ТҮГЕЙ-БОЛАТ – ӘКЕСІНІҢ ҰЛЫ

Түгей-Болаттың ұрпағы –
Бекет (Түгел би) мырзаға арнадым.
Автор.

К Е Й І П К Е Р Л Е Р :

Т ү г е й – Б о л а т – «Бет-Перделі».
«А л л а м – Ж а р» – Түгей-Болаттың Әкесі.
«А п а» – Түгей-Болаттың Анасы.
Ж ы р – Ғ а й ы п – Ғ а й ы п – С а р ы н.
Қ о н а қ Б и – А с п а н – Д а у ы с
Қ ы р б а с – Ө р і к – Қонақ Бидің қызы.
Н о р м у р а д – Шай-Ханашы Бай.
Ә с к е р Б а с ы
Ж а у Ә с к е р і
Ж а у С а р б а з ы
Х а л ы қ – Д а у ы с т а р.
Құл сатушы.
Құлдар…
Қонақ Бидің Атқосшылары.
Шайхана қызметшілері.
Кісі күтушілер.
Өнерпаздар.
Сайқы-Мазақ…

Оқиға – XVII-ғасырдың орта шенінде,
Қазығұрт тауының баурайында өтеді…

БІРІНШІ БӨЛІМ

АЛ,
ДҮНИЕ…

Ғимарат-Кешеннің, Ғарышпен таласқан – Зәулім-Мұнарасына:
«Тәжім» – етіліп, «құран» – оқылады… «Дұға» – бағышталады…

Биссмилләһир-рохманир-рохим.
Кул-һуаллаһу ахад.
Аллаһу сомад.
Ләм йәлид уә ләм йулад,
уә-ләм-нәкун-лаһу куфан ахад.
Садаха-лаһул-азиим.
Субханә роббика роббил ғиззәти ғаммә
йәсуфун уә сәләмун ғәләл-мурсәлин
уәлхамду-лилләһи роббил ғаламиин…
Ж ы р – Ғ а й ы п
(Таңырқап)

Тылсым –
Жұмбақ,
Саф…
Құба-Түзде –
Көз-Арбап,
Кемел-Күйін –
Ғазалдап,
Күн-Көрікті –
Құдіретіне,
Күллі-Әлемді –
Қарық ғып,
Төбесімен –
Көк тіреп тұр,
«Азандап»…
(Ойға – шомып)
Көрген –
Жанды,
Айыратын –
Еріктен:
Аңы –
Жортып,
Құсы –
Ұшпайтын,
«Осынау» –
Қу-Медиенге…
Бұл –
«Шіркінді»,
Салдырған –
Кім…
Неліктен?!
Е-е…
(Есіне, «әлде-кім» – түсіп)
Шамамда…
Дұрыс!
(«Түгей-Болат Ғимарат-Кешеніне» –
еніп бара жатып)
«Сол» –
Болды ғой…
«Сол» –
Болса екен?!
«Естуім» –
Бар…
«Сол»!
«Сол»…
Аты-Жөні –
Санамда…

(«Бұдан» – әрі, Экран:
«Түгей-Болат Ғимарат-Кешенінің»,
«Кереметтерін» – көрсете бастайды…)
БІРІНШІ КӨРІНІС

Аралдың – Ши-Жағасы…
Қақаған – Қыста,
Қаңтардың – Қарлы-Боранында,
Қараңғы Түн – жамылып,
Мұздай-Қару – құрсанған:
Тосын-Жау…
Өрт құшқан – Қазақ Даласы…
Топалаң тиген Қойдай – қырылған:
«Алты Ата Әлімнің» –
шырт-ұйқыдан шошынып оянған,
қаракетсіз-қамсыз… қаралы –
Алшын Ауылы…
Ғ а й ы п – С а р ы н

Бұл қай заман дегенде,
Бағы-Заман,
Тарпаң мінез,
Тас-Бауыр –
Тағы-Заман.
Ту көтеріп –
Тұйықтан алып шығар,
Көш-Бастаушың –
Көсемің жоғы жаман…

Д а у ы с т а р

– Жау…
– Жау!
– Жау –
Шапты,
Ойбай…
Жау…
– Енді,
Қайттік,
«А-Құдай»…
– «Жазда» –
Шаппай,
«Жалаң-Бұт»:
Қақаған –
Қыста шапты-ау,
Нәлет!
– Атаңа –
Мың…
На-ғы-лет!!
– Нөң –
Басқарған,
Қу-Заманның –
Ақыры-ай…
– Сұм менен Қу –
Қосылған,
Тұл-Қоғамның –
Қапылы-ай…
– «Өлді» –
Деген,
«Осы» –
Болар,
Кәпір-ай…
– Хайуани –
Қан-Қасап:
Көрсіз,
Кебінсіз,
Көмусіз –
Қалмасақ…
Ә с к е р Б а с ы

Қапта!
Қапта!!
Қақпақылдап –
Жабыл!
Қыл-Мойындап –
Шап…
Жан-Алғыштарым?!
Тірі –
Бірін,
Қоймай –
Қыр!
Түгел!!
Қапыл –
Тұсын,
Тап!
Түп –
Енесін,
Ұр:
Қазақтардың –
Мазақ!!
Қақтаңдар –
Қаңтар-Мұзына:
«Топалаң» –
Тиген,
Қойдай –
Қатырып,
«Тыр» –
Жалаңаш,
Қанды-Ауыздарым!!
Қас-Дұшпанын –
Көргенде,
Тура-Ажалға –
Айналар,
Наһани –
Жалмауыздарым!
…Түнгі –
Ұйқыларын,
«Төрт» –
Бөліп,
Жар –
Төсектеріне,
Тоба-Қазықтарыңды –
Таяңдар,
«Ел» –
Болмастың,
Түге…
…Аралдың –
«Ши-Жағасын»:
Қара-Қандарына –
«Бояңдар»…
…Келер –
Ұрпақ,
Кемелсіз –
Кер-Толғанып,
«Кем-Иектеніп» –
Жырлайтын болсын:
«Алты Ата –
Әлімнің»,
Қалай –
Азғанын!
«Алшыны»,
Қайтіп –
Тозғанын…
(Жау Әскері – «Түнгі Ауылдың»,
Тас-Талқанын –
Шығарып жатады…)

Ж а у Ә с к е р і

– Үз –
Мойынын…
– Ақтар –
Ішек-Қарынын…
– Аш –
Қойынын…
– Айда –
Бала-Шағасын…
– «Базар» –
Айтады,
«Бағасын»…
– Айда…

(…«Пәкене-Үйден»,
Қылышын – Жалаң-Ұстап,
«Аллам-Жар» – шығады…)

« А л л а м-Ж а р »

(Соңынан, Бес-Алты жасар,
Баласын – жетектеп шыққан,
Әйеліне)
«Апасы»?!
«Балаға» –
Еге бол!
Бір –
Қаракетін,
Жаса…
Қалайда?!
Мен –
Кеттім…
«Жастығымды» –
Алып…
Өлейін,
Тым –
Құрыса?!
Хайыр!

« А п а »

Абайла…
Абайла?!
(«Аллам-Жарға»,
аз-кем –
ілесіп)
Аллам-Жар…
Аллам-Жар…
…Қалай –
Қылайын,
Не –
Істейім,
Құдайым-ау…
Енді,
Қайттім?!
(Үрейленіп, «Ұйқысын» –
аша алмай тұрған Баласы –
Түгей-Болатқа)
Түгей-Болат,
Құлыным,
Бері –
Жүр,
Бері…
(Ошақта тұрған –
Тай-Қазанды, нұсқап)
Нетсем –
Екен,
Сені…
Бері…
Бері –
Кел,
Бері –
Жүр,
Бері…
…Ойбай?!
«Қара-Албасты» –
Басты ма,
Мені…
Бұл,
Не –
Қылғаным,
Ойбай…
(Қазанды, Ошақтан –
Түсіріп алып, төңкеріп)
Кәні,
Балам,
Кір –
«Мынаның»,
Астына…
…Қазанның!

