға, сосын мейрамханаға барып, қанып ішкен шараптан көңілі шалқыған екеуі Алматының түнгі көркін тамашалай жүріп, қонақ үйге қалай жеткенін аңғармай да қалды. «Басым ауырып отыр» деген Балсұлуға «бас жазайық» деп тағы-тағы қоярда қоймай тағы ішкізді Тұрсынбек…
Таң алдында оянған Балсұлу Тұрсынбектің қойнында жатқанын бірақ білді. Тыр жалаңаш жатыр екен. Шошып кетті. Тұрсынбектің төсіне артқан білегін серпіп тастап, душ қабылдады. Киініп кеткелі жатқанда оянып кеткен Тұрсынбек атып тұрды төсектен.
– Қайда барасың? – деді ол түк болмағандай жайбарақат.
– Үйге.
– Тұра тұр. Ресторанға барып, таңғы ас ішейік.
– Қажеті жоқ.
– Тоқта!
Шығар есікке беттеген Балсұлудың жолына кесе көлденең тұрып алды Тұрсынбек.
– Не істедің, неге бүлдірдің мені, – деп жылап жіберді Балсұлу. – Ішімді томпитып қалай ел көзіне көрінемін.
Балсұлуды құшақтап, қалта орамалымен көзінің жасын сүртті Тұрсынбек.
Мейрамханадан таңғы ас ішіп, Тұрсынбектің сөзі жылаған жүрегіне жұбаныш болған Балсұлу үйге келгенде жұмысқа кеткелі жатқан Индира:
– Қайда жүрсің, ботам, – деп құшақтай алды.
– Бір жігітпен танысып…
– Кім ол?
– Бір аспирант.
– Аты-жөні?
– Тұрсынбек Біртанов.
– Ойбай-ау, ол бір жүрген аферист. Талай қызды тақырға отырғызып кеткен, қулығына қулық бойламайтын түлкі. Көн бет сол сұмырай сұмның көкайыл қатыны, екі баласы бар…
– Ой, Алла-ай. Енді қайттым?…
Индираның бұдан кейін айтқандарын естігісі келмеген Балсұлу басы мең-зең болып төсекке киімшең құлай кетті….

* * *
Қарыны шыға бастаған Балсұлу Индирамен ақылдасты.
– Мынаны не істейміз? Алдырып тастайын ба?
Балсұлу томпиған ішін оң алақанымен сипады.
– Аборт жасауға болмайды?
– Неге?
– Бірінші балаға аборт жасатсаң кейін бала туа алмайсың.
– Ойлан.
– Жақсы. Ойланайын.
«Қара басымды қорғай, күнімді көре алмай жүріп бала менің не теңім. Ішімде томпайтып, көзге шыққан сүйелдей болып жүргенше бұл пәледен тезірек құтылайын».
Осы ойға бекінген ол гинекологқа келді. Алысты алқымдаған орта бойлы, ақсары әйел: «іштегі шараға үш ай. Бұл мерзімде аборт жасауға болмайды» кесіп айтты.
Арада алты ай өткенде толғақ басталды. Іші бүріп әкетіп барады. Аяқ-қолы бүрісіп бүк түсті. Не отыра, не жата алмады. Қабырғаны жағалап, әрі-бері теңселді. Қос бүйір бірдей бүріп шыбын жанын шырқыратқан толғақ бір сәт босаңсай қалды. Сәл тыныстап барып темір құрсадай қайта қыса бастады. Құрқылтайдың ұясындай тар бөлмені шыр айналды. Ауа жетпегесін балконға шықты. Күн салқын екен. Денесі мұздай бастағасын бөлмеге қайтып оралды. Тізесі дірілдеп құлап қала жаздады. Есікке жете бере босағаны құшақтап тұрып қалды. «Тұңғышын босанатын тұмса әйелдің толғағы қатты болады» дегенді естіп еді, сол рас болса керек, сәл тыныс алғасын тағы да қос бүйірі бірдей қысылып, іші бүріп жүре берді. Босағаны құшақтап аз тұрды ма, көп тұрды ма, ол арасын өзге түгіл өзі де білген жоқ. Бір кезде бар күшін жиып, ас үйге кірді. «Ой, Алла-ай, өлетін шығармын. Ақыл айтып, көмек беретін Индира да жоқ. «Қойшының қызы қой келгенде көредінің» кері, басқа уақыт таппағандай мына толғақтың үйде жападан жалғыз қалғанда келе қалғаны-ай..»
Түн ортасында басталған толғақ шаңқай түсте шарықтау шегіне жетті. Бүкіл денесі сыздап, сүйектері сытырлап сынып бара жатқандай болды. Қатты қиналғасын ерінен тістеп, көзін жұма берді. Сол сәт… Иә сол іштегі шаранасы былқ етіп, сыртқа шықты. Оған ілесе жарық дүниеге жаңа ғана келген сәбидің жылаған дауысы шықты. Сол сәт бойы кілт жеңілдеп, ауруы тарап жүре берді. «Ух, Алла өзі жар болып, босандым-ау, әйтеуір. Стол үстіндегі пышақты алып, кіндігін кесті.
Қатты әлсіреп қалған екен, әл жиып «адидастың бауымен нәрестенің кіндігін байлады да оны аппақ іш көйлегімен құндақтап тастады.
Баланың туғанына үш сағаттай уақыт өтті, жолдасы әлі түскен жоқ. Есесіне қан өте көп кетті. Әбден әлсіреген Балсұлу төсекке құлай кетті. Сәлден соң жүрек соғысы әлсіреп, жанары жұмыла берді…

* * *
Арқалықтан Алматыға оралған Райхан Сыртқы істер министрлігіне қарайтын жоғары дипломатиялық мектепке директор болып тағайындалды. Келесі жылы Жоғарғы Кеңеске депутат болып сайланды.
Пікір таластырып, ой жарыстырып, айтыс-тартыспен өтетін Парламент мәжілісінің көрігін қыздыра жүріп Райхан жалғыздық пен жалығудан құтылды. Ең бастысы Ерасыл, Айгүлдермен жиі көрісіп, жақсы сыйласып алып ұшып, аласұрған жүрегі байыз тапты. Бәлкім соданда болар газет тілшісінің «Сіздің ұғымыңызда бақыт не?– деген сұрағына «Успокойствие души» деп жауап берді.

* * *
Тұңғышының толғағы қатты болған тұмса әйел өлім аузынан қайтып есін жиғанда жанында жылап жатқан сәбиін көрді. Емшегі дертіп тұр екен омырауын аша берген уыз сүт бұрқ ете қалды. Баласын емізіп қайта жатты. Аузы аққа тиген сәби ұйықтап кетті.
«Ертең жұмысқа баруым керек, мына баланы не істеймін, кімге қалдырамын мұны – деп ойлады ол. «Зарман ініне кіре алмай жүріп құйрығына қоңырау байлаптының» кері ғой. Күнімді көре алмай жүріп мұны қалай бағып, қалай өсіремін. Тіпті, өсірген күнде де бақытты бола ала ма, бұл бала? Тәрбие беретін анасы мен бе? Менің түрім мынау. Көлеңкесімен қорғай жүретін әкесі де жоқ бұл бейбақтың. Әкесіз бала – сужүрек, әкелі бала – ержүрек. Су жүрек жетім кімге пана болар дейсің. Тас жетім тас бауыр болып өспей ме? Мұндай бейбақтар аз ба, мына жарық дүние дейтін жалғанда. Тірі қалса бақытсыздар санын көбейткеннен бөтен не бітіреді бұл бала? Ертең өскенде алғыс емес, қарғыс айтар маған: «Мен сорлыны неге әкелдің мына опасыз сұм өмірге. Бүйтіп сормаңдай болып, сорлап жүргеннен өмірге келмегенімнің өзі жақсы еді» демей ме? «Пәледен машайық қашыпты» дейді ғой бақыттылар. Басына іс түспегесін қайдан ұқсын олар өзгенің бақытсыздығын. Құдайыңмен қорқытпа. Сол құдай бар ма, өзі? Бар болса неге әділ емес. Неге біреуді көкке, біреуді жоққа шығарады ол. Сонша сорлатардай. Не жаздым бұл құдайға. «Алланың әмірінсіз ештеңе болмайды» дейді ғой білетіндер. Мен адассам сол Алланың әмірімен адастым ғой. Айдың күні аманда адастыратында не жаздым бұл Аллаға? Ешкімнің ала жібін аттағам жоқ. Балбыраған балғын тәнім ғана емес, ойым да, ісім де таза еді. Ашық күнде адасып, қара бастым. Сол алаяқпен кездескен қаралы күн, жаралы түнге лағнет. Мына жылап жатқан баланың обалы сол күн, сол түн, сол аферист аспирантқа. Қарасы батқыр олардың! Қарғыс атсын оларды. Қой, мына бейшара баланы жылата бермей үнін өшірейін бұра жола…»
Осы ойға берік бекінген Балсұлу құндақтаулы баласын қоқыс жәшігіне апарып тастады…
* * *
Бұл адамзат Жер ана мен Аспан ата арасында алғаш тіршілік ете бастаған сонау ту, ту алыс заманда болған оқиға. Көне тарих көшіндегі шаң-тозаңға көміліп қалмай күні бүгінге дейін жеткен сол оқыс оқиға жайлы аңыздың түбін түсіре түгел баяндау үшін тұтас бір кітап жазу керек. Оқушының қымбат уақытын үнемдеу мақсатымен аңыздың ұзын ырғасын ғана баян етелік.
Кең даланы мекен еткен бір тайпаға қара түнді жамылып қапыда бас салған қарақшылар қарсыласқан жанның бәрін қынадай қырды. Келесі күні күн бата аяқталған айқас алаңында бейбіт тайпадан екі аяқ, екі қолын бірдей қылыш шапқан, түбіт мұрты енді ғана тебіндеп келе жатқан өрімдей жас жалғыз бозбала қалды томардай домалап. Қанға бөгіп, қансырап жатқан ең соңғы құрбандылықтарын өлдіге санаған басқыншы жау өз жөніне кетті.
Құдайдың құдіретінде шек бар ма? Өлмеген пендеге өлі балық кездесті. Жапан далада жортқан жалғыз хайуан – қаншық қасқыр аш болса да жаралы жанды жемеді, қайта оны аяп аялады. Жарасын тілімен жалап, аққан қанын тоқтатты. Арқасына салып ап, көлге апарып шомылдырды. Көлдің суы шипа боп, жаралы бозбала жазылды. Адамнан көрмеген жақсылықты қасқырдан көрді. Күндердің күнінде жарасы әбден жазылған жас бозбала қаншық қасқырға үйленді. Қаншық қасқыр бозбаладан жүкті болған шағында тайпалар арасында тағы да соғыс басталды. Өзін емес, құрсағындағы ұрпағын ойлаған қаншық қасқыр жайлы мекенін тастап, тау шатқалындағы үңгірге қашып тығылды. Күздің қара суығында көзі қарауытып ашыққан қаншық қасқыр ұрпағын аман сақтау үшін үңгірден шықпады. Тозақтан бетер азап кеше жүре он бала туды ол. Қаншық қасқырды сол азапқа төздірген ұлы сезім – аналық сезім еді. Ұрыс даласында аяқ-қолдан бірдей айрылған сол бозбала мен қаншық қасқырдан туған он баладан түркі халықтары тарайды. Біз қазақтар Көкбөрінің ұрпағы дейтініміз де, ата-бабаларымыз ертеде қасқырды қасиеттеп, көк байраққа Көкбөрінің бейнесін салуында да тарих қойнауында жатқан осындай терең сыр бар.
