ЕСІМДЕ СҮРЕҢСІЗ ТҰНЖЫРЛЫ АҚШАМЫМ…
910-1937 жылдардың аралығында өмір сүрген, ХХ ғасырдың басындағы белгілі орыс ақыны, очеркші Павел Николаевич Васильев – қазақ халқына туысындай ыстық тұлға. Жұматай Жақыпбаев, Иран-Ғайып, Әмірхан Балқыбек, Ержан Алаштуған қатарлы қазақ ақындары оның өлеңдерін зор ынтамен аударады. Өйткені бұл ақын өзі өмір сүрген уақыттағы қазақтардың тұрмысын көзімен көріп, ерлік рухына бас иіп, жыр арнады. Ол кейде қазақ Мұқан Башметов болып орыс қызына ғашық болды. Орыс қызын сайын даланың сайыпқыран ұлы болып сүйді.

Павел Васильевтің өмірі, шығармашылығы қазақ ақындарын ғана қызықтырып қоймады, әдебиетші ғалымдарымыздың арасынан васильевтанушылар да шықты. Соның бірі павлодарлық васильевтанушы – Баян Әлкебаева. Баян «Бір Отанның қос перзенті» атты мақаласында Павел Васильев пен Мағжан Жұмабаевтың тағдырластығы мен рухтастығын қатар өрбітіп, ұлы таланттардың мұрасы халық жадында мәңгі сақталатынын дәлелдеп берді.
Өткен ғасырда орыс ақындары Павел Васильевке көп еліктеді. Ол олар үшін Алтай, Ертіс-Баян өңірінен келген екінші Есенин болды. Васильевке арнап поэмалар жазған орыс ақындары да бар.
Сталиндік репрессияның жазықсыз құрбаны болған, ағасы да, әкесі де «халық жауы» атанып ұсталып, 1956 жылы бір-ақ ақталған Павел Николайұлы біздің алашордашыл ағаларымызбен тағдырлас. Жазуы да, жанайқайы да, сарыны да ұқсайды. Сондықтан болар ол үнемі қазақ ақындарын өзіне тартып, алыстан қол бұлғап, достық әлеміне шақырып тұрады. Таныс болыңыздар, Васильев өлеңдерінің ендігі аудармашысы – жас ақын Айбек Оралхан.
Айбек Тілеубекұлы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың журналистика факультетінде білім алған, ізінше Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі уақытта «Ertis Media» ЖШС-нің «Айқара» ақпарат агенттігінің шеф-редакторы.
Павел Васильевтің өлеңдерін біз Айбектің тәржімасымен қатар беріп отырмыз.
Редакция
| Шарбақ
Көкірек керіп жұтамын баяу Ауаның сергек, саф дәмін. Қоңырқай көзді көрші қыз жаяу Қайнарға бастар аттарын.
Сарсылтпай ешкім – дегбірім ділгір, Серпіп сап терек желегін. Шарбақтан атып шығам да құмбыл, Соңынан қыздың еремін.
Тұлпарлар тұрқы тасалап жолда Талдырмаш бойын оның да. Қуалап жеттім құлама жарда, Құлаған дөңбек жанында.
Иығы биік жағалау тіп-тік, Иінін жылдар жықпаған. Ұйқылы-ояу қызғылт су шып-шып Тұяқтың сыртын шыптаған.
Дедім мен: «Ғажап айнала аймақ, Ымырты нұрмен апталған». Сұрадым: «Атты ақырға байлап, Шығасың ба, – деп, – қақпаңнан?».
Сөз қылдым балғын күлкіні балдай, Ет жақын Ертіс – туысты. Шоршыған балық қамысты бойлай, Шолп еткізгенде су үстін.
Тентек жел ұқсап бала марғауға, Ұйпалап ойнап көгалды. Көрші қыз еніп жап-жасыл бауға, Аулама басты қадамды.
Шілденің түні зымырап нешік, Жапырақ жұтты сөзді ауық. Елсіз көшенің құмынан көшіп, Көгілжім мұнар безді ауып.
Күн сүйген саусақ, жүзінен тамған, Жалыны естен тандырып! …Сүмбіле шөпке серпіле салған, Шыт орамалы қалды ұмыт…
15 шілде 1927 |
Палисад
Я вздыхаю глубоко и редко – Воздух здесь ядрёней и вольней. Кареглазая моя соседка В поводу ведёт поить коней.
Уговаривать меня не надо: Задевая ветки тополей, Тороплюся я из палисада Пробежать по улице за ней.
Лошадиные спокойны спины, И за ними не видна она. У поваленной гнилой лесины Возле яра я её догнал.