Т ү г е й – Б о л а т

…«Апа»,
Қорқам…
Қорқып –
Тұрмын…

« А п а »

Қорықпа,
Құлыным,
Қорықпа…
Әкең –
Кетті,
«Жорыққа»:
Қан-Қасапты –
Тамұққа…
Кір –
«Қазанның»,
Астына:
«Тұншығам» –
Деп,
Қамықпа…
Мен,
Мен…
Қасыңда –
Боламын:
Кір,
«Қазанның» –
Астына…
Кір!
Кір,
Кә-не…
Қарағым…
«Жау» –
Кеткенше,
Жан-Балам,
Сала –
Көрме,
«Бай-Балам»?!
«Дыбысыңды» –
Шығарма…
(Түгей-Болатты, Қазанның
астына – жауып жатып)
Ия,
Балам!
Ұмытпа:
Алда-Жалда…
Мен…
«Олай-Бұлай» –
Бола кетсем…
…«Ата-Тегіңді»:
Біліп –
Ал?!
Жадыңа –
Тұт,
Мәңгілік….
Сен:
«Кіші Жүз,
Алты Ата Әлімнің –
Алшынысың»…

Ж а ң ғ ы р ы қ

…Сен:
«Кіші Жүз,
Алты Ата Әлімнің –
Алшынысың»…
Сен…
Сен:
Құдайдың Сүйген Құлы –
Әкеңнің Ұлысың,
Түгей-Болат…

« А п а »

(Түгей-Болатты, «Қазанмен» –
төңкеріп, тұра – берем дегенде,
«Жаудың» – көздеп атқан, «Садақ-Оғы» –
Жүрек-Тұсына қадалады…)
Ойбай…
Енді,
Қайттім…
Қалай –
Қылдым…
Балам…
…Үндеме…
«Дым» –
Деме…
«Дым»…
Мен…
Мен…
Балам…
(«Жан» – тапсырады…)

Т ү г е й – Б ол а т

(«Қазан» – астынан)
«Апа»…
«Апа»,
Қайдасың…
Мен –
Тұншығып барам…
(Жау Әскері:
Ер-Азаматтары – Түнгі-Қырғында
түгелімен қаза болып, қапыда –
қараң-қалған қатын-қалаш,
бала-шағаны, «Алдарына» – салып,
«Айдап» – келе жатады…)

Ж а у С а р б а з ы

(Келіп-Жеткен – Әскер Басыға),
«Қолындағы» – Садағын салмақтап)
Әскер-Басым,
Сеспей –
Қатырдым,
«Мына» –
Қатынды,
Бір –
Оқпен…
(Өлі-Әйелді – аударып…)
Міне,
Қараңыз…
Тыпа-Тура –
«Жүректен»…
(Төңкерілген – «Қазан» астынан,
«Баланың» – жылаған дауысы естіледі…)
Т ү г е й – Б о л а т

(«Қазан» – астынан)
«Апа»…
«Апа»…
Қорқам…
Мен…
Мен,
Тұншығып –
Барам…
«Апа»…

Ә с к е р Б а с ы
(«Қазанды» – көрсетіп)

Алып –
Шық,
«Астынан»:
Көрелік,
Қандай –
«Пірәдар»?!

Ж а у С а р б а з ы

(«Қазанды» – көтеріп, «Астынан» –
Түгей-Болатты алып шығады)
Мәс-саған…

Ә с к е р Б а с ы

Пә-лі…

Т ү г е й -Б о л а т

(Көрген – бойда,
«Анасын» – құшақтап)
«Апа»…
«Апа»…
«Апашым»…
(Анасы – тіл қатпаған соң,
Әкесін – іздеп)
«Әке»…
«Әке»…

Ж а у С а р б а з ы

(Түгей-Болатқа, жекіп)
Өшір –
Үніңді
Зән-Талақ!

Т ү г е й – Б о л а т

«Әке»…
«Апа»…
«Әке»…

Ж а у С а р б а з ы

Өй,
Әкеңнің…
Тұр,
Былай?!

Ә с к е р Б а с ы (самарқау).

«Алып» –
Жүр,
«Үйірге» –
Қосып:
«Бала» –
Болса да,
«Елге» –
Есеп…
«Сатамыз» –
Сарттарға,
«Өткеніне»:
«Бақа –
Сисе,
Көлге –
Сеп…»
(Түгей-Болат, «Айдаудағы» –
Тұтқын-Тобырға ілесіп,
еңіреп-жылаған – бодан-күйі,
Ауыл сыртындағы –
Қыруар-Молалы
Көне-Бейіттің ішімен
кетіп бара – жатады…)

А с п а н – Д а у ы с

(Құлпы-Тастағы Жазу)

«Құдаймын деп ойлама,
Құлақкесті құлысың!
Күнің бітіп, қаймана,
Тарылады тынысың.

Айнып асыл мұрадың,
Сүйек-сөлің қуарып,
Сөніп жанған
шырағың,
Өмір-жасың суалып.

Қара жауып аспаның,
Тәнің топырақ құшады.
Қолын бұлғап қас-қағым,
Дүние бұл-бұл ұшады.
Жалған –
Бәрі,
Жалғанбыз!
Көр –
Суық та,
Мола –
Сыз:
«Біз де –
Сіздей болғанбыз,
Сіз де –
Біздей боласыз!»…

Ғ а й ы п – С а р ы н

Бұл –
Заман:
Бетін әрі –
Бұрған Заман,
«Құдайы» –
Тас-Төбеден
ұрған Заман.
«Жалған-Серке» –
Алдында
Күші Өктемнің,
Жағынып –
Жорғалайды,
Құрдан –
Жаман…
(«Аспан – «ұлып»,
Жер – «ыңырсыйды»…)
ЕКІНШІ КӨРІНІС

…«Құл» – Базары… Ығы-Жығы…
«Көгендеулі: Кәрі – Құлдар, Жас – Құлдар,
Бала – Құлдар…
Қ ұ л С а т у ш ы

(Нормурад – Шай-Ханашы Байға,
Құлдарын – көрсетіп…)
Құл!
Құл!
Құл:
Кәрі –
Құлдар…
(Нормурад – көңіл аудармайды)
Жас –
Құлдар…
(Нормурад – көңіл аудармайды)
Бала –
Құлдар:
(Нормурадқа)
Құл,
«Бала» –
Кезінен,
«Бақсаңыз»:
Басқада –
Жоқ,
«Пұл» –
Болады,
«Пұл»,
Ә-кә-сы?!
Н о р м у р а д

(Қасынып – отырған, Баланы – көрсетіп)
Мына –
Бала,
«Қотыр» –
Ма…

Қ ұ л С а т у ш ы

Жо-Жоқ…
Жәй,
«Қағынып» –
Отыр…

Н о р м у р а д

Ал,
«Мынау –
Ше…
«Соқыр» –
Ма…

Қ ұ л С а т у ш ы

Жо-ға,
Құдай…
«Көзін» –
Жұмып,
«Ауылын» –
Туған Жерін,
Сағынып –
Отыр…

Н о р м у р а д

«Мына» –
Бала,
Құр –
Әншейін,
«Өлексе»…
…Жә,
Жә…
(Кетіп – бара жатып, Түгей-Болатқа,
«Көзі» – түсіп)
«Мына» –
Бала,
«Басқаларынан» –
Ерекше…

Қ ұ л С а т у ш ы

Ал,
Алыңыз,
Ә-кә-сы…
…«Арзымасқа» –
Бере салам,
Керексе…

Н о р м у р а д

Бұл –
Жарықтық,
Қай –
Өлкенің,
«Тумасы»?!
Қ ұ л С а т у ш ы
Сыр –
Бойынан…
Турасы:
(Есіне,
«Әлде-не» –
түсіп…)
«Көкжиекке топтанды,
Қаптап өрген
қара бұлт –
Тірлік қызыл- шоқтанды,
Кіндігінен жаранып.
Демі бітіп, жел тынды,
Ауа лайын тұндырып –
Көктем қысты өлтірді,
Қар –
Жылады,
Күн –
Күліп…»…
(«Сөзін» – жалғап)
Текті –
«Жерден»,
«Сүйегі» –
Асыл,
Шамасы:
«Қыңқ» –
Демейді…
…Алыңыз,
«Арзанға» –
Берем,
Сізге?…

Н о р м у р а д

Неге,
Маған –
«Арзанға»…

Қ ұ л С а т у ш ы
«Сай –
Сайға,
Бай –
Байға,
Құймай ма?!»,
Ә-кә-сы?!
Қалың –
Қазақтың арасындағы,
Жалғыз –
«Байымыз»,
Өзіңіз:
Яки
«Құлағымыз»
Һәм
«Көзіміз»…
«Жерде» –
Қалмасын,
«Сөзіңіз»:
Қаншаға –
Аласыз?..

