Серік Байхонов. Аңызға толы Ақбауыр
Алдымен Сібе көлдерін, артынша Аблаикит-Қалмаққорғанды артқа тастап жатаған төбелердің арасымен мың бұратылған қостабан қара жолдың сорабын қуалай Қалба тауларынан ұзай бердік. Өскемен-Ленинка тас жолының айрығына жетіп тоқтаған соң көз ұшында қарауытқан Алтай шыңдарының сұлбасына қызыға қарап тұрып қалыппын. Жол бойы мені қағытудан қолы тимей келе жатқан Борис-дос: – Куда?.. Куда...