Берегов приподнятые плечи Не сгорбатили ещё года, У копыт колышется и плещет Розовая, сонная вода…
Я сказал: «Здесь чудная погода Говорил о свежести улыбок,
Резвый ветер маленьким котёнком
Быстро ночи катятся в июле,
Близость тонких загорелых пальцев, 15 июля 1927 |
| Балық көз нанымдар…
Қарайды елім жазмышына жүзін қадап, Балық көз нанымдардан арылмастан. Балықтың қауырсыны – қызыл қанат, Қабыршағы жарқылдап жалын шашқан.
Суға иілген сәмбі тал ернеуінен Жасыл құрақ дауысы гуілдескен. Жеңілген жасақтардың кернейі мен Балалайка үні боп уілдескен.
Сыңар аяқ самырсын, сенем, жүрмек, Сыңар соқпақ бұлтқа ізін түбі жұптар. Аңдаймын әлі күнге тірі жүр деп, Ақ қаз-құс пен аққайраң, құбыжықтар. 1928 |
Глазами рыбьими поверья…
Глазами рыбьими поверья
И в гнущихся к воде ракитах
Я верю – не безноги ели, 1928 |
|
Атам туралы әңгіме
Корнила Ильич! Ертекпен тербеттің – естуге құмармын. Сапта да сыптай ең, сендей боп тұрар кім! Шам қоңыз, бөртегүл, жұлдыздан алапес – Шілтердің ар жағы шұбалған шұбар түн.
Жүйіткіген жарқанат – қарқыны қарыштап, Әйнекті соққанда денесін жаныштап. Тұндырған қан-жыннан божыған батпақтар, Қорқырай соратын қамысты қарыстап.
Дұғалы балауыз майшамдай балқыды, Салмақты сауытта сынаптай қалқыды. Басталып кететін сол сәтте бір қызық – Бақаның бақылы, көлшіктің шолпылы.
Сорақы нанымдар – қайырсыз залал от, Күл асты ысылдап, мүк түбі пана боп. Әуендер қалықтап ақ мамық секілді, Бақбақтың ұлпасын ұшырып дала леп.
Корнила Ильич! Сақалды ақ шалым, Есімде сүреңсіз тұнжырлы ақшамым. Қонатын гуілдеп шіркейлер миыққа, Бетіңде лапылдап бейне бір көк жалын.
Қалампыр, қазтамақ түсіндей қамқаңды ап, Шытырман ішіне шайырдан шам қамдап, Өзенге барушы ең сыбызғы сызылтып, Ысқыра қосылып, айтушы ем ән таңдап.
Жадымда сол қалпы: қаһарлы қабағың, Сынбайтын сіреудей, тайсалмас, адалым. Жиренбас шал едің, көнетоз сыбызғың Жетектеп көктемнің ап шыққан жамалын.
Ол көктем өткелді кешіп бір жететін, Бұрымы бүр жарып, бұрқырап өтетін. Қораздар шақырып маяша үстінен, Кенесіп тамағын кеңесіп кететін.
Сабылар сол көктем орманға, ой-қырға, Сен соққан белгі мен болжалсыз жайлымға. Жүздіріп ақ қаз бен сап-сары балапан Жеңінің ішінен қондырып айдынға.
Атай мен аң-құсқа бұл мезгіл – мейірім, «Корнила Ильич, қарашы, көгалды иірім. Қалақты дөңгелек диірмен тұсында, Әңгіме-дүкеннің жасайық түйінін».
Жантайып жатайын қасыңда қоғаға, Былқылдақ батпақтан берірек жағада. Тырбиған түбірше сопаңдап үбідей*, Шортан да оқталды, құдды айды қаба ма!?
Ертегі қылар ма еді: құбыжық түр-түсін, Қатігез махаббат, тоғайдың тұрмысын. Судың төрт перісі секілді төрт томар, Сүйеніп өзара жағада тұрды шын.
Корнила Ильич, Ежелгі иірім ұртынан жырыла, Көпірген көбіктен шеңберлер шұбыра, Құлашты қос қанат секілді жайып сап, Қарсы алам жастықты атқанда шұғыла.
Жас дәурен дауысы – құстардың үнінде, Саздауыт, қорыстың құлпырған гүлінде. Қайнаған жидектің қан-қызыл түрінде, Дауылдар шайқаған самырсын тінінде.
Айқыш – тұл, жер – қатқыл, мамықтай қылмассың. Жұлдыздар жауса да табыттан тұрмассың. Үкідей үңілген көзіңді бастырған, Мүжілген тиынды* мәңгілік жұлмассың.
