Жетісу – бірлік мекені

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1995 жылы 1 наурызда құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің көп этносты халқының мүддесін қорғайтын бірегей институт ретінде қалыптасты. Алматы облысында алғаш құрылған этномәдени бірлестіктер 30 жылдан астам уақыттан бері Ассамблеяның құрылымдық бөлімдері ретінде жемісті еңбек етіп келеді.
Жетісу жерінде 2 миллионнан астам халық, 100-ден астам этнос өкілдері тату-түсіністікте ғұмыр кешуде. Бүгінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жүзден астам республикаға танымал қоғам қайраткерлерін, тек этностардың ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық пікір көшбасшыларының басын біріктіріп отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына Алматы облысынан 33 адам мүшелікке сайланған. Облыстық ҚХА құрамында 102 адам бар.
Олардың арасында: 2 академик – география ғылымдарының докторы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры Қ.М.Баймырзаев, Абай атындағы ҚазПУ профессоры, педагогика және акмеология ғылымдардың докторы Г.Т.Хайруллин, 2 ғылым кандидаты: «Алматы облыстық корей этномәдени бірлестігінің» төрағасы В.Л.Ли, облыстық әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы А.А.Османсынды танымал тұлғалардың болғаны қуантады.
С.Гаитова — «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Ш.Асиев — облыстық «Ахысқа» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы, Л.Хочиева — облыстық «Балкария» балкар этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы, А.Осман сынды адамдар — Алматы облысының Құрметті азаматтары.
Облыстық мәслихаттың құрамында Ассамблеядан 4 депутат — У.Касанов, Қ.Баймырзаев, Д.Дигай, З.Кузиев; аудандық және қалалық мәслихат депутаттары арасында облыстық Ассамблеяның 7 мүшесі бар, олар: К.Нестеров (Текелі қаласы), К.Власенко (Алакөл ауданы), Н.Надыров (Еңбекшіқазақ ауданы), Р.Абилова, С.Чатуев (Іле ауданы), Ш.Гусенов, А.Бузыкин (Көксу ауданы).

 

Ассамблея мүшелері арасында мемлекеттік марапат иегерлерлері: ІІ дәрежелі «Достық» орденімен — А.Осман, В.Молодцов; «Парасат» орденімен — А. Бузыкин, О.Жақиянов, «Құрмет» орденімен — В. Ли, Ш.Асиев, З.Кузиев, Р.Валишанов, И.Камилов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен — Ш.Асиев, А.Бузыкин марапатталған.
Облыстық Ассамблеяның 60-тан астам мүшесі «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалінің иегері.
Бұл жетістіктер облыстық Ассамблеяның сапалық көрсеткішін аңғартады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған, бүгінде этностардың достық бесігіне айналған Талдықорғандағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі республика жұртшылығына танымал.
Облыстық Ассамблея инфрақұрылымы жыл сайын дамып, нығая түсуде. Бұл азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік жүйесінің терең интеграциялануына мүмкіндік береді.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында республикамыздың азаматтары мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауының бағыттарын, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру жолындағы бағалы бастамалары Жетісу жерінде жүйелі жүзеге асырылуда.
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жергілікті мәселелерді ескере отырып, әзірленген. Бұл құжатта мемлекеттік этносаясаттың аймақтық деңгейдегі қалыптасуы мен оны жүзеге асырудың негізгі бағыттары анықталды.
Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірибесінен этносқа жіктелмейтін, жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа тәсілдерді байқау қиын емес. Жекелей айтқанда, этностарды жалпымемлекеттік тапсырмаларды шешуге тартуға арналған арнайы шаралар жоспары қабылданып, жүзеге асырылуда.
Жыл сайын облыста 600 мыңнан астам адамды қамтитын 300-ге жуық шаралар жүзеге асырылуда.
Облыстық Ассамблеяның қызметі өңірді мекен еткен барлық этностарды азаматтық және рухани-мәдени тұтастық ретінде топтастырып, отаншылдық идеологиясын, қазақстандық бірлік пен жарасымдықты қалыптастыруға бағытталған.



Ұлттық ерекшелігімізді, әрбір этностың тілін, дәстүрін сақтай отырып, өзара түсіністік, адамгершілік пен ізгілік негізінде шынайы бірлікке келу – бүгінгі күннің басты талабы екені анық.
Түрлі мәдениет пен салт-дәстүрлер мемлекет құраушы ұлт — Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті төңірегінде топтаса тоғысып, өркендеуіне берік негіз қаланды.
Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» және республикалық «Коре-Ильбо», «Ахыска», «Ұйғыр авази» газеттерінде облыстық Ассамблея жұмысы мен мемлекеттің ұлттық саясатын түсіндіруге арналған мақалалар ұдайы жарияланып тұрады. Ассамблеямен бірлесіп, облыстық «Жетісу» телеарнасында этностардың мәдениетіне, халықтың бірлігі мен этносаралық толеранттылыққа негізделген «Единый народ» хабары айына 2 рет орыс тілінде беріледі.
2005 жылдан бері достықтың шежіресіне айналған Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараттық бюллетені жыл сайын шығып тұрады.
Осы уақытқа дейін облыстық Ассамблея мен Достық үйінің қызметін, этникалық топтардың мәдениеті мен дәстүрлерін жаңғырту, дамыту, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі бағыттары бойынша атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсететін бюллетеннің 16 саны жарыққа шықты.
Облыстық С.Сейфуллин атындағы кітапханада Ассамблеяның этносаралық тақырыптағы ресми депозитарийі құрылған.
Президент Жолдауын, Қазақстанның Ел бірлігі Доктринасының негізгі қағидаттарын түсіндіру үшін облыста Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестік белсенділері тарапынан ақпараттық топтар халық арасында жұмыс жүргізуде.