Ақиқатпен астасып жатқан осынау аңыздың астарында әйел-ана жүрегіндегі жылылық пен ұлылық жатыр. Әйел – өмірдің өзегі. Өмірдің мәні де, сәні де, нәрі де, әні де – әйел. Әйелсіз өмір – айсыз түн.
Мемлекеттік маңызы бар мәселенің бірі – ана мен бала проблемасы. Бүгін ана мен бала қандай болса, ертең мемлекет те сондай. Бұл екеуі егіз проблема. Алып анадан туады. Ақын да, көсем де, шешен де әйелдің алтын құрсағынан шыққан. Ана алдында асқар тау да аласа. Әйел алдында патша да әлсіз. Әйел құдай тектес құдірет! Ұлы Мұхаңның – Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтсақ: «Халықты ілгерілететін дөңгелек солар. Оларсыз мақсатқа жақындау мүмкін емес. Бұлай болғанда алғашқы сөзімді қайта айтамын. Адам баласы тағы болып, еркегі хайуандық дәрежесінде жүргенде әйелден бала туып, ол балалардың бәрі де жастық қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген.
Бұған қарағанда адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақияты әйел халінде жалғасады. Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. «Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе» (М.Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы, 15-том, 9-бет. Алматы. «Жазушы», 1984 жыл). Сонау 1917-жылы жазылған бұл сөздер бүгін де мәнін жойған жоқ. Мұхаңның «Адамдық негізі – әйел» деп жар салуы тегін емес. Мұның терең сырын әйелдің құдай тектес құдіретінен іздеу керек.
Арғы-бергі тарихты аудара қарап, ақтара тексерсеңіз әйелдің сұлулығы мен ұлылығы талай кереметтерді туғызғанын көресіз. Дүниежүзіндегі сегізінші керемет Таж-Махалды салғызған да, жарты әлемді жаулап алған айбарлы да ақылды әміршілер Ақсақ Темір мен Шыңғысханға ат тізгінін тартқызған да, Шыңғыстың атақты шайырына:
Мен өзіңді тәңіріме теңер ем,
Бір меніңе Самарқанд пен Бұхараны берер ем, –
деген жұлдызды жыр жолдарын жазғызған да әйелі! Жеке адамдарды ғана емес, тұтас бір мемлекеттерді де түтістіретін де, бітістіретін де әйел. Бір ғана мысал. «Известия» газетінің 1997-жылғы 3-желтоқсанындағы санында «Андропова с Рейганом померила женщина» деген атпен ИТАР– ТАСС материалы жарияланды. Онда былай делінген: «В ноябре 1983 года СССР стоял не пороге ядерной войны с НАТО. Об этом стало известно в результате анализа британскими экспертами секретных документов из архива бывшей разведки ГДР. Руководство КГБ пришло к выводу, что начинавшиеся тогда учения НАТО «Эйбл Ачер-83» являются подготовкой к ядерному удару по СССР. Были срочно приняты ответные меры: приведены в полную готовность советские стратегические бомбардировщики».
Британские эксперты утверждают, что ключевую роль в разрешении кризиса сыграла Маргарет Тэтчер, которая убедила президента США Рональдо Рейгана начать с руководством СССР переговоры о сокращении вооружении».
Қазақ халқының тарихында Тэтчерді он орап кететін әйелдер болған. Әрідегі Томирис, берідегі – Домалақ ана – Нұрила, күні кешегі Ұлпа… сұлулығымен ғана емес, ұлылығымен де ұлт мақтанышына айналған ұлы тұлғалар!
Жиырмасыншы ғасыр талай елден көш бастаған көсем әйелдер де шығарды. Олардың арасында: Агата Барбара (Малта, 1982-1987), Изабель Перон (Аргентина, 1975-1976), Вигдис Финнбогадоттир (Исландия, 1980), Корасон Акино (Филиппины, 1986-1992, 1994), Виолетта Чаморро (Никарагуа, 1990-…), Эрза Паскаль – Трухильо (Гаити, 1990-1991), Мэри Робинсон (Ирландия, 1990-… сынды Президенттер де; Индира Ганди (Үндістан, 1966-1977), Гола Меир (Израиль, 1969-1974), Маргарет Тэтчер (Ұлыбритания, 1979-1980), Эугения Чарльз (Доминикан Республикасы, 1980-…) Гру Харлем Брунтланд (Норвегия, 1981,1986-1989, 1900-…) Милка Планинк (Югославия, 1982-1986) Беназир Бхутто (Пакистан, 1988-1990), Казимера Прунскене (Литва, 1990-1991), Эдит Крессон (Франция, 1991-1992), Халида Зиа (Бангладеш, 1991), Ким Кэмпбелл (Канада, 1993-…) тәрізді Премьерлер де бар.
Күні кешеге дейін биік билік басында болған Беназир Бхутто, Тансу Чилерді айтпағанның өзінде бүгінде Финляндияның қорғаныс министрлігін Аннели Тайна ханым басқарады.
Жарқ етпес қара көңілім не ғылса да,
Аспанда Ай менен Күн шағылса да,
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,
Маған жар сенен артық табылса да, –
деген де ұлы Абай. Әйелді Абайша сүйіп, Абайша жырлаған ақын аз. Солардың бірі ғана емес, бірегейі – Мағжан:
Сүйші сәулем, тағы да сүй, тағы да,
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ляззаттың бір минөтін бермеймін
Патша тағы, бүкіл дүние малына, –
деп жырлады. Ал, Аркадий Вайнер былай дейді: «… Состояние влюбленности – это озарение, взлет к небесам. В этот момент живешь, как в невесомости – тела своего не ощущаешь: не идешь по земле, а вроде передвигаешься чуть-чуть над ней. Но это настолько же прекрасно, насколько быстротечно. Такое может быть не ожнажды, особенно в жизни творческого человека. Без этого он закиснет, загрустит и вряд ли что-нибудь толковое в жизни создаст».
Әйел жанын бір ұқса, жазушы ұғады. Әйел болып сұлу болмау мүмкін бе? Сұлулықты сүймеу тағы мүмкін бе? Сымбаты емес, сырлы емес бірде-бір әйел жоқ, әр әйел өзінше сұлу, өзінше сымбатты! Тек оған ғашық көзбен қарай біл, жан дүниесін тани біл. Әрбір әйел – бір әлем! Мен де әйелді бір адамдай жырладым. «Тау жолы» атты романымда «Әйелсіз өмір – айсыз түн» деп жазып ем, «Арманым көп, аз өмірім жетер ме?» атты дастанымда:
Қазағымның жоғын жоқтап сабылдым,
Дей алмаймын күштілерге жағындым.
Жанын ұқтым әйелдер мен қыздардың,
Табынсам тек сұлулыққа табындым.

Әйел үшін жыр да жаздым, ағылдым,
Сүйдім, күйдім, жаза бастым жаңылдым.
Әйелдерден бал да таптым, у да іштім,
Одан өзге не кінәм бар, неғылдым?
деп жырладым («Халық кеңесі, 9 сәуір, 1994 жыл).
Ер жігіт өз өмірінде әртүрлі әйелге жолығып, әрқилы әйелмен танысқанмен түптің түбінде оның тағзым етіп, құдайдай табынары – бір-ақ әйел! Жазушының халықтан жасырар сыры жоқ. «Сенің сондай табынарың, сағынарың кім?» деп сұрай қалса мен:
Тауға да ұрып, тасқа да ұрып басымды,
Іздедім мен серік болар асылды,
Маржандарым арзан болып шықты да,
Содан ерте ағарттым мен шашымды, –
деп жүргенде тапқан жан серігім Құралайым дер едім.
Сүйікті кенжем Даниярымның анасын мен бүгінде:
Жанымда болсаң табындым,
Алыс кетсең сағындым.
Ашулансаң, ұрыссаң,
Қайғыдан шекпен жамылдым… –
деп жырлаймын. Әйтсе де, біз еркектер қанша сүйдім, күйдім дегенмен махаббат мәселесінде әлі әйелдермен таласа алмаймыз. Әйел жанының академигі Мопассанның сөзімен айтсақ «Шын сүйе алатын тек әйелдер ғана» («Орындық тоқушы әйел» хикаясынан). Мойындауымыз керек, біз еркектер махаббаттың ыстығына күйе білгенмен суығына әйелдердей тоңып, әйелдердей төзе білмейміз. Өртке де, дертке де төзімді әйелдер ғана. Көп адамды ақын еткен де махаббат. Соның бірі – Силва Капутикян әлемнен де күрделі әйел жанын:
Кеттің ғой…
Маған қайырылмай,
Бәрібір менен кетпейсің.
Жүрегіміз мәңгі айрылмай,
Менсіз бір жолдан өтпейсің.
деп жырлады. («Қазақ әдебиеті», 12 маусым, 1987 жыл).
Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрдың және басқа да театрлардың сахнасында қойылған менің «Дауыл» атты пьесамның басты кейіпкерлерінің бірі Айнұр өзімен күндес Рымкеш дейтін әйелге: «Қадірлей білейік, ер азаматты. Әйел асқақтаса азаматтың арқасы. Оларсыз кімбіз біз…» дейді. Қанша әулие болса да, әйелдің жөнсіз асқақтамағаны абзал. Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Әйел асқақтаса – жылағаны, еркек асқақтаса құлағаны». Құдай әйелді жылата, еркекті құлата көрмесін!…
Жәндіктердің де өз заңы бар: мәселен көксеректің ұрғашысы қара уылдырық шашқан соң ұрпағы үшін өзін құрбан етеді, ал, өрмекшілер ұрығын алып алған соң ұрғашысы еркегін өлтіріп тастайды. Көксерек сынды сымбаты бөлек сұлулар көп емес! Әйел еркіндігі сол екен деп өрмекшілер ережесімен өмір сүргісі келетін әйелдер де кездесіп қалатынын несіне жасырамыз. Қандай қиюы қашқан қиын ситуациялар кезінде де моральдық жеңіс те, материалдық игілік те өз жағында болатынына сенімді әйелдердің қит етсе еріне: «ажырасамын» деп сес көрсетіп шыға келетіні бар. Бұлай бола берсе, бұрын әйел теңдігі үшін күрескен қазақ зиялыларына ертең еркек теңдігі үшін күресетін күн туып жүрмесіне кім кепіл?! Осы тұста «АИФ»-тің «Семейного советінде» жарияланған Армен Джигарханянның: «… С возрастом что-то меняется на что-то». Я не хочу сейчас это как-то называть – «привычка» или «привязанность». Все дело в союзе, как бы скучно это ни прозвучало. Это – жизнь. Как у человека: с возрастом слабеет зрение, выпадают зубы, седеют волосы. То же происходит и с эмоциями. Человек должен это осозновать и суметь найти некое противоядие этому, если ему дорог этот союз, если есть вещи, которые объединяют. Но если умирает страсть, физиология, то начинаются неприятности. Еще Лев Николаевич говорил, что самое большое таинство – или большая проблема – это проблема постели…» деген сөзін еске ала кетудің орайы келіп тұр.
Психолог Дейл Карнеги жанұя бақытының түрлі ережесін ұсынады. Оның айтуынша:
«1. Никогда не ворчите друг на друга! Наполеон ІІІ был влюблен в графиню Евгению Тэба и женился на ней. Но вскорее семейное счастье стало рушиться. Осатаневшая от ревности, Евгения изводила императора своим ворчанием. И Напалеон покинул ее!
2. Любите и давайте жить другим! Великий политик Дизраэли женился довольно поздно на не очень красивой женщине, к тому же старше себя на 10 лет. Они прожили вместо 30 лет, и были счастливы! Все эти 30 лет Мэри Энн не уставала восхищаться своим мужем и хвалить его в обществе. Со своей стороны, Дизраэли всегда подчеркивал, что жена была главным в его жизни.
