Сатыбалды ДАУМОВ. ТҰҢҒЫШ МЕКТЕП ТУРАЛЫ СӨЗ
Құт-қоныс елге аямай барын берген, Қараймын осы ма деп Нарын деген. Сап-сары алтын артқан сан мың нарға, Сияқты ол ұбақ-шұбақ қалың керуен. Жалаңаш құмдарының ұзын легі – Бейне бір қарияның қызыл иегі. Мың қыртыс қатпар-қатпар бұйра адырлар Әжімдей жер-ананың жүзіндегі. Еске алсам өскен күндер дүрбелеңін, Нарынды құр үйілген құм демедім....