Н о р м у р а д
(Құл Сатушының – марапат-лебізіне,
«мастанып»)
«Қанша» –
Деп,
Айтсаңыз,
«Соншаға» –
Аламын…

Қ ұ л С а т у ш ы

Әп-Бәрекел-де…
«Сұрағанға» –
«Тілеген»:
«25» –
Сөлкебай деп,
Тұр –
Едім,
«Сауда» –
Емес пе,
«Бұ» –
Деген!
«20»-ға –
Ала қойыңыз…

Н о р м у р а д
(Қалтасынан, «Пұлын» – шығарып,
санамастан)
Мә,
Ал…
Ал,
Бауырым!
Тек,
«Құлың» –
«Пұлыма»,
Лайық –
Болсын де,
Ылайым?!
(Түгей-Болаттың,
Басынан – сипап)
…«Баламның»,
Аты –
Кім?..
Қ ұ л С а т у ш ы
Түгей-Болат…
Н о р м у р а д
(Құл Сатушыға)
Түгей-Болатым,
«Ә-кә-сыңның» –
Қыздырсын де,
«Шә-кә-сын»,
Қызметіне –
Адал боп…
(Түгей-Болатты, жетектеп –
бара жатып)
«Кім» –
Жетісіп жүр дейсің,
Балам,
Бүгінде:
«Тағдырым талай
қырсығып,
Пәлеге мың-сан
ұрындым –
Тауқымет зіліне
тұншығып,
Өле де өле тірілдім.
Тірілдім…
Көзім ашылды,
Түйсініп дүлей
тылсымды –
Көңілімнің нұры
шашылды,
Бұлттан шыққан
Күн сын-ды…»
Жүр?!
Жүре –
Ғой…
Бірінші
Бөлімнің соңы.
ЕКІНШІ БӨЛІМ

ҮШІНШІ КӨРІНІС
Қонақ Бидің – Үйі…

Қ ы р б а с
(Төргі Бөлмеге – Сырттан еніп…)
Әке,
Сізге –
Жүрісі суыт,
Түсі суық,
Бір –
Кісі:
«Аса –
Шұғыл-Шаруамен,
Келіп –
Тұрмын!» –
Дейді,
«Көкеме»…

Қ о н а қ Б и
Екі –
Кештің арасында,
«Екіндінің» –
Шамасында,
«Кім» –
Болды екен,
«Нобайы»?..
…«Көкеме» –
Десе:
Шынымен де,
«Шаруасы» –
Шұғыл болғаны ғой…
Кірсін!
Бірақ,
«Кімге» –
Келіп тұрғанын,
Білсін…
Айт!
Қ ы р б а с
Мақұл,
Әке…
(Шығып – кетеді…)

Т ү г е й – Б о л а т (Сәлем – беріп, еніп).

Ас-салау-ма-
ағалей-кум,
Көке…
Қ о н а қ Б и
Уа-ға-лей-кум…
(Түрі-Түсін – «нобайлап»)
Кел,
Шырағым,
Төрлет…

Т ү г е й – Б о л а т

(«Босағада» – тізерлеп)
Көке…
(Жыламсырап)
Тейі қатты –
Төзімім неткен
темір еді,
Сұмдық-ай,
Түсімде –
Ылғи өңім семіреді:
Өкпеге айналып,
Жүрегім –
Күліп-Еңіреді,
Есек –
Кісінеп,
Сиыр –
Боздап,
Жылқы –
Ақырып,
Ит –
Маңырап,
Қой –
Ұлып,
Түйе –
Мөңіреді…
Теріс –
Тірлік:
Бірі –
Жеңеді,
Бірі –
Жеңіледі…
…Көке?!

Қ о н а қ Б и

Е-е…
Өмірің –
Көмен,
Кер –
Екен,
Көңілің –
Шемен,
Шер –
Екен,
Қарағым?!
Кел,
Кел…
Төрлет?!

Т ү г е й – Б о л а т

Аллам –
Разы болсын…
Маған,
Кө-ке,
«Босағаңыз»:
Төрден –
Сыйлы…

Қ о н а қ Б и

Онда,
Мейлі…
«Жылы» –
Орыныңды,
«Суытпа»!

Т ү г е й – Б о л а т

…Айып –
Етпеңіз…
Өте –
Асығыспын,
Көке:
Әр –
Сағатым,
Санаулы…
Сабыр-Тағатым –
Қамаулы…
…«Қыбын» –
Тауып,
«Өткенде» –
Бір…
Келіп-Кеткенмін,
«Күдігіме» –
Торығып:
Өзіңізге –
Тікелей…
Бата –
Алмай,
«Жылқышы­-
ларыңызбен» –
Жолығып,
Жылқыла­рыңыздың –
«Шөміш-Таңбасын»,
«Жеті-Ру –
Тамаларындай»,
Құнығып –
Көріп-Кеткенмін…

Қ о н а қ Б и

Уай,
Бағланым…

Т ү г е й – Б о л а т

…Арзам –
Бар,
Айтар…

Қ о н а қ Б и

Жарайд!
Айт,
Арзаңды?!
Тыңдап –
Көрелік:
Қолдан –
Келсе,
«Терісіңді» –
Оңға айналдырып,
Керіңді –
Бері бұралық?!
Шеріңді –
Тарқатып,
Шеменіңді –
Шекер-Қылалық…
Айт!

Т ү г е й – Б о л а т

Айтсам,
Қысқасы…
Мен,
Сіз –
Білетін,
«Нормурад» –
Шай-Ханашының,
Құлымын…
Ия!
Ия…
Қ о н а қ Б и
Айта –
Түс…

Т ү г е й – Б о л а т

…Мен –
Сияқты,
Құлдарының –
«Бірімін»!
«Ірісімін!» –
Деп,
Айта алман…
«Барып» –
Кел,
«Алып» –
Кел,
«Қызметін» –
Атқарам…
«Асығыстығым» –
Сол:
Менің,
Сізге –
Келгенімді,
«Біреу-Міреу» –
Көріп қала ма деп,
Сақтанам…
Басқалай –
Амал,
Менде –
Жоқ:
Бұғын-Бодан –
Ғұмыр-Кешкен,
Тұлмын –
Мен,
Жәй…
Әншейін –
Пенде боп…
…Кеше,
«Ташкент» –
Барып едік,
«Базарлап»:
Бүгін,
Қайтып –
Барамыз…
Алаң-Көңіл –
«Хошымын»:
Қыр –
Астында,
Күтініп –
Тұр,
«Қосыным»…

Қ о н а қ Б и (кеңіп).

Олай –
Болса,
«Тездетіп –
Бақ»,
Шырағым…
Айт!
Жасырмай –
Маған,
«Не –
Демегіңді»:
«Қолымнан» –
Келсе,
Мен де,
Аяп –
Қалмаспын,
«Көмегімді»…

Т ү г е й – Б о л а т

(Дүр – сілкініп)
…Алты-Жеті –
Жасымда,
Қақаған –
Қыста,
Елімді –
Жау шапты:
Таланымды –
Тұсаулап,
Тағдырымды –
Қаусатты…

Қ о н а қ Б и

«Әкең»,
«Шешең» –
Бар ма еді,
Жаным-ау?..

Т ү г е й – Б о л а т

Неге –
Болмасын,
Бар-тын:
(Бекіп)
«Болмасын!» –
Деген,
Оңбасын?!
(Өзін – ыңғайсыз сезініп)
Жо-Жоқ…
Анам:
Аппақ –
Аруана,
Әкем:
Қара –
Нар-тын…
Қ о н а қ Б и