3. Не пытаейтесь переделать своего партнера! Успех в браке зависит не от того, чтобы найти подходящего человека, а от способности самому быть подходящим человеком.
4. Если вы хотите, чтобы вас в доме было счастье, прочтите хорошие книги о половом факторе в семейной жизни. Любые трудности могут быть преодолены, если между супругами нормальные половые отношения.
5. Не пренебрегайте отношения мелкими проявлениями внимания! С незапамятных времен люди считали цветы языком любви. Чикагский судья, рассматривавший тысячи бракоразводных дел, утверждает, что в основе неудачных браков лежат заудядные мелочи. Например, то, что жена не помашет мужу, уходящему на работу из окна». («Караван», 25.10.1996 г.). Әйел байлық қана емес, бақыт. Өмірдегі сол қазынамыз жанұя бақытының қазығы бола алса нағыз бақыт сол емес пе?! А.Фет: «Ты передо мной стоишь как божество!» деген сөзді сондай қасиеттің иесі, махаббаттың киесі – әйелге арнағанын ұмытпайық. Менің бұған өз жанымнан қосарым:
Мен ұққан бұл өмірдің дастан әні,
Бәрі, бәрі махаббаттан басталады!
Бір данышпан айтқандай: «Любовь стоит столько, сколько стоит сам человек». Қазақтың қасиетті әйеліне деген махаббат сол өмірден де қымбат!
«Қыз Жібекте» айтылғандай:
Батырлық, байлық кімде жоқ,
Ғашықтық жөні бір басқа!
Алыс-алыс күндерден жеткен аңыз айтады: «Әлде бір заманда, әлде бір жерде әйелдер мен еркектер мінәйі бір себеппен араздасып қалып, тұтас тұрған тұлғалы ел екіге жарылыпты. Сөтіп бір елде екі мемлекет пайда болыпты. Оны бірі – әйелдер, екіншісі – еркектер патшалығы екен. Еркіндік тиген ерлер патшалығының азаматтары алғашында «әйелдерге бодан едік, енді бостандық алдық» – деп салт басты, сабау қамшылы өмірлеріне қуаныпты. Еншіге тиген ризықтарын ішіп-жеп, сауық-сайранмен күн кешіпті.
Әйел патшалығындағы арулар қуанбаса да, жалғыздыққа бірте-бірте көндігіп, ертеңді-кеш еңбекпен өз патшалықтарын гүлдендіре беріпті. Сайранның түбі – ойран боларын білмеген еркектер патшалығындағы азаматтар күндердің күнінде бар байлығын тауысып, ел ашаршылық халге жетіпті. Әлсіреген ерлер патшалығын қуатты көрші мемлекет бір-ақ күнде жаулап алыпты. Жеңген елдің патшасы әйелдер патшалығындағы аруларды шақырып, ұланасыр той жасапты. Жеңімпаз патша тойдан соң әйелдер патшалығының аруларына бір-бір қапшық беріпті де:
– Қазынама қол салып, бір салғанда мол салып, қапшықтарыңды толтырып, көтергендеріңше алтын, күміс немесе не қалағандарыңды алыңдар, – депті.
Әйел патшалығының арулары болса бір-бір қашықтықты арқалап, шаршап-шалдығып, арып-ашып елдеріне әрең жетіпті. Оларға еріп барған жеңген елдің жансызы жеңімпаз патшаның:
– Әйелдер патшалығындағы арулар біздің елден не алды? – деген сұрағына былай деп жауап беріпті:
– Мәртебелім, арулар өздерінің ең қымбат қазынасын алды.
– Ол не?
– Ол өздерінің күйеулері.
– Әйелдер ақылды ғой. «Бір әйелдің айласы қырық еркекке жүк болады» – деп бұрынғылар бекер айтты дейсің бе? Олар өздерінің күйеулерін ғана емес, бақытын арқалап әкеткен екен ғой, – депті жеңімпаз патша. – ал, бізге – еркектерге сондай таңдау бұйырса сол сыннан өте алар ма ек?…
Жеңген елдің жеңімпаз патшасы мен жансызының осы әңгімесін тыңдаған ашық аспан астындағы алып алаң толы қалың ел ой орманында үнсіз тұрып қалыпты.
* * *
Гүл сататын дүңгіршекке келіп жеті тал розаға тапсырыс берді Әмірхан. Гүл сатушы әйел көз жауын алған өрттей қып-қызыл розаны ақ салафанға орап бір жас қыз келді.
– Сәлеметсіздер ме? – деді ол сатушы әйел мен Әмірханға кезек қарап.
– Саламат болыңыз, – деп жауап берді Әмірхан.
– Маған жеті тал роза гүлін беріңіз.
– Роза гүлі жоқ. Ең соңғысын мына жігіт алып тұр.
– Енді қайттым?
– Оған несіне қапаланасыз, міне, көз алдыңызда тұр ғой нешетүрлі гүлдер. Мынау пион, анау гладиолус, ана тұрған георгин, астра, мыналар ландыш, гвоздика, золотой шар, лилия деп самсаған сан алуан гүлдерді санамалап жатыр сатушы әйел.
– Маған керегі роза. Бүгін подругамның туған күні. Ол роза гүлін жақсы көреді. Енді қайда барсам екен? Маған жөн сілтеп жіберіңіздерші. Жақын маңда гүл сататын дүңгершек бар ма?
Жас қыз гүл сатушы әйел мен Әмірханға кезек мойынын бұрып екеуіне арнады сөзін. Уақытым да аз. Жақын маңнан келіп қолындағы жеті тал розаны ұсынды.
– Ой, аға, ыңғайсыз ғой.
Бейтаныс қыз Әмірхан ұсынған гүлді ала қоймады. Гүл ұстаған қол кеңістікте қалқып тұр.
– Түк те ыңғайсыздығы жоқ қысылма. Ала ғой айналайын!
– Таңшолпан.
– Атың да өзің сияқты сұлу екен.
– Көп-көп рахмет аға!
Таңшолпан Әмірханмен жылы қоштасты. «Қандай сұлу» – деп ойлады Әмірхан. – Сымдай тартылған ұзын бойына тобыққа дейін төгілте киген көк көйлек жарасып, аппақ ажарын ашып тұр. Көк көйлекті қыпша белінен буған қызыл белбеу ерте піскен шиедей албыраған алқызыл ерінге үйлесіп тұр. Тік иық пен аққу мойынға төгілген ұзын шаш қандай көркем. Көзін айтсаңшы көзін! Таңғы шықтай мөлдіреген жақұт жанар әдеттегі көздерден әлдеқайда үлкен. Ойлы, мұңлы жанарды адамды тұңғиыққа тартып алар құпия құдірет бардай. Киім киісі де керім! Қазіргі қыздар омырауын ашып, кіндігін көрсетіп жүргенде Таңшолпан сұңғақ бойындағы сұлулығын сұқ көзден көлегейлегені де білгендіктің белгісі. Көргенсіз болса сиыр да ішпейтін қақтың суындай жалаңаш-жалпы жалтылдап жүрер еді. Тұрған тұрысы, сөйлеген сөзі тәрбиелі, иманды екенін айқын аңғартып тұр…»
Таңшолпанды бір көргеннен ұнатып қалды Әмірхан. Сол күннен бастап оны түсінде жиі көретін болды оны. Алып ұшқан албырт сезімі ақ қағазға ақжарма жыр болып төгілді:
Жүректің дірілдеткен жапырағын,
Күнімді сен деп ойлап батырамын.
Күн бейнең кетер емес көз алдымнан,
Таңды да бір сені ойлап отырамын….
Күндіз естен, түнде түстен шықпай қойған Таңшолпанды «Қайдан іздеп, қалай тапсам екен?» деп жүргенде Әмірханның ақ тілегін берді Алла. Алматыдағы дәрігерлік институттың ректоры, академик Төребек Шаяхметов студенттерімен кездесуге шақырды. Басында «Уақытым жоқ» деп қашқақтаған. Жасы үлкен, елге сыйлы азамат қайта-қайта қолқалап қойғасын барған кездесуге. Барғаны қандай жақсы болды. Таңшолпан дәрігерлік институттың, педиатрия факультетінің соңғы курсында оқиды екен. Жер жайлы, «Адамзаттың анасы» атты жыр жинағына автограф жазып жатып, Таңшолпанның қалта телефонының номерін қағып алды. Арада апта өткенде алғаш рет түс ауа Горкий паркінде кездесті. Біраз уақыт әңгімелесе жүріп кешке Әуезов театрынан Әуезовтің «Қарагөзін» көрді.
– Мен сіздің «Қаралы сұлу Қарагөз» атты поэмаңызды үшінші курста жүргенде оқығанмын, – деді Таңшолпан театрдан шықаннан кейін. Сіздің творчествоңыз Әуезов шығармаларымен үндес. Тақырып жағынан емес, психологиялық үндестік. Адам жанының нәзік иірімдерін ой, қақтығысы мен сезім арпалыстарын суреттеудегі үндестікті айтамын.
– Өзің кәсіби әдебиетші сияқтысың.
– Мектепте оқып жүргенде ақын болуды армандап, өлең де жазғанмын. Ақындықтың ауылы алыс екенін белгісі медик болуға талпынып жүрмін.
– Екеуміздің тірлігіміз ұқсас, – деді Әмірхан.
– Қалай?
– Дәрігер адамның тәнін, ақын жанын емдейді.
– Солай екен. Ол жағын ойламаппын.
– Тірлігіміз ғана емес, махаб – деп тілін тістей қойды Әмірхан – бірлігіміз де жарасса ғой, шіркін, деп түзетті.
– Шіркін дегеніңізге қарағанда армандайсыз-ау, шамасы.
– Армандағанда қандай! Тура сөйлеп дағдымен ашығын айтайын, арманым – өзіңе ұнау.
– Ол енді өзіңізге байланысты.
– Арманым үшін аянып қалмасым аян. Тек сезім жауапсыз болмаса екен.
– Күдігіңіз бар ма?
– Күдігімнен сенімім басым.
– Онда неге?
– Өмірде не болмайды?
– Бәрін ақыл таразысына тартыңыз.
– Ақыл мен сезім тайталасқанда сезімге жол беру керек.
– Неге?
– Бір данышпан былай депті:
Осы сөз менің қағбам. Сіз қалай ойлайсыз.
– Алдағы өмірді Алла біледі. Әңгімелесе жүріп жатақханаға да жеттік. Жақсы, сау болыңыз…
– Ертең хабарласамын.
– Ертең бос емеспін.
– Онда бірісі күні кездесейік.
– Оны тәртібіңізге қарай көреміз.
Таңшолпан жұмбақ жымиды.
«Бірінші кездесуде-ақ жөн, жосықсыз сайрай бергенім қате болды, – деп ойлады Әмірхан. – Тормыз жоқ машинадай салдыр-күлдіргеніме жол болсын. Үкідей қызды үркітіп алмасам жарар еді?…»
Әмірханның уайымы бекер еді. Таңшолпан оның қалтарыс, қулығы жоқ ақкөңілділігін ұнатты.
Театрға барған күннен бастап екеуінің кездесуі жиіледі.
Арада бір жыл өткенде екеуі үйленді.

* * *
Бүгін көшеде көлік әдеттегідей көп емес еді, әйтсе де кептеліске тап болды. «Жол апаты шығар» деп ойлаған. Анықтап қараса олай емес. Қаңғыбас иттер өлі нәрестенің денесін тістеп сүйретіп жүр. «Адамнан айнытпайтын қуыршақтар да шығаратын болған ба?» деп ойлады басында. Сөйтсе қаңғыбас иттердің тістеп, толасып жүргені өлі нәрестенің денесі екен.