Көне аспан бүркеген көрің не болады? Келешек тағдыры, ең жақсы хабары? Желегі қуарған, күйелеш кәрі емен Жас тырнақтарымен сені іздеп табады.
Айырып бас сүйек, нәріңді сарқады, Қаңқаңды қаусатып, қайтадан қортады. Қайтадан өзіңді тірілтіп алуға, Қайтадан өмірдің әуенін салуға, Басыңда жайқалып бүршігін жаруға, Үмітін артады. 1929
«Атам жайлы әңгіме» өлеңіне түсініктеме Үбідей (үбі) – су перісі, водяной. «Мүжілген тиынды мәңгілік жұлмассың». Бұл жерде мәйіттің көзі ашылып кетпеуі үшін үстіне тиын бастыратын ескі салт туралы айтылып тұр. |
Рассказ о деде
Корнила Ильич, ты мне сказки баял, Служилый да ладный – вон ты каков!
Тогда, как подкошенная, с разлёта
В тяжёлом ковше не тонул, а плавал
Недобрым огнём разжигались поверья,
Корнила Ильич! Бородатый дедко,
Ножовый цвет бархата, незабудки,
Таким ты остался. Хмурый да ярый.
Весна проходила речонки бродом,
Она проходила куда попало
Вот так радость зверью и деду! здесь трава и плёс,
Я рядом с тобою в осоку лягу
Теперь бы время сказкой потешить
Корнила Ильич, по старой излуке
Я молодость слышу в птичьем крике,
Крест не в крест, земля – не перина,
И лучший удел – что в забытой яме,
Он череп развалит, он высосет соки, 1929
Примечания к стихотворению «Рассказ о деде» «Не снимешь стёртые пятаки». Имеется в виду старинный обычай закрывать монетами глаза покойнику. |
| Бүркіт салу
(қазақтардың жыры)
Жел жүйткиді даламда, шаң борайды, Жез тұяқтан дауылды дүбір есіп. Жел құлдырап қырымда, паң қарайды, Жүйрікке жете алады кім ілесіп!?
Қанша жүйрік болса да аса бәйгі, Басқа түсер ноқтадан қаша алмайды. Қыр біткенді көсіліп кесе алмайды, Шөл біткенді шапқылап аса алмайды.
Павлодардан өткенде арқыратып, Жусаннан жуан шідер салмаса егер; Балқаштың шұбар суын шұрқыратып, Шалдығып суға кетіп қалмаса егер; Аралдың теңізінде найза қамыс Аңғалағын аяусыз жармаса егер; Бәрібір Қызылқұмның құрдымында Жел тұяғын жер жұтып, жалмап жеңер.
Егерде Ертіске адам батып кетсе, Егіледі ел: «Не шара, уақыт жетсе…». Ал алтын күн күн сайын суға батады: «Қайта шығып, – деп, – елді бақытты етсем». Қайта туып, қырға нұр құю үшін, Киіз үйге құт-байлық үю үшін, Жаратылыстың барлығын сүю үшін, Саятқа шыққандарға сәуле шашып, Сұрағанға сыралғы қию үшін.
Аңшылық құрған топпен ала-құла, Аспанның құс ұшырып алабына. Аң қағуға аттандық, алдымызда Ат аяғын жеткізбес дала мына. Қағушылар қиқулап, дабылдатып, Күн астында ұран сап, сарындатып, «Қанжығасы майлансын!» деп бұлардың, Жүйірік жел қарымына қарым қосып. Аңшыға жол менен жел оңынан боп, Алатұғын олжасы молынан боп, Қыранды қияғынан жел көтеріп, Жемінің алып түссін жонынан деп.
Көрдің бе, ей, қолбала, қантүлегім, Мұзбалақ дүр сілкініп қан тіледі. Қиядан қиқу шықса шалғайсыңдар, Сендер – ер, сендер – аңшы, ел тілеуі.
Бастарыңа малақай* қонысқан шын, Томағалар тартылып қалыс қалсын. Көк тұмсығың – көк болат, темір – топшың, Көк түбіт боп кемелге толысқансың. Биялайға батырып тегеуірін, Балдағына иеңнің жабысқансың.
Қырандар, қырағы бол, шырайланып, Жусанды қыр үстінде шыр айналып, Күшіген жүр. Ұқсама ол қарақшыға. Құладын тышқан ілер құлай барып. Тазқара – тараққұйрық тақсыры еді, Бүркітке жолдас емес, бұлар – ғаріп.
