Сергек ой, серпінді сөздің ұстасы
Ақұштап Бақтыгерееваның поэзиясы қаншалықты нәзік лирикадан, сыршыл сезімнен, көркем де шұрайлы, адал да шыншыл жыр жолдарынан тұрса, оның публицистикалық шығармалары да соншалықты қуатты, халықтың мұң-мұқтажы мен қоғамның келеңсіз құбылыстары мен замана шындығын тап басқан кесек-кесек ойлардан құралған. Бұл пікірімізді Мылтықбай Ерімбетовтің мына тұжырымы сөзсіз қуаттайды: «Ал уақыт «Сөйле!» деп тұрғанда...