Бір кезде қаңғыбас иттердің бірі өлі нәрестенің қолын, бірі аяғын, бірі басын тістеп алып жөніне кетті…
Бойы мұздап, жүрегі сыздап кетті.
«Бұл неткен азғындық! – деп ойлады. – Азған қоғам ба, адам ба? Осыншама деңгейге құлдыраудың себебі не?»
Қаны басына шапшып, жүрегі ауырған ол үйге әзер жетті.
Айгүл Ерасылдың түндей түнерген түрін көріп шошып кетті.
– Өңің қашып кетіпті ғой, не болды? Ауырып қалдың ба?
– Иә, жүрегім шаншып ауырып тұрмын.
– Скорый шақырайын.
– Керек емес. Дәрігер емдейтін ауру емес бұл. Жедел жәрдемнің номерін тере бастаған Айгүлді құшақтап, тоқтатты.
– Не болды, айтсаңшы.
– Жаңа көшеде бір сұмдық көрдім.
– Ол не сұмдық?
Ас үйге кіріп, бір кесе салқын су ішті. Сосын бір сәт өзіне өзі келіп, жаңа көшеде өз көзімен көрген сұмдықты айтты Айгүлге.
Сол сәт Айгүлдің жүрегі шаншып кетті.
– Кім екен нәрестесін қоқысқа тастаған?
– Ит біліп пе?
– Ондайлар аз ба қазір.
– Кімде болса барып тұрған тас жүрек.
– Ана атынан садаға кетсін ондайлар.
Қаңғыбас иттер таласқан өлі нәресте Балсұлудың қоқысқа тастаған баласы еді.

* * *
Бішкекте шығармашылық кеші сәтті өткен Ерасыл көңілді. Жол бойы кешегі кермиық кештің көркем көріністерін көз алдына елестетіп келеді. Кешті жүргізген қаламдас досы, қырғыздың шоң ақыны Мархабай Ааматовтың шешендігіне, төсекте басы, төскейде малы түйіскен бауырлас халықтың абызына айналған Сүйінбай Ерәлиев, Сауранбай Жусиев, Төлеген Қасымбеков сынды классиктердің көрегендігі сүйсінтті. Кісілігіне кішілігі сай қаламдас ағаларының асқан сабырлылығы мен қайырымдылығын дән риза болды. Молдабосынов атындағы театрда өткен кеш үш сағатқа созылды. Кеште ақтарыла сөйлеп, ақ батасын берген қаламдас ағалары «Жібек жолы» мейрамханасында жайылған дастарханға да келді. Жасы келген кісілер ғой шаршағандары аңғарылып тұрды. Сонда да сыр бермей банкеттің соңына дейін отырды. Ол аз десеңіз Ералиев өлең оқып, Жүсиев ән айтып, Қасымбеков билеп отырыстың көрігін қыздырды.
Ертесінде қаламдас достары қырғыз-қазақ шекарасындағы «Достық» мейрамханасында қонақасы берді. Мархабай досы иығына шапан жауып, басына ақ қалпақ кигізгенде Ерасыл:
Басымда менің ақ қалпақ,
Ойлап шетін сырғызған.
Менің де бетім жап-жалпақ,
Сенің де бетің жап-жалпақ,
Айырмам қайсы қырғыздан, –
деп Әбділдә ақынның өлеңін айтқанда:
Мен барсам қазақ ауылына,
Байқалмаса қырғыз екенім, —
деп Сүйінбай байеке іліп әкетті.
Төкпе ақын қазақ пен қырғыз достығын селдей тасыған төкпе жырмен төгілте жырлады. Қырғызстанның халық ақыны Мейрамгүл Әбілқасымова өзінің «Құрмандатқа» поэмасынан үзінді оқыды. Қырғыз бауырлар кешегі шығармашылық кеште Ерасылға Қырғызстанның «Алтын қалам» ұлттық сыйлығымен марапаттап, кеудесін Қарасаев атындағы алтын медаль таққан еді. Ақын інісі Нұрлан Қалдыбай сол марапапаттарыңа көрімдігін де арнау өлеңін оқыды.
«Әлемге Манас пен Шыңғысты сыйлаған қырғыз ақылды, талантты халық, – деп ойлады қаламдас достарының құрметіне бөленген Ерасыл. – Кеңес өкіметі кезінде олар бар саладан – әдебиет, өнер, архитектура, ғылым салаларыннан ең жоғарғы сыйлық Лениндік сыйлық алды. «Қырғыз қыз» фильм одақтық Мосфильмді» АҚШ-тың «Голубудына» теңестіреміз деп оған қаржыны аямай құйғанын, барлық жағдай жасағанын, Украинаның да олардан қалыспағанын ескерсек тұлпармен жарысқан тай секілді «Қырғыз» фильмінің шығармашылық жетістігі сүйсінтеді. Қырғыз киносының бағын ашып, жұлдызын жандырған Шыңғыс Айтматовтың әлемдік деңгейдегі классикалық туындылары, сосын сол шедеврлердің Төлеміш Өкеев, Сүлеймен Чокмаров сынды талантты режиссерлардың аса шебер режисурасы сынды атақты актерлердің табиғи таланты. Үндемей жүріп үлкен іс тындыратын қырғыз бауырлардан үлгі алар жайлар аз емес. «Тіпті жауық болса да жақсы жағына елікте, тіпті әке-шешең болса да жаман жағына елікпе» дейді ежелгі үнді ақылы…»
Жол бойы ой мен қиял құшағында Ерасыл «Алтын орда» базарына қалай жеткенін аңғармай қалды. Жол теп-тегіс, бірақ қарғыс атқыркептеліс. Ерасылдың машинасының алдында екі-ақ көлік тұр. Қызыл шам ұзақ жанды. Оң қапталда шашы желмен желбіреп, көліктерге қол көтеріп, біреу тұр. Шай қайнатым уақыт бұрын басталған жаңбыр сәт сайын үдеп барады. Ерасыл сигнал беріп, машинаның есігін ашып көтерген біреуді шақырды. Ентігіп жеткен оған: «отыр» деді. Біреу Ерасылға жаутаңдай қарап, оның жанына отырды. Үстіндегі – күздің өтінде неғып жүрсің?
Жұмыс іздеп жүрмін.
Біреудің дауысы құмығып шықты. Ерасыл оның аршылған жұмыртқадай аппақ жүзіне барлай қарады…. «Біреу» көзі мұңлы жап-жас қыз екен. Көн тоз плащы малмаңдай су. Тоңып, денесі дірілдеп отыр.
Таптың ба?
Табылар түрі жоқ.
Осы кезде жасыл жарық жанып, бұлар алға жылжыды. Тағы да кептеліс…
– Атың кім, қалқам.
– Балсұлу.
– Мен Ерасыл Жақсыбеков деген ағаң боламын.
– А…а, мен сізді сыртыңыздан жақсы білемін. «Үлкен қаладағы жалғызды» деген романыңызды оқығанмын. Әңгімелеріңізді де… Маған әсіресе «Қаралы сұлу Қарагөзіңіз» қатты ұнады.
Ерасыл Балсұлуды айтқан мекен-жайына жеткізді. Ол екінші Алматы вокзалының жолдан қаға беріс, қараңғы бір бұрышында жалғыз қабат жер кепеде тұрады екен.
Мен ертең Астанаға ұшамын. Екі күннен кейін қайтып ораламын. Сол шамадан маған телефон шал:
Ерасыл Балсұлуға визиткасын берді.
– Рақмет, аға!
Екеуі жылы қоштасты…
ХХХХVIII
Қазақстан жазушылар одағының бастамасымен, мәдениет министрлігінің және президент әкімшілігінің қолдауымен Астана қаласындағы «Әдебиет және қазіргі әлем» атты халықаралық форумға дүниежүзінің сексен елінен делегаттар келген еді. Бәрі өз еліне ғана емес, әлемге танымал тұлғалар мәжіліс басталар алдында делагаттар топ-топ болып, әңгімелесіп тұрды. Ерасыл жанында Айбалта бар ана жылы Үндістанда болғанда Бомбейдегі үйіне шақырып қонақ еткен атақты жазушы Ахмад Аббаспен әңгімелесіп тұрған.
– Сіздің «Үлкен қаладағы жалғыздық» романыңызды аудардым.
Ахмад күнге күйген жылтыр қара жүзіне жұқалтаң қызғылт нұр жүгіріп, жұмсақ жымиды.
– Қашан?
– Сіз келіп кеткен жылы.
– Жарияланды ма?
– Алдымен газет, журналдарда үзінділері жарияланды, сосын жеке кітап болып шықты. Міне, мынау сол хинди тілінде шыққан кітабыңыз.
Ахмад қолтығына қысқан кітапты берді Ерасылға.
Мұқабасы қатты, сырты қазақтың ой, өрнектермен безендірілген қалың кітапты көзімен аймалап, кеудесін басқан Ерасылдың жүзі бал-бұл жанды.
– Рахмет, Досым!
Ерасыл Ахмадты құшақтап бауырына басты.
Сол сәт бұлардың жанына Олжас келді, жанында ұзын бойлы, қызыл шырайлы, көкшіл көзі қысыңқы, жасы Айбалтамен шамалас орыс жігіт бар. Олжас Үндістанға Ерасылдан көп бұрын, Әуезовтің ізін суытпай барған. Ахмад Аббаспен ғана емес, Станислав Рерих, Раджиф Гафур сынды тұлғалармен таныс. Кітабы Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясымен бір мезгілде үнді халықтарының бірнеше тілінде жарық көрген. Соданда Үндістанның зыялы қауымының көбімен таныс. Әйтсе де Ахмад Аббаспен кездеспеген екен. Ерасыл екеуін таныстырып, Олжастың жанындағы орыс жігітке барлай қарады. Оны танымағанын сезген Олжас:
– Бұл жігіт біздің әріптесіміз, әдебиет сыншысы, Андрей Анотолевич Сиверцев. Парижден келді, – деді Айбалта елең ете қалды. «Тоқта, тоқта! Мына есім өткенді ойға оралтып тұр. Осы жігіт маған туыс болып шықпасын…».
– Ғафу етіңіз, Андрей Анатольевич, сіздің Анатолий Григорьевич Сиврцевке қатысыңыз бар ма?
– Қай Сиврцевті айтасыз?
– Қазаққа күйеу Сиверцевті айтамын.
– Қазаққа қалай күйеу болып жүр ол?
– Орыс армиясының офицері, полковник, атақты бай, Орта жүз Арғын, Қарман руының көсемі, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтармен бірге жүрген, мемлекетті Думаға депутат болған, кадет партиясын құрған Нұрдәулет Бабахановтың қызы Гауһарға үйленген, – деп шұбырта жөнелді асығып сөйлеген Айбалта.
– Иә, сосын?
Көкшіл көзі күлімдеп, қулана, жұмбақ жымиды Парижден келген әдебиетші.
Сосын сол зыялы азамат октябрь революциясынан кейін Парижге кеткен.
– Мен сол Алексей Григорьевичтің немересімін.
Форум өз жұмысын бастап кетті.
* * *
Астанадағы халықаралық форумнан Алматыға оралған Ерасыл Балжаннан бір апта бойы хабар күтті. «Байғұс қызға не болған, неге телефон шалмайды» – деп ойлады ол. – Әлде бірдеңеге ұшырап қалмады ма? Үйсіз, күйсіз жүдеп жүрген болар. Қой, өзім барып өз көзіммен көрейін жағдайын. Тарығып жүрген қаракөздерімізге біз секілді азаматтардың көмектесуі парыз емес пе?»