Әнекей, атып тұрды аң баласы, Қара жолақ, қызыл өрт – паң, қарашы. Қисаңдап кәрі түлкі жалт берісіп, Жалындай жерді өртейді лауламасы. Сөндірмей сол жалынды, атты айдаңдар! Қағушы, жан-жағынан қақпайлаңдар! Саятшы, қыраныңды көкке серме, Кешікпей қанжығаға от байлаңдар.
Шығып кетті ес-түстен Қарқаралы, Аулымыз ұмытылды Арқадағы. Павлодар қайда қалды, еске түспей, Қызығы құс салудың тарқамады. Қырдың шеті төрт емес – сегіз қиыр, Сегіз емес – қырық сегіз негізгі үйір, Әйтеуір есебіне ес жетпейді, Ондай да емес, одан көп – деңіз шиыр.
Жас тірнектің қанаты далбаңдайды, Көктен түскен тымақтай қалбаңдайды. Көңілді көк түтіндей тез сейіліп, Көктүбіт көзді ашқанда заңғарлайды.
Бүркіттер бір түскен соң ізіне епті, Бәріміз де лап қойдық, қызық еттік. Лап беріп жел де, бақ та, саятшы да, Қыр асыра қуыстық қызыл өртті.
Жетті де желкесінен бүрді қыран, Жиырма аршын жүгіріп, тынды бұл аң. Қолбалаға үйреткен аң қағуды, Мұзбалақты тірнекке үлгі қылам.
Ескен жел, сен де есен бол – жақсы өрісім, Із кесуге көмекті еткенің шын. Қанжығаға байлауда саятшылар, Қызыл өрт – сол түлкінің от терісін.
1931
«Бүркіт салу» өлеңіне түсініктемелер Қызылқұм – Орта Азиядағы құмды шөлейт дала. Малақай (Тымақ) – құлағы созылған, аң терісінен тігілген жылы бас киім. Сонымен қатар, белбеусіз киілетін ерлер мен әйелдердің кең қаптал шапаны. Ақын бұл өлеңде «Малақай» сөзін бүркіттің басына кигізілетін томағаға теңеу ретінде қолданған. Қарқаралы (Қарқаралы қаласы) – Қазақстандағы (қазіргі Қарағанды облысы) тарихи қала. |
Охота с беркутами
(песня киргиз-казаков)
Ветер скачет по стране, и пыль
Но, как шибко он ни скакал бы,
Если он пройдет Павлодар Если даже море Арал
Если в Иртыше человек утонет, Начинаем мы нашу охоту
Так смотри же, молодой беркутёнок, Так смотрите, беркуты наши, зорко –
Вон взметнулась наша добыча, Мы забыли, где Каркаралы,
Мы настигли свою добычу,
Ой, хорош молодой беркутёнок!
И привязывают охотники 1931
Примечания к стихотворению «Охота с беркутами»
Кызылкум – песчаная пустыня в Средней Азии. Малахай – шапка на меху с широкими наушниками, а также верхний мужской или женский широкий кафтан без пояса. Каркаралы (Каракалинск) – город в Казахстане.
|
| Тройка
Ақ түтек үйірген үрдесін ақ қарда, Тағынып алқадай ошаған моншағын. Пысқыра басасың шалғайлы жақтарға, Шашақты аяғың шалдықпай сонша күн.
Ауыздан ақтарып ақ раушан – көбік-гүл, Алыс бір сапарға жиналып ертемен. Қайыңнан шабылған шананы көлік қып, Алапат қуатты кім жеккен дертеге?
Сәнді әбзел сылдыры – сауысқан сақылы, Мұз шеңбер ішіне шегендеп қоярдай. Деміңнен сабан мен сілекей атылып, Ілгері көз тігіп, ілбисің аяңдай.
Көсем ат – тынысы моншадай будақтап, Делебе қоздырып, делбені сүйреген. Дүкеннен дүңк еткен дүрсілге құлақ сап, Төс-балға темірді қамырдай илеген.
Болаттан тағасы жүйткісе жарқырап, Ақ тісі сақылдап, тарпаңдай тарпынады. Қанталап көздері, ор ауызы жалмаңдап, Сығанкөк ызадан ышқына арқырап.
Жанартау жанары шәлкестеу қарасып, Жыртқышқа тән екпін, өр мінез жарасып, Ресейдің жартысын құрдымға сүйрейтін Тачанка тіркесең тартар еді таласып.
Қапталда қос күлік шегіне ырғысып, Біреуі тік шапшып, орнынан тұрды ұшып. Екінші қан жирен қалаштай бүгіліп, Қара тер болады қарпысып, жұлқысып.
