АТАНЫҢ АПАСЫ
Марқұм күйеуі қасына келіп, қолын сермеп әлденені айтады… Бұл дәнеме түсіне алмай қиналады. Есін жиғанда, жоқ оянғанда түс көрді ме, сандырақтады ма айырсашы… Данагүл әбден қартайған шағында туып-өскен Қамыстыкөлге қайта жолы түсті. Жалындаған албырт он сегізінде аттанған. Тоқсанға толып тоқырағанда, қолтығында қос таяғы, төрт аяқтап оралды. Жетпістегі тұңғыш ұлы...