Ұзақ түн әңгімелер

  Бірдеңені өз ықтиярыңмен емес, біреудің әмірімен немесе көңіл үшін істеу – нағыз қорлық. Айша жолға жинала жүріп, осыны ойлаған. Ес біліп, етек жапқалы кәдуілгідей жұмыс бабымен жолға шыққалы отырғаны осы шығар. Демек, бұл – есейіп қалғанының белгісі. Ата-анасының өзіне жауапкершілік артып, ешқашан табаны тиіп көрмеген жерге, бейтаныс адамдар арасына...

ТОЛЫҒЫРАҚ

ЛИМУЗИН

Жалы тікірейіп, шеңберлене иіріліп жатқан айбарлы айдаһар секілді асқар таулар бауырындағы алып қалада ымырт тез үйіріледі. Әйнек қабырғалы зәулім ғимараттың жоғарғы қабатынан түнгі қала тынысына құлақ түре, үн-түнсіз ұзақ тұрдым. Көлік кептелісі саябырлап, кісі аяғы басылғасын, үйге асықпай қайтармын деп ойлағам, көптен қолым батпай жүрген жұмыстарды тиянақтап отырып қалыппын. Жеңіл...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Перзент

Көп кешікпей, қасында екі үлкен кісісі бар, Алмасты жетектеген Сағын көрінді. Нұргүл жоқ. Бәрінің де жүздері салқын. Қастарынан өткеннен кейін ғана Жұмаш пен Нәзікен олардың соңдарынан ерген. Жүктері де көп еместей. Сағын бір қолымен баланы жетектесе, екінші қолында – шағын ғана дорба. Ұзаққа кетіп бара жатпағандай… Перронға шыққан соң, өздерінің...

ТОЛЫҒЫРАҚ

АТАНЫҢ АПАСЫ

  Марқұм күйеуі қасына келіп, қолын сермеп әлденені айтады… Бұл дәнеме түсіне алмай қиналады. Есін жиғанда, жоқ оянғанда түс көрді ме, сандырақтады ма айырсашы… Данагүл әбден қартайған шағында туып-өскен Қамыстыкөлге қайта жолы түсті. Жалындаған албырт он сегізінде аттанған. Тоқсанға толып тоқырағанда, қолтығында қос таяғы, төрт аяқтап оралды. Жетпістегі тұңғыш ұлы...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Рамазан мен Жұлдызай

І Қалалық ауруханаға ауыр жаралы екі адам келіп түсті. Жол апатына ұшыраған қыз бен жігіт екен. Жап-жас. Әрі кетсе жиырма бестер шамасында. Тау бөктерінен төмен құлдилап келе жатып, рульдегі жігіт байғұс қапелімде көлік тізгініне ие бола алмай қалған секілді. Күмістей жарқыраған ақ сұр «Мерседес» заулаған күйі жол жиегіндегі қауқары шамалы...

ТОЛЫҒЫРАҚ

ТӨРТТАҒАН

Туған жерге деген сағыныш, балалық шақты аңсау жасың ұлғайған сайын еселене түсетін бір табиғи заңдылық сияқты. Әлі күнге дейін ауылдастармен кездесіп, әңгімелесе қалсақ, еліне құтты мекен болған, бүгінгі күні Бұқтырма теңізінің астында қалған шағын ауылымыз Аюлының «құлағын бір шулатпай» қоймаймыз. Мынау төрттағандағы ата-анам, өскен ортам туралы әңгімелердің де басын біріктіріп,...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Төңірекшың

  Барлаушылар қонған жер Үстірттің Арқа бетіндегі Төңірекшың аталатын мидай ала дөң еді. Қаз-қатар қиындастырып құрып, төбесін шипырлаған қып-қызыл қарағай үйлер алыстан көз тартқанмен, қар басқан жертөлелер жанына жеткенше байқалмайды. Айдалада оқшау отырған шағын ауылды байтақ елмен байланыстыратын жалғыз жол аппақ қардың бетін таспадай тіліп жатқан қос сызық. Разведкі жұрты...

ТОЛЫҒЫРАҚ

ЖОЛАЙЫРЫҚ

Көш түн ортасы ауа асыға жиналып, суыт жүріп кетті. Бір-екі күннен бері сырт көзге аңғартпай, іштей әзірлік жасаған шағын ауылдың адамдары канша жерден мұқият дайындалдық дегенімен, жып-жинақы жөнеле берудің реті келмеген. Бір жерде бала жылап, бір тұста әйелдер сыңсып, жүк артқан түйелер бақырып, жаздың түнгі тынық аспанын азан- қазан қылып...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мір ШАЙЫР. ОЙ ОҒЫ

  …если человеческие мысли обладали бы способностью ранить, убивать… Александр Куприн. Орта бизнестегі Мүліктің үстінен ішкі істер департаментіне кімнен екені белгісіз арыз түсті. Тор көз дәптер бетіндегі жазбада оның «Мәре-сәре» азық-түлік дүкенінде, «Бауырсақ» кафетериінде келеңсіздіктер орын алған деп жалпылама кінә тағылыпты. Көп күттірмей жеткен учаскелік полицияның сыриған сержанты қатар тұрған...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлібек Асқаров. ОДАҒАЙ ОҚИҒА

Родина лучше видится на расстоянии, из далека. И.С.Тургенев   – Мынау ескі суретті қайдан алып жүрсің? – деді менің ел жақта түскен бір топ фотосуреттерімді ақтарып отырған Байғали. «Ағамыз нені айтып отыр» деп мен оның қасына жақындап, иығынан аса үңілдім. – Е, мынау ма? Былтырғы фото ғой… Былтыр жазда ауылға...

ТОЛЫҒЫРАҚ