Алматы облысының этномәдени бірлестіктері тарихи отандарынан инновациялық-өнеркәсіптік және білім технологияларын тартып, бірнеше әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды. Мәселен, Қаратал ауданындағы Бастөбе жотасында 2012 жылы «Қазақ халқына мың алғыс» монументі салынған болатын, 2019 жылы республикалық Қазақстандағы корейлер Ассоциациясының үйлестіруімен екі ескерткіш тас Оңтүстік Кореяның қоғамымен орнатылған, 2021-2022 жылдары «Достық» этнокешені салынады. Тағы бір мысал, Оңтүстік Кореяның «Хёнде» клиникасы мен Талдықорған қалалық көпсалалы аурухана өзара ынтымақтастықта жұмыс жүргізу жөнінде меморандумға қол қойып, облыс тұрғындары тегін тексеріліп, дәрігерлерге шеберлік сабақтары өткізіліп, Оңтүстік Кореяда дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін тегін оқытылуда. Талдықорғандағы немістердің «Видергебурт» қоғамы Жаһандық Экологиялық Қордың қатысуымен аймақта экологиялық туризмді дамытуда. Түріктің «Ахыска» этномәдени орталығының ағартушылық жобалары жүзеге асырылуда. Талғар ауданында 480 орындық, толық пансионды қазақ-түрік лицейі салынған болатын. Онда 17 этностың балалары білім алады.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселесі ел азаматтарын біріктіруші аса маңызды фактор екендігін жақсы түсінген этномәдени орталықтар басшылары мен олардың белсенділері әсіресе, жастардың қазақ тілін оқып үйренуіне баса көңіл бөледі.
Облыс аумағында қазақ тілінің қолдану аясы жыл сайын одан әрі дамып келеді. Бұрын мемлекеттік тілде сөйлейтін бірді-екілі өзге этнос өкілін көрсек тамсана қарап, таңырқағанымыз жасырын емес. Қазіргі таңда оқу орындары мен мекемелерде осындай жастардың қатары жыл сайын артып келеді.


Этномәдени бірлестіктердің әдістемелік-тәжірибелік орталығы болып табылатын Достық Үйінде арнайы жасақталған бір ғана тіл кабинеті арқылы 13 жылға жуық мерзімде 200-ден аса азаматтар, әр этнос өкілдері қазақ тілін және өз ана тілдерін оқып үйренді. Этномәдени орталықтар өкілдері «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Тілдарын», «Мың бала» байқауларына және дәстүрлі Абай, Ілияс, Мұқағали оқуларына белсене атсалысады. Себебі, ортақ тілде сөйлеген азаматтар ортақ шешімді оңай табатыны адамзат қоғамының қалыптасқан тәжірибесі. Достықтың алтын бесігіне айналған Жетісу жерінде ұстанымы мен сенімі жылдар бойы нығайа түскен 68 этномәдени бірлестік, әр этнос өкілдерінің бейбіт, қатар өмір сүруінің оңды тәжірибесін жинақтады. Олардың 25-і – облыстық этномәдени бірлестіктер, 7 – қалалық, 36 – аудандық. Ағымдағы жылы 70 оfflinе, 17 online іс-шаралар өткізді. Оның ішінде облыстық – 40 оffline, 6 online; аудандық – 23 оfflinе, 10 online және қалалық деңгейде – 7 оfflinе, 1 online жиындар өткені жақсы көрсеткіш деп есептейміз.
Аудандық, қалалық әкімдіктер жанындағы қоғамдық келісім кеңестері жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысын қамтамасыз ету үшін тұрақты жұмыс істейді. Бүгінгі таңда облыс бойынша 312 кеңес ауылдық округтерді қамтып, пікірлесу алаңы тұрғысында қызмет етуде. Облыстық Қоғамдық келісім кеңесі барлық 20 аудан мен қалада қоғамдық ұйымдар өкілдерін біріктіріп отыр. Биылғы жылы 3139 адамды қамтыған 134 іс-шара өткізілді. Тұрғындардың 500-ден астам өзекті мәселелері қаралып, оң шешімін тапты (аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және жетімдерге көмек көрсету, түрлі тұрмыстық мәселелерді шешуге ықпал ету).
«Қоғамдық келісім» КММ базасында медиация орталығы жұмыс жасайды, 20 аудан, қалаларда кабинеттері ашылған. Алматы облысында қоғамдық медиаторлар саны — 308, кәсіби медиаторлар — 12. Ағымдағы жылы 96 даулы мәселе (тұрмыстық, отбасылық) қаралып, өз шешімін тапты, 84 іс-шара өткізілді.