«Аттарын» –
Айт-шы…

Т ү г е й-Б о л а т

(Кенет – күмілжіп)
Еміс-Еміс –
Есімде…
Ім-м…
Ауылымды,
Қақаған –
Қыста:
«Жау» –
Шапқаны,
Есімде…
…Еркек-Біткен –
Түгелдей,
Хас-Дұшпанмен –
Шайқасып,
«Ажал» –
Қапқаны,
Есімде…
(«Елес» – Бой-Көтереді…)
ЕЛЕС
Ә с к е р Б а с ы
…Қапта!
Қапта!!
Қақпақылдап –
Жабыл!
Қыл-Мойындап –
Шап…
Жан-Алғыштарым?!
Тірі –
Бірін,
Қоймай –
Қыр!
Түгел!!
Қапыл –
Тұсын,
Тап!
Түп –
Енесін,
Ұр:
Қазақтардың –
Мазақ!!
Қақтаңдар –
Қаңтар-Мұзына:
«Топалаң» –
Тиген,
Қойдай –
Қатырып,
«Тыр» –
Жалаңаш,
Қанды-Ауыздарым!!
Қас-Дұшпанын –
Көргенде,
Тура-Ажалға –
Айналар,
Наһани –
Жалмауыздарым!
…Түнгі –
Ұйқыларын,
«Төрт» –
Бөліп,
Жар –
Төсектеріне,
Тоба-Қазықтарыңды –
Таяңдар,
«Ел» –
Болмастың,
Түге…
…Аралдың –
«Ши-Жағасын»:
Қара-Қандарына –
«Бояңдар»…
…Келер –
Ұрпақ,
Кемелсіз –
Кер-Толғанып,
«Кем-Иектеніп» –
Жырлайтын болсын:
«Алты Ата –
Әлімнің»,
Қалай –
Азғанын!
«Алшыны»,
Қайтіп –
Тозғанын…
(Жау Әскері – «Түнгі Ауылдың»,
Тас-Талқанын –
Шығарып жатады…)

Ж а у Ә с к е р і
Үз –
Мойынын…
Ақтар –
Ішек-Қарынын…
Аш –
Қойынын…
Айда –
Бала-Шағасын…
«Базар» –
Айтады,
«Бағасын»…
Айда…

(…«Пәкене-Үйден»,
Қылышын – Жалаң-Ұстап,
«Аллам-Жар» – шығады…)

« А л л а м – Ж а р »

(Соңынан, Бес-Алты жасар,
Баласын – жетектеп шыққан,
Әйеліне)
«Апасы»?!
«Балаға» –
Еге бол!
Бір –
Қарекетін,
Жаса…
Қалайда?!
Мен –
Кеттім…
«Жастығымды» –
Алып…
Өлейін,
Тым –
Құрыса?!
Хайыр!

« А п а »
Абайла…
Абайла?!
(«Аллам-Жарға», аз-кем –
ілесіп)
Аллам-Жар…
Аллам-Жар…
…Қалай –
Қылайын,
Не –
Істейім,
Құдайым-ау…
(«Елес» – аяқтала бере…)
Т ү г е й-Б о л а т

(Мең-Зең – күйде…)
…Содан –
Кейін,
Өңкей –
Қатын-Қалаш пен
Ыңғай –
Бала-Шағаны:
Қазалы –
Ташкент арқылы,
Осы –
Сіздің Өлкеңізге,
Әкелгені –
Есімде…
…Яки,
Мені –
«Сатқаны»,
Нормурадқа…

Қ о н а қ Б и
Енді,
«Жауап» –
Бере алсаң,
Бір –
Сұраққа?!
Т ү г е й -Б о л а т
Сұраңыз…

Қ о н а қ Б и
Әкең менен Анаңның –
Аты-Жөні…

Т ү г е й-Б о л а т

(Күмілжіп)
Ұмытпасам,
Әкемнің –
Аты:
«Аллам-Жар»…
Анам,
«Қоштасарда» –
Әкеме,
«Солай» –
Деген-ді…
…Анамды –
«Апа» –
Дейтінмін…
…«Бұдан» –
Арғыға:
Жадым –
«Көген-ді»,
«Бей-Пілмін»,
Көке…

Қ о н а қ Б и
(«Әлде-Кімдерге» – налып)
Жә!
Жарар!!
Жарар…
Ұқтым!!!
«Айтқандарыңның»
Бәріне,
Түгелдейін –
Құппын!
Түгей-Болат –
Балам?!
Күт!
Күт,
Мені…
«Хабарымды» –
Салам:
«Нормурад –
Шай-Ханасына»,
«Ұлы –
Наурыз Мейрамын»,
Атқаруға –
Барам…
ТӨРТІНШІ КӨРІНІС

«Нормурад Шай-Ханасы»: Ұлыстың Ұлы Күні –
«Наурыз – мейрамына лайықты безендірілген…

(«Наурыз» мейрамы таң шапағын қарсы алудан,
«Бұлақ көрсең көзін аш» деп аталатын ескі ғұрыптан басталады.
Мұның мәнісі: таң шапағын қарсы алу үшін еркектер, әйелдер мен жастар қолдарына кетпен, күрек ұстап, белгіленген жердегі бұлақ басына,
арық жағасына, тағы да басқа су алатын қайнарларға барып,
оның «көзін» ашқан болады…)

«Шай-Хана» ішінде,
«Наурыз» қонақтарын лайықты
қарсы алу шарасы
қызу талқыланып жатады…
Н о р м у р а д (Қызметшілеріне).

Бәрі –
Бәріңе!
Жасыңа да Кәріңе!
«Дайындық» –
Жасалды,
Әрине…
Бірақ,
Әлі де –
«Шай-Хананың,
«Іші-Тысын» –
Көркейте –
Түсіңдер!
Ұқтыңдар ма?!

Д а у ы с т а р

Ұқтық!
Құп,
Ә-кә…
Айтсаңыз,
Болды –
Ғой…
Ләппай…

Н о р м у р а д

…Өнерпаздар мен
Сайқы-Мазақтар?!
«Істеріңе»:
«Түстерің» –
Сай болсын,
Ал,
Тараңдар,
Жарандар…
(Кетіп бара жатқан –
Түгей-Болатқа)
Балам,
Сен –
Қала тұр…

Т ү г е й-Б о л а т
Құлағым –
Сізде,
Ә-ка…

Н о р м у р а д

Білесің –
Ғой…
«Қазақтар» –
Келе жатыр!
«Ғажаптар» –
Келе жатыр!!
Атақты –
Қонақ Бидің –
Өзі,
«Хабар» –
Салған,
Маған!
«Наурыз –
Мейрамын»:
«Шай-Ханаңда»,
Арнайы –
Өткіземіз,
Деп…
«Осыған» –
Байланысты,
Айтарым –
Саған:
Өзің…
«Бет-Пердеңді» –
Тағып,
Өзің –
Күтіп ал!
Бәрін,
Өзің –
«Өлшеп-Піш»!!
Асты-Үстіне –
Түс,
Шалқайт!!!
«Ауыздарын –
«Аңқайт»:
Сүйген –
Асын бер,
Тауып…
«Түгін» –
Қалдырма,
«Сауып»!
«Өзің» –
Болмасаң:
«Аң» –
Жортып,
«Құс» –
Ұшпайды,
«Осынау» –
Қу-Медиенде…
Ұқтың –
Ба..

Т ү г е й-Б о л а т

Ұқтым!
Н о р м у р а д

Түсіндің –
Бе…

Т ү г е й -Б о л а т

Түсіндім…

Н о р м у р а д

Түсінсең –
«Сол»…
Сосын-ғысын,
«Өзің» –
Білесің:
«Менен» –
Артылғаны,
«Сенің» –
Үлесің…
Ұқтың –
Ба…

Т ү г е й-Б о л а т

Ұқтым…

Д а у ы с т а р

(Сырттан…)
– Қонақтар –
Келеді,
Қонақтар…
– Қонақ Бидің,
Өзі –
Келеді,
Бөртіп:
Нөкерлерін –
Ертіп…

Н о р м у р а д

Ойбай,
Келіп –
Қалды,
Кеттік…

Т ү г е й-Б о л а т

Мен,
Сәлден –
Соң…
…Қазақтың,
Қонақ –
Биін,
Ә-ке-ке…
Мен –
Емес,
Өзіңіз,
Күтіп –
Алғаныңыз,
Оң…
(Нормурад – шығып кетеді…)

С ы р т т а ғ ы
Д а у ы с т а р

– Амансыз ба…
– Ұлыс оң болсын!
– Ақ мол болсын!
– Қайда барсаң –
Жол болсың!
– Ұлыс –
Бақты болсын!
– Төрт түлік –
Ақты болсын!
– Ұлыс –
Береке берсін…

(Ішке, Нормурад – бәйектеп,
Қонақ Би – бастаған,
Қонақтар – еніп келе жатады…
Іштен, Оларды – «Алдар-Көсе»,
«Жиренше»,«Қарашаш», «Қожа-Насыр»,
«Тазша-Бала» т.б. күтіп алады…)

« А л д а р – К ө с е »

Ұлыстың Ұлы Күні
Ақ пен Қара
Астасып – болады мәз
Қарт пен Бала.
Теңеліп төрт құбыласы
табар таупық,
Тағдырдың тауқыметін
тартқан Дала.

