ЖАС ТІЛШІЛЕР БАЙҚАУЫ
Журналымыздың Атырау облысындағы тілшісі, ардагер журналист Нұрдәулет Ақназаров жақында өз бастамасымен Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында жас тілшілердің байқауын ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдарының болашақ қайраткерлерінің өнер сайысын өткізді.
Жылыой аудандық әкімдігінің Ақсақалдар кеңесінің жылдық жоспарына сай ауданымыздың орталық кітапханасында «Жұлдыз» журналының жүлдесі үшін «Ынтымақ – ырыс келтірер» тақырыбында аудандық жас тілшілер байқауы өткізілді. Байқауды ұйымдастыруға аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері белсене атсалысты.
Байқауды қарт журналист, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрдәулет Ақназаров кіріспе сөзбен ашып, жас қаламгерлерге сәттілік тіледі.
Құрамында Әлібек Науаров, Шаттық Хамитова және Алмагүл Атапкелқызы болған қазылар алқасының шешімі бойынша №7 мектеп оқушысы Ақторғын Мақсот (ұстазы Нығыметова Алтынай) бірінші орынды жеңіп алды. Ол «Жұлдыз» журналының 2025 жылы жарық көрген 12 санымен, 1 дәрежелі дипломмен және бағалы, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Екінші орынға №5 мектеп оқушысы Бибіфатима Ерсайын (ұстазы Қапанова Жанерке) ие болды.
Үшінші орын №20 мектеп оқушысы Аяна Екібайға (ұстазы Ысқақова Айнагүл), №8 мектеп оқушысы Нұржауған Құтлымұратоваға (ұстазы Шегірова Жадыра), №23 мектеп оқушысы Ұлмекен Райға (ұстазы Байсейітова Гүлзира) бұйырды. Жүлдегерлер дипломдармен, «Жұлдыз» журналының 2026 жылғы кітапханасымен, бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
№4 мектеп оқушысы Диляра Назарқызына (ұстазы Жанақбаева Мерует), №9 мектеп оқушысы Айкөркем Амангелдіге (ұстазы Сыдықова Нағима) ынталандыру сыйлығы-мадақтама, «Жұлдыздың» кітапханасы, заттай және ақшалай марапат берілді.
Қалған жас тілшілер де байқауға белсенді қатысқаны үшін «Жұлдыз» журналы кітапханасымен, бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жас тілшілер байқауының таңдаулы туындылары аудандық «Кең Жылыой» газетінде жарияланатын болды.
Жас тілшілер байқауы Аудан әкімшілігінің қолдауымен және ауданның Құрметті азаматы, Жем ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Төремұрат Асқардың қаржылай демеушілігімен өткізілді.
Кенжебике Жапалова,
Жылыой аудандық орталық кітапханасы
директорының орынбасары