ҚХА қызметін ақпараттық қолдау, журналистік этика қағидаларын сақтау, дамыту және жүзеге асыру, этносаралық және конфессияаралық тақырыптарды қамту мәселелері бойынша журналистік қауымдастықта жауапкершілікті қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтар мен ұлттық мұраттарды қоғамдық санада насихаттайтын және шоғырландыратын позитивті ақпараттық өнімдерді (телебағдарламалар, шоулар, фильмдер, жарияланымдар, бейнематериалдар және т.б.) шығаруға ықпал ету мақсатында Этносаралық мәселелер бойынша жетекші журналистер мен сарапшылар клубы жұмыс істейді. Қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистика саласы бойынша «Шаңырақ» облыстық шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға барлығы 21 журналист қатысты. Бұл – республикалық, облыстық телеарналардың, сондай-ақ облыстық, аудандық газеттердің журналистері. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені облыстық «Огни Алатау» газеті бас редакторының орынбасары Забира Сайдильдина иеленді. Бірінші орын облыстық «Жетісу» телеарнасының «Единый народ» бағдарламасының тележүргізушісі, журналист Надежда Беловаға бұйырды. Қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, үздік жұмыстар екінші республикалық кезеңіне қатысуға жіберілді.
Этносаралық қарым-қатынасты талқылау, шешу жөніндегі істермен Ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшы тобы айналысады. Топ мүшелерінің ресурстарын және интеллектуалды мүмкіндіктерін, зерттеу базасын, жоғары оқу орындары мен әлеуметтік зерттеулер орталықтары ғалымдарының әлеуетін қазақстандық қоғамның тұтастығы мен жалпыұлттық келісімді нығайту бойынша ұжымдық тиімді шараларды жұмылдыру мақсатында құрылған болатын. Құрамында 19 мүше, оның ішінде – 1 доктор, 8 — ғылым кандидаты, 10-магистр бар. Жыл басынан 26 іс – шара өткізіліп, 6 әдістемелік құрал, 6 зерттеу, 5 ғылыми мақала, 3 баспалар жарық көрді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ғылыми жобалар байқауында «Бір ел – бір тағдыр: Алматы облысы этностарының қалыптасу және даму тарихы» атты зерттеу республика бойынша үздік ғылыми жұмыс болып танылған болатын.


2013 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жанынан Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы құрылған, құрамында 2 кандидат, 7 магистр жұмыс істейді. Кафедра тұрақты түрде қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асыруы жөнінде ғылыми зерттеулер, этносаралық жағдайға мониторинг жүргізеді және көптеген тапсырмаларды жүзеге асырады. Жыл басынан 3 іс-шара іске асырылып, 3 зерттеу жарияланды.
2013 жылдан бастап отбасында және қоғамда толерантты тәрбие беру жөніндегі Аналар кеңестері жұмыс істейді, ҚХА жанындағы консультативтік-кеңесші орган, балаларды патриоттық тәрбиелеу мәселелерінде этникалық дәстүрлерді насихаттау, «қиын жасөспірімдерге», сондай-ақ жағдайлары қиын жасөспірімдерге және нашар, толық емес отбасыларына көмек көрсету, әлеуметтік бағдарламалар және акцияларды іске асыруда көмек көрсетуге бағытталған. Облыста «Рухтың күші – әкеде», «Ана – бітімгер», «Ақ отауға – ақ бата», «Әйел әлемі», «Қыз тәрбиесі – адамзат тәрбиесі», «Ана денсаулығы – ұлт денсаулығы», «Жас отбасы мектебі», «Әйел және бизнес», «Мәңгілік Ел бесігі – ананың жүрегінде» жобалары жүзеге асырылуда. «Ата-ана мектебі» және «Қызғалдақ», «Қыз Жібек», «Шаңырақ», «Абайтану» қыздар үйірмелері жұмыстарын жалғастыруда. Ағымдағы жылы 300-ден астам шара ұйымдастырылып, 5700 адам қамтылды.
«Бірлік» жастар қауымдастығы негізінде (этномәдени бірлестіктердің жастар қанатының белсенділерін біріктіретін Алматы облысының «Бірлік» жастар қауымдастығы 2002 жылы құрылған және Қазақстан жастары конгресінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады) «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы 2016 жылы құрылған. Жастардың интеллектуалды, рухани дамуына бағытталған әр түрлі этностар жастарының бастамаларын қолдау, жастардың азаматтық санасын, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау — негізгі қызметі. 580 адамды қамтитын 30 іс-шара өткізіп, аз қамтылған отбасылардан шыққан 199 адамға, мүгедектерге, жалғыз тұратын қарттарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне 1 083 000 теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.
Ассамблея жұмысының бір бағыты – қайырымдылық шараларды үйлестіріп, оларға басшылық жасау. Мұндай шараларға мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық институттар, жекелеген азаматтар белсене атсалысады. «Шын жүректен», «Қайырымдылық керуені», «30 ізгі іс», «Мектепке жол», «Ардагерлерді ардақтайық» сияқты акциялар әлеуметтік көмекке зәру жандарға қол ұшын созып қана қоймай, түрлі шиеленістің алдын алуға да жағымды әсер етеді.