« Ж и р е н ш е »
Арылып бейпарасат
пенделіктен,
Ереуіл ел тынысын
ер кеңіткен.
Құлпырып қызыл-жасыл Керуен-Наурыз,
Қаулайды жас құрақтай
көлге біткен.

« А л д а р – К ө с е »

Ұлыс –
Бұл,
Жақсылықты
жан қалаған,
Ақ бата адал асқа
болған алаң.
Түйсініп әз болмысын,
Танып тегін,
Аңдаған айырмасын Аңнан Адам.

« Ж и р е н ш е »
Ұлыс –
Бұл,
Жамандықтың
ділін кескен,
Дос пен Қас –
Атасының
құнын кешкен.
Күллі Әлем –
Күннің Алтын
Нұрына елтіп,
Жерде –
Ұл-Қыз,
Көкте –
Жұлдыз күлімдескен.

« Қ а р а ш а ш »
Ұлыс –
Бұл,
Тәңір-Ана иген күні,
Қараға –
Хақ теңдігі тиген күні:
Теңдесіз –
Құдіретке айналады,
Адамзат –
Табиғаттың
сүйген құлы…
(«Шай-Ханадағы»,
Бүкіл Адам – бірімен бірі құшақ-айқастырып,
Мәз-Болысып – «көріседі»…)
Н о р м у р а д

Төрлетіңіз,
Қонақ Би…
Кәне,
Қазақ-Ағайындар,
«Дастарханға»…
(Қонақтар, «Дастарханға» – жайғаса бастаған сәтте,
Мерекелік – ойын-сауықтар басталады…)

« Б е т – П е р д е л і »

(Ортаға – шығып)
Кә-не,
Халқым,
Бос –
Тұрмайық,
Әндетейік…
Жырлайық:
«Ортамызды» –
Ашайық,
Күй-күйлейік,
Би-билеп,
«Інжу-Маржан» –
Шашайық…
(«Шай-Хана», Ғажайып-Әлемге – айналады:
Әр халықтың ұлттық киім нұсқаларын
киінген өнерпаздар – «Айқыш-Ұйқыш»,
«Аударыспақ», «Жау қашты», «Шашбау салды»,
«Тартыс», «Соқыр-Теке» т.б. ойындарын,
«сарапқа» – салады… Әндер – айтылады…)

«ҚАРАҒЫМ-АЙ

Қара тайға жарасқан
қара терлік,
Жараспайды жігітке
төтен ерлік.
Жамандардың
жабыққан ісі дейді,
Өлең айтып көңілді
көтерелік.

Қарағым-ай,
Қырға шығып –
Жолыңа қарадым-ай.

Аузыңды ашсаң, көрінер маржан тісің,
Не демейді сыртыңнан
дұшпан кісің.
Десе десін сыртыңнан
дұшпан кісің,
Білінбей ме досыңа
еткен ісің…»
(Өзбек Биі – орындалады…)

«БҮЛДІРГЕН

Қонғаны ауылымның
ой болса екен,
Қорадан өріп шыққан
қой болса екен.
Тілеуін екі жастың
біз тілейік,
Мереке, күнде осылай
той болса екен.

Бүлдірген,
қандай жақсы,
Құрбылармен
бір жүрген.

Қарағайлы, ендеше,
қарағайлы,
Қарағайды
көп жылқы аралайды.
Жақсы-жайсаң осылай
бас қосқанда,
Бекер қарап отырған
жарамайды…»

(«Ортаға», Бір – Нөкерін ертіп,
Қонақ Би – шығады…)
Қ о н а қ Б и

(Нормурадты, қасына – шақырып)
Туыс,
Түбі –
Түркі –
Алты Алаштың Жұрты:
«Ассалаума-
ағалейкум!» –
Атамыздың Ғұрпы.

Айналайын,
Өзбек,
Қолыңды әкел тездеп:
«Шай-Ханаға» –
Қонақ Би,
Келді деме не іздеп?!

Бұ сапарым басқа,
Келгенім жоқ босқа:
Сәлем –
Жүрегі ояуға,
Әлем –
Көңілі хошқа!

Нормурадым-Шерім,
Елің –
Менің Елім!
Жерің –
Менің Жерім!!
Төрің –
Менің Төрім…

Табиғаттың құтын,
Ел –
Ананың Сүтін,
Еміп өстік…
Еншіміз –
Бөлінбейтін Бүтін!

Жайым-Күйім –
Аян,
Аян –
Өмір-Баян.
Мәзір –
Мейірім-Пейіліңнен
Мият табам,
Тоям.

Қашан болсын дайын,
Зәру-Ас –
Көк-Шайың:
Таңдайымды жібіткен,
Шөліркеген сайын…
…Шәшілікке дейін,
Палауыңды жейін.
Шәрбат
жүзім шарапты,
Іше жатам кейін.

Шабыттанған шағым,
Ашылардай бағым –
Сындырайық,
Көре алмас
Хас-Дұшпанның Сағын!

Ессіз емен езбе,
Қонақ бергін сөзге?!
Өзбек,
Қазақ –
Бір-Туған:
Кірікпесін –
Өзге!

Жан Ұжымағы –
Нәш,
Құшағыңды –
Аш:
Шығарайық –
Құзартып,
Бір-Жағадан –
Бас…

…Дүние –
«Түлкі құйрығы,
Нәсіп –
Хақтың Бұйрығы:
«Қазағыңа» –
Байланды:
«Жеті-Рудың» –
Жүйрігі…
(Жылқы – «кісінейді»…)

Ән-Күйленіп,
Ағайын,
Ашылды –
«Жан-Сарайым»…
(Нөкері, Қазақ-Шапанын –
ұсынады…)
Кә-не…
Нормурад-Мырзам,
«Шапанымды» –
Жабайын…
(Нормурадқа, «Шапан» – жауып
жатқанда,
«Бет-Перделі»:
«Нақ-нақты» –
термелеп кетеді…)

«НАҚ-НАҚ

Сөйле десең сөйлейін
сөз келгенде, еһ-еһ,
Киер көйлек шаруа
бөз келгенде!
Тамаша-ау, денің
сау ма, құдаша-ау!
Айт дегенде несіне
бәлденейін,
Жалқы биік жақсыға
кез келгенде!
Ызғар-ау, денің сау ма,
қыздар-ау!

Тобылғының түбінен
Қазық алдым,
сылқ-сылқ!
Бөдененің етінен
Азық алдым,
былқ-былқ!
Қасың қара,
қыз өңкей,
Әбау қыздар, әбау-бақ,
Тырна маттай,
туай-тақ,
Екі манақ, нақ-нақ!

Ішім-ай! Дертім-ай, қыздар-ай, қырғын-ай!
Қыр басында қыз-ойнақ, күндіз мәжіліс,
Түнде ойнақ!
Екі манақ, нақ-нақ!

Айта бар, қайта бар,
қыздарға сәлем
айта бар!
Әндір аққу есіңе ал,
ескеріп қал!

Кел, екеуміз, домбыра,
қосылайық!
Айқай салып
ән тартып, жосылайық!
Бекер қарап,
бекерге отырғанша,
Бозбалаға болмай ма
осы лайық…»

Қ о н а қ Б и

(Бір – орнында
тұра алмай…)
Апыр-ай, Ә…
Апыр-ай, Ә…
Сол –
Ғой…
Соның…

Н о р м у р а д
(Қонақ Биге).

Сізге,
Не –
Болды…
Түріңіз…

Қ о н а қ Б и

Ештеңе…
(«Бет-Перделіні» – көрсетіп…)
«Мұныңыз»…

« Б е т – П е р д е л і »

(Сыр-Бойы Жырауларының – нақышымен,
термелетіп…)
Бұл қай Заман дегенде,
Бағы-Заман,
Тарпаң мінез,
Тас-Бауыр,
Тағы-Заман.
Ту көтеріп –
Тұйықтан алып шығар:
Көш-Бастаушың –
Көсемің жоғы жаман…
ЕЛЕС
– Жау…
– Жау!
– Жау –
Шапты,
Ойбай…
– Жау…
– Енді,
Қайттік,
«А-Құдай»…
– «Жазда» –
Шаппай,
«Жалаң-Бұт»:
Қақаған –
Қыста шапты-ау,
Нәлет!
– Атаңа –
Мың…
На-Ғылет…
(Елес – жоғалып…)
Т ү г е й – Б о л а т (жалғастырып).

