Жанар Әбдішова. ӨМІРДІҢ МӘНІ…
Бекбол түнде қайтыс болды. Денесі қаланың шетіндегі кішкентай көлден табылды. Төбесі көкпеңбек болып көлбеңдеп, біресе батып, біресе жылт етіп көрініп қалып жатқан машинаны ертесінде, сағат ондарда судан кранмен көтеріп шығарыпты. Бекболдың көк жейденің сыртынан киген сұр костюмінің еш жері жыртылмаған, құжаттары, қомақты ақшасы – бәрі ішкі қалтасында, салған жерінде екен....