2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық акциясы аясында өткізілген «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық марафоны аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімшелері аудандық және қалалық ішкі саясат басқармаларымен бірлесіп жыл басынан 32 194 адамға 122 012 500 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті (11 268 аз қамтылған отбасы, 1026 ардагер, 1164 мүгедек және 14614 басқа да жеке тұлғалар бар). Оның ішінде облыстық және аудандық этномәдени орталықтар үлкен үлес қосып келеді, 53 085 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Пандемия кезінде ғана емес, қазіргі уақытқа дейін үздіксіз үлкен қайырымдылық көмекті «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі» ҚБ Алматы облыстық филиалының төрағасы Ш.Асиев, «Қазақстан ұйғырларының мәдени орталығы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы З.Кузиев, «Элефтерия» гректер қоғамының басшысы Н.Тифанциди, облыстық «Сафар» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы К.Солихов, Талдықорған «Видергебурт» немістер қоғамының басшысы В.Молодцов, Талдықорған өңірінің «Нахичевань» әзірбайджан этномәдени бірлестігінің төрағасы Ф.Магеррамов және басқа да көптеген этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері қайырымдылық көмек көрсетуде.
Облыс бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық көмек көрсету аясында облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктер, Аналар және Қоғамдық келісім кеңестері, аудандық және қалалық деңгейдегі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 10 093 оқушыға 102 894 761 теңгеге көмек көрсетілді.


Біздің жас республикамыз ширек ғасырдан астам уақытты артқа тастады. Бірақ, тарих тұрғысынан алып қарағанда, бұл аз ғана уақытта біз – экономикада, саясатта, мәдениетте және басқа да өмірлік маңызды бағыттар бойынша көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Жас зайырлы мемлекеттің стратегиялық басымдықтарында этносаралық келісім мен өзара түсіністікті сақтау мен нығайтудан бір сәт те алыстамау, барлық этностардың достығы мен бірлігін сақтау айырықша орын ала білді. Қазақ халқының тілін меңгеру, оның салтына, әдет-ғұрпына ден қою, құрмет көрсетуді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері өз борышы деп есептейді.
«Наурыз», «Алғыс айту күні», «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі», «Тәуелсіздік күні», «Конституция күні» және т.б. мемлекеттік мерекелермен қатар, этникалық топтардың үздік салт-дәстүрлерін, ғұрыптарын қайта жандандыру және насихаттау шеңберінде «Тәуелсіз елдің тарихы: қазақтың игі дәстүрлері», «Сабантой», «Панагия», «Овальтано» атты фестивальдер мен форумдар жыл көлемінде өз кезеңімен өткізілуде.
Қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға, халық арасында Қазақстан этностары тарихының, дәстүрлерінің, халық кәсіпшілігінің, тілі мен мәдениетінің ерекшеліктерін таныстыру және танымал ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шаралар:
1 наурыз — Алғыс айту күні Қаратал ауданында «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында митинг ұйымдастырылып, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. «Үлкен Ел – Үлкен отбасы» жобасы аясында Талдықорған қаласы Оқушылар сарайында «Біз алғысқа бөленген елде тұрамыз!» облыстық форумы өтті.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Алматы облыстық өзбек этномәдени бірлестігі «Аяулы асыл жандар» атты облыстық форум өткізді. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, Алматы қаласы мен Алматы облысының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты. Форумға қатысқан әйел-аналарға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Карантиндік талаптарды сақтай отырып, іс-шараға барлығы 26 адам қатысты.
Облыстық «Элефтерия» гректер қоғамы «Қазақ ақыны және жазушысы М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бейне челленджді, сондай-ақ грек тілі күніне арналған бейнечеллендж ұйымдастырып, «Біз — қазақстандықтармыз!» онлайн форматта 14 мың 400 адам қамтылған конкурс өткізді.
«Жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру» жобасын іске асыру шеңберінде Алматы облыстық орыс орталығы мен «Алматы облыстық славян қозғалысы» ҚБ «Халықтық дәстүрлер: қысты шығарып салу» форумын ұйымдастырып, онда «Широкий пир», «Силушка богатырская», «Лучшее чучело Масленицы» тағы бірнеше номинациялары бойынша онлайн конкурс, Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған Сарқан, Қаратал, Іле аудандары, Текелі мен Қапшағай қалаларынан 50-ден астам адам қатысқан «Радуга Жетісу» облыстық фестивалін, «Туған жерім-Қазақстан!», ақын Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жамбыл Жабаев пен Тарас Шевченко – халықтар мен мәдениеттер достастығындағы екі әлем» байқауын өткізді.


