ЖҰМАҚТЫ ӨЗ ҮЙІҢНЕН ІЗДЕ

Әңгімемізді ел арасындағы бір тәмсілден бастайық. Ертеде бір патша аракідік өзін басқалар танымастай етіп бүркеніп, қарапайым киініп, ел-жұртының хал-ахуалын білуге шығып тұрады екен. Ел аралап жүрген осындай бір сапары кезінде патша бір қаршадай балаға кезігіп қалыпты. «Бұл бала әке-шешесінен қандай тәрбие алып жүр екен?» деп ойлаған патша әлгі баланы шақырып...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Серік Байхонов. ҚҰМИЯН ҚҰПИЯСЫ

1 …Құмиянға сапар шегудің сәті екі жетіден кейін ғана түскен. Осы сапарда дария бойында арналар тарихы мен адамдар тағдыры тығыз ұштасып жататынына біржола көзім жеткендей еді. Бұған себепші – аты ел аузынан түспей жүрген мұрап жаңақорғандық Зұлпұхар қария болатын. Бойы – теректей, алақаны – күректей, бойында қырым ет жоқ ауыл...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әли ЕРБОЛАТҰЛЫ.  АЛТАЙ-ТАРБАҒАТАЙ АРХЕОЛОГИЯСЫ – ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА

  «Шығыс Қазақстан – кең байтақ еліміздің інжу-маржаны іспеттес өңір. Тәуелсіз еліміздің экономикалық дамуына зор үлес қосып келе жатқан, өнеркәсібі қарыштап дамыған аймақтардың бірі. Бұл өңірде жүзден астам ұлттың басын қосып отырған Шығыс Қазақстан облысы еліміздің рухани орталықтарының бірі болып саналады». Қазіргі уақытта әртүрлі өзгерістер барысында, тарих ғылымының зерттеулер аумағындағы...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Серік Байхонов. Сарыөлең суреттері

Алакеуім таң қараңғылығында жолдың екі бетінде көрер көзге ебедейсіз серейіп-серейіп тұрған электр бағандарын артқа тастадық. Электр бағандары бүгінгі өркениеттің хабаршысы. Көне өркениетті іздеген адам мына бағандардан алыстау жүргені абзал. Бұйра тал мен қызыл шілік кемерлеген өзенді бойлай созылып жатқан қостабан қара жолды құлдап келіп, күн шығысқа қарай бұрылдық. Жал… Жал…...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ. ӨЛЕҢ КҮЛІП ОЯНАДЫ

Ауылға барамын Асығып барамын!.. жасырып, көзіме қаланың, беймаза тірлігін… Асығып барамын ауылға! Орамал, ойыншық, Бүйірлі түйіншек, Қолымда орамым. Асығып барамын, Қарамай боранды дауылға. Бетімді шымшылап, алдымда бұралған, Мен тұрмын именбей, қаһарлы бораннан. Несіне жасқанам, мен күннен нәр алғам, Ал, қыстың жүрегі көк мұздан жаралған! Ауылға барамын! Сағындым ауылдың адамын. Пейілі шалқардай...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айгүл ЕРМЕКОВА. Туған жер толғауы

Жыр бесігім – Тайсойған Тайсойған – әнің бөлек, жырың бөлек, Арайлап, атқан таңың күнің бөлек, Әлдилеп, құндағыңда мені өсірдің,– Бәйгеден әрқашанда бұрын кел деп. Судырың, ажырығың, қылаңқұйрық, Ұшады, тас төбеңде қыран биік. Желкегің, желкілдеген солқылдағың, – Бауырыңда жатқан аунап, құлан, киік. Сарымия, топ-топ еркек, гүл жапырақ, Табады, жыңғыл, дүзгін –...

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алтай өрнектері

ЖЕТІ ИРЕКТІ ЕРТІС Халық ауыз әдебиетіндегі көне заманда болған ертек-аңыздардағы оқиғалар үнемі сонау-сонау соны меңіреу заманда, арғы-арғы, аңғырт тұйық алаңда жалғыз жаратушы «Жасаған», «Алла тағала» он сегіз мың ғаламды алты-ақ күнде жаратқан екен деп басталады. Оның алты мың ғаламын жанды, он екі мың ғаламын жансыз етіпті. Жансыз ғалам жер бетінде...

ТОЛЫҒЫРАҚ

ТАҢҒАЖАЙЫП ТУҒАН ЖЕР

Кеңгір-тұра – Тасқорған – Өскемен Шыңырау түбінде қалған тарихи құндылықтарды шыңға шығаратын мезгіл жеткен сияқты. Өткенге мұрағат, ұрпаққа ұлағат қалдыру әрбір адамзат баласы үшін, қала берді халқымыздың тарихы үшін қажетті құндылық деп түсіну заманымыздың талабы. Біз осы күні бүгінге дейін өткенімізге бойлап тереңдеп бара алдық па, ол жағы белгісіз. Әлде...

ТОЛЫҒЫРАҚ