…Табиғаттың
Көзін шел
басқан Заман,
Адам-Зат
Мейман-Асы
Тасқан Заман.
Мүлт кеткен кезіңе –
Кентін салар,
Қатыбезер қандасың –
Қастан жаман.
(«Арқасы» –
қоза-түсіп)

Өмір жасы
Өксумен өткен Заман,
Кісі ақысы
Кісіге кеткен Заман.
Адалдықтың қолымен
от көсеген –
Һарамдықтың ниеті
неткен жаман.

Жамандық
Жұрт үрейін
Алған Заман,
Жалқы өліп,
Жалпы ойбайын
Салған Заман.
Қу тізесін құшақтап
Ғайып-Бейбақ
Қыршыныңның артында қалған Заман.
(Күре-Тамыры – білеуленіп…)

Жақсы көрсе –
Жалмаған
Жебір Заман,
Құтсыз әрі құнарсыз
Кебір Заман.
Астамсынып
Аяғын баса алмайды –
Көгендеулі боқтыкөт
Небір жаман.

Қиянат
Кең Дүниені
Кезген Заман,
Есер жаншып
Естіні езген Заман.
Қоғамың,
Түптің түбі,
Іріп-Шіріп –
Құритынын
Күн бұрын
Сезген жаман…
(Зар – илеп…)

Қ о н а қ Б и

Тоқтат…
Тоқтатыңдар…
(Жүрегінің – тұсын ұстап…)
Жанымды –
Жеп,
Жүрегімді –
Үңгіп барады…
(«Бет-Перделіге»)
Тоқтат…
…«Өткенім-Кеткенімді» –
Жыр –
Ғып… барасың…
(«Бет-Перделіге»)
Кімсің –
Сен…
(«Бет-Перделі» – жауап қатпаған соң,
Нормурадқа).
«Кім» –
Бұл:
«Ұңғыл»-
«Шұңғыл»…
Жыры –
Топан,
Сұрапыл…
Үні –
Апан…
…Тартып –
Барады,
Түбіне…
…Таныс –
Бей-Таныс…
Бұ –
«Кім»,
Өзі…
«Бет-Пердесін» –
Алшы,
Сыпырып…
…Өкпем –
Қабынып,
Демім –
Тарылып,
«Ықылық» –
Ата бастадым,
«Ықылық»…
Нормурад,
Менің –
Еңірен-Күйімді,
Құдай –
«Басқаның»,
Басына –
Бермесін!
Сыпыршы –
«Бет-Пердесін»…
Н о р м у р а д

Ал,
Сыпырдым…

Қ о н а қ Б и

(Есінен – адасып…)
Бұл –
«Кім»…
Мен –
Білетін,
«Біреуге» –
Ұқсайды,
Сыңайы…

Н о р м у р а д

Ал,
Сыпырдым…

Қ о н а қ Б и
(Өзіне – өзі).

«Не» –
Себептен,
«Мінәйі»…
(Нормурадқа)
Аты –
Кім?..

Н о р м у р а д

Аты –
Түгей-Болат…

Қ о н а қ Б и
(Түгей-Болатқа – ұмтылып).

Түгей-Болат…
Сен,
Әлі…
Тірімісің,
Батпаған –
Жүрегімнің Күнімісің?!
…«Ташкенттің –
Базарында»,
Ұшты-Күйлі –
Жоғалып кетпеп пе едің…
Шынымен,
Тірімісің…
Жоқ,
Әлде,
Арбап тұрған –
Елесің бе,
Сен,
Маған –
Сенбейсің ғой…
Сенесің бе?..
…Ұлым,
Сақтай алдың ба,
Мені –
Есіңде…
Жоқ,
Әлде…
Арбап тұрған –
Елесің бе…
(Нормурадты – іздеп)
Нормурад?!
Сен,
Қайдасың,
Қай –
Жақтасың…

Н о р м у р а д

Қон-еке?!
Мен,
Өзіңнің –
Қасыңдамын…

Қ о н а қ Б и

Неткенің,
Осынша –
Жыл,
Жасырғаның?!

Н о р м у р а д

Кімді?

Қ о н а қ Б и

Мынаны –
Түгей-Болатты,
Ұлымды –
Жүрегімді…
Жанымды –
Тонатқанымды:
Тура –
Он Алты Жыл Бұрын –
Ташкентің Базарында…

Н о р м у р а д

Не –
Деп,
Кеттің…
Ә-кә?!

Қ о н а қ Б и

Нормурад?!
Айналайын…
«Түгей-Болатты,
Ташкенттің –
«Құл-Базарынан»,
Сатып –
Алмадым!» –
Деп,
Алла –
Атымен,
Ант –
Ете аласың ба?..

Н о р м у р а д

Алла –
Атымен,
Ант –
Етем:
«Құл-Базардан»,
Түгей-Болатты –
Сатып алғаным,
Рас!
(Халық, «Гу» – ете қалады)
Бір –
Қарағаннан,
Жаныма –
Жақындығын ұғынып,
Ұнатып алғаным,
Рас!!
(Халық, «Одан» – бетер…)
Ал,
Бірақ,
Түгей-Болат,
Сенің –
Ұлың екенін,
Мүлдем –
Білмедім…
(Жыламсырап)
«Садағаң» –
Кетейін,
Қонақ Би…
Міне,
Алла –
Атымен,
Ант –
Етейін:
Әлі де,
Білмей…
…Тұрғаным да,
Рас!!!
«Соным» –
Үшін:
«Айғағыңды» –
Айт,
Қонақ Би?!
«Айғағыңды» –
Айт!
Айта –
Алмасаң,
«Айғағыңды»:
«Үйіңе» –
Қайт…

Х а л ы қ
– «Айғағынды» –
Айт!
Айт!
Айт…
Айта –
Алмасаң,
«Үйіңе» –
Қайт…

Н о р м у р а д (Арқаланып).

«Айғағың» –
Бар ма,
Би…
(Халық: «Араның Ұясында» – құжынап…)
«Айғағыңды» –
Айт,
«Айғағыңды»…

Қ о н а қ Б и

Е-е…
«Солай» –
Десең-ші…
Ия!
Бұл –
Сөзіңнің,
«Жаны» –
Бар…
(Күңіреніп)
Айтсам:
Арқасында,
Алақандай –
Қалы бар
Яғни
«Арыстан» –
Жалы бар,
Нормурад…
(Құлаққа ұрған – Танадай-Тыныштық…
Түгей-Болат – шешінеді…)

Н о р м у р а д
(көріп)

Рас,
Қонақ Би,
(Жыламсырап)
Рас…
«Мұның» –
Рас…
(Халыққа)
Түгей-Болат –
Әкесінің Ұлы…
Кел,
Қонақ Би,
Кел…
(Екеуі: «Төс» – қағысттырады…)
Қ о н а қ Б и
(Нормурадқа)

…Түгей-Болат:
Сенің де –
Ұлың,
Менің де –
Ұлым…
«Аллам –
Жар»…
«Аллам –
Жар»…

Х а л ы қ

«Аллам –
Жар»…
«Аллам –
Жар»…
«Аллам –
Жар»…

Қ о н а қ Б и

(Нөкері – қолына ұстатқан,
«Қапшықты» – беріп жатып, Нормурадқа)
Мынау –
«Еркек-Күшің –
Ана-Сүтің,
Нормурад…»…

Х а л ы қ

– Түгей-Болат –
Әкесінің Ұлы…
– Түгей-Болат –
Әкесінің Ұлы…
– Түгей-Болат –
Әкесінің Ұлы…
– Құдайдың –
Сүйген-Құлы,
«Ол»…

(«Наурыз Мейрамы»: Жалғасын – табады…)
БЕСІНШІ КӨРІНІС

Үйдегі – Екеу: Қонақ Би, Қырбас…
Т ү г е й-Б о л а т

(Сырттан – еніп)
Ассалаума-ағалейкум…

Қ о н а қ Б и

Уағалейкум-ассалам,
Балам…
Не –
Болды?!
Қалайсың,
Шырағым?..

Т ү г е й -Б о л а т

Жақсымын,
Шүкір…
Жақсы –
Екенім,
Соншалық:
Жаратушы-Иемнен,
Жатсам-Тұрсам –
Жалбарынып –
Сұрадым:
Деніңіз –
Сау Болсын,
Сақалыңыз –
Қау болсын,
Атағыңыз-Даңқыңыз:
Асқар-Ала-
Тау болсын –
Деп,
«Қазығұрттай»,
Ата…

Қ о н а қ Б и

Неге,
«Ата» –
Дедің,
Мені:
Бұ –
Жолы,
«Әке» –
Демей…
…«Әкелеп»,
Бұрынғыңша –
«Мәпелемей»,
Түгей-Болат?!