«Қазақ мәдениеті, салт-дәстүрі орталығының» белсенділері мен жастары «Нұрлы Наурыз» форумы аясында дәстүрлі «Наурыз көже» әзірлеп, қазақ халқының ұлттық тағамдарымен таныстырып және қазақтың «Тұсау кесер» салт-дәстүрлерінің бірін көрсетіп, «Қазақтану» бағдарламасы аясында «Менің Қазақстаным» форумын, Талдықорған гарнизонының әскери бөлімдері арасында «Отан қорғау – Ұлы парыз» форумы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным Қазақстан!» онлайн байқауын өткізді.
«Туган тель» облыстық татар мәдени орталығы «Бірлігіміз жарасқан» облыстық форумын өткізді.
Алакөл ауданы Лепсі ауылында «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» байқауынөткізді. Ұйымдастырушы Алакөл ауданының «Лайсан» татар мәдениеті орталығы. Мұнда 9 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, 11 қатысушы ынталандыру алды.
«Видергебурт» Талдықорған немістері қоғамы балаларды қорғау күніне орай 50 адамды қамтыған «Muttеrtag und Vatertag» мерекелік іс-шарасын өткізді.
4 маусым – әлеуметтік желілерде «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының және этномәдени орталықтардың жастарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған бейнеролик әлеуметтік желілерге таратылды.
28-30 маусымда «Рухани жаңғыру» аясында облыстық болгар орталығы қала мен аудандардың орта мектептерінің 1-ден 11 – сыныпқа дейін 160 оқушыларға жасөспірімдерге арналған «DosCamp.kz: достық көпірі» 3 күндік онлайн лагерін ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың 20-шы мамырынан 1 шілдесіне дейін «Күміс тамыр» облыстық қытай этномәдени орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Астана күніне арналған «Нұр-Сұлтан – келісім мен бейбітшілік астанасы» атты 7 жастан 16 жасқа дейінгі 30-дан астам түрлі этнос өкілдерінің балалары мен жасөспірімдері қатысқан онлайн конкурсын өткізді.


«Сафар» облыстық тәжік этномәдени бірлестігі этносаралық келісімді, тең құқылық пен бірлікті сақтау, Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай облыстық «Ата заңым – тірлігімнің тірегі» атты форум өткізді.
Қарттар күніне орай «Авив» еврей мәдени қайырымдылық орталығы «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты облыстық форум өткізді. Этномәдени бірлестіктерден келген 28 ақсақалдың әрқайсысына жүннен тоқылған киім сыйға тартылып, содан кейін «Уют» кафесінде концерттік бағдарламасы бар мерекелік дастарған ұйымдастырылды.
Тарихтың қайғылы беттерін, Қазақстанға жер аударылған халықтардың құрбандарын еске алу мақсатында «Полония» Талдықорған аймақтық поляк мәдени-ағарту қоғамы «Өткенге тағзым…» поляктардың Қазақстанға жер аударылуының 85 жылдығына арналған облыстық форум өткізді.
Көксу ауданында «Нахичевань» әзербайжан ұлттық-мәдени орталығының ұйымдастыруымен жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен тәрбиелеу, Қазақстан халқының рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын құрметтеу мақсатында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» облыстық форумын өткізу жоспарлануда.
Облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі, патриотизм идеяларын, өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Қазақстан этностары арасындағы достық пен сенімді нығайту мақсатында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» фестивалін өткізді.
«Алматы облыстық татар және башқұрт мәдениеті қоғамы» өз еліне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, басқа халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеу, Қазақстанда тұратын этностар арасында бейбітшілік, достық, өзара түсіністік идеяларын насихаттау мақсатында Алматы қаласында медициналық колледж базасында «Менің жүрегім – Қазақстан!» облыстық форумын өткізді.