Біреуі – қолтума, таңбалы, тұрықты, Біреуі – ұрлықы, текті әрі бүлікті, – Татардың ханшасы, қолжаулық қатыны, – Кімдердің жегуге барды екен батылы, Желіккен, еріккен ұрғашы күлікті.
Желтоқсан кірпігі сәулесі себілмей, Былғары иісі бұла әйел деміндей, Кісінеп жіберсе күміс үн шелегін, Толтырып аласың танауға телінбей.
Мыспенен күптелген сандықты орнатып, Шанамен шаттықтың дауысын шарлатып. Соңғы сәт босатып шынжырдан иттерді, Біреулер қиқуға қосты айтақ сарнатып.
Бастаушы ат кердеңдеп кермиық кескінмен, Бишіктің ұшында көлеңке кештірген. Алшаңдап адымын тастайды түз жаққа, Секектеп, бұрқанып, бас бермей ешкімге.
Атылды алға аттар, қалды ауыл артында, Қапталдан қосақтар қар шаша қалқуда. Көсем ат тұяғын нық қадап қарқынға, Тартуда делбемен дүниені, тартуда.
(1933) |
Тройка
Вновь на снегах, от бурь покатых, Но даже стрекот сбруй сорочий И коренник, как баня, дышит, Стальными блещет каблуками В его глазах костры косые,
И пристяжные! Отступая, Одна – из меченых и ражих, Разгульных девок запрягать? Ресниц декабрьское сиянье Подставишь к мордам – наберёшь. Но вот сундук в обивке медной С цепей спускают кобелей. И коренник, во всю кобенясь, Приплясывая и хохоча. Рванулись. И – деревня сбита, (1933)
|
| Көздерің сенің көгілдір, тұнық
Көздерің сенің көгілдір, тұнық, Кестелі белбеу, сырғаң бар. Ханымы мынау орманның – ұлық, Жанды етем саған құрбан дәл.
Терезе алдың көгілжім мұнар, Қызыл қар жатыр іркіліп. Төріңе жолын мұңлықтар бұрар, Түнемел іздеп түртініп.
Жел мейман емес, ышқынар ұлып, Әйнектен қарар түн жадау. Төрт саусағымен ысқырар, күліп, Қасқа бас сайтан мұржада.
Түпкірлі, тыныш, сауыққой қосы – Алдаусыз, алғау бұл ара. Спирт тасушы жарыққа тосып, Табысын бөлер түн ауа.
Тізілген жіпке моншақтан да аз, Махаббат үшін төккен жас. Марусяның шарабына жаз, Оқтан құтылса еппен бас.
Ысты көзеден татып та алып, Ыссы қаныңа құй да, бер! Харбиннен кебіс сатып та алып, Хадия қылып сыйға бер.
Көңілін аулап, әперсең дәлдеп, Қытай жібегін өндіріп. Көктем түсіндей күртесін сәндеп, Көрген бір түсін өң қылып.
Теңгеден теңге өндіріп шашып, Төндіріп шашып төлемін. Сақ болғын одан, үкім-ау, қашып, Бөлтіріктері бар оның.
Еріндерінде таңқурай балы, Көздері қара, тұнық-ты. Иіндерінде ит ішік қалың, Сырға етіп қос ай іліпті.
Іздейді сені, мадақтым менің, Шерленген тап бір бейбақтар. Шекара жасақтарының дені, Қонып шығатын жайға аттар.
Шындық па, әлде аңыз ба, бәлки, Шығып-кіруші шайқаңдап, Түнімен тынбай билейді сол үй, Қисық аяғы қойқаңдап.
Жұрт сені, сірә, қалай мақтасын? Кінәлі біздің айнала. Біреуін таңдап, қолай тапқасын, Бірін ұмыттың жай ғана.
Төгілген қолаң шашыңды жайып, Түнекке тұрсаң тесіле. Шалғайда қалған шабындық жайы Түседі әлгінің есіне.
Телініп ернің ерніне тегі, Күйретсең, күлсең татымды. Бөгде есімнің бәрімен сенің Атай салады ол атыңды.
1932 «Көздерің сенің көгілдір, тұнық» өлеңіне түсіндірме:
Харбин – Қытайдың ең қиыр солтүстігіндегі Хэйлунцзян (Шәуешек) провинциясының орталығы. Негізі XIX ғасырдың соңында Ресей империясы салған Қытай-Шығыс темір жолының торабы ретінде қаланған. Қала Азиядағы «орыс бекінісіне», эмиграция ошағына және шетелдегі орыс мәдениетінің орталығына айналды. Ол өзінің тарихи мұрасын бүгінгі күнге дейін сақтап қалған. |
У тебя ль глазищи сини…
У тебя ль глазищи сини, Шитый пояс и серьга, Для тебя ль, лесной княгини, Даже жизнь не дорога?