Т ү г е й-Б о л а т

…Өзбекше:
«Әке» –
Сұңғат,
Әншейін…
«Ата» –
Қымбат…
«Ата»…

Қ ы р б а с

(«Сөзге» – араласып)
«Ата» –
Деудің,
Несі –
Айып,
Ырғап-Жырғап:
Соған –
Бола,
Бола ма –
Баз кешуге?!
Немене,
Менің –
«Әке» дегенім,
Аз ба,
Сізге:
«Ата» –
Десе,
«Десін»…
«Жинағанша» –
Есін…

Т ү г е й-Б о л а т

…Сізге,
Айтуға –
Келгенім:
Өз –
Көзіммен,
Көргенім:
Уа,
«Оллаһи-Біллаһи»,
Сенбегенім –
Сенгенім…
Қ о н а қ Б и

О –
Не,
Балам…
Үр –
Жаңалық,
Болды-ау –
Деймін,
Шамасы?..

Т ү г е й-Б о л а т

Ес –
Тандырар:
Жаңалықтың –
Жаңалығының Жаңасы:
Отарыма,
Егіз Қозылы,
Бір –
Ақ Саулық,
«Ғайыби» –
Қосылды,
«Бодан»…
Сол-Құлағында –
«Ойық»,
Оң-Құлағында –
«Екі Тілік»,
Ені –
Бар…

Қ о н а қ Б и

«Жаңалығыңның»,
Жөні –
Бардай,
Жөні –
Бар…
…Содан?!

Т ү г е й -Б о л а т
Саулық –
«Ені»:
Бұл –
Төңіректе,
Жоқ –
«Ендей»…
Қ о н а қ Б и

Ас-та-пыр-алла…
Содан?!
Хабар-Ошар –
Болмады ма,
«Пәлендей»?!

Т ү г е й -Б о л а т

Со –
Маңдағы,
Малшылардың,
Түгелінен –
Сұрадым:
Ешбір-Адам –
Білмей шықты,
«Ақ Саулықтың» –
Тұрағын…
(Шарасыз – күйде)
Ешкім –
Іздеп келмеді,
Тым –
Құрыса,
«Біреуі»…

Қ о н а қ Б и

Құдай –
Біледі,
Бұл –
Түс емес,
Өң…

Т ү г е й-Б о л а т

Солай –
Сын-ды…
«Жерден» –
Шықты,
Бәлкім,
«Көктен» –
Түсті ме:
Қалдым –
Қайран,
«Құдіреті –
Күштіге»?!
Бұл,
Не –
«Өзі,
(Шатысып)
Ат-а…
Жо-жо..
Әке!
Білсеңіз,
Түсіндірсеңіз…

Қ о н а қ Б и

Мен –
Білсем,
Бұл –
Ақ Саулық
Бақ-Саулық:
(Қолын – жайып)
Жаратушы-Иенің,
Сендей –
Адал Құлына,
Шапағаты –
Тигені,
Жастайыңнан,
Көрген –
Қорлық-Қиянатыңа,
Тартқан –
Тауқыметіңе,
Тас-Емшегі –
Иігені…
…Хақ-Құдайыңның,
Шын –
Бергені,
Нышан –
«Бәсіресі»,
Ақ Саулық:
Түйең –
«Тоқсан-Тоғыз»,
Жылқың –
«Тоғыз Жүз»,
Сиырың –
«Тоғыз Мың»,
Қой-Ешкің –
Мыңғырған,
«Сан» –
Жетпес…
…Ғұмырың –
Ұзақ,
Өмірің –
Ұжымақ болады екен…
…Аумин!

Қ ы р б а с

…Әке,
Әке?!
Мен,
Онда:
«Ақ Саулықты»,
Барып,
Көріп –
Қайтсам қайтеді,
Өз –
Көзіммен?!

Қ о н а қ Б и

Бар!
Бар,
Жаным…
Барып –
Қайт,
Көріп –
Қайт…
…Айналайын,
Мен –
Сенің,
«Көзіңнен» де,
«Өзіңнен»,
Қызым –
Менің,
Қызанағым –
Қызық-Шыжығым…
(Қырбас, жиналып – шығып кетеді…
Орнынан – тұра берген, Түгей-Болатқа)
Сәл –
Сабыр…
(Ауыр – күрсініп)
Үйір-Үйір –
Жылқым,
Келе-Келе –
Түйем,
Қотан-Қотан –
Қой-Ешкім,
Табын-Табын –
Сиырым:
Тойынып,
Шыққан –
«Бүйірім»…
Ой,
Дүние-ай…
…Бір –
Күн,
«Көзім» –
Жұмылса:
«Осыларға»,
Етер –
Иелік,
Ер-Ұлымның –
Жоқтығы:
«Қиыннан,
Ең –
Қиыным»…
Бірақ,
Шүкір!
Енді,
Менде:
Сен –
Барсың!
Сен –
Барында,
Мен –
Бармын!!!
Соным –
Үшін:
Мен –
Сені,
Нелер –
Байдың Қызына,
Үйлендіріп:
Ұлым –
Етсем,
Деп едім?!
Мәңгі –
Солмас,
Өмірдің:
«Гүлін» –
Ексем,
Деп едім…
«Бұған»,
Қалай –
Қарайсың,
Түгей-Болат?!

Т ү г е й-Б о л а т
Қалай –
Қарайын…
Рас!
…Түйеде –
Мұрындық,
Жылқыда –
Жүген болса ғана:
Түгел –
Болады…
Ал,
Жігітте –
Ар,
Иман,
Ұят,
Намыс болса ғана:
«Түгей» –
Болад…

…«Түгей-Болат –
Әкесінің Ұлы»,
Емес пе,
Абызым…
(Қонақ Биді – үнсіз қалдырып,
шығып кетеді…)
АЛТЫНШЫ КӨРІНІС

Қазығұрт-Таудың – Баурайы…
Түгей-Болат – Қырбас…
Т ү г е й-Б о л а т

(Қыр Басынан –
қол бұлғап,
Төмендегі – Қырбасқа)
Қырбас…
Мен –
Мұндамын,
Мұндамын:
«Мұнда» –
Ақтық-Сындамын…

Қ ы р б а с (әрең-әрең)

Талып –
Жеттім ғой…
Адам –
«Қартайғасын»…

Т ү г е й-Б о л а т

Жөн!
Жөн,
Қырбас:
«Адам –
Қартайғасын,
Қалай –
Жантаймасын?!»,
Кел,
Кел –
Қасыма,
Жантай…
…«Әм-Пай –
Жәм-Пай»,
Болайық?..

Қ ы р б а с

Қой-ш…
«Қайдағыны» –
Айтпай,
Түгей…

Т ү г е й-Б о л а т

Қайдан –
Көрдің,
Қымбаттым,
«Қайдағыны»:
Айтқызбай,
Өзі –
Келген,
«Жайдағыны»?..
Кел,
Кел,
Демал…
Тынысыңды –
Кең ал,
«Таудың Іші –
Жаудың Іші»:
«Қолға» –
Түссең,
Құрисың:
«Оққа» –
Ұшырап…

Қ ы р б а с

Әзілің –
Осы болса,
Бопты,
Шырақ…
Мен,
Аздап –
Тоңаздап…
Т ү г е й-Б о л а т

Онда,
Жылытайын…
(Арқа-Басын – уқалай бастайды…)

Қ ы р б а с

Ой,
Жаным-ай…
Шыбын –
Жаным-ай,
Шырыл!

Т ү г е й-Б о л а т

Кә-не,
Маған –
Қарай,
Бұрыл…
(Қол-Аяғын – уқалап,
Жағымды әрекеттер – жасай бастайды…)

Қ ы р б а с

Ой,
Рахат-ай…
Ия…
Ия…
Буын-Буынымды.
Сәл –
Төмен…
…Суық –
Тиіп қалғаны ма,
Ертемен?..

Т ү г е й-Б о л а т (әндетіп).

«Қол –
Созып,
Жеткендеймін –
Арманыма»…

Қ ы р б а с

Ойбай…
Болды,
Болды…
Кәрі –
Сүйектерімді,
Қираттың!

Т ү г е й-Б о л а т

Кәрің –
Не…

Қ ы р б а с
(Басын – көтеріп).