Қаратал ауданында облыстық корей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан – бейбітшілік, өркендеу мен табыс елі» облыстық форумы Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген патриоттық, мақтаныш және құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Облыстық Қоғамдық келісім кеңесі «Тәуелсіздігім – тірегім!» онлайн конференциясын өткізді. Шараға «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, аудан, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшылары мен қызметкерлері, барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.
ІІІ тоқсанда «Қоғамдық келісім – ел бірлігінің негізі» тақырыбында Талдықорған қаласында, Панфилов, Жамбыл аудандарында көшпелі Кеңес отырыстары өтті. Жиын Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауын, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» XXVII сессиясының шешімдерін жүзеге асыру, Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін көтеру, олардың жұмысын әрі қарай дамытуға арналды. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, жиынға көршілес, жақын аудандардың Қоғамдық келісім кеңесі төрағалары, мүшелері, жалпы саны 120-ға жуық адам қамтылды.
24 қараша күні Талдықорған қаласы, Достық үйінде Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін ұйымдастыру бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибені облыс аумағындағы мекендерге тарату, насихаттау мақсатында «Ауылым алтын қазынам» облыстық форумы өтіп, күн тәртібінде Қоғамдық келісім кеңестерінің жергілікті тұрғындар арасында туындайтын мәселелерді реттеу жөніндегі жұмысын талдау және бағалау болды. Форум барысында кеңестердің атқарған жұмыстары туралы фотоальбомдар мен брошюралар, қайырымдылық шаралар, Медиацияны дамыту бойынша жұмыстар, сондай-ақ ауданның, ауылдық округтердің төлқұжаттары мен этнокартасын көрсету мақсатында көрме ұйымдастырылды. Қорытындысында Бас жүлде – Іле аудандық Қоғамдық келісім кеңесіне бұйырды, бірінші орынды Ақсу және Алакөл аудандық қоғамдық келісім кеңесі бөлісіп, жеңімпаздар марапатталды.
Конституция күні қарсаңында «Коституция – келешек кепілі» атты дөңгелек үстелдер, кітапханаларда «Конституция – Қазақстанның өркені мен өрлеуінің негізі» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Бұндай шаралар аудан, қалаларда, барлық ауылдық округтерде көрініс тапты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына байланысты республикалық «Ақ oрамал» акциясына 24-29 тамыз аралығында барлық деңгейдегі Аналар кеңесі бірауыздан атсалысты.


Тамыз айында каратиндік талаптарды сақтай отырып, «Ақ отауға — ақ бата» облыстық форумы, Кеген ауданында жастар ресурстық орталығымен бірлесе «Тәуелсіздігім — тірегім» дөңгелек үстелі, Райымбек ауданында «Алтын қазына» ансамблінің әжелері баланы бесікке бөлеу дәстүрін ұйымдастырды.
Қазақстандық отбасы күніне орай облыс орталығында «Берекелі шаңырақ» жас отбасылар байқауы ұйымдастырылып, Кеген, Райымбек, Жамбыл аудандарында тыл, еңбек ардагерлері, алтын алқа иегерлеріне құрмет көрсетіліп, «Отбасы – ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі» тақырыбында дөңгелек үстел, отбасылық спорттық жарыстар өтті.
12 қараша күні Талдықорған қаласы, Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Аналар кеңесінің «Берік отбасы – берік мемлекет» облыстық форумы және «Үздік ауылдық округтік Аналар кеңесі» байқауы ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша үздік деп танылған ауылдық округтің Аналары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
14.02.2021 жылы Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Ұйғыр аудандарының медиаторлары, Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің төрағалары қатысуымен «Этносаралық тұрақтылықты нығайтуда «Қоғамдық келісім» КММ-нің рөлі» атты көшпелі семинарда медиацияны дамыту жолдары қарастырылды.
«Медиацияның тиімділігі — даулар мен мәселелерді шешудегі дербес орган» (Кербұлақ ауданы) Аналар кеңесі мүшелері арасында кәсіби медиатор Б.Чингаева семинар-тренинг өткізді. Дауларды сотқа жеткізбей медиация тәртібімен шешу туралы мәселелер талқыланды және орын алған ситуациялық жағдайдан қалай шығу туралы практикалық жұмыстар жүргізілді. Қатысушылар өз білімдерімен бөлісіп, теория және практика жүзінде пікір алмасып, диалог түрінде тәжірбие алмасулар жүргізді. 20 қатысушыға сертификат табысталды.
«Мектеп-медиациясы» атты ZOOM платформасы арқылы онлайн семинар-тренинг өтті. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің доценті, Заң ғылымдарының кандидаты, профессор, тренер-медиатор – Б.Чингаева мектептегі жанжалға жол бермеу, оларды реттеу жолдары туралы баяндама жасап, мектеп медиациясын дамыту жолдары туралы көптеген мағлұматтар берді, қалалық мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, БАҚ өкілдері, барлығы 100 адам қатысты.
Алматы облысының әрбір ауданында осы аудандардың медиаторлары мен заңгерлердің қатысуымен Ашық есік күндері өткізілді. Сондай-ақ, әр ауданда медиаторлардың отырыстары өткізілді.