У тебя ли под окошком Морок синь и розов снег, У тебя ли по дорожкам Горевым искать ночлег?
Но ветра не постояльцы, Ночь глядит в окно к тебе, И в четыре свищет пальца Лысый чёрт в печной трубе.
И не здесь ли, без обмана, При огне, в тиши, в глуши, Спиртоносы-гулеваны Делят ночью барыши?
Меньше, чем на нитке бусин, По любви пролито слёз. Пей из чашки мёд Марусин, Коль башку от пуль унёс.
Пей, табашный, хмель из чарок – Не товар, а есть цена. Принеси ты ей в подарок Башмачки из Харбина.
Принеси, когда таков ты, Шёлк, что снился ей во сне, Чтоб она носила кофты Синевой под цвет весне.
Рупь так рупь, чтоб падал зво́нок И крутился в честь так в честь, Берегись её, совёнок, У неё волчата есть!
У неё в малине губы, А глаза темны, темны, Тяжелы собачьи шубы, Вместе серег две луны.
Не к тебе ль, моя награда, Горюны, ни дать ни взять, Парни из погранотряда Заезжают ночевать?
То ли правда, то ль прибаска – Приезжают, напролёт Целу ночь по дому пляска На кривых ногах идёт.
Как тебя такой прославишь? Виноваты мы кругом: Одного себе оставишь И забудешь о другом.
До пяты распустишь косы И вперишь глаза во тьму, И далёкие покосы Вдруг припомнятся ему.
И когда к губам губами Ты прильнёшь, смеясь, губя, Он любыми именами Назовёт в ответ тебя.
1932
Примечания к стихотворению «У тебя ль глазищи сини…»
Харбин – столица самой северной провинции Китая Хэйлунцзян, основанная в конце XIX века Российской империей как узла Китайско-Восточной железной дороги (КВЖД). Город стал «русским форпостом» в Азии, центром эмиграции и центром русской культуры за рубежом, сохранив свое наследие до наших дней.
|
| Жаралы жыр
Шешемнен – қолым салалы, Әкемнен – қалың қабағым. Жазықсыз тартып жаланы Қаныммен қайғы қабамын.
Жазықсыз жарық жалғанда, Машақат кешіп қалғам ба? Шаңғылы аңшылардан да, Қашушы еді қоян аңғарға.
Есілген торға тұтылып, Ауасыз ауда жұтынып, Бекірелер құлаштай Құйрығын соғып құтырып.
Қасқырдай маған тым қиын, Қасқыр ауласа бұл жиын. Теректей маған тым ауыр, Аязы қысқан күн қиын.
Қаланың ойлап күнде өзім, Қоңыраулы күмбезін. Кіндігіммен байланған Кіндік жұртта мұң көзім.
Айтшы, Отан, неге көз ілмен, Түн туса жаным езілген? Қолыңды созшы, Туған ел, «Алақан табын сезін!» де.
Деміге берем: сал денем, Душар болды не көлденең? Қу жауырын боп тудым ба, Алапес болып әлде мен?
Күнәсі көп пе көтерер: Барымташы аға-көкелер, Лампасы қызыл аталар, Сауыққұмар әкелер.
Жасырмауға бекінгем, Ертіске ізді өтілген. Анамыздан безбеспіз, Сидаға қақсын көтімнен.
Анаға басты иер ем, Әрбір саусағын сүйер ем. Еңіреп аққан жасымды Етегіне түйер ем.
Іздеме менен сор таңба, Соғылған ен жоқ арқамда. Соңынан өзім сүрініп, Сорымнан жапа тартам ба!?
Бал ашып бәрің құр шатпа, Алып баланы бұл шақта, Көтеріп жүр ме, кім білсін, Поптың да қызы құрсақта!?
Үрей ғып түрлі талауды, Үйретпе етік жалауды. Жылтырата алмайды Тіліме тікен қадаулы.
Есті бір тентек ақынға, Етіне таяқ батырма. Қарақшы болып кетермін, Айналып, тіпті, пақырға.
Кулактай құртып шабамын, Поэманы отқа жағамын, Өлеңді қылдай таратып, Сегіз бөлмелі үй орнын Күл қылып өртей саламын.
Барлығын сайтан алсын да, Жез кернейге салсын да, Көр соқыр болса тағдырым, Құмары соның қансын да.