Біреуге көмектескісі келіп тұратын жүрегі аса жұмсақ, асқан қайырымды Ерасыл Балсұлуға өзі барғанда күтпеген жайға кез болды. Ескі «Маздасын қағаберіс қалтарыста қалдырып, жалғыз қабат жер үйге жақындай бергенде алпыстан асқан жуан бөксе, сап-сары, көк көз орыс әйелінің айғайлаған дауысын естіп, қалт тұра қалды.
– Кет дегесін кет! Кет дедім ғой мен саған.
– Мария Ивановна құдай үшін қумаңызшы, үш төрт күн тұра тұрайын.
– Сосын?
– Сосын пәтер ақысын әкеліп беремін.
– Не байы, не баласы, не жұмысы жоқ саған кім береді ақшаны? Мә, мына кәпір, шүкіріңді алда жоғал!
Жуан бөксе, сап-сары орыс әйел жол сумкасын лақтырып жіберді.
Құдай үшін тағы екі күн мұрсат беріңізші, аяңызшы. Балсұлу жылап жіберді.
Құдай аямағанда адам аямайды, – деді жуан бөксе, сап-сары әйел көзі көкшеп.
Жуан бөксе, сап-сары, көзі көкшиген әйелдің Балсұлуды ғана емес, қазақты тілдеген былапыт сөзін тыңдауға шыдамы жетпеді Ерасылдың.
Мария Ивановна сабыр сақтаңыз. Бүкіл бір халықты тілдеп, кемсітуге бола ма? Не жамандық көрдіңіз қазақтан?!
Ерасылды тексеруге келген милиционер екен деп жуаси қалды жуан бөксе, сап-сары әйел. – Байым алқаш, өзім жұмыссызбын. Пәтер ақымен күн көріп отырмын. Мына қыз сол несібеден де қағып отыр. Қайтейін, қайбір жетіскендіктен ашуланады дейсің бе?
– Қанша қарыз, Балсұлу.
– Он сом.
– Міне, салыңыз.
Лениннің суреті бар қызыл ақшаны жуан бөксе, сап-сары әйелге ұстатты.
– Бұл енді басқа әңгіме, – деп жайылып түсті ол.
Балсұлуды ескі «Маздасына» отырғызып «Алматы» қонақ үйіне келді Ерасыл. Қонақ үйден бір жетіге бір бөлме алып, Балсұлуды орналастырды. Сосын күн көсемнің суреті бар төрт қызыл қағазды қолына ұстатты. Балсұлу ала қоймады.
Ерасылдың созған қолы ауада қалқып тұр.
– Ал, қалқам, ала ғой.
– Рақмет, аға, – деді Балсұлу қалтыраған қолын созып.
– Маған неге телефон шалмадың?
– Ұялдым.
– Ұялма! Қажет кезде қысылмай телефон шал. Әзірше осында тұра тұр. Бірдеңе ойластырамын.
– Әзірше, – деп шығып кетті Ерасыл.
Балсұлу ойға шомды…
* * *
Ерасыл әрі ойлап, бері ойлап Балсұлуды өзіне хатшылық қызметке қабылдады. Жазушылардың шығармашылық үйінен бір бөлме алып берді. Тұрақты жұмысқа тұрып, жайлы мекен-жайға орналасқасын көңілі көтеріліп, жүдеген жүзіне қан жүгірді. Балсұлу Ерасылдың жанұясымен араласа бастады. Жұмыстың реті солай болды да Ерасылдың көз алдына жайнаң қағып, жүріп алды Балсұлу.
Құлпыдай құлпырып, көзіне нұр тұнып, сәмбі талдай солқыл қаққан жас сұлу Балсұлу түнде де сан қырымен жарқырайтын жақұттай жанып, көрмейін десе көзі бар Ерасылды күн сайын қуатты магниттей тарта берді.
Ерасылдың жүрегінде жарық жұлдыз туып келе жатты…
Ол жұлдыздың аты – Балсұлу!
* * *
Жазушы Ерасыл Жақсыбековтің қойын дәптерінен:

Махаббаттан асқан бақ жоқ,
Таланттан асқан тақ жоқ.
* * *
Тәтті өтіріктен ащы шындық артық.
* * *
Әйелде баланы дана, дананы бала ететін қасиет бар.
* * *
Жұлдыз қаншалық жарық болса,
Қызғаншақ,күншілдер де соншалық көп болады.
* * *
Махаббат өмірді ұзартады.
* * *
Қарғаның қуанышынан, қыранның қайғысы артық.
* * *
Ардың жүгі нардың жүгінен де ауыр.
* * *
Бақытқа барар баспалдақ – еңбек,
Ақыл, қайрат, сабыр бәрін жеңбек.
* * *
Махаббаттың тартар ләззаты қаншалықты тәтті болса, тартатын азабы да соншалықты болады.
* * *
Әйелсіз өмір – айсыз түн.

Әлемнің кілті – әйелде.
* * *
Барлық пәле әйелдің етегінде,
Ақымақ еркек кетеді жетегінде.
* * *
Қыз құшағы тым ыстық,
Бәрінен қымбат жанұядағы тыныштық.
* * *
Үндемей жүріп, үлкен істер тындыр.
* * *
Өсетін елде – ақын сыйлы,
Өшетін елде – әкім сыйлы.
* * *
Өнердегі ерлік – өмірден де қымбат.
* * *
Біреуді көкке, біреуді жоққа шығарма!
* * *
Қанша атақты болсаң да Айдан аласасың.
* * *
Төбені ғана көргендер асқар тауға шығар ма?!
* * *
Ел бақытты болмай, ер бақытты болмайды.
* * *
Данышпандар көш бастар,
Ел ертеңі – жастар.
***
Шетелдерден іздемеңдер жақұтты,
Елсіз, жерсіз бола алмайсың бақытты!

* * *
Астанадағы халықаралық форумнан Алматыға оралған Ерасыл Балжаннан бір апта бойы хабар күтті. «Байғұс қызға не болған, неге телефон шалмайды» – деп ойлады ол. – Әлде бірдеңеге ұшырап қалмады ма? Үйсіз, күйсіз жүдеп жүрген болар. Қой, өзім барып өз көзіммен көрейін жағдайын. Тарығып жүрген қаракөздерімізге біз секілді азаматтардың көмектесуі парыз емес пе?»
Біреуге көмектескісі келіп тұратын жүрегі аса жұмсақ, асқан қайырымды Ерасыл Балсұлуға өзі барғанда күтпеген жайға кез болды. Ескі «Маздасын қағаберіс қалтарыста қалдырып, жалғыз қабат жер үйге жақындай бергенде алпыстан асқан жуан бөксе, сап-сары, көк көз орыс әйелінің айғайлаған дауысын естіп, қалт тұра қалды.
– Кет дегесін кет! Кет дедім ғой мен саған.
– Мария Ивановна құдай үшін қумаңызшы, үш төрт күн тұра тұрайын.
– Сосын?
– Сосын пәтер ақысын әкеліп беремін.
– Не байы, не баласы, не жұмысы жоқ саған кім береді ақшаны? Мә, мына кәпір, шүкіріңді алда жоғал!
Жуан бөксе, сап-сары орыс әйел жол сумкасын лақтырып жіберді.
Құдай үшін тағы екі күн мұрсат беріңізші, аяңызшы. Балсұлу жылап жіберді.
Құдай аямағанда адам аямайды, – деді жуан бөксе, сап-сары әйел көзі көкшеп.
– Кет дегесін кет! Осы қазақтардан көрдім-ау көрінісі. Өңшең калбит. Пастер көшесінде қара шегірткедей қаптап тұр жалдамалы пәтер іздеген көп қазақ. Қазір барамын да біреуін жетектеп алып келемін.
Жуан бөксе, сап-сары, көзі көкшиген әйелдің Балсұлуды ғана емес, қазақты тілдеген былапыт сөзін тыңдауға шыдамы жетпеді Ерасылдың.
Мария Ивановна сабыр сақтаңыз. Бүкіл бір халықты тілдеп, кемсітуге бола ма? Не жамандық көрдіңіз қазақтан?!
Ерасылды тексеруге келген милиционер екен деп жуаси қалды жуан бөксе, сап-сары әйел. – Байым алқаш, өзім жұмыссызбын. Пәтер ақымен күн көріп отырмын. Мына қыз сол несібеден де қағып отыр. Қайтейін, қайбір жетіскендіктен ашуланады дейсің бе?
– Қанша қарыз, Балсұлу.
– Он сом.
– Міне, салыңыз.
Лениннің суреті бар қызыл ақшаны жуан бөксе, сап-сары әйелге ұстатты.
– Бұл енді басқа әңгіме, – деп жайылып түсті ол.
Балсұлуды ескі «Маздасына» отырғызып «Алматы» қонақ үйіне келді Ерасыл. Қонақ үйден бір жетіге бір бөлме алып, Балсұлуды орналастырды. Сосын күн көсемнің суреті бар төрт қызыл қағазды қолына ұстатты. Балсұлу ала қоймады.
Ерасылдың созған қолы ауада қалқып тұр.
Ал, қалқам, ала ғой.
– Рақмет, аға, – деді Балсұлу қалтыраған қолын созып.
– Маған неге телефон шалмадың?
– Ұялдым.
– Ұялма! Қажет кезде қысылмай телефон шал. Әзірше осында тұра тұр. Бірдеңе ойластырамын.
– Әзірше, – деп шығып кетті Ерасыл.
Балсұлу ойға шомды…
* * *
Алатауға түн ортасында жетті Ақбас бүркіт пен Көкдауыл. Кеш жатса да әдеттегісіндей ерте оянды олар.
Қайырлы таң, Періштем!
Қайырлы таң, Пірім!
Түсімде Столыпинді көрдім, Періштем!
– Ұлттық сана-сезімі жоқ ел бар болғаны құлдың көңнің қызметін ғана атқара алады, оның арқасында өзге халықтар өсіп-өнеді – депті сұңғыла саясаткер Столыпин.
– Ол кім өзі?
– Ол 1906-1911 жылғы Ресейдің Премьер-министрі болған Петр Аркадиевич Столыпин деген сұм.
– Неге сұм дейсің?
– Сен біліп қой. – Николай екінші 1906 жылы тоғызыншы ноябрьде осы Столыпин әзірлеген шаруалардың жер иеленуі жайлы Указға қол қойды. Бұл қазақ жеріне орыс мұжықтарын қара шегірткедей қаптатқан «Столыпиннің аграрлық реформасы» дейтіннің басы еді.
– Сол Столыпин Николай екіншіге: «Вам нужны Великие потряснения, нам нужна Великая Россия» депті.
Ал, бізге керегі Қазақстанның Мәңгілік Ел болуы! Бақытты болашаққа «Нұрлы жолмен» беттеп бара жатқан Қазақстанды пәле-жаладан қорғауымыз үшін бізге де сілкініс керек, Періштем!
– Дұрыс айтасың, Пірім!\
– Кеттік, Періштем!
– Қайда, Пірім!
– Кең байтақ Қазақстанды аралап қайтайық, Періштем! Мүмкін біреулерге бір көмегіміз тиер.
Ақбас бүркіт пен Көкдауыл қарсы соққан қара дауылды қақ жарып, қатарласа ұшып келеді…
***
Нұрсұлтан терезе алдына келіп, желдеткішті ашты. Сыртқа көз салып еді жанарына Алатаудың асқақ шыңы ілікті. Сол шыңның төбесіне төнген ақшарба бұлт ол әлдеқашан естіген әлдебір аңыздағы қарлы таулар арасын кезіп жүрген қарлы Анаға қатты ұқсайды екен. Сол сәт оның ойына бала кезінде Тәттібала әжесі айтқан аңыз оралып еді. Содан бері арада ондаған жылдар өтті. Сонда да сәби шақта естіген сол аңыз сірә да естен кетпейді.