Ағымдағы жылдың 9 шілдесі күні онлайн форматта «Тұрмыстық және отбасылық қатынастар саласындағы медиация» тақырыбында конференция өтті. Облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға Талдықорған қаласының көп балалы және аз қамтылған отбасыларына арналған «Жанұя» әлеуметтік орталығының қызметкерлері, облыстық аудан, қала ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандары қатысты.
«Отбасы қатынастарында туындайтын дауларда медиацияның тиімділігі» тақырыбында ҚХА мүшесі, республикалық медиация кеңесінің мүшесі, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-нің медиация институтын дамыту бойынша үйлестіруші Д.Кенжеқұлова негізгі баяндама жасады. Конференция барысында тұрмыстық-отбасылық зорлық-зомбылыққа түскен балалар мен аналарға көрсетілген әлеуметтік, психологиялық көмектер, зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары жайлы айтылды.
5 тамыз күні, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен медиацияны бітімгершіліктің озық үлгісі ретінде өңірдегі қоғамдық медиаторлар жұмыстарын жандандыру, татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру және медиаторлардың жұмысындағы шешімін таппаған өзекті мәселелерді саралап, тың ұсыныстарды талқылау мақсатында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданғанына 10 жыл толуына орай «Медиация бітімгершіліктің озық үлгісі» облыстық онлайн конференция өтті. Шараға облыстық Аналар кеңесінің төрағасы, аудан, қала ішкі саясат бөлімдерінің жауапты мамандары, Аналар кеңесі мен Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, БАҚ өкілдері барлығы 50 адам қатысты. Сонымен қатар, «Бірыңғай республикалық медиация күніне» орай барлық аудан, қалаларда Ашық есік күндері өткізілді.
28 қыркүйек күні Панфилов ауданында, 15 қараша күні Жамбыл ауданында «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ басшысы, жатықтырушы-медиатор, Жақупов Жанділдә Әжғалиұлы «Медиация – этносаралық тұрақтылықты нығайту тәсілі» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Этносаяси сауаттылықты арт¬тыру, ұлтаралық қатынас¬тардың ерекшеліктері мен қақ¬тығыстар туындаған жағдайда дұрыс ақ¬парат беру, «Ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қаты¬настар», «Этникалық топ¬тардың өзара қарым-қатына¬сының әлеуметтік-психоло¬гия¬лық ерекшеліктері» секілді тақы¬рыпта құнды мағлұмат берді. Белсенді қатысқан 60 адамға сертификат табысталды.
17 қарашада Талдықорған қаласындағы Достық үйінде дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша қызмет көрсететін кәсіпқой емес медиаторларды анықтау және ынталандыру мақсатында «Үздік медиатор» облыстық байқауы өткізіліп, қорытындысы бойынша бірінші орынды Сарқан ауданының Қоғамдық медиаторы Гүлшарбан Қалиева алса, екінші орынды Текелі қаласының қоғамдық медиаторы Ернар Мұсанов иеленді.
Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында этносаралық ахуал бойынша бірыңғай әлеуметтік мониторинг жүргізіледі.
Жыл басынан бері 2021 жылдың I, II және III тоқсандарында «Tabiya – consult» ЖШС өкілдері облыстың 17 аудан мен 3 қаласы – Қапшағай, Текелі қаласы және әкімшілік орталығы болып табылатын Талдықорған қаласында этносаралық қатынастар мәселелері бойынша сауалнама жүргізді. Жылдық іріктеу 4000 респондент құрайды.
2021 жылдын үш тоқсанның әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша әлеуметтік-экономикалық себептерден басқа, тығыз қоныстанған аудандардың этникалық топтар арасында аймақтағы этносаралық шиеленіске әкелуі мүмкін этносаралық қатынастарға алаңдайтындарын аңғартты деп қорытынды жасауға болады.
Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы – Л.Котельникова а. ж. 24 наурызда Алтай өңірінің қолөнершілерімен 20 адам қамтылған онлайн-кездесу өткізді. Олардың ішінде «Алтай голд», «Старовер», «Эвалар» компаниялары болды. Кездесудің нәтижесі «Алтай сыйы» онлайн жарнама — сауда алаңын құру жобасы қолға алынды. Жобаға Алматы облысы бойынша «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетті. Мақсаты – дұрыс тамақтану тауарларын, косметологиялық өнімдерді және шөптерде салауатты өмір салты тауарларын өндіру және жеткізу болды. Кездесу барысында Алтай өлкесінен тауарларды жарнамалау үшін алаң құру және оларды одан әрі сату мәселелері талқыланды. Бұдан әрі сайтты әзірлеу және шарттар жасасу, Көксу ауданы ауылдық округтерінің кәсіпкерлеріне консультациялық, заң көмегін көрсету және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау туралы сөз қозғалды.
2019 жылдан бастап туристік байланыстарды дамыту бағытында ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Алматы облысы бойынша туризм басқармасы және Алтай өлкесінің туризмді және курорттық істі дамыту басқармасы ММ, Алматы облыстық орыс орталығының көмегімен ЭТНО және АГРО туризмді дамыту бағытында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарланды.
Сондай-ақ, Алакөл ауданының демалыс аймақтарында туристік маусымда кәсіпкерлік бойынша келіссөздер жүргізу және шарттар жасасу арқылы қолөнершілердің тауарларын сату туралы мәселе қаралды.