Кәрі –
Емей,
Не?..
Маған –
«Қырық Екі»!
Саған –
«Жиырма Екі»!
«Қырық Екіден»,
«Жиырма Екіні» –Алғанда,
«Жиырма»!
«Жиырма» –
Деген,
Қиырда –
Сонау…

Т ү г е й-Б о л а т

Қой-ш…
Қырбас?!
Күйіңе –
Алаң,
Күйінем –
Бас қатырған:
Не –
Бар екен,
Тәйірі,
Жаста Тұрған?!
Бас –
Жарасса,
Болғаны:
Жарасады:
Жан да,
Тән де,
Және де –
Басқа-Тұлғаң…

Қ ы р б а с

Бәтір…
Не –
Деп кеттің?!
Ұят-ай…
Екі-Бетім –
Дуылдап барады,
Дуылдап!
Оның –
Үстіне:
Сай-Сүйегімді –
«Буындап»:
Мені,
«Тірідей» –
Өлтіретін болдың ғой,
Бүгін?!

Т ү г е й-Б о л а т

«Өлудің»,
Ерте-Кеші –
Болмайды!
Бұ –
Түріңмен:
Бүгін –
«Өлмесең»,
Ертең –
«Өлесің!!»
«Өлмей» –
Тұрып,
Айтып –
Қал:
«Ақ Саулықты» –
Көрдің бе?

Қ ы р б а с

Көрдім.
Қозыларын –
Құшақтап…
…Ойран-Асыр –
Салдық.
Әбден –
Шаршап-Талдық…

Т ү г е й-Б о л а т

«Өрік Бағын» –
Араладың ба?!

Қ ы р б а с

Араладым!
Ғажап!
Ғажап –
Екен,
«Ұжымақ»!
Өзімді –
Өзім,
Жеп:
«Бұрын»,
Неге –
Араламағанмын деп,
Жан-Жүрегімді –
Жараладым…
…Бұрын-Соңды,
Үйден –
Ұзап шыға алмай,
Не –
Бітіріп жүргенмін?!
Қалай –
Ойнап-Күлгенмін,
«Бұған» –
Дейін,
Босқа –
Өмір сүргенім-ау,
Шамасы…

Т ү г е й-Б о л а т

Өрік –
Теріп,
Жедің бе?..

Қ ы р б а с

Жедім…

Т ү г е й-Б о л а т

«Биссимилла!» –
Дедің бе?!

Қ ы р б а с

Дедім…

Т ү г е й-Б о л а т

Онда,
Сенің –
Атыңды,
«Өрік» –
Қойсам қайтеді?!
«Қырбас» –
Деген,
Біртүрлі…
Қ ы р б а с

Құдай –
Үшін,
Келтірмеші –
Күлкімді?..

Т ү г е й-Б о л а т

Өрігім –
«Өмір-Серігім»,
«Өрікке» –
Жерік…
Десем –
Бір Күн,
Қайтеді?!

Қ ы р б а с

«Өрік» –
Десең,
«Өрік» –
Де!
«Асатпай –
Жатып»,
Құлдық –
Жоқ:
«Өрік –
Жерік» деп,
Желікпе!
Буырқанып-Баптан,
Жоталанып-Қаптан,
Зар –
Күйіңе енгенше,
Бос –
Көкуден,
Сақтан,
Түгейім…
(Үйірдегі, Мама-Биені – «Иектеп-Икемдеген»,
Дөнен-Айғырдың – Оқыран-Дауысы – естіледі…)

Қ ы р б а с – Ө р і к (көріп).
Ойбай,
«Ананы»…

Т ү г е й-Б о л а т

Қоя –
Тұрсаң-шы…
Шамалы?..
Қазір,
Қазір…
Бұ –
Дүние:
«Хәр-Хәл-Лә-Зи» –
Болады…

Қ ы р б а с – Ө р і к

(Бетін – басып)
«Талап» –
Жатыр ғой…

Т ү г е й-Б о л а т

Талап –
Жатырған жоқ,
Жалап –
Жатыр,
Бірін-Бірі –
«Ішіп-Жеп»…

Қ ы р б а с – Ө р і к
Ұят-ай…

Т ү г е й-Б о л а т
Несі –
Ұят,
Өрік?!
Махаббатсыз –
Айырмаң жоқ,
«Өліктен»:
Шын –
Махаббат,
Айырады,
Еріктен!
…Неге,
Дөнен-Айғыр –
Мама-Биеге:
Әлсін-Әлі –
Шабынады…
…Неліктен!
(Күн – күркіреп, Жасын – ойнап,
Жай – түсіп…)

Қ ы р б а с – Ө р і к

Түгей-Болат?!
Тұр,
Жүр:
Тездеп –
Қайталық?!

Т ү г е й-Б о л а т
«Неге»…

Қ ы р б а с — Ө р і к
…«Неліктенін» –
Айталық…
(Нөсер құяды – «шелектеп»)
Тездеп…
…Барып –
Әкеме…

Т ү г е й-Б о л а т

(Өрікті – құшағына алып, өбектеп…)
Кеш.
Өте –
Кеш…
…Тағдырымды,
Өзің –
Шеш…
(«Нөсер, одан сайын – топанданып…)
Нөсер –
Құйды,
Аспан Асты –
Көл-Көсір,
Таусылмады,
Менде –
Сұбхат,
Сенде –
Сыр!
Малшындық-ау…
Әй,
Болар Іс –
Болды ғой:
Құштарлықтың –
Шәйі-Көрпесін,
Кең –
Кесіл…
(Нөсер, одан сайын – күшейіп,
Қыр Асты – телегей-теңізге айналады…)
А с п а н — Д а у ы с

(Қонақ Би – Дауысы)
Қай –
Жақта,
Қайсы –
Жайдасың,
Қызым…

Қ ы р б а с

Қыр –
Басында,
Әке…

А с п а н — Д а у ы с

«Ақ Саулықты»,
Қозыларын –
Көрдің бе,
Қызым…

Қ ы р б а с

Көрдім,
Әке.

А с п а н — Д а у ы с

«Бақтан»,
Өрік –
Тердің бе…

Қ ы р б а с

Тердім…

А с п а н — Д а у ы с

«Тауға»,
Сәлем –
Бердің бе…

Қ ы р б а с

Бердім,
Бердім…

А с п а н — Д а у ы с

Ғажабына –
Ендің бе…
Қ ы р б а с

Ендім,
Әке…
Әке?!

А с п а н — Д а у ы с

Құлағым –
Сенде,
Қырбас…

Қ ы р б а с

Әке?!
Мен,
Бұдан –
Былай,
«Қырбас» –
Емеспін…

А с п а н — Д а у ы с

Енді,
Кімсің?!

Қ ы р б а с

Өрікпін!
Түгей-Болат,
«Өрік» –
Қойды,
Атымды:
Өмірімді –
Өзгертіп…
…Құндап,
Әйел –
Затымды.

А с п а н — Д а у ы с

Дұрыс,
Қызым –
«Өрігім»…

Қ ы р б а с — Ө р і к

Бұдан –
Былай:
Түгей-Болат:
Менің –
Өмір-Серігім…
А с п а н — Д а у ы с

Дұрыс,
Қызым,
Дұрыс!
Дұрыс,
Қызым,
Дұрыс!
Ал,
Мархаббат:
«Ұрыста»,
Не –
Тұрыс…»!!
(Аспан-Дауыс – Махаббат-Дауысқа,
Айналып…)
М а х а б б а т -Д а у ы с
…Түгей-Болат –
Әкесінің Ұлы…
Түгей-Болат –
Әкесінің Ұлы…
Түгей-Болат –
Әкесінің Ұлы…

АЛ,
ДҮНИЕ…

Ж ы р – Ғ а й ы п

(«Түгей-Болат Ғимарат-Кешенінен» –
шығып келе жатып…)

Ардақ –
Тұтқан,
Кемеңгерің,
Көсемін:
Жер –
Бетінде,
Ғимараттар –
Неше-Мың…
…Әлі –
Күнге,
Көрмеппін –
Мен,
О,
Ғажап:
Әкелердің,
Мәңгіленген –
Кешенін!
…Неге –
Десең,
«Құлақ-Кесті,
Құл болмайтын –
Құлқынға»,
Ел –
Ішінен,
Шыққан –
Сын-ды:

Пір –
Бекеттей,
Бір –
Тұлға…
(Экран – «сөйлейді»…)
Екінші Бөлімнің Соңы.

ИРАН ҒАЙЫП
06.05.2023.

Алматы.

Пікір қалдыру