Бірімен – бірі бақталас, көршілес екі патшалықтың арасындағы соңғы соғыс ұзаққа созылды. Жан алысып, жан беріскен алапат шайқас екі жаққа да қымбатқа түсті. Сан сарбаздың басы ат бауырында салбырады, талай боздақ қыршынынан қиылды. Айналасы ат шаптырым ұрыс даласында өліктен аяқ алып жүрер жер қалмады. Керіліп жатқан көкорай шалғын кең дала қан сасыды. Осынау қанды қырғынға қарғыс айтқан Жер – Ана мен Аспан – Ата қосыла күңіренді.
Жеңілген патшалық қасіретін қара жер әрең көтерді. Жеңген патшалықтың да қайғысы жетерлік еді. Патшаның өзі ауыр жараланды, жалғыз ұлы қан майданда қаза тапты. Жалғыз ұлынан айрылған ана көкрегі қарыс айрыла аңырағанда жыламаған жан баласы қалмады. Сұм соғысқа бас болған жеңімпаз патшаның қуанышынан қайғысы, тапқанынан жоғалтқаны көп болып шықты. Өзге қайғысын айтпағанның өзінде жалғыз ұлының ажалы қазадан ауыр жаза болды. Енді алтын тақтың да, иран бақтың да, атақ пенен даңқтың да, ұрпақтан ұрпаққа жетер дейтін байлықтың да… бес тиын бақыр құрлы бағасы болмай қалды.
Қасірет-қайғы салмағын көтере алмаған жеңімпаз патша бүктүсіп үнсіз жатып қалды. Ал оның сүйікті жары – аңыраған Ана көзінің жасын селдетіп, тау-тасты кезіп кетті…
Қара жер әрең көтерген ауыр қайғыдан қап-қара шашы бір-ақ күнде аппақ болып ағарып кеткен, жылай-жылай екі көзінің нұры сөніп, соқыр болып қалған сол Ана – аты белгісіз арғы заманнан күні бүгінге жеткен қайғылы Ана қара жамылып, қарлы таулар арасында әлі жүр.
Әлемнің әр түкпірінде әлдебір сұмдық болған сайын әлгі қаралы Ана, қарлы таулар арасында шашын әділеттің ақ туындай желбіретіп адамның сай-сүйегін сырқыратар мұңлы үнмен зарлайды екен. Елден барған елшілер:
– Аяулы ұлың келмес сапарға кеткелі арада ғасырлар өтті, – десе.
– Ұмыта алмаймын, – депті қасіретті Ана.
– Заман өзгереді, өмір жақсарады, енді елге қайт, – десе,
– Жоқ, қайта алмаймын, – депті қайғылы Ана.
– Елге қашан ораласың? – десе,
– Мәңгілік арманым орындалған күні, – депті әз Ана.
– Ол не арман, қаза тапқан ұлыңның қайтып оралуы ма? – десе,
– Жоқ, ол емес, өлгендер қайтып келмейді, оны білемін, менің арманым мәңгілік арман, тірілердің қамы, – депті атаңнан айналайын абзал Ана.
– Ол не арман? – десе,
– Тәңіріден бір ғана тілегім бар. Ол тілегім: мына жер бетінде бүгін атылып жатқан оқ, зұлмат соғыс пен зұлымдықтың ең соңғы қорғасыны болсын, бауыр еті баласынан айрылып, жер бетінде зарлаған ең соңғы қаралы ана мен болайын. Менің мәңгілік арманым осы, яғни жер бетінде сұм соғыстың болмауы, адамзаттың тыныштығы. Жер бетінде соғыс өрті біржола сөнген күні менің мәңгілік арманым орындалады, сонда ғана мен тыныштық табамын, елге ораламын, – депті ғасырлар жасаған ғажайып Ана.
Елден келген елшілер Ана тілегін үнсіз қостапты. Жер бетінде тыныштық болуын мәңгілік арман еткен сол аңыз Ана қарлы таулар арасында адамзат тыныштығын күзетіп әлі жүр…
Осы аңыз, ғасырлар жасаған ғажайып Ана бейнесі Нұрсұлтанның жанына жақын. Нұрсұлтанның бір ерекшелігі, бәлкім, артықшылығы – ол бесік әнін айтқан ана әлдиі мен елдік пен ерлік жырын шерткен әже ертегісін естіп өсті. Бүгінде немересіне шежіреден сыр шертетін әже мен ертегілер елін аралататын аталар қасқалдақтың қанындай азайған шақта бала кезінде естіген аңыз әңгіменің бағасы арта түседі екен. Адам жас кезінде өзін, жасы ұлғайғанда ұрпағы мен ұлтын көбірек ойлайды. Ұлы Абайдың: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» дейтін ұлағатты сөзінде терең мән бар. Президенттің қиын да күрделі, қызықты да қызулы қымбат тағдыры оны әлемнің әртүрлі еліне алып барды. Сол сапарларда ол алыс, жақын шет елдердегі әріптестеріне қарлы таулар арасындағы ғасырлар жасаған ғажайып Ана жайлы аңызды айтып жүр. Сонда бір байқағаны, сол аңыз ешкімді де бей– жай қалдырған жоқ. Соған қарап-ақ жер бетіндегі бар халық барша адамның ең асыл арманы – ашық аспан, бейбіт өмір екенін бұрынғыдан да терең ұғына түсті әріптестері. Өкінішке орай, адамзаттың бұл арманы – мәңгілік арманға айналып барады. Содан да аңыз Ана әлі ортамызға оралған жоқ. Қаралы Ана, қарлы Ананың өзекті өртеген өксікке толы қайғылы дауысы жер шарындағы ыстық нүктелерден әлі естіліп тұр. Ол қарлы таулар арасында адамзат тыныштығын күзетіп әлі жүр…
Кезекті сапардан оралған Нұрсұлтан халық тағдыры жайлы ойларға беріліп, ұзақ уақыт ұйықтай алмады. Сол күні түсінде қарлы Ананы көрді. Нұрсұлтан төсектен тұрып балконға шықты. Сыртқа көз салып еді, жаңа ғана атып келе жатқан таң нұры Алатаудың ақала бас шыңдарын қызғылт нұрға бөлей жан-жағына жарық сәуле шашып келеді екен. Алатаудың асқақ шыңдарының арасынан адам бейнесіндегі ала бұлтты көрді, анықтап қараса, қарлы Ана екен…
Атып келе жатқан таң нұры қоюланып, жарық молайған сайын қарлы таулар арасындағы қаралы Ана, қарлы Ана сәт сайын алыстап, ақ буылдыр ақ сағымға айналып бара жатты…
***
Сол күні түнде ол түс көрді. Кабинетінде отырғанда емен есік сықырлай ашылды. Ол жалт қарады. Бөлмеге ақ жаулығы Алланың ақ туындай желбіреген өңі аппақ, тостағандай үлкен көздері қап-қара, ұзын бойлы, тік иықты, айқабақ әйел кіріп келді де, мұның жанына жете бере қаққан қазықтай тіп-тік болып тұра қалды. Үстінде біресе жазғы жаңбырдан кейінгі шайдай ашылып, көк күмбездей төңкерілген көгілдір аспанға, біресе көктемгі жасыл, біресе күзгі сарғыш жапыраққа ұқсаған, енді бір сәт өршіген өрттей қызыл түске боялған, етегі қызыл тобыққа дейін жеткен ұп-ұзын көйлек. Бір ғажабы әлгі әйелдің үстіндегі көйлек қалай құлпырса бұл отырған бөлмедегі терезе перделері де солай құбылады.
– Мен сенің анаң Әлжанмын, – деді ол отты көзін Нұрсұлтанға қадап. – Мына отырысың не отырыс?
– Қағаз қарап отырмын, – деді Нұрсұлтан дауысы дірілдеп.
– Ол не қағаз? – деді Әлжан ана Нұрсұлтанға бір адым жақын келіп.
– Мемлекеттік маңызы бар Жарлыққа қол қойғалы отырмын.
– Халық тағдырына қатысты қағазды алакөлеңкеде қарамас болар. Түр ана терезенің пердесін. Аш ана балконның есігін.
Нұрсұлтан анасының айтқанын бұлжытпай орындады. Алакөлеңке бөлме іші жап-жарық болып кетті. Сырттан ентелей енген саумал жел, сабат салқын бөлменің ауасын тазартып, бойын сергітті.
– Міне, көрдің бе? – деді Әлжан ана құлаққа жағымды қоңыр үнмен қуана сөйлеп – таза ауамен тыныстап ең жүзіңнен нұр төгіліп, көзің жайнап шыға келді. Бөлменің бұрыш-бұрышына жасырынған шаң, тозаңды да Алатаудың самал желі қуып шықты.
– Бұл қай мезгіл? Кеш жақын ба? – деді орнынан сергек тұрған Нұрсұлтан.
Қазір шаңқай түс. Кеш түскенше әлі біраз уақыт бар. Оған дейін әлі талай істі тындырасың. Бөлменің ауасы тазарып, аздаған шаң, тозаң желге ұшты. Енді жолың ашық. Сені аспанда Алла, жерде халық қолдап тұр. Алтын тағың орнықты, асыл бағың баянды болсын! Еліңнің алғысына бөлене бер, жан балам!
Әлжан ана осыны айтты да, сыртқа шығып бара жатты. Нұрсұлтан түстің осы бір тұсына келгенде оянып кетті. Төсектен ойлана тұрып терезе пердесін ашып, сыртқа қарады. Бозарып атып келе жатқан таңның бозымық сәулесі аспаннан қиғаштай құйылып Нұрсұлтанның нұр төгілген аққұба жүзін аймалады.
Әлем қабағына қатқан мұзды қырық бесінші жылдың мамыр айында аяқталған екінші жаһандық соғыс ерітті. Түн түнегін түрген тоғызыншы мамыр Алатау баурайындағы ауылға қуанышпен бірге қайға да ала келді. Бір жанұя соғыстың аяқталғанына қуанып, бөркін аспанға атып жатса, екінші жанұя майданда қаза болған ер азаматын жоқтап, қайғыдан қан құсты.
Колхоз басқарғандықтан ғана емес, бір қолы жансыз, әлсіздігі себепті бронмен әскерге алынбаған Әбіш қуаныш пен қайғы қайшыласқан мамыр айының сол аласапыран күндерінде халықпен бірге күліп, халықпен бірге күрсінді.
Маусым айының соңына қарай соғыстан қайтқан солдаттар қатары сирей бастады. Абыр-дабыр басылып, халқын тыныштала бастала бастаған жаздың жаймашуақ бір кешінде ағайынды үш жігіт Шалабай, Үміт, Әбіш кешкісін аулада отырып ері соғыста қаза болған Жанайым жайлы ақылдасты.
Құдай көршіміз Жанайым шымнан салынған жер кепеде отыр, – деп бастады Әбіш сөзін Құдай қосқан қосағы Қансейіт қан майданнан қайтпады. Ол соғысқа аттанғанда іште қалған жалғыз ұлы Үмітбектің бұғанасы бекіп, белі қатқан жоқ. Жесір әйел, жетім балаға қарасу парыз. Егер сендер жөндесеңдер асарлатып Жанайымға үй салып берейік.
– Ол дұрыс қой, бірақ, – деп кібіртіктеді Шалбай.
– Аға, оның не бірағы бар? – деді Үміт.
– Кірпіш құйып, төрт қабырағына қалап берерміз-ау, үйдің төбесін немен жабамыз? Есік-терезені қайдан аламыз, – деді Шалабай.
– Жаңа үй салам ба деп жинаған бөрене мен тақтай, есік пен терезе бар менде. Соны қиамыз да, – деді Әбіш.
– Бұған Әлжан келін не дер екен, – деп көзін сығырайтып Әбішке сынай қарады Шалабай.
– Әлжан менің айтқанымнан шықпайды, – деп қысқа қайырды Әбіш.
– Олай болса, іске сәт! Қыз дайын болса біз дайын, – деп жұмсақ жымиды Шалабай.
– Онда іске кіріселік. Ертеңнен бастап кесек құя бастаймыз, – деді Әбіш екі ағасына жүгірте көз тастап.
– Жөн, жөн, осы дұрыс, – деп қостады Әбіш ағалары.
Әлгібір әзірде өрістен кештеу қайтқан қоңыр сиырды сауып, қора жақтан оралған Әлжанды күлімсірей қарсы алды Әбіш. Сосын оның қолындағы сүт толы ақ шелекті алып жүре түсті де, кілт тоқтап:
– Сұлтжанның анасы, сәл кідірші, – деді.
– Иә, жайшылық па? – деп елең ете қалды Әлжан.
– Міне жерге дізе бүгелік. Әбіш осыны айтты да, Әлжанға есік алдындағы ұзындығы бір құлаш арқалы орындықты нұсқады.
Сүт толы шелекті жерге қойып, арқалы орындыққа отырған ерлі-зайыпты екеуі көрші ауладан оралған көріп құрқ ұшты Нұрсұлтанға Әлжан:
– Сұлтанжан-ау, неғып кеш келдің, – деді.
– Анау Едіге ғой, ертегің қызық екен. Тағы біреуін айтшы деп жібермей қойған.
– Жә, бұдан былай кешікпе, – деді Әбіш Нұрсұлтанды орталарына ала отырып сөз сабақтады.
– Өзің білесің, – деп бастады сөзін Әбіш – ана Жанайым жалғызілікті ғой. Тымнан салынған үйі шөгіп, жеркепеге айналып барады. Жалғыз ұлы Үмітбегі біздің Сұлтанжанмен дос. Сол Жанайымның бар уайымы – баспаны «Төрімнен көрім жақын мені қойшы, қабырғасы ылғал, іші ызғар жеркепеде Үмітбегім ауру болатын болды» – деп зарлап отыр. Сол Жанайымға жөні түзу бір үй салып берсек қайтеді? Сен не дейсің бұған?
– Мен саған қарсы келіп ем? Мынандай сауапты ісіңді жөн демеуім жөн бе?
– Айттың, бітті! Ертең-ақ бұл жұмысты бастап кетемін, – деп желпінді Әбіш.
– Жалғыз өзіңе қиын болар. Ағаларыңды қосып ал қатарың.
– Жаңа ғана айттым оларға.
– Иә, не дейді олар? – деп елең ете қалды Әлжан.
– Ағайынды үшеуміз бұл істе де ат тізесін қосатын болдық. Ертең таңертең кірпіш құюды бастаймыз. Бүкіл болып-болып асарлатып, бірер аптада бітіреміз бұл жұмысты.
– Сонымен ертең асар ғой, – деді Әлжан.
– Иә, ертең асар.
– Асар деген не? – деп сұрады шелектегі сүтке қиғаштай құйылған ай сәулесін қызықтап отырған Нұрсұлтан.
– Асар дегеніміз, – деп дауысын соза сөйледі Әбіш – көпшілік, мәселенки, бүкіл ауыл болып істейтін жұмыс. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген атам қазақ. Ертең бүкіл ауыл болып істейтін жұмыс. Ертең бүкіл ауыл болып кірпіш құямыз. Сосын бәріміз бірігіп Жанайым мен Үмітбекке жаңа үй салып береміз. Бір адам істей алмайтын жұмысты көп адам бірігіп істейтін игілікті іс асар дегеніміз.
– Ұқтың ба, ұлым!
– Ұқтым, әке! Мен де асар болам.
– Бола ғой, Сұлтанжан.
– Алақай!
– Олай болса ерте жат, асар бала. Таңертең ерте тұрамыз.
Ертесін Әбіш пен Әлжан қазан көтеріп, ауылдастарын ақылшайға шақырды. Әбіштің асар жайлы сөзін ауылдастары құп көрді.
Келесі күні басталған Асар бір айға созылды. Кірпіштің кебуін күткен ауыл адамдары аратұра үзіліс жасап, ара-тұра өз шаруаларын да тындырып жатты.
Бір айда бой көтерген жаңа үйге көшіп алған Жанайымның қуанышы мен Әбіш бастаған ауыл адамдарына алғысы шексіз.
Қалғаны оңай жаңа үйдің іші-сыртын сылау мен ақтау сияқты жеңіл-желпі жұмыстарын өзім-ақ істеймін, – деп желпінді Жанайым!
Асарлатып жатқан ауыл адамдарына Нұрсұлтан мен Үмітбек бастаған ойын балалары да өздерінше қолғабыс жасап жүрды. Баланың аты бала емес пе? Үмітбек пен Едіге үлкендердің «алып кел, барып келінен», «шаршап» көлеңке жата кететін. Кейде асық ойнайтын. Сондай сәттерде Нұрсұлтан бір шелек сазды алдына қойып алып, кішкентай кірпіштер құяды. Кірпіш кепкесін кішкентай үй салды. Үйдің төбесін картон қағазбен жуып, есік, терезелерін шыбықтан жасайды. Біреу:
– Сұлтанжан не істеп отырсың? – десе;
– Үй салып жатырмын. Өскенде үлкен қала саламын, – деп жауап береді.
Сондай күндерде Нұрсұлтанның түсінде үлкен қаланы, сол қаладағы еңселі ғимараттарды, салтанатты сарайларды, еңселі ескерткіштерді, саялы бақтарды көруші еді… ертесіне төсектен тұрғанда «Шіркін-ай, құрылысшы болсам ғой, әлемде жоқ әсем қала салсам ғой» деп армандаушы еді ол.
Нұрсұлтанның бұдан басқа армандары көп еді. Сол армандар оны қиял қанатына қондырып, әлдебір алыс өлке, жұмақ жер, жұмақ елдерге алып ұшатын.
Арман оны өмір бойы алға жетелеп келеді.

* * *
Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақта той көбейді. Сондай тойлардың біріне Айбалта кешігіп келді. Асаба Айбалтаны қолтық алып төрдегі столға алып келді.
– Аға, сіздің орыныңыз осы жерде.
– Рақмет, інім!
Үлкен дөңгелек столды жағалай отырғандардың бәрі Айбалтаға таныс, кілең ығай мен сығай. Айбалта олармен бас изеп сәлемдесті. Бұл столда ол танымайтын бір адам – сұңғақ бойлы, аққұба әйел бар еді.
– Қош келдіңіз, аға! – деп сәлемдесті ол Айбалта орнығып отырғасын.
– Қош көрдік, қалқам.
Екеуінің орны қатар екен, бір столда тізе түйістіріп қатар отырды. Сымбаты бөлек сұлу әйел Айбалтаның тарелкасына салат, қазы-қарта салып, қызмет көрсете бастады. Көзінің астымен ұрлана қарап отырған әйел таныс секілді. Айбалта «қайдан көрдім?» деп әрі ойлап, бері ойлап есіне түсіре алмады.
– Ас алып отырыңыз, аға, – деп жұмсақ жымиды сұңғақ бойлы сұлу әйел.
– Рақмет. Атың кім қалқам?
– Гүлнұр.
– Менің есімім – Айбалта.
– Мен сізді сыртыңыздан білемін, аға.
– Қалай?
– Жақсының өзінен бұрын аты жетеді деген атам қазақ. Жақсы атыңыз маған ғана емес барша қазаққа, қазаққа деймін-ау, бүкіл Қазақстанға белгілі.
Үзіліс кезінде Айбалта Гүлнұрмен биледі.
– Қай жастасың, қалқам.
– Қыздың жасы он сегіз.
Гүлнұр жұмбақ жымиды.
– Бұл дұрыс сөз. Сізді он сегізде ме деп ойлаймын.
– Тым жасартып жібердіңіз, аға.
– Өңіңіз он сегіздей сияқтысың, шыныңды айтшы, қалқам, нешедесің?
– Ту, қоймадыңыз ғой, отыз жетідемін.
– Әзілің ғой.
– Шыным, аға!
– Солай-ақ болсын! Отыз жеті жаста құлпыдай құлпырып, көзіңе нұр тұнып он сегіздегі бойжеткеннен бетер жас болып тұрғаның да ғасырда бірақ туатын ерекше жан екеніңді айғақтап тұр.
– Рахмет, аға.
– Буыны босап, былқ-сылқ етіп, сылқ-сылқ күлді Гүлнұр.
– Мен Батыс пен Шығысты түгесе кезген желаяқпын. Дүниежүзінде өзіңе жететін сұлу көрген жоқпын.
– Мұныңыз комплимент қой, аға! Ал сізге қолымды кеудеме қойып тұрып имандай шынымды айтайын. Сіз секілді бүкіл әлемді араламасам да менде біраз шетелде болдым, әйтседе сізге тең келер жігіт көргем жоқ. Қатарынан ақылы асқан, аты озған, сырты нұрлы, іші сырлы сіздей жігіттің сұлтаны жоқта шығар әлемде. Ашығын айтқаныма айып етпе, аға. Әнеукүні көгілдір экраннан көргенде-ақ Сізбен жүздесем-ау деп армандап жүргем. Бүгінгі күн мен үшін ерекше күн. Сізбен танысқаныма қуаныштымын, аға!
– Мен де.
Мақтаншақ Айбалта алпыс екі айлалы, әккі Гүлнұрдың әзіл сөзіне майдай еріді. Кештен соң Гүлнұрды үйіне ұзатып салды. Қоштасарда ерінен сүймек болып еді, Гүлнұр:
– Потом, потом, – деп құшағынан сыртылып шығып, үйге кіріп кетті.
Қандай сұлу, неткен нәзік, биязы бекзат еді мына Гүлнұр, – деп ойлады Айбалта. – Шіркін-ай, ерінге ерін, төске төс түйісіп, тар төсекте тыржалаңаш сүйісіп, балбыраған бал денесін құшақтап балқыр ма едім. Ой, дүние, арман-ай тезірек келсе екен «Айбалтаны мақтаншақ деуші еді жұрт, рас екен, – деп ойлады Гүлнұр. – Мен қойған көпшікке құлап түсті ақымақ. Тағы бір ай тұзаққа түсті. Айдынның шетелде жүргені жақсы болды. Емін, еркін айналдырып, емексітіп қойдым, атағы жер жарған Айбалтаңды. Енді менің қылбырауымнан құтылып көрсін».
Алғашқы таныстықтан соң арада бір күн өтпей жатып Гүлнұрды кездесуге шақырды Айбалта. Гүлнұр «Потом, потом» деп сілекейін шұбыртты Айбалтаның.
– Менімен бір түн бірге болсаң не кетеді, орысша айтқанда сто стоит, – деді Айбалта.
– Много, – деді Гүлнұр.
– Многоң қанша?
– Он мың доллар.
– Сол да сөз болып па, беремін.
– Утром деньги вечером стулья.
Осы әңгімеден кейін арада екі күн өткенде екеуі «Көктем-Грант» қонақ үйінің люкс бөлмесінде кездесті. Виски ішіп отырып Гүлнұрдың төсінен ұстап, ернінен сүйді Айбалта. Он мың долларды сумкасына сүңгітіп жіберген Гүлнұр қарсыласқан жоқ. Қаны қызып, сілекейі шұбырған ол Гүлнұрды шешіндіре бастады.