Алматы облысы ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының бағыттардың бірі — «Jer Jannaty Jetisy» жобасы болды және жастарға қолдау көрсету жалғасуда. Облыс әкімдігінің қолдауымен дарынды жастар командаларын жұмысқа тарту арқылы Алматы облысының аудан, қалаларын дамыту, қажетті әлеуетті қалыптастыру және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін өмір сүру сапасын арттыру, сонымен бірге қажетті жағдайлар жасау арқылы жастар арасында бизнес-идеяны жүзеге асыру, азаматтық көшбасшылық қасиеттерді дамыту жобалары қолға алынған.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚХА жанындағы облыстық Ассамблея кәсіпкерлер қауымдастығының «Jer Jannaty Jetisy» жобасының 2020 жылдың жеңімпаздары Алматы облысының Ақсу, Алакөл аудандарының ауылдық округтерінде бизнес-идеяларды табысты жүзеге асыруда. Алакөл ауданынан келген жас кәсіпкердің мақсаты – әсіресе жастар арасында үлкен сұранысқа ие шаңғы жабдықтарын жалға алу. Ақсу ауданының жеңімпазының мақсаты тоқыма бұйымдарын құрақ тігудің ежелгі техникасы тәсілімен жасау болып табылады.
«Jer Jannaty Jetisy» жобасының жеңімпаздарының бірі Фазыл Аитов Алматы облысы Алакөл ауданының Лепсі ауылдық округінде қысқы туризм қызметтерін көрсету бойынша бизнес-идеяны табысты іске асырды. 500 000 теңгеге ересектер мен балаларға арналған шаңғы тебуге арналған қысқы киім жабдығының 12 жиынтығы сатып алынды. Әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың және Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерімен уағдаластықтардың көмегімен Лепсі ауылының қонақтары мен тұрғындары арасында жарнама жүзеге асырылды. «Jer Jannaty Jetisy» жобасының жеңімпазының айтуынша, таулар бай туристік әлеуетке ие және Алакөл ауданы күрделі шаңғы жорықтарын өткізу үшін жеткілікті перспективалы болып саналады, ал қыста келетін көптеген туристер қысқы спорт жабдықтарын сатып алуда қиындықтарға тап болады, өйткені бұл қымбат, ал өз жабдықтарын сыртқы демалыс орындарына тасымалдау ыңғайсыз және қымбат, сондықтан қажетті жабдықты сатып алу идеясы пайда болды.
Ақсу ауданының тұрғыны Арай Ахмет несиеге 4 тігін машинасын, мата, ине мен жіп, сондай-ақ түрлі-түсті маталардан өрнектерді қолмен таңдау мен тігуге негізделген күрделі және ауыр технология арқылы тоқыма бұйымдарын дайындаудың ежелгі техникасын-құрақ тігудің бизнес-идеясын жандандыру үшін басқа да қажетті құралдарды сатып алды. Қазіргі уақытта ол Instagram әлеуметтік желілері арқылы өнімдерді белсенді түрде жылжытуда.
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Алматы облысы ҚХА Кәсіпкерлер форумы өтті. Форум гибридті форматта өтіп, (офлайн / онлайн) оған барлығы 60 адам қатысты. Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілі ауылдық жерлерде жұмыс істейтін бағдарламалар туралы айтып берді. ЭТНО-АГРО, кооперативтік, отбасылық бизнес нысандарын құру мүмкіндіктері талқыланды. Кездесу сындарлы диалогта өтіп, облыстық ҚХА Кәсіпкерлер одағы ҚБ құру жөніндегі жарғы жобасы қаралып, қызметтің бағыттары белгіленді.
Облыс аумағына қоныс аударған этникалық қазақтарды қолдау бойынша іс-шаралардың 2021 жылға арналған жоспары салаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарымен бекітіліп, тиісті басқармалар мен аудан, қала әкімдерімен белгіленген жұмыстар жүргізілуде. Ақпараттар тоқсан сайын, басқармаға жолданып, атқарылған жұмыстар мен шешімін таппаған күрделі мәселелерге мониторинг жасалып отырады.
2020 жылғы 29 қазанда Алматы облысы әкімдігі мен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Көпшіліктің сұрауы ҚР азаматтығын рәсімдеу, берілетін жеңілдіктер, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын енгізу, ықтияр хатын рәсімдеу, қандас мәртебесін алу, білім гранты, квоталар туралы ақпарат, уақытша тіркеуге тұрғызу бойынша кеңестер беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көмектер көрсетілуде. Бекітілген облыстық медиа-жоспардың 12-ші тармағына сәйкес, өңірлік БАҚ-та шет елдердегі қазақтардың Елбасының бастамасымен, мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында, атамекеніне оралғанына 30 жыл толуына орай, газеттерде арнайы айдарлар ашылып, республикалық және облыстық «Жетісу» телеарнасында, жаңалықтарда халық арасында үлгі көрсетіп жүрген азаматтар, өнегелі отбасылар туралы тұрақты насихатталуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында, репатрианттармен жұмыс істеу үшін, жарияланған облыстық «Қандастар» орталығының қызметін ұйымдастыру» тақырыбындағы лотты «Талдықорған аймақтық еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету қоры» жеңіп алып, «Қоғамдық келісім» КММ өзара ынтымақтастықта жұмыстар атқарылуда.
Қорыта айтқанда, алға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуге адамгершілік, сыйластық, қайырымдылық, тыныштық пен тұрақтылық, келісім секілді біздің қоғамға тән қасиеттер қазақстандық дара жолдың басты құндылықтары болып табылары хақ.

Рахмет Есдәулетов,
Алматы облысының ішкі саясат
басқармасының басшысы

Пікір қалдыру