Мәриям ХАКІМЖАНОВА. МҰРЫН ЖЫРАУ
Сеңгірбекұлы Мұрын (шын аты Тілеген) жыраудың дабысын бұдан 47 жыл бұрын естіген едім. Ол былай болды: 1939 жылдың жазында Қазақстан Жазушыларының II съезі болды. Осы съезде отызға жасы жаңа толған Әбділда Тәжібаев Жазушылар одағының бірінші бастығы болып сайланды. Съезге Москва делегаттарын басқарып Леонид Соболев жолдас келді. Съездің қаулысы бойынша...