Алдымен өзің шешін. Мен өзім, – деді Гүлнұр.
Айбалта тыржалаңаш шешінді. Айбалтаны бақайшағынан басына дейін шолып еткен Гүлнұрдың бойын құмарлық жеңе бастады. Киімнің бәрін сыпырып тастап, анадан жаңа туғандай жарқырып тұрған аппақ денеге қызыға қарады Айбалта. Бала тумаған тұмса әйелдің қос анары жығылмай, тіп-тік тұр. Бөбешігі дертіп, дір-дір етеді. Жарыққа шағылысқан аппақ сан айнадай жарқырайды. Екі санның арасындағы қара түбіт көмкерген күнтимеске жетсем-ау деген сезім Айбалтаның ұйқыдағы «арыстанын» оятып жіберді. Тұла бойын құштарлық кернеген Айбалта төсекке қарай сүйреді Гүлнұрды.
Тұра т ұр, жуынып алайық.
Гүлнұр Айбалтаны жетелеп екеуі душқа кірді. Екеуі ерінге ерін, төске төс түйістірді. Алдымен Айбалтаны жуындырды Гүлнұр. Әйелдің жұп-жұмсақ қолы «арыстанды» жуғанда аса бір рахат күй кешті Айбалта. Ұйқыдағы «арыстан» оянып кетті. Оқ жыландай басы қасқайып шыға келген «арыстан» айнадай жарқыраған екі санның арасындағы қап-қара түбітпен көмкерілген күнтимеске дәл тіреді қақайған басын. Тұла бойын құмарлық билей жөнелген Гүлнұрдың қаны қызып, денесі дір-дір етті.
– Потом, потом. Сен төсекке бара бер. Мен қазір келемін, – деді Гүлнұр.
Тұла бойында асау қан тұлаған Айбалта төсекке құлай кетті. Сәлден соң Гүлнұр да келді.
Жанған отқа жалаңаш кірді Айбалта…
«Көктем-Гранттағы» тәтті түннен кейін Айбалтаны жанына жуытпады Гүлнұр.
– Жігітім бар, – деді Гүлнұр Айбалта қайта-қайта жалынып, кездесуге шақыра бергесін.
– Кім ол?
– Студент.
– Нешеде?
– Жиырмада.
– Қайда оқиды?
– Оны қайтесің?
– Тым болмаса бір рет кездесейікші.
– Болмайды.
– Ең соңғы рет.
– Жоқ, жоқ дедім ғой мен сізге.
– Напелеон француз тілінде «жоқ» деген сөз жоқ деген.
– Французда болмаса қазақта бар.
– Жоқ деген жаман сөз.
– Жақыс сөзді өзіңіз айта беріңіз.
– Жоқ десең жоғалып кетесің.
– Оған қайғырмаңыз. Жоғалсам іздейтін адам бар.
– Сені сүйгесін, жаным ашығасын айтамын.
– Болды. Енді звандамаңыз. Точка!
Осы әңгімеден соң Гүлнұрмен сөйлесу мүмкін болмады. Ол телефонын «занята» қойып қойды.
Осыдан соң Айбалта «детектив» жалдады. Детектив екі күннен соң Гүлнұрдың екі сағат бұрын бір бозбаламен «Көктем-Грантқа». Төменгі қабаттағы кезек әйелмен сыпайы сәлемдесіп, бозбаламен әйелдің қай бөлмеде екенін сұрады.
– Айтуға болмайды, – деді кезекші әйел.
– Өтінемін, айтыңызшы.
Айбалта кезекші әйелге бір уыс долларды ұстата салды. Кезекші әйелдің көзі күлімдеп шыға келді.
– Жанжал шығармаңыз.
– Шығармаймын.
Айбалта кезекші әйел нұсқаған сегізінші қабаттағы сегіз жүз жетінші бөлме ақырын иығымен итерді. Есік кілттелмепті. Аяғының ұшынан басып, бөлмеге ақырын кірді. Ақ төсекте құмар ойынының қызығына түскен екеу мұның кіргенін байқамады. Әдейі қатты жөтелді Айбалта. Секстің қызығына түскен екеу төсектен атып-атып тұрды.
Айбалта тани кетті. Детиктив жіберген суреттегі бота тірсек, бұйра бас, бадырақ көз студент Гүлнұрдың артына тығылды. Суаттан шыққан «сайманы» бұтына сыйма қақиып тұр.
Мен сені ұмытқанмын сүйген жігітім бар дедім ғой, неге ұқпайсың?
– Сүйгенің мына қоянжүрек боқмұрын ба?
– Соқтықпа оған.
Қазір жарып тастаймын оны.
Айбалта қалтасынан серіппелі бәкісін алып студент жігітке оқталды.
– Тиіспе оған. Жарғыш болсаң мені жар.
Гүлнұр айбат шегіп, қарсы алдында қақшиып тұрып алды.
– Өлтірсең де мен саған жоқпын. Өтінемін, баршы.
– Айбалтаны қолынан жетектеп бөлмеден шығарып жіберді Гүлнұрды.
– Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып өмірі ешкім қарсы келіп көрмеген Айбалтаға қайдағы бір қаймана әйелдің мына қорлығы жанына қатты батты. Жүйкесі жұқарып, күйзеліске түсті.
Салы суға кетіп, діңкесі құрыған Айбалта басы салбырап «Көктем-Гранттан» шығып, үйге келді. Келе сала сервантта тұрған француз конягын рюмкеге құймастан аузынан қылқыта жұтты. Сол күннен бастап ол ішіп кетті….
Ішкен адамның ісінде береке болушы ма еді? Өзі құрған «Халық даусы» партиясының жұмысы тоқтап қалды. Өзінің досы, бірінші орынбасары Болат Мақсатұлы Тұрғынбековпен сөзге келіп, ол партиядан кетті. Билік бұл сәтті өте ұтымды пайдаланды. Орайын тауып «Халық даусын» екіге бөліп жіберді. Бизнестен де береке кетті.
Айбалта ұйыққа белінен батты.
Сол тұйықтан шыға ала ма, әлде терең тұңғиыққа біржола батып кете ме, оны өзге түгіл Айбалтаның өзі де білмейді.
Алдағы іс Аллаға ғана аян.

***
Қазақстан Республикасының Франциядағы төтенше және өкілетті елші болып алты жыл істеген Райхан Мұратованы Президент «Республикаға сіңірген ерекше еңбегі үшін» орденімен марапаттады. Сосын қызметінен босатып, жеке қабылдады.
– Қай жұмысқа жексем де бәрін де адал атқардық. Өте жақсы, жемісті жұмыс істедің. Саған деген алғысым мен құрметім шексіз. Енді бір-екі ай демал. Сен кадрлар резервіндесің. За бортом не оставим. Сендей сенімді серігім көп емес.
– Рахмет, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз – сардар, бір – сарбаз. Қайда бұйырасыз сонда барамыз. Бір ғана өтінішім – шет елге жібермесеңіз екен. Алматыдан, достарымнан алыс кету маған өте қиын.
– Алысқа жібермеймін. Жанымда боласың және бұрын істеген қызметтеріңнен де үлкен қызмет беремін.
– Рахмет, Нұрсұлтан Әбішұлы!
– Күт! Жігіттер хабарласады.
«Енді қандай жұмыс бұйырар екен? – деп ойлады Райхан. – Қандай қызмет болса да мейлі. Тек Алматыда қалып, Ерасылды көріп жүрсем арманы жоқ…»
Президенттің қандай шешім қабылдайтынын Райхан ғана емес, халық та асыға күтті.

***
Жазушылардың Парижде өткен Халықаралық форумына қатысқан Әмірхан «Англоамерикен» қонақ үйіне орналасқан еді. Бұл атасы Нұрдәулет Бабахановтың Парижде кадет партиясының съезіне келгенде тұрған қонақ үй. Кеше шығармаларын француз тілінде сөйлеткен әріптесі Жак Имармен кездесіп, кеш жатқан. Әмірхан таң қараңғылығында соғылған қалта телефонының даусы оятты.
– Алло – деді Әмірхан ұйқылы ояу.
Әмірхан қалта телефонын құлағына тосып, жауап күтті.
– Таң алдындағы тәтті ұйқыңнан оятқаныма ке-кешір, Әмірхан. Білем, Алматы мен Париждің уақыт-ай айырмасы бес сағат. Амалсыздан мазалауға мәжбүрмін.
Сөзінің арасын үзіп, үзіп асығыс сөйлеп тұр телефон шалған әйел.
– Бұл кім?
– Мезгілсіз телефон шалған әйелдің сөзін бөлді Әмірхан.
– Мен ғой, мен… Таңшолпанның подругасы Айман. Алматыдан звандап тұрмын.
– Не болды, тыныштық па?
– Таң…шолпан…
– Иә, айтсаңшы тез, не жағдай?
– Таң….шолпан… Жансақтау бөлімінде жатыр.
– Қашан?
– Кешеден бері.
– Не болды оған? Әмірхан жандауысы шыға айғай салды.
– Не болғанын келгесін білесің, тез жет!
Байланыс кілт үзілді. Сең соққан балықтай мең-зең болған Әмірхан қалта телефонын құлыштай лақтырды. Емен есікке соғылған телефон «Менің жазығым не?» дегендей «дың» етіп еденге құлап түсті.
Әмірханның Парижге келгеніне бес күн болған. Халықаралық форум алдында Луварды Эфил мұнарасын көрген. Жиын аяқталғасын Парижден қырық шақырым қашықтықтағы Версалға барып, Францияға он ғасырдан бері билік жүргізіп келе жатқан Людвигтер әулетінің алтын сарайларын көріп, Алматыға екі күннен соң оралмақ болған. Таңшолпанмен кеше ғана сөйлескен.
– Жаңалық айтайын ба? – деген ол сонда.
– Айта ғой, жаным, – деп еді Әмірхан.
– Бүгін гинекологқа қаралдым.
– Иә, – деп елең ете қалды Әмірхан.
– Екеуміздің баламыз бар, ұл екен!
– Ой, жаным, жарығым, жақұтым, бақытым! Сен менің жалғызымсың! Осылай қуанта бер, жаным! – деп қатты тебіреніп, толқып еді Әмірхан. Енді, міне… Ой, Алла-ай, сақтай гөр Таңшолпанымды…
– Әмірхан қолжүгін алып асығыс шықты бөлмеден. Қонақ үйдің астыңғы қабатында авиакассада қалғып-шұлғып отырған қызыл кепка киген кассир әйелден Алматыға ұшатын бірінші рейске билет алды. Таза ауамен тыныстамақ болып сыртқа шықты.
Бұлт басқан аспан бұлыңғыр. Айнала аққулан, ақшыл тұман. Ызғырық жел мен ылғалды, суық ауа қойыны, қонышын тіміскілеп бойына тікендей қадалды. Тітіркеніп қатты түшкірді. Кеудесін кере демалып көкжиекке көз тікті. Шығыс жақты жұқалтаң қызғылт нұрға бөлеп, таң атып келеді. «Таңшолпаным аман болса екен. Ол болса мен де бармын, ол жоқ болса мен де жоқпын. Аяулымды сақтай гөр, Алла! Жарық дүниедегі жалғызым аман болса арманым жоқ…»
Жаратқан Иемге жалбарынып тұрған Әмірханның құлағына сүйіктісінің «Жаным!» деген жұп-жұмсақ дауысы естілді. Көз алдына сүйкімді бейнесі келді.
Әмірхан Алматыға тез жетуге асықты…

Пікір қалдыру