Аруларым өлсін шырқырап, Алтын бұрымы бұрқырап. Біз жақтың мұжық, аң-құсы Мүрдем де кетсін шұрқырап.
Соқыр тиынға сатылып, Сиырлар, аттар өкіріп, Танауын созады өлтір деп, Дастаннан шығып дәті ұлық.
Кімге керек тозғаным, Шаруам бітіп, азғаным. Аясаң етті? Кім едім? Қарақшымын ба, ұры едім, Зұлым жанмын ба? – жазғаным.
Бар менің елге берерім, Басқадан бөлек ер едім. Бөрінің білем ақысын, Терісіменен төлерін. Оқтан да қашса ор қоян, Опаттан қашқан мен едім.
Сұқтанып суық қарайсың, Қылмыскерге балайсың, Иттей өш болып жырыма, Жан-жағынан талайсың.
Өлеңім – өрім қарындас, Әңгімем – ағам – арым рас. Әлі де асқақ ән салам, Өң түгіл түстен табылмас.
Советтің кіріп сапына, Түспекпін су мен отына. Олжамды санап не керек, Өткеннің кіріп хақына.
Кім озар топтан тұйғын боп, Көрерміз деп ой түйдім көп. Ворошилов жасарын, Жыры үшін кімге сый-құрмет.
Орансаң да өлең құндызды, Анықтар шайқас жырды ізгі. Жаралы менің жырымды, Шыққан күн сынды күндізгі. Қолдары кәміл солдаттар Дулыға киген жұлдызды. 1933 «Жаралы жыр» өлеңіне түсініктеме Есілген тор – (тенета) құс аулауға арналған тор.
|
Раненая песня
Дала мне мамаша тонкие руки, А отец – тяжёлую бровь – Ни за что ни про что Тяжёлые муки Принимает моя дремучая кровь.
Ни за что ни про что Я на свете маюсь, Нет мне ни света, ни праздничных дней. Так убегает по полю заяц От летящих на лыжах Плечистых теней.
Так, задыхаясь В кручёных тенетах, Осетры саженные Хвостами бьют. Тяжело мне, волку, На волчьих охотах, Тяжело мне, тополю, – Холод лют.
Вспоминаю я город С высокими колокольнями Вплоть до пуповины своей семьи. Расскажи – что! Родина, Ночью так больно мне, Протяни мне, Родина, ладони свои.
Не отдышаться теперь – куда там. Что же приключилось, Стряслось со мной: Алия родился дитём горбатым, Али рос я сглаженный И чумной? Али вы зачинщики, – Дядья-конокрады, Деды-лампасники, Гулеваны отцы?
Я не отрекаюсь – мне и не надо В иртышскую воду прятать концы. Мы не отречёмся от своих матерей, Хоть бы нас задницей Садили на колья —
Я бы все пальцы выцеловал ей, Спрятал свои слёзы В её подоле.
Нечего отметину искать на мне, Больно вы гадаете чисто да ровно, – Может быть, лучшего ребёнка в стране Носит в своем животе поповна?
Что вы меня учите Лизать сапоги? Мой язык плохого Прибавит глянцу. Я буян смиренный – бить не моги, Брошу всё, уйду в разбой, в оборванцы.
Устрою настоящий кулацкий разгром, Подожгу поэмы, Стихи разбазарю, И там, где стоял восьмистенный дом, Будет только ветер, замешенный гарью.
Пусть идёт всё к чёрту, летит трубой, Если уж такая судьба слепая. Лучшие мои девки пойдут на убой, Золото волос на плечо осыпая.
Мужики и звери из наших мест Будут в поэмах погибать за копейку, Коровы и лошади, вот те крест, Морды свои вытянут ко мне, – кончай, мол.
Кому же надобен мой разор, Неужели не жалко Хозяйства такого? Что я, лиходей, разбойник иль вор? Я ещё понадобней Кого другого.
Нет, одёжа дороже Собственных шкур. Не один я бегаю От пули, как заяц. Чего же вы смотрите На меня в сощур, Будто я отъявленный мерзавец?
Что вы особачились на песню мою? Песни – мои сёстры, а сказы – братья. Я ещё такие песни спою, Что и самому мне ещё не снятся.
Я хочу ходить в советских полках. На хера считать мой улов и вылов, На хера цепляться – айда назад. Мы ещё посмотрим, кому Ворошилов Подарит отличье за песенный лад!
Кутайтесь в бобровых своих поэмах, Мы ещё посмотрим на вас в бою, – Поддержат солдаты с звездою на шлемах Раненую песню мою.
1933 Примечания к стихотворению «Раненая песня» Тенеты – сети для ловли птиц.
|
| «Тұз бүлігі» поэмасынан үзінді
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ӨЛІМ ЖАЗАСЫ
Атам қасап шебері месекерлі, Сүйегі ірі, сом дене, кесек ер-ді. Аңдап тұр ем… аузынан көбік ағып, Аула ішінде құмдаққа төніп алып, (Тұяғымен жер тарпып, тебеді алыс), Келе жатты таңбалы талыс бұқа, Биік жота, маңдайы кере қарыс…
Атам болса, Белін буып, сыбанып білегін де, Тұр еді жасын ойнап жігерінде. – Пай, керіскем, көрейік, келші, – деді, – Сиырдың селтеңбайы сүрерінде. Жан тәтті ғой!
Мама ағашқа мүйізін қатты бұрап, Байлап еді қайқайтып, қақты бұраң. Аялауды білмейтін алақаны, Шапаттады шомбалдай шоқтығынан: – Пай, керіскем, келді ғой саған опат… Шаттықтың лебімен жүзі жайнап, Сықсың көзі сығыр нұр тұрды жағып, Сақалы кеудесіне сырғып ағып.
Ал бұқа…сезіп қалып өлетінін, Соңынан соқыр ажал келетінін, Сіңірлі, жуан мойнын созып-керіп, Ат ағашты айналды ол өкіріп.
Шұңқыр қазды от шашқан танауымен, Өмірден өлімге асар араны кең Көпірдей солқылдады арқа-басы. Шиырық атып жауырын сіңірлері, Құйрығы қос шығыршық қағады ирең.
Қос дүлей арпалысты қарап өлмей – Көзсіз бұқа, көр соқыр қара жермен. Шаңдатып екі жаққа жұлқынады, Шылбырмен шандылса да сала дәрмен.
Жетті сонда… Жымиған жауыздықпен жайлап басып, От жейдесі үстінде ойнақтасып. Бұқалар Малютасы* ұшпа қасты, Мұрты көкке шаншылып, қайрат шашып!
Е-ех! Е-ех! Бұла күш, айбат демі, Бұқаның жүрегінен қайратты еді. Желкедегі жұп-жұмсақ шұңқыршадан, Балтаның шүйдесімен жайратты енді.
Сұлап түсті… Жас еді, жалын еді, Құздай берік, қанжирен сарым еді. Жанарларын жасыл су жылап аққан Жел осып, құрақ шұқып қалып еді…
Атам айтты: – Жаратқан, жарылқа! – деп, Тамағын орай тіліп, орылта кеп. Бұқа ұзақ созылды… үнсіз қалды… Тұмсығы қан көбікті қарбыта жеп.
|
ЧАСТЬ ТРЕТЬЯ
КАЗНЬ
Дед мой был Мастак по убою, Ширококостный, Ладный мужик. Вижу, Пошевеливая Мокрой губою, Посредине двора Клеймёный бык Ступает, В песке копытами роясь, Рогатая, лобастая голова… А дед Поправляет на пузе Пояс Да засучивает рукава. – Ишь ты, раскрасавец, Ну-ка, ну-ка… Тож, коровий хахаль, Жизнь дорога! – Крепко прикручивали Дедовы руки К коновязи Выгнутые рога. Ласково ходила Ладонь по холке: – Ишь ты, раскрасавец, Пришла беда… – И глаза сужались В весёлые щелки, И на грудь Курчавая Текла борода. Но бык, Уже учуяв, Что слепая Смерть притулилась У самого лба, Жилистую шею Выгибая, Начинал крутиться Вокруг столба.
Он выдувал Лунку ноздрями, Весь – От жизни к смерти Вздрогнувший мост. Жилы на лопатках Ходили буграми, В два кольца свивался Блистающий хвост.
И казалось, Бешеные от испуга, В разные стороны Рвутся, пыля, Насмерть прикрученные Друг к другу – Бык слепой И слепая земля, Но тут нежданно, Весело, Люто, В огне рубахи, Усатый, сам Вдруг вырастал Бычий Малюта С бровями, Летящими под небеса. И-эх! И-эх! Силушка-силка, Сердцу бычьему перекор, – В нежную ямку Возле затылка Тупомордым обухом Бьёт топор. И на бок рушится, Ещё молодой, Рыжешёрстный, Стойкий, как камень, Глаза ему хлещет Синей водой, Ветром, Упругими тростниками. Шепчет дед: – Господи, благослови… – Сверкает нож От уха до уха, – И бык потягивается До-олго… глухо… Марая морду В